Азат елдің ономастикасы – мемлекетіміздің рухани қазынасы атты ғылыми-тәжірибелік конферецияның материалдары



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата11.11.2019
өлшемі2,08 Mb.
#51559
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
19 Асанбаева


 

131 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қайдар Ə. Атамекен атауындағы «ақтаңдақтар» // Ғылымдағы ғұмыр. 
Шығармаларының көптомдығы. Т.1. Алматы: Сардар, 2014. – 520 бет. 
2. Мемлекеттік тіл саясаты – Государственная языковая политика. Алматы: НИЦ «Азия-
Арна», 2010. – 312 бет. 
3.  Қайдар  Ə.  Атаулар  –  тарих  айғағы  //  Ғылымдағы  ғұмыр.  Шығармаларының 
көптомдығы. Т.1. Алматы: Сардар, 2014. – 520 бет. 
4. Жанұзақ Т. Ұлы дала атаулары. Ономастикалық хабаршы. №1 (31), 2016.  
5. Серғалиев М. Тілім менің – тінім менің. Алматы: Сардар, 2013. – 392 бет. 
6. Əбдуәлиұлы Б. Аты-жөніміз қазақша ғана дұрыс жазылады. Ономастикалық хабаршы. 
№1 (31), 2016.  
7. Мақатаев М. Жырлайды жүрек. Алматы: Жазушы, 1989. – 496 бет. 
8. Нәжімеденов Ж. Менің 
Қазақстаным. Алматы: 
Атамұра, 2008. – 368 бет. 
 
 
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІ ЖӘНЕ РУХАНИ 
ЖАҢҒЫРУ   
 
Рахимова Э.Е., Тургаева Б.А., «Қостанай қаласының білім бөлімінің №1мектеп-
лицейі»ММ, Қостанай қаласы  
 
Көшелері көп емес
Көлемі онша кең емес. 
Бірақ та сол Қостанай 
Еш қалаңнан кем емес. 
Сырбай Мәуленов 
 
Қостанай  Қазақстанның  ең  көркем  қалалардың  бірі  болып  табылады.  XIX  ғасырдың 
соңында  Тобол  өзенінің  жағасында  құнарлы  жерлер  болғандықтан  шаруалар  жайғасты, 
бірте-бірте ауыл өсті  және үлкен қала болды. 1895 жылы Қостанай деп аталды, ол Қалмық 
шабуылынан  Қазақ  жерлерін  қорғап  атағы  жайылған  Қостана  батыр  атымен  аталды.  Қала 
едәуір  740  шаршы  шақырымға  тең  үлкен  ұлан-байтақ  аумақты  алады,  200  мың  адам  және 
түрлі  ұлт  өкілдері  тұрады:  орыстар  (43%),  қазақтар  (31%),  украиндықтар  (14%),  немістер 
(4%), татарлар (2%) және басқа да ұлттар (6%). Қостанайда 30-дан аса жалпы білім беретін 
мектептер,  12  орта  мамандырылған  мекемелер  және  13  жоғары  оқу  мекемелер  салынды. 
Қостанайдың  ең  негізгі  жоғарғы  оқу  орындары  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 
мемлекеттік  университеті  және  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институты  болып 
табылады.  Қостанайда  туристердің  назарын  аудартатын,  соның  ішінде  екі  мыңға  жуық 
тарихи және мәдени ескерткіштері бар. Туристердің ағайынды Яушев пассажы сияқты және 
Воронова  және  Сенокосова  саудагерлер  үйлері  сияқты  тарихи  ғимараттары  назарын 
аудартады. Дегенмен де,  рухани салада, яғни көше атауларын өзгерту мен маңдайшалар мен 
жарнамаларды өз тілімізде алмастыруда қыруар жұмыстар күтіп тұрғандығы бәрімізге мәлім. 
Бүгінде ономастика  атауларының төңірегінде жиналып қалған мәселе жетерлік. Ауыл, қала 
атаулары былай тұрсын, көше атаулары да қалай болса солай жазылып, бір жүйеге түспегені 
жасырын  емес.  Оның  үстіне  кейінгі  кездері  көшелерге  елге  еңбегі  сіңбеген,  беймәлім 
адамдардың  аттарының  берілуі  жайлы  да  баспасөзде  жиі  айтылып  жүр.  Жапонияда 
қайраткер  бір  ғасырдан  кейін  айрықша  назарға  ілінсе,  қазақ  жағдайында  кейбіреулердің 
жасандылықпен  атағы  шыққандарға  топырағы  суымай  көше  атауларын  беріп  жатамыз[2,17 
бет].   
Жалпы,  көшелерге  ат  беру  қоғамның  әр  саласын  дамытуға  сүбелі  үлес  қосқан,  елін-
жерін жаудан қорғауда еңбегі сіңген бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды ел есінде 

132 
 
мәңгі сақтау мақсатын көздейді. Бүгінгі мақаламыз көше атаулары мен олардың жазылу реті 
жайлы болмақ. 
 Қазіргі  таңда  Қостанай  қаласында    280-нен  астам  көше  бар.  Соның  еліміз  егемендік 
алған  25  жыл  ішінде  тек  20  шақты    көшенің  атауы  ғана    өзгертіліпті.  Ол  да  болса  соңғы 
жылдардың  ішінде  жүзеге  асырылды.  Олар  қазақтың  біртуар  перзенттері  Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Ыбырай  Алтынсарин,  ұлтымыздың  көрнекті  ақындары 
Мәриям Хәкімжанова, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Спандияр Көбеевтің құрметіне 
берілген  көше.  Оның  алдында  қазақтың  тұңғыш  журналисі  Мұхамеджан  Сералин,  халық 
ақыны Омар Шипин, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев, есімі әлемге әйгілі философ Əбунасыр 
әл-Фараби даңғылдарына олардың есімдері берілген болатын.  
Елбасының  «Өмір  өткелдері»  кітабында  жер-су  атаулары  жайында:  «Қазақстандағы 
барлық  жер  атауларының  сөздігін  шығарып,  қай  атау  қандай  жағдайда,  қандай  мағынамен 
қойылған,  ол  сөздің  түпкі  түрі  қандай  болған  дегенді  ғылыми  тұрғыдан  анықтап,  көрсету 
керек» деген маңызды сөздер бар. [1, 39 бет] Олай болса, еліміз тәуелсіздік алғалы  Қостанай 
қаласында  ономастикалық  салада  болып  жатқан  өзгерістер  бар.  Соның  ішінде  көше 
атауларын 
қайта 
қалпына 
келтіру 
жұмыстары 
бойынша 
қаламызда 
бірқатар  жұмыстар  атқарылды.  Бұл  рухани  жаңғырудың  бірден  бір  бөлігі.  Дегенмен,  ауыз 
толтырып айтатындай емес деп ойлаймыз.  
«Қостанайда  көше  атаулары  өзгереді»  деген  жаңалықтар  тек  соңғы  жылдары  ғана 
айтыла бастады. Еске салар болсақ, Павших Борцов, Герцен және Таран көшелерінің атауын 
өзгертуге  қатысты  көпшілік  пікірі  екі  жақты  болды.  Бұл  мәселе  қала  тұрғындарының  қызу 
талқылауында  болды.  Нақтырақ  айтқанда,  Герцен  көшесін  Қобыланды  батыр  даңғылы 
немесе академик Зұлқарнай Алдамжар есімін беру, сондай-ақ  Таран көшесін Тәуелсіздік деп 
атау  қызу  талқыға  салынды.  Қала  тұрғындарының  ішінде  бұл  бастаманы  қуаттағандар  да, 
наразылық танытқандар да болды.  
 
Соңғы  жылдары  атауы  өзгерген  көшелерге  назар  аударсақ:  Солнечная  көшесін 
(Авиационная  –  Солнечная  7-ші  өткел  көшелерінің  шекараларындағы  бұрын  Мира  көшесі) 
Достық  көшесіне;1-я  Солнечная  көшесі  Самал  көшесіне;  3-я  Солнечная  көшесі  Қайнар 
көшесіне; 5-я Солнечная көшесі Ақсу көшесіне; Павших Борцов көшесі - Шаяхметов көшесі; 
Герцен көшесі- Қобыланды батыр; Таран көшесі - Тәуелсіздік; Куйбышев көшесі - Козыбаев 
көшесіне  ауыстырылды.  Жыл  өткен  сайын  қаламызда  жаңа  ықшамаудандар  бой  көтеріп, 
өңіріміз  көркейе  де  көбейе  де  түсуде.  Бұл  орайда  «Наурыз»,  «Жаңа  қала»,  «Арман» 
ықшамаудандарының орны бөлек. Тарихымызды меңзейтін, қайраткерлерімізді ұлықтайтын 
атаулар берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі 
басқармадан  алынған  мәліметтерге  сүйенсек,  Челябинская  6  рет,  Костанайская  4  рет, 
Рудненская 3 рет қайталанады. Алайда, бұл көрсеткіш өте аз деп ойлаймыз. Мысалы, 2014 
жылы Шымкентте 195 көшенің аты өзгерген. Бұл қалада ешқандай қарсылық болмаған. Ал 
біздің  қалада  бір  көшенің  атауын  өзгерту  екі  жақты  пікір  туындатып,  ұлтшылдық  деген 
пікірлер  пайда  болады.  Сондықтан  да,  осындай  пікір  болмас  үшін    қаламызда  түсіндіру 
жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс, яғни көшенің атауын өзгертуде қандай қажеттілік бар 
екенін,  не  үшін  жаңа  атау  ұсынылып  отырғанын  қарапайым  халыққа  нақты,  толық  жауап 
берілуі тиіс. 
Астана  қаласында    1100-ге  жуық  көше  бар  десек,  соның  90-92  пайызы  таза  ұлттық 
атаулар. Сондықтан да Қостанай қаласында көше атауларын толығымен қазақшалау жұмысы 
дегенмен баяу болмақ.  
Қазіргі  кезде  рухани  жаңғыру  ең  өзекті  міндеттердің  бірі  болғандықтан,  қаламыздың 
ономастикалық кеңістігін  кеңейте түсу – біздің алдымызда  тұрған басты міндет.  Халықтың 
келісімінсіз  бет-алды  өзгертіп  жіберуге  тағы  да  болмайды.  Елімізге  еңбегі  сіңген  елеулі 
тұлғалардың есімдерін беру керек. Дегенмен, ономастикада елдімекенге, мектепке, даңғылға, 
көшеге, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына т.с.с. кісі есімдерін беру аса күрделі 
мәселенің  бірі    болып  саналады.  Қостанайда  Рабочая,  Строительная,  Заводская  секілді 

133 
 
ешқандай  мағынасы  жоқ  көшелер  бар.  Оның  үстіне  тарихымызға  мүлде  қатысы  жоқ 
адамдардың есімімен аталған көшелер де толып жатыр.  
  Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Елді мекендегі 
көшелер  мен  алаң  аттары,  ескерткіш  тақталары  ұлттық  рухта халыққа  мәңгілік  патриоттық 
бағдар  беріп  тұруы  қажет.  Нақтылап  айтқанда,  қазақтықтың  иісін  аңқытып  тұрса  дейміз. 
Қаламызда  әлі  де  ономастика  саласындағы  кезек  күттірмес  мәселелердің  бірі  ұмыт  болған 
дәстүрлі  атауларды  жаңғырту,  тарихи  атауларды  қайтару  ісін  жандандыру  қажет.  Мысалы, 
Нариман базарының жанындағы Қазақ көшесі қазіргі заман талабына сай емес екенін, оның 
моральдық тұрғыда ескіргенін айтып кеткен жөн деп есептейміз. Өйткені қазақ елінде, қазақ 
жерінде тұрып Қазақ көшесі деп айту ерсі сияқты.  Осындай көше атауларын өзгертсе деген 
ұсынысымыз да жоқ емес.  
Елбасымыз  биылғы  жылы  жарияланған  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды[3]. Біз 
жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға  сіңген,  бүгінде  тамырымызда 
бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек деп ашық айтқан. Тек енді елдікті 
танытатын, ұлттық рухты асқақтататын шақта не мүлгіп, не шегіншектеп қалмасақ игі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Н.Ə.Назарбаев,  «Өмір өткелдері» 
2.Көшімова  Б.Қазақ  лексикасындағы  бейонимдену  үрдісі.  Филолог,  ғылымд.  кандидаты 
диссер. авторефераты.–Алматы, 2001. 
3.Н.Ə.Назарбаев,  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы.  Егемен  Қазақстан  газеті, 
№4 05.04.2017 ж.  
 
 
АНТРОПОНИМИКА ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ 
 
Серік Ә., Сисеналиев Р., Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше 
жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты. Көкшетау қаласы  
 
Қазіргі  қазақ  қоғамындағы  ерекше  маңызды  сипатқа  ие  болған  ұлттық  мүдделі 
мақсаттың бірі – халық рухын, оның өзегі – мәдениетті жаңғырту. 
Қазақ  тілінде  ұлттың  этникалық  сипатын  айғақтайтын  тілдік  деректер  аз  емес. 
Солардың  бастысының  бірі  -  тарихи  ономастика.  Атап  айтқанда  ру,  тайпа,  ел  тарихын 
зерттеуде  батырлар  жыры,  әртүрлі  сипаттағы  тарихи  шығармалардың  мазмұнындағы 
этнонимдік,  антропонимдік,  топонимдік  атаулардың  ұлт  болмысын  тану  үшін  маңызы  зор. 
Осы  кезге  дейін  ол  деректер  көбіне  поэтикалық  жүйе  шеңберінде  немесе  тарихи-
лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған.  
Тіл  қызметінің  ерекше  бір  саласы  -  ономастика.  Жалқы  есімдердің  жинақтық  атауын 
лингвистикада  ономастика  дейді  де,  оны  зерттейтін  ғылым  ономасиология  деп  аталады. 
Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. 
Ономастика  грек  сөзі  «ономия»  (грек  тілінде  «оnomа»  есім,  ат)  onomastika  -  ат  қою  өнері, 
яғни  атауларды  зерттейтін  ғылыми  сала.  Ономастиканы  (кісі  аттарын,  жер,  су,  ру,  тайпа 
аттары  т.б.)  зерттеудің  теориялық-әдістанымдық  негіздері  мен  тілмен  сабақтастықта 
қарастырылатын  ұлттық  этномәдени,  әлеуметтік  сипатын  анықтаудың  қажеттілігін 
В.В.Радлов,  В.В.Бартольд,  Н.Катанов,  А.Н.Самойлович,  С.Е.Малов,  Н.К.Дмитриев, 
А.Н.Кононов,  Н.А.Баскаков,  Қ.Жұбанов,  І.К.Кеңесбаев,  С.Аманжолов,  Ə.Қайдар, 
Т.Жанұзақов, Ə.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б. 
ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға 
бөлінеді:  топонимика  (жер,  су,  қала  атауларын  зерттейтін  ғылым),  антропонимика  (адам 
аттарын  зерттейтін  ғылым),  этнонимика  (ру,  ел,  халық  аттарын  зерттейтін  ғылым), 

134 
 
зоонимика  (хайуандар  аттары),  гидронимия  (теңіз,өзен,  су,  көл  атауларын  зерттейді)  т.б  
[1.14].  
Түркі  тіл  білімінде  жан-жақты  зерттеліп,  ғылыми  негізі  қаланған  ономастиканың 
күрделі  бір  саласы  –  антропонимика.  Антропонимика  кісі  аттары,  әке  аты  patronim 
(отчество),  фамилиялар,  лақап  аттар  (прозвища),  бүркеншік  аттарды  (псевдонимы) 
зерттейтін ономастиканың бір саласы. 
Сонымен 
бірге 
ономастикалық 
лингвокультуремалардың 
ұлттық 
мәдени 
ерекшеліктерді  танытуда  атқаратын  қызметі  ерекше.  Себебі  ономастика  өзінің  бойына 
лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени 
бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан 
хабар  береді.  Айтылған  мәселе  Т.Жанұзақов,  Қ.Рысбергенова  т.б.  ономаст-ғалымдардың 
еңбектерінде арнайы зерттелген. 
Қазақтың  кең  даласы  –  мәдениет  пен  тіл  бірлігі,  әдет-ғұрып,  салт-сана  тұтастығының 
негізі.  Мысалы,  бұл  қөзқарас  қазақтардың  балаға  ат  қоюында  өзіндік  ерекшеліктерінің  бар 
болмысымен  көрінеді.  Себебі  олар  бұл  рәсімде  ұлт  болмысының  барлық  этномәдени, 
әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.  
Мысалы,  тіл  мен  сөздің  магиялық  күшіне  сенген  олар  әдетте  қарғыстан,  балаларын 
мақтаудан  қорыққан.  Соның  нәтижесінде  Kүшікбай,  Жаманбала,  Салбыр,  Қасым,  Сағал, 
Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар  «көз тимесін»,  «балам аман болсын» 
деген  ырымнан  туған  болуы  керек.  Немесе  дүниеге  келген  балаға  Артықбай,  Несібелі, 
Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген 
мақсат  қойылған.  Ал,  Тілеміс,  Тұрлыбек,  Сағындық,  Есенгелді  лингвокультуремалары  ұл 
куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.  
Антропонимика (кісі аттары) – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы 
мұра.  Антропонимдер  жүйесі  адамдардың  өткендегі  тұрмысын,  қоғамдық-әлеуметтік 
құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың 
кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен 
мағлұмат береді.  
Антропонимдерді  тарихи-этномәдени,  әлеуметтік  тұрғыдан  анықтап,  зерттеу  олардың 
тамырының  көне  түркі  (қыпшақ)  кезеңімен  сабақтасып  қана  қоймай,  түркі  тілдерінің басқа 
халықтарымен  мәдени-тарихи  байланысын,  қарым-қатынасын  да  деректейді.  Сондықтан 
белгілі  ономаст-ғалым  В.А.Никонов  антропонимика  саласының  негізгі  міндеттерін  кезінде 
былай  деп  анықтаған:  «Антропонимия  может  служит  драгоценным  источником,  помогая 
выяснить  былой  этннический  состав  и  миграции  населения  в  прошлом,  датировать, 
локализовать  письменные  памятники  и  т.  д...  Антропонимика  образует  в  языке  особую 
подсистему, разобраться в которой бессильны методы только лингвистики без неразрывного 
единства с этнографией, историей, социологией, правом» [2, 56 б.].   
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы бар 
екені  ономастикада  дәлелденген.  Ал  оның  этномәдени  мәні  ерекше  екенін  жоғарыда  атап 
өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы лингвомәдениеттанымдық, 
этнолингвистикалық, әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюда 
ерте  кездің  өзінен-ақ  ырым  мен  әдет-ғұрыпты  сақтаушылық  болған.  Ал,  ырым  мен  әдет-
ғұрып Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [3,176.]. Мысалы: ұлы жоқ үйлерде 
қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлбосын деп ат қояды. Ондағысы «кейінгі 
бала ұл болса” деген ырым-сенім.  
Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен, әдет-ғұрпы, 
салт-дәстүрімен  тығыз  байланысты.  Ал,  ұлттық  тарих,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  деген 
ұғымдар  мәдениетпен  байланысты.  Мәдениет  дегеніміз  адамдардың  өмірі  мен  іс-әрекетін 
ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан 
көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі.  
Қазақ  есімдерінің  де  өзіне  тән  тарихы,  шығу  пайда  болу  жолы  бар.  Кісі  есімдерінің 
шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Əуелде 

135 
 
ру,  тайпа  аттарының,  содан  кейін  кісі  атттарын  шыққаны  күні  бүгінде  ғылымда  белгілі 
болып отыр.  
К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы 
рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды: 
«Əрбір  рудың  белгілі  бір  есімдері  немесе  бірнеше  ұқсас  есімдері  болады,  ол  есімдермен 
бүкіл  тайпа  ішінде  сол  рудың  өзі  ғана  пайдалана  алады,  ендеше  әрбір  мүшесінің  есімі  де 
оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф.Энгельс [3,47 б.]. Осымен бірге, ертедегі 
рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф.Энгельс: 
«Кейбір  рулардың  аттары  хайуандар  аттарымен  де  аталатын  болған.  Сенеке  тайпасында 
қасқыр,  аю,  тасбақа,  құндыз,  бұғы,  балықшы,  көкқұтан,  бүркіт  деген  сегіз  ру  бар  екен. 
Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді» 
[3,49  б.].  Бұл  хайуандар  аттары  әрі  сол  ру  басының  есімдері  ретінде  жұмсалған.  Кейінгі 
этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.  
Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан 
соң жеті  күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі  аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен 
қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, 
Бектай,  Барыс,  Құтжан,  Темірбек,  Kүнбек  т.б.  Байқап  отырғанымыздай,  бұл  есімдердің 
қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге 
табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, 
Айхан, Айдай, Kүнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, KөлтайБөрібай т.б.  
Профессор  Т.Жанұзақовтың  қазақ  антропонимдер  құрылысының    жаңарып,  көбейе 
түсуіне  әсер  еткен  деп  көрсеткен  әлеуметтік  мәдени  факторының  бірі  ислам  дінінің 
тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ 
даласының түкпір-түкпіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің 
ықпалы  күшті  болып,  тұрмыстық,  қоғамдық  жағдаяттың  барлық  саласына  әсерін  тигізді. 
Антропонимдердің  этномәдени,  әлеуметтік  мәнін,  мазмұнын  сипаттайтын  құжаттық 
қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде мәні ерекше.  
Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы есім сөздер 
антропонимияда  сақталып  отыр.  Мәселен,  Ардақ,  Байсал,  Ораз,  Жора,  Жекен  т.б.  Демек, 
антропонимдер  арқылы  берілетін  ақпаратта    өзіндік  ерекшелік  болады.  Балаға  ат  қою  әр 
халықтың  өзіндік  дүниетанымымен,  салт-дәстүрі  мен  наным-сенімдерімен  тығыз 
байланысты.  Мысалы  қазақ  халқында:  Абзал,  Мақсат,  Нұрлан,  Айгүл,  Азамат,  Айбек, 
Дәулет,  Дархан,  Бексұлтан,  Айнұр,  Күнсұлу,  Гүлім,  Сұлушаш,  Гүлнар,  Назгүл,  Айдана  т.б. 
көптеген  атаулар  игі  мақсатымен  қойылған.  Бұл  атаулардың  астарында  ата-анасының,  ат 
қойған  адамның  баланың  бойында  осы  сөздердің  мағынасында  бар  жақсы  қасиеттері  мол 
азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.  
Кейбір  есімдер  баланың  туған  уақытымен  нақты  жағдайымен  байланысты  қойылады. 
Мәселен:  Наурызбай,  Майгүл,  Маусымжан,  Маусымбай,  Қазанбек,  Қаңтарбай  сияқты 
есімдер баланың туған (уақтысымен) тікелей байланыстырып қойылған. «Наурыз» мейрамы, 
«Жеңіс күні» мерекесі күндері туылған балаларға да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек 
сияқты ат қойлады. Ал Меңгүл, Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы 
бар нышанды балаларға қойылатыны белгілі. 
Қазақ антропонимиясын байытудағы фольклордың орны ерекше. Кейбір фольклорлық 
жалқы  есімдер  жоғары  образдылығымен,  жоғары  дәрежеде  типтене  отырып,  жалпыұлттық 
символдарға айналады. Мысалы: ҚобыландыҚыз Жібек т.б.  
Қазақтың  кең  байтақ  даласы,  оның  әр  тасы  мен  бұлағына  белгілеп  ат  коюы  -  ата-
бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық  дәстүрінің  бірі.  Осы  жер,  су,  тау,  өзен,  қала  аттарын 
зерттейтің ғылым топонимика. Топонимдердің құрамында жеке есімдер мен фамилиялар өте 
көп  кездеседі  Мысалы:  Аякөз,  Жамбыл,  Нияз,  Абай  т.б.  Көптеген  кісі  аттары  мен 
фамилиялардың гидронимиялық (көл,  өзен, су, құдық) аттаулардан жасалған мысалы: орыс 
тілінде  Донской,  Невский,  Азерин,  Прудников,  Волгин  т.б.  қазақ  тілінде;  Еділ,  Есіл,  Ертіс, 
Kөлбай, Ілебай, Kегенбай, Орал т.б. Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығы тек 

136 
 
төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы 
антропонимиялық қордағы үлесі мол болады. Қазақ тіліндегі араб текті есімдер арабтардың 
мәдениетінің,  салт-дәстүрінің  және  дінінің  енуімен  байланысты.  Алланың  көркем  есімдері 
мен  пайғамбарлар  аттарына  байланысты  есімдер:  Аллаберген,  Абдулла,  Али,  Мұқаммет, 
Kәрім т.б.  
Жабайы аңдардың, құстардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Мысалы: 
Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қарақат т.б. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы 
болғандықтан  да  төрт  түлік  малға  байланысты  кісі  есімдері  жиі  кездеседі.  Мысалы: 
Қойшыбай,  Жылқыбек,  Нартай,  Малбағар,  Жылқыайдар,  Ақбота,  Жанбота,  Түйебай, 
Бурабай т.б. [4, 18 б.]. 
Қазақ халқы ерте кезден-ақ аспан жұлдыздарын бір-бірінен ажырата білген, әрі мифтік 
танымға сәйкес табынған. Осымен байланысты аспандағы жұлдыздар сияқты жарық болсын 
деген  мағынада  кісі  есімдері  қойылған:  Шолпан,  Есекқырған,  Үркер  дел  атаған  Табиғат 
құбылысына байланысты атаулары табынып сыйыну нәтижесінде шыққан есімдер мысалы: 
Нұрсұлу, Нұржан, Айсұлу, Күнай, Айжарық т.б. Осы құбылыстың болуына бастама болсын 
деген мағынаға байланысты: Таусоғар, Айтуар, Күнтуар т.б.    
Тарихи қайраткерлердің, хандардың, белгілі ақын-жазушылардың, атақты батырлардың 
есімдері қазақ тілінде қолданыста. Осы әйігілі, беделді тұлғалар сияқты ақылды, парасатты, 
қайраты  болсын  деп  ат  койған.  Шынғысхан,  Махамбет,  Қазыбек,  Сәкен,  Жамбыл  т.б.  Сол 
батырлардың ақылшысы, өмірлік сүйген жарлырының аттарының қыз балаға қояды: Назым, 
Айман, Жібек, Гүлдана т.б.  
Көшпелі  халықтың  тұрмысы  мен  өмір  тіршілігіне  қажет  заттарына  байланысты 
есімдер: Kиізбай, Тоқаш, Сүттібай т.б. Сондай-ақ материалдық игіліктер, үй бұйымдарына 
байланысты қойылған аттар да көп кездеседі. Ертеде байлық негізгі болғандықтан, бала бай
хан,  мырза,  бек,  сұлтан  болсын  деген  мағынада  койылған  аттар:  Баймырза,  Бексұлтан, 
Асылхан, Сұлтанбек т.б.  
Ал  қымбат  металдарға  байланысты  қойылған  аттар  қазақ  халқының  өте  ертеден-ақ 
алтын, күміс, болатпен таныстығын көрсетеді  Қымбат металдардың атаулары, зергелік істер 
мен  шеберлік  өнерге  байланысты  кісі  аттары:  Алтын,  Kүміс,  Моншақ,  Маржан,  Әшекей, 
Сырғабай  т.б.  Қазақтың  дәстүрлі  қару-жараққа  байланысты  кісі  аттары:  Қылыш,  Садақ, 
Айбалта,  Найза  т.б.  Əр  түрлі  ырымға  байланысты  қойылған  аттар.  Бала  сұлу,  көрікті, 
сүйкімді,  бойшаң,  мінезі  ашық,  жомарт  болсын  деп  Жамал,  Сәуле,  Ақылжан,  Жомартбек 
т.б.  Бала  тұрақтасын,  көз  тимей  өлімнен  аман  болсын,  өмір  жасы  ұзақ  болса  екен  деген 
мағынадағы аттар: Тұрар, Өмірзақ, Жанұзақ, Мыңжасар т.б.  Көптен баласы болмай жүрген 
отбасында  немесе  көп  бала  болсын  деген  тілекпен қойылатын  есімдер:  Қуандық,  Сағынды, 
Тілепберген, Сүйіндік, Жалғас, Ілес, Ұлас т.б.       
Ру,  ел,  халық,  ұлт  атаулары  негізінде  жасалған  есімдер:  Дулат,  Ноғай,  Арғынбай, 
Қырғызбай  т.б.  Қазақ  есімдерінің  біразы  көрші  туыстас  халықтар  аттарының    да  жасалып 
отырған.  Олар:  Орысбай,  Ойрат,  т.б.  Адамға  бұлайша  ат  қоюдың  басты  себебі  –  қазақ 
халқының аты аталып отырған халықтармен ұзақ ғасырлар мәдени байланыс, қарым-қатынас 
жасап, достық, туыстық ынтымақта болғанында. 
Халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезендегі 
саяси  ұстанымы  да  көрініс  тапқан  адам  аттарының  қатысымен  жасалған  антропонимдерде 
қандай  да  тарихи  оқиғаның,  құбылыстың,  жағдайдың  болмыс  бейнесі  көрініп  тұрады. 
Сондықтанда  болса  керек,  діни  наным  сенім  берік  орныққан  Оңтүстік  аймақтағы  елді 
мекендер  мен  жер  су,  өзен,  көл,  құдық,  т.б.  атауларында  мифтік  бейнелер,  пірлер  мен 
әулиелер,  тарихи  тұлғалар  есімдері  жиі  кездеседі.  Қоғамдық  орта,  әлеумет  өмірінің  оқиға, 
өзгерістері  тілдік  деректермен  таңбаланып,  топонимияда  өз  ізін  қалдырып  отырған.  Осы 
орайда  аймақтағы  елді  мекен,  жер  су  атауларының  негізі  ер  адамдардың  есімдермен 
аталатынын айту керек. Мысалы: Амангелді, Лесбек батыр, Қазыбек, Қабанбай, Рысқұл т.б. 
ауылдар.  Осы  заңдылықтың  өзі  қоғамдық  ортада  ер  адамдардың  орны  ерекше,  салмақты 
істердің ер азаматтың мойында  екенін көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау, ардақтау. 

137 
 
Ресейдің  отаршылық  саясатының  салдарынан  Кеңестік  кезенде  аймақтағы  елді  мекен, 
атаулары  терең  өзгерістерге  ұшырап,  орыс  тілді  атаулар  көбейді.  Мысалы:  Түркістан 
ауданында  Пушкин,  Чапаев,  Максим  Горький,  Сарыағаш  ауданында  Дмитрев,  Стаханов, 
Горький,  Карл  Маркс,  ауылдары,  Мақтаарал  ауданында  Гагарин,  Жданов  Киров,  Чкалов, 
Чехов ауылдары, Отырар ауданында Ильич ауылы, Түлкібас ауданында Мичурин ауылы т.б. 
Осындай  жағдай  тек  Оңтүстік  Қазақстан  топонимдеріне  ғана  тән  емес,  басқа  да  орталық, 
солтүстік, батыс облыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсіздігінің арқасында ежелгі атаулар 
қайтарыла басталады. Бұл қоғамдық әлеуметтік факторлардыңатаулардағы көрініс сонымен 
бірге  оңтүстік  Қазахстан  аймағының  топонимдік  жүйесінде  халықтың  ежелден  берігі  діни 
нанымы,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрі,  әулие  әмбиелердің  есімдері  географиялық  атауларда 
кеңінен  орын  алып  отырған.  Оңтүстік  Қазахстан  облысында  зерттеу  жүргізген  ғалым 
Қ.Рысбергенова  аймақ  агиотопонимдердің  сипаттауда  және  топтастыруда  ертедегі  ислам 
қайраткерлерінің  есімдеріне  байланысты  қалыптасқан  баба,  ата,  ана,  әулие  этномаркерлі 
топонимдерге немесе никронимдер: Әзірет Сұлтан, Баба Ата немесе Ысқақ баба, Ибрагим 
Ата, Қарашаш Ана, Гауһар Ана, Қара Бура, Ақ баба, Әулие Ата, Укаш Ата әулие, ата баба, 
аналардың әруағына табынудың іздері болған [1, 18 б.].  
Сондай  мәдени-әлеуметтік  таңбаның  тағы  бір  саласы  –  қазақ  тіліндегі  эпонимдік 
есімдер.  Ғылыми  әдебиеттерде  «эпоним  деген  сөз  біреуге  өз  есімін  беретін    деген  мағына 
береді»  деп  анықталады.  Басқаша  айтқанда  эпоним  -  басқа  оним  жасауға  себеп  болатын 
атақты адам есімі. Эпонимдік есімдер тобына ғылым, әдебиет, өнер, саясат қайраткерлерінің 
есімдерімен қатар ғылым тарихында алғаш жаңалықтар ашқан адамдар есімдері де жатады. 
Мысалы, Бөкетов, Машанов, Сәтпаев, Менделеев т.б.  
Сонымен,  антропонимдер  -  әртүрлі  ұлттық  ассоциацияларға  меңзейтін  ұлттық 
символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, мәдени 
архетиптердің  тілдік  бейнеде  сақталған  этнотаңбасы  екенін  көрсетеді.  Антропонимдер, 
соның  ішінде  этноантропонимдер  -  тарихи-этникалық,  лингвомәдени,  әлеуметтанымдық 
тарихи этникалық дереккөз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет