Программалау тілдері оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата03.12.2019
өлшемі1,6 Mb.
#52901
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Программалау учебник


29
курсорды бірінші жолдың соңына орналастырыпDel пернесін 
немесе екінші жолдың басына орналастырып, Backspace пернесін 
басу керек.
Мəтіндік редактордың қалыпты жұмыс жасау режимі – 
ығыстырып енгізу, яғни кірістіру режимі, əр енгізілген символ 
экрандағы мəтінді оңға жылжытып отырып жазылады. Қалып 
кеткен символды немесе жолды тек осы режимде ғана қоюға 
болады. Редактор сонымен бірге жаңа символды бұрын жазылған 
мəтінді өшіріп, оның үстіне жазу, яғни алмастыру режимінде де 
жұмыс жасай алады. Бұл режимде əр жаңадан енгізілген символ 
курсор орналасқан жердегі символ орнына жазылады. Экранда-
ғы мəтін оңға жылжы майды. Символды режимінен символдар-
ды  алмастыру режиміне көшу үшін Ins пернесін басу керек. 
Ins пернесін қайта басу символды кірістіру режиміне қайта 
ауыстырады. Қай режимде жұмыс жасап отырғаныңызды курсор-
ға қарап білуге болады: символды кірістіру режимінде курсор 
жыпылықтаған сызық, ал символдарды ауыстыру режимінде – 
биіктігі символмен бірдей жыпылықтаған тіктөртбұрыш болып 
өзгереді. 
Редактордың айта кетерлік тағы бір мүмкіндігі – автошегініс 
режимі. Бұл режимде алдыңғы жол қай позициядан басталса, 
келесі жол да автоматты түрде сол позициядан басталады. 
Автошегініс режимі программа мəтінін безендірудің жақсы стилін 
береді: сол жақ шеттен басталған шегініс арқылы шартты немесе 
құрама операторлар тобын ерекшелеп бөліп орналастыруға бо-
лады. Автошегініс режимін алып тастау үшін Ctrl  пернесін ба-
сып тұрып, алдымен латын алфавитінің О пернесін басып, сонан 
кейін О пернесін жіберіп, I пернесін басу керек. Осы пернелерді 
қайталап басу жолымен автошегініс режиміне ауысуға болады.
Турбо Паскаль мəтіндік редакторының жиі қолданылатын ко-
мандалары.
Курсорды жылжыту
PgUp – бір парақ жоғары;
PgDn – бір парақ төмен;
Ноmе – жолдың басына;
End – жолдың соңына;
Ctrl – PgUp – мəтіннің басына;
Ctrl – PgDn – мəтіннің соңына.

30
Редакциялау командалары
Backspace – курсордың сол жағындағы символды өшіру;
Del – курсор тұрған жердегі символды өшіру;
Ctrl – Y – курсор орналасқан жолды толығымен өшіру;
Enter – жолды курсор бойынша екіге бөлу;
Ctrl – Q L – ағымдағы жолды қалпына келтіру (курсор осы 
жолдан кетпей тұрғанда ғана орындалады). 
Мəтін блоктарымен (фрагментімен) орындалатын əре-
кеттер
Ctrl – К В – фрагмент басын белгілеу;
Ctrl – К К – фрагмент соңын белгілеу;
Ctrl – К Р – фрагментті баспаға жіберу.
Ctrl – Ins – фрагмент көшірмесін буферге алу;
Shift – Del – фрагментті буферге қиып алу;
Shift – Ins  – буфердегі мəліметті курсор позициясына енгізу;
Ctrl – Del  – фрагментті өшіру;
Alt – Backspace – соңғы əрекетті болдырмай тастау. 
Ескерту. Фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басулы 
күйде ұстап, əдеттегідей түрде белгілеуге де болады.
2.4 Турбо Паскаль ортасының негізгі мүмкіндіктері
Файлдармен жұмыс істеу. Жоғарыда айтылғандай, Турбо Па-
скаль ортасы іске қосылғаннан кейін автоматты түрде мəтінді 
редакциялау режимі іске қосылады. Бұл жерде жаңа программа 
теруге немесе терілген программаны түзетуге болады.
Программа мəтінін ортадан тыс сақтаудың негізгі түрі файл бо-
лып табылады. Турбо Паскаль ортасымен жұмысты аяқтағаннан 
кейін, прог 
рамма мəтінін дискіге файл ретінде жазып сақтап, 
кейіннен оны пайдалануға болады. Дискідегі файлдармен жұмыс 
жасау үшін F2 (файлды жазу) жəне F3 (файлды оқу) пернелерін 
қолданамыз. Егер жаңа программа жазылса, Турбо Паскаль орта-
сы оған автоматты түрде стандартты NONAME00.PAS (NO NAME 
– аты жоқ) деген ат береді. Программа мəтінін файлға сақтау үшін 
F2 пернесін басамыз. Сонда экранда Save fi le as... (...деген файлда 
сақтау) деген жазуы бар сұқбат терезесі ашылады. Файлға ат беру 
өрісіне өзіңіз қалауыңызша ат енгізіп Enter пернесін басыңыз. 
Егер программа мəтінін сақтамай, Турбо Паскаль ортасымен 
жұмысты аяқтасаңыз экранда:

31
 NONAMEOO.PAS has been modifi ed.  Save?
(NONAMEOO.PAS файлына өзгерту енгзілді. Сақтау қажет 
пе?) деген мəліметі бар сұқбат терезесі ашылады. Егер програм-
ма мəтінін сақтау керек болса, Y (Yes – иə), кері жағдайда  N 
(No – жоқ) пернесін басыңыз.
Программаны орындау арқылы тексеріп түзету. Программа 
мəтіні дайын болғаннан кейін оны орындауға жіберуге болады, 
олар мынадай əрекеттерден тұрады: программаны компиля-
циядан өткізу, оны стандартты процедуралар жəне функциялар 
кітапханасымен байланыстыру (қажет болған жағдайда), жедел 
жадыға жүктеп, басқаруды программаға беру. Осы іс-əрекеттер 
тізбегі программаны орындау немесе атқару  деп аталады жəне 
ол Ctrl – F9 пернелері көмегімен де жүзеге асады.
Программада синтаксистік қате жоқ болса, программаның əр 
жолы рет-ретімен орындалып, экранда неше жолдың компиля-
циядан өткендігі жəне программаға бөлінген жедел жады көле-
мі жайлы мəлімет шығады. Басқаруды жүктелген программаға 
бермес бұрын Турбо Паскаль ортасы экранды тазалайды, дəлірек 
айтсақ экранға программны орындау терезесін шығарады. Про-
грамма орындалып біткеннен кейін, компьютер басқаруды қай-
тадан өз қолына алып, экранға редактордағы программа мəтінін 
шығарады. 
Егер программа орындалу барысында синтаксистік қате та-
былса, онда Турбо Паскаль ортасы жұмысын тоқтатып, экранға 
редактордағы программа мəтінін шығарады да, курсорды қате 
табылған жолға орналастырады. Ал, экранның жоғарғы бөлігіне 
табылған қате жайлы болжау мəліметі шығады. Бұл қатені түзетіп, 
программаны тез орындауға көмектеседі.
Табылған қате синтаксистік қате болмаған жағдайда, оның 
табылған орнын көрсету қажетті мəліметті бере алмайды. Қате 
мəндерді дұрыс дайындамау салдарынан шығуы мүмкін. Мы-
салы, егер қате теріс саннан түбір алу кезінде шыққан болса, 
онда осы түбір алу операторы орналасқан жол көрсетіледі. Ал 
қатені бұл жерден емес, ертерек, осы айнымалыға теріс мəнді 
меншіктеген жерден іздеу керек. Мұндай жағдайда программа-
ны  F4, F7 жəне F8 пернелерінің көмегімен біртіндеп, жол-жол-
мен адымдап орындау керек. Программаны түзетіп, орындаудан 
тəжірибеңіз аз болса, тек F7 пернесін қолдануыңызға болады. 
F7 пернесін бір басқаннан кейін Турбо Паскаль ортасы програм-

32
маны компиляциядан өткізіп, біріктіріп, жедел жадыға жүктеп, 
бірінші операторды орындаудың алдында тоқтайды. Орында-
латын оператор экранда ерекшеленіп тұрады. Енді F7 пернесін 
əр басқан сайын программаның бір жолы орындалатын бола-
ды. Программаның күдік тудырған жерінде айнымалы немесе 
өрнектің мəндерін қарап шығуыңызға болады. Ол үшін курсорды 
қажет айнымалы немесе өрнек жазылған жерге орналастырып, 
Ctrl – F4 пенелерін қатар басу керек. Экранда үш жолдан тұратын 
сұқбат терезесі ашылады. Жоғарғы жолда айнымалының аты 
көрсетіледі. Ортаңғы жолда осы айнымалының ағымдағы мəнін 
шығару үшін курсорды жоғарғы жолға қойып, Enter пернесін басу 
керек. Егер Ctrl – F4 пенелерін басар кезде курсор бос жолда не-
месе басқа айнымалыда тұрса, онда ашылған сұқбат терезесінің 
жоғарғы жолы да бос немесе басқа айнымалыны көрсететін бола-
ды. Бұл жағдайда сұқбат терезесінің жоғарғы жолына өзініңізге 
керек айнымалының атын пернетақтадан енгізіп, Enter пернесін 
басу керек. Төменгі жолда көрсетілген айнымалы ның ағымдағы 
мəні шығады. Осы тəсілмен тек айнымалының ғана емес, осы ай-
нымалы бар өрнектің де мəнін көруге болады. 
Турбо Паскаль ортасының анықтамалық жүйесі. Турбо 
Паскаль ортасының құрама бөлігінің бірі – оның анықтамалық 
қызметі. Егер Сіз ағылшын тілін жақсы білетін болсаңыз, Турбо 
Паскальмен жұмыс жасағанда ешқандай қиындық болмайды. F1 
пернесін бассаңыз болды, экранда қажет анықтама пайда болады. 
Бұл анықтама Турбо Паскаль ортасының ағымдағы қалып-күйіне 
байланысты (бұндай анық 
тама  мəтінге тəуелді деп аталады) 
болады. Мысалы, F1 пернесін Турбо Паскаль ортасы програм-
ма қатесін тапқан кезде бассаңыз, осы қатенің қандай жағдайда 
туындайтынына жəне оны қалай түзетуге болатындығы жайлы 
мəлімет аласыз.
Редактор терезесінен анықтамалық қызмет көрсету терезесіне 
төрт тəсілмен кіруге болады: 
F1 – анықтама алу;
Shift – F1 – анықтамалық мəліметтер тізімінің ішінен керекті 
анықтаманы таңдап алу;
Ctrl – F1 – стандартты прцедура, функция, тұрақты немесе ай-
нымалы жайлы анықтама алу;
Alt – F1 – алдыңғы анықтамаға көшу.

33
Shift–F1 командасын қолданғанда, экранда анықтама алуға 
болатын, алфавит бойынша реттелген стандартты процедуралар, 
функциялар, тұрақтылар жəне айнымалылар тізімінен тұратын 
терезе пайда болады. Анықтама алу үшін курсорды бағыттауыш 
пернелер (←,↑, →,↓) арқылы жылжыта отырып, қажет жолға 
келгенде Enter пернесін басыңыз.
Осы анықтаманы басқа жолмен де алуға болады: экранға 
қажет процедура (функция, тұрақты немесе айнымалы) атын 
жазып немесе курсорды программадағы қажет процедура атына 
қойып Ctrl–F1 пернесін басыңыз. Турбо Паскаль ортасы курсор 
қай жерде тұрғанын сараптап, стандартты процедура атын 
ерекшелеп, қажетті анықтаманы экранға шығарды. 
Көп жағдайларда анықтама Турбо Паскаль мүмкіндіктерін 
көрсететін кішігірім программа түрінде беріледі. Анықтаманы 
“қиып” алып редактор экранына орналастыруға болады. Ол үшін 
Alt пернесін басып жібермей тұрып, латын алфавитінің Е əрпін 
басу керек. Экранда Edit меню жолының ішкі менюі ашылады. 
Бағыттауыш пернелер көмегімен курсорды Copy examples 
(мысалды көшіру) жолына қойып, Enter пернесін басу керек. 
Сонда анықтама мəтіні редактордың ішкі буферіне көшіріледі. 
Мысалды буфердегі мəліметті экрандағы курсор тұрған орынға 
қою үшін, Esc пернесін басып анықтама жүйесінен шығып, 
курсорды редактор экранының қажетті жеріне орналастырып, 
Shift – Ins (буфердегі мəліметті программа мəтініне жеке фрагмент 
ретінде көшіру), сонан соң Ctrl – K H (фрагменттің ерекшеленуін 
алып тастау) пернелерін басу керек.
Бақылау сұрақтары
1.  Турбо Паскаль ортасы деп нені айтады?
2.  Турбо Паскаль жүйесі MS DOS ортасында қалай іске қосылады?
3.  Турбо Паскаль жүйесінен шығу үшін не істеу керек?
4.  Турбо Паскаль біріктірілген ортасы қандай бөліктерден тұрады?
5.  Турбо Паскаль ортасындағы функциональдық пернелер қызметі.
6.  Alt, Ctrl жəне Shift пернелерінің қызметі.
7.  Турбо Паскаль ортасының мəтіндік редакторы ерекшеліктері.
8.  Мəтіндік редактордағы автошегініс режимі дегеніміз не?
9.  Мəтін бөліктерін қалай өшіруге болады?
10.  Курсорды жылдам жылжыту пернелеріның қызметі.
11.  Мəтіндік редактордағы түзету (редакциялау) командалары.
3–1618

34
12.   Мəтін блоктарымен (фрагментімен) орындалатын əрекеттер.
13. Программа мəтіні файлға қалай жазылып, соңынан қалай оқы-
лады?
14.  Файл атын қалай өзгертуге болады?
15.  Программаны орындау қалай атқарылады?
16.  Программаны компиляциядан өткізу дегеніміз не?
17.  Программаның синтаксистік қателерін қалай анықтайды?
18.  Программа нəтижесін қалай көреміз?
19.  Турбо Паскаль ортасында қалай анықтама алуға болады?
20. Редактор терезесінен анықтамалық қызмет терезесіне қандай 
тəсілдермен кіруге болады?
21.  Анықтамалық мəтіндерді буферге көшіріп алып, программа ішіне 
орналастыру тəсілдері.
Тапсырмалар
1.  Төменде келтірілген EX_1 программасының мəтінін теріңіз.
2.  Программа мəтінін толық белгілеңіз.
3.  Белгіленген программа мəтінін буферге көшіріңіз.
4.  Edit - Show clipboard командаларын орындап, Clipboard (буфер) те-
резесін ашып онда EX_1 программасының бар екендігіне көз жет-
кізіңіздер.
5.  Жаңа терезе ашыңыз.
6.  Жаңа терезенің 10-шы жолынан бастап EX_1 программасының 
мəтінін орналастырыңыз.
7.  Программаны орындауға жіберіңіз.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Программа мəтіні
PROGRAM EX_1;
USES CRT;
BEGIN
   ClrScr;
Writeln (‘Құттықтаймыз! Программа көшірмесін жасау ойдағыдай 
өтті.’);
Writeln(‘  Ары қарай жалғастыру үшін  Enter пернесін басыңыз’);
Readln;
END.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Төмендегі əрекеттерді орындау керек.
1. Программа мəтінінің кез келген жолын өзіңізге белгілі тəсілмен 
өшіріңіз. 
2. Өшірілген фрагментті “өзгерісті қалпына келтіру” (Edit-Undo) 
операциясының көмегімен қалпына келтіріңіз.
3. “Өзгерісті қалпына келтіру” операциясына кері операцияны (Edit-
Redo) орындаңыз. 

35
3. ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
3.1 Паскаль тілінің жалпы сипаттамалары
Паскаль тілін 1968-71 жылдары Швейцарияда профессор 
Никлаус Вирт оқып үйре 
нуге қолайлы программалау тілі ре-
тінде ұсынған болатын. Қазіргі кезде барлық дербес компьютер-
лер осы тілде жұмыс атқара алады. Паскаль тілінде жазылған 
прог рамманың дұрыстығы компьютерде жеңіл тексеріледі жəне 
жіберілген қате тез түзетіледі. 
Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау ке-
зінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне 
аудары лып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін 
барып орындалады. Осы сəтте компьютерде программаның екі 
нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы 
жазылған нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина ко-
дында жазыл ған программа. Есептің нəтижесін тек машиналық 
кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны 
түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта 
түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
Біз мысалдар келтіріп, оқу процесінде қарастырып отырған 
тіл – Турбо Паскаль деп аталатын дербес ЭЕМ-дерге арналған 
Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы, осы тəрізді Турбо 
Паскаль нұсқасы да жиі қолданылады. Бұлардың бір-бірінен 
айырмашылығы онша көп емес. Оқу орындарында қолданыла- 
тын компиляторларға байланысты осы екеуі де пайдаланыла 
береді. Төменде келтіріліген мысалдар осы екі нұсқада да орын-
дала береді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара 
алатын, кең таралған стандартты оқып үйрену тіліне айналды. 
Оған бірнеше себептер бар.
Біріншіден, Паскаль тілі өз идеологиясы бойынша қазіргі 
программалау техноло гиясына өте жақын, оның негізгі оператор-
лары құрылымдық программалау талаптарын толық орындай 
алады.

36
Екіншіден, бұл тіл программалардағы жоғарыдан төмен қарай 
құру технологиясын (қадамдар бойынша жіктей отырып талдау 
мүмкіндігі) толық жүзеге асыра алады.
Үшіншіден, мұнда мəліметтер құрылымының көптеген түр-
лері бар, сондықтан алгоритмдерді қарапайым етіп құра аламыз
ол программа жасаудағы еңбек өнімділігін арттырудың негізгі 
кепілі бола алады.
Алгоритмдік тілдердің машиналық тілдерден негізгі айырма-
шылықтары:
• 
алгоритмдік тіл алфавиті машина тілі алфавитінен əлдеқайда 
көлемді, сол себепті программа мəтіні көрнекі түрде жазылады 
да, оны оқу, түсіну жеңіл болады; 
• 
пайдаланылатын операциялар жиыны машиналық операция-
лардан тəуелсіз, олар кез келген есептің алгоритмін жазу ыңғай-
лылығына қарай математикалық амалдарға байланысты таңда-
лып алынады; 
• 
операцияларда қолданылатын мəліметтерге – операндтар ға 
қайталанбайтын қарапайым атаулар беріледі, сонан кейін опе-
рандтар тек өз аттары бойынша шақырылып пайдаланылады;
• 
программалау тілінде мəліметтердің машиналық типтеріне 
қарағанда кең ауқымды көптеген типтер түрлері қолданылады. 
Осыдан алгоритмдік тілдің машинадан тəуелсіз, математикаға 
жақындау, ыңғайлы тіл екенін аңғаруға болады. 
Алгоритмдік тілдің синтаксисін жазу үшін арнайы метатіл 
қолданылады, ол алгоритмдік тілдің нақты конструкцияларының 
барлық ерекшеліктерін жинақы түрде көрсете алады. Біз осы 
мақсатта Джон Бэкус пен Питер Наур ұсынған қысқаша жазу 
тəсілі – Бэкус-Наурдың металин гвистикалық формулаларын пай-
даланатын боламыз. Бұл жазу тəсілі Backus Naur Form немесе 
қысқаша BNF (БНФ тілі) деп аталып жүр. Ол кезінде АЛГОЛ 
тілінің синтаксисін көрсету үшін кең қолданылды.
Тілдің синтаксисін жазуда оның кейбір түсініктері пайдала-
ны лады: олардың ең қарапайым мүмкіндіктерін анықтап алып, 
солар арқылы ең басты болып саналатын – программа түсінігіне 
дейінгі барлық күрделі ұғымдарды анықтап шығамыз. Синтаксис 
тұрғысынан алғанда, əрбір анықталатын ұғым (негізгі символ 
емес) БНФ тілінің метаайнымалысы болып табылады, ал оның 

37
мəні ретінде белгілі бір берілген шекті элементтерден тұратын кез 
келген конструкцияны қарастыра аламыз (яғни негізгі символдар 
тізбегі).
Тілдің əрбір ұғымы үшін тек бір ғана метаформула болуы 
тиіс, оның сол жағында анықталатын ұғым (БНФ тілінің ме-
таайнымалысы) тұрады, ал формуланың оң жағында осы мета-
айнымалының мүмкін болатын барлық мəндері (осы ұғымға 
кіретін барлық мүмкін болатын конструкциялар) орналасады. 
Барлық метаайнымалылар бұрыштық жақшаларға <...> алы-
нып жазылады, олар анықталатын тілдің алфавитіне кірмейді, 
яғни метасимволдар болып табылады, мысалы,  <өрнек>, <сан> 
жəне т.с.с. Ал тілдің негізгі символдары тікелей көрсетіледі. 
Метаформуланың сол жағы мен оң жағы мынадай арнайы 
таңбамен  ::= бөлініп жазылады. Бұл таңбаның мағынасы 
«анықтама бойынша мынаған тең» деген түсінікті береді. 
Əдетте метаайнымалы мəні ретінде мүмкін болатын бірнеше 
конструкциялардың кез келген бірі қабылдана алады. Мүмкін 
болатын барлық конструкциялар формуланың оң жағында 
мынадай «|» метасимволмен бөліне отырып жазылады, оның 
мағы насын «немесе» сөзі деп түсіну керек. Метаформуланың оң 
жағында метаайнымалы ның барлық мүмкін мəндері нен басқа сол 
мəндердің құрылу ережесі де көрсетіле алады.
Тағы да, біз қарастыратын екінші тəсіл – тіл ережелерін 
графикалық түрде бейнелейтін синтак 
систік диаграмма болып 
табылады. Мұндай диаграммаларды Паскаль тілін жасаушы 
Н.Вирт көп қол дан ған болатын, сондықтан оны Вирт синтак-
систік диаграммасы деп айтып жүр. 
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура – 
тіктөртбұрыш жəне эллипс (кейде дөңгелек немесе овал) кең 
пайдаланылады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын эле-
менттері (бейтерминалды символдар), ал эллипс ішінде терми-
налдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар 
жазылады (3.1-сурет). 
Диаграмма құрылымы бойынша жылжу, яғни оны оқу бағыты 
бағыттауыш тілсызық (стрелка) арқылы көрсетіледі. 
Синтаксистік диаграммаларды пайдаланып, тілдің дұрыс 
конструкциясын түсіну үшін көрсетілген бағыт бойынша бір 

38
фигурадан екінші фигураға қарай жылжу қажет. Бір емес, тар-
мақталған бірнеше бағыт көрсетілген жағдайда, олардың кез 
келгенін таңдап алуға болады. Егер сол бағытта басқа диаг рам-
маға сілтеме тұрса, онда сол жаңа диаграммаға кіріп, сондағы 
көрсетілген бағыттар бойынша жылжи отырып одан шығып, 
бас тап  қы диаграммаға қайтып оралу қажет. Егер жылжу бағы-
тында нүкте кездессе, онда бұл тармақтың тек Турбо Паскаль 
тіліне ғана қатысты екенінің белгісі болады, яғни бұл мүмкін -
дікті стандартты Паскаль тілінің кеңейтілуі деп ұққан жөн. 
Программалау тілдерінің синтаксистік диаграммалары мен 
BNF тəсілінің мүмкіндіктері тіл ережелін көрсету үшін бірдей 
деп есептеледі.
3.2 Паскаль тілінің алфавиті
Паскаль тілі латын (ағылшын) алфавитінің бас əріптері мен 
кіші əріптерінен, астын сызу таңбасынан, араб цифрларынан 
жəне ажырату символдарынан (шектеуіш тер ден) тұрады. 
 <алфавит> :: = <əріптер> | <цифрлар> | <шектеуіштер>
<əріптер> :: = A | B | …| Z | a | b | …| z | <астын сызу таңбасы>
<цифрлар> :: = 0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
<астын сызу таңбасы> :: = _
<шектеуіштер>::=<операциялар таңбалары>|<жақшалар> 
<қордағы сөздер>| <ажыратқыштар>  
<операциялар таңбалары>::= <арифметикалық>|<қатынас>| 
<логикалық>|<сөз тіркестік>|<жиындық>
<арифметикалық операциялар таңбалары>::=  + | – | * | / | div | mod
<қатынас операциялары таңбалары>::=  = | <> | > | < | >= | <=
<логикалық операциялар таңбалары>::= not | and | or | xor
<тіркестік операциялар таңбалары>::=  + |<қатынас операциялары>
<жиындық операциялар таңбалары>::= * | + | – | = | <> | <= | >= | in
<жақшалар>::= <индекстер үшін>|<өрнектер мен функциялар үшін>
<операторлық>| <сөзтіркестік>
3.1-сурет. Синтаксистік диаграммалар құрылымы

39
<индекстер үшін жақшалар>::=  [ ] (. .)
<өрнектер мен функциялар үшін жақшалар>::= (  )
 <операторлық жақшалар>::= begin  end
<сөз тіркестері үшін жақшалар>::= ' '
<ажыратқыштар>::= := |. |, | : | ; | ^ | $ | #
<қордағы сөздер>::= and | asm | array | begin | 
                        case | const| constructor | destructor | div |
                        do | downto | else | end | exports | fi le | for | 
                        function | goto | if | implementation | in | 
                        inherited | inline | interface | label | library | 
                        mod | nil | not | object | of | or | packed |
                        procedure | program | record | repeat | set |
                        shl | shr | string | then | to | type | unit | until | 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет