А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
І. Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Оқушыларды заттар бойынша бөледі. Әр оқушы өзінің бір 
ұсақ затын мұғалімге немесе жүргізушіге тапсырады, 
мәселен, қаламсабын, дәптерін, кілтін, көзілдірігін т.б. Бұл 
заттар қорапқа салынып, әр партаға ретсіз түрде қойылады. 
Оқушы сыныпқа кірген кезде өзінің заты тұрған партаға 
отырады. Оқушыларды «Білгірлер», «Алғырлар» топтарына 
бөледі. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын 
айтады.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Кездесу» ойыны 
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, 
әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, қарсы тұрған баланың 
жақсы қасиетін айтады. 
 
 
Ортасы 
Оқулықпен жұмыс.  
«Дербес пікір» жазу стратегиясы 
Жұптық жұмыс 
Мәтінді оқып болған соң оқушыларға төмендегідей 
құрылым бойынша жазба жұмысын жазу тапсырылады. 
20. Мәтін бойынша өзіндік пікір 
21. Дәлел 
22. Өз пікірін айғақтайтын мысал 
Оқулық 
 
305

 
23. Өз пікіріне қарсы дәлел 
24. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал 
25. Қорытынды 
Ұсыныс: 
Мәтін бойынша өзіндік пікір – бір сөйлем. 
Дәлел – екі сөйлем. 
Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем. 
Өз пікіріне қарсы дәлел – бір сөйлем. 
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлем. 
Қорытынды – екі сөйлем. 
Дескрипторлар 
– Мәтіндегі негізгі мәліметтерді теріп ала алады. 
– Мәтінді жұппен талдайды, өзіндік пікірді 
қалыптастырады, қорытынды жасайды. 
Рефлексия.  «Белгілер» 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
Сергіту сәті: «Броун қозғалысы»  
Музыка әуенімен оқушылар сынып бөлмесінде қозғалады. 
Әуеннің  ортасында  мұғалім  бір  санды  айтады.  Оқушылар 
сол санға байланысты топтаса қалады. 
ІІ. Салыстыру кестесі 
«Жеке ағза мен популяцияның өзіне тән қасиеттері» 
Дескрипторлар: 
–  популяцияның көрсеткіштерін талдайды; 
– өмір сүру стратегияларының популяция үшін маңызына 
баға береді. 
Аяқталуы 
Синквейн немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы 
берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды 
өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, 
екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші 
жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу, 
бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз 
жазылады. 
Дескрипторлар: 
–  синквейн ережеге сай жазылады; 
– популяция туралы ой нақты айтылады. 
Рефлексия тақташасы  
 
Маған 
ұнады 
 
        ? 
Маған қиын 
болды 
 
 
 
«V» – мұғалімнің сұрауы бойынша жауап 
бердім, бірақ жауап дұрыс болған жоқ;  
 
«W» – мұғалімнің сұрауы бойынша жауап 
бердім, жауап дұрыс болды;  
 
« | » – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап 
дұрыс болған жоқ;  
 
«+» – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап 
дұрыс болған жоқ;  
 
«0» – жауап берген жоқпын. 
306

 
 
 
 
 
Қосымша ақпарат.  Популяция деп тіршілік ортасы және оған бейімделу кабілеті де бірдей, 
бір-бірімен будандасып ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дараларды айтады. Қолдан 
сұрыптау аркылы алынатын жануарлардың тұқымдары мен өсімдіктердің сорттары да жеке 
популяцияларға жатады. 
Популяцияның генетикалык құрылымын ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістерді 
қолдана отырып, дат генетигі В. Иогансен зерттеді. Оның 1903 жылы «Популяциядағы және 
таза линиялардағы тұқымқуалау» деген еңбегі жарық көрді. Бүл ілімді орыс генетигі  
С.С. Четвериков әрі қарай жалғастырып, дамытты. 
Сонда бұл тәжірибенің нәтижесі, бұршақтың сорт популяциясы генетикалық құрылымы 
жағынан әртекті даралардан тұратындығын және оның әрқайсысы таза сорт тармақтардың 
(чистая линия) бастамасы бола алатындығын керсетеді. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер 
популяциясының генотиптері және анықталатын белгілері көбінесе гомозиготалы (АА немесе 
аа) жағдайда болады.  
Ал жануарлар мен айқас тозаңданатын өсімдіктер популяциясының генотиптері еркін 
будандасу негізінде қалыптасады. Көпшілігінде гетерогенді (Аа) болып келеді. Мұндай 
популяцияның генетикалық құрылымын зерттеудің бір жолы – жекелеген гендер бойынша 
гомозиготалы және гетерозиготалы даралардың таралу сипатын анықтау. 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Популяция бір-бірімен қалай қарым-қатынас 
жасайды?  
Ойларыңды мысалмен келтіріп айтыңдар. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Төмендегі үш тұжырымды түсіндіріп беріңдер. 
 
Популяция түрдің тіршілік етуінің формасы 
 
Популяция биогеоценоздың бір бөлігі 
 
Популяция генетикалық жүйе 
 
Популяция түрдің құрылымдық бірлігі 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен?  
Таңдау рефлексиясы 
 
1.  Мен сабақта жұмыстандым 
2. Өз жұмысыма 
3. Сабақ маған 
4. Сабақта мен 
5. Менің көңіл күйім 
6. Сабақ материалдары маған 
Таңдалатын жауаптар: 
белсенді,   енжар 
ризамын,   риза емеспін 
тез,  ұзақ өтті 
шаршадым,  шаршамадым 
жақсарды, нашарлады 
түсінікті,       түсініксіз 
қызықты,      қызықсыз 
пайдалы,        пайдасыз 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
307

 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу. 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
 
 
САБАҚ:  §56.  Тірі ағзалардың 
өзара қарым-қатынас түрлері 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.3.1.6 – тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау 
 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қарым-қатынастарды ағза үшін 
тиімділігіне байланысты жүйелейді. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Оңтайлы қарым-қатынас түрлерін салыстырады, ажыратады. 
 
Оңтайлы қарым-қатынастарды мысал келтіре отырып, талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Тіршілік үшін оңтайлы қарым-қатынастың маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Ағзалар арасындағы қарым-қатынастарды жіктеп жүйелейді. 
– Оңтайлы қарым-қатынастарға сипаттама береді. 
– Оңтайлы қарым-қатынастарға мысал келтіре отырып, ерекшеліктеріне 
тоқталады. 
– Оңтайлы қатынастардың маңызына баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика)  
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм,  
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қынаның өткен сабақтардан екі ағзаның селбесіп өмір сүруінен туындаған 
ағза екендігін білесіңдер. Қына құрамындағы саңырауқұлақ пен балдыр 
қандай қызмет атқарады? Олар бір-бірінсіз өмір сүре алады ма? 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен бұршақ тұқымдастар өскен жерде өсімдіктер жақсы өседі? Бұл 
сұрақтың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
308

 
Оңтайлы қарым-қатынас түрлерін дәптерге түсіру. 
Алдыңғы оқу 
Кестені толтырыңдар. 
 
Тіршілік ету ортасы 
Ағзалар 
Тұрақты мекені су 
 
Ылғалды жақсы көретіндер 
 
Батпақты-көлді жерде өмір 
сүретіндер 
 
Құрғақшылыққа төзімділер 
 
Ылғалы жеткілікті жерде өмір 
сүретіндер 
 
Жылуды жақсы көретіндер 
 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «шарды бөлікке бөлу» 
Мұғалім дәл ортаға тұрады. Ойша шардың диаметрін салу 
арқылы сыныпты екіге бөледі. 
Сынып осы әдіс арқылы «Бірлік», «Достық» топтарына 
бөлінеді. «Оқушылардан осы сөздер бүгінгі сабаққа 
ассоциация бола ала ма?» деп сұралады. 
Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Балалар қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. 
– Бұл неге ұқсайды? (кішкентай шарға) 
– Шарымызды үрлейік. 
– Енді қандай шар болды? (Үлкен шар) 
– Бұл шарымыз тағы неге ұқсайды? (Күнге) 
Ал, балалар, қолымызды күн нұрына созайықшы. 
Қуанайық, шаттанайық, алақай! 
Қуанатын күн келді, 
Қайырлы таң, қайырлы таң!  
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді  «Тірек сөздер стратегиясы» арқылы меңгереді.  
Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің 
ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің 
құрамын құруға мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру 
кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің 
мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. 
Тірек сөздер 
 Оңтайлы қарым-қатынас 
Биотикалық қатынас 
Симбиоз 
Селбесу 
Пәтерлестік 
Мутуализм 
Микориза 
Ішек симбионттары 
Түйнек бактериялары 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
309

 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын 
толық орындайды. 
–  Мәтіннен алған білімді пайдаланып, әңгіме құрайды. 
–   Биотикалық қарым-қатынастың оңтайлы түрлерін 
ажыратады, салыстырады. 
Сергіту жаттығулары: 
«Саусақ ретімен тұру» жаттығуы 
Барлық оқушы отырады мұғалім оқушылардың алдында 
артқа қарап тұрып басынан жоғары көтеріп екі  /бір, үш, 
төрт т.б./ саусақ көрсетеді де бір, екі, үш деп тез алға 
бұрылады. Саусақтың санына сәйкес оқушылар тұру керек. 
Бірнеше рет қайталанады. Бұл жаттығу сыныпты 
белсендіреді.  
Рефлексия.  
Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз: 
•  Жарайсың! 
•  Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. 
• 
Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Синквейн»,  «Оңтайлы қарым-қатынастар» 
5 жолды өлең құрастыру. 
1. Зат есім. Кім? 
2. Сын есім. Қандай? 
3. Етістік. Не істейді? 
4. 4 сөзден құралған сөйлем. 
5. Балама сөз. 
 
Дескрипторлар: 
– синквейн талапқа сай орындалған; 
– тақырыптың мәнін ашады; 
– оңтайлы қарым-қатынастың маңызын көрсете алады. 
 
Рефлексия. «Желкенді қайық» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат.   Комменсализм  – бұл екі түрдің арасындағы биотикалық 
310

 
байланыстың белгісі. Бір түр екінші бір түрге қоректік зат және мекен тауып беру, басқаша 
айтқанда екінші түрге зиян келтірмей бір түрдің өзіне қорек табу қасиетін айтады. Бұған көп 
мысалдар келтіруге болады. Мысалы қорқау қасқыр арыстаннан қалған етпен қоректенеді. 
Құстардың ұясында, кемірушілердің ішінде көптеген буынаяқтылар өздерінің тіршілік 
жағдайын табады. Яғни осы жердегі органикалық шірінділермен қоректеніп отырады.  
Мутализм – екі немесе бірнеше түрлердің, өте ұзақ бір-біріне пайда келтіре отырып 
тіршілік ету арақатынасын айтамыз. Симбиоздық қатынас өсімдіктерде, жануарларда немесе 
өсімдіктер мен жануарларда, жануарлар мен өсімдік арасында болады. Мысалы, бұршақ 
тұқымдастар мен бактериялар, қыналар мен мүктердің, су балдырлары арасындағы байланыс. 
Мысалы, қыналардың құрамына, мүктер класының үш өкілі кіреді: аскомицеттер, 
базидиомицеттертер және фиккомициттер. Табиғатта 20000-нан астам ағзалардың түрлері 
бірлесіп тіршілік етеді. 
Нейтрализм. Түрдің арасындағы байланыстың бір белгісі. Бірге тіршілік ететін екі түр, 
бір-біріне зиян да, пайда да әкелмейді. Олар бір-біріне тәуелсіз, бірақ олардың жағдайы, 
тіршілік биоценоздағы басқа түрлердің жалпы жағдайына байланысты. 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Ойланып, жауап бер. 
«Мен – саған, сен – маған», «Бірлік болмай – тірлік 
болмас» деген мақал-мәтелдерді қарым-қатынастың қай 
түріне қолданар едіңдер? 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Төмендегі қарым-қатынастарды сипатта. 
  
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен 
байланыс 
Құндылықтарда
ғы байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Рефлексия.  «Сауалнама» 
311

 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен? 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §57.  Тірі ағзалардың бір-
біріне жағымсыз әсерлері 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар 
саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.3.1.6 – тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді,  қарым-қатынастың оңтайлы, теріс 
жақтарын біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Теріс қарым-қатынастарды жүйелейді, салыстырады, бір-бірінен 
ажыратады. 
 
Теріс қарым-қатынасты жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Экожүйенің тұрақтылығын сақтаудағы теріс қарым-қатынастың 
маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Теріс қарым-қатынастарды жүйелейді. 
– Туу себептерін анықтайды. 
– Теріс қарым-қатынастарға мысал келтіре алады.   
– Экожүйенің тұрақтылығын сақтаудағы теріс қарым-қатынастың маңызына 
баға береді. 
312

 
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Жыртқыштық, паразитизм, бәсекелестік, нейтрализм, теріс қарым-
қатынастар. 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Бәсекелестік деген сөздің мағынасын түсіндіріп беріңдер. Бәсекелестік 
қандай жағдайларда туындайды? 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен  жыртқыш құстарды жаппай атып құртқанда, саңырауқұрлардың 
саны азайып кетеді,  қасқырларды жойғанда да, бұғылардың саны күрт 
азайған. Осыны түсіндіре аласыңдар ма?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Теріс қарым-қатынастардың тізімін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Сұрыптау» жаттығуы 
Оңтайлы қарым-қатынастарды сұрыптап тауып алыңдар. 
1. Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктермен микориза түзуі. 
2. Күйіс қайтаратын жануарлардың қарнындағы ұсақ ағзалар. 
3. Қорқау қасқырдың арыстаннан қалған қоректі жеуі. 
4. Саңырауқұлақтың ағаш діңіне жабысып өсуі. 
5. Балық шабақтарының ірі медузалардың шатыршасының астына 
жасырынуы. 
6. Түлкінің қоянды қорек етуі. 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сынып оқушылары журналдағы тізімді екіге бөлу арқылы 
«Теріс қарым-қатынастар», «Антибиоз» топтарына 
бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын 
болжайды, топ атын түсіндіреді.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Мен сені түсінемін» жаттығуы 
Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау 
керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 минут 
ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл күйін, 
жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның 
айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда 
отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі 
ойын, ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды 
жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі 
сезімдерімен бөліседі. 
 
 
 
 
Сынып журналы 
313

 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді Бононың алты қалпағы бойынша меңгереді. 
«Ақ қалпақ» – ақ қалпақ бойынша мәтіндегі мәліметтерді 
таза күйінде растап дәлелдеу. 
«Қызыл қалпақ» –  өз идеяларын, ішкі сезімдерін, 
пікірлерін жеткізу. 
«Қара қалпақ» – қарсы пікірлері «теріс қарым-қатынастар 
ағза үшін тиімді емес, себебі...»  
«Сары қалпақ» – тиімді оны одан әрі өрбітуге жаңа 
ұсыныстар,  идеялар айтады. Мысалы: теріс қарым-
қатынастар тиімді себебі.... 
« Жасыл қалпақ» – тапсырмаға жаңа идеялар ағымын 
тудыратын шығармашылық ойлар айтады. 
«Көк қалпақ» – тақырыпты одан әрі өрбітіп жоғары 
деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, 
қорытындылайды. 
Дескрипторлар: 
– мәтінді толық меңгеріп, әр топ қалпағының түсіне сәйкес 
тапсырманы толық орындайды
– теріс қарым-қатынастарды ажыратады, салыстырады; 
– теріс қарым-қатынастардың экожүйедегі тұрақтылықты 
сақтаудағы маңызына баға береді.  
Сергіту  
Балаларым, тұрыңдар, беттеріңді жуыңдар, 
Айнаға қараңдар, шаштарыңды тараңдар. 
Киімдеріңді киіңдер, мектепке қарай жүріңдер. 
Орындарыңа отырыңдар, сабақты жақсылап оқыңдар. 
(дене қимылдарын жасайды) 
Рефлексия. «Өз сөзімнің дәлелі» 
1. Сабақта мен жұмыстандым..., себебі.... 
2. Сабақта мен өз жұмысыммен... 
3. Маған сабақ... 
4. Сабақ бойы мен... 
5. Менің көңіл күйім... 
6. Сабақ материалдары мен үшін...  
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
5.  «Автобус аялдамасы» әдісі  
6.  Алдарындағы  постерлерге  берілген  мәнмәтін  бойынша  ой 
тұжырымдарын  жазып,  келесі  топқа  ұзатады,  енді  сол  топ 
бірінші топтың тұжырымына ойын қосады, яғни ой қосу, ой 
алмасу үдерісі жүреді. 
 
 
 
 
 
 
314

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет