Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
19 Асанбаева


Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Досжанов Б.Ə. Қазақ тіліндегі көне тұлғалы антропонимдер: филол.ғыл. канд. дис. автореф. 
– Астана., 2001. – 24б.  
2.Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ университеті, 2003,  – С. 28-
29. 
3.Энгельс Ф. Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы. Алматы, 1967. 47-49 б. 
4.Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. 
 
 
ТОРҒАЙ ӨҢІРІНІҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ  
 
Смағұлова К. Ф., № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет 
пәнінің мұғалімі Қостанай облысы Арқалық қаласы 
 
Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. 
Президентіміз Н.Ə.Назарбаев өзінің зиялы  қауым алдында сөйлеген кезекті бір сөзінде, жер-
су  аттарының  тарихилығы  мен  көнелігіне  мән  беріп,  оны  жинап,  зерттеудің  бүгінгі 
мемлекетіміздің  саяси  стратегиясы  үшін  маңызының  зор  екендігін  атап  көрсетті.  «Əрбір 
азамат  тарих  қойнауында  тереңдеу  арқылы  өзінің  ата-бабалары  қалдырған  осындай  кең 
байтақ  жердің  лайықты  мұрагері  болуға  ұмтылсын»,-  деп  Жер-ана  өз  перзентінің  аманаты 
екенін  баса  айтқан  болатын.    Атаулар  кез-келген  елдің  тарихынан  сыр  шертіп,  болмыс-
бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығынан, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен 
хабар  береді.  Жазушы  Мұхтар  Əуезовтің  «Біздің  қазақ  жер  атын,  тау  атын  әменде  сол 
ортаның сыр-сипатына қоя білген. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң  да, жер-су жапан түзде 

138 
 
кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, құпия-сыр жатады» деп айтуы 
тегін емес. 
Əрбір  атау  –  тарихтың  табы  сіңген  нысаналы  белгісі.  Мұндай  ұлттық  және  рухани 
байлығымыз  саналатын  топонимдерді  зерттеу  бүгінгі  күн    талабынан  туындап  отыр.  Кез 
келген аймақтың жер-су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді этнографиялық 
мәліметтерді  географиялық    сыр  –  сипаттарды  сақтап  отырады.  Топонимдегі  деректер  
белгілі  белгілі    бір  географиялық  ұғым    атаулары  болғандықтан,  олар  арнайы  сұрыпталған 
лексикалық  қабаттардан  тұрады.  Көне  дәуір    куәсі  болып    табылатын  аймақ  топонимдері 
халықтың этнографиялық қоғамдық, әлеуметтік жай күйінен, өткендегі өмір-тіршілігінен әр 
қилы мәлімет  береді. Мұның өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол 
істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат-мұратқа жету мүмкін еместігі көрсетеді. Демек, 
тілдік  құбылыстың  табиғаттың  тек  оның  тілдік    заңдылықтарына  ғана    сүйеніп  емес, 
сонымен  қатар  сол  тілде  сөйлеуші  этностың  (  халықтың  )  дүниетанымына    салт-дәстүріне, 
ұлттық менталитетіне байланысты  да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір  аймақтың 
топономиясын  зерттеуді  қолға  алмас  бұрын  жердің  тарихына  саяси  әлеуметтік  жағдайына 
және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу керек 
екендігін, зерттеушілер атап көрсетеді.[4.76-бет] 
Географиялық  атаулардың  пайда  болуының  басты  екі  белгісі  –  уәжделік  және 
тұрақтылық. Нақты атаудың пайда болуы  қандай да бір ішкі фактімен тарихи уәжделіп, күні 
бұрын  сақталады.  Өте  көне  замандардан  бастап  адам  баласы  бір  жерге  орналасқанда,  өз 
айналасындағы қоршаған ортаға атау бере бастайды. Олар белгілеген әрбір атау белгілі  бір 
мағынаға ие болады. Мысалы өзендердің атауы көбі немесе оның ағысына тереңдігіне, түсіне 
байланысты  қойылса,  елді  мекен  атаулары  көбінесе  ландшафт,  өсімдіктер  әлеміндегі 
ерекшеліктерімен  немесе    қоныстанушылар  өмірлеріндегі  фактілерге  сәйкес  беріліп 
отырады.  Сондықтан  географиялық  атаудың  пайда  болуы  кездейсоқ  емес,  тарихи  себепті 
болады.[4.24-25 бет] 
Бұрын да және қазір де Торғай облысының жер-суының атауы әр кезде де сөз болып, 
оның шығу төркінін білсек деген ниет қойылып отыр.  
Облысымыздағы  ойконимдердің  лексика-семантикалық  құрамы  да  әр  алуан.  Жер 
аттары  қоғамдық  дамудың  сипатына  қарай  өзгеріп  отырған.  Жергілікті  халық  өздері 
мекендеген көшіп-қонып жүрген жердің бет-бедеріне, судың ащы-тұщылығына, көлемі мен 
белгілеріне  орай  ат  (оним)  қойып  отырған.  Сондықтан  да    ондай  атаулар  белгілі  бір  
мағынаға  ие.  Олай  болса,  ойконимдерді  семантикалық  тұрғыдан  зерттеудің  де  мәні 
айрықша.Ойконимдердің  семантикасы  аталып  отырған  белгілі  бір  нысан  жайында  тиісті 
дәрежеде мағлұмат  беріп  қана қоймай, сол жерге адамның қатыстығын да көрсетіп, білдіріп 
отырады.  Сондықтан  ойконимдер    семантикасының  қыры    мен    сырының  егжей-тегжейін, 
жан-жақты, терең де мазмұнды етіп айқындап анықтай түсуде кеңінен қолданылатын әдістің 
ең  басты    жолы-  лесика-семантикалық  сыныптау(  классификациялау)  болып  табылады.  Ол 
арқылы  ойконимдерді топқа бөліп  саралауға болады. Торғай өлкесінің төтенше комиссары 
Лениннен  мандат  алған  Əліби  Жанкелдин  де  Рахмет  ауылынан  оңтүстікке  қарай  120 
шақырым  жердегі  Əліби  деген  жерде  туған.  Осы  кісінің    құрметіне  Жыланшықтың  арғы 
бетінен Жанкелдин совхозы орнады. 
Халық  батыры Аманкелді Иманов Балық  қарасуында туып, Торғайда алашордашылар 
қолынан оққа ұшты. Торғайдың Партизан сайында елеусіз беті жабылған батырдың денесі өз 
отаны-Жыланшықтағы  ата  қорымы  Аманкелді-Жыланшық  қара  жолының  бойындағы 
Бегімбет  Ала  көлі  қорымына  екінші  рет  жерлеген.  Атақты  Кейкі  батыр  Рахмет  ауылынан 
Арқалық  қаласына  қарай  25  шақырым  жердегі  Байтума  қопасы  жағасында    тып,  рахмет 
ауылынан 5 шақырым шығысқа қарай Жалаулы өзені бойындағы Ожан (ру аты) Сүтемгеннің 
Жәкенінің  үйінде  қызылдар  қолынан  оққа  ұшты.Бұл  кездейсоқ  сәйкестік  пе,  әлде  Ұлы 
Жаратушының  құдіреті,  шапағаты  ма?  Халқымыздың  тәуелсіздігі  мен  бостандығы  үшін 
басын бәйгеге тігіп, атқа қонған арыс азаматтар кебіні  жоқ, көрі  жоқ, ақ жауын аруланбай, 
мұсылманша  жаназасы  шығарылмай,  намазы  оқылмай,  жер  қойнына  берілді.  Бүгінгі  ұрпақ 

139 
 
бұл  кісілердің  тағдыры  жайлы  жете  біле  бермейді.Осы  кісілер  тағдырына  қайта  оралып, 
осындай кісілер туған  жердің  тарихына бір сәт тереңіне үңіліп көрейікші. [1.8-9 бет]Бүгінгі 
сөз  еткелі  отырған  Торғай  аймағы  киелі  жер.  Торғай  губерниясы,  Торғай  уезі,  Торғай 
облысы,  Торғай  қаласы,  Торғай  ауданы,  Торғай  аймағы,  Торғай  өлкесі,  Торғай  даласы, 
Торғай өзені деген атау сөздер сан ғасырдан бері айтылып келеді. «Қызғанбаңдар, ақындар, 
мақтауға  оны  хақым  бар.  Мен  туған  жер  кішкене  Торғай  деген  аты  бар»  деп  Сырбай  ақын 
жырлағандай,  Торғай  кішкене  емес  үйреншікті  теңеумен  айтқанда  кәрі  құрлық.  Еуропаның 
бірнеше  мемлекеті  сыйып  кететін,  байтақ  аймақ.  Географиялық  тұрғыдан  алғанда  «Торғай 
үстірті»,  «Торғай  қақпасы»,  «Торғай  қолаты»  деген  шартты  атау  әркімге  таныс.  Торғай 
қақпасы  батысы  –  оңтүстік  Оралмен,  солтүстігі  –  Батыс  Сібір  жазығымен,  шығысы  – 
Сарыарқамен,  оңтүстігі  –  Тұран  ойпатымен  ұштасып  жатыр.  «Торғай»  топонимінің  қайдан 
шыққандығы жайлы әрқилы мағлұматтар бар. Сондағы екі нұсқа: қазақ немесе қалмақ сөзі. 
Тіл  маманы  Сейітбек  Нұрханов  бұл  сөзді  торы  қыпшақ  пен  оғыздың  қай  тайпасының 
одағынан, яғни «торы» және «қай» сөздерінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірді белгілі 
ғалым Қойшығара Салғара ағамыз да қолдайды.[3.2-бет] Ал ертеде осы өңірдің басты өзені 
Сауық  атанған,  кейін  Торғай  болып  өзгерген.  Ақын  Қадыр  Мырзалиевтің:  «Еркіндік  пен 
елдік  үшін  Торғайдай,  Шырылдаған  Торғайсың  сен  о  бастан»  деген  өлең  жолдары  бар. 
Топонимдердің  пайда  болуына  алдымен  тарихи  жағдайлар,  географиялық  орта  әсер  ететіні 
белгілі. Халық жердің географиялық ерекшелігіне, белгілі бір тарихи себептерге атау беретін 
болған.    Қазақ  тарихында  ерекше  орын  алатын  киелі  өңірдің  бірі  –  «Ұлы  Жыланшық» 
аймағы.  Жергілікті  тұрғындар  ертеде  осы  өзенде  жылан  өте  көп  болған  деседі.  Атаудың 
пайда  болу  себебі  «Жыланшық»  сөзімен  байланысты  Жыланшық  деп  аталуының  осындай 
мәні  бар.  Бастауын  Ұлытаудың  батысынан  алатын  «Дулығалы»,  «Терісбұтақ»,  шығысқа 
қарай  ойысып  барып  доғаланып  ашасы  тарыла  келе,  Ұлы  Жыланшыққа  жалғасады. 
Арасында  «Шығырлы»  аталатын  бөліктері  және  бар.  Ұлы  Жыланшықтың  «Жалаулы», 
«Ержылан»,  «Кезауыз»,  «Ойғы  әділ»,  «Қонжар-тұма»,  «Сауранбай»,  «Қызыл-Шатқал», 
«Ақшатау»,  «Сәкеннің  қасқасы»,  «Сарбұлақ»,  «Қарагер  аттың  жырасы»,  «Бозатан», 
«Талдықара»,  «Зілғара»,  «Көшек»,  т.б.  қосымша  салалары  бар.[3.3-бет]  Жыланшықтың 
солтүстік беті ойлы-қырлы, бедерлі болып келсе, оңтүстік беті көбіне біркелкі әрі тегіс Осы 
өңірде  аса  үлкен  «Жорғакөл»,  «Алакөл»,  «Үдербай»,  «Бегімбет  ала  көлі»,  «Көкөлең», 
«Боқай»,  «Жарбидайық»,  «Зәуре»,  «Кезауыз»,  «Жарыпшыққан»,  «Арыстан»,  «Қарақалпақ», 
«Қырғы әділ», «Жайықбайдың обалысы», «Оннан», «Кіндікті», «Жарық», «Қоға», «Бірәлінің 
сасығы»,  «Түкібай»,  «Ақкөң»,  «Бисары»,  «Дәнен»,  «Бозшакөл»,  «Сазанбай»,  «Дәнсары», 
«Көшек»,  «Шиқамыс»,  «Өгізкөк»,  «Алабидайық»,  «Қаратай»,  «Əліпбай»,  «Байтума», 
«Бозатан»,  «Ендігі  ой»,  «Талғұй»,  «Тезек»,  «Доңыз»,  «Алабұталы»,  «Айбалта»,  «Үшбала», 
«Жетіқыз», «Сарықыз», «Қойсалған» атты сулы, қамыс-қопалы көлдер бар. Кейбір көлдердің 
аумағы 10 шақырымнан   асады.  
«Ұлы  Жыланшық»  өзенінің  екі  бетінде  ертеде  мешіт,  медреселер  көп  болған.  Соның 
ішіндегі ерекшесі Дулығалы бойындағы Арыстанбайұлы Құлмұхамед ишан салдырған тоғыз 
күмбезді  мешіт  пен  24  бөлмелі  медресе.  ХІХ  ғасырдағы  сәулет  өнерінің  ғажайып  жетістігі 
саналған.  Осы  медреседе  халық  батыры  Амангелді  Иманов  оқыған.  Батырдың  туған  жері 
«Балық» қарасуы деп аталады.[2.] Ол мешіттен 8 шақырым жерде. 
Жыланшық  өзенінің  арғы  бетінде  25  шақырым  жерде  Жорғакөл  атты  көл  бар. 
Көлемі   атшаптырым,  суы  таяз,  көл  табаны  теп-тегіс.  Көл  үнемі  жел  екпінімен  қозғалып 
тұрады.  Содан  Жорғакөл  атанған.[4.]  Сонымен  қатар  Жыланшықта  Ержылан  деген  жер 
атауы бар. Ерте заманда осы жерді  ордалы  жыландар мекен еткен екен. Сол себепті  халық 
Ержылан деп атайды. 
Елсіз жер – иесіз жер болып ұмыт бола бастайды. «Жолшора» атты жер қалмақ батыры 
атымен  аталған  екен.  Ол  осы  жерде  қазақ  батырымен  жекпе-жекке  шығып,  оны  аттан 
құлатады.  Аттан  құлаған  адамның  басындағы  дулығасы  ұшып  кетіп,  ол  қолаң  шашты  қыз 
болып шыққан. Қарсыласының әйел адам екенін біліп, әйелмен соғыстым деп намыстанған 
қалмақ батыры өзін-өзі қанжармен жарып өлтіріпті деген аңыз сақталған. 

140 
 
Торғай даласында тарихи атаулардың бірі – Сырлы там. Сырлы тамға Шыңғыс ханның 
әйелі  Күлән  жерленгені  туралы  академик  Əлкей  Марғұланның  еңбектерінде  айтылады. 
Құмкешуде  осыдан  4-5  мың  жыл  бұрын  жерленген  3  адамның  сүйегі  2006  жылы  табылса, 
әріректе  Айтбайдан  мың  жыл  бұрын  жерленген  адам  сүйектері  табылды.  Соңғы  екі  жылда 
Қарасу  ауылы  маңында  жүргізілген  қазба  жұмыстары  барысында  көне  заттар  шықты. 
Жыланшық,  Жалаулы,  Хантөбе,  Қара  оба,  Ақ  оба,  Сарторғай,  Торғай  аймағы  әлі  толық 
зерттелмеген. Кенесары хан мекен еткен жер. 
Күні кешеге дейін елдің жердің тарихын жатқа білетін көнекөз қарияларымыз болғаны 
рас.  Олардың  жер-су  атауларына  байланысты  білетін  шежірелерін  жазып  алмағынымыз  да 
бүгінде өкінішті жайт.[4.] Торғайдың шұрайлы жерлерін кезінде Кенесары хан мекен еткен. 
«Майқара,  Қарасайға  бітер  қалың,  Қошалақ  семіртеді  арғын  малын.  Қарасай,  Қошалақты 
мекен 
еткен 
бір 
жылы 
Кенесары 
аталарың» 
деп 
М.Сералин 
жырлаған. 
«Шошқа  көл»  деген  жер  атауының  пайда  болу  тарихы  қызықты.  Бірде  Наурызбай  батыр 
елдің  игі  жақсыларымен  көл  маңынан  өтіп  бара  жатса,  алыстан  жабайы  шошқа  көрініпті. 
Сонда  олар:  «Төрем!  Сені  шапшаң  деуші  еді,  өнеріңді  көрсетші,–  дейді.[5.198-бет]  Сонда 
үлкеннің сөзін қимаған Наурызбай «Ырыссыздың батыры доңызға шабады деуші еді. Сіздер 
айтқаннан  соң  болмас»  деп  қабанды  қуып  жетіп  қаруын  сілтеп  жайратып  салады.  Сол  жер 
«Шошқа  көл»  атанып  кеткен.  Тосын  болысын  –  Шеген,  Қарақоға  болысын  –  Қыпшақ 
Тоймағанбет,  Сары  қопа  болысын  –  Мадияр  Бөлтірік  басқарған.  Тарихи  «Ақкөл» 
ұлтымыздың   рухани  көсемі  Ахмет  Байтұрсыновтың  туған  жері.  Ал  «Қызбел»  Міржақып 
Дулатовтың туған жері. 
Жер-су  атауларын  айта  отырып  сол  жерлерде  өмір  сүрген  тарихи  тұлғаларды  айтпай 
кету жөнсіз болар. Осылардың ішінде діни адамдарының еңбегі халық үшін ерекше еді. 1920 
жылдарда соғыстан жеңіліп Қытайға қашқан Анненков пен Дутовтың әскерлері осы Торғай 
өзені  бойымен  шығысқа  қарай  қашып  бара  жатып  жол  бойында  кездескен  елді  тонап, 
жауыздық  жасады.  Халық  қашуға  мәжбүр  болды.  Адамдар  сай-саланы,  тау-тасты  паналап 
кетті.  Жер-жерде  оларға  қарсы  партизандық  соғыс  басталды.  Сол  жерлер:  «Қамысбай 
қырғыны», «Орыс өлген көл», «Сарыбел шайқасы», «Ханшабылған қырғыны», «Маятастағы 
тосқауыл»,  «Амантоғайдағы  қырғын»,  «Шабылған  Қарынсалды»  деп  аталды.  1916  жылғы 
Торғайдағы  ұлт-азаттық  көтерілісінің  хас  батыры  Кейкі  Көкембайұлы  1920  жылдары 
кеңестік жүйенің әділетсіздігіне қарсы шығып соғыса жүріп, алғашқыда Қарынсалды, Тасты 
өзені  бойын  мекендеп,  кейін  Ұлытау  аймағына  ауысқан.  Ұлытау,  Арғанаты,  Кішітау, 
Шеңбер,  Терісаққан,  Сарлық,  Жетіқыз,  Байтілеу,  Маятас,  Сарыторғай,  Қараторғай  өзенінің 
аңғарларын паналаған. Шеңбер ауылынан 10 шақырым жерде Қараторғай өзенінің солтүстік 
бетіндегі үлкен жартаста Кейкі үңгірі бар. Бүгінде батырға пана болған орынға халық барып, 
тағзым  етеді.[5.]  Басына  ескерткіш  белгі  орнатылған.  Жезқазғандықтар  Қорғасын  орта 
мектебіне Кейкі есімін берді. Қаладағы бір көшенің аты батырдың құрметіне қойылды. Кеңес 
заманында  бұрынғы  Жыланшық  –  Родник,  Қабырға  –  Крупской,  Үрпек  –  Иманов,  Збан  – 
Южный болып өзгерсе, тәуелсіздік жылы көптеген тарихи атаулар қайтарылды. 
Ерте  заманнан  тарихи  атын  жоймай  келе  жатқан  жер  атаулары  көп.  Солардың  бірі 
Торғай  қақпасындағы  «Атанбас  ақ  ирек».  Торғай  жақтан  жер  беті  тегіс  болып  келеді  де 
«Тегене» сайына жақындағанда жер тік жарланып ар жағы терең ойпат болып, тарам-тарам, 
ирек-ирек  болып  200-300  метрдей  ойысқа  айналады.  Сол  жерде  жолдың  оң  жағында  көз 
көрім жерде шөгіп жатқан ақ атандай алып қырат көрінеді. Содан барып осы жер «Атанбас 
ақ ирек» атанған. Ерекше жердің бірі Өлкейік Қабырғаның Ақтөбе жақ бетінде «Хан» деген 
жер. Өзеннің иіріміндегі мүйісте қаптаған қорымдар бар. Əбілқайыр ханды Барақ сұлтан осы 
жерде  өлтірген  деседі.  Торғайдан  шығысқа  қарай  60  шақырым  жерде  «Көкалат»  деген  жер 
бар.  «Көкалат»   –  Кенесары  ханның  хас  батырларының  бірі  Шәкір  Қараманұлының 
астындағы атының атауы.[5.229-бет] Осы ауылда «Шәкір там» деген үлкен қорым бар. Шәкір 
батыр осы жерде жерленген. Асылы бұл,  Шәкір Қараманұлы емес,  Түменұлы болуы керек. 
Осы  Көкалаттың  іргесінен  басталатын  Айсаның  «Албар  бөгеті»  18  шақырымға  созылып 
жатыр.  Айса  деген  болыс  болған.  Халықты  ұйымдастырып  1928-1932  жылдар  аралығында 

141 
 
осы  алып  бөгетті  қабырға  өзенінің  жалпақ  әрі  терең  жерінен  қолмен  салдырған.  Елді 
шабындық, жайылымдық жермен қамтамасыз етіп, егін салдырған ол адамды «Халық жауы» 
деп ұсталып, 1940 жылдары атылған. 1959 жылдары кінәсі жоқ деп ақталды. Қабырға өзені 
мен Торғай өзені арасындағы Кенжетай саласынан ұзындығы 10 шақырым. Тереңдігі 3 метр, 
ені  4 метр бұл  арықты қолмен қаздырып тегіс жерге су шығарып  тары еккізген адам Сары 
Қошқар батырдың шөбересі Бижан би. Осы арықтың қазылу кезеңінде елге Əліби Жангелдин 
келген  екен.  Сол  кісінің  құрметіне  «Əли  арық»  атанып  кеткен.  Бұл  жер  Құмкешу  ауылы 
Құстөбе елді мекеніне қарайды. 
Құстөбе деген жер атауы туралы айтатын болсақ, асылы, бұл  Құстөбе емес, Қыштөбе 
болу керек. Себебі ертеде мұнда қыш күйдірген Міне, байқап отырғанымыздай қазақ жерінің 
жер-су  атаулары  жайдан-жай  пайда  бола  салмаған.  Əрбір  атаудың  өзіндік  сыры,  өзіндік 
тарихы   бар.  Оларды  ғылыми  зерттеулердің  нысанына  айналдыра  білсек,  ата-
бабаларымыздың  өмір  сүрген  кезеңдеріндегі  әртүрлі  оқиғаларды,  тарихи  жағдайларды 
тереңірек  білетін  боламыз.   Торғай  даласындағы  атауларға  байланысты  деректер  біршама. 
Ғалымдардың  жазған  еңбектері  де  аз  емес.  Демек,  сөзінде  құпия  жасырынған,  ақиқат 
бейнеленген қазақтың жер-су атаулары жас ұрпақ үшін тұнып тұрған тағылым. 
Ел  болған  елдің  бәрінің  де,өзіндік  тарихы  қона  жайлаған  этникалық  территориясы 
өмірге,қоршаған ортаға қатысты өзіндік ұғым - түсінігі оған деген бағасы,байламы,талғамы 
бар.Қандай  бір  халық  болмасын  өзінің  негізгі  тіршілік  көзі  -  жер  екенін  жақсы  ұққан.Ұлы 
дала төсіндегі ата - қоныс,туған жер үшін болған сан қилы , ірілі - уақты қақтығыс,соғыс,қан 
-  төгістер  ерте  кезеңдерде  қазақ  елінің  басынан  өткен  тарихты  қозғайды.Халықтың  өткен 
өмірін  сонау  араб,монғол,жоңғар  шапқыншылығынан  бастап  берідегі  орыс  отаршылдығы 
кезеңіне  дейінгі  қазақ  өмірінің  қатпар  -  қатпарынан  бұндай  деректер  иен  қатар 
топонимикалық  атаулар  да  белгілі  дәрежеде  ашып,өзінің  тарихи  айғақ  көз  екендігін 
танытады.Қазіргі таңда жер - су аттарын қастерлеу,оның дұрыс алғашқы мағынасы мен атын 
сақтауының  маңызы  зор.Əрбір  атау  өз  тұсындағы  қоғам  тіршілігінен  жұрт  қалауынан 
туады,ол 
тарихтың 
ұшқыны, 
оның 
табы 
сіңген 
белгі 
халық 
өмірінен 
алынады.Білімдарлықтың  шегіне  жеткен  қазіргі  кезеңде  туған  өлкенің  жер  -  су  атауларын 
зерттеулердің сырлары ашылуы - замана талабы. 
Торғай  жері-  тарихи  мекен.  Осындай  киелі  жерде  туған  ұлылардың  мекені,өмірі, 
тағдыры  жайлы  білу-бүгінгі  жас  ұрпақтың  парызы  деп  ойлаймын.  өсіп  келе  жатқан    жас 
ұрпақтың бойынан елін, жерін сүюге, патриоттық  сезім орнатуға,  елім деп еңіреген тарихи 
тұлғаларға  ,  мәдени  мұраларға  құрметпен  қарап,  сақтауға  аз  да  болса  қосқан  үлесім  деп 
ойлаймын. 
Қазақта «Ер туған жерінде – ит тойған жерінде» деген мақал бар. Əрбір адамның туған 
жері  –  бәрінен  де  қымбат.  Өйткені  ол  жердің  топырағы,  әрбір  тасына  дейін  киелі.  Сол 
құдіретті жеріміздің табиғатын қастерлей білейік. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Байділдин.Екібастұз2011ж «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым.» Екібастұз2011ж 
2.Байділдин Шөптібай. Торғай аймағының жер-су атауларының шығу тегі. 
3.Арқалық хабары 2015ж.13 ақпан 
4.Ономастикалық Хабаршы  журналы 2006 ж 
5.Торғай жерінің энциклопедиялық анықтама 
 
 
 

142 
 
БАЛАЛАРҒА АТ ҚОЮ ҮРДІСІНІҢ ТІЛДІК-ТӘЖІРИБЕЛІК САРАПТАМАСЫ 
(Шығыс Қазақстан облысында 2016-2017 жылы туылған балалар тізімі 
бойынша) 
Солтанбекова Ш.М., Алимхан А.А., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен 
қаласы. 
 
Дүние  есігін  жаңа  ашып,өмір  табалдырығынан  енді  ғана  аттай  бастаған  нәрестеге 
жарасымды,  айшықты  ат  беру-ежелден  келе  жатқан  халықтық  мәні  зор  дәстүр.  Осыған 
байланысты  өмірге  келген  сәбилерге  қойылып  жатқан  әдемі  де  айшықты,  мән-мағыналары 
айқын,  айтуға  жеңіл  де  ықшам,  жарасымды  сұлу  есімдер  бүгінгі  өмірінің,  алдағы 
болашағының куәсі болмақ.  
Аты-жөніміздің, ата-тегіміздің орынды қолданылып, олардың ана тілімізде және орыс, 
ағылшын  тілдерінде  орфографиялық  ереже  мен  әдеби  нормаға  сай  жазылуын  дұрыс  жолға 
қою  мемлекеттің  мәні  зор  мәселесі  болып  отыр.  Оған  Елбасы  Н.Назарбаевтың  1996  жылы 
сәуірдің  2-сі  күні  «Ұлты  қазақ  азаматтардың  тегі  мен  әкесінің  атын  жазуға  байланысты 
мәселелерді  шешу  тәртібі  туралы»  Жарлығы  толық  дәлел.  Жарлық  жарияланған  уақыттан 
бері көптеген азаматтар тегі мен әкесінің атын ұлттық дәстүр бойынша жазған құжаттарға ие 
болды.  Осыған  байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  аттарын  қарастыратын  антропонимия 
деген  сала  бар.  Антропонимия-    антро+пос  –  «адам,  оним//онима  –  «есiм»,  «ат»  деген  сөз. 
Ендеше, антропоним дегенiмiз – «кiсi есiмi», антропонимика дегенiмiз – ономастиканың кiсi 
есiмдерiн 
зерттейтiн 
саласы 
[1,32 
б.].Антропонимика 
сонымен 
бірге 
әдеби 
шығармалардағы антропонимдер мен ауыз  әдебиетіндегі кейіпкерлердін  аттарын  зерттейді. 
Антропонимика  халықтық  және канондык  есімдерді,  сол  сияқты  бір  есімнің  әдеби  және 
диалектілік,  ресми  және  биресми  түрлерін  ажыратып  қарастырады.  Əрбір  этностың әр 
дәуірде  өзіне  тән  антропонимиконы  (есімдер  тізімі)  қалыптасады.  Антропонимдердін 
жиынтығы антропонимия  деп аталады [ 2,43 б.]. Телғожа Сейдiнұлы Жанұзақов осы салаға 
байланысты  бүгiнге  дейiн  320-ға  жуық  ғылыми  еңбек  жазып,  жарыққа  шығарыпты.  Iрi 
еңбектерiнiң өзi 45-тен асып жығылады екен [3, 97 б.]. 
Антропономия  есімге  қатысты  хабарларды:  адамның  қасиетін,  әкесі,  руы,  отбасымен 
байланысы,  ұлты,  кәсібі,  қай  жерден  шыққан  т.б.  зерттейді.  Осыған  орай,    мен    өзіміздің 
Шығыс  Қазақстан  облысының  2016-2017  жылы    туылған  балалардың  аты-жөні  мен  тегін 
және  демографиялық  ахуалына  тілдік-  тәжірібиелік  сараптама  жүргіздім.  Сараптама 
нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы туылған балалалардың саны -22461, 
оның ішінде туылған қазақ балаларының саны-15766, ал ата-тегін қазақша жазған бала саны-
11125 екен [4]. Бұл статистикадан байқағанымыз тегі  қазақ бола тұра, ата-тегін орысшалап 
жазған  балалар  саны  4651.  Мұндай  есімдерге:  Орынбасар  Виктория  Руслановна,  Дакиева 
Даниэля  Джанибековна,  Кизатов  Амир  Данешович,  Жаломанова  Амина  Эдиковна, 
Нургалиев  Игнат Каримович, Абдрахманов Руслан Ринатович, Мукашев Фаиль Ренатович, 
Мулинбаев  Темирлан  Денисович,  Каратаев  Ильшат  Балхашевич,  т.б.  есімдерді  мысалға 
келтіруге  болады  [5].  Бұл  көрсетілгендерден  басқа  кейбір  қазақ  азаматтары  тектерінің 
бұрмаланғаны  соншалықты,  мағынасы  мүлдем  өзгеріп  кеткендері  де  бар.  Есімдері  теріс 
жазылған  балалар  саны  көп  аймақтарға  Өскемен,  Семей  ,  Риддер  қалалары  мен  қоса 
Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Курчатов, Глубокое, Шемонайха, Үржар, Ұлан аудандары 
кіреді. Ал, ата-тегі толығымен 100% қазақша жазылған елді мекендерге Тарбағатай, Жарма 
аудандары мен Аягөз қаласы жатады.  
Мемлекеттік  тілдің  тазалығы,  мәдениеттің  арта  түсуі,  сауаттылық  үшін  күрес 
қаншалықты  қажет  болса,  адамдардың  аты-жөндерінің  қолдану  аясы  мен  қоғамдық 
қызметіне, олардың сауатты жазылуына мән беру- ерекше ден қойып, баса назар аударарлық 
мәселе. Демек, аты–жөнімізді сауатты жазудың тиімді  жолын іздеп, жөнге қоюымыз  уақыт 
талабы екені сөзсіз.  
Қазақ халқының ат қою кеңістігінде, қиялында шек жоқ. Сондықтан қазақ тіліндегі кісі 
аттарының  жалпы санын білу қиын. Адам аты бір - адамнан екінші адамға, яки бір халықтан 

143 
 
екінші  халыққа  ауысып  отырады.  Бір  есімнің  өзі  мыңдаған  адамға  қойылуы  мүмкін. 
Өзіміздің  Шығыс  Қазақстанның  өзінде  жүздеген  Айдар,  жүздеген  Алма  болуы  ықтимал. 
Əдетте жаңа туған балаға ат сән (мода) не дәстүр бойынша қойыла береді.  
Жаңа есімдердің  көптеп қойылуы қоғам өміріндегі заңды да елеулі құбылыс. Бұл жайт-
қазақ  халқының  басқа  халықтармен  мәдени-тарихи  байланыс,  бауырлық  ынтымақ, 
татулығының  айқын  көрінісі.  Осыған  сәйкес  біздің  өңірімізде  де  орыс  тілінен  басқа  араб, 
иран  тілдерінен  енген  есімдер  де  кездеседі  және  тіліміздің  ішкі  заңына  сай  түрліше 
дыбыстық өзгеріске түскендеріде бар.  
Мәселен,  араб  тілінен  енген  әйел  есімдердің  ішінде  бір  ғана  «Айша»  есімін  алып 
қарастырсақ,  мағынасы  жағынан  «Гәйше-Айше»-  ұзақ  өмір  сүруші,  өмірге  құмар,  құштар 
деген  ұғымды  білдіре  отырып,  83  рет  дүниеге  келген  жас  сәбилердің  өмірінің  негізіне 
айналса, «Аиша» нұсқасында 42 рет және Ғайша (7), Қайша (9) түрлерінде де кездескендері 
бар.  Қазіргі  кезде  дінге  көп  көңіл  бөліп  жатқандықтан,  Пайғамбарымыздың  анасының  аты 
болған  себепті  көптеп  қойылуыда  мүмкін.  Тағыда  сол  сияқты  араб  тілінен  енген  басқада 
есімдердің өзі қаншалықты. Мысалға: Кәусар (63)- Каусар (12), Інжу (81), Іңкәр (29), Əмина 
(26)  –  Амина  (37),  Малика  (19),  Азиза  (2),  Ясмин  (9)-  Ясмина  (18),  Жасмнн  (14)  есімдері 
қойылса. Ерлер есімдерінде зерттей отыра араб тілінде биік, аса, зор, заңғар ұғымын беретін 
«Əли» есімі 27 рет, біріккен тұлғалы  Əлихан (24), Əлинұр (25), Əлиасқар (8),Əлижан (12), 
Нұрәли (17) нұсқалары да қойылған. Сол сияқты Мансұр (29)- Мансур (19)- Əбілмасұр (14), 
Əмір (37)- Амир (23), Расул (18), Мәди (19) аттары жиі ұшырасады. Араб тілімен қоса иран, 
грек, тілдеріндегі есімдерде жоқ емес. Олардың қатарына: Нариман (23), Зере (38), Перизат 
(13), Дария (20), Арсен (27) т.б. жатады.  
Бұдан  басқа  алысты-жақынды  мұсылман  елдері  мен  бірге    орыс  тілі  арқылы  Батыс 
Еуропа елдерден енген есімдерде баршылық. Есімдерді саралау барысында сирек кездесетін 
ұл  балалар    атауына:  Фаиль,  Игнат,  Ралан,  Акрам,  Радмир,  Рунар,  Дамиль,  Закари,  Надир, 
Дияр,  Елизар,  Арафат,  Дегдар,  Ноэль,  Дильдар,  Богдан  т.б.  жатса,  қыз  балалар  атауына: 
Сафира,  Айсафи,  Даниэля,  Амиля,  Шаһназия,  Ратмина,  Элена,  Ясина,  Альдина,  Лимара, 
Айнель, Кармен, Ладия, Дальяна, Элина, Милана, Ясира есімдері жатады. 
Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығы тек төл есімдер ғана емес, басқа 
тілден  енген  антропонимдер  де  құрайды  және  олардың  жалпы  антропонимиялық  қордағы 
үлесі  мол  болады.  Қазақ  тіліндегі  араб  текті  есімдер  арабтардың  мәдениетінің,  салт-
дәстүрінің және дінінің енуімен байланысты. Алғаш ислам діні енгеннен бері қазақтар аузы 
дуалы  деп  қожа-молдаларға  азан  шақыртып  ат  қойдыратын  болған.  Олар,  әрине,  құран-
кәрімде, хадистарда кездесетін әулие-әнбиелердің есімдерін беруге тырысқан. Осы арабизм-
атаулар  таза  түркілік  есімдердің  денін  қолданыстан  ығыстырып  шығарған.  Бұл  үрдіс  күні 
бүгінге  дейін  жалғасып  келеді.  Жалпы  араб  текті  қазақ  есімдерінің  қазақ  антропонимия 
қорындағы  жалпы  саны  –  2000  деп  алсақ,  оның  1000-нан  астамы  ерлер,  900-дейі  әйелдер 
есімін құрайды. Алланың көркем есімдері мен пайғамбарлар аттарына байланысты есімдер: 
Аллаберген, Абдулла, Али, Мұқаммет, Kәрім т.б. мәліметтерді  Т.Жанұзақ, Ж.Ағабековалар 
зерттеген. 
Шығыс Қазақстандағы бір жылда туған балаларға қойылған есімдердің қомақты үлесі 
осы кірме атаулардан тұрады: Абдуррахман,  Абдусабыр, Адан, Адлен, Айзия, Аина, Адина, 
Адия,  Адият,  Аурика,  Айя,  Айсафи,  Атика,  Арафат,  Азиз,  Алдияр,  Арсен,  Ағзам,  Амира, 
Айша,  Адиана,  Аянат,  Алишер/Əлшер,  Ахмедияр,  Анель,  Айсель,  Аида,  Айлин,  Амина, 
Алина,  Анри,  Анвар,  Арина,  Аделя,  Альтаир/Ильтаир/Əлтаир,  Акрам,  Аруна,  Асылия, 
Альфия,  Ахмад,  Альфараби,  Альбина,  Альназар,  Алема,  Альдина,  Аминам,  Арианна, 
Альдена, Анна, Əбіраһім, Əйриа, Əлінұр/Əлинұр, Əлиасқар, Əділ, Əбинұр, Əниса/Аниса, Əл 
Ғании,  Байрам,  Бахтияр,  Дания,  Диана,  Диас,  Данеля,  Даниэля,  Дальяна,  Дидар,  Дияр, 
Дильназ/Ділназ,  Дінмұхамед,  Дайана,  Даниял,  Дильнах,  Дарьяна,  Данел,  Дамира,  Дарина, 
Дилияр,  Дильяс,  Диляра,  Дильдар,  Дильмурат,  Жамиль,  Жәнел/Жанель,  Жасмин/Жасмина, 
Замира,  Зарина,  Закария,  Заур,  Зарема,  Ғибрат,  Ғаламат,  Ғұлама,  Камиля,  Карим,    Карина, 
Кәусар, Ибраһим, Исмаил, Ислам, Ирада, Имаммади, Иманәли, Ислана, Исмадияр, Ильшат, 

144 
 
Игнат,  Ильмира,  Мәди,  Мәдина,  Милана,  Медина,  Мадияр,  Муслима,  Мухамедәли,  Мират, 
Ладия,  Лаяна,  Лимара,  Лира,  Лейла,  Ляйсан,  Набия,  Надир,  Назмина,  Нұрислам, 
Нұрәлі/Нұрәли,  Нарина,  Нармина,  Осман,  Райана/Райян,  Райман,  Рамзи,  Рано,  Расим, 
Расмина,  Рамина,  Регина,  Роза,  Ролан,  Рамиль,  Равиль,  Расул,  Радмир/Ратмир,  Ратмина, 
Рахман, Рустем/Рүстем, Руслан, Руфина, Рәйлә/Райла, Ринат, Рианна, Рунар, Руфат, Сағдия, 
Саида,  Сафия,  Самина,  Самира/Самир,  Сарбиназ,  Садена,  Салих,  Сафина,  Уали, 
Ільяс/Ілияс/Ильяс, Тасним, Таир, Тахмина, Тагир, Тамир, Тамина, Хадиджа, Фариза, Фатима, 
Фатих, Шахназ/Шахназия, Шахнияз, Шерали, Ясмин, Ямина, Ясина,  Элина, Эмир (199). 
Жоғарыда  атап  өткендей  бұл  есімдердің  де  басым  көпшілігін  араб-парсы  тілдерінен 
енген  есімдер  құрайды.  Көптеген  кірме  есімдердің  қай  тілден  алынғанын  айту  қиын  және 
қазақ тілінің айтылымына да, естіліміне де мүлде сәйкес келмейтіндері бар. Мысалы, Айзия, 
Адият,  Арианна,  Альдена,  Дилияр,  Ляйсан,  Равиль,  Радмир,  Рианна,  Тасним,  Хадиджа, 
Ямина, Рәйлә, Ирада, Дальяна, Əл Ғании, Əбіраһім т.б. Мұндай есімдерді қоймас бұрын, ата-
анасы ертең өз баласын қалай атап шақырамын деп ойлану керек еді, өйткені мына есімдерді 
атауға  қазақы  тілдің  келе  қоюы  екіталай.  Заманына  қарай  адамы  демекші,  осы  есімдердің 
иелері  түгелдей  қазақ  балалары.  Егер  осы  үрдіс  одан  әрі  жалғаса  берсе,  күндердің  күнінде 
таза  қазақша  (түркіше)  есімдер  түгел  ығыстырылып  қолданыстан  шығып  қалуы  әбден 
мүмкін деп ойлаймыз. 
Қазақ балаларына таза қазақша ат қойып, ата-бабамыздың салт-дәстүрін жалғастыруға 
не  жетсін?!  Оның  үстіне  әр  ұлттың  антропонимдік,  топонимдік  жүйесі  ұлттық  келбетін 
сақтау  керек  деген  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  қаулысы  да  бар  екенін  ескере  бермейміз. 
Біздің  зерттеу    жұмысымыздың  мақсаты  да  сол  –  балаға  қазақша  (түркіше)  есімдерді  ғана 
қоюға шақыру болып табылады. 
Біздің бір байқағанымыз, қазіргі кезде жас сәбилерге кірме атаулардан басқа айтылуы 
жеңіл де ықшам, мағынасы айқын да анық, көбіне жалаң түбірлі, яғни бір тұлғалы есімдер де 
қойылып  жүр.  Əрине,  ол  есімдер  белгілі  бір  мақсатқа,  идеяға  байланысты  қойылуда. 
Сонымен бірге ондай аттардың айтылуы барлық тілге ортақ, жеңіл болу жағын ойластыру да 
байқалады.  Ондай  есімдер  көбіне:  Ербол  (21),  Əсем  (24),  Еркін  (37),  Асқар  (19),  Əлия(20), 
Мақсат (31), Ару (21), Арман (20), Арай (18) т.б. болып келеді .   
Осымен  қатар  ана  тіліміздің  байырғы  сөздерінің  негізінде  жасалған  жаңа  мағыналы 
есімдерде  көбейіп  отыр.  Тіліміздегі  кісі  аттарының  қойылуына  ұлттық  ой-өріс,  белгілі  бір 
идеяның  әсер-ықпалы  да  байқалады.  Оның  ұлттық  тұлғасы  мен  мән-мағынасына    көбірек 
көңіл аударылып, белгілі бір мақсат, тілекке сай қойылады. Көне заман жәдігерлері сияқты 
оларда  да  өткен  ғасырлардың  үні  сақталған.  Əлбетте,  атақты  батырлар  мен  ақылгөй 
даналардың, белгілі ақындар мен тілмар шешендердің, хандар мен сұлтан, билердің есімдері 
ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  жалғасын  табып  отырғандығынада  көзіміз  жетті.  Бұл  еліміз 
егемендік  алғаннан  кейін,  қайта  оралған  есімдер  деуге  болады,  өйткені  тәуелсіздік 
тарихымызды қайтадан жаңғыртуға әсер еткені белгілі. Мысалға: Алдияр (23), Сартай (14), 
Хангелді  (7),  Бауыржан  (13),  Абылай  (8),  Абай  (6),    Нұртуған  (7),  Ибрагим  (9),  Амангелді 
(12), Хақназар (2), Бейбарыс (11), Алпамыс (3) т.б. 
Қорыта келгенде, өмірге келген жас сәбиге жарасымды ат қойып, есім беру  -  ертеден 
келе  жатқан  ата  дәстүр,  дағдылы  әдет.  Есімдердің  әдетте  адамды  екінші  адамнан  ажырата 
білу  үшін  қойылатыны  хақ  және  адам  есімдері  сол  адаммен,  яғни  нысанмен  мағыналық 
жақтан  тығыз  байланыста  болмайды.  Антропонимнің  таңбалық  сипаты  басым  болады,  ал 
топонимде атау мен нысанның арасында байланыс күшті болады. Мысалы, Алпамыс деп ат 
қойған  бала  шын  Алпамыстай  алып  және  батыр  болмауы  мүмкін.  «Мұзтау»  атауы  таудың 
ерекше бір белгісін білдіріп, кәдімгі сөз сияқты қызмет етеді. 
Ұлы  Гомер:  «Есім  дегеніміз  –  алуа-шекер  сыйлық.  Ал  сыйлық  тарту  адам  үшін  зор 
қуаныш» деген екен. Бұрыннан келе жатқан өмірлік маңызы зор бұл мәселе өз мәнін бүгін де 
жойған жоқ, әлі де аса маңызды, өзекті қалпында қалып отыр. 
Қазақ  халқының  егемендікке  қолы  жетіп,  тәуелсіз  мемлекет  болып,  әлеуметтік-саяси, 
мәдени өмірімізде елеулі табыстарға жетіп, ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесінің алуы 

145 
 
нәтижесінде    сөздік  қорымызға  жүздеген  жаңа  сөздер  мен  терминдер  қосылып  отырса, 
антропонимиялық  байлығы  да  артып  отыр.  Осымен  байланысты  жүздеген  жаңа  есімдер 
өмірге  келген  жас  бөбектерге  қойылып  отыр.  Адам  үшін  өмірлік  қуаныштың  бірі-  заман 
талабы  мен өз талғамына сай келетін айшықты да сұлу, мәнді де мәнерлі есім иемдену екені 
сөзсіз.  Дегенмен,  заман  талабы  деп  жөн-жосықсыз  шет  елдің  мән-  мағынасыз  есімдерін 
қойғаннан  гөрі  өзіміздің  қанымызға  сіңген  әдемі  де  қарапайым  қазақы  есімдерді  бергенді 
жөн көреміз 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет