Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


 

 

 

7 - БӨЛІМ 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 

 

 

 

 

 

288 

 

      

Жалпы,  қазаққа  сырт  көздің  берген  бағасы  мынадай:  «Қазақ  –  ойлана 

білетін,  дарынды  да  ақылды».  Ел  арасында  «Қазақ  –  болашағын  алдын  ала 

болжап қоятын, ал тасадағысын байқай бермейтін халық» деген де пікір бар. 

Немесе,  «Жолдасың  қазақ  болса,  жолдан  адаспайсың»  (Өзбек  мақалы)  - 

дейді. Бұл біздің философиядан алыс кетпегенімізді білдіреді. 

        Қазақтың ерте замандағы философиялық ой-пікірлері бізге мифтік аңыз, 

қиял-ғажайып ертегілері, мақал-мәтелдері, жаңылтпаштары, ұлағатты сөздері 

түрінде жетті. Өткен замандарда өмір тіршілігінің көбін табиғат құшағында, 

күндіз-түні  мал  соңында  өткізген  қазақ  қауымы,  айналасын  қоршаған 

жаратылыс дүниесі және оның сан-алуан құрылыстары – Аспан мен Жер, Ай 

мен  Күн,  Күн  мен  Түн,  Қараңғы  мен  Жарық,  Адам  мен  Табиғат,  Жан  мен 

Тән,  Өмір  мен  Өлім,  Жақсылық  пен  Жамандық,  Бақ  пен  Сор  сияқты  сан 

алуан  мәселелер  жөнінде  түрлі  аңыз,  қиял-ғажайып  ертегілер,  өлең-жыр, 

мақал-мәтел және толғаулар ойлап шығарып, түрліше болжамдарды айтқан. 

         Қазақтардың  ең  алғашқы  дүниеге  көзқарасы  мифологиялық,  яғни  адам 

мен  ғарыштың  біртұтастығы  идеясы  болды.  Оларда  Ғарыш  пен  Жердің 

Ғайыптан  пайда  болғаны  туралы,  Күннің,  Айдың  және  басқа  да  аспан 

шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған (Иманқұл Н., Бөрібаев Т. 

Іліми  Философия.  /Ортағасырлық  қазақ  философиясы.  «Парыз»,  —Астана: 

2009. 127-бет). 

          Ерте 

замандағы  қазақтың  ұғымында:  жер  жүзіндегі  барлық 

жаратылыстың  түпкі  тегі  төрт  нәрседен  –  Топырақ,  Су,  От  және  Ауадан 

жаратылған.  Барлық  болмыстың  өмір  сүру  тетігі:  жарық  пен  қараңғылыққа 

байланысты деп білген. Олардың ойынша: Жарық-жылудың, күннің, өмірдің, 

жақсылықтың  және  өмірдің  нышаны.  Ал,  Қараңғылық  –  суықтың,  түннің, 

өлімнің, жамандықтың, сор-қырсықтың нышаны. Бұларды бір-біріне қарама-

қарсы күштер деп есептеген. 

          Бұрынғы 

замандағы  қазақтың  санасында:  жаратылыс  дүниесі 

адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ұқсатып топшыланған. Олардың ойлауынша, 

әлемдегі барлық нәрсе және тіршілік жоқтан бар болып, кішкенеден үлкейіп, 

бір-бірінен  туып,  өсіп-өрбіп  отырған.  Ерте  замандағы  қазақтың  «жасаған», 

«жаратқан» деп сыйынатын «иелері» де бейне бір асқан шебер өнерпаз «ұста 

адам»  бейнесінде  болған.  Қазақтың  жер  мен  аспан  алғаш  жаралғанда  тым 

кішкене  екен.  Алғашында  «әуе  айнадай,  жер  тебінгідей»  ғана  болыпты.  Ол 

кезде  бүкіл  әлем  қаратүнек  тұман  ішінде  тұрған.  Кейін  ұзақ  замандардың 

өтуімен,  жер  мен  аспан  бірте-бірте  үлкейіп, бұлардың  арасынан күн  мен  ай 

туып,  қараңғы  мен  жарық  айырылып,  адамзат,  жан-жануардың  тіршілігі 

пайда болған екен дейді. 

         Қазақтың  көне  дәстүрі  бойынша,  Жер  –  адамзат,  жан-жануар,  ағаш 

шөптің  анасы.  Аспан  –  жарық,  жылу  беріп,  жаңбыр  жаудырып  есіркеуші  –

атасы есептелген. Сондықтан, ерте кездегі қазақтар Көк-Тәңірге, Жер-Анаға 

табынған.  

         Қазақтың  ұғымында:  Көк  Аспан  –  бейне  қазақтардың  киіз  үйі  сияқты, 

барлық  өмірге  пана  болған  көк  күмбез,  Аспан  әлеміндегі  жұлдыздар  –  осы 

көк  күмбезге  жағылған  шырақтар,  олардың  ойынша:  аспандағы 


289 

 

жұлдыздардың  адам  өмірімен  тығыз  байланысы  бар.  Әрбір  адамның  өмірін 



жаратып, тағдырын белгілейтін бір жұлдызы болады. Ол жұлдыз жоғарласа, 

бұл адамның бағы көтеріледі, егер сол жұлдыз төмендесе, бұл адамның бағы 

қайтады.  Жұлдызы  оңынан  туса,  барлық  іс  сәтті  болады,  жұлдызы  солынан 

туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе, бұл адам өледі де, оның жаны 

көкке  ұшады  дейді.  Қазақтар:  ісі  оңалған  адамды  «жұлдызы  оңынан  туды» 

дейді,  аспандағы  аққан  жұлдызды  көргенде:  «менің  жұлдызым  жоғары», 

«сақтай  гөр,  жасаған»  деп  сыйынады.  Олардың  ұғымынша:  адамдардың 

жұлдыздары  әр  түрлі,  біреуі  топырақ,  біреуі  су,  біреуі  от,  кейбіреуі  ауа 

сияқты  болып  келеді,  бұл  сол  адамның  мінездемесін,  адамдар  арасындағы 

қарым-қатынастарды  белгілейді.  Мысалы,  жұлдызы  су  сипатты  адам 

жұлдызы от сияқты адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-

зайыптыларды көргенде «бұлардың жұлдыздары жараспады» дейді, өмірінде 

бір-біріне  өш  болып  өткен  адамдарды  «бұлардың  бір-біріне  жұлдыздары 

қарсы» дейтін болған. 

         Сонымен бірге, фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың 

құдайлық  күштермен  «қарым-қатынасындағы»  аралық  міндеттер  қоғамдағы 

ерекше топтың – шамандардың қолында болды. 

        Ертедегі  қазақи  түркілер  арасында  әр  түрлі  діндер  таралған,  олардың 

ішінде ең әйгілілері – отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. 

Егіншіліктің  пірі  –  Диқан  баба,  желдің  пірі  –  Жалаңаш-Ата,  жылқыға  –

Қамбар-ата  немесе  жылқышы-ата,  қойға  –  Шопан-ата,  түйеге  –  Ойсылқара, 

сиырға  –  Зеңгі-баба,  ешкіге  Сексек-ата  қамқоршы  деп  саналған.  Қыдыр-ата 

алуан  түркі  игілік,  молшылық,  байлық,  бақыт  әкелуші.  Жоғарғы  құдай  –

Тәңірі-Көк идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың 

ата-бабаларының  да  дүниеге  көзқарасында  пайда  болған.  Бұл  көзқарастың 

негізі  Көкке  (Тәңірі)  және  Жер-Суға  сиыну  болды.  Құдырет  деп  есептелген 

бұл қос күштің негізгісі – Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған 

әйел  тәңірісі  –  Ұмай  отбасы  мен  бала-шағаны  қорғаушы  болған.  Тоныкөк 

ескерткішінде:  «Көк,  Ұмай,  қасиетті  Жер-Су,  міне,  бізге  жеңіс  сыйлаған 

осылар  деп  ойлау  керек!»  -  деп  жазылған.  Тағы  бір  жерінде:  «Жоғарыда 

зеңгір  көк,  төменде  қара  жер  жаралғанда,  олардың  екеуінің  арасында  адам 

баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!».  

         Міне,  бұлар  ислам  дініне  кіруден  бұрынғы  ұғымдар  еді.  Ислам  дініне 

кірген  соң,  ұғымдардың  көбі  ислам  философиясына  бағынып  кетті,  оның 

сарқыншақтары  аңыз-ертегілерде  там-тұмдап  сақталып  келеді.  VIII-ғасырда 

(бір  деректерде  714ж.,  басқа  бір  деректе  776-780ж.ж.)  қазақтар  ислам  дінін 

қабылдады. Ислам Қазақ Елінде христиан дінін де, будда дінін де, зороастра 

дінін  де,  жергілікті  діндерді  де  біртіндеп  ығыстырып  шығарды.  Сөйтіп, 

қазақтар политеизмнен монотеизмге өтті. 

             Сонымен  бірге,  қазақ  пен  оның  тілі  (қыпшақ  тілі)  қалыптасуының 

этникалық-генетикалық 

және 


этникалық-лингвистикалық 

процесінің 

қалыптасуының  да  маңызы  зор  болды.  Қазақ  эпикалық  жырлары  –

«Алпамыс», «Қобыланды», «Ер-Сайын», «Ер-Тарғын», «Қамбар-батыр» және 

т.б. философиялық ой кешулер шыңдала бастады. Бізге дейін жеткен авторы 


290 

 

мәлім  поэзияның  ең  ертедегі  үлгісінің  мерзімі  XIII-XV  -  ғасырлар  деп 



белгіленеді.  Бұлар  –  деректемелерде  Ұлы  жыршы  деп  аталатын  Кетбұға 

(XIIIғ.),  Қотан  (XIVғ.)  ақындар  мен  жырау  жырларының  үзінділері 

(ИманқұлН.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Ортағасырлық  қазақ 

философиясы. «Парыз»,—Астана: 2009. 128-бет). 

         Қоғамның  дамуына,  экономиканың  өркендеуіне,  ой  еңбегі  мен  дене 

еңбегінің  бөлінуіне  байланысты,  қазақтың  арасынан  өз  философиялық  ой-

пікір қайраткерлері шықты. Бұлар негізінен қазақтың кемеңгер ойшыл, ақын-

жыраулары  еді.  Қазақ  философиясында,  философиялық  ой-пікір  саласында 

жарыққа  шыққан  кемеңгер  ойшыл  қайраткерлері  философия  ғылымының 

маңызды  деген  мәселелері  жөнінде  өз  көзқарастарын  ортаға  салды.  Олар 

философияның  өрістеуіне  өздерінің  елеулі  үлестерін  қосты  (Мыңжани  Н. 

Қазақтың  көне  тарихы/  Қазақтың  ертедегі  философиялық  ой-пікірлері. 

«Жазушы»,—Алматы:  1994.  112-бет).  Жалпы,  қазақ  арасынан  шыққан 

философиялық тұлғалар аз болмаған, олар әлі де зерттелу үстінде.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

291 

 

ҚОРҚЫТ-АТА 



 

(VIII – ғасыр, Сыр бойындағы Жанкент) 

 

        —  ұлы  ойшыл,  жыршы,  ақын,  күйші, 



бақсылардың  қамқоршысы,  қобыз  атасы. 

Оғыз  тайпасынан  шыққан,  қыпшақтың 

жиені. 

        Түркі 



дәстүрін, 

салтын, 


әдетін, 

сенімдерін 

қоғамдық 

мінездемесін 

ертегілерінде  айтқан,    оны  бүгінге  дейін 

әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.  

            Қорқыт-Ата 

ертегілері 

мен 

дастандары-түркі  мифологиясының  қайнар 



көзі.  Сонымен  бірге  ол  туралы  көптеген 

аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда 

Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер 

сипатында  айтылады.  Бірақ  ол  өмірінің  соңында  өлмейтін  нәрсе  жоқ  екен 

деген  пікірге  келеді.  Енді  Қорқыт-ата  мәңгілік  өмірді  қобыз  сарынынан 

іздейді  екен.  Ұлы  күйшіге  өзі  іздеген  мәңгілік  өмір  оның  өнерінде  сияқты 

көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді.  

Шығармалары: 

          Өзі  өлгенмен  артында  күйлері,  ұлғатты  сөздері  қалды.  Ал  әдебиет 

тарихында деректі түрде  «Қорқыт-Ата»  кітабы бар. Қорқыт-ата кітабы осы 

күнге  дейін  Германияда  (Дрезден  қаласында)  он  екі  жырдан  тұратын 

қолжазба  күйінде  және  Италияда  (Ватикан  кітапханасында)  алты  жырдан 

тұратын  қолжазба  күйінде  сақталып  келеді.  Қорқыт  ата  кітабын  VIII 

ғасырларда  және  одан  да  бұрын  туған  аңыздардың  жинағы  деуге  болады. 

Оларды  жыр  түрінде  жазған  –  Қорқыт-ата.  Онда  философиялық 

дүниетанымның  негізінде  өлім  мен  өмір  туралы  далалық  мәдениет 

құндылықтарын  паш  ететін  өміршеңдік  идеялар  жатыр,  сондай-ақ  онда 

қазақтың құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының 

тағдырына байланысты оқиғалар да баяндалады. Жалпы, «Қайда барсаң да –

Қорқыттың  көрі»  афоризімінің  астарында  –  пессимистік  дәрменсіздік  емес, 

қайта реалистік көзқарасқа негізделген өміршең оптимизм бар. 

           Қорыта  айтқанда,  Қорқыт  ата  кітабы  -  әр  түрлі  жырлардың  жинағы 

болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата 

кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады.  

         «Қорқыт-ата  кітабы»  әдеби  ескерткішінен  (IX-Xғғ.)  Қорқыт-атаның 

Оғыз  мемлекетінде  билік  құрған  оғыз  тайпасынан  шыққандығын  білуге 

болады.  Оны  Ш.Ш.Уәлиханов  қазақтың  алғашқы  шаманы,  алғашқы  ақыны 

деп  атайды.  Қорқыт  жайындағы  аңыз  әңгімелер  Ә.Науаи  арқылы  белгілі 

болып,  түркі  халықтары,  әсіресе  қазақтар  арасында  кең  тарады.  Аңыздарда 

Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, 

сиқыр өткізген. 



292 

 

Философиялық көзқарастары: 

            Қорқыт  қайда  барса  да,  өзінің  желмаясына  мініп,  ел  кезіп  жүреді. 

Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: 

«бұл  кімнің  көрі»  деп  сауал  қойса,  олар:  «Қорқыттың  көрі»,  -  деп  жауап 

қатады.  Ақыры,  ол  суда  ажал  жоқ  деп  Сырдарияға  кілем  төсеп,  қалған 

ғұмырын  су  үстіне  өткізбек  болады.  Бірде  Қорқыт  қалғып  кеткенде,  оны 

жылан  шағып  өлтіріпті  дейді.  «Қайда  барса  да  Қорқыттың  көрі»  дегенде, 

Қорқыттың  өз  басының  ғана  емес,  сол  өз  заманындағы  аталық  қоғам 

арасындағы  қайшылықтар,  әділетсіздіктер  Қорқытты  осындай  пессимизмге 

алып  келді  деп  түсінуіміз  керек.  Яғни,  адам  өмірін  мәңгілік  жасау  аңсары 

өзекті  идея  іспетті.  Бұл  өте  бір  философиялық  астарлары  бар  ұғым.  Адам 

өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты дүниеге 

өлмей, тірі кетті деген. «Өлі десем - өлі емес, тірі десем - тірі емес» деген сөз 

осыдан қалған.  

Сонда ата-баба күшіне сыйынған Қорқыт «пендеге өлім парыз» дейтін ислам 

идеясымен келіспегендігін көрсетеді. Қорқыттың өлімге қарсы күресуі, одан 

құтылудың жолдарын іздеп: 

«Көкке ұшқан құс жылайды, 

   Көп жасаған қарт жылайды

                                            Аспандағы ай жылайды, 

      Алты жасар бала жылайды»,- 

деп айтуынан біз өлімге дауа іздеген Қорқыт философиясын танимыз. 

          Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу 

керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт 

жер-жаһанды  кезіп,  «басқа  елден  әркімге  өз  елінде  жақсы»  деген  ой 

түйіндегенін  байқауға  болады.  Оның  айнымас  досы  сиқырлы  Желмаясы 

болды. 


Философиялық афоризмдері: 

  Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді. 

  Ажал жетпей – өлмек жоқ. 

  Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй. 

  Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды. 

  Қанша қалың жауғанмен, 

     Қар көктемде қалмайды, 

     Гүл жайнаған шалғын да, 

     Қара күзге қалмайды. 

  Құстың қонар жерін – су білер, малдың барар жерін ну білер. 

  Топырақ тау болмайды. 

  Айтар сөзді ойлап айт. 

  Ат аяғы – ақсауық, ақын тілі – қақсауық. 

  Ескі киімнің биті ащы, жетім баланың тілі ащы. 

  Көк шүйгінін киік білер. 

  Жайылымның жақсысын жылқы менен құлан білер. 

  Сүрлеу сырын түйе білер. 

  Іннің аузын түлкі білер. 



293 

 

  Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер. 



  Ердің батқанын ат білер. 

  Ауыр жүктің михнатын тұғыр емес, тұлпар білер. 

  Саз орайын бөкен білер. 

  Қапелімде бас ауырғанын ми білер. 

  Ер жомартын, кісі ақылын жырау білер. 

  Бас аман болса – бөрік табылады. 

  Ауырған жерін ауру біледі. 

  Қанша байлық жисаң да, бұйырғанынан артық жей алмайсың. 

  Шіріген мақтадан – мата шықпайды, ежелгі дұшпаннан – дос шықпайды. 

  Көп қорқытады, терең батырады. 

  Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, 

     Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. 

  Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, 

      Қыз жарылқап ас бермес – ана үлгісін көрмесе. 

  Ұл – атаның сыры, екі көзінің нұры. 

  Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» 

демес. 

  Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. 



  Жалған сөздің – болғанынан болмағаны игі. 

  Жалғыз жігіт қол болмас. 

  Ат арытпай жол болмас. 

  Ер жомартын, кісі ақылын жырау білер. 

  Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, 

      Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. 

  Дәулетті ұл – ошақтың қоры, 

     Дәулетсіз ұл – атаның қоры. 

  Сауыттың  қасиеті  –  қылышпен  ұрғанда,  аттың  қасиеті  –  жаудан  алып 

шыққанда көрінер. 

  Тебегеннің таңын – сүзеген айырады. 

  Ат жемейтін ащы шөптің – шыққанынан шықпағаны игі, 

     Адам ішпес ащы судың – аққанынан ақпағаны игі. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Ежелгі  көшпелілер  дүниетанымы.  /«Қазақ  халқының  философиялық 

мұрасы», 20-томдық.1-том. «Аударма»,—Аст.: 2005.- 42.-50, 439-б.б. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.    Философия  тарихы. 

«Раритет», —Алматы: 2006. 75-76 беттер 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы.  /Қазақ  афористикасы: 

бағзыдан бүгінге дейін. «Өлке», —Алматы: 2009. 21-24 беттер. 

4.  Өмірәлиев  Қ.  VIII-XII  ғ.ғ.  көне  түрік  әдеби  ескерткіштері.  —А: 

1985.78-бет 

5.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 

 

294 

 

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН 



(ЖҮСІП«ХАС ХАЖЫБ» 

БАЛАСАҒҰНИ

 

(1015ж. Баласағұн, қазіргі Қырғыз 



Республикасы, Тоқмақ – ? ж. Қашқар) 

 

       — 



Орталық  Азияның  белгілі 

философ-ақыны. 

      Туған 

жері  Жетісу  жеріндегі 

Баласағын  (Баласағұн)  қаласы.  Бұрын 

бұл  қаланы  «Күз  Орда»  деп  те  атаған. 

Жүсіптің  әкесі  де  ақын,  өнерпаз  кісі 

болған.


 

 

            Қарахан  мемлекетінің  астанасы 



Баласағын  қаласында  хан  сарайында 

өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл 

іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен 

бірге  хан  сарайында  қызмет  еткен. 

Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алды. 

Шығармалары: 

«Құтадғу білік» (Құтты білік) атты дидактикалық поэмасы.  

           Бұл  еңбегін  Қарахан  мемлекетінің  сол  кездегі  билеушісі  Табғаш 

Арслан  хан  Боғратегінге  тарту  етіп,  бұған  қоса  оның  арғы  тегіне  арнап 

«Дәрдә Хұсайын» (Хұсайынның қасіреті) деген күй шығарған. Хан оның бұл 

еңбегін  жоғары  бағалап,  оған  «Хас  Хажыб»  деген  атақ  берген.  Жүсіп 

Баласағын  аты  жөніне  «Хас  Хажыбтың»  тіркелуінің  мәнісі  де  осында.  «Хас 

Хажыб»  араб  сөзі,  ханның  ең  жақын,  ең  сенімді  кеңесшісі  деген  мағынаны 

білдіреді. 

         Ақынның  «Құтты  білік»  поэмасынан  басқа  жазған  көптеген  рубайлары 

да  болған.  Мысалы,  Наманган  қолжазбаларының  ішінен  оның  600  жолдан 

астам  рубаилары  табылған.  Олардың  да  поэзиялық  көркемдігі  жоғары, 

философиялық толғамдары терең. 

Жүсіп Баласағын (Қашқар) қаласында жерленіп мазар салынған. 



Философиялық афоризмдері: 

  Күншілдік – көп болып емдейтін дерт. 

  Қызғаныш қайда болса – ұрыс-керіс те сонда. 

  Шарап  деген  –  білім  мен  ақылға  жау,  шараптың  шатағы  сол  –  ұрыс  пен 

дау. 

  Көк езу – жаман пиғыл, нәмәрт кісі, адамның қадірлісі – жомарт кісі. 



  Жамандық – алтын басыңды аяққа сүйрейді. 

  Көз – жіті, құлақ сақ, көңіл – кең болуы керек. 

  Ақ көңілділік – адам ойының тазалығының белгісі. 

  Қайғы басса – ағаш атқа жайдақ мінерсің. 

  Қайғыру бар, сәтті бар – ащымен бірге тәтті бар. 


295 

 

  Уайым жоқ – сөзің тегін кетпесе, өкініш жоқ – күнің босқа өтпесе. 



  Рахат іздесең – бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең – қайғысынан қашпа. 

  Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде – өнерімен қуантады түбінде. 

  Кейін өзің қалмау үшін табаға – жөнге салып, ие болғын балаға. 

  Өнер-білім берем десең басынан –бер оқуға балаларды жасынан. 

  Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл болып өтеді, бай әйел алған – өмір 

бойы құл болып өтеді. 

  Аз жақсылық жасағанға да – көп рахмет айту парыз. 

  Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді. 

  Құрсақта  біткен  мінез  –  қара  жерге  бірге  енеді,  сүтпен  біткен  мінезді  –

өлгенше өзгерте алмайсың. 

  Үш тағанның бірі қисайса – қалғандары да құлайды. 

  Дос табу оңай – сақтауы қиын, жауласу оңай – тоқтауы қиын. 

  Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда. 

  Қолдаушың көп болса – мақтауға сөз табылар. 

  Үй сатып алсаң – көршіңе қара, жер сатып алсаң – суына қара. 

  Ағайынмен – сыйлас, үлкен мен кішіге – күле қара. 

  Дүниеге жаям десең атыңды – жолаушыға қызмет қыл татымды. 

  Жай  халықсыз  болмайды  іс  те,  ештеме  –  жайлап  сөйлес,  жөнсіз  билеп  -

төстеме. 

  Басшысы – қадірлі болса, қарамағындағылары – мәзірлі болады. 

  Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма! 

  Бек қызыққа құмар болса – қалған елдің күні қараң. 

  Қажыға барам десең – мал жи, қазы болам десең – ар қи. 

  Қылыш ел шауып, қазына құрайды, қалам – қазына тауып, қайыр сұрайды. 

  Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде. 

  Жақсының – тілегі таусылмайды, жаманның – мұңы бітпейді. 

  Жақсы-жақсы тілек тілейді, жаман – күнде қарғап сілейді. 

  Тілі мен нәпсісін тия білген – қасиетті бойына жия білер. 

  Бақыттың да басы айналар кез келер – мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер. 

  Алтын-күміс жиған адам бай емес – сөз жиған адам бай. 

 

                                                                    Әдебиет: 

 

1.  Юсуф 

Хас-Хаджиб  Баласагунский.  Наука  быть  счастливым. 

/«Худ.лит», —М: 1971. — 158 с.  

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәли  Қ.  Философия  тарихы 

/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006.79-бет. 

3.  Юсуф Баласагунский. Благодатное знание/ Пер. Иванова. «Наука»,  

—М: 1983.  

4.  Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы /«Өлке», —А: 2009. 29-42б. 

5.  Тюркская философия: десять вопросов и ответов. —Алматы: 2006. 

6.  Орта  ғасырдағы  түркі  ойшылдары.  /«Қазақ  халқының  философиялық 

мұрасы», 20-томдық. 5-том. «Аударма», —Астана: 2005.-199-229 б.б. 

 


296 

 

МАХМҰД ҚАШҚАРИ (МАХМҰТ 



ИБН ӘЛ ХҰСЕЙН ИБН 

МҰХЕММЕД ҚАШҚАРИ) 

 

 (1029ж. Шу бойындағы Барысхан, 

қазіргі Қырғыз Республикасы –

Ыстықкөл маңы) 

 

         — түркі ғалымы, өз заманының 



аса  білімдар  филологы,  тарихшысы, 

этнографы,  географы  әрі  философы 

ретінде танылады.  

Шығармалары: 

әйгілі 


«Диуани 

лұғат-ат-түрк» 

(«Түркі  сөздерінің  жинағы»)  атты 

еңбектің авторы. 

                  Махмұдтың  әкесі  белгілі 

қолбасшы, Барсханның әмірі болған. 

Ол  кейін  Қарахан  әулеті  билеген 

мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд 

осында  дәріс  алған,  ұзақ  жылдар  тұрған.  Оның  аты  жөніне  қай  жерден 

шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. 

                Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, 

Нишапур,  Бағдад  қалаларында  болады,  түркі  тілінің  сыртында  араб,  парсы, 

тілдерін жетік меңгереді.  

              Махмұд  Қашқари  түркінің  тұңғыш  тіл  маманы,  түркі  тілінің 

оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің 

өрісін  кеңейтіп,  өркенін  өсірген  ғұлама.  Түркология  тарихында  ол  тұңғыш 

тарихи 

салыстырмалы 



әдісті 

қолданып, 

түркі 

тілдері 


тарихи 

диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде 

зерттеу  тәсілі  бүкіл  Шығыс  тілшілеріне  ортақ  зерттеу  тәсілі  ретінде  өзінше 

бір мектеп болып қалыптасты. 

       Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, 

этнологияық  ерекшеліктері  «Диуани  лұғат-ат-түркте»  нақты  тарихи 

деректілік  сипатпен  танылған.  Ол  көптеген  ұлыстардың,  тайпалардың  тіл 

ерекшеліктерін  саралап,  түркі  тілінің  бітімін  ежіктей  түсіндіреді,  тұрмыс 

салтын,  әдет  ғұрпын  баяндайды,  сол  кездегі  бір  қатар  қаламгерлердің, 

ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі 

халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар 

ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, 

Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді 

мекендерін түгел дерлік 

көрсетеді.  Бұл  ретте  оны  түркі  жұртының  тұңғыш  энциклопедиялық 

анықтамалығы десе де болады. 

 


297 

 

Философиялық афоризмдері: 

  Қара бұлтты – жел ашар, хан есігін – пара ашар. 

  Өгіздің сирағы болғанша, бұзаудың басы болған жақсы. 

  Аңшы – қанша айла білсе, аю – сонша соқпақ біледі. 

  Екі бура сүйкенсе – ортасында сона өлер. 

  Күл үрлегеннен – шоқ үрлеген жақсы. 

  «Қаш-қаштан» хабар келсе – қасыңдағыны да көрмей қаларсың. 

  Құрғақ қасық ауызға жақпас, бос сөз құлаққа жақпас. 

  Есек айтар: «бас аман болса – теңізден де су ішерміз» деп. 

  Зорлық есіктен сығаласа – әдеп түңдіктен қашар. 

  Екпейінше – өнбес, талпынбайынша – жетпес. 

  Тау мен тау – қауышпас, адам мен адам – қауышар. 

  Бала су төгер – үлкеннің жамбасы сынар. 

  Әкесі ащы алма жесе – баласының тісі сырқырар. 

  Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. 

  Іс -ыңғайына, саудагер – пайдасына. 

  Жібек жамау – жібекке, жүн жамау – жүнге. 

  Бидайдың арқасында бидайық су ішер. 

  Екі қошқардың басы бір қазанда қайнамас. 

  Далада бөрі ұлыса – үйдегі иттің бүйірі солқылдар. 

  Жақсы адамның сүйегі қурағанмен – аты қалар. 

  Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. 

  Ауыр күн де өтеді – оған сабыр-шыдам қыл. 

  Жағасындағыны жалаған – алақандағысынан айырылады. 

  От – түтінсіз болмас, жігіт – мінсіз болмас. 

  Жоғалтқанды – жоқтама, жоққа – өкінбе. 

  Атаның тоны балаға жараса – бала атасын танымас. 

  Пышақ қанша өткір болғанмен өз сабын өзі жона алмайды. 

  Айтар сөзге тұщынғаның –ноқтаға басты ұсынғаның. 

  Жылқы кісінескенше, адам – сөйлескенше. 

  «Ағайын» десе – шақ қарадық, 

«Қайын» десе – жалт қарадық. 

  Ұран көтерілсе – ру жиылар, 

Жау келсе – жамиғат жиылар. 

  Тәрбие басы – тіл. 

                                                             Әдебиет: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет