-
ой мен сананың бірлесе жұмыс атқаруы
-
мәтіннен туатын ойды дұрыс және толық түсіне алуы
-
жазылған таңбалар тізбегін дұрыс ажырата алуы (мысалы, t – уақыт
және температура, U – ішкі энергия және кернеу, Т – температура және период,
Е – энергия және кернеулік,
Мысалы, PISA тапсырмаларында «Айжан жаңа велосипед сатып алды.
Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш
Айжанның велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы орташа
жылдамдықты көрсетеді» деп берілген. Тапсырмада нені сұрап тұрғандығын
түсіну үшін ең алдымен мәтінді толық жете түсініп оқып, талдау жасаған кезде
берілген сауалға жауап беруге болады. Оқылым әрекетін арттыру нәтижесінде
білім алушының қарым-қатынасы жетіледі, білімі артады, ой-санасы баиды, ал
ойлау қабілеті дамыған адамның сөйлеу әрекеті де ерекше болады.
Айтылым – адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге
асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Физикадан оқылған материалды ойына
түйіп, ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып өз сөзімен дәлелді айта алуы.
Бұл әрекет сабақта түсінігін айтуда, жазған ғылыми жобаларын қорғауда қажет
болады.
Мысалы, PISA тапсырмаларында «Шолпан жұлдыздарға қарағанды
ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды.
Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген көптеген
жұлдыздарды көрді [14].
Сұрақ: Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды
көруге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін білім алушының ойлау
58
қабілетінің, яғни логикасының болуы, білім алушы білімінің жан-жақтылығы,
қойылған сұраққа сай тұшымды жауап бере алуы мен сөз саптауына көңіл
бөлінуі шарт.
Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне жазып,
сауатты жеткізе білу. Физикалық тұрғыда – мәтіннің мазмұнын толық түсіне
отырып жазу арқылы пән бойынша теориялық білімнің нық қалыптасуына себі
тиеді, жаза отырып ойдан ой туады. Физика пәнінен әрбір өткен
лабораториялық жұмыстардың қорытындысын жазып үйренсе, пәндік
олимпиадалардың
турында
жасалған
эксперименттік
тапсырманың
қорытындысын ғылыми деректерге сүйене отырып дәлелдеп жаза алады.
Физикалық тақырыпта эссе жаза білуге дағдыланатын болады, бұл өз кезегінде
ғылыми жобаларды жазуда септігін тигізеді.
Мысалы, PISA тапсырмаларында «Төменде 7 аймақтағы тұрғындар саны
мен жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет көрсетілген. Жұмыc күші
ретінде саналмаған адамдардың ішіне балалар, үйдегі ата-аналар және
зейнеткерлер кіреді» [14].
1-
сұрақ.
2010-
жылдың желтоқсан айында қай аймақта жұмыссыз адамдардың ең
көп саны болған?
Аймақтың нөмірі:
2-
сұрақ.
2009 жылғы желтоқсан айында 2 аймақтағы жұмыс күшіндегі
адамдардың жалпы саны қанша болды?
Адамдардың жалпы саны
Бұл тәрізді тапсырмаларды орындауда білім алушыларға түрлі кестелер,
суреттер, жайған физикалық шамалар, формулалар мен өлшем бірліктер,
физикалық ұғымдар беріп сол бойынша жазуға, есептеуге немесе бір-біріне
сәйкестендіріп бірін шешуде екіншісін қолдана алатындай тапсырмалар беруге
болады.
Тыңдалым–есту арқылы түсіну. Физика пәніне білім алушының
тыңдалым әрекетін дамыту арқылы ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай алуға
тыңдалым арқылы алған білімі арқасында өзі ой қорытып жаза алуға, ойын
дәлелдеп айта алуға дағдыландыруға болады
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға
негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 79-қадамдағы негізгі міндеттердің
бірі орта мектептің жоғары сыныптарында және ЖОО-да ағылшын тілінде
білім беруге өту болып табылады. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020
жылдарға арналған Жол картасында білім берудің барлық деңгейлерінде кезең-
кезеңімен енгізу шаралары анықталды. Білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-
2019 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, үш тілде білім беру
эксперименталды мектептердің, НЗМ, БИЛ тәжірибесі негізінде 2019 жылы
басталады.
Көптілді білім беру аясында оқыту әдістемесінің негізі пән мен тілді
кіріктіріп оқыту (CLIL) болып табылады[15].
59
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың
маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ жиі жағдайда төрт сатылы сызбаға
негізделеді:
1. Мәтінді өңдеу. Идеалды мәтін құрамына оқылған материалдың
визуалдылығын қамтамасыз ету үшін иллюстрациялар енуі керек. Шет тілдегі
мәтінмен жұмыс жасауда білім алушыларға мәтінді құрылымдық белгілеуді
(қатарларды, азат жолдарын нөмірлеу, бөлімдерге, шағын тарауларға аталым
беру) жүргізу керек, бұл мәтінмен жүргізілетін жұмысты айтарлықтай
жеңілдетеді.
2. Жете түсіну және алынған білімдерді ұйымдастыру. Көп жағдайда
мәтіндер сызба түрінде беріледі, бұл білім алушыларға мәтіннің идеясын, онда
берілген ақпаратты анықтауға көмектеседі.
3. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Білім алушылар мәтіннің идеясын өзінің жеке
сөзімен жеткізе алатыны күтіледі. Білім алушылар қарапайым тілдік
құралдарын да, сонымен қатар айтарықтай алға басқан түрлерін де қолдана
алады, бұл жағдайда қандай да лексиканы таңдауда нақты градация болмауы
тиіс, дегенмен де, мұғалімнің білім алушылар назарын тақырыбы мен пәні
бойыша сай келетін белгілі лексикалық бірліктерге аударғаны жөн. Оған қоса,
мұғалім өз назарын тек арнайы лексикаға ғана емес, сонымен бірге сабақтың
тақырыбы мен пәнге байланыссыз қажет болатын фразалық етістіктер, тұрақты
сөз тіркестері, салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де
аударуы тиіс.
Тапсырмалар білім алушылардың дайындық деңгейіне, оқыту
міндеттеріне, сонымен қатар білім алушылар талғамына қарай таңдалуы керек.
Тыңдалымға арналған тапсырмалардың мысал тізімі:
−
тыңдап алып, диаграмманы, кестені, картаны және тағы басқа құрыңыз;
−
тыңдап алып, кестені толтырыңыз;
−
тыңдап алып, нақты ақпаратты табыңыз (күні, орны, уақыты);
−
тыңдап алып, азат жолдарын дұрыс тәртібімен орналастырыңыз;
−
тыңдап алып, кімнің сөз алғанын, оқиғаның өткен орнын және тағы
басқа анықтаңыз;
−
тыңдап алып, әрекеттердің орындалу кезегін анықтаңыз (мысалы,
нұқсаулық);
−
тыңдап алып, мәтінде өткізіп жіберген жерлерін толықтырыңыз;
−
мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;
−
өткізілген жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көп жағдайда
сұрақтары бар парақшалар таратылады);
−
нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;
−
сөзді табуды көздейтін ойындар;
−
мәтінге қатысты 20 сұрақ қойыңыз, бұл кезде сұрақтар түрлері
бейнеленген көрнекі сызба болады;
−
жұмыстың визуалды қатарымен бекітілген ауызша тұсаукесері.
60
Толық енуде тұтас сабақ (физика) мақсатты тілде, яғни ағылшын тілінде
жүргізіледі (Қазақстанда кіріктірілген оқытудың ондай нұсқасы тек жоғары
сыныптарда жоспараланады).
Кіріктіріп оқытуды тәжірибесінде қолданып жүрген Астана қаласындағы
№72 мектеп-лицейінің мұғалімі Базарова Альмира Назымқызы әзірлеген қысқа
мерзімді жоспары ұсынылады.
Сабақтың тақырыбы:
Механикалық жұмыс және энергия
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні
Сынып: 9
Қатысқан білім алушылар саны:
Қатыспаған білім алушылар саны:
Сабақ
негізделген
оқу
мақсаттары
9.2.3.5 -
механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен
анықтау;
9.2.3.6 -
жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
Сабақ
нәтижесі:
Білім алушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген
және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа
жауап береді. Мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
жасайды.
Білім алушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе
орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Білім алушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып
бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау
критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында
тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік
құзірет
тілік
Механикалық жұмыс – Механическая работа – Mechanical work
Энергия – Энергия – Energy
Кинетикалық энергия – Кинетическая энергия – Kinetic energy
Потенциалдық энергия – Потенциальная энергия – Potential energy
Ресурстар
Кестедегі мәліметті талдап, өзара байланыстыру (Flow chart),
«Ыстық орындық» орындық әдісі
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика, технология.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарлан
ғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау
түрлері
Басталуы
5 минут
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Білім алушыларға себеттен жұлдыздар
алулары сұралады. Жұлдыздардың түстеріне
қарай 4 топқа бөлініп отырады.
1-
топ «Сары жұлдыздар»
2-
топ «Көк жұлдыздар»
3-
топ «Қызыл жұлдыздар »
4-
топ «Жасыл жұлдыздар »
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
61
Миға шабуыл. Сабақтың тақырыбын ашу.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ.
Бейне үзінді ұсыну (
https://bilimland.kz/kk#lesson=11017
)
Білім алушылар бейне таспаны талдайды. Кітаптағы
тақырыпты оқып отырып, төмендегі мәліметтерді өзара
байланыстырып, тақырыпты ашады.
Үлгі (flow chart):
Тапсырма:
Оқулық,
мәтіндер
Ортасы
10 минут
Қолдану
№1 топ
Массасы 70 кг спортшының жылдамдығы 10 м/с-тен 30 м/с
дейін арттырса, оның кинетикалық энергияның өзгерісін және
механикалық жұмысын анықтаңыз.
№2 топ
Бала ойыншық машинаны F күштің әсерінен S қашықтыққа
Оқулық,қаб
ырғаға
ілінген
ватмандар,
түрлі-түсті
маркерлер.
Жұмыс
Кинетикалық
Потенциалды
қ энергия
Кинетикалық
2
2
ϑ
m
mgh
62
орын ауыстырғандағы жұмысын графиктен
анықтаңдар.
№3 топ.
Массасы 10 кг күшік биіктігі 10 м балконнан
секіріп, биіктігі 2 м контейнердің үстіне түсті. Күшіктің
потенциалдық энергиясының өзгерісі мен атқарылған жұмысын
есептеңіз.
Талдау
№4 топ
«Карусель әдісі»
4-
топтағы білім алушылар А3 форматына сабақтан түйген
ақпараттарын жазады. Бір білім алушы бастайды, оның
жазғанын екіншісі, одан кейін келесі білім алушылар
толықтырып шығады.
Аяқталуы
Сабақты
бекіту
10 минут
Синтез
Графикалық органайзер:
«Балық
қаңқасы»
диаграммасы
Бағалау
5 минут
Кері
байланыс
3 минут
Кері байланыс
пирамида
сы
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары білім алушыларға
тапсырманы күрделендіруді
қалай жоспарлайсыз?
Бағалау
-
Білім
алушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін білім алушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ
туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол
ұяшықтағы
Сіздің
сабағыңыздың тақырыбына сәйкес
63
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білім алушылар туралы менің келесі
сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке
тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзіреттіліктерді қажет етеді. Бұл
құзыреттіліктер білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда,
көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
7-9-
сыныптарға арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы бағдарламасында мыналар қамтылған:
Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті.
-
Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе
білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды
қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті.
-
Физиканың тарихын, әртүрлі физикалық теориялардың дамуын
бағалау. Мысалы, жарық туралы теорияның тарихы: жарық – ол бөлшектер
(фотондар) ағыны әлде толқын, және теориялардың әрқайсысын қолдау үшін
дәлелдерді жинау мен интерпретациялау.
-
Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну. Мысалы,
медициналық диагностика мен сараптау саласында ультрадыбыс пен магнитті-
резонансты томографияны пайдалану немесе азаматтық авиацияның пайда
болуына динамика заңдарының әсерін түсіну.
-
Жобалық жұмысты орындау, презентация мен зерттеулерді жүргізу
арқылы мәдениет пен пікірдің көптігіне құрмет.
-
Тесла (электромагнетизм), Чандрасекхар (космология), Юкава
(бөлшектер физикасы) және Абдус Салам (іргелі өзара әрекет) тәрізді әртүрлі
мәдениет ғалымдарының үлестері зор.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы білім
алушылардың ақпараттық құралдар технологияларын қолдану құзыреттілігін
қалыптастыруға негізделген.
Ақпараттық құралдар технологияларын қолдану
құзыреттілігі білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және
коммуникацияда сенімді және шығармашыл қолдана білуін қамтамасыз етеді.
Бұл құзыреттілік АҚТ – ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.
Білім алушылар өздерінің АКТ – ны қолдану дағдыларын физика пәні оқу
бағдарламасын меңгеру үрдісінде дамытады. Яғни, ақпаратты табу, құру және
онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса
64
отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану
арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Бұл дағдылар «Физика» пәні оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс
табады:
-
АКТ көмегімен интернет ресурстарымен жұмыс істеу. Мысалы, веб-
сайттағы ақпаратты оқып, тиісті материалды таңдайды, көшіреді және оны
жеке құжат немесе файлға сақтап, ақпарат көздеріне сілтемені жасайды.
-
Мәтінмен, кестелермен, диаграмма және слайдтармен жұмыс жасау
үшін MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламасын қолдану. Мысалы,
отыру санына қарай пульстың тәуелділігін көрсету үшін Excel-де кесте мен
диаграмма құру.
-
Ақпаратты баспа және электронды түрде өңдеу мен сақтау үшін
принтерлер, сканерлер немесе санды камера сияқты техниканы пайдалану.
Мысалы, өсімдіктің өсу процессінің фотосуретін жасау, оны принтерде басып
шығару немесе презентация үшін слайдтарға қою.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен білім беру
процессін ұйымдастыру жоғары сапалы ақпараттық-білім беру ортасын
қамтамасыз ету болып табылады (оқу процессін ақпараттық және оқу-
әдістемелік қамтамасыз ету). Заманауи талаптарға сай физика кабинетінде
білім
беру
процессін ұйымдастыру ақпараттық коммуникативтік
технологияны (АКТ) қолдану арқылы жүзеге асуы тиіс.
Сабақта
құрылғылар
жетіспеген
жағдайда,
демонстрациялық
тәжірибелерді виртуалды түрде көрсету жүзеге асырылады.
Сондықтан оқу процессін төмендегідей заманауи талаптарға сай
қамтамасыз етудің негізгі өлшемдері:
1)
ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттық ресурстардың көптүрлілігі
(сонымен қатар электрондық), алынатын ақпараттың толықтығы және
маңыздылығы;
2)
сабақтарда заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды, Интернеттің жергілікті жүйесін, лицензияланған заманауи
бағдарламаларды,
ақпараттық-анықтамалық
жүйелерді,
электрондық
кітапханаларды қолдану;
3)
кітапхана қорын білім алушылар мен мұғалімдерге арналған
оқулықтармен, ғылыми және анықтамалық-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік,
көркем әдебиеттермен, энциклопедиялармен, сөздіктермен, мерзімді баспасөз
құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі білімді ақпараттандыру саласы дамыған қоғамда физиканы
оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында, жаңа ақпараттық технологиялардың
маңызы зор.
Электрондық-білім беру ресурстарының түрлерін классификацияласақ:
1. Тесттік бақылау бағдарламалары. Бұл білім беру саласындағы
электрондық оқу құралдарының ішіндегі көп қолданыстағы түрі, мұнда білім
алушы тесттің жауабын таңдау арқылы жауап береді. Тесттің тапсырмасы
экранда шығады, компьютер білім алушылар жауабын, уақытын тағы басқа
65
белгілеп алады. Соңынан білім алушының алған бағасын (балын) экранда
көрсетеді.
2. Электрондық анықтамалық жүйелер (ЭАЖ). Мұндай жүйелерде
негізінен классикалық энциклопедиялар сақталады. Мысалы, американдық
«Britania», ресейлік «Үлкен советтік энциклопедия», классиктердің
шығармаларының жинағы, техникалық, физикалық анықтамалар тағы басқа
«Физика А-дан Я-ға дейін» библиографиялық анықтамасы, Физикалық
энциклопедия (5-том) тағы басқа
3. Тренажерлар. Бұл бағдарламалар, белгілі бір жүйе бойынша білім
алушыларға тапсырмалар береді, орындалған тапсырманың нәтижесін
қадағалайды. Тренажерлар, үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтауда, белгілі
бір іс-әрекетке дағдыны қалыптастыруда пайдалы.
4. Виртуальдық лабораториялық кешендер. Эксперимент жүргізу немесе
тақырып материалымен танысу, физикалық, математикалық және тағы басқа
ғылымдардың нақты заңдары экрандық «виртуальдық» әлемде орындалады.
Мұның негізгі ерекшелігі білім алушы экранда таңдап алған экспериментті
орындап, уақытты жылдамдатып немесе баяулатып, обьектінің парметрлерін
өзгертіп, параметрлердің мәндерін өлшеп және графикалық бейнесін ала алады.
Виртуальдық лабораториялық кешен (ВЗК) - бағдарламалық-ақпараттық
ортаның тұтастығы болып табылады. Ол оқу әрекетінің көріністерін жүзеге
асыратын, арнайы дайындалған білімнің, белгілі бір құрылыммен жасалған
ақпаратпен тапсырмаларды меңгеру мен бекітуден құралған компьютерлік
бағдарламалар жүйесі[12].
Виртуальдық лабораториялық кешендерді пайдаланып оқытудың
артықшылықтарын атасақ: - білім сапасын арттырып, көптеген оөушыларға бір
мезгілде сабақ жүргізу мүмкіндігі; практикалық және лабораториялық
жұмыстарды орындау барысында алынған білімдер мен дағдылардың біртіндеп
қалыптасуы; практикалық кешендер мен бақылау тапсырмаларын қолданып,
білім деңгейі мен дағдылардың бекітілуі.
Бұл кешендер арқылы кез келген сандық-құрылымдық параметрлерін
өзгерте отырып өлшеу жұмыстарын атқаруға, графиктері мен схемаларды
құрастыруға, талдау жасауға, осциллограммаларын алуға, көруге болады.
Оларды білім алушылар қолданып, өздерінің физикалық білімдерін терең
меңгеруде жүзеге асыруда.
5.
Компьютерлік оқыту ойындары. Бұл білім алушыларға ойын түрінде
білімді меңгеруге мүмкіндік беретін бағдарлама. Физика сабағында
компьютерді әртүрлі оқыту бағдарламаларынан бастап эксперимент барысын
басқаратын, түрлі құралдардағы деректерді жинақтайтын жүйе ретінде
эксперименттерде пайдаланумен аяқталатын, түрлі амалдармен қолдануға
болады.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік
теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар,
сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
Оқытудың компьютерлік құралдарына электрондық оқулықтар,
мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар
66
(супертьюторлар),
кәсіптік
бағдарламалардағы
оқу
тапсырмалары
(профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар
түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар,
коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беретін ортада оқылатын
проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі
болып есептелінеді. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу
экспериментін төмендегідей етіп бөліп қарастырасыз: лабораториялық;
көрсетілім; физикалық практикум; практикалық жұмыстар, есептер, сыныптан
тыс жүргізілетін тәжірибелер.
Демонстрациялық экспериментте компьютердің пайдаланылу мүмкіндігі
күрделі техникалық қиындықтардан тұрмайды, себебі, қазіргі мектептерде
компьютерлер жеткілікті және физика бөлмесінде түрлі электрлік және
электрлік емес көлемдегі құрылғылар бар (температура, жарық, түрлі байланыс
құралдары). Көптеген физика кабинеті интербелсенді тақталармен
жабдықталған (немесе теледидарлық жүйемен), бұл жағдайда компьютермен
жасалатын көрініс (сандар, кестелер, сызбалар мен тағы басқа) кең таралған
монитордан да үлкен экранға шығарылу мүмкіншілігі бар. Компьютерлік
модельдеу физиканы оқыту барысында оқытушының мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Визуальдық лекция: Құбылыстар мен заңдылықтарды оқытудың
техникалық құралдары және аудио-видеотехника көмегімен, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы лекция материалдарын визуальды
формада беру.
Практикумдар–курс тарауы аяқталғаннан кейін білім алушылардың өз
бетімен орындайтын лабораториялық жұмысының кешендісі. Лабораториялық
жұмыстарды білім алушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік
есептер шығарады. Сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі
–
визуалды техникалық оқыту құралдарды қолдану. Аудиовизуалды
техникалық оқыту құралдарын пайдалану білім алушылардың белсенді іс-
әрекетін ұйымдастырып, көлемді әрі тиянақты білім алуына, логикалық ой-
өрісін дамытуға, қабілет-дарынын ашуға жағдай жасайды. Білім алушының
жеке басының кейбір мінез ерекшеліктерінің дамуына да визуалды техникалық
оқыту құралдарының үлкен маңызы бар. Ол білім алушының алдына өз
ұйғарымын айтып, болжам құруға, өз интуициясын дамытып ашуға
итермелейді. Сонымен бірге, визуалды техникалық оқыту құралдары жаңа
материалды білім алушының көрнекі қабылдауына көмектеседі.
Xplorer GLX көмегімен математикалық маятник арқылы еркін түсу үдеуін
анықтауға арналған қысқа мерзімді жоспарды ұсынамыз
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп: № 49 орта мектеп
Күні:
Мұғалімнің
аты-жөні:
Оразбаева
Жамал
Тәкенқызы
Сынып: 9 сынып
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Xplorer GLX көмегімен математикалық
67
маятник арқылы еркін түсу үдеуін
анықтау.
Осы сабақта қол
жеткізілетін
оқу
мақсаттары
(оқу
бағдарламасына
сілтеме)
Xplorer GLX-
2002 мен PS-2103 датчигін қолданып тербелісті тіркеу
жұмысын істеуді үйрену.
Тербеліс үдеуін график арқылы есептеу әдістерімен танысу
Жетістік
критерийлері
Барлық білім алушылар:
GLX, датчик, сенсор, математикалық маятник, штатив құрылғыларын
ретке келтіріп орналастырады және жұмысқа дайындай алады.
Білім алушылардың басым бөлігі:
Қондырғы көмегі арқылы тербелісті тіркеу және көрсету және оның
графигін алу жұмыстарын орындайды.
Кейбір білім алушылар:
Қондырғы көмегімен математикалық маятниктің тербеліс периодын
анықтайды, анықталған период арқылы g еркін түсу үдеуінің мәнін
анықтауды біледі.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Xplorer GLX; датчик, сенсор, математикалық маятник, штатив.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Xplorer GLX-2002, PS-
2103 датчигі, датчик дискісі, батырмамен
ауыстыратын курсорлар, жалпы мәзір.
Құндылықтарды
дарыту
Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы
білім алу құндылықтарына баулу-жұптық жұмыс, сапалық жұмыстар
арқылы іске асырылады
Пәнаралық
байланыстар
Математика, информатика
АКТ
қолдану
дағдылары
Слайдтар, интербелсенді тақта, Xplorer GLX-2002; PS-2103 датчигі,
математикалық маятник, штатив
Бастапқы білім
Тербелмелі қозғалыстар, математикалық және серіппелі маятниктер
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
3 минут
Ой шоғырландыру «Шенбердегі доп» әдісі
Білім алушылар шаттық шеңберіне жиналып
бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп
қолына тиген білім алушы үй тапсырмасы
туралы бір сөйлем айтады.
Тербелмелі қозғалыс деген не?
Тербелмелі қозғалысты қандай құралмен алуға
болады?
Математикалық маятник деген не?
Серіппелі маятник деген не?
Математикалық және серіппелі маятник
периодтары неге тәуелді?
Тербелмелі қозғалысты күнделікті өмірде
қандай жерлерден байқауға болады?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен
Кішкене доп
Тірек сызба
68
таныстыру. Тірек сызба арқылы тербелмелі
қозғалыс тақырыбы түсіндіріледі.
«Түртіп алу» әдісі арқылы
білім алушылар қажетті
ақпаратты
дәптерлеріне
жазып алады.
Кіріспе
Қарапайым математикалық
маятник тірек нүктесіне
бекітілген ұзындығы L
жіпке байланған массасы m денеден тұрады.
Денені тепе-теңдік күйден шығарған кезде, ол
жан-жаққа тербеледі.
L ұзындық және g (9.8 м/с
2
) еркін түсу үдеуі аз
бұрыштарда қарапайым маятниктің периодын
анықтайды.
Тербелісті Xplorer GLX-2002 мен PS-2103
датчигінің көмегімен тіркейміз.
Сабақтың ортасы
5 мин
Тәжірибе арқылы GLX-тің көмегімен
математикалық маятник арқылы еркін түсу
үдеуін анықтау.
Жұптас-топтас-бөліс әдісі бойынша білім
алушылар екі-үштен бірігіп экспериментті
түсініп жасап, қорытындысын жазады.
Құрылғыны ретке келтіру
1. GLX-
тің жоғарғы жағындағы
портқа
PS-2103
датчигін
қосыңыз. Датчиктің жоғарғы
жағына қосқыш диапазонын
«адам» тәртібіне жылжытыңыз.
2. Файл қозғалысты секундына
20 рет (20 Гц)
өлшеуге келтірілген.
3.Штативті тік орнатыңыз. Штитивке маятникке
арналған қысқышты бекітіңіз.
4.Маятникке арналған қысқышқа жіпті бекітіңіз,
екінші ұшына дене байланады.
5. Маятниктің ұзындығын L өлшеп жазыңыз.
6. PS-
2103 датчигін маятниктің жанына
қойыңыз.
7.Датчик дискісі маятнике қарап тұратын және
маятник қозғалысының
траекториясымен бірдей болатындай етіп
датчикті орналастырыңыз
( 3сурет)
8.Маятник диск алдында орталықтандырылған
болатындай қысқышты ретке келтіріңіз.
Xplorer
GLX-2002;
PS-
2103
датчигі,
математикалық
маятник, штатив
T
= 2
π
L
g
69
25 мин
9.PS-
2103 датчигін
маятниктен 25 см
қашықтықта
орналастырыңыз.
Жұмысты орындау тәртібі.
1.
GLX-
ті қосып
, жаңа файлды ашу
үшін «Үй»
батырмасын басыңыз.
Жалпы мәзір
2. Жалпы мәзірден «ОК»-ді
басып
«Файлы»-ды
таңдаймыз да, «Файлы»
басып «Создать файл»-
жолы белсенді болғанда, тағы да бір рет «ОК»-ді
басамыз.
3.Файлға атау беріңіз: «Ок»-
басып,
пернетақтаның көмегімен g деген әріпті теріңіз.
«Үй»
батырмасын басып, Жалпы мәзірге
көшіңіз.
4. Мәліметтерді график түрінде қарастыру
үшін, яғни тербелістің орын ауыстыруының
уақытқа тәуелді графигін қарастыру үшін,
GLX
пен
компьютер
2
СУРЕТ:
ҚҰРЫЛҒЫНЫ
РЕТКЕ
3
СУРЕТ:
СЕНСОР
ЖӘНЕ МАЯТНИК
70
Жалпы
мәзірден
басып графикті
ашыңыз.
График
экранында У
бойынша орын
ауыстыру, ал Х бойынша уақыттың мәнін
алуымыз керек.
5. Маятникті
тепе-теңдік қалыптан шығару үшін дайын
болыңыз. Маятникті бағыттаушы және үлкен
саусақтармен
ұстаңыз,
бірақ
қозғалыс
сенсорына дейінгі арақашықтығы 25 см-ден
аспауы керек.
6. Маятникті 10 см тартып жіберіңіз. Маятник
тербелісі реттелетіндей бес рет тербелсін.
7. Берілгендер жиынын бастау үшін «Пуск»-
басқышын басыңыз.
8. Маятник 12-15 тербеліс өткен соң жазбаны
тоқтату үшін «Пуск»-
басқышын басыңыз.
9. Тербелістердің ең жоғарғы бірінші нүктесін
тауып, оңға ( ) батырмасымен және солға ( )
батырмасымен ауыстыратын курсорлардың
көмегімен «Флаг»-
туды басып белгілеңіз. (
1-
ші тербелістің бастауы).
10. Керекті тербеліс сандарын (4-інші тербеліс,
6-
ыншы тербеліс, 10-ыншы тербеліс) оңға ( )
батырмасын және солға ( ) батырмасын
ауыстыратын курсорлардың көмегімен тауып
келтіріп, «Флаг»-
батырмасын жоғарыда
көрсетілгендей қойып кетіңіз.
11. Курсорды қозғап отырып 1-ші туға апарып,
Сосын -
басқышын басып, «Разность»
«Айырма» құралын таңдаңыз және өз
1
СУРЕТ:
СЫЗБА
71
таңдауыңызды
белсендіру
үшін «ОК»-ді
басасыз
да, курсормен
келесі
белгіленген
туға
апарып,
тербелістер
уақытын
t
анықтап жазып
аласыз.
Х абсциссасы бойынша қарамен боялып тұрған
сан уақытты көрсетеді.
12. g шамасының тұрақты мәнін анықтаймыз
а) Маятник ұзындығын өлшеңіз. l =
б) Периодты есептеңіз. T = t / N =
в) g шамасын анықтаңыз . g = 4π
2
l / T
2
=
13. Кесте сызып толтырыңыз.
№ l , м t , с
T , с
g , м/с
2
∆ g ,
м/с
2
14.Қорытынды жазыңыз
•
Бағалау критерийі білім алушы
GLX-
ті қолданып тербелісті тіркеп және
тербеліс үдеуін график арқылы есептеу
әдістерін үйренді
Дискриптор: білім алушы
-
GLX
пен
PS-2103
датчигін
қосып,құрылғыны ретке келтіре алады;
-
Мәліметтерді график түрінде құрастыра
алады;
-
Тербеліс үдеуін график арқылы есептей
алады.
Қ. «Мадақтау» әдісі бойынша мұғалім
бағалайды.
Сабақтың соңы
2 мин.
Үй тапсырмасы
27-
28 тақырып, сұрақтарғажауап беру, 22-23
жаттығу есептерін шығару.
72
Жаңа материалды түсіндіру сабағында анимациялық-компьютерлік
технологияны қолдану оқытушы мен білім алушыларға талассыз артықшылық
береді. Өйткені аудиовизуалды техникалық оқыту құралы оқытылатын
физикалық процестердің көрнекі түрде есте сақталуына, сондай-ақ тікелей
бақылау кезінде көзге көрінбейтін немесе көрсету жалпы мүмкін емес
құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік бере алады.
Технологияларды пайдаланудағы шектеусіз мүмкіндіктер модельденетін
құбылыстың уақыт бойынша ағымын өзгертуде, оларды нақты өлшемдер
шеңберінде түрлендіріп, эксперимент жүргізу ауқымын кеңейтуде маңызды рөл
атқарады.
Бұл ретте, жұмыс кешенінде қолданылатын барлық әрекеттер төменде
көрсетілгендей бағытталуы тиіс:
−
жоспарлауға үйрету (білім алушылар өз мақсаттары мен міндеттерін
дәл айқындауды, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі кезеңдерін
жазуды, жұмыстың бүкіл уақытында мақсатқа қол жеткізу бойынша өз ойын
шоғырландыруды үйренулері тиіс);
−
ақпараттарды, материалдарды жинау және іріктеу дағдыларын
қалыптастыру (білім алушылар қажетті ақпаратты таңдауды және оны дұрыс
Саралау –білім алушыларға қалай
көбірек
қолдау
көрсетуді
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары білім
алушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау – білім
алушылардың
материалды
меңгеру
деңгейін
қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Жұптық жұмыс кезінде әр баланың
жеке
жұмыс
жасауына
жағдай
жасаймын. АКТ қолдану арқылы білім
алушылардың қызығушылығы артады.
Бағалау сабақтың
соңында
мұғалім
бағалайды.
«Мадақтау» әдісін
қолдандым..
Қозғалыс сергіту сәтінде
ғана емес, бүкіл сабақ
бойында
қолданылады.
Тәжірибе
кезінде
қауіпсіздік
ережесі
ескертілді.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары
дұрыс
қойылған
ба?
Білім
алушылардың барлығы ОМ қол
жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар
болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру
үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ
бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
Сабақ
барысында
сынып
туралы
немесе
жекелеген
білім
алушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
73
пайдалануды үйренуі тиіс);
−
осы немесе басқа жұмыстардың нәтижелерін талдау ептілігін дамыту;
−
оқу мақсаты бойынша (білім алушы жобаны көпшілікке көрсете білуді,
тапсырманың мәтінін құруды, мәтінді техникалық тұрғыда редакциялауды,
библиографиялық тізімді сауатты ресімдеуді үйренуі тиіс) өз бетінше жүргізген
жұмысы туралы жазбаша есеп жасау ептілігін дамыту;
−
жұмысқа позитивті қатынасын қалыптастыру (білім алушы
бастамашыл, ынталы болуға үйренуі тиіс, жұмыстың бекітілген жоспары мен
кестесіне сәйкес өз ісін мерзімінде орындауға тырысуы қажет).
Білім алушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында жоба жұмысы ұсынылады. Жоба жұмысы топтық немесе жеке
болуы мүмкін[17].
Жылына бір рет, бекітілген кезеңде ғылыми конференция өткізіп, онда
жобалардың көрсетілімі өткізіп және жобалардың байқауын ұйымдастыруға
болады.
Мектеп білім алушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының
нәтижесін жақсарту және физика пәнінен білім сапасын арттыру мақсатында
физика сабағында меңгерген білім, біліктілігін тәжірибеде және күнделiктi
өмiрде пайдалана білуге негізделген практикаға бағдарланған тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады.
Бұл тапсырмаларды әзiрлеу және қолдану кезінде PISA, TIMSS
халықаралық салыстырмалы зерттеулердiң тапсырмаларының жүйесіне
негіздеу керек. Осы тұрғыда мұғалімдерге көмек ретінде «PISA, TIMSS
зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми
жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту», «PISA-2015 халықаралық зерттеуге
дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету»
әдістемелік құралы әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған
(www.nao.kz
). Бұл әдістемелік құралда PISA, TIMSS зерттеулерінің
тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану
сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген. Білім
алушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығының қалыптастыратын
Академия әзірлеген басқада әдістемелік құралдарды ұсынамыз[15,17].
Сонымен қарастырылған «Физика» пәнін оқытуды ұйымдастырудың
формалары мен әдістері білім берудің практикалық бағытын күшейтіп, білім
алушылардың ойлау қызметін дамытып және шығармашылық, ізденушілік,
зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.
|