Әдебиет:
1.Қазіргі Қазақстан тарихы. - Алматы:Раритет,2010. – 448 бет; Тілешов Е.,Қамзабекұлы Д.
Алаш қозғалысы.Энциклопедиялық анықтамалық. -Алматы: «Сардар» Баспа үйі,2014. - 528
бет
2. «Социалистік Қазақстан», 1988, 28 желтоқсан
3.Қазақ әдебиетінің тарихы (Он томдық). - Алматы:Қаз Ақпарат,2004-2008
4.Қирабаев С.Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. - Алматы: Жібек жолы, 2011. – 62 бет
5.Нәубет.Публицистикалық ой-толғаулар.- Алматы:Жалын,1990. - 448 бет; Зауал.
Мақалалар, естеліктер.- Алматы: Жазушы,1991. - 272 бет
6.Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Зерттеулер. - Алматы: «Үш қиян», 2009. - 304 бет
7.Елеукенов Ш.Тәуелсіздік биігінен. - Алматы: Арда,2007. - 400 бет
8.Жұртбай Т.Біртұтас Алаш идеясы. - Алматы: Орхон, 2014 . - 368 бет
9.Назарбаев Н.Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру. – «Егемен Қазақстан», 2017, 12 сәуір
ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Тілекқабыл А. М., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
Куштаева.М.Т., филология ғылымдарының кандидаты , доцент Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қаласы.
Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеріуінің
тарихын зерттейтін бөлім.Грек тілінен аударғанда «атаулар беретін өнер» деген ұғымды
білдіреді.Кез-келген тілдің өзіне тән ономастикасы болады.Жалқы есімдерсіз ел болуы мүмкін
емес.Қарым-қатынас үшінде ономастиканың алар орны ерекше.Э.Мурзаев былай деп
жазған"Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес.Пошта,телеграф,темір
жолдар өз қызметтерін тоқтады,ұшақтар әуежайда,кемелер аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде
тұрып қалған болар еді.Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай
жеткізер еді?".Егер атаулар жоғалса,адамзат оған жаңасын ойлап табады.Бізді қоршаған ұқсас
дүниелерді ажырату үшін осы қызметте жұмсалатын ерекше сөздер жасады.Ал бұндай сөздер
жалқы есімдер болып табылады.Жалқы есімдер жалпы есімдерге қарағанда едәуір көп.
Дегенмен олар көп жағдайда сөздіктерде келтірілмейді,лингвисттерде оларды көп зерттей
бермейді,мектеп қабырғасындада ономастика туралы толық оқытылмайды,тек филология
факультетінде ғана оқытылады.Жалқы есімдер әлемі ерекше және өте қызықты болып
келеді.Жалқы есімдерді зерттеуге зерттеушілер бұрыннан көңіл бөлуде.
152
Жалқы есімдер адамның барлық тұрмысына қатысты,сондықтан журналисттер,
филологтар ,лингвисттер мен тарихшыларға ономастиканың теориясы мен прагматикасын білу
шарт.Жеткілікті
онамастикалық
білім
тіл
игеруге,аударма
техникасын
меңгеруге,мәдениетаралық қатынас кезінде аса көмегін тигізеді.
Қазіргі онаомастика кешенді ғылым болып табылады, ол әртүрлі филологиялық
гуманитарлық,жаратылыстану ғылымдарының әдістері мен мүдделерін қамтиды,оның дамуына
филолог-лингвистшілер,фольклоршылар,тіл тарихын зерттеушілер,әлеуметанушылар,философ-
логиктер,тарихшылар,қоғамтанушылар,географтар,мифологтар,астрономдар
т.б
қатысады.Дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне қатысты мұны тек онамастика жеке ғылым
деңгейін алғаннан кейін ғана 20 ғасырда көпшілік мойындады.Ұлттық онамастика қазіргі
кезде көпшілік назарын аударуда.Біріншіден,ғалымдар үшін әр атаудың шығу тегін,уәжін,
фонетикалық тұстары мен парадигматикасы синагматикасын ашу сонымен бірге,ұлттың
мәдениеті
мен
тарихын
көрсететін
тілдік
бірік
ретінде
қызығушылығын
тудырса,екіншіден,қазіргі таңда саяси-идеологиялық көзқарасты білдіретін тілдік құрал ретінде
әкімшілік орындарының нысанына айналоуда,яғни онимдер тек ономастика ғалымдарының
ғана емес,бүкіл жұртшылықтың,халықтың назарын аударуда.Ономастика ғылым саласын
көптеген Қазақстандық ғалымдар зерттеген.Əсіресе орта ғасырлық ескерткіштер көптеген
ғалымдардың қызығушылығын тудырған, себебі олар көптеген мәселенің басын ашуға септігін
тигізген,тарихи,мәдени
тұрғыдан
аса
бағалы
құндылық
болып
саналады.Белгілі
қазақстандықтар
Т.Жанұзақов,
А.Əбдірахманов
,О.А.Сұлтаньяев
,Е.Ə.Керімбаев
В.У.Махпиров.Г.Сағидолдагийн,Қ.Рысбергенова,Ф.Р.Ахметжанова,А.Əлімхан
т.б
зерттеушілердің құрастырған еңбектері өзіндік деңгейдегі оқу құрал болып табылады.Қазақ
ономастикасы өз кезегінде әлемдік еңбектерге сүйене отырып,соның ішінде орыс,түркі
ономастикасының еңбектеріне сүйене отырып Т.Жанұзақов, А.Əбдірахманов ,О.А.Сұлтаньяев
,Е.Ə.Керімбаев , В.У.МахпировГ.Сағидолдагийн,Қ.Рысбергенова,Ф.Р.Ахметжанова,А.Əлімхан
,Ə.Т.Қайдаров жүйелі зерттеулерінің арқасында дамыды.Ең алғашқы диссертацияны,
ономастикалық зерттеу соның ішінде топономикалық зертеу мамандығы бойынша
Ғ.Қ.Қоңқашбаев жасады.Қазақстан топонимдерінің әртүрлі шығу тегіне терең талдау
жүргізді.Ең алғашқы рет ономастика бөлімі 1981ж Қазақстан Ғылым Академиясының
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Т.Жанұзақовтың ізденуімен алғаш рет
ономастика бөлімі ашылған болатын.Т.Жанұзақ"Қазақ есімдерінің тарихы "кітабында" Көркем
әдебиетті,әсіресе,жазба әдебиетті дамытуда фольклордың маңызы орасан зор.Ал халық
антропономиясыны байытудағы фольклордың алар орны ерекше.Ондағы кейіпкерлердің
есімдері мен образдары бүгінгі ұрпақтарға жетіп өмірде,күнделікті тұрмыста әлі де кеңінен
қолданып жүр"- ономастика туралы пікір қалдырған.
Қазақстанда жалпы елу жылда елу ономастика жөнінде диссертациялар қорғалды десек
соның
саусақпен
санарлығы
ғана
көркем
шығармалардағы
онимдерге
арналған.Олар:К.З.Жаппардың "О.Сүлейменов поэзиясындағы жалқы есімдердің эстетикалық
қызметі" атты кандитаттық диссертациясы 2000ж қорғалса,Д.М.Керімбаев "Қазақ
фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен лингвостилистикалық қызметі" атты
дисертациясы 2004 ж қорғады.
Қазақ ономастикасында көркем шығармадағы онимдер мәселесіне назар аудару көп
уақыттан бері назар аударылған.Мәселен,Қазақ эпосындағы жер-су атаулары мен кісі аттары
жайында мақаласында Ə.Қабдолов пен А.Мухатаева "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" дастанындағы
онимдерді қарастыруда үш мәселені көтерген.1.Поэманың дүниеге келуі,2.таралу географиясы
3.Оларды жалпы түркі ономастикасының тарихи даму кезеңдері мен тілдік ерекшеліктеріне
сәйкес топтастыру.Мақала авторлары аталған үш мәселені шешуде онимдерді талдай
отырып,аталмыш
дастанның
6-12
ғасырларда
Қазақстан
топырағында
пайда
болғанын,әсіресе,бұрынғы Семей, Павлодар Талдықорған ,Қарағанды,Жезқазған,Алматы т.б
облыстардағы жер -су атауларымен салыстыра отырып,Қазақстан жеріне толық
таралғандығын,атауларда көне түркі элементтері сақталғандығын анықтаған.
153
А.Жұбанов,Е.Жұбанов сынды ғалымдар Шоқан Уалихановтың "Манас" қырғыз эпосы
талдауы жөнінде мысал келтіріп,қазақ халқының эпикалық жырларының бірі "Қобыланды''
эпикалық жырының ономастикасына тоқталған.Онда келтірілген антропонимдер мен
топонимдерге толық,статистикалық талдау жүргізді.
Көрнекті жазушы М.Əуезовтың "Абай жолы"эпопеясы көптеген ғалымдарымыздың
зерттеу нысанына айналған.Қазақтың ономастика ғылымдарының негізін қалаған Т.Жанұзақта
онимдерге толық талдау жасаған.Жалпы эпопеяда төрт жүз елуден астам кісі есімі,екі жүз
елуден астам жер-су атауы кездеседі дейді.
Орта ғасыр ескерткішткері көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырған,себебі олар
көптеген мәселелердің басын ашуға септігін тигізетін құндылықтар.Сондықтан "Диуани
Хикмет","Мухаббат-наме","Ақиқат сыйы","Құтты білік" ескерткіштерін зерттеу арқылы қазақ
зерттеушілері жалпы түркі халықтары тіл біліміне қатысты құнды жәдігерлер тапқан
болатын.Ежелгі
ескерткіштерді
көптеген
елді-мекендердің
ғалымдары
неміс,орыс,ағылшығ,түрік,өзбек,қырғыз ғалымдары зерттеген болатын.Осындай қазақ
зерттеушілерінің бірі Қ.Əбенова тілдік тұрғыдан "Құтты білік" пен "Ақиқат сыйы"
шығармаларын салыстыра отырып ескерткіштердегі бір-буынды түбірлерге қатысты қазақ
тілінің кешенді зерттеу жұмысын жүргізген.
Б.Құлжанова "Құтты білік пен Ақиқат сыйы ескерткіштерінің негізінде зат есімдерді
талдай отырып,авторлардың теонимдерді қолдану ерекшілігіне қатысты келесі пікір
білдірген:"Құтты білік" пен "Һибат-улхакаийқ" ескерткіші тілінің бір ерекшілігі Орхон-Енисей
ескерткіштернде өте жиі қолданылатын Тәңірі атауы қолданылмаған.Ол кейбір туынды
сқөздердің құрамында ғана кездеседі.Сірә,бұл көп Құдайшылық сенімін ығыстырған ислам
дінінің әсерінен болса керек."
Қ.Сүйіншәлиев қазақ ғалымдарының арасында алғашқылардың бірі болып Яссауи
мұрасын тереңдете зертттеп "Иассауи творчествосы - арнайы да терең зерттеуі қажет ететін
орта ғасыр әдебиетінің маңызды мәселелерінің бірі",- деп атап көрсетті.Осындай зерттеулерге
қарап ономастиканың тыңғылықты зерттеліп жатқанын аңғарамыз.
Қазақ ғалымдары тек қана шығармалардағы,ескерткіштердегі онимдерге тоқталмаған,олар
қазақ жер-су атауларына қатысты,топонимикалық зерттеулер жүргізген. Жалпы еліміздегі
географиялық немесе топонимикалық атаулары бір емес, бірнеше ғалымдардың іргелі
зерттеулеріне себепкер болды. Атап айтар болсақ, Қонқашпаев Ғ.Қ., Əбдірахманов А.,
Жанұзақов Т., Попова В.Н., Қойшыбаев Е., Сұлтаняев О.А., Керімбаев Е.А., Қожанов М.,
Мадиева Г.Б., Рысберген Қ.Қ., Махпиров В.У. және т.б. ғалымдардың онамастика, соның
ішіндегі топонимика саласын өз зерттеулерінің нысаны ете білді.
Жер-су атауларын жәйдан-жәй қоя салмайды,топонимикалық атаулардың өзіндік мән-
мағынасы болады. Жер-су атауларына тек географиялық орналасуы ғана емес, бірнеше жүз
жылдықтарды басынан өткерген атауда сол жердегі тарих, яғни кімдер басқарды, кімдер
жаулап алды, олардың мәдениеті қандай болды, өзгелерге қандай қасиеттерімен белгілі болды
деген өзекті мәселелерді өз бойында сақтайды. Көрші тұрған елдердің де мұндай атауларға өз
әсерін тигізбей қоймасы анық.
Жер-су атаулары бір ғана география немесе лингвистиканың өзіне ғана тиесілі саласы
емес. Топонимикалық атауды зерттеуде географиялық та, лингвистикалық та, тарихи да,
этнологиялық та өзгерістерді ескере отырып қарастыру – сол бағыттың дұрыс зерттелуіне жол
сілтейді.Осы тұрғыда іргелі зерттеулердің басында көрнекті географ ғалым Қоңқашпаев Ғ.Қ. –
Қазақстандағы
топонимика
ғылымының
негізін
салушы
ретінде
қарастырылады.
Ғ.Қ. Қоңқашпаев Қазақстан ономастикасы үшін құнды дереккөзі болып табылатын «Қазақ
халықтық географиялық терминдер» атты кандидаттық диссертациясын 1948 жылы қорғады.
Бұл жұмыс география ғылымы ғана үшін емес, жалпы еліміздегі топонимикалық атауларға
қатысты алғашқы зерттеу жұмысы болып табылады. География саласынан соңғы уақытта
топонимикалық атауларды Горбунов А.П., Сапаров Қ.Т., ал тіл білімі тұрғысынан зерттеулердің
алғашқысы Əбдірахманов Ə., Жанұзақ Т., Қойшыбаев Е., Мадиева Г., Рысберген Қ., және т.б.
154
Қазақ ономастикасының іргетасын қалаушылардың тағы бірі – Жанұзақов Т.С. Оның
еңбектері қазақ жалқы есімдерінің болмысы, қазақ халқының атау беру шығармашылығындағы
ерекшеліктер мен олардың дұрыс жазылу, қазақ атауларының орыс тіліне транскрипциялану
ережелері, және бірнеше топонимдік сөздіктер сериясын жетекшілік еткен. Өзінің
жетекшілігімен ономастика, топонимика аясында бірнеше докторлық және кандидаттық
диссертациялар жазылды. Топонимикалық атаулардың шығу тегіне тек ғалымдар ғана емес,
жергілікті
тұрғындар
не
билер
мен
ақсақалдар
да
қызығушылық
танытады. Яғни,топономикалық,ономастикалық зерттеулер жалпыға ортақ мәселелер десек
қателеспейміз.
Ономастиканың зерттелу әдістерінің тағы бір түрі көркем әдебиет ономастикасының
зерттелуі.Көркем әдебиет ономастикасы тек тіл мамандарын ғана емс сонымен қатар
әдебиетшілер,тарихшылар,әлеуметтанушылар,философтар,қоғамтанушылар
т.б
сала
мамндарының қызығушылығын арттырып отыр.Қазіргі кезде қазақ тіл білімінде онимдік
бірліктерді зерттеу кеңінен қолға алына бастады,соның ішінде көркем мәтін ономастикасы
бойынша жалқы есімдердің эстетикалық қызметі,өзге тіл мәтіндегі көне түркі онимдерін
талдау,көне
түркі
ономастикасы,фольклордағы
жалқы
есімдердің
құрамы
мен
лингвостилистикалық қызметі бойынша кеш,енді зерттеулер жүргізілсе "Абай жолы"
эпопеясының онимдік бірліктері,"Қобыланды батыр" ономастикасы,"Қырымның қырық
батыры" эпопеясындағы онимдердің кейбір түрлері, "Көшпенділер"трилологиясында онимдік
бірліктер т,б мақала түрінде талданды.
Негізінен қазақ ономасттарының зерттеулері антропонимдер мен топонимдерге ,сонымен
бірге
этнонимдер,космонимдер,зоонимдерге
бағытталған.Соңғы
кездерде
қазақ
ономастикасының зерттеу нысаны ретінде ономастиканың өз ерекшіліктері,өз құрылымдық
типтері,модельдері,атау бері принциптері бар және нақты жүйелік тән шектеулі разрядтары
болып табылады.
Жоғарыда айтып өткендей ономастика ғылымына көптеген ғалымдар өз еңбектерін
сіңірді.Ономастика туралы көптеген дисссертациялар қорғалды,зерттеулік жұмыстар жазылды
.Ономастикалық материалдарды және жалқы есімдерді зерттегенде,олар әр тілдің лексикалық
қорының ең құнды дереккөзі ретінде ерекше көңіл бөлуді және терең зерттеуді қажет ететіндігі
айқындалды.
Жалқы есімдерді зерттеу бір жақты емес,сонымен қатар өте күрделі.Сондықтан ана тілін
оқып жатқан студенттерге және шетел тілін оқып жатқан студенттерге ереше ономастикалық
білім қажет.Барық оқу материалдарында дұрыс жазылуын,айтылуын,дұрыс талдауды қажет
ететін жалқы есімдер бар.Демек ономастикалық білім оқу үрдісінде маңызды болып
табылады.Жалқы есімдерді теория және практика тұрғысынан зерттеу жалғасуда,оларды
дәстүрлі талдау жаңа тұрғыдан қарастырылуда жалқы есімдерді жаңа көзқарас тұрғысынан
зерттеу қалыптасуда,яғни ұғымдар мен ономастикалық-концептуалды аппараты нақтылануда.
Тіл білмінің қоғамдағы өзге салаларда қаншалықты маңызды рөл атқарып,зерттелуі өзекті
болса,тіл ғылымының үлкен саласының бірі- ономастика ғылымының атқарар рөлі де орасан
зор.Жалқы есімдер қоғам үшін,өзге салалар үшін аса маңызды рөл атқарады және қай кезде
болсын маңыздылығын жойылмақ емес.Бүгінгі таңда Қазақ ономастика ғылымы етегін етегін
кеңге жайып зерттеу нысандары жапырағын жайған шақ деп айтуға әбден лайықты.Ғылым
ретінде де танымдық тұрғыдан да қызығушылық танытушылардың дені мектеп
қабырғасындағы оқушылардан бастау алуда.Жаңа жаһандану кезеңінде,дәуірінде өмір сүріп
жатырмыз,яғни ғылымның қай саласы болмасын дамығын үстіне дамуда.Мемлекетімізде
мектеп бағдарламасынан бастау алған "жалқы есімдердің " зерттелуі жыл сайын емес,күннен-
күнге зерттелген үстіне зерттеліп,қызығушылық танытушылар көбеюде.Ономастика
салалары:антропонимика,топонимика,фитонимика,зоонимика,т,б салалары түрлі бағытта
қарастырылуда.Университеттерде студенттерге әсіресе филология,әдебиеттану,әлем тілдері
факультеттерінде "Ономастика" туралы жоғарғы курс студенттеріне оқытылады.Ономастика
ғылымын мектеп бағдарламасынада енгізу керек деп ойлаймын.Бірақ мектеп қабырғасында
ономастикаға қызығушылық танытқан оқушылар өз қалауларымен ономастика салаларын
155
зерттеп жүр.Ономастикағақатысты түрлі шаралар өткізіледі.Университеттерде ономастика.а
қатысты тұүрлі ұйымдар,курстар,үйірмелер бар,олар өз қызметтерін тыңғылықты
орындауда.Жалқы есімдердің қоғамдағы маңыздылығының көрінісі ретінде осындай
шаралардың ғылыми да,танымдық та маңыздылығы зор деп білеміз.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1."Қазақстан ":Ұлттық энциклопедиясы
2.Мәдиева.Г.Б,Иманбердиева.С.Қ,Мадиева.Д.Б "Ономастика зерттеу мәселелері",Алматы 2016
3.Т.Жанұзақов, "Қазақ есімдерінің тарихы" Алматы 1971,215б
4.Қазақ тілі орфографиялық сөздігі Алматы,2007
5.Т.Жанұзақов ,Қазақ ономастикасы Алматы-Астана.2006,400б
6.Медетбекова.П.Т, "Бүгінгі ономастиканың ғылыми және танымдық жетістіктері" мақаласы
7.Ə.Қайдаров,А.Мұқатаева. "Қазақ эпосындағы жер-су атаулары мен кісі аттары жайында"
ЖЕТІСУ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Чукенаева Г., І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің
докторанты, Жетісу қаласы
Кез келген халықтың дүниетанымдық жүйесі, өзіндік салт-санасы, халықтық рухы ең
алдымен оның тілінде көрініс табады. Тіл мәселелерін мәдениетпен, халық әдет-ғұрпымен,
салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70 жылдарында орын ала бастады.
«Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас
мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі
ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос өмірінің мың да бір елесі ғана, оның
шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Əрбір дәуірде өмірге
қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар
мен салт-санаға, әдет- ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты
ұғымдардың аты- жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер мен
сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» дейді
ғалым Ə.Қайдар[1, 346.].
Адам баласы пайда болғаннан бері әр ұрпақ өздері ойлап тапқан және уақыт өте
қалыптасқан материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттегі жетістіктерін мұра ретінде
қалдырып отырды. Адамзаттың қай заманда болмасын алдына қойған ең басты мұрат-
мақсаттырының бірі дәстүрді сақтау, ұлттық құндылықтарды қадірлеу болғандығына
ешкімнің де таласы жоқ. Біздің қазақ халқы да атадан балаға сан ғасырлардан қалыптасып
жеткен асыл қазынасын келешек ұрпақ мақтан тұтып айтып, сақтап жеткізетіндей өшпес
мұралар қалдырды. Олардың қай қайсысы да тілде көрініс тауып отырды.
Адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын тілдің қызметі арқылы
бейнелейді. Əрбір тілдің өзінің ішкі, ұлттық өзгешеліктері бар болғандықтан, кез келген тіл
әлемді өзінше суреттейді. Халықтық салт-сана жайлы мол мағлұмат көзі болатын тілдік
тұлғалардың бірі - топонимдер. Өмірде көрген-білгенін, зердесіне түйгенін, өмірлік
тәжірибесін, бүкіл асыл кұндылығын тілінде тұжырымдаған қазақ халқы көшіп-қону
барысында кездескен әрбір бұлақ-бастауға, төбе, жазыққа, ой мен қырға олардың
ерекшелігін айқындап, соған сәйкес ат берген. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік
мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе
бастады. Осыған орай, жалқы есімдердің этномәдени мәніне де назар аударыла бастады.
Топонимиялық атаулардың пайда болуына, қалыптасуына, дамуына ұлттың мәдени
өмірі әсер етеді және «атауды қалыптастырған немесе пайдаланып жүрген халықтың
мәдениетіне ешбір байланысы жоқ атау болмайды» [2, 1316.]. Себебі, атаулар жүйесі —
ұлттың дүниетанымының, психологиясының, материалдық дүниесінің тоғысқан жиынтығы.
156
Ұлттық топонимдер өз бойынан ұлттың этникалық құрамы мен мекендері,
шаруашылығы, дүниетанымы, әлеуметтік өмірі, наным-сенімі, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі,
яғни материалды және рухани құндылықтар жайында ақпарат береді. Оларды 1)
Материалдық мәдениетке байланысты топонимдер; 2) Рухани мәдениетке байланысты
топонимдер деп топтастыруға болады.
Материалдық мәдениет - жер бетінде тіршілік еткен адамдардың өзі өмір сүруі үшін
жасаған түрлі еңбек құралдарымен қоса, тұрғын үйлері, ғимараттары, мәдени ескерткіштері,
киген киімі, тіпті жүріп-тұрған көлігіне дейін, толып жатқан көзге көрінетін, әрі өзінен кейін
ұрпақтарына қалдырып отырған заттық байлығы [3,1416.].
Топонимикалық жүйенің қалыптасуына қазақ халқының шаруашылығы, кәсіптік іс
жүргізуі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы белгілі бір деңгейде өз ізін қалдырып
отырды. Жер шаруашылығымен шұғылдану Жетісуды мекендеген тайпалар өмірінде орта
ғасырда болғаны тарихтан белгілі. Олардың жергілікті өзен бойында егін салып, көбіне арпа
мен тары еккендігін, сол жерлерден табылған археологтар аршыған көне арықтар толық
дәлелдеп отыр. Сөйтіп, жер шаруашылығы мал бағып, иен далада көшіп-қонып жүрген елдің
қосалқы тіршілігіне айналған. Егіншілікпен айналысқан халық оған қатысты атауларды да
қалыптастырды. Мысалы: Егінсу, Егінбұлақ, Бесқауға, Қызылегіс, Арықты, Қараегін,
Байқоныс, Алтынарық, Арантоған, Ақтоған т.б.
Топонимдердің құрамынан киім-кешек, ыдыс-аяқ, күңделікті тұрмыста қолданылатын
заттар да орын алып отырған: Қойсоғым, Жандорба, Ошақ, Балта, Биебайлаған, Қазансу,
Шотқалған, Айнабұлақ, Есік, Кетпен, Күл, Қазанкөл, Қайрақ т.б.
Көшіп-қону, жол қатысы, өзен, су өткелдері туралы мына төмендегі географиялық
атаулар толық мағлұмат бере алады: Қостіккен, Өткелсіз, Қозыкөш, Кұмөткел, Көшөтер,
Көшкентал, Арқанкерген, Есекартқан т.б.
Рухани мәдениет - адамдардың өмір сүру, тіршілік ету барысында сол ұлттың тұрмыс
салты, білімі, заңы, этикасы, ғылымы, діні, мифологиясы, рухани дүниелері - өнері, өлеңдері,
мақал-мәтелдері, фразеологизмдері, нақыш сөздері т.б. [3,1416.].
Кез келген ұлттық топонимдердің бойында тарихи-мәдени ақпараттар сақталады және
олардың кумулятивті қызметі ұлттық топонимдерде анық көрінеді. Себебі кез келген ұлттық
топоним халықтың ғасырлар бойы жинақтаған білімдерін көрсетеді және ол білімдері
топонимнің кумулятивтік қызметі арқылы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Жергілікті халықтың әдет- ғұрпы мен діни көзқарасын білдіретін топонимдерге мыналарды
жатқызуға болады: Əулие, Əулиебұлақ, Əулиебастау, Ақбейіт, Бейіттібұлақ, Молалы, Қо-
ңырәулие, Бұрханбұлақ, Мазар, Иманкұт, Қажыауыл, Бәйгетөбе, Қарамола, Майқан,
Құлтөбе, Өрнек, Жетім, Аламан, Байгазы, Бесіктас.
Жетісу жерінің өзендері туралы Б.Нұржекеевтің берген деректері бойынша
Бұрқанбұлақ өзенінің басында сарқырама бар екен. Судың астында үлкен тас бар. Жергілікті
халық ол тасты киелі санап сиынған. Сондықтан ол будда дініндегі Бурхан әулиемен
байланысты деген болжам бар [4,536 ].
Есік өзенінің қыста қатпайтынын ескерген халық оны қасиетті деп санап, «ыссы өзен»
деп атаған. Кейін атау фонетикалық өзгеріске түсіп Есік болып өзгерген. Сол сияқты Майқан
өзенінің құрамындағы май - киелі, қасиетті дегенді білдірсе, түркі тіліндегі «ған» сөзі өзен
дегенді білдірген [5,146.].
Əулиесу өзенінің бас жағындағы таста адамның намаз оқыған кезіндегі екі алақаны,
маңдайы, екі тізесінің таңбасы басылып қалған екен. Осыған байланысты өзен Əулиесу
аталған [6,846.]. Қарамола, Молалы, Ақбейіт, Бейіттібұлақ атаулары да діни ұғымдарға, яғни
өзеннің бойында мазарлардың болуына байланысты қойылған. Бұл көрсетілген
топонимдердің бәрінде халықтың діни сенімдері мен нанымдары, дүниеге көзқарасы жан-
жақты бейнеленіп отырғанын көреміз. Сонымен қатар, салт-сананың кейбір көріністері кейде
тотемдік ұғымдарға байланысты қойылған топонимдерде де кездесіп қалады.
В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде «Əдет-ғұрып замандар бойы
сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра ауысып, рудан-руға,
157
ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет
әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді» - дейді.
Дәстүр - ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. Жетісу жеріндегі
топонимдердің туындауына негіз болған салт-дәстүр элементтерін қарастыра келе,
адамдардың табиғаттағы әр түрлі құбылыстарды бақылап, оны өз іс-әрекеттерімен,
тәжірибесімен салыстырып, адам санасында қалыптасқан оймен байланысқан бейнелер
түрінде әр түрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табуы, яғни метафоралық мағынаның жетекші
рөл атқарғанын көруге болады. Мәселен, Бесік, Бесіктас атаулары метафораланып қойылған,
яғни бесікке ұқсатудан туған болса керек.
Бесік - қасиетті киелі, кұтты мүлік. Сәбидің, алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші
алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланың, бесікке салу да
халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке жолы үлкен елдің, тәрбиелі, өнегелі әжелеріне,
әйелдерге тапсырылады. Бесіктің сәбидің денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесік
ағаштан, талдан иіп жасалады. Бесіктің мынадай кұрал жабдықтары болады: жастық, мамық,
жүргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау. Олар да өзінше қолданыс тауып отырған. Мұнда
атау тек сыртқы көріністің ұқсастығына ғана қарап қойылмаса керек. Халық барлығына
құтты қоныс болған жерді бесікке теңеген. Ал Бәйгетөбе, Аламан гидронимдерінің
қалыптасуына сол аймақтарда аталмыш қазақтың ұлттық ойынының өткізілуі себеп болса
керек. Бәйге (дәстүр). Ұлы тойда, аста, мерекеде жыққан палуанға, озған жүйрікке, жеңген
ақынға берілетін жүлде. Тойдың, астың дәрежесін, қызығын осы бәйгеге қарап анықтауға
болады. Бәйгенің ең үлкені әдетте бас палуан мен жүйрік атқа тағайындалады. Аты озып
бәйге алғандар оның бәрін еліне айдап кетпейді. Бұл жомарттық, мәрттік, ерлік, ғұрып. Оның
біраз бөлігін әруаққа, ақсақалдарға атап, қалғанын жанындағы жолдастарына бөліп береді.
Бәйге казақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін және көрсететін үлкен дәстүр.
Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп
қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының
інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол
осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да
қойылады. [7, 486.]. Өлкемізде Айдар (ауыл), Айдарлы (ауыл) сияқты топонимдер
ұшырасады. Т.Жанұзақтың айтуынша, атау жердің шоқы мен биік төбенің биіктігін айдарға
теңеуден қойылған.
Халықтың рухани мәдениеті жайлы мол мағлұматтарды бойына сақтаған атаулардың
бір парасы туыстық, рулық, этникалық қатынастарға байланысты болып келеді. «Қоңыр
қазақтың өзіне тән барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал
иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері
мен мәдениетін, тұмса тұнық әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей
алатын азамат өзінің шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті
атасын жадында тұтуы шарт» [7,1986.]. Қазақ алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан.
Туыстық желіні үзбеген, береке-бірлікті бұзбаған. Қазақта туыстық қатынастарды үш жұртка
топқа бөліп атайды. Біріншісі — адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдер төркін
жұртым деп атайды. Екіншісі шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Ал үшіншісі әйелі
не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. Туыстық атаулар да жер-суға ат қоюда назардан
тыс қалмаған. Туыстық атаулар негізінде қалыптасқан топонимдер: Əже, Бәйбіше,
Атабайбұлақ, Əйелсай, Жанбөбек, Бескемпір, Қатынқопа, Балаарқалық, Ұлықыз, Қызқашқан,
т.б.
Қазақ даласында «қыз» сөзіне байланысты көптеген жер-су аттары кездеседі. Жалпы
даламызда әйел затына байланысты қатын, ханым, бике, бегім сияқты дәрежені көрсететін
топонимдер де бар. Мысалы: Əйелсай, Қызүшбұлақсай. Қызға байланысты жер-су
атауларының туындауына нақты тарихта болған қыз аты, эвфемизм мен діни нанымдағы қыз
образдары, метафоралы түрде қыздың дене мүшесіне балау және қыз бұйымдары негіз
болады. Əсіресе «қыз» сөзімен байланысты гидронимдер көп кездеседі. Мәселен, Қызбастау,
Қызқорған, Қызтаусу т.б.
158
Топонимдердің кейбірі сол аймақты мекен еткен ру-тайпалардың атымен байланысты
аталған. Жетісудағы Алтай, Амангелдісай, Бақалы, Мұса, Айпара, Айту, Бақалы, Балғалы,
Кәлпе, Меркі, Наймансүйек, Шажа топонимдері ру атына байланысты қалыптасқан.
Мәселен, Бақалы өзені өтетін Сарқан ауданында найман тайпасының руы Бақалыдан тараған
ұрпақтар қазір де мекен етеді. Сол сияқты Жетісу жеріндегі Матай тауының, сол аттас темір
жол станциясының және ұзындығы 13 км болатын өзеннің аттары Орта жүз Найман ішіндегі
«Матай» руының атына қойылған. Ал Төлеңгіт атауына жеке тоқтала кеткен жөн.
Төлеңгіттер - Қазақ хандығындағы әлеуметтік топ, ханның жансерігі, хан билігі сүйенетін
әскери жасақ. Төлеңгіттер көмегімен хандар мен сұлтандар халықтан салық жинаған,
жайылымдарын қарап жүрген. Төлеңгіттер көбінесе жаугершілік кезінде қолға түскен
тұтқындардан құралған [7,316.].
Академик Ə.Қайдардың пікірінше: «...тіл - қорған, тіл - қару, өнер алды - қызыл тіл, тіл
- ұлттың жаны мен тәні. Өз тілінен айрылған ел - ел емес, ұлт - ұлт емес. Өйткені, этностың
ұлт санатына қосылуы үшін қажетті де міндетті шарттарына ортақ табиғи орта, ортақ
күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психология жататыны белгілі, сондықтан да қазақ халқы
бүгінгі жержүзілік жаһандану процесінде біртұтас ұлт болып қалуы үшін ана тілінің тас
түйін етіп ұйыстыратын ұйытқы болар құдіретті күшіне сүйену керек...» [9,32 б.].
Халықтың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз
қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер
пайдасы одан зор. Сөз құпиясын, сөз құдіретін анықтаса, ғасыр қойнауында жатқан немесе
келмеске кеткен білім мәнінің сарасы көрінері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |