Модуль- 3 Дәріс Мәдениет морфологиясы


Мәдениет  халықтың мыңдаған жылдар бойндағы шығармашылығын



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата11.10.2024
өлшемі0,58 Mb.
#206172
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәдениеттану Лекция №1.pdf

Мәдениет 
халықтың мыңдаған жылдар бойндағы шығармашылығын, 
адамның рухани 
ізденістерін

халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын
жинақтайды. 
Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық 
жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты – бәрі мәдениетпен біте 
қайнасып жатыр.


Мәдениеттің негізгі иегері халық болып табылады. 
«Мәдениет дегеніміз не?»
— 
деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі үғымды 
білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың 
«маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман 
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке 
берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. 
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты яғни «культура» мен 
«натураны» қарсы қоюшылық.
Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. 
Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын 
тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. 
Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, 
культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының 
қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет 
ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымдаманы: марксизмнің 
еңбек 
құралы 
тұжырымдамасын; 
Н.Я.Данилевскийдің 
мәдени 
тарихи 
тип 
тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын 
өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт 
қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды. 
Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді: 
Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық 
қауымдастықтары зерттелді. 
Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері 
басшылыққа алынды. 
Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне 
байланысты. 
Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени 
орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді. 
Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше 
қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды. 
Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі 
идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды. 
Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз 
мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды. 
Мәдениет - философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың 
басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет