1. Махмұт Қашқари.Түбі бір түркі тілі. —Алматы: 1993. -38, 74, 82-б.б.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 94-бет
3. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. «Өлке», —Алматы: 2009. 43 – 50 беттер.
4. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009.
5. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», —Алматы: 2008.
298
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ
(1103ж. қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы, Сайрам – 1167ж.)
— ұлы ойшыл, ақын, діни
қайраткер. Қазақ жерінде дүниеге
келген,
сопылық-мистикалық
ағымның негізін қалаушы. Түркі
халықтарының,
соның
ішінде
қазақтың,
байырғы
мәдениетінің
тарихында айрықша орыны бар ұлы
тұлға.
Шығармалары:
149 - хикметтен тұратын «Диуани-
Хикмет» («Даналық кітабы») атты
діни-философиялық еңбегі бар.
Өз
аты
Ахмет, есімінің
алдындағы «қожа» мұсылман дінін
таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы
«Иассауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық
үшін айтсақ, Иассы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып,
ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған
жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим
мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің
аты – Қарашаш.
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және
Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін
Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған
қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған
секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі
туралы төмендегі сыр шертеді:
… Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы – шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы – шейхым Ахмед Ясауи.
Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін,
Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-
тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Философиялық көзқарастары:
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала
күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте
тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші
299
хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған
қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазаққа, ертедегі
мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты
бағалы деректер табуға болады.
Ол әрі ақын, әрі ғалым, ислам дініне берілген адам. Софылық өз
заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті, дүниеқоңыз болып арын
сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-
әркеттеріне наразылықтан өмірден безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың
діни бағыты. 1083 жылдары дүниеге келген Иассауи 63 жасқа шыққанда
дүниеден безіп, қалған өмірін жер астында өткізген.
Оның қалың ел арасында беделі сонша, оны халық әулие тұтқан.
Сондықтан да Иассауи құрметіне арнап XIV ғасырдың аяқ кезінде бүкіл Орта
Азия сәулет өнерінің керемет туындысы, Қожа Ахмет Иассауи ескерткіш-
мавзолейін салдырды.
Философиялық афоризмдері:
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.
Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.
Тасжүрекке құдай назар салмайды.
Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.
Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.
Кімді көрсем қызмет қылып құлы болдым.
Сөз де надандардың көңіліне жол таба алмайды.
Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.
Нәпсіңді тиғың келсе – қорлыққа да көнуге тура келеді.
Іші қулыққа толының, көкірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді.
Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
Имансыздың көңіл көрнегі ешқашан толмайды.
Аштан өлер болсаң да – нәмартқа міндет артпағын.
Құл Қожахмет, наданға сөз айтпағын,
Өзіңнің асыл сөзіңді арсымас пұлға сатпағын.
Алланы айтып тәуба қыл, алланы ойла.
Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады.
Ғашықтық оты жан мен тәнді бірдей өртейді.
Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.
Шынайы ынтызарлық – ғашықтың бақыты.
Құштарлықсыз хақ тағаланың жүзін көре алмайсың.
Дүниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді.
Ақ көңіліңмен алла дегеніңді тәңірі біледі.
Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің
астында қалады.
Арам жеген әкімдер, параға құныққандар өкініш отына өртенеді.
Таңдап тәтті жегендер де, атлас-қамқа кигендер де, алтын таққа
мінгендер де бір күні жермен-жексен болады.
300
Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып мәнсіз
біреулерді жер-көкке сиғызбай мақтайды.
Жарым ақыл жарлылар өзгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-
нақылдарын теріс пайдаланады.
Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл – пайғамбарымыздың
өнегесі.
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап
дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман
қашады.
Ақырзаман адамдары үйлерін өрнектеуге, күйкі тірлікті күйттеуге әуес
келер.
Әдебиет:
1. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары /«Қазақ халқының философиялық
мұрасы», 20-томдық, 5-том. «Аударма», —Алматы: 2005
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы
/Ортағасырлық философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 85-бет.
3. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы/ Қожа Ахмед Йасауи. «Өлке»,
—Алматы: 2009. 51-бет.
4. Смирнов А.В. Великий шейх суфизма. —Москва: 1993.
5. Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. —Москва: 1987.
6. Бертельс Е. Суфизм и суфийская литература. — Москва: 1965.
7. Иассауи Диуани Хикмет. «Мұраттас», —Алматы: 1993. -325 бет.
8. Ислам философиясы. /«Қазақ халқының философиялық мұрасы»,
20-томдық, 4-том. «Аударма», —Астана: 2005. 115-179 б.
301
XV-XVIII ғ.ғ. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
302
Қазақ философиясында өзінің лайықты орны бар кезеңдер:
1-кезең: XV-XVIII ғасырлар аралығы:
Қазтуған-жырау Сүйіншіұлы (ХVғ.), Асан-Қайғы Сәбитұлы (1361-
1469),
Аймадет
Доспамбет-жырау
(1490-1523),
Жиембет-жырау
Бортоғашұлы (ХVІғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Ақтамберді-жырау
Сарыұлы (1675-1768), Тәтіқара-ақын (ХVІІІғ.), Бұқар-жырау Қалқаманұлы
(1685-1777), Шал-Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) және т.б.). Жалпы, қазақ
ақын-жырауларының шығармалары терең мағыналы философиялық ойларға
толы, сондықтан төл мұраларымыздың бай қазынасы болып табылады.
Кейін,
зар-заман ақындарының поэзиясы мен әлеуметтік
философиясында өз рухани жалғастығын тапты:
2-кезең: XIX-XX ғасырлар аралығы:
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Шернияз Жарлығасұлы (1806-
1867), Жанақ Сағындықұлы (1770-1846), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895),
Сүйінбай Аронұлы (1815-1898), т.б. «Зар-заман поэзиясы» өкілдері – Дулат
Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1819-1881), Мұрат
Мөңкеұлы (1843-1906), т.б. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінде, тарихы мен
өнерінде «ақтаңдақ» тұстар кездеседі. Халық жадында жүрген, көптен бері
айтылмай, ашылмай жүрген сол «ақтаңдақтардың» бірі – зар-заман поэзиясы,
оның өкілдерінің әлеуметтік-дүниетанымдық көзқарастары. Белгілі бір
тарихи кезеңдерде өмір сүрген әрбір тұлға немесе ақын – өз дәуірінің, өз
қоғамының перзенті. Сондықтан да ол өз заманының әлеуметтік күйін,
тұрмыс-тіршілігін толғайды. Сол өмір сүрген кезеңіне, зердесіне қарай, өз
көзқарасы тұрғысынан қарайды.
XX-ғасырдың бірінші жартысында:
қазақ философиясында өзіндік ерекшеліктерімен, рухани тың
ізденістерімен көзге түскен, бірақ совет заманында көзден таса болған ағым,
бұл – діни ағартушылар еді: Ақмолла Мұхамедиярұлы, Нұржан
Наушабайұлы, Әбубәкір Кердері, Шәді Жәңгірұлы, Мақыш Қалтайұлы және
т.б. да ақын-ойшылдар дінді уағыздаушылар емес, дінді ілім ретінде,
тиянақты білім алатын жолдардың бірі деп қарастырды (Иманқұл Н.,
Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009. 131-132 беттер).
Жалпы, қазақ арасынан шыққан ақын-жырауларының дүниетанымы,
олардың философиялық көзқарастары төл философиямыздың қалыптасуына
рухани негіз бола алды.
303
АСАН-ҚАЙҒЫ
(АСАН немесе ХАСАН
СӘБИТҰЛЫ)
(1361ж. Еділ бойы – 1370ж.
Сарыарқа-Ұлытау)
—
қазақ арасынан шыққан
атақты ақын, философ, хан кеңесшісі.
Тарихи
аңыздарға қарағанда
Асанның әкесі саятшы болған.
Революциядан бұрын жасаған қазақ
тарихшыларының
еңбектеріне
қарағанда, Асан Алтын-Орда ханы
Ұлұғ-Мұхаммедтің ықпалды биі әрі
кеңесшісі. XV-ғасырдың ортасында
Қазақ-Хандығы құрылған тұста, Шу
алқабында 1456 жылы Жәнібек ханның кеңесшісі болған.
Басты идеясы:
Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам
орнату жөніндегі адамзаттық аңсармен үндес әлеуметтік-саяси әрі
философиялық ұлы идея. Асан ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам,
табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде
өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.
Философиялық шығармалары:
Асанқайғы жырлары мен ол туралы айтылатын аңыз-әңгімелері мен оның
«Ел айырылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты күйлері
де сақталған.
Асанқайғы өз толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті
нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Жәнібек
ханды табысқа масаттанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады.
Сол кездегі қоғамның әдет-ғұрып, мінез-құлық (мораль философиясы)
мәселелерін көтереді. Өзінің ғұмырын туыстас руларды бір орталықты,
қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды (ағартушылық
көзқарастары). Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы
кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті Алтын-Орданың орнында пайда
болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді.
Асанқайғының халық жадында сақталып қалған, айтылып келе жатқан
«Жерұйықты» іздеуі утопиялық шығарма емес. Бұл Қазақ-Хандығының
(мемлекетінің) тұңғыш рет тарих сахнасына шығуына байланысты туған
жағдай.
«Асан ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым
деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі,
доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен» депті.
304
...Шідерлі деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен.
Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы
шідерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының өрісі екен..» депті.
...Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс
екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда
дұрыс екен..» депті.
Асанқайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрсем,
бұларға жағдай туғызсам, көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде
жақсы қонысқа да баға беріпті.
Философиялық көзқарастары:
Асанқайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың
тартып отырған ауыр азабын, аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан
жаугершілік, әлеуметтік теңзіздікті көріп қайғырады, өз кезіндегі қоғамдық
өмірге наразы болады. Олардың мекен еткен қоныстарын жақтырмайды.
Адам баласы ежелден бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі
тұрмысты аңсаған, армандаған, іздеген. Қайткенде адам бақытты болады, қай
жерде қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді, міне, мұндай сұрақтар әр
заманның данышпанын да, қарапайым жұртын да толғандырған. Шығыста
әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Батыста Сен-Симон мен Фурье, Компанелла
тәрізді ұлы ойшылдар адамгершілік, рақымдылық пен берекелік
проблемаларын сөз еткен өздерінің шығармаларында идеал қала мен
патшалықты, ондағы қайғы-мұңсыз адамдарды суреттеп, утопиялық ойдың
озық үлгісін тудырады... Асақайғы туралы шығармалардың басым көпшілігі
әлеуметтік-утопиялық әпсана болып келеді.
Философиялық афоризмдері:
Бұ заманда не ғаріп – ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл
шырын сөз ғаріп.
Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі – өткен істі
қумаса.
Есеніңде-тіріңде бір болыңыз бәріңіз.
Атадан алтау тудым деп – асқынып жауап айтпаңыз,
Атамның малы көп-ті деп – атты басқа тартпаңыз.
Ғылымның қандай пайдасы – білместі жолға салмаса.
Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойнын бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.
Еділ бол да, Жайық бол – ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе – жаныңды аяп тырыспа.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ
қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.
Ойыл деген – ойың-ды, отын тапсаң – тойың-ды.
305
Көшіп-қонып көрмеген – жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген,
қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген –жұрт қадірін не білсін?!
Ашу – дұшпан: артынан түсіп кетсең қайтесің түбі бір терең қуысқа.
Қилы-қилы заман болмай ма – суда жүрген ақ шортан қарағай басын
шалмай ма?!
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегесіп ұрыспа, сенікі жөн
болса да, атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға – енді қайтіп жуыспа,
Тәуір көрер адаммен – жалған намыс қуыспа.
Арғымағың жамандап – тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап – сұңқар қайдан табарсың.
Көлдің суын жамандап – Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап – әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап – асыл қайдан табарсың.
Ақ тоныңды жамандап – атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып – теңдес қайдан табарсың.
Адам әзіз айтар деп – көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.
Есті көрсең кем деме – бәрі тұйғын табылмас,
Жамандағанға жат болмас бірге туған қарындас.
Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.
Күнінде өзім болдым деп – кең пейілге таласпа,
Артық үшін айтысып – достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама,
Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.
Қадірін жеңге білмесе – бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар – шын ғаріп.
Ата жұрты, бұқара өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.
Шамаңша шалқып жүре бер – қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ – тіріде даңқың болмаса.
Әдебиет:
1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы.
«Раритет», —Алматы: 2006.107-115 беттер
2. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. Асанқайғы. «Өлке», —Алматы: 2009. 92-б
3. Казахская ССР: краткая энциклопедия. /Гл. ред. Р.Н.Нургалиев.
Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, —Алма-Ата: 1991.
306
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ
(XV-ХVІ ғасырлар, Еділдің Ақтұма-Бозаң
сағалары, қазіргі Ресей, Астрахань обл.,
Красный Яр қаласының маңы)
— ұлы жырау, ойшыл, өз
заманының батыры, әрі ақыны, әрі күйші,
әрі шешен.
Сегіз қырлы бір сырлы. Мұның
бәрі өзі туралы бір толғам жырдан айқын
көрініп тұр: «Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы
сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шайы
оққа кірісті, Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені, Ұстаса
қашағанның ұзын құйрығы, Қалайылаған
қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі,
Буыршының бұта шайнар азуы, Бидайдықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлт
болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің
Арасын бұзып өтіп дінді ашқан – Сүйінішұлы Қазтуған!!!»
Алтын-Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның Ұлы Даласын көктей
көшкен көшпелілер басынан құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау
айтқан әйгілі тұлғалардың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау өткенін қимай,
бүгініне риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау. Өткенің
қимайтыны, Шыңғыс ханның шаңды жорығынан кейін бірер ғасырдың
аясында түркі тайпалары қайтадан ес жиып, еңсе көтеріп, қайтадан
тұтастанудың нышанын танытып, алтын үзікті Орданың айбары алыс
жақынға мойын бұрғыза бастап еді. Қазтуғанның өкінетіні сол айбар, сол
береке көз алдында күйреп, кеше ғана сүттей ұйып, отырған елден береке
қашып, быж-тыж болғаны. Осынау алмағайып кезеңде Алтын-Орданың қос
бағасындай болған, кіндігі бір ноғай мен қазақтың қақ бөлінуі Қазтуған
сияқты эпикалық қарымдағы тұлғаның жүрегін қақыратып өткендей. Бүтін
кезіндегі бақытын баянды ете алмаған соң қай бір үшбаққа жетер деп,
болашаққа секем ала қарайтыны сондықтан.
«Ноғайлы–Қазақ жұртының, Кейінгі туған балалары-ай ... Жолдасын
жолай тіздеген, Өзіне тиген дұшпанын, Қарт бурадай іздеген, Мен қарға
бойлы Қазтуған, Қайғыланып асып барамын, Ноғайлы-Қазақ елінен!»
Қазақ пен ноғайдың айрылысқанын, ата қоныстың артта қалғанын
Қазтуғанның көзі көріп отырса да, көңілі сенбейді, жан жүрегі бұл сұмдықты
мойындамайды. Осынау тарихи оқиға Қазтуғанның бүкіл өмірінің
мазмұнына айналған сияқты. Сүйінішұлы Қазтуған XV- ғасыр аясында
сексен жасқа жақындап ғұмыр кешкен адам.
Қазтуғанның ат жалын тартып мініп, ата жолын қуып, ел ісіне араласқан
ортасы Дешті Қыпшақтың кіндік мекені – Еділ мен Жайық арасы, Каспий
307
алыбы, Нарын, Қабыршақты, Қарсау деген жерлер. Қазтуған даланың бағы
мен сорын пешенесіне балаған елбасыларының үмбетінен шыққан. Оның
тепсініп сөйлеп, таусылып айтып, тебірене күй төгуінде осындай гәп бар.
Философиялық афоризмдері:
Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес – жамандар мазақ қылар деп.
Арғымақтың баласы арыған сайын тың жортар – арқадан қосым ауар деп.
Буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл шаймаған жалбызы.
Ойласа – ойдың көсемі, сөйлесе – қызыл тілдің шешені, ұстаса –
қашағанның ұзын құрығы, қиып алған жас орманның сырығы.
Бұлт басқан айды ашқан, мұнар басқан күнді ашқан.
Ақ дария толқын күшейтер – құйрығын күн шалмаған балығым арқамда
ойран салар деп.
Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты
жайылып мың қой болған жер.
Атамыз біздің Сүйініш – күйеу болып барған жұрт, анамыз біздің
Бозтуған – келіншек болып түскен жұрт.
Балығы – тайдай тулаған, бақасы – қойдай шулаған.
Шырмауығы – шөккен түйе таптырмас, балығы – көлге жылқы
жаптырмас.
Әдебиет:
1. Сегизбаев О. Казахская философия XV-начала ХХ вв. —Алматы: 1996.
2. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. /Қазақ афористикасы:
бағзыдан бүгінге дейін. Қазтуған Сүйінішұлы. «Өлке», —Алматы:
2009. 98- бет.
3. Даналардан шыққан сөз (Нақылдар жинағы).«Мектеп»,—Алм.: 1987
4. Қазақ
даласының ойшылдары IХ-XIIғ. Қорқыт, Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иассауи. —Алматы: 1995.
5. Қазақ. /Бас ред.Ә.Нысанбаев. Құрастыр.Ү.Сұбханбердина және т.б.
—Алматы: 1998.
6. Нурланова К. Человек и мир: казахская национальная идея. —Алматы:
1994.
7. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана: Оқу құралы.
—Алматы: 1996.
8. Философиялық сөздік.— Алматы: 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |