5-
кесте. 8-сыныптың лабораториялық жұмыстың салыстырмасы
Қолданыстағы оқу бағдарламасындағы
лабораториялық жұмыс
Жаңартылған
мазмұндағы
оқу
бағдарламасындағы лабораториялық жұмыс
Температуралары
әртүрлi
суды
араластырып жылу мөлшерін салыстыру
«Температуралары
әр
түрлi
суды
араластырғандағы
жылу
мөлшерлерін
салыстыру»
Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау
«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»
21
Ауаның ылғалдылығын анықтау
«Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi
бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу»
Электр тiзбегiн құрастыру және оның
әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу
«Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге
тәуелділігін зерттеу»
Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру
«Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»
Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель
қосуды зерделеу
«Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»
Электр тогының жұмысы мен қуатын
анықтау
«Электр тогының жұмысы мен қуатын
анықтау»
Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-
үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу
«Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену
және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»
Электрмагниттi құрастыру және оның
әсерiн сынау
«Электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн
сынау
Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау
«Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау
Линзаның көмегiмен кескiн алу
«Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және
оптикалық күшін анықтау»
8-
сыныптың лабораториялық жұмысында № 3 лабораториялық жұмыс
«Ауаның ылғалдылығын анықтау» алынып тасталып оның орнына № 6
лабораториялық жұмыс «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды
зерделеу» екіге бөлініп № 5 лабораториялық жұмыс ««Өткiзгiштердi тiзбектей
қосуды зерделеу»және № 6 лабораториялық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель
қосуды зерделеу» берілген.
Оқу бағдарламасы төмендегідей практикалық жұмыстан тұрады:
-
денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу
мөлшерін есептеу, заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау, заттың
агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу, жылу мөлшерінің
дене массасына тәуелділігін зерттеу, жылу мөлшерінің қыздыру
температурасына тәуелділігін зерттеу, әртүрлі отынның жану тиімділігін
бағалау;
-
заттың фазалық ауысу графигін зерттеу, мұздың балқу
температурасын зерттеу, булану жылдамдығының әртүрлі факторларға
тәуелділігін зерттеу;
-
ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу, жылулық
тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу;
-
бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке
жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу, электроскопты
жасау;
-
тізбектегі ток күшін өлшеу, тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу, өткізгіш
кедергісінің материал тегіне тәуелділігі, қыздыру шамының қуаты мен
жұмысын өлшеу, тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу, параллель
қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу;
-
су компасын (құбылнамасын) жасау, магнит өрісінің түрлі
материалдар арқылы өтуін зеттеу, түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін
зерттеу, үйкеліс арқылы магниттеу, магниттің қасиетіне температураның әсері;
-
қарапайым перископты жасау, калейдоскопты жасау, жазық айнадағы
кескінді зерттеу, ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің
22
жүрісі, жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі, көз
бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру.
8-
сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасында 10 лабораториялық жұмыс және 32 практикалық
жұмыс қамтылған.
Оқу пәнінің 9-сыныптағы жаңартылған мазмұндағы базалық білім
мазмұны төмендегідей (6-кесте) бөлінген.
6-
кесте – Пәннің 9-сыныптағы жаңартылған мазмұндағы базалық білім
мазмұны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
Кинематика
негіздері
-
Механикалық
қозғалыс.
-
Векторлар және
оларға амалдар
қолдану.
-
Вектордың
координаталар
осьтеріндегі
проекциялары.
-
Түзу сызықты
теңайнымалы
қозғалыс, үдеу.
-
Түзу сызықты
теңайнымалы
қозғалыс кезіндегі
жылдамдық және
орын ауыстыру.
*№ 1-
лабораториялық
жұмыс. «Теңүдемелі
қозғалыс кезiндегi
дененiң үдеуiн
анықтау».
-
Дененiң еркiн
түсуi, еркiн түсу
үдеуi.
*№ 2-
лабораториялық
жұмыс.
«Горизонталь
лақтырылған дененің
қозғалысын
зерделеу».
-
Қисық сызықты
қозғалыс
материялық нүктенiң
Динамика негіздері
-
Ньютонның бiрiншi
заңы, инерциялық
санақ жүйелерi.
-
Механикадағы
күштер.
-
Ньютонның екiншi
заңы, масса.
-
Ньютонның үшінші
заңы.
-
Бүкiләлемдiк
тартылыс заңы.
-
Дененің салмағы,
салмақсыздық.
-
Денелердiң
ауырлық күшiнiң
әрекетiнен қозғалуы.
-
Жердің жасанды
серіктерінің
қозғалысы.
Сақталу заңдары
-
Дене импульсі
және күш импульсі.
-
Импульстің сақталу
заңы.
-
Реактивтi қозғалыс.
-
Механикалық
жұмыс және энергия.
-
Энергияның
сақталу және айналу
заңы.
Атом құрылысы.
Атомдық
құбылыстар
-
Жылулық сәуле
шығару.
-
Жарық кванттары
туралы Планк
гипотезасы.
-
Фотоэффект
құбылысы.
-
Рентген сәулелері.
-
Радиоактив
тілік.
-
Радиоактив
ті сәулеленудің
табиғаты.
-
Резерфорд
тәжірибесі, атомның
құрамы
23
шеңбер бойымен
бiрқалыпты
қозғалысы.
-
Сызықтық және
бұрыштық
жылдамдықтар.
-
Центрге тартқыш
үдеу.
Астрономия
негіздері
-
Жұлдызды аспан.
-
Аспан сферасы,
аспан
координаталарының
жүйесі.
-
Әртүрлі
географиялық
ендіктегі аспан
шырақтарының
көрінерлік
қозғалысы,
жергілікті, белдеулік
және бүкіләлемдік
уақыт.
-
Күн жүйесіндегі
ғаламшарлардың
қозғалыс заңдары.
Күн жүйесі денесіне
дейінгі ара
қашықтықты
параллакс әдісімен
анықтау.
Тербелістер және
толқындар
-
Тербелмелі
қозғалыс.
-
Тербелістер
кезіндегі энергияның
түрленуі.
-
Тербелмелі
қозғалыстың теңдеуі.
-
Математикалық
және серіппелі
маятниктердің
тербелістері.
*№ 3-
лабораториялық
жұмыс.
«Математикалық
маятниктің
көмегімен еркін түсу
үдеуін анықтау».
-
Еркін және еріксіз
тербелістер,
резонанс.
-
Еркін
электромагнитік
тербелістер.
-
Толқындық
қозғалыс
*№4-
лабораториялық
жұмыс. «Беттік
толқындардың
таралу
жылдамдығын
анықтау».
-
Дыбыс, дыбыстың
сипаттамалары,
акустикалық
резонанс, жаңғырық.
-
Электромагниттік
толқындар.
-
Электромагниттік
толқындар шкаласы.
Атом ядросы
-
Ядролық өзара
әрекеттесу, ядролық
күштер.
-
Массалар ақауы,
атом ядросының
байланыс энергиясы.
-
Ядролық
реакциялар.
-
Радиоактивті
ыдырау заңы.
-
Ауыр ядролардың
бөлінуі, тізбекті
ядролық реакция.
-
Ядролық
реакторлар.
-
Термоядролық
реакциялар.
-
Радиоизотоптар,
радиациядан
қорғану.
-
Элементар
бөлшектер.
Әлемнің қазіргі
24
физикалық бейнесі
-
Физика және
астрономияның
дүниетанымдық
маңызы.
-
Экологиялық
мәдениет.
9-
сыныптың жаңартылған мазмұндағы бағдарламасы «Кинематика
негіздері» бөлімімен басталады. Бөлімді оқытудың негізгі мақсаты –
классикалық механика заңдары негізінде материя қозғалысының қарапайым
түрі – механикалық қозғалысты оқытып-үйрету.
Дененің немесе материялық нүктенің қозғалысын зерделеу – уақыт
өтуімен оның орны қалай өзгеретінін білу деген сөз. Демек, мұндағы негізгі
міндет – дененің кез келген уакыт мезетіндегі орнын табу.
Бөлімдегі барлық мәселелерді біріктіретін басты идея – санақ жүйесінің
рөлін айқындайтын, қозғалыстың салыстырмалылық идеясы. Осы идеяға сәйкес
қозғалыс сипаты туралы кез келген тұжырым, дене қозғалысы қарастырылып
отырған санақ жүйесін көрсеткен кезде ғана мағыналы болады.
Дене әртүрлі траекторияның бойымен жылдам немесе баяу қозғала
отырып, түрлі механикалық қозғалыстар жасай алады. Мұндай механикалық
қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар арасындағы байланысты
тағайындау механиканың кинематика негіздері деп аталатын бөлімінде
қарастырылады. Мұнда білім алушылар орын ауыстыру, жылдамдық және
үдеу, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру, координата және
жылдамдық теңдеулері, дене шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалған кездегі
центрге тартқыш үдеу мен сызықтық жылдамдықтың формулалары және тағы
сол сияқты мәселелермен танысады.
Бөлімді оқытудағы негізгі міндет түзу сызықты бірқалыпты, түзу
сызықты теңүдемелі және қисық сызықты қозғалыстар кезіндегі дененің кез
келген санақ жүйесіне қатысты координаталары мен орын ауыстыруын табу
тәсілдерін білім алушылардың игеруі болып табылады.
Қисық сызықты қозғалысты қарастырғанда білім алушылар қисық
сызықты қозғалыс туралы жалпы түсінік алады және дененің шеңбер бойымен
бірқалыпты қозғалысын неғұрлым тереңірек оқып үйренеді. Мұнда білім
алушылар қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын негізгі ұғымдар: бұрыштық
және сызықтық жылдамдықтармен, центрге тартқыш үдеумен танысады.
«
Динамика негіздері» бөлімін зерделеудегі негізгі мақсаты – білім
алушылардың Ньютон заңдарының жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Теорияның негізін денелердің қозғалысын бақылау және Галилей, Ньютон
эксперименттері құрайды. Теорияның салдары ретінде қолданбалы мәселелер
және заңдарды типтік есептерді шығаруға қолдану қарастырылады.
«Динамика заңдары» тарауында оқылатын Ньютонның қозғалыс заңдары
классикалық механиканың негізгі заңдары болып табылады. И. Ньютон бұрын
соңды болмаған механикалық қозғалыстың қатаң теориясын және Жерде де,
25
Күн жүйесінде де болып жататын барлық механикалық құбылыстарды
түсіндіруге мүмкіндік беретін динамика заңдарын (Ньютонның үш заңын және
бүкіләлемдік тартылыс заңын) тұжырымдады.
Ньютон заңдары барлық дерлік аспан денелерінің, ғарыш
зымырандарының, жасанды cepiктердің, алуан түрлі көліктің және тағы басқада
қозғалысын түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл зандардың үлкен
дүниетанымдық, практикалық және тәрбиелік мәні бар. Сондықтан бұл
тақырыпты қарастыруға мектепте елеулі көңіл бөлінеді.
Тақырып білім алушылардың игеруіне қиындау, сондықтан динамика
мәселелерін баяндауға мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан қарауын талап
етеді.
Динамика заңдарын оқытуға қатысты мәселелермен білім алушылар
кинематика бөлімінде танысқан болатын. Мұнда санақ жүйесі, қозғалыстың
салыстырмалылығы жөніндегі идеялар әpi қарай дамытылады. Білім алушылар
Ньютон зандарының анықтамаларын дұрыс айтқандарымен, көп ретте олардың
мағынасын дұрыс түсіне бермейді. Білім алушылардың заңдарды құрғақ жаттап
алуы, әcipece, зерделенген теориялық материалды дұрыс қолдануды талап
ететін сұрактарға жауап беру кезінде байқалады.
«Сақталу заңдары» бөлімін оқығанда жаратылыстану ғылымында
сақталу заңдарының маңыздылығын анықтайтын
импульстің сақталу заңы
мен энергияның сақталу заңына тоқталады. Бұл заңдар кеңiстiк пен уақыттың
қасиеттерiне байланысты (энергияның сақталу заңы уақыттың бiртектiлiгiне,
импульстың сақталу заңы – кеңiстiктiң бiртектiлiгiне байланысты).
Импульстің сақталу заңы мен энергияның сақталу заңы салыстырмалық
теориясында, кванттық механикада және макро және микроәлемде жүзеге
асады.
Импульстің сақталу заңын оқытқан кезде жаңа физикалық ұғымдардың
қатары артып отырады. Барлық бөлiмдi оқу үшін кейбiр ұғымдарды меңгерту
өте маңызды.
Сондықтан есеп шығарудың нақты жолдарын қарастырған кезде
физикалық жүйеде денелердің қалай қозғалатынын және оларға сыртқы
күштердің қалай әсер ететінін білу өте маңызды. Егер денеге күштер әсер
етпесе (оны елемеуге болады), онда импульстің сақталу заңы қолданылады,
егер сыртқы күштер әсер етсе, онда жүйеге әсер ететін күштердің
импульсiнің қосындысы жүйедегі импульстің өзгерiсiнің қосындысына тең.
Егер импульстің сақталу заңы санақ жүйесiнің бiрімен салыстырған
қозғалыста орындалса, ол бiрiншi бiр қалыпты және түзу сызықты
салыстырмалы қозғалыста, салыстырмалы кез келген басқа санақ жүйесiнде
де орындалады. Импульстің сақталу заңы кез келген инерциалды санақ
жүйесiнде жүзеге асады.
Кванттық физика элементтері бойынша оқытылатын оқу материалының
көлемі жыл сайын көбейіп, артып келеді. Бұл жағдай оқу материалын қандай
дидактикалық принциптер: оңайдан қиын материалға көшіп отыру, теориялық
талдау негізінде, өмірмен байланыстылығы тұрғыда, эксперименттік дәлелдеу
және тағы сол негізінде баяндауды таңдап алу ісін қиындатуда.
26
Бағдарламада ғылыми-теориялық және техникалық жаңалықтардың қалай
ашылғандығы, атомдық физика туралы ілімнің дамыған кезеңдері, оның
эксперименттік дәлелдері мен қарама-қайшылықтары хронологиялық ретпен
орын-орнымен айқын айшықталады
«Атом құрылысы» бөлімі көп оқу материалдарын қысқа уақыт ішінде
баяндауды қажет етеді. Сондықтан сабақта ол материалдардың ең негізгілері
ғана білім алушыларға түсінікті етіп баяндалуы тиіс. Атомдық және ядролық
құбылыстардың барлығына егжей-тегжейлі тоқтала беруге мүмкіндік
болмайтындығын мұғалім ескеруі керек. Сондай-ақ, курс бойынша оқу
материалын білім алушылардың меңгеруі химиямен пәнаралық байланыстың
жүйелі жүргізілуіне және физика мен химияда өтілген тақырыптарды олардың
дұрыс түсінгендігіне тікелей байланысты екендігін ұдайы ескеру қажет.
Ядродағы физикалық құбылыстарды білім алушыларға түсіндірудің бір
қиыншылығы – олар көзге көрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын
құбылыстар. Оларды эксперименттік тұрғыда сабақта түсіндіруге де қажетті
демонстрациялық не лабораториялық приборлар жоқтың қасы әрі жасау да
оңай емес. Сондықтан ядролық физика туралы бірқатар кинофильмдерді,
электронды лобараторияларды, бейне материалдарды сабақта тиімді пайдалану
өте қажет. Атом және атом ядросы тақырыбында негізгі мәселелер жүйесін
түсіндіруде ең алдымен, атом құрылысының күрделі екендігіне білім
алушылардың көзін жеткізу керек. Ол үшін радиоактивтілік құбылысын
қарастыруға болады. Радиоактивтілік – кейбір заттардың өзінше сәуле шығару
қасиеті екендігі түсіндіріледі. Оның шындық факт екендігі радиоактивті
элементтің ионизациялау, жылу және химиялық әсерлері арқылы дәлелденеді.
Яғни радиоактивті сәулелердің жәрдемімен зарядталған электроскоптың
ионизациялануы, ыдыстағы судың жылынуы, фотопластинкадағы кескіннің
өңделіп байқалуы баяндалады. Ендеше, радиоактивті құбылысты атомның
ішінде өтетін процестің нәтижесі деп түсіндіруге болады. Бұдан, атом күрделі
бөлшек, оның құрылысы қандай, ол өзі қандай бөлшектерден тұрады? - деген
заңды сұрақ туындайды.
Көрсетілген сұраққа жауап ретінде Резерфордтың іргелі тәжірибесі
түсіндіріледі. Атомның ядродан және электроннан құралатындығы дәлелденеді.
Теориялық тұрғыдан ол Резерфорд және Бор модельдері арқылы айқындала
түседі.
Атомдық және ядролық физиканы оқыту барысында пәнаралық
байланыстарды жүзеге асырудың да маңызы зор. Жалпы пәнаралық
байланысты жүзеге асуы келесі мақсаттарды көздейді:
-
жаратылыстану ғылымдарының диалектикалық бірлігі негізінде табиғат
туралы бірыңғай көзқарасты қалыптастыру;
-
оқу пәнінде ғылымдардың жалпы жүйесіндегі орнын түсіну; білімнің
жүйелілігін қамтамасыз ету;
-
білім алушылардың білімін жүйелеу – табиғаттың негізгі заңдарының
жалпылығы туралы түсінікті орнықтыру;
-
құбылыстардың, ұғымдардың, теориялардың, әлемнің ғылыми бейнелері
арасындағы жан-жақты байланыстарды білім алушылардың орнықтыра алу
27
біліктілігін қалыптастыру;
-
пәнаралық байланыстың теориялық және практикалық білімді дамытуға
және тереңдетуге себептесетін эвристикалық принцип ретінде түсінілуін
қамтамасыз ету;
-
оқыту процесінде пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы әлем
дамуын әлемнің бірлігімен байланысты қарастыру.
Атомдық және ядролық құбылыстарға байланысты тақырыптар бойынша
материалды игеру жарықтың биологиялық әсері, фотосинтез, рентген
сәулелерінің клеткаға тигізетін мутациялық әсері, ультракүлгін сәулелер мен
инфрақызыл сәулелердің тірі организмдерге тигізетін әсері туралы биологиядан
(7-
сынып) алған білімге, элементтердің периодтық жүйесі, изотоптар және атом
ядросының құрылысы туралы химиядан (7-сынып) алған білімдеріне сүйену
арқылы іске асады.
9-
сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламада қолданыстағы
бағдарламамен лабораториялық жұмыстың саны бірдей, өзгеріс жоқ.
Салыстырмасы кестеде берілген (7-кесте).
7-
кесте. 9-сыныптың лабораториялық жұмыстың салыстырмасы
Типтік оқу бағдарламасы)
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
Бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң
үдеуiн анықтау
«Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң
үдеуiн анықтау»
Горизонталь
лақтырылған
дененің
қозғалысын зерделеу
«Горизонталь
лақтырылған
дененің
қозғалысын зерделеу»
Математикалық маятниктің көмегімен еркін
түсу үдеуін анықтау
«Математикалық маятниктің көмегімен еркін
түсу үдеуін анықтау»
Беттік толқындардың таралу жылдамдығын
анықтау
«Беттік толқындардың таралу жылдамдығын
анықтау»
9-
сыныпта орындалатын практикалық жұмыстар:
-
қозғалыстың салыстырмалылығы, денелердің қозғалысын сипаттау
тәсілдері;
-
күшті өлшеудің практикалық тәсілдері, жердің ауырлық өрісіндегі дене
қозғалысының параметрлерін есептеу, дененің еркін түсу үдеуін өлшеу;
-
әртүрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу, еркін және еріксіз
тербелістерді зерттеу, толқындардың сипаттамасын зерттеу, ұялы телефонның
жұмыс істеу принципі, аналогті сигналдың берілуі, Морзе әліппесі;
-
радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу болып
табылады.
9-
сыныпқа арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламасында 4 лабораториялық жұмыс және 12 практикалық жұмыс
қамтылған.
Пәннің оқу бағдарламасы шиыршық принципі негізінде әзірленген, яғни
оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен
кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының
көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
28
Мысалы: «Физикалық өлшеулер» бөлімі үш сыныпта да яғни 7-9-
сыныптарда қайталанып, тереңдетіліп беріліп отырады. Осыған байланысты
оқу бағдарламасының мазмұндық негізіне құрылған, оқу материалын
зерделеуге арналған шиыршық принципі арқылы материал мазмұнын
құрылымдауды есепке алған жөн (8-кесте).
8-
кесте. Шиыршық принципі арқылы берілген білім мазмұнының үлгісі
7-
сынып
8-
сынып
9-
сынып
дененің ұзындығын, көлемін,
температурасын және уақытты
өлшеу, өлшеу нәтижелерін
аспаптардың
қателіктерін
есепке ала отырып жазу
эксперимент деректерін
жинақтау, талдау және
өлшеу және қателіктерін
ескеріп жазу
алған нәтижені түсіндіру
және қорытынды жасау
кішкентай денелердің өлшемін
қатарлау әдісі арқылы анықтау
тәжірибені жүргізуге әсер
ететін
факторларды
анықтау
эксперименттің нәтижесіне
әсер ететін факторларды
талдау және экспериментті
жүргізуді жақсарту жолдарын
ұсыну
физика
кабинетінде
қауіпсіздік ережелерін білу
және сақтау
физика
кабинетінде
қауіпсіздік
ережелерін
білу және сақтау
физика
кабинетінде
қауіпсіздік ережелерін білу
және сақтау
Шиыршық принципінің сипаттық ерекшелігі, материалды баяндауда
білім алушы негізгі мәселені назардан тыс қалдырмай, қозғалған тақырыпқа
қатысты білімін ұдайы кеңейтіп, тереңіне үңіле білуіне ықпал ететіндігінде.
Осылайша білім алушылар нақты оқу мәселесіне қатысты білімін біртіндеп
және үздіксіз кеңейту мүмкіндігіне ие болады.
10-
кестеден «Физикалық өлшеулер» бөлімшесінде оқу мақсаттарының
сыныптан сыныпқа көшкен сайын кеңейіп, күрделене түсетінін көруге болады.
Мысалы, білім алушылар 7-сыныпта дененің ұзындығын, көлемін,
температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың
қателіктерін есепке алу арқылы анықтайтын болса, 8-сыныпта эксперимент
деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу
қалыптасады, 9-сыныпта алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасауды
үйренеді
Кейбір бөлімдер төмендегідей ішінара шиыршық принципі негізінде
әзірленген (9-кесте).
9-
кесте. Ішінара шиыршық принципі арқылы берілген білім мазмұнының үлгісі
Бөлімі
7-
сынып
8-
сынып
9-
сынып
Кинематика негіздері
Динамика негіздері
Сақталу заңдары
Молекулалы-кинетикалық теория негіздері
Білім алушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде «Физика» пәнінен
пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге
29
болады, жаңа оқу материалын меңгертуде білім алушылардың басқа пән
сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге
асырудың үш кезеңі қарастырылады:
-
жаңа ұғымды қабылдауға білім алушыларды дайындауда пәнаралық
байланысты жүзеге асыру;
-
жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге
асыру;
-
жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру.
Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде
математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың
физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.
Координат жазықтығын оқып үйренумен байланысты білім алушылар әртүрлі
графиктерді сызып үйренеді. Өз кезегінде білім алушылардың физикадан
механикалық қозғалыс, жол, жылдамдық, сондай-ақ, балқудың, қатаюдың
графиктерін салуына өз игілігін тигізеді. Сөйтіп, математикадан алған
білімдерін білім алушылар физикалық білім игеруге пайдалана бастайды. Олар
әртүрлі математикалық шамаларды өлшеу, сан мәндерін дөңгелектеу туралы
алған ұғымдарын физикалық эксперименттер нәтижесін анықтауға (әртүрлі
өлшеу жүргізу барысында) қолдана алады. Сол сияқты, білім алушылар екі
айнымалысы бар теңдеу туралы алған түсінігін және оны шешу жолындағы
игерген тәсілдерін, тура және кері байланыс, тағы басқа ұғымын физикада жиі
пайдаланады. Олар функция ұғымын игеріп, оның берілу тәсілдерін меңгереді.
Одан кері функция түрлерін оқып үйренеді, олардың графиктерін сызып
дағдыланады. Осы дағдылар мен математикалық білім физиканы игеру үшін
қаншалықты қажет екені түсінікті.
Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен
дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика
мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады [9].
Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады.
Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз
тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ
энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, тағы
басқа жатады. Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық
байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық
теорияны, атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.
Білім алушылардың қабiлеттiлiктерін дамытудың маңызды факторына
арнайы қызығушылықтары жатады. Адам қызметiнiң белгiлi бiр саласына
қызығушылық білім алушыны осы қызметпен болашақта айналасу
бейiмдiлiгіне жалғасуы мүмкiн. Қандай да бiр оқу немесе еңбек iс-әрекеті
түрiне қызығушылықтың туындауы оған деген қабiлеттiлiктердiң пайда
болуымен тығыз байланысты және олардың дамуының алғышарты болып
табылады.
30
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге
дайындауда маңызды мағынаға ие. Білім алушылар оқу процессінде бақылау
жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға
түсінік беруге үйренеді. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға
ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары
контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және
сындарлы ойлай білетін азаматты тәрбиелеуге де ерекше назар аударылады.
«Физика» пәнін оқу процессінде туындап отырған барлық мәселелерді
білім алушылардың табысты шешуі, олардың пән мен дағдының негізгі білімі
жүйесімен қаруланып, ғылыми ойлауын дамытуға ықпал етеді. Физикалық
білімдерді игеру нәтижесінде ғылыми әлемді танудың негізі салынады, ол
табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді терең түсінуді, осы құбылыстарды
саналы түрде түсіндіре білуді қалыптастыруды, алдына мақсат қою мен оларға
жетуді жоспарлауды болжайды.
Оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар,
кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-
әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім
алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Пәннің оқу мақсаттары
аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-
аналармен,
жергілікті
қауымдастық
өкілдерімен
бірлесе
отырып,
ұйымдастыруға болады.
Технология, медицина,
ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп
пен
энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми
прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.
Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:
8.3.2.23 –
жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін
бағалау;
8.4.3.8 –
Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің
мысалдарын келтіру;
9.2.3.4 –
Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық
маңыздылығына баға беру;
9.2.5.18 –
жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану
әдістерін сипаттау;
9.2.5.19 –
табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты
қолдануға мысалдар келтіру;
9.8.1.1 -
адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика
және астрономияның дамуының әсерін түсіндіру;
9.8.1.2 -
жаңа технологиялардың қоршаған ортаға әсерінің артықшылығы
мен қауіптілігін бағалау.
Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде қарастырылғаны
дұрыс. Оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану
ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн
әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске
байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталады.
31
Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін
мыналарды жасау:
ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын
байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі
жұмыстар жүргізу;
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау
кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті
талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша)
дағдыларын қалыптастыру;
есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;
жүргізілген практикалық және лабораториялық жұмыстар бойынша
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді
дамыту;
білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру
ұсынылады.
Оқу бағдарламасында жұмыстың креативті тәсілдеріне және
формаларына ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау
арқылы ұжымдық жұмыс жүргізу, білім алушыларды өзіндік шығармашылық
жұмысқа және топта бірігіп және жеке жасайтын тапсырмаларға бағыттайтын
дамытушы сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды орындау және
практикалық есептерді шығару ұсынылады.
Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен
қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше
өзгешелігі болып табылады. Оқу мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді
функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын
жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және
жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты
кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар білім
алушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті
бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
Оқу пәнінің әрбiр бөлiмi қорытынды сабақтармен аяқталады, онда білім
алушылардың теориялар мен әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi туралы
бiлiмдерi жүйеленедi. Осы сабақтардың мақсаты – теориялардың қолдану
аясын және олардың қазiргi заманғы әлемнiң жаратылыстану-ғылыми
бейнесiндегi орнын көрсету болып табылады. Жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламаларында әр тарауды игеруге арналған сағат саны көрсетілмеген.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат
сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылған. Жоспарлау кезінде мұғалімдер
бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс. Ең бастысы бір тоқсанда
көрсетілген материал сол тоқсанда игерілуі керек.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы практикалық
маңыздылығымен, сондай-ақ білім алушылардың зерттеу дағдыларын
32
дамытудағы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Білім алушылардың алған
білімдері мен біліктіліктерін әртүрлі оқу және практикалық жағдайларда
қолдануға, білім алушыларды өзiндiк шығармашылық еңбекке, өмiрге белсендi
араласуға дайындауға негiз болады.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ерекшелігіне
байланысты келесі бөлімде «Физика» пәнін оқытуды ұйымдастырудың
формалары мен әдістері қарастырылады.
|