А. Құрманбаева Kaznu bulletin. Journalism series. №1 (31)


Камал Смайылов қаламының қарымы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата09.10.2024
өлшемі1,1 Mb.
#205968
1   2   3   4   5   6
Камал Смайылов қаламының қарымы 
дегенде, 
ең алдымен, ағамыздың өткен ғасыр 
өткелінде жүріп, ел болашағын болжап жазған «ХХІ 
ғасырға саяхат» кітабы бірден еске түседі. 
«ХХІ ғасырға саяхат» еңбегіне академик Ев-ней 
Букетов: 
«Камал 
болжауларының 
ғылыми 
негізділігін, өрісінің ұлан-ғайыр көлемділігімен 
оқырманын таңдандырмай, тебірентпей қоймай-
тынын, жастарға бұдан былай да осындай еңбектерді 
молынан жазу қажет», - деп пікір білдіріп, жоғары 
бағасын берген болатын. 
Шынында да адамзат дамуының алдағы 
кезеңдеріне негізді болжамдар жасау журналис-тің 
білім тереңділігін, ізденгіштігін әрі әр дәйекті жан-
жақты талдай отырып, нақты тұжырымдар жасай 
білу қабілетін танытса керек. Ағамыз болашаққа 
төмендегідей бол-жам жасайды: «Адам табиғаттың 
құлы емес, қожасы. Әрине, бір кезде айтқандай, 
табиғаттың заңымен, жағдайымен санаспайтын, 
мойын ұсынбайтын ұр да жық, сотқар, тентек 
қожасы емес, табиғаттың заңын біліп, түсіне 
отырып, соның ыңғайына қарай өз құдіретін 
жүргізіп, өз ырқын орындататын ақылды қожа 
болады». Бүгінгі таңда бұл қағидамен келіспеске 
ама-лымыз жоқ. Қазіргі күні ағамыз өзі айтып кет-
кендей «ғылым өсімдіктер мен дақылдарға керекті 
ауаны да, қоректі де, сәулені де «жасанды табиғи» 
ортада жасап қамтамасыз етіп», жер бетінде тіршілік 
етіп 
жатқан 
тұрғындардың бәріне 
жетерлік 
мөлшерде сапалы әрі құнарлы өнім өндіру үрдісін 
жолға қойды. 
Камал Смайылов: «Жер бетінде өңделетін, егін 
себілетін қазіргі жердің көлемі дұрыс, оңтайлы 
пайдалана білсе, 10 миллиард адам-ды асырай 
алады», - дей келіп, елімізде бұл бағытта қыруар 
шаруалар атқару қажеттігін әрі бос жатқан жерлерді 
кәдеге жарату жайлы ұсыныстарын айтады. 
Мәселен, суландыруға оңтайлы да пайдалы аймақтар 
қатарына Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия 
далаларын жатқыза келіп, «ғалымдардың айтуынша, 
күннің 
сәулесі 
мен 
жылуының 
молдығы, 
топырақтың құнарлылығы, жерінің суаруға, егін 
егуге қолайлылығы жағынан бұл аймақ басқа суар-
малы аудандарға қарағанда, әлдеқайда қолайлы әрі 
биологиялық өнімділігі 50-70 пайыз артық та 
жоғары екен» - десе, сонымен қатар Арал теңізі 
аймағында суландыруға жарайтын, мол өнім алуға 
болатын 50 миллион гектар шұрайлы да құнарлы 
жер бар екенін, қазіргі күнде оның он-нан бір бөлігі 
ғана игерілгенін баса айтады. 
Аталған еңбекті оқи отырып, автордың бір 
қарағанда миға қонымсыз, бірақ мәніне тереңдей 
үңілсеңіз қисынды ойларын бас шайқай отырып 
оқисыз, бір сөзінде «Мұнайдан белок, белоктан ет 
алармыз сонау алыс болашақта. Бірақ көп уақытқа 
дейін өте қажет ет пен сүтті біз малдан ғана алатын 
боламыз. Бұлар барған сайын ба-рынша қажет 
болатын тағамдар. 
Биологияның кереметі мен химияның құдіреті 
бара бара мұнайдан - май, көмірден - ет, ағаштан - 
нан жасайтын да болады!» - десе, енді бірде 
«Қазірдің өзінде әдетте мал өнімдерінен алынатын 
көптеген тағамдар қолдан жасалады. Мысалы, 
өсімдік майынан кәдімгі «қаймақ» шығады. Сояның 
бұршақтарын үгітіп, жұмыртқа ұнтағын алуға 
болады. Сондай ақ сол соядан кәдімгі малдың етінен 
түрі де, дәмі де еш ау-майтын, жасанды ет алынады» 
деген нанымды мәліметтер айтады. Болашақта адам 
баласының ағзасына қажет белоктар «теңіздер мен 
мұхиттар суынан көптеп алына бастайды, қазірдің 
өзінде теңізден 52 миллион тонна белоктық өнім 
өндіріледі, осынша белок алу үшін жылына 200 
миллион бас ірі қара малды союға тура келер еді», - 
деген болжамдар жасайды. 
Журналист, осылайша, адамзаттың алдағы өмірі, 
тіршілік ету бағыты туралы толғана келіп, қисынды 
тұжырымдар жасайды, оқырманын таң қалдырып, 
бас шайқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет