А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет15/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
Кері байланыс:  «Алғыс білдіремін» 
Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға ынтымақтастық үшін алғыс 
айтқысы келетін балалардың бірін таңдауды және осы ынтымақтастық 
нақты неден байқалғанын түсіндіруді сұрайды. Таңдалатындар 
санынан мұғалімді алып тастау керек. Педагогтің алғыс айту сөзі 
соңынан болады. Бұл ретте ол қошемет ең аз айтылған оқушыларды 
таңдап, оқиғаның осы қатысушысына да ризашылық сөздерін табуға 
тырысады. 
128

 
 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  менің  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау. 
САБАҚ:  §13. Асқазан-ішек 
жолдарының аурулары және 
тамақтану гигиенасы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.2.4 – асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану себебін 
анықтау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, асқазан-ішек ауруларын біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Адамның асқорыту жүйесі мүшелері ауруларының туындау 
себептерін айқындай алады, аурулардан сақтану жолдарын 
қарастырады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Асқорыту жүйесі мүшелері ауруларынан сақтану үшін жаднама 
жасап ұсынады. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Адамның асқазан-ішек ауруларының туындау себептерін талқылайды, 
ауруларды мүшелер бойынша жүйелейді, аурулардың алдын алу шараларын 
қарастырады. 
– Тамақтан уланудың себебін анықтайды, уланғанда көрсетілетін алғашқы 
көмек жолдарын рет-ретімен айтады. 
– Асқазан-ішек ауруларының алдын алу үшін жаднаманы 
шығармашылықпен орындайды. 
129

 
Тілдік мақсат 
  Oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі 
әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда 
оқушыларды өз білімін нәтижелі  пайдaлануға ынталaндыру, сондай-
ақ оқушыларды диалогке қатысуы үшін қажет бай сөздік қормен 
қамтамасыз ету 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
гельминтоз, асқазан-ішек аурулары, тамақтан улану, ботулизм, токсиндер, 
диетология, ас мәзірі 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
 Кейде далада жүргенде, аяқ астындағы шөпті жұлып аузымызға саламыз. 
Бұл дұрыс па, осыдан не туындауы мүмкін? Талдап, дұрыс жауап беріңдер. 
/Шөпті жұлып, ауызға салу дұрыс емес. Себебі: шөптегі гельминттердің 
жұмыртқасы ішімізге түсуі мүмкін/ 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен үнемі бір уақытта, бір мезгілде тамақтанған дұрыс екендігін 
түсіндіріп бере аласыңдар ма? 
/Бір мезгілде, бір уақытта үнемі тамақтанудан  шартты рефлекс пайда 
болады. Соның нәтижесінде асқорыту сөлдері көп бөлініп, астың жақсы 
қорытылуына әсер етеді/ 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Тамақтану гигиенасын дәптерге жазып алу 
Алдыңғы оқу 
«Сәйкестікті тап» жаттығуы 
1. Ашішек 
2. Бауыр 
3. Ұлтабар 
4. Тоқішек 
5. Сілекей безі 
6. Ауыз қуысы 
А. Асқорыту жолы басталады 
Ә. Құрамында лизоцим болады 
Б. Негізгі қызметі өт бөлу 
В. Қарыннан кейін басталады 
Г. Ашішектің бірінші бөлімі 
Ғ. Нәжіс қалыптасады 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сынып  түрлі түстерді таңдау әдісімен «Тамақ», «Тәбет» 
топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының 
қаншалықты сабаққа байланысты екендігі туралы 
ойларын тұжырымдайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Мен өзімді мадақтаймын»  
Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру, өзіне деген сенімді-
лікті арттыру. 
Нұсқау: Мен әрқайсыңыз өзіңізді бір нәрсе үшін 
мадақтауыңызды сұраймын. Қазір өзіңді-өзің мадақтауға 
 
 
 
130

 
мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық, мен 
бастайын, сіздер қостаңыздар: «мен өзімді еңбекқорлығым 
үшін мадақтаймын»... 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінмен жұмыс. 
«Сынық вагон» 
Ең әуелі «сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен 
мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне 
аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері 
басқа оқушыларды  мұқият тыңдау, «вагондарды» бір-біріне 
«тіркеу»,  «сынық вагонды» анықтау. Қалған  оқушыларға 
реттік нөмір таратылып беріледі. Бірінші нөмірлі  оқушы 
(«бірінші вагон») мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды. 
Сарапшылар ол  оқушыны кез келген жерден тоқтатып, 
келесі оқушыға («вагонға») жалғастыруды  бұйырады. 
Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра 
алмаған оқушы  «сынық вагон» болып 
есептеліп, «рельстен» тақта алдына шығарылады. 
«Ең соңында сарапшылар сынық вагондарға» сұрақтар 
қойып, олардың  «жөнделуіне»  мүмкіндік береді. 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, асқазан-ішек ауруларын 
тудыратын факторларды, таратушыларды анықтайды, 
ауруды сипаттайды, аурудың алдын алу шараларын 
қарастырады. 
– Тамақтан уланудың себебін талдайды, түсіндіреді. 
– Улану кезіндегі алғашқы көмек шараларын 
қарастырады, оларды  рет-ретімен айтады. 
 
Сергіту сәті: 
«Жунглидағы жаңбыр» 
Нұсқау: – Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңдар. 
Өздеріңді Жунглида жүрміз деп елестетіңдер. Ауа райы өте 
тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір 
уақытта самал жел соқты (жеңіл қимылдар жаса). 
Жел көтеріліп күшейді (қимылдарымыз күшейе түседі). 
Қатты дауыл соқты (қимылдар күшейеді). 
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңнің арқасын саусағыңмен 
бас). 
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңмен жоғарыдан 
төмен қимылдар жасаңдар). 
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз). 
Тағы да нөсер жауын жауды. 
Ұсақ жаңбыр сіркіреді. 
Дауыл соқты. 
Жел соқты. 
Жел басылып келеді. 
Рефлексия: «Менің бүгінгі көңіл күйім» 
Әр оқушы өзінің көңіл күйін бейнелейді, себебін 
түсіндіреді. 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
131

 
Аяқталуы 
«Сұрақтар шеңбері» стратегиясы 
Жұмыс барысы: 
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. 
Оқушылар топ бойынша төрт немесе бес адамнан 
шеңберлер құрылады. Тақырып және ойлануға біршама 
уақыт беріледі. Сосын талқылауды бастайды, әр оқушы үш 
минут үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға 
рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін, 
шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты 
ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып 
кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар 
жаңа идеялар келтірмеу керек.  
Дескрипторлар: 
– Топтың бірлігі. 
– Топтың ортақ шешімге келуі. 
– Айтылған түсіндірменің нақты, дәлелді болуы. 
Рефлексия: «Әуенді тест» 
Оқушылар жеті нота бойынша көңіл  күйін білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Адамның денсаулығына зиян келтіретін 
ұшатын, жүретін, жүзетін, секіретін 
бунақденелілер туралы білесің бе? Ойыңды 
жинақтап қосымша мәліметтер келтір. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Асқазан-ішек ауруларының алдын алу үшін 
мектеп оқушыларына ЖАДНАМА 
жасаңдар. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен? 
Рефлексия «Менің сабақтан кейінгі әсерім» стратегиясы 
Қандай ой пайда болды?         Не сезіндім?           Не ұнады? 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
132

 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §14. Дәрумендер 
сипаттамасы және оларды 
жіктеу 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
 
8.1.2.5 – адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау; 
8.1.2.6 – құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түлік тізімін 
жасау; 
8.1.2.7 – азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, дәруменнің анықтамасын, түрлерін 
біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Дәрумендердің суда және майда еритін түрлерін талдайды, 
дәрумендердің жетіспеушілігі мен артықшылығы кезінде 
туындайтын өзгерістерді түсіндіріп, болжап бере алады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Тамақ өнімдерінде дәрумендердің сақталу жолдарын қарастырады, 
тың ойлар айтады. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Дәрумендерге сипаттама береді, терминнің мәнін ашады. 
–  Дәрумендердің белгіленуі мен түрлерін анықтайды. 
–  Дәрумендердің жіктелуін анықтайды, соған байланысты түрлерін 
жүйелейді. 
–  Дәрумендердің керекті тәуліктік мөлшерін талдайды, жетіспеушілігі мен 
артықшылығынан туындайтын өзгерістерге түсіндірме бере алады. 
Тілдік мақсат 
  Oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі 
әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда 
оқушыларды өз білімін нәтижелі  пайдaлануға ынталaндыру, сондай-
ақ оқушылар диалогке қатысуы үшін қажет бай сөздік қормен 
қамтамасыз ету 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
дәрумендер, суда еритіндер, майда еритіндер, авитаминоз, гиповитаминоз, 
гипервитаминоз 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Авитаминозды қалай анықтауға болады? Оның көзге көрінетін белгілері 
бола ма? Талқылып, жауаптарыңды беріңдер.  
/Шаштың түсуі, тырнақтардың сынғыштығы, үнемі ұйқының келуі, тез 
шаршау. Бірақ бұл белгілер арқылы қандай дәрумендердің жетіспейтінін  
анықтау мүмкін емес, ол үшін қан мен зәр талдауына анализ өткізу керек/ 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
133

 
І Петр патша 1703 жылы Ресей флотын құра бастағанда теңізшілерге 
Голландия теңізшілерінің ас мәзірін ұсынды, ол мәзірдің құрамында лимон 
мен апельсин болған. Неліктен І Петр осы мәзірді теңізшілерге ұсынғанын 
айта аласыз ба?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Суда және майда еритін дәрумендер тізімін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Лездеме сұрақтары» 
Ішек-қарын ауруларының жұғу жолдарын атаңдар:/қайнамаған су, лас 
қол, жуылмаған жемістер, көгөністер, лас ыдыс-аяқ, шала піскен ет не 
балық, беті ашық қалған тағам. 
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 
1)  Тамақ  құрамында  негізгі  қоректік  заттардың  болуы  (нәруыз,  май,  көмір-
су); 
2)  Тамақ  рационында  қосымша  заттардың  болуы  (витаминдер,  микроэле-
менттер); 
3) Тамақ құнарлығы адам жасына, денсаулығына байланысты; 
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 
5) Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуы. 
Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас 
негізінде жүруі қажет: 
 

Таңертеңгілік ас 
7.30 – 8.00 
25% 

Таңертеңгілік ас 
11.00 – 11.30 
10% 

Түскі ас 
14.00 – 14.30 
35% 

Түстен кейінгі ас 
16.30 – 17.00 
10% 

Кешкі ас 
19.00 – 20.00 
20% 
 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сынып  санамақ әдісімен, «Майда еритіндер», «Суда 
еритіндер» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының 
қаншалықты сабаққа байланысты екендігі туралы 
ойларын тұжырымдайды.  
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
  «Он саусақ» 
 
Жалғыз саусақ тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орамды, 
Жүгіртеді қаламды. 
Өнерлі екен он саусақ: 
Қала салсақ, жол салсақ… 
/Оқушылар он саусақ өлеңіндегі негізгі идеяны табу 
арқылы топ ережесін шығарады/ 
 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Оқулық 
134

 
«Борт күнделігі» 
Дәптерге сызба сызады. 
Мен  
білетін 
ақпарат 
Мен білмейтін ақпарат 
 
 
Топтар жазбаларын түсіндіреді. 
ІІ. Бейнеталдау 
1.  http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/0e93249f-
41ba-4215-8593-deffa260361e/LuninTest_sound.swf 
нұсқауын 
пайдалана 
отырып, 
Н.И.Луниннің 
тәжірибесін зерделеу. 
Бейнеталдауға қойылатын сұрақтар: 
– Өз тәжірибесі арқылы Н.И Лунин қандай 
қорытындыға келді? 
– Тәжірибенің түйінді шешімі. 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, дәрумен, авитаминоз, 
гиповитаминоз, гипервитаминоз терминдерінің мәнін 
ашады, негізгі дәрумен түрлерін біледі. 
– Дәрумендердің жіктелуіне байланысты топтарына 
сипаттама бере алады. 
–  Бейнеталдаудан негізгі шешімді таба біледі. 
 
Сергіту сәті: 
«Дирижёр» жаттығуы 
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен топты 
көрсетсе, көрсеткен топ сол қимылды қайталауы керек. 
Жүргізуші қимылды топқа жасата отырып, белгілі бір 
дыбыстар шығаруы керек. 
 
Рефлексия: «Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз» 
–  Жарайсың! 
–  Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. 
–  Сен бұдан да жақсы жұмыс жасай алар едің. 
–  Бүгін сен «жұлдызсың». 
–  Сен мен үшін ең білгір доссың.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«3 таяқша» стратегиясы 
Берілген тақырыпқа байланысты  
1 сұрақ  
1 жауап  
Әрбір топ бір идея дайындап, көпшілікке 
салады. /Дәрумендердің тамақ өнімдерінде сақталу 
жолдарын қарастыру/ 
Дескрипторлар: 
–  Топтың бірлігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
135

 
–  Топтың ортақ шешімге келуі. 
–  Тың идеялардың айтылуы. 
Рефлексия: «Көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар» 
– Неліктен қиын болды? 
–  Сабақта не білдіңіз? 
–  Сіздің тапсырмадан күткеніңіз расталды ма? 
Қосымша  ақпарат 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Терминдермен жұмыс: Дәрумен, авитаминоз, 
гиповитаминоз, гипервитаминоз 
Қабілеті жоғары оқушы 
кластерді толтырыңыз: 
– Шығу тегі жағынан неге жатады? 
– Ерігіштігі жағынан нешеге бөлінеді? 
 Ағзада жетіспеушілігі мен артықшылығы 
жағынан туындайтын өзгерістер қандай? т.б. 
 
 
 
 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен? 
Рефлексия. «Бағдаршам» стратегиясы 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
 
ВИТАМИНДЕР 
136

 
САБАҚ:  §15. Адам ағзасы үшін 
негізгі дәрумендердің маңызы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.2.5 – Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамға керекті негізгі 
дәрумендердің тізімдемесін біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан болатын 
өзгерістерді болжайды, жетіспеушіліктен пайда болатын ауруларды 
талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Тамақ өнімдеріндегі дәрумендердің болуына байланысты тамақ 
өнімдерін анықтап, категорияларға бөледі, адам ағзасы үшін 
дәрумендердің рөліне баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Адам үшін маңызды суда және майда еритін дәрумендердің 
тізімдемесін жасау 
–  Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын өзгерістерді анықтау 
–  Дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттап 
беру, ауру белгілерін нақтылау 
–  Дәрумендердің қандай азық-түлікте болатындығын зерделеу 
–  Адам ағзасы үшін дәрумендердің рөліне баға беру  
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу 
дағдылары 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет