Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


 

1.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы/  Қазақ  афористикасы: 

бағзыдан бүгінге дейін. Бұқар Қалқаманұлы. «Өлке», — Алматы: 2009. 

113-бет. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.    Философия  тарихы/  Ақын-

жыраулар философиясы.  -Алматы: 2006. 235-241 беттер 

3.  Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы: 1992.  

4.  Даналардан шыққан сөз (Нақылдар жинағы). «Мектеп», —А: 1987. 

5.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009 

6.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008. 

7.  Мағауин М. Қобыз сарыны. -Алматы: 1968. 69, 77-78, 91-92 беттер 

8.  Қазақ. /Бас ред.-Ә.Нысанбаев. /Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б. 

—Алматы: 1998. 

9.  Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ в.в. -Алматы: 1996. 

 

 



322 

 

         Сонымен,  XV-XVIII  ғасырлардағы  бір  өзі  әрі  көреген  суырып  салма 



ақын, әрі хандықтың бас идеологы, әрі хандардың серігі және кеңесшісі, әрі 

тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта 

түсті.  Олар  толғауларын  хан  кеңесінде  немесе  бүкілхалықтық  жиналыста 

айтқан  және  олардың  айтқандары  поэтикалық,  өсиеттік,  философиялық, 

ойланыс  –  толғау  не  арнау  түрінде  болды,  ақыл-кеңес  айтып,  ұсыныстар 

берген, көбінесе сәуегейлікпен болжам жасаған.  

        Мысалы,  қазақтың  рухани  тарихындағы  ұлы  ойшылдардың  бірі  –Бұқар 

жырауды  адам  табиғаты,  өмірі,  тіршілік  мәні,  оның  өтпелі  болмысы,  уақыт 

өлшемі, дәуір сыры, әлем мен болмыс туралы ойлар толғандырды. Адамның 

күш-қайраты  кемеліне  келіп  тұрған  жастық  шағын  айшықты  бояулармен 

сипаттаса,  қайрат  қайтқан  кәрілік  кезеңін  өмірдің  өшуінің  көрінісі  ретінде 

бейнелейді,  кез-келген  пенденің  өтпелі  ғана  тіршілік  иесі,  ғаламның 

кішкентай  бір  бөлігі  екенін  айтады  (Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми 

Философия. «Парыз», —Астана: 2009.133-бет). 

        Қазақ  өмірінің  ерекше  жағдайлары  мен  өзіндік  өзгешелігі  бар  қоғам 

«билер  сөзі»,  «билер  айтысы»,  «билер  дауы»,  «төрелік  айту»,  «шешендік 

сөздер»  деп  аталатын  көркемдік  мәдениеттің  бірегей  түрін  туғызды.  Би-

шешендер  философиялық  тақырыбы  өте  кең,  әлеуметтік  өмірдегі 

диалектиканы  ашты:  әділеттік-озбырлық,  достық-жаулық,  ізгілік-зұлымдық, 

адалдық-опасыздық,  шыншылдық-екіжүзділік,  парасаттық-топастық  және 

т.б. 

      Сондай-ақ,  қазақтың  ауызша  поэтикалық  шығармашылығы  шығыс  және 



көрші  елдердің  мәдениетімен  өзара  әсерлесіп  ислам  элементтері  кіре 

бастады. Жаңа классикалық эпостар пайда бола бастады.  

        Бұл  дәуірде  қазақтың  рухани  мәдениеті  ауызша-поэтикалық  дәстүрмен 

ғана емес, жазбаша әдебиет те даму үстінде болды (Сонда.131-бет). 

 

 

 

 

 

 

 

 


323 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

XIX – ҒАСЫРДАҒЫ 

 

ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

324 

 

 



ХІХ-ғасырдың  адамзат  тарихында  ерекше  орны  бар.  Ресей 

империясының  бодандығына  өткен  елде,  сол  алып  мемлекеттің  шеңберінде 

жаңаша,  негізінен,  жерде  отырып  өмір  сүру  жолдарына  икемделу,  осы 

күрделі  де  қиын  жағдайда  халықтың  өзін-өзі  сақтап  қалу  мәселесі  өмірдің 

алғышарттары  ретінде тарихи сахнаға шығады. Қазақтың тарихында бұрын-

соңды болмаған мұндай өткір бетбұрыс философия саласында ағартушылық 

ағымды тудырды. 

           Отандық ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі  – рулық, одан 

әрі  асса,  ерте  феодалдық  қарым-қатынастағы,  көшпенділік  өмір  салтын 

ұстаған  халықты  жаңа  әлеуметтік-экономикалық,  саяси-құқықтық  жағдайда, 

болуы  мүмкін  апаттан  аман  сақтап  қалып,  оның  сана-сезіміне  жаңа 

құндылықтарды  енгізу  арқылы  оны  жерге  тұрақтандыру  болды.  Өйткені 

көшпенділік өмір салтының негізгі факторы  – жер көлемі кедейленген орыс 

шаруаларын  қазақ  жеріне  әкеліп  отырғызу  саясатының  негізінде  жылдан-

жылға  қысқара  бастады.  Ал  мұның  өзі  күйзелісте  тұрған  көшпенділік  мал 

шаруашылығын толығынан күйретіп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар 

бойы  созылып  келген  өмір  салты,  әдет-ғұрып  құндылықтары  адамдардың 

жан-дүниесінен  ажыратыла  бастады.  Бұл  біздің  ата-бабаларымыздың 

мыңдаған  жылдардағы  тарихында  болмаған  «зар-заманды»  тудырып, 

адамдар  өз  өмірінің  мән-мағынасын  жоғалтып,  қазіргі  тілмен  айтқанда, 

экзистенциалдық  вакуумге  келіп  тірелді.  Қазақтың  өзін-өзі  жоғалту  қаупі 

туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмірді көкседі. 

          Алайда  Тарих  өткен  жолдарын  қайталамайды,  сондықтан  өткенді 

көксеу  –  тарихи  тұйықтыққа  әкеліп  тірейді.  Мұны  түсінген  қазақтың 

ағартушылары  –  Шоқан  Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев 

секілді  ұлы  тұлғалар  қазақты  жаңа  өмірге  баулып,  оны  сауаттықты  ашуға, 

білімге,  еңбекқорлыққа,  белсенді  өмір  салтына,  жасампаздыққа  шақырды 

(Мырзалы  С.  Философия/  XIX-ғас.  Ағартушылық  философия.  «Бастау»,  -

Алматы: 2008. 321-322 беттер). 

          Көптеген  елдерде  революциялық-демократиялық  қозғалыстар  етек 

алды.  Сол  кезде  басқа  ұлт-аймақтардағы  сияқты,  қазақ  жерінде  де  білімге, 

прогреске  ұмтылған  алдыңғы  қатарлы  ойшылдар  шыға  бастады.  Біз  оларды 

революционер-демократ,  социалист-утопист  демейміз.  Олар  қазақты 

революцияға шақырған жоқ, социализмді де армандаған емес. Әрине, мұнда 

жағдай  басқаша  болатын.  Дегенмен,  олар  ағартушы-демократ  ретінде 

тарихтан  өздерінің  лайықты  орындарын  алды  (Кішібеков  Д.,  Сыдықов  Ұ. 

Философия. «Қарасай»,  —Алматы: 2008). Және де, бүгінгі күндері олардың 

философиялық  көзқарастары  тек  ғылымда  аты  қалмай,  саясатымыз  бен 

мәдениетімізде де айтарлықтай қызығушылықтар туғызып отыр. 


325 

 

ШОҚАН (МҰХАММЕД-



ҚАНАФИЯ) ШЫҢҒЫСҰЛЫ 

УӘЛИХАНОВ 

 

(1835ж. қараша, Қостанай облысы, 



Сарыкөл ауданындағы Күнтимес –

1865ж.сәуір, Алматы облысындағы 

Алтынемел тауы маңындағы 

Көшентоған) 

 

           —  Қазақ  Ағартушылығының 



негізін 

салушы, 


демократиялық 

ұлттық 


мәдениетіміздің 

көрнекті 

өкілі, 

энциклопедист-ғалым, 



шығыстанушы,  саяхатшы,  публицист 

және қоғам қайраткері. Қазақтың ұлы 

ғалымы: 

ориенталист, 

тарихшы, 

фольклоршы, 

этнограф, 

географ, 

ағартушы.  

            Әкесі  Шыңғыс  Уәлиханұлы  сол  кезде  Аманқарағай  дуанының 

(орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы 

Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. 

Шоқанның  өз  атасы  Уәли  Орта  жүздің  ханы  болған.  Арғы  атасы  Қазақ 

Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық 

шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң 

саласы  Аққанбұрлық  алабындағы  ата  жайлауда  өткен.  Әжесі  Айғаным 

тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен кұндерін өткізген. «Жеті 

жұрттың  тілін  білуге  тиісті»  хан  тұқымы  болғандықтан,  Күнтимес 

ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте 

шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-

1853  жылдары  оны  әкесі  сол  кезде  Сібірдегі  ең  таңдаулы  оқу  орны  деп 

есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса 

жалпы  және  Ресей  жағрафиясы  мен  тарихы,  батыс,  орыс  әдебиеттері, 

философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. 

Кадет  корпусына  алғаш  оқуға  түскен  кезде  Шоқан  орыс  тілін  білмесе  де 

өзінің  зеректігімен  тілді  тез  үйренді.  Шоқанның  корпуста  бірге  оқыған 

Г.Н.Потанин:  «Өзінің  орыс  жолдастарын  басып  озып,  Шоқан  тез  жетілді… 

Оған  талайлар-ақ  назар  аударды.  Ол  сондай  қабілетті  еді  және  оқу  орнына 

түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. 

            Оған  әсіресе  орыс  тілі  мен  әдебиеті  оқытушысы  Костылецкий  мен 

тарих  пәнінің  оқытушысы  Гонсевский  күшті  ықпал  етті.  Пушкин,    Гоголь, 

Лермонтов,  Герцен,  Белинский  т.б.  орыс  классиктерін  және  батыс 

әдебиетінен  Диккенс,  Теккерей,  Руссо  шығармаларын,  «Современник» 

журналын  үзбей  оқып,  әлеуметтік  өмірдің  және  әдебиет  ағымының  қай 



326 

 

бағытта,  қалай  дамып  бара  жатқандығын  аңғара  алатын,  өз  кезінің  саналы 



азаматының бірі болған. 

             1852  жылы  Костылецкийдің  көмегімен  Шоқан  көрнекті  шығыс 

зерттеушісі,  Петербург  университетінің  профессоры  Березин  танысады. 

Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш 

Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін 

зерттеу  ісіне  тартқан.  Березиннің  тапсырмасы  бойынша  Тоқтамыс  ханның 

«Жарлығына»  талдау  жасайды.  Бұл  оның  алғашқы  ғылыми  еңбегі  еді. 

Жастығына  қарамай,  оның  білімдарлығын,  әсіресе,  шығыс  әдебиеті  мен 

тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, 

мойындай бастаған болатын. 

             Кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал 

губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс 

Сібір  мен  Қазақстанның  солтүстік  шығыс  аудандарын  басқаратын  генерал 

губернатор  Гасфорттың  адьютанты  болып  тағайындалады.  Осы  қызметті 

атқара  жүріп,  ол  Орта  Азия  халықтарының  тарихын,  этнографиясы  мен 

жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 

            1855  жылы  Ұлы  жүзді  Қоқан  хандығының  ықпалынан  шығарып, 

Ресейге  қосу  бағытында  жұмыс  істеу  үшін  ұйымдастырылған  экспедицияға 

қатысып,  Семей,  Аягөз,  Қапал  арқылы  Іле  Алатауына  дейін  келеді.  Жоңғар 

қақпасына,  Алакөл,  Тарбағатайға  саяхат  жасайды.  Осы  сапарында  қазақ, 

қырғыз,  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін,  тарихы  мен  этнографиясының 

материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрып, діни 

ұғымдары  жайында  материал  жинап  қайтады.  Бұл  материалдар  негізінде 

кейін  ол  «Тәңірі»  (Құдай),  «Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы»  деген 

еңбектер  жазады.  Бұл  еңбегін  жоғары  бағалаған  генерал  Г.Х.Гасфорт  оны 

наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын 

алады. 

            1856 



жылы 

М.М.Хоментовский 

басқарған 

әскери 


ғылыми 

экспедицияға  қатысып,  қырғыз  елін  жете  зерттеп,  Ыстықкөл  аймағының 

картасын  жасасады.  Қырғыздар  мен  Ұлы  жүз  қазақтарының  тарихы, 

этнографиясы  жайлы  мәліметтер  жинайды,  ауыз  әдебиетінің  нұсқаларын 

жазып алады. Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін 

мұндай ұзақ желіге құрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні барын түсінген 

Шоқан  «Манас»  үлгісінде  көрсетті.  «Манас»,  дейді  Шоқан,  қырғыздардың 

ескі  мифтерінен,  аңыздарынан  ертегілерінен  жиналып,  бір  адам  Манастың 

төңірегіне  топталған  энциклопедия.  Бұл  жағынан,  ол  даланың  «Илиадасы» 

тәрізді.  Бұл  аса  зор  эпопеяда  қырғыз  халқының  өмірі,  әдет-ғұрпы, 

жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы түгел 

қамтылған…  Екінші  эпос  «Семетей»  «Манастың»  жалғасы.  Бұл  қырғыздың 

«Одиссеясы».  Іле  өзенінің  басындағы  Манас  жорық  жасады  деген  жерлерді 

барып  көреді.  Сібір  мен  Тянь  Шань  аралығында  көшіп  жүрген  қырғыздар 

Алатаудың автохонды ежелгі тұрғындары екені тарихта тұңғыш рет анықтап 

береді.  Қырғыздардың  көне  тарихы  жөніде  жазған  географы  К.Риттердің, 

А.Гумбольттің,  шығыстанушы  ғалымдар  Шотт  пен  Клапроттың  еңбектеріне 


327 

 

сын  айтады,  Бұдан  кейін  Құлжа  қаласында  болып,  Жоңғария  тарихымен 



шұғылданады.  1857  жылы  тағы  да  қырғыз  елінде  болады.  Осы  сапарларда 

жинаған  материалдарды  ол  «Жоңғария  очерктері»,  «Қырғыздар  туралы 

жазбалар»,  «Қазақтың  халық  поэзиясының  түрлері  туралы»,  «Ыстықкөл 

сапарының  күнделіктері»,  «Қытай  империясының  батыс  провинциясы  және 

Құлжа  қаласы»  атты  еңбектерін  жазуға  пайдаланады.  Табиғатты  және  ел 

тұрмысын  Шоқан  жазушылық  шеберлікпен  суреттеген.  Осыдан  барып  оны 

орыс  достары  «Қазақ  тақырыбына  жазатын  орыс  жазушысы»  деп  атаған. 

Тарих,  география  саласындаы  даңқы  Петербург  ғалымдарына  да  жетіп, 

жиырмадан  жаңа  асқан  жас  Шоқанды  Орыс  География  қоғамының  толық 

мүшесі етіп сайлайды. 

             1858-1859  жылдары  Шоқанның  Қашғарияға  сапары  ғалымдық, 

ағартушылық  саласындағы  еңбегінің  жаңа  белеске  көтерілуіне  жол  ашты. 

Қашқария  ол  кезде  Ресей  тарапынан  зерттелмеген  өлке  болатын.  Қоқан 

хандығының  Қашқардағы  консулы  әрі  саяси  резидентінің  көмегімен 

Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы 

мен  этнографиясынан  көптеген  материалдар  жинайды.  Қашқар  сапарынан 

«Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу провинциясының шығыстағы алты 

қаласының  жайы»  атты  еңбегі  дүниеге  келді.  Бұл  Шығыс  Түркістан 

халықтарының  тарихына,  әлеуметтік  құрылысына  арналып,  сол  заман 

ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. 

Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады. 

    Шоқан  қазақтың  тұңғыш  профессионал  суретшісі  болды,  ол  негізінен 

портрет,  пейзаж  және  халықтың  тұрмыс  салтын  бейнелеумен  айналысқан. 

Одан 150-дей сурет қалған. 

         Туберкулез  меңдегендіктен  Петербургтен  елге  оралған  Шоқан  туған 

халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар 

округының  аға  сұлтаны  болуға  талпынады.  «Елдестеріме  пайдамды  тигізу 

үшін  аға  сұлтан  болғым  келді.  Оларды  чиновниктен,  қазақ  байларынан 

қорғамақ  болдым.  Сондағы  ең  алдымен  көздегенім  өз  басымның  мысалы 

арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп 

жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай 

алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. 1864 жылы наурыз айында Шоқан 

полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. 

Орыс  империясының  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азияны  Ресейге 

бағындыру  жорығына  аудармашы,  жергілікті  халықпен  мәмілегерлік 

келісімдер  жасау  үшін  қосылған  ол  полковник  Черняевтің  Әулиеатаны  алу 

кезінде  бейбіт  халыққа  жасаған  жауыздығына  куә  болғасын,  ренжіп,  кейін 

қайтады.  Содан  Верный  (қазіргі  Алматы)  қаласына  келіп,  одан  әрі  Тезек 

төренің  аулына  барып  (бұрынғы  Талдықорған  облысы,  Күреңбел  жайлауы, 

Алтынемел асуының күнгейі) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. 

        Сөйтіп  жүргенде  ескі  өкпе  ауруы  қайта  қозып,  Шоқан  1865  жылдың 

сәуірінде қайтыс болады. 

       Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі 

аса  зор.  Орыстың  жағрафиялық  қоғамы  басып  шығарған  Шоқан 



328 

 

шығармаларына  жазған  алғы  сөзінде  академик  Н.И.Веселовский:  «Шоқан 



Уәлиханов  Шығыстану  әлемінде  құйрықты  жұлдыздай  жарық  етіп  шыға 

келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп 

түгел  мойындап,  түркі  халқының  тағдыры  туралы  онан  маңызы  зор,  ұлы 

жаңалықтар  ашуды  күткен  еді.  Бірақ  Шоқанның  мезгілсіз  өлімі  біздің  бұл 

үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің 

ғажайып  мүмкіндіктерін,  гуманизмнің  биік  өресін,  ұлтжандылықтың 

жалтақсыз  үлгісін,  ғылыми  қабілет  пен  алғырлықтың  қайран  қаларлық 

өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. 



Философиялық афоризмдері: 

  Поэзияға,  әсіресе,  импровизацияға  құштарлық  –  барлық  көшпелі 

нәсілдерге тән қасиет. 

  Өткенің туралы ойлағаның – бүгініңнің қамын жегенің. 

  Еңбекқорлық,  ұлттық  мақтаныш,  принциптілік  –  сайып  келгенде,  осы 

қасиеттердің  бәрі  де  халықтың  тұрмыс-салты  мен  ұлттық  мінезінен 

шығады. 

  Адам  баласы  табиғат  аясында  және  ұдайы  табиғат  ықпалын  сезіну 

жағдайында  өмір  сүреді,  нақты  іс-қимылдар  жасайды.  Бұл  тұрғыдан 

келгенде,  шаманизм  көзқарасы  –  солшыл  материализмге  саяды.  Екінші 

жағынан, өлгеннен кейін адамның өзі тәңір текті құпияға айналады – бұл 

солшыл спиритуализмдік көзқарас. 

  Тіл – қай халықтың болмасын басты белгісі. 

  Халықтың  кемеліне  келіп,  өркендеп  өсуі  үшін,  ең  алдымен,  азаттық  пен 

білім керек. 

  Алғырлық пен сабырлық – түркілердің табиғи қасиеті. 

  Қазақтар – жақсылықтың қадірін білетін халық!. 

 

                                           Әдебиет: 



 

1.  Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов. –Собр.соч.в 5-т. -А: 1985  

2.  Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи. Т-4, —Алматы: 1985. 71-бет 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақыл-ой  антологиясы/  Қазақ  афористикасы: 

бағзыдан  бүгінге  дейін.  Шоқан  Уәлиханов.  «Өлке»,  –Алматы:  2009. 

157-бет. 

4.  Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы: 1992. 

5.  Қазақ. /Бас ред.Ә.Нысанбаев. Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.  

—Алматы: 1998. 

6.  Сегизбаев О. Казахская философия  XV-начала ХХ вв. —Алматы: 1996. 

7.  ХХ-ғасыр басындағы қазақ философиясы. 20-томдық. «Аударма»,  

—Астана: 2008. 

329 

 

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН 

 

(1841ж. Қостанай облысы, Қостанай 



ауданындағы Арақарағай –

1889ж.Тобыл өзенінің бойы) 

 

        — 



қазақтың 

аса 


көрнекті 

ағартушы-педагогы, 

жазушы, 

этнограф, фольклоршы. 

               Орынбор 

шекара 


Комиссияның  қазақ  балалары  үшін 

ашылған  мектебінде  1850  –  1857 

жылдары  оқып,  оны  үздік  бітіріп 

шықты.  Жастайынан  туған  әкесінен 

жетім  қалып,  Ыбырай  үлкен  әкесі 

Балқожа  үлкен  әкесі  Балғожа  бидің 

қолында  тәрбиеленді.  Орынборда 

оқып  жүрген  немересі  Ыбырайға  жазған  мына  сәлем  хатының  үлкен 

тәрбиелік  мәні  болды.  «Атамды  сағындым  деп  асығарсың,  сабаққа  көңіл 

қойсаң  басыларсың,  Ата-анаңды  өнер білсең  асырарсың,   Надан  боп  білмей 

қалсаң,  аһ  ұрарсың».  Ыбырай  Орынборда  оқып  жүрген  кезінен  бастап,  бұл 

өлкеде айдауда жүрген әртекті орыс зиялыларымен араласты, белгілі Шығыс 

зерттеушісі  В.Григорьевтен  дәріс  алды.  Елге  қайтып  оралған  соң  халықтан 

қаржы жинап,  мекгеп  үйін  салуға  кірісті.  Мектеп 1864  жылдың  қаңтарында 

ашылды.  Ал  мақсат-тілегін  Ыбырай  былай  деп  белгіледі:  «Мен  қазақ 

жастарының 

классикалық 

гимназияларда, 

ауыл 

шаруашылық 



академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс 

жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін». Бала оқытып, тәрбиелеу 

жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа 

ала  білді.  Оған  басшылық  еткен  Қазан  университетінің  профессоры, 

миссионер  Н.И.Ильминский  болды.  Ол  Ыбырайға  орыс  алфавитімен 

жазылған оқу құралын жасауды ұсынды. 1879 жылы Ыбырай төрт тараудан 

тұратын әйгілі «Киргизская хрестоматия» («Қазақ хрестоматиясын») кітабын 

жазды. Сонымен қатар көптеген әңгімелер, өлеңдер жазып, балаларды оқуға, 

білімге  шақырды.  Олардың  біразы  сол  хрестоматияға  енгізілді.  «Кел, 

балалар,  оқылық»  деген  өлеңінде  ол:  «Сиса  көйлек  үстіңде,  тоқуменен 

табылған,  Сауысқанның  тамағы  шоқуменен  табылған,  Өнер-білім,  бәрі  де 

оқуменен  табылған.  Кел  балалар  оқылық,  Оқығанды  көңілге,  Ықыласпен 

тоқылық», - деп жазды. Ыбырай «Қазақтарға орыс тілін үйретумен бастауыш 

құралы»  («Начальное  руководство  к  обучению  киргизов  русскому  языку», 

Оренбург,  1879)  атты  8  -  тараудан  тұратын  оқу  кітабында  «Зат  есім»,  «Сан 

есім»,  «Үстеу  мен  жалғау»,  «Етістік»  т.б.  ұғымдарын  тұңғыш  рет  еңгізіп, 

талдап  көрсетті.  Ыбырай  өз  халқын  мәдениетті,  өнерлі  елдердің  қатарына 

қосуды  арман  етті.  «Өнер,  білім  бар  жұрттар,  Тастан  сарай  салғызды. 



330 

 

Айшылық  алыс  жерлерден.  Көзіңді  ашып  жұмғанша,  жылдам  хабар 



алғызды», - деп жазды.  

 

Ыбырай  оқытушылық  жұмыспен  қатар  халық  училищелерінің 



инспекторы,  Торғайдың  уездік  судьясы  да  болды.  Алтынсариннің  тікелей 

араласуын  мектептер,  интернаттар,  училищелер  ашылды,  олардың  жанынан 

халық    қаражатымен  кітапханалар  ұйымдастырылды.  Ыбырай  надандыққа, 

сауатсыздыққа  қарсы  болып,  халықты  еңбекке,  білімге  шақырды.  Оған 

«Надандық»,  «Бай  баласы  мен  жарлы  баласы»,  «Лұқпан  Хакім»,  «Қыпшақ 

Сейітқұл»  деген  шығармалары дәлел болады.  Мәселен,  «Қыпшақ  Сейітқұл» 

деген  әңгімесінде  Ы.Алтынсарин  ағайынды  екі  адамды  мысалға  алады. 

Сейітқұл  егіншілікпен  айналысып,  егін  егеді,  саудамен,  т.б.    шұғылданады. 

Сөйтіп  басқаларға  өнеге  көрсетеді.  Екіншісі  ұрлықпен  айналысады.  Ақыры 

өмірі қорлықпен өтеді. Өзін белгісіз біреулер Түркістан  жақта өлтіріп кетеді, 

ұрлықпен  жинаған  дүниесі  талан-таражға  түседі.  Сөйтіп  Ыбырай  халықты 

адалдыққа,  еңбекке,  отырықшылыққа  шақырады,  зиянды  кертартпа 

әдеттерден  безуді  уағыздайды,  арамдық  жолдан  сақтандырады.  «Араз  бол, 

кедей  болсаң,  ұрлықпенен,  Кете  бар,  кессе  басың  шындықпенен.  Қорек  тап 

бейнеттен  де  –  тәңірім  жәрдем,  Телмірме  бір  адамға  мұңдықпенен»  деп 

халқына  ақыл-кеңес  берді.  Сонымен  бірге  патша  өкіметінің  қазақ 

балаларының  ішінен  тілмаш  тәрбиелеп  шығармақ  болған  әрекетін  сынап, 

қазақ  еліне  тілмаштық  емес,  өнер-білім  керек  екенін орыс тілінде жазылған 

мақалаларында  талай  рет  атап  айтты.  Қазақтың  кішіпейіл,  білімге  құштар, 

достыққа адал екенін айтып отырды. 

 

Ыбырай қазаққа көшпелілік тұрмыстың тұсау болып отырғанын да атап 



көрсетті.  Ол  қазақтардың  өмір  бойы  көшпелі  тұрмыста  қала  беруін 

қуаттамауымен  қатар,  «халық  өзінің  даму  жолында  көшпелілік  өмірден 

отыршылыққа ауыспай қоймайды» деп қорытты. «Халыққа білім беру, көзін 

ашу  ісінің  өзі  осы  отырықшылықпен  тығыз  байланысты»  деді.  «Қазақ  көп 

ұзамай  орыс  мемлекетімен  қоян-қолтық  араласып  кететін  болады.  Бұл 

жақындықтан  ол  тек  қана  бақыт  табады  және  ол  малшы  болып  қалмайды, 

сонымен қатар диқаншы да, Ресейдің қасиетті туы астында жақсы жауынгер 

де бола алады» деп жазды Ыбырай.  

 

Бірақ  Ыбырай  патша  өкіметінің  Орынбор  және  Батыс  Сібір  генерал–



губернаторлықтарында  дала  облыстарын  басқару  жөніндегі  1868  жылы 

қабылданбақ  болған  уақытша  ережесін  сынға  алды.  Оның  қазақтың  тұрмыс 

салтын, көшпелі өмір сүрген әдет-ғұрпын, шаруашылығын есепке алмай, оны 

күштеп отырықшылыққа айналдырмақшы болғанын, артық жерлерін тартып 

алып,  Ресейдің  орталық  аудандарынан  келген  қоныс  аударушыларға 

бермекші  екенін  бүкпесіз  ашық  сынады.  Ы.Алтынсарин  былай  деп  жазды: 

«Даланы  мекендеген  халықтардың  өміріне  жасанды  түрде  төңкеріс  жасауға 

шешім  қабылдамас  бұрын  алдымен  осы  халықты  және  оның  өмірін  зерттеп 

білу  ақылдырақ  іс  болмай  ма?  Бұл  халықта  отырықшылық  үшін  қандай 

алдын ала орындалған шарттар бар?.. т.б. Сол сияқты мәселелерді күні бұрын 

алған дұрыс болмай ма? Мұның өзі ағат қадам жасамау үшін керек. Өйткені, 

бүгін  бір  халықтың  өмір  салтын  күшпен  өзгерту  кейде  нағыз  қабілетті 



331 

 

халықтың  өзін  де  енжар  селқос  халыққа  айналдырып  жіберуі  мүмкін. 



Башқұрт  халқы  осындай  жағдайды  душар  болды  деушілер  көп. 

Шындығында, айналдыруға болмайды ғой». 

 

Ыбырайдың  еңбектері,  мақалалары,  хаттары,  олардың  дүниеге 



материалистік  көзқарас  тұрғысынан,  тәжірибиелі  қиялдық  анықтаушы 

тұрғысынан  жазылғанын  байқатады.  «Білім  дегеніміз  өзімізді  қоршаған 

шындықты  танып-білу»  деп  түйіндеді  Ыбырай.  Ол  мектептегі  діни–

схоластикалық оқуға қарсы шықты. Өзі ашқан мектептерде оқу процесін осы 

тұрғыдан  жүргізді.  Бірақ  ол  ашық  қарсылық  көрсеткен  жоқ.  Кейбір 

шығармаларында оның құдайға сенуі де байқалады. Шариғат мәселелесінде, 

діни  кітаптарды  оқу  жеңіл  болсын  деп  Ыбырай  қазақ  тілінде  орыс 

әріптерімен  де  жазып  көрді.  Бірақ,  жалпы  алғанда    Ыбырай  Алтынсарин  өз 

заманындағы  алдыңғы  қатарлы  ойшыл,  адамгершіл,  ағартушы,  демократ 

болды.  


Философиялық-педагогикалық афоризмдері: 

  Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде. 

  Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста. 

  Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. 

  Байлық – қанағат пен еңбекте. 

  Аз  жұмысты  қиынсынсаң  –  көп  жұмысқа  тап  боласың.  Азға  қанағат 

қылмасаң – көптен құр қаласың. 

  Қашанда  бір  істі  істегіңіз  келсе,  ол  іске  әуелі  ақылыңызды,  онан  соң 

көзіңізді  жұмылдырыңыз,  соан  соң  ақылыңыз  дұрыстанса,  көзіңіз  көріп 

жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. 

  Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады. 

  Өнер-білім бар жұрттар, 

Тастан сарай салғызды. 

  Өнер, білім, бәрі де 

Оқуменен табылған. 

  Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені  мұғалім  –  мектептің 

жүрегі. 

  Егер  балалар  бірдемені  түсінбейтін  болса,  онда  оқытушы  оларды 

кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет