Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования


-   аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау;  -



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата28.11.2019
өлшемі4,04 Mb.
#52604
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика»


 
аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау; 
 
координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу; 
 
электрондық  және  иіндік  таразыларды  қолданып,  әртүрлі  денелердің 
массасын анықтау; 
 
динамометр көмегімен өлшеу, ауырлық күшін зерттеу, түрлі денелердің 
созылуын зерттеу; 
 
кез-келген  пішінді  қатынас  ыдыстардағы  бірдей  және  әртүрлі 
сұйықтардың  беттерінің  орналасуын  зерттеу,  атмосфералық  қысымның  бар 
екендігін зерттеу; 
 
жұмыстың мәнін график бойынша анықтау, ауырлық күші мен үйкеліс 
күшінің жұмысын салыстыру, транспорт түрлерінің қуатын бағалау; 
 
үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау; 
 
түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу 
практикалық жұмыстарынан тұрады. 
Физика  пәні  сабақтарында  білім  алушылар  тәжірибелер  өткізіп  қана 
қоймайды, мәліметтерді жинақтайды, жазып алады және талдайды; градиентті 
тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, тәжірибені өткізуге әсер 
ететін  факторларды  анықтайды  және  оны  жақсарту  жолдарын  ұсынады. 
Осының  арқасында,  әрбір  білім  алушы  зерттеу  жолын  жеке  меңгереді  және 
қандай  да  болмасын  физика  заңдылығына  қатысты  қорытынды  жасай  алады. 
«Орындалуға  міндетті  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстар  тізімі» 

14 
 
білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға 
мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.  
7-
сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінің  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасында 10 лабораториялық жұмыс және 22 практикалық 
жұмыс қамтылған.  
7-
сыныпта  оқу  бағдарламасының  келесі  бөлімдері  бойынша  тақырыпты 
оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет: 
-   «7.2.2.8  - 
күштерді  берілген  масштабта  графикалық  түрде  көрсету»  - 
білім  алушыларға  күрделі  емес  есептер  ұсыну  және  әртүрлі  денелердің 
қозғалысының  нақты  мысалында  меңгеру  үшін  «вектор»  бастапқы  ұғымын 
енгізу ұсынылады. 

7.3  «Қатты  денелердің,  сұйықтықтар  мен  газдардың  қысымы» 
бөлімінде  «Торричелли  тәжірибесі»  және  «Атмосфералық  қысым» 
тақырыптары қаралады. 
7-
сыныпта  физиканы  оқыту  математикадан  өтілген  білім  мазмұнымен 
байланысына  негізделеді.  Мұғалім  білім  алушылардың  6-сыныпта 
математиканы  оқығанда  қандай  білім  алғанына,  7-сыныпта  математика 
сабақтарында  нені  қарастыратынына  сүйенеді.  Мұнда  7-сынып  білім 
алушылары  қазірдің  өзінде  координаталық  жазықтық  және  теріс  сандармен, 
әріппен белгілеумен таныс екендігі, формуланы жаза алатыны есте болу керек. 
Олар  бүтін  және  бөлшек  сандармен  әрекеттерді  орындауды  біледі, 
арифметикалық  ортаны  таба  алады,  сызықтық  теңдеулерді  шешеді.  Оқу 
жылының  ішінде  білім  алушылардың  математикалық  дайындығы  екі  белгісізі 
бар  теңдеулер  туралы  білімімен  толықтырылады,  олар  функция ұғымын  және 
оның графикалық көрсетілімін меңгереді. 
Физика  және  химияда:  атом,  молекула,  физикалық  және  химиялық 
құбылыстар,  масса,  дененің  агрегаттық  күйі  тәрізді  көптеген  ортақ  ұғымдар 
зерттеледі.  Осы  шамаларды  және  оларды  қолдану  мен  түсіндіруде  бірдей 
анықтаманы қолдану қажет. 
7-
сыныпта  физиканы  оқыту  кезінде  осы  сыныпта  химиядан  заттың 
құрылысы  жайындағы  ұғымдарды  қалыптастырудың  негізіне  назар  аудару 
қажет.  Заттардың  молекулалық  құрылысы  туралы  ұғымдар  7-сыныпта  физика 
сабақтарында және химиядан да оқытылады  
Физикадан: «Заттың құрылысы туралы ұғымдарды молекулалық деңгейде 
қалыптастыру.  Молекулалардың  қозғалысы.  Дене  температурасының 
молекулалардың  қозғалыс  жылдамдығымен  байланыстылығы.  Молекулалар 
арасындағы  өзара  әрекет»  тақырыбын  оқытылса,  сонымен  қатар  химияда 
«
Заттың  құрылысы  жайындағы  ұғымдарды  атом-молекулалық  деңгейде 
түсіндіру.  Жай  және  күрделі  заттардағы  молекулалар  құрамы.  Физикалық 
құбылыстар кезінде молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде 
бұзылуы.  Молекулалардың  кинетикалық  және  потенциалдық  энергиясы» 
тақырыптары  оқытылады.  Осының  нәтижесінде  білім  алушылар  заттың  атом-
молекулалық құрылымы жөніндегі ұғымдарды терең меңгеретін болады. 
Заттың  құрылысы  туралы  ұғымдарды  қалыптастырудың  жалпы 
шарттарына  төмендегілерді  жатқызуға  болады:  ұғымдық  жүйенің  негізін 

15 
 
құрайтын  қалыптастырылатын  ұғымдарды  таңдау;  ұғымдарды  қалыптастыру 
және  дамыту  үшін  қажетті  оқу  материалының  көлемін  таңдау;  сәйкес  курсты 
оқыту  процесінде  білім  алушыларға  ұғымдарды  қалыптастырудың  және 
дамытудың  кезеңдерін  анықтау;  пәнаралық  байланыстарды  анықтау; 
ұғымдарды тиімді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін таңдау. 
Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара 
пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының 
әсері  туралы  білім  алушылардың  биологиядан  алған  білімдерін  кеңейтуіне 
көмектеседі.  Ол  биологияның  әдістерін  физикамен  байланыстырып 
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.  
8-
сыныпқа арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу  бағдарламасы  берілген  мазмұнның  үш  яғни  «Жылу  физикасы»,  «Электр 
және магнетизм», «Геометриялық оптика» бөлімін қамтиды. 
Оқу  пәнінің  8-сыныптағы  жаңартылған  мазмұндағы  базалық  білім 
мазмұны төмендегідей (4-кесте) бөлінген: 
 
4-
кесте  –  Оқу  пәнінің  8-сыныптағы  жаңартылған  мазмұндағы  базалық  білім 
мазмұны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 

тоқсан 
Жылу 
құбылыстары  

Жылулық 
қозғалыс, броун 
дық қозғалыс, 
диффузия. 

Температура, оны 
өлшеу  тәсілдері, 
температураның 
шкалалары. 

Ішкi  энергия, 
ішкi 
энергияны 
өзгерту тәсiлдерi. 

Жылуөткізгіштік, 
конвекция,  сәуле 
шығару. 

Табиғаттағы және 
техникадағы  жылу 
берілу. 

Жылу  құбылыс 
тарының 
тірі 
ағзалардың 
өмірлеріндегі рөлі. 

Жылу мөлшері. 

Заттың  меншікті 
жылу 
сыйымдылығы. 

Отын энергиясы. 

Отынның меншік 
ті жану жылуы. 
Термодинамика 
негiздерi 

Термодинамиканың 
бiрiншi  заңы,  газдың 
және будың жұмысы. 

Жылу 
процесстерінің 
қайтымсыздығы, 
термодинамиканың 
екінші заңы. 

Жылу 
қозғалтқыштары. 

Жылу 
қозғалтқыштарының 
пайдалы әрекет 
коэффициенті. 

Жылу машиналарын 
пайдаланудағы 
экологиялық 
мәселелер. 
Тұрақты электр тогы  

Электр  тогы,  электр 
тогы көздері. 

Электр  тізбегі  және 
оның құрамды бөліктері, 
ток күшi, кернеу. 
*№ 3-лабораториялық 
жұмыс. «Электр тiзбегiн 
құрастыру және оның 
әртүрлi бөлiктерiндегi 
ток күшiн өлшеу». 
*№ 4-лабораториялық 
жұмыс. «Тiзбек бөлiгi 
үшiн ток күшінің 
кернеуге тәуелділігін 
зерттеу». 

Тiзбек  бөлiгi  үшiн  Ом 
заңы. 

Өткiзгiштiң  электр 
кедергiсi, 
өткiзгiштiң 
меншiктi 
кедергiсi, 
реостат. 
*№  5-лабораториялық 
жұмыс.  «Өткiзгiштердi 
тiзбектей 
қосуды 
зерделеу». 
*№  6-лабораториялық 
жұмыс.  «Өткiзгiштердi 
параллель 
қосуды 
зерделеу». 
Жарық 
құбылыстары 

Жарықтың  түзу 
сызықты 
таралу 
заңы. 

Жарықтың 
шағылуы, шағылу 
заңдары, жазық 
айналар. 

Сфералық 
айналар, сфералық 
айна көмегімен 
кескін алу. 

Жарықтың 
сынуы, жарықтың 
сыну заңы, толық 
ішкі шағылу. 
*№ 
10-
лабораториялық  
жұмыс. 
«Шынының  сыну 
көрсеткiшiн 
анықтау». 

Линзалар, 
линзаның 
оптикалық  күшi, 
жұқа 
линзаның 
формуласы. 

Линзаның 
көмегімен  кескiн 

16 
 
-
№ 
1-
лабораториялық 
жұмыс. 
«Температуралары 
әр  түрлi  суды 
араластырғандағы 
жылу мөлшерлерін 
салыстыру». 

Жылу 
процесстеріндегі 
энергияның 
сақталу 
және 
айналу заңы. 

Өткiзгiштердi тiзбектей 
және параллель қосу. 

Электр 
тогының 
жұмысы мен қуаты. 

Электр 
тогының 
жылулық әсері, Джоуль-
Ленц заңы. 
*  №  7-лабораториялық 
жұмыс. 
«Электр 
тогының  жұмысы  мен 
қуатын анықтау». 

Металдардағы  электр 
кедергісінің температура 
ға  тәуелділігі,  асқын 
өткізгіштік 

Электрқыздырғыш 
құралдар,  кыздыру  шам 
дары,  қысқа  тұйықталу, 
балқымалы 
сақтандырғыштар. 

Электр 
тогының 
химиялық 
әсерi 
(Фарадейдiң заңы). 
алу. 
*№ 
11-
лабораториялық  
жұмыс. 
«Жұқа 
линзаның 
фокустық 
қашықтығын  және 
оптикалық  күшін 
анықтау». 

Көз  -  оптикалық 
жүйе,  көздiң  көру 
кемшіліктері  және 
оларды 
түзету 
әдiстері. 

Оптикалық 
аспаптар. 
Заттың  агрегаттық 
күйлері  

Қатты денелердiң 
балқуы 
және 
қатаюы, 
балқу 
температурасы, 
меншiктi 
балқу 
жылуы. 
*№ 
2-
лабораториялық 
жұмыс.  «Мұздың 
меншiктi 
балқу 
жылуын анықтау». 

Булану  және 
конденсация. 

Қаныққан  және 
қанықпаған булар. 

Қайнау, меншiктi 
булану жылуы. 

Қайнау 
температурасының 
атмосфералық 
қысымға 
байланыстылығын 
анықтау. 
Электростатика 
негіздері  

Денелердің 
электрленуі,  электр 
заряды,  өткізгіштер 
мен диэлектриктер. 

Электр  зарядының 
сақталу 
заңы, 
қозғалмайтын 
зарядтардың 
өзара 
әрекеттесуi, 
Кулон 
заңы, 
элементар 
электр заряды. 

Электр өрiсi, электр 
өрісінің кернеулігі. 

Электр  өрісінің 
потенциалы 
және 
потенциалдар 
айырымы, 
конденсатор. 
Электромагниттік 
құбылыстар 

Тұрақты  магниттер, 
магнит өрiсi. 
*№  8-лабораториялық 
жұмыс. 
«Тұрақты 
магниттiң  қасиеттерiн 
оқып-үйрену 
және 
магнит өрiсiнiң бейнесiн 
алу». 

Тогы 
бар 
түзу 
өткізгіштің магнит өрiсi. 

Тогы  бар  шарғының 
магнит өрiсi. 

Электромагниттер 
және оларды қолдану. 
*№  9-лабораториялық  
жұмыс. «Электрмагниттi 
құрастыру  және  оның 
әсерiн сынау». 

Магнит  өрiсiнiң  тогы 
бар  өткiзгiшке  әрекеті, 
электроқозғалтқыш, 
электр 
өлшеуіш 
құралдар. 
-
Электромагниттiк 
индукция, генераторлар. 
 
 

17 
 
Физикалық  құбылыстар  және  физикалық  шамаларды  өлшеулер  туралы 
алғашқы  мағлұматтарды  білім  алушылар  «Жаратылыстану»  пәнінен  алады.  
«Мен  зерттеу  жүргізушімін»  және  «Табиғат  физикасы»  бөлімдерінен  зерттеу 
жүргізушінің  қандай  қасиеттерге  ие  болу  керектігімен  таныс.  Сондай-ақ,          
7-
сыныпта  «Физика  –  табиғат  туралы  ғылым»  тарауында  қарастырылған 
табиғат  құбылыстарымен  «солардың  ішінде  физикалық  құбылыстарын  біледі. 
Бұларға  қоса  физикалық  шамалар,  шкалалар  құны  және  оларды  өлшеу,  аспап 
шкалалары және аспаптық өлшеу қателерін анықтау сияқты ұғым түсініктерді 
білуге  тиіс.  Білім  алушылар  энергиялардың  түрлерін  ажыратады,  энергияны 
тасымалдау,  сонымен  қатар,  энергияны  үнемдеу  керек  екенін  біледі.  «Жылу 
құбылыстары»  бөлімі  білім  алушылардың  түсінігін  кеңейтеді  және  олар 
алдыңғы қарастырылған процестердегі бақылаулар нәтижесін бөлшектер және 
материяның  кинетикалық  теориясы  негізінде  түсіндіре  алады.  Олар  газ 
күйлерінің  теңдеулерін  және  берілген  бөлім  бойынша  түсініктерді  оқып 
үйренеді,  сонымен  бірге,  температураның  абсолюттік  шкаласын  қарастырады 
[9].  
Сондықтан  8-сыныпқа  арналған  физика  пәнінен  үлгілік  оқу 
бағдарламасында  төменгі  сыныптарда  оқылып  кеткен  осындай  материалдарға 
сүйеніп сабақты түсіндіру қажет. Сондықтан 7-сыныптың физика пәнінде өткен 
оқу  материалдарын  еске  түсіріп  отыру  жүктеледі.  Білім  алушылар  барлық 
материяның  үздіксіз  қозғалыста  болатын  бөлшектерден  тұратыны  туралы 
пікірімен танысады және осы қозғалыс көптеген құбылыстарды түсіндіретінің 
біледі,  мысалы,  газдың  түсіретін  қысымы.  Олар  материалдардың  ішкі 
құрылымын  оқып  үйренеді,  материяны  бақылай  отырып,  оның  моделін 
жасайды, материяның кинетикалық теориясымен танысады, сонымен бірге, оны 
белгілі процестерге қолданатын болады. 
Осы  бөлімде  білім  алушылар:  терең  игеруге  міндетті:  молекула-
кинетикалық  теорияның  негізгі  қағидаларын  дәлелдейтін  мысалдар  келтіру 
және  тәжірибені  сипаттау;  температураны  өлшеуді  жылулық  ұлғаю  негізінде 
сипаттау;  температураны  Цельсий,  Кельвин  шкалаларында  өрнектеу;  дененің 
ішкі  энергиясын  өзгерту  тәсілдерін  сипаттау;  жылу  берілудің  түрлерін 
салыстыру;  техникада  және  тұрмыста  жылу  беру  түрлерінің  қолданылуына 
мысалдар  келтіру;  әртүрлі  температураларда  тірі  ағзалардың  бейімделуіне 
мысалдар  келтіру;  жылу  алмасу  процесі  кезінде  алған  немесе  берген  жылу 
мөлшерін  анықтау;  заттың  меншікті  жылу  сыйымдылығының  мағынасын 
түсіндіру;  отынның  жануы  кезінде  бөлінген  жылу  мөлшерін  анықтау;  жылу 
құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу; тәжірибені 
жүргізуге  әсер  ететін  факторларды  анықтау;  жылулық  тепе-теңдік  теңдеуін 
есептер  шығаруда  қолдану  сияқты  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына 
жауап беретін теориялық тақырыптар мен практикалық мәселелер талданады. 
Заттардың  агрегаттық  күйлері  бөлімшесінің  кейбір  мазмұнымен  білім 
алушылар  7-сыныптан  таныс.  «Қысым»  бөлімінде  қарастырылған  «қатты 
денелердің,  сұйықтар  мен  газдардың  молекулалық  құрылымдары»,  «қысым», 
«қысымның температураға байланысы» сияқты ұғым-түсініктерді біледі.  

18 
 
7-
сынып  физикасындағы  бұндай  пропедевтикалық  ұғым-түсініктермен  қатар, 
басқа  да  оқу  материалдарын  қайталап,  еске  түсіріп  отыру  жүктеледі.  Бұл 
тарауда  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  молекулалық-кинетикалық 
теория  негізінде  қатты  күйден  сұйыққа  және  кері  айналуды  сипаттау;  балқу 
(кристалдану)  кезіндегі  жұтылатын  (бөлінетін)  жылу  мөлшерінің  формуласын 
есептер  шығаруға  қолдану;  заттың  балқу  және  қатаю  процесі  кезіндегі 
температураның  уақытқа  тәуелділік  графигін  талдау;  эксперимент  көмегімен 
мұздың  меншікті  балқу  жылуын  анықтау;  молекулалық-кинетикалық  теория 
негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау; заттың 
булану және конденсация процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік 
графигін талдау; су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау меншікті 
булану  жылуын  анықтау;  қайнау  температурасының  сыртқы  қысымға 
тәуелділігін  түсіндіру  тәрізді  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына  жауап 
беретін теориялық тақырыптар мен практикалық жұмыстар өтіледі[9]. 
Білім  алушылар  7-сыныпта  «Жұмыс  және  қуат.  Механикалық  энергия» 
бөлімінде  қарастырылған  «жұмыс»,  «қуат»,  «механикалық  энергия», 
«кинетикалық  энергия»,  «потенциалдық  энергия»,  «механизмнің  пайдалы 
әрекет  коэффициенті»  сияқты  ұғымдармен  таныс.  7-сынып  физикасындағы 
осындай  ұғымдар  мен  пропедевтикалық  оқу  материалдарын  қайталап,  еске 
түсіріп отыру жүктеледі. 
«
Термодинамика  негiздерi»  бөлімінде
 
білім  алушылар  терең  игеруге 
міндетті:  термодинамиканың  бірінші  заңының  мағынасын  түсіндіру; 
термодинамиканың 
екінші 
заңының 
мағынасын 
түсіндіру; 
жылу 
қозғалтқыштарындағы  энергияның  түрленуін  сипаттау;  іштен  жану 
қозғалтқышының,  бу  турбинасының  жұмыс  істеу  принципін  сипаттау;  жылу 
қозғалтқышының  пайдалы  әрекет  коэффициентін  анықтау;  жылу 
қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну; жылу машиналарының қоршаған 
ортаның  экологиясына  әсерін  бағалау  сияқты  физиканың  бағдарламалық 
мақсаттарына  жауап  беретін  теориялық  тақырыптар  мен  практикалық  зерттеу 
жұмыстары оқытылады. 
Білім  алушылар  7-сыныпта  күнделікті  өмірде  электр  энергиясын 
пайдаланудың бірнеше әдісімен танысады, оларды зерттейді. Бұл бөлімде білім 
алушыларға электр өрісі, магнит өрісі, заряд, ток және потенциалдар айырымы 
сияқты  іргелі  түсініктерді  меңгеру  қажет  болады,  себебі,  олар  ары  қарай  оқу 
үшін (10-сынып) маңызды элементтер. Бұл түсініктер 10-сыныпта электр өрісін 
және электр сыйымдылығын зерттегенде кеңейтіледі. 
Бұл  бөлімде  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  электр  зарядын 
сипаттау;  үйкеліс  және  әсер  (индукция)  арқылы  денені  электрлендіру; 
электрленудің  оң  және  теріс  түріне  мысалдар  келтіру;  электр  зарядының 
сақталу заңын түсіндіру; Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; электр өрісі 
және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру; 
біртекті  электростатикалық  өрістегі  зарядқа  әсер  етуші  күшті  есептеу;  электр 
өрісін  күш  сызықтар  арқылы  кескіндеу;  потенциалдар  айырымының  және 
потенциалдың  физикалық  мағынасын  түсіндіру;  конденсаторлардың 

19 
 
құрылысын  және  қолданылуын  сипаттау  тәрізді  физиканың  бағдарламалық 
мақсаттарына  жауап  беретін  теориялық  тақырыптар  мен  практикалық 
мәселелер талданып қарастырылады. 
«Тұрақты  электр  тогы»  бөлімшесінде  бастауыш  сыныптан  білетін 
ұғымдарды  еске  сала  отырып  білім  алушылардың  білімін  тереңдету 
қарастырады. Аталған бөлімде білім алушылар тұрақты тоқтың заңдарын оқып-
үйренеді.  Ток  күші,  кернеу,  кедергі  ұғымдары  және  олардың  өлшем 
бірліктерімен  танысады.  Өткізгіштерді  жалғаудың  түрлерін  және 
заңдылықтарын  зерттеуді  үйренеді,  электр  тізбегіне  есептеулер  жүргізу 
дағдыларын  дамытады.  Электр  энергиясын  өндіру,  тұтыну  және  үнемдеу 
жолдарына  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  қарастыра  білетіндей  деңгейде 
шығармашылық қабілеттері қалыптасады. 
Осы  бөлімді  білім  алушылар  қарапайым  қалта  шамын  құрастыруды 
зерттеуден  бастайды.  Білім  алушылар  өз  беттерімен  қажетті  құрал-
жабдықтарды  таңдайды  және  зерттеудің  жолдарын  құрастырып,  қарапайым 
тізбектерді құрастырады және тексереді. Тізбек арқылы токтың өтуі және заряд 
арқылы  энергияның  тасымалдануы  үшін  қажетті  электр  тогы  туралы 
түсініктерін  дамытады.  Тізбек  бөлігіне  арналған  Ом  заңы,  электр  қуаты  және 
басқа шамалар арасындағы байланыстарды оқып үйренеді. 
Аталған  бөлімде  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  электр  тогы 
ұғымын  және  электр  тогының  пайда  болу  шарттарын  түсіндіру;  электр 
схемасын  графикалық  бейнелеуде  электр  тізбегі  элементтерінің  шартты 
белгілерін қолдану; кернеудің физикалық мағынасын, өлшем бірлігін түсіндіру; 
электр  тізбегіндегі  ток  күші  мен  кернеуді  анықтау;  тұрақты  температурада 
өткізгіштің  вольт-амперлік  сипаттамасын  графикалық  түрде  бейнелеу  және 
түсіндіру;  эксперименттен  деректерін  жинақтау,  талдау  және  өлшеу  және 
қателіктерін  ескеріп  жазу;  тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңын  есептер  шығаруда 
қолдану;  кедергінің  физикалық  мағынасын,  өлшем  бірлігін  түсіндіру;  есеп 
шығаруда  өткiзгiштiң  меншiктi  кедергiсi  формуласын  қолдану;  өткізгіштерді 
тізбектей  жалғаудың  заңдылықтарын  экспериментте  анықтау;  өткізгіштерді 
параллель  жалғаудың  заңдылықтарын  экспериментте  анықтау;  өткізгіштерді 
тізбектей  және  параллель  жалғауда  тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңын  қолданып, 
электр  тізбектеріне  есептеулер  жүргізу;  жұмыс  және  қуат  формулаларын 
есептер  шығаруда  қолдану;  Джоуль-Ленц  заңын  есептер  шығаруда  қолдану; 
эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; кВт-сағ 
өлшем  бірлігін  қолданып,  электр  энергиясының  құнын  практика  жүзінде 
анықтау;  металл  өткізгіштердегі  электр  тогын  және  оның  кедергісінің 
температураға  тәуелділігін  сипаттау;  қысқа  тұйықталудың  пайда  болу 
себептерін  және  алдын  алу  амалдарын  түсіндіру;  сұйықтардағы  электр  тогын 
сипаттау  тәрізді  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін 
теориялық тақырыптар мен практикалық жұмыстар қарастырылады[9]. 
«Электромагниттік  құбылыстар»  бөлімшесінде  білім  алушылар  терең 
игеруге міндетті: магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит 
өрісін  күш  сызықтары  арқылы  бейнелеу;  магнит  өрісінің  сипаттамаларын 

20 
 
түсіндіру;  тогы  бар  түзу  өткізгіштің  және  соленоидтің  айналасындағы  өріс 
сызықтарының  бағытын  анықтау;  жолақ  магнит  пен  соленоидтың  магнит 
өрістерін  салыстыру;  магнит  өрісінің  тогы  бар  өткізгішке  әсерін  сипаттау; 
электрқозғалтқыштың  және  электр  өлшеуіш  құралдардың  жұмыс  істеу 
принципін  түсіндіру;  электромагниттік  индукция  құбылысын  түсіндіру; 
Қазақстанда  және  дүниежүзінде  электр  энергиясын  өндірудің  мысалдарын 
келтіру  тәрізді  физиканың  бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін 
теориялық  тақырыптар  мен  практикалық  мәселелердің  талдануына  назар 
аударылады. 
«Жарық құбылыстары» бөлімінің ұғымы мен «Жаратылыстану» пәніндегі 
«Мен  зерттеу  жүргізушімін»  және  «Табиғат  физикасы»  тарауларында 
қарастырған.  Білім  алушылар  эксперимент  нәтижесіне  сүйене  отырып,  жарық 
сәулелері  бір  жазықтықта  орналасатындығы  туралы,  түсу  бұрышына  шағылу 
бұрышына тең болатындығы туралы, сонымен қатар жарық бір ортадан екінші 
ортаға  өткенде  жылдамдықтың  өзгеруіне  байланысты  бағытын  өзгертетіні 
туралы қорытынды жасайды.  
Аталған  тарауда  білім  алушылар  терең  игеруге  міндетті:  Күннің  және 
Айдың  тұтылуын  графикалық  бейнелеу;  эксперимент  арқылы  түсу  және 
шағылу  бұрыштарының    тәуелділігін  анықтау;  айналық  және  шашыранды 
шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; жазық айнада дененің кескінін 
алу  және  оны  сипаттау;  дененің  кескінін  алу  үшін  сфералық  айнада  сәуленің 
жолын  салу  және  алынған  кескінді  сипаттау;  жазық  параллель  пластинада 
сәуленің  жолын  салу;  жарықтың  сыну  заңын  пайдаланып  есептер  шығару; 
тәжірибеге  сүйеніп,  толық  ішкі  шағылу  құбылысын  түсіндіру;  экспериментте 
шынының  сыну  көрсеткiшiн  анықтау;  сыну  көрсеткішінің  анықталған  мәнін 
кестелік  мәндермен  салыстыру  және  эксперимент  нәтижесін  бағалау;  жұқа 
линза  формуласын  есептер  шығару  үшін  қолдану;  линзаның  сызықтық  ұлғаю 
формуласын  сандық  және  графиктік  есептер  шығару  үшін  қолдану;  жұқа 
линзада  сәуленің  жолын  салу  және  кескінге  сипаттама  беру;  жұқа  линзаның 
фокустық  қашықтығын  және  оптикалық  күшін  анықтау;  көздің  алыстан 
көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау; қарапайым оптикалық 
құралдарды (перископ және обскура камерасын) құрастыру тәрізді физиканың 
бағдарламалық  мақсаттарына  жауап  беретін  теориялық  тақырыптар  мен 
практикалық зертеулер берілген. 
8-
сыныптың  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламасында  қолданыстағы 
бағдарламамен  салыстырғанда  лабораториялық  жұмыстың  саны  бірдей,  ол 
салыстырмалы кестеде берілген (5-кесте). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет