А. Құрманбаева Kaznu bulletin. Journalism series. №1 (31)


Камал Смайылов ағамыздың көзі тірісінде



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата09.10.2024
өлшемі1,1 Mb.
#205968
1   2   3   4   5   6
Камал Смайылов ағамыздың көзі тірісінде 
журналистикаға қатысты айтқан ойларын көңіл 
көзінен өткізе отырып, бүгінгі межеге салып 
салмақтар 
болсаңыз, 
олардың 
мәні 
мен 
мазмұнының қазіргі таңда да өз өзектілігін 
жоймағанына көз жеткізесіз. 
Мәселен, ағамыз 
журналист қандай болуы керек деген сұрақтың 
жауабын былайша түйіндейді: «Журналист өмір-дің, 
қоғамның кез келген құбылысы болса, соны қалт 
жібермей ұғатын, оның бағытын анықтай білетін 
және қаламды нық ұстап жазып, оны халыққа 
жеткізе алатын маман иесі болуы тиіс. 
Журналистер бәрінен де аулақ, жоғары, биік 
тұруға тиісті. Олар үшін ең басты саясат шындық, 
әділдік, халықтың қамы болуға керек. Ендігі күш 
басқарушы, 
бағыттаушы 
орындарда 
емес, 
журналистердің қолында». 
Ал «Әлемдік интеграция, глобализация кезінде 
қазақ өзін қалай ұстауы керек?» - деген сауалға: 
«Бұл өмірдің бізге алып келген үлкен ағымы, 
толқыны. Бұл адамзат дамуының жаңа са-тысы, 
бұған қарсы шығып, мүлдем тоқтату мүмкін емес. 
Кейде бұл аз ұлттарды, әлсіз мәдениеттерді жойып 
жіберуі 
мүмкін. 
Бірақ, 
соған 
қарамастан, 
ұлтымызды, тілімізді, әдет ғұрпымызды сақтай 
отырып, жаңа заман ағымына қосылуымыз керек. Ол 
үшін бізде соның бәрінің басын қосатындай өндіріс, 
еңбек, білім, рух болуы тиіс», - деген тұжырым 
айтады. 
«ХХІ ғасырдың қазағы қандай болуы тиіс?» 
деген сұраққа «ХХІ ғасыр қазағы ұлтын сүйетін, 
әлемдік деңгейде білімі бар, рухы биік тұлға болуға 
міндетті» деп жауап берген. 
Өз әріптестерінің қалам тербестері жайлы: 
«Біріншіден, біздің қазақ тіліндегі басылым-дарда 
«анау жоқ, мынау жоқ» деп жыланып, күңіреніп, 
қара аспанды төндіріп жазатын жур-налистер 
жоқтың қасы. Тек жылау болса, оны ешкім оқымас 
та, тыңдамас еді ғой. Жылау үшін де экономиканың 
жағдайын білдіретіндей тілге тиек деректер келтіру 
керек. Көбісі осы-дан жасқанады, жағдайды білмейді 
де, білмеген соң талдай, бағалай алмайды. Дерек-
дәйектер келтіре отырып, талдап, сараламаған сөзді 
ешкім тыңдамайды, тыңдаса да «осы рас» деп 


О. Ошанова 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
71 
ISSN 1563-0242 
иланбайды, «бұл қалай?», - деп ойланбайды» дей 
келіп, «ал енді сынап, талдап, кемшіліктерді 
көрсетіп жазатын, айтатындар болса, оларды жаппай 
айыптауға болмайды. Олар соны табалап жазып 
отыр ма, әлде жүрегі ауырып, жаны ашып жазып 
отыр ма? Алдымен, осыны ажыратып алу керек» 
деген тәлім алар пікір айтады. 
Камал ағамыз айтып отырған осы мәсе-ленің 
мәні бүгінгі күнде тіптен өзекті болып отыр, өйткені 
қазіргі таңда қалам ұстаушы көптеген ағайындар 
«түймедейді түйедей қылып» көрсетуді, өздеріне 
ұнамаған адамды қаралауды әдетке айналдырып 
отырғаны жа-сырын емес. Сонымен қатар көп 
жағдайларда «сын түзелмей мін түзелмейді» деген 
қағиданы ұстанып, жанашырлықпен қалам тартып 
жүрген әріптестерімізге де қырғи қабақ танытып 
жататындардың қатары да көбейгені шындық. 
Сондықтан да бізге ақ пен қараның арасын ажы-
ратар зеректік пен қырағылық қасиеттер керек 
болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет