Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


8

222
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящую тему текста. 
1) Мен өнерді сүйемін
2) Әнші болу – арманым
3) Маған әншілік ұнайды
4) Менің сүйікті әндерім
6-мәтін
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы 
мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. 
"Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек", - дейді ғалымдар мен 
биологтар. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену – әрбір адамның басты міндеті. 
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау 
–  адамдардың  өз  қолында.  Денсаулықтың  нашарлауына  көңіл-күйдің  де  әсер 
ететіні белгілі. 
Денсаулықты қалай сақтау керек? Аурудың алдын алу шараларына не жатады? 
Осы сұрақтарға жауап беру – валеологияның міндеті. Валеология – денсаулық 
және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.
Адам – жердегі табиғаттың асқақ туындысы. Адам – күрделі және нәзік жүйе. 
Алайда табиғат қазынасы игілігін көру үшін адам дені сау әлеуетті және ақылды 
болуы тиіс. 
Қазақ  халқының  денсаулық  туралы  мақал-мәтелдерінен  мысалдар  келтіре 
кетелік. 
мысалы:
1. Ауырып ем іздегенше,
    Ауырмайтын жол ізде.
2. Денсаулық ғанибет,
    Сырқаулығы болмаса.
3. Миға көнген дене азбас.
4. Жарлының байлығы,
    Денінің саулығы.
Ақылды  адамдардың  дені  сау,  бақытты  болатын  реті  бар.  Өйткені  олар  әр 
нәрсені ақылға салып, көзін, тетігін, кемістігін таба біледі, болжайды, мақсатына 
жете  алады.  Орынсыз  ешнәрсеге  ұрынбайды.  Олар  аурулардың  қауіптілігінен, 
зиянды әдеттерден сақтанады. Өз бойында бар күш-қуатты ауруға қарсы орынды 
жұмсай алады, ерік күші бар. 
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны табыңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
1) Денсаулықты жас кезден күту керек.
2) Әрбір адамның денсаулығын күту – оның өз қолында. 
3) Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді біліп жүрген пайдалы.
4) Адамның денсаулығы оның баға жетпес байлығы болып табылады.
9
10

223
қОС
ым
ША
л
АР
Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящую тему для 1-го абзаца. 
1) Денсаулықты күту
2) Денсаулық – зор байлық
3) Денсаулықты сақтау жолдары
4) Денсаулықты күту – әркімнің өз міндеті 
7-мәтін
Ұлттық атауларда үлкен мән бар
Ел  еңсесін  көтеріп,  рухын  асқақтататын  мәдени  құндылықтардың  бірі  әрі 
бірегейі  –  ұлттық  атаулар.  Қазақ  халқының  ежелден  қалыптасқан  ұлттық 
ономастикалық  жүйесі  бар.  Егер  тереңірек  ойлап  қарасақ,  ономастикалық 
атаулар – осы жердің иесі қазақ екенін білдірумен қатар, тіл тәуелсіздігін де  
жалпақ  жұртқа  паш  ететін  ұлттық  дүние.  Ұлттық  дүние  бір  ұлтқа  тиесілі 
болғанымен,  ол  жалпыадамзаттық  құндылық.  Мысалы,  Отырар,  Тараз, 
Түркістан, Арал, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Астана атауларында қаншама 
тарих,  терең  сыр,  мән-маңыз,  мағына  жатыр  десеңізші.  Ежелгі  әрі  жаңа 
Қазақстанды  бүкіл  әлем  осы  қазақи  ұлттық  атаулар  арқылы  танып  келеді. 
Шынында,  қазақтың  терең  мағыналы  бір  сөзі  арқылы  тіліңді,  жеріңді,  еліңді, 
мәдениетің  мен  тарихыңды  дүниежүзі  танып  жатса,  одан  артық  қандай 
идеология керек?!
Алда  қабылданатын  2011-2020  жылдарға  арналған  Тілдерді  қолдану  мен 
дамыту бағдарламасында осы үрдіс жалғасын тауып жатса, құба-құп. Жалпы, 
туған  өлкеміздегі  жер-су,  елді  мекен  атауларын  қалпына  келтіру  –  тарихи 
әділеттілікті  орнату  деген  сөз.  Елімізде  ономастика  мәселесіне  үлкен  мән 
беріледі. Республика бойынша бүгінгі таңда бір мыңнан астам елді мекеннің 
атауы  өзгертілді.  Бұндай  көрсеткішке  зиялы  қауым  мен  түрлі  қоғамдық 
бірлестіктердің  және  жергілікті  ономастика  комиссиялары  тарапынан  ұзақ 
жылдар  бойы  тынымсыз  жүргізілген  жүйелі  жұмыстың  нәтижесінде  қол 
жеткізілді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.
Вставьте нужные слова вместо многоточия.
1. Ұлттық атауларда үлкен ... бар 2. Республика бойынша бүгінгі таңда 
бір мыңнан астам елді мекеннің … өзгертілді. 3. Қазақ халқының ежелден 
қалыптасқан ұлттық ономастикалық … бар. 4. Ұлттық ... бір ұлтқа тиесілі 
болғанымен, ол жалпыадамзаттық құндылық. 
қажетті сөздер: дүние, мән, атауы, жүйесі
Ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін іріктеп, мәтін түйіндісін құрастырыңыз.
Составьте резюме текста, отобрав нужные слова и словосочетания. 
Ономастикалық жүйе, ұлттық атаулар, үлкен мән, ел, үрдіс, қауым
Ұсынылған сөйлемдер арасынан мәтінге басқаша тақырып бола алатын 
сөйлемді табыңыз.
Из данных предложений найдите предложение, которое могло бы быть 
заголовком текста.
1. Ұлттық атаулар – мәдени құндылықтардың бірі. 2. Тілдерді қолдану мен 
дамыту бағдарламасы. 3. Зиялы қауым мен түрлі қоғамдық бірлестіктер.
11
12
13
14

224
Мәтінге сәйкес сөздерді орнына қойыңыз.
Вставьте нужные слова в соответствии с текстом. 
жалпыадамзаттық       қауым
ономастикалық 
     асқақтататын
жаңа                            қолдану
Тілдерді 
               Қазақстан
зиялы                           құндылық
қол                            жеткізілді
рухын                           жүйе
Жақшаның ішіндегі сөздерді дұрыс формасында пайдаланып, сөйлем 
құрастырыңыз.
Составьте предложение, используя слова в скобках в правильной форме. 
Қазақ  (халқы)  ежелден  қалыптасқан  ұлттық  ономастикалық  (жүйе)  бар. 
Респубулика  бойынша  бүгінгі  (таң)  бір  мыңнан  астам  елді  мекеннің  (атау) 
өзгертілді. Туған өлкеміздегі жер-су, елді мекен (атаулары) қалпына келтіру – 
тарихи (әділеттілік) орнату деген сөз.
15
16

225
қОС
ым
ША
л
АР
Жазылым бөлігінің қосымшасы
Приложение к блоку Письмо
4
1
Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз, бұл кісілер Сізге кім болады?
Напишите ответы на следующие вопросы, ответье на вопрос «Кто эти люди?»
Бұлар кімдер?
1. Ағаларыңның жұбайлары Сізге кім болады?
2. Әпкелеріңнің күйеулері ше?
3. Шешеңнің туыстары ше ?
4. Шешеңнің сіңлісінің балалары кім болады?
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз.
Составьте предложение, правильно расположив данные слова и словосочетания.
1. Көк жайлау төрі/ кілемдей құлпыра/ өрнектелген/ бұрқыраған/ бұлақтармен. 
2. Жетелейді/ адам көңілін/ еріксіз шаттандырып/ көрікті ойға/ байытады/сезіміңді 
оятып/ жан дүниеңді.
3. Төзімсіз жанның/ өзін, әсемдікке тәнті етеді/ селт еткізіп.
4. Өмірдің мәнін/ әсем табиғаттың құдіреті арқылы/ ғашық боласың/ сезініп. 
5. Табиғат-Ана/ өз анаңдай/ елжірейді. 
өз бетінше мазмұндама жазуға арналған мазмұндама мәтіндері
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ  −  қазақтың  ұлттық  ойыны.  Оны  қырғыз,  қарақалпақтар  да 
ойнайды.  Тоғызқұмалақты  кейде  «қойшының  алгебрасы»  дейді.  Өйткені  бұл 
ойынды алғаш рет ойлап тапқан − қойшы.
Тоғызқұмалақ  бұрын  қойдың  құмалағымен  ойналған.  Жерден  тоғыз-тоғыздан 
шұңқыр, бір-бірден қазан қазып алып, әрқайсысы сексен бірден құмалақ алған. 
Оны  қойшылар  жүрелеп  не  малдас  құрып  отырып  ойнайды  екен.  Бара-бара 
ойын  қазақ  арасына  тарап,  ұлттық  ойынға  айналды.  Әншіл,  сауықшыл  қазақ 
халқы адамның ой-өрісін кеңітетін, ойша есептеуге төселдіретін, ұстамдылыққа, 
тапқырлыққа баулитын бұл тамаша ойынға бос уақытын бөліп, ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізген.  Тоғызқұмалақ  ойыны  қазір  арнаулы  тақтада  бұршақпен  ойналатын 
болған.
Бұл  −  ойын  нағыз  есеп  ойыны.  Мұнда  есепке  жүйрік  адам  ғана  жеңеді. 
Тоғызқұмалақ,  шахмат  сияқты,  тапқырлықты,  қиялдауды  қажет  етеді.  Өткен 
позицияны не бір-екі жүрістен қандай позиция болатынын есте сақтау, бағдарлау 
тек шебер, тәжірибелі, ауызша есепке жүйрік адамның ғана қолынан келеді.
Тапсырма:
1. Жоспар құрыңыз.
2. Тақырыпты ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
3. Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
2

226
мерейің үстем болсын, Астана!
Біз  бүгін  Астананың  ажарына  қарап  қуанамыз.  Кеудемізді  мақтаныш  сезімі 
билейді.  Осыдан  небәрі  бір  мүшел  бұрын  Арқа  төсінде  осындай  зәулім 
қаланың  бой  көтеретініне  кім  сенді  дейсіз.  Арман  болатын  ол.  Бірақ,  бүгін  сол 
арман  ақиқатқа  айналып  отыр.  Қанатын  құлаштай  сермеген  Астанаға  бүгін 
әлемдік қауымдастықтың өзі қызыға, қызғана қарайды. Небәрі оншақты жылда 
ертегідегідей  әсем  қала  тұрғызу  қалай  мүмкін  болды  деп  таңданады,  таңдай 
қағады олар. 
Иә, Астана – Елбасының ерлігі. Астана – Елбасының өрлігі. Мұны бүкіл Қазақ 
елі  біледі,  түсінеді,  түйсінеді.  Жаңа  қаланы  тұрғызудың  қандай  қиын  болғанын 
да сезеді халық. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек болатын. 
Құрылыс  саламын  деп  балғаң  мен  қайлаңды  сайлау  үшін  ыстық  қайрат  пен 
қайтпас қайсарлық қажет еді. Алып жүректі ұлды қазақ анасы туған екен. Ол – 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қайратты ұл өз халқын қашанда қияға 
бастайды. Кезінде “осындай қиын шақта қазаққа жаңа астананың керегі қанша?” 
деп  көлгірсіп,  кері  тартқандар  бүгін  төмен  қарайды,  жанарымен  жер  шұқиды. 
Астана барда Қазақ елі бар. Астана – қазақтың жүрегі. Қазақстан ұлан-байтақ. 
Оның солтүстігінде әлі қыс қаһары қайта қоймаса, оңтүстігінде дән сеуіп жатады. 
Ал  осы  алып  елдің  ниетін  Астананың  үстінде  ұстау,  ең  алдымен,  халықтың 
Елбасына деген ыстық ықыласына, Елбасының төл перзенті саналатын Астанаға 
деген  сүйіспеншілігіне  байланысты  болса,  екіншіден,  мұнда  болып  жатқан  әр 
жаңалықты  жұрттың  назарына  күн  сайын  жеткізіп  тұрған  бұқаралық  ақпарат 
құралдарына,  соның  ішінде  өзіміз  сүйіп  оқитын  “Егемен  Қазақстан”  газетіне 
қатысты екендігін айта аламыз. 
Тапсырма:
1. Жоспар құрыңыз.
2. Тақырыпты ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
3. Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

227
қОС
ым
ША
л
АР
Мазмұндаманы бағалауда жұмыстың мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, 
тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, 
сөйлем  құрылысына,  мәтіннің  стильдік  біртектілігіне,  тіл  шеберлігіне  назар 
аударылады.
Бағалау  өлшемі  негізгі  ой,  тақырып,  фактінің  толық  және  дұрыс  жеткізілуін, 
мазмұндауда  ішкі  мәтіндік  байланысты  (суреттеу,  әңгімелеу,  ой-толғау)  қолдану 
біліктілігін, қолданылған тілдік құралдардың қазақ тілінің бүгінгі күнгі талаптарына 
(дұрыс жаза білуі, тыныс белгілері, лексика, грамматика) сәйкестігін қамтиды.
1. Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құруға жоғары балл – 5, яғни жалпы көрсеткіштің 
10%-ы.
2. Жоспарға сәйкес мазмұндама жазуға берілетін жоғары балл – 25, яғни жалпы 
көрсеткішінің 50%-ы.
3.  Мазмұндамадағы  мәселеге  байланысты  берілген  сұрақтар  негізінде  өз  ойын 
жазуға ең жоғары балл – 20, яғни жалпы жоғары көрсеткіштің 40%-ы.
Жазбаша жұмыстарды 
бағалау межелері
межелері
белгілеу 
үшін
жоспар құру дағдысы
толыққанды, жүйелі жоспар құрылған
5
жақсы жоспар құрылған
4
жоспар толық құрылмаған
3
жоспар тақырыпқа сай емес
2
дұрыс құрылмаған
1
мазмұндама жазуды бағалау
ойы жүйелі баяндалған
5
әдеби тілмен жазылған, бірақ ойын баяндауда біраз дәлсіздіктер бар
4
материалды баяндауы дұрыс, бірақ жекелеген фактілік дәлсіздіктер бар
3
баяндау желісі бұзылған
2
көптеген фактілер бұрмаланған
1
әдеби материалды дұрыс түсінген
5
оны тақырып ашуда пайдаланған
4
мазмұны тақырыпқа сай
3
тақырыптан ауытқыған
2
тақырыпқа сай емес
1
тақырып ашылмаған
0
сөздік қоры мол, әдеби тіл стилінде жазылған
5
қажетті қорытындылар мен түйіндеулер дұрыс жасалған
4
сөздік қоры жұтаң, сөйлем құрылысы бір үлгіде, біркелкі, сөйлемдер қысқа
3
сөздік қоры өте жұтаң, сөйлемдер арасында байланыс жоқ
2
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі ауысқан
1
мазмұндама бір стильде толық баяндалған, төл сөздер енгізілген
5

228
стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан түрлі
4
стиль бірлігі сақталмаған
3
стильдік біркелкілік сақталмаған
2
әртүрлі стильдерде жазылған
1
ешбір қатесі жоқ немесе 1 емлелік қатесі, тыныс белгісінен 1 қатесі бар
5
емле және тыныс белгісінен екі-екіден қате бар
4
емле және тыныс белгісінен 4-5 қате немесе 3 емле, 5 тыныс белгісінен қатесі 
бар
3
емле мен тыныс белгісінен 6-10-ға дейін қате кеткен
2
емле мен тыныс белгісінен қателер саны 10-15 
1
мазмұндамадағы сұрақтарға жауапты бағалау
құрмалас сөйлемдер бір стильде толық баяндалған, төл сөздер арқылы 
құрылған
10
жай сөйлемдерден тұрады, стиль бірлігі сақталған, сөйлем құрылысы алуан 
түрлі
7-8
толымсыз сөйлемдерден тұрады, стиль бірлігі сақталмаған
5-6
сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібі дұрыс емес, стильдік біркелкілік 
сақталмаған 
3-4
сөйлемдегі сөздердің байланысы дұрыс емес
1-2
өздігінен ой қосып, сөздердің баламаларын, синонимдерді еркін қолданады, 
негізгі ойды қосымша мәліметтер арқылы терең ашады
10
сұрақты дұрыс түсініп, сөйлемде айтылуға тиісті барлық мүшелерді қолданады, 
негізгі ой жақсы беріледі
7-8
сұраққа жалпылама жауап береді, негізгі ойдан жауап алшақ
5-6
сұраққа жауап толық берілмейді, жауап сәйкес келмейді
3-4
сұрақ пен жауап байланысы жоқ, мағынасыз жауап жазылған
1-2
Жауап кілттеріндегі ұпай санының сәйкесін тиісті тор көзге қойып, өз біліміңізді 
бағалауыңызға болады.

229
қОС
ым
ША
л
АР
Тыңдалым бөлігі. Аудиожазбалардың мәтіндері 
мен тест тапсырмаларының дұрыс жауап кілттері
блок Аудирование. Тексты аудиозаписей и ключи 
правильных ответов тестовых заданий 
Алдын ала тест бойынша аудиожазба мәтіндері 
 
                    Тексты аудиозаписей предварительного теста 
1-диалог
– Мақпал, 2005 жылы Юрмалада өткен халықаралық жас орындаушылар байқауының 
жеңімпазысың. Балалар өзіңнің туған жерің, отбасың туралы білгісі келеді. 
– Мен бұрынғы Талдықорған облысы, Жаркент қаласында дүниеге келдім. Алдымда 
аға, апам бар. Әкем – суретші, анам – колледжде педагог-психолог. Үйде менен басқа 
ешкім ән айтпайды.
– Қандай әндерді айтқанды ұнатасың?
– Лирикалық әндерді ұнатамын. Өмір туралы, адамдық абзал қасиеттер туралы асқақ 
рухты әндер кездессе, тіпті жақсы.
«Жұлдыздар отбасы» журналынан
2-диалог
– Хайуанаттар бағында бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай қандай іс-
шаралар өтеді?
–  5  маусымда,  яғни  қоршаған  ортаны  қорғау  күнінде,  ата-аналар  мен  балаларға, 
саябақты тамашалаушыларға арналған мерекелік кездесу өткізіледі. Түрлі танымдық 
байқаулар, ойындар ұйымдастырылады.
– Жаз айларында балаларға қандай жеңілдіктер бар?
– Бес жасқа дейінгі балаларға баққа кіру тегін, бес-он екі жастағыларға жүз теңге, он 
үш жастан жоғары – төрт жүз теңге.
– Қандай хайуанаттар бар?
– Зообақта 475 түрлі, жалпы саны 5 мыңдай хайуанат бар. Әсіресе, сақалтай, тазқара, 
су бүркіті, дала бүркіті, қаршыға қырғи сияқты жыртқыш құстармен әлемге танымал. 
Қазақстанда тіршілік ететін құлан, арқар, қабылан сынды хайуанаттар да бар. Бұлардың 
көбі Қызыл Кітапқа енген.
3-диалог
– Жарас аға, мына жарнаманы көрдіңіз бе? Газеттің әдеби сын бөліміне шақырады. 
– Қандай талаптары бар екен? 
– Үміткердің жоғары білімі, үш жыл басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі болу керек.
–  Менің  жоғары  білімім,  педагогикалық  тәжірибем  бар.  Бірақ  басшылық  қызметте 
тәжірибем жоқ.
– Әрі компьютерлік білімі болуы керек екен. Сіз компьютерді жақсы меңгергенсіз. Әрі 
ұйымдастыру  қабілетіңіз  де  жоғары.  Мемлекеттік  тілді  жақсы  білесіз.  Түйіндемеңізді 
тапсырып көрсеңізші!
– Кеңесіңе рақмет, Тоғжан!
4-диалог
– Райхан, мынау «подснежник» пе, қарашы?
– Иә, мұны қазақша «бәйшешек» дейді. Бәйшешек – қазақтың жаңа жылында гүлдейтін 
гүлдердің бірі. Хош иісі мұрын жаратын бәйшешекті жазда таппайсың. Ол тек көктемде 
ғана  шығады.  Қазіргі  уақытта  бәйшешектің  біраз  түрлері  «Қызыл  кітапқа»  енгізілген. 
5

230
Жылда қар еріп, күн жылына бастағанда дала алуан түске боялады. Біз бәйшешек пен 
жауқазын тереміз. 
– Жауқазын деген қандай гүл?
– Жауқазын наурыз айында шығады. Ол сары және қызыл түсті болады. Жауқазынның 
да көптеген түрлері қорғауға мұқтаж. Ол, әсіресе, Тянь-Шань беткейінде көп өседі.
5-диалог
– Елена, сізді ел ақын ретінде таныған. Әнші болуыңызға не себеп болды?
– Мен бала күнімнен ән салғанмын. «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе  ғашықпын», 
«Сыр  елі»  сияқты  әндерімді  сахнада  алғаш  орындаған  өзім  болатынмын.  1993  жылы 
Алматыда жас композиторлардың «Үкілі үміт» байқауында өз әндерімді орындап, лауреат 
атандым.
– Әсерлі әндер жазасыз. Бірер әніңіздің жазылуы туралы айтсаңыз.
– Әндерімнің бәрі – өзімнің тағдырым. Мен де адам баласымын. Біреуді жақсы көрем, 
ғашық  болам.  Ең  бастысы,  елім  мен  жерімді,  Отанымды  қатты  сүйемін.  Бір  әнімнің 
жазылу тарихын айтып берейін. Студент шағымда, 1990 жылы жазғы демалыс кезінде 
Мұқағалидың,  Жұмекеннің,  Фаризаның,  Төлегеннің  кітаптарын  қолымнан  тастамай, 
жаттап жүретін едім. Бірде Мұқағалидың кітабынан «Нұр жауып тұрған көктемде» деп 
басталатын  өлеңі  көзіме  түсті.  Бұған  дейін  талай  рет  оқыған  өлең  қатты  әсер  етті. 
Домбырамды қолыма алып, ән қылып айта бастадым. Бірнеше минут ішінде осылай ән 
туды. Бұл – Мұқағали өлеңдерінің құдіреті. Егер өлең соншалықты әсерлі болмаса, мен 
ондай ән жаза алмас едім.
«Жұлдыздар отбасы» журналынан
6-диалог
–  Жеміс-жидектерде  болатын  дәрумендер  туралы  айтып  беріңізші!  Оларды  қалай 
пайдаланған жөн?
– Жалпы барлық көкөністер мен жеміс-жидектерде түрлі дәрумендер болатыны белгілі. 
Жеміс-жидектерді қабығымен, шикі күйінде жеу керек. Жемістің қабығында дәрумендер 
көп болады. Күнделікті тұрмыста жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек. Себебі жеміс-
жидектерде  түрлі  зиянкестерге,  микробтарға  қарсы  себілген  улы  химикаттар  болады. 
Ал  шіріген  жеміс-жидектерді  мүлдем  жеуге  болмайды.  Бұзылған  кез  келген  бақша 
дақылының бойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол жемістің шіріген жерін 
алып тастағанмен, жойылмайды. Ол бауыр мен жүректі зақымдап, қатерлі ісік ауруына 
себеп болады.
– Құрамында дәрумендер болумен қатар, жеміс-жидектердің емдік қасиеттері де бар 
ма?
–  Әрине!  Мысалы,  жүзімнің  шырынын  жинап,  күніне  бір  шай  қасықпен  үш  рет  ішсе, 
бауырды жазады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр ауруын емдеп, қан қысымын төмендетеді. 
Буынға суық тигенде, қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзімнің қатерлі ісіктен қорғау қасиеті 
бар, сонымен бірге қан азаю сырқатын да емдейді.
– Жылдың барлық мезгілінде қолданатын сәбіздің қандай қасиеттері бар? 
– Сәбіз тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауруды жояды.
Ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Сәбіздің шырыны 
жүрек ауруына ем.
– Қазір көктем мезгілі. Қалай тамақтанған дұрыс?
– Әрбір төрт сағат сайын тамақтанып, ұйқыға жатар алдында жеміс жидек жеген жөн. 
– Кеңесіңізге рақмет!
«Парасат» журналынан

231
қОС
ым
ША
л
АР
1-мәтін
Би – дау-жанжалға билік айтушы адам. Би халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы 
білген. Сөз таласында шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен дараланатын 
ел ішінде белгілі жан болған.
Билер билік шығару, ол биліктердің орындалу әдістерін белгілеуде тең құқықтарын 
пайдаланған. Олар Кіші, Орта және Ішкі Ордалар хандарының кеңес құрамына кіріп, 
хандар саясатына елеулі ықпал жасаған. Ел ішінде «Билер соты» деген кеңес өкіметінің 
алғашқы жылдарына дейін болды.
Қазақтың  тұңғыш  биі  атанған  Майқы  би  –  ұлттық  шешендік  өнеріміздің  атасы. 
Халқымыздың аңыз-әңгімелері бойынша Майқы би әділ бітім айтып, шешім шығарған 
парасатты, ақылды би болған. Майқы – халқына адал болып, бейбіт өмірді жақтаған 
адам. «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген халық даналығы осыдан 
шыққан. Ел аузында Семей жеріндегі Шыңғыстауда Шыңғыс ханды ақ киізге көтеріп хан 
сайлағанда Майқы би батасын берген деген аңыз да бар. Ел мүддесі, мемлекеттік бірлік 
пен береке туралы Майқы би өз толғамдарымен ұрпаққа өшпес өсиет сөз қалдырды. 
Майқы би айтқан ой талай-талай ғасырлардан бері қазақ халқының, түркі жұртының 
дәстүрлі қағидасы, аталы сөзі болып келеді.
Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған Майқы 
бимен  бір  атадан  тараған  Қойылдыр,  Мекре  есімді  туыстарының  осы  халықтардың 
арасына барып, сіңісіп кетуімен себеп болса керек.
2-мәтін
Түркі  жұртының  тарихынан  хабар  беретін  көне  жазба  –  Бехистун  жазбасы.  Жарты 
әлемді билеген сақ ханшайымы, қолбасшысы Тұмар (Томирис) ханымнан жеңілген Кир 
патшаның кегін қайтару үшін Дари патша (біздің заманымызға дейінгі 522-486 жылдар) 
700 мың әскер жиып, Ұлы далаға аттанады. Жолында тұрғанның бәрін жапырып өтіп, 
Дари патша бұл жорықта жеңіске жетеді. Бірақ Ұлы далаға ішкерілеп енуге қорқады. 
Сақтардың жеңілген тайпасының көсемін байлап-матап өзімен бірге алып кейін шегінеді. 
Жол-жөнекей  Бехистун  құзының  маңына  демалады.  Бехистун  жартасы  қазіргі  Иран 
жерінде орналасқан. Жартас жерден 152 метр биіктікте тұр. Дари патша ұсталарына 
осы жартасқа Ахманидтер әулетінің жеңістері, оның жаулап алған жерлері туралы тасқа 
қашап  жазуды  бұйырады.  Тұтқынға  түскен  патшалардың  да  суреттерін  салдыртады. 
Оның ішінде парсы патшасы Даридің алдында аяқ-қолы байланып, мойындарына тұзақ 
салынған 9 патша және тайпа көсемдері бар. Өзінен жеңілген оныншы патша ретінде 
сақ көсемі Скунханның да суретін салдырған. Жартастағы бұл жазу әлемге «Бехистун 
жазбасы» деген атпен танымал болған. Жазу көне парсы, элам және вавилон тілдерінде 
жазылған. Ол 414 сөйлемнен тұрады. 
Бехистун  жазбасын  ХІХ  ғасырда  ағылшын  ғалымы  Г.К.  Роулинсоно  оқып,  әлемге 
танытқан.  Бұл  жазба  Азия  тарихынан  кең  мағлұмат  беретін  көне  дерек  көзі  болып 
табылатындығымен құнды.

232

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет