16
Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орын-
далуы.
Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір əрекет
немесе амал орындап, «;» таңбасымен аяқталады.
Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты – қарапайым
құрылым ды программалау болып саналады. Мұндай програм ма-
лар оңай оқылады, түзетіледі жəне керек болса, оңай өзгер тіледі.
Құрылымдық программа лауда goto операторын қолдануға бол-
майды, өйткені ол программа логикасын түсінуді қиындатады.
Бірақ кейде goto операторын қолдану қажет болатын кездер
болады.
2-кесте
Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары
Сызықтық
құрылым
Тармақты құрылым
Циклдік құрылым
Программа жұмысын басқару операторла-
рын программаның басқарушы конструкция-
сы деп атайды. Олар:
• құрама операторлар;
• таңдау операторлары;
• цикл операторлары;
• көшу операторы.
1. Сызықтық құрылымды алгоритм
немесе қарапайым сызықтық алгоритм іс-
əрекет тердің орындалу ретіне қарай тіз бекте-
ле орналасқан блоктардан тұрады. Амалдар-
дың бұлай бірі нен соң бірі реттеліп орындалу
тəртібін табиғи атқарылу дейді.
1.1-сурет.
Алгоритм
схемасы
17
Мысалы, y= a+b формуласы бойынша есеп теу тіктөртбұрыш
арқылы кескінделетін есеп теу блогы (3-блок) арқылы өрнектеледі.
Ал нəти же ні қағазға басу үшін көп бұрыш ты құжат алу блогын
(4-блок) пайдаланып, оның ішіне нəтиже нің атау ла рын жазамыз.
Жоғарыда көрсетілген y=a+b фор му ласымен есептеу үшін a
əне b-ның сандық мəн дерін ЭЕМ-ге енгізіп (2-блок), содан кейін
қо су амалын орындап, ақырында y-ті қағазға басып шығарып,
жұмысты тоқтатамыз. Осы алгоритмнің схемасы 1.1-суретте
көрсетілген.
2. Тармақталу алгоритмдері.
Тұрмыста кездесетін алгорит-
мдер əр түрлі болып келеді. Олардың жиі кезде се тін түріне
алгоритмнің белгілі бір шарттың орында луына не орындалмауы-
на байланысты тармақталып бір не ше жолдарға бөлінуі жатады.
Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып ке-
леді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм
бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырыла-
ды, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді.
Тармақталу алгоритмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде
кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру жəне
2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу
алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» жəне «аттап өту»
мүмкін діктерін іске асыруға көмектеседі.
«Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі
(1.2-су рет), егер ол шарт орындалса (орындалуы ақиқат бол-
са), онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға
көшеміз. Ал, егер де шарт орындалмаса, яғни оның орындалу
мүмкіндігі жал ған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін
3-амал атқарылады. Сонымен, шарт тың ақи қат немесе жалған бо-
луына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.
«Аттап өту» (1.3-сурет) алгоритмінде шарт орындалса,
1-амал ды аттап өтіп, бір ден 2-амалды, содан кейін 3-амалды
орын даймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде
орын далып, одан кейін 2- жəне 3-амалдар жүзеге асырылады.
Тармақ талу кезе ңін де шартты тексеру блогы орындалуы ба-
рысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап
2–1618
18
алынып жүзеге асырылады да, ал екінші таңдап алынбаған тар-
мақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады. Енді осыған
нақты мысалдар келтірейік.
1.2-сурет.
«Таңдау» алгоритмі 1.3-сурет. «Аттап өту» алгоритмі
1-мысал. y функциясын төмендегі формула бойынша есептеп
шығару керек.
⎪⎩
⎪
⎨
⎧
<
+
≥
+
=
0
,
1
0
,
2
x
x
x
x
x
y
Мұнда x айнымалысының
таңбасына (оң, теріс) байланыс-
ты не жоғары, не төменгі фор-
муланы таңдап алып, сол ар-
қылы у функция сының мəнін
та бамыз (1.4-су рет). 2-блоктың
орындалу бары сында х айныма-
лысына белгілі бір мəн беріледі
де, ол мəн ен гізу операторла ры
арқылы прог
раммаға енгізілуі
тиіс. Бұдан ке
йін енгізілген
мəн нің оң неме се теріс екендігі
үшінші шартты тексеру блогы
арқылы айқын далады. Шарттың
1.4-сурет.
Тармақталу алгоритмі
19
“ақиқат” (иə) немесе “жалған” (жоқ) болуына байланысты 4- не
5-бло к тардың бірі ғана орында лып, “таңдау” орында ла ды. 6-блок
х айныма лы сының жəне у функциясының сандық мəндерін
экранға неме се қағазға басып шығарады.
3. Циклдік алгоритмдер. Математикада, экономикада көп-
теген есеп терді шығару кезеңінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы
айнымалының өз ге руіне байланысты оны бірнеше рет қайталап
есептеуге ту ра келетін сəттер де жиі кездеседі. Осындай қайталап
орын далатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін цикл деп
атайды. Осы бірнеше рет қайта ланатын бөлігі бар алгоритмдер
тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пай-
далану оларды кейіннен программаларда цикл операторы түрінде
қысқартып жазу мүмкіндігін береді. Циклдер қайталану санының
алдын ала белгілі жəне белгісіз болуына байланысты екі топқа
бөлінеді. Қайталану сандары алдын ала белгілі болып келетін
циклдер тобы арифме тикалық цикл болып есептеледі, ал орын-
далу саны белгісіз циклдер – қадамдық (итерациялық) цикл бо-
лып аталады.
Практикада белгілі бір айны малы ның сандық мəніне байланы-
сты орын да латын арифметикалық цикл дер жиі кездеседі. Мұнда
арифмети калық прог
рес
сияға ұқсас болып келетін циклдер ең
қарапайым арифметикалық цикл болып табылады. Оны басқару
қайталану кезеңінде прогрессияның заңына сəйкес тұрақты ша-
маға өзгеріп отыратын цикл параметрінің сандық мəнімен байла-
нысты болуы тиіс.
Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументі – па-
раметрі алғашқы мəнге ие болуы керек, сонан кейін қайталану
кезеңінде цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере от-
ырып, ол алдын ала берілген ең соңғы мəнге дейін жетуі қажет.
Алгоритмнің орындалу барысы н да цикл параметрі, мысалы,
х өзінің ең алғашқы х0 мəнінен ең соңғы хk мəніне дейін тұрақты
шамаға ( dx) өзгеріп отырады. Осының нəтижесінде х мына-
дай мəндерді қабылдай ды: x0 , x0 +dx, x0 +2 dx, ..., x0 +(n-1 )dx, xk,
мұндағы n – циклдің қайталану саны, ол былай анықталады:
- 0
=
1
xk x
n
dx
⎡
⎤
⎢
⎥ +
⎢
⎥
⎣
⎦
,
20
мұнда [...] – өрнектің бүтін бөлігі
алынатынын көрсетеді. n əрқашанда
бүтін сан болуы тиіс, егер ол аралас
сан болса, онда оның бөлшегі алы нып
тасталады, өйткені циклдің қай та лану
саны бүтін натуралдық сан болуы тиіс.
Ариф ме ти
ка
лық цикл үшін y=f(x)
функциясының есептелу жолы алго-
ритм ретінде 1.5-суретте көрсетілген.
Мұндағы 3-ші, 4-ші, 7-блоктар циклді
ұйымдастыру үшін қажет. Олар цикл
пара мет
рінің ал
ғашқы мəнін, өзгеру
қадамын белгілеп жəне оның ең соңғы
мəніне жеткен-жетпегенін тексереді.
Ал 5- жəне 6-блок
тар бірнеше рет
қайталанып циклдің өзін құрайды.
4-блок шартты тексеріп қайталану
про цесін ұйымдастырады.
Алгоритм схемасын салуды жəне
программаны жазуды жеңіл дету үшін
цикл алгоритмдері ық шам далған түрде
“модификатор” немесе “цикл басы”
блогын пайда лану арқылы жазылады.
Онда 1.5-суретте көрсетілген 3-ші,
4-ші, 7-блоктардың орнына “цикл
басы” блогы орналасады. Ол алты-
бұрыш тəрізді геометриялық фигура-
дан тұрады жəне оның міндетті түрде
екі кіру жəне екі шығу сызығы болуға
тиіс. Осы блокты пайдалану арқылы
жоғарыда келтірілген алгоритм 1.6-су-
ретте көрсетілген түрде кескін деледі.
Параметрдің алғашқы х мəні оның
соңғы х мəнінен кем бол са, онда оның
қадамы dx оң сан болады. Керісінше,
параметрдің алғашқы мəні оның соңғы
мəнінен артық болса, онда қадам теріс
сан болады.
1.5-сурет. Қарапайым
циклдік алгоритм
1.6-сурет. Модификаторлы
циклдік алгоритм
21
4. Қадамдық циклдер. Циклді
орындаудың алдында, оның қайталану
саны белгісіз болған жағдайда қа-
дамдық циклдер пайдаланылады. Мұн-
да циклді жазу үшін тек қана “шартты
тексеру” блогын қолдану қажет, ол
циклді аяқтау үшін белгілі бір шартты
тексереді. Қадамдық цикл
дердің схе-
масын сызғанда моди
фикаторды (ал-
ты бұрышты) қолда на алмаймыз, себебі
алдын ала циклдің неше рет қайта-
ланатыны бізге белгісіз. Енді осындай
циклдер жұмысына мысал келтірейік.
3-мысал.
2
k
k
x
Z =
функциясының
мəндерін k = 1, 2, 3, ... жəне Z-ті 0.0001-
ден артық болған жағдайда есептейік,
мұндағы 0
≤ х ≤ 1. Бұл мысалда ал дын
ала цикл неше рет қайталанатынын
айта алмаймыз, өйткені бізде тек k
параметрінің алғашқы мəні мен қадамы ғана белгілі. Сонымен
қатар Z функциясының 0.0001-ден артық болуы циклді қайталау
шарты болып есептеледі ( Z > 0.001). 1.7-суретте осы есептің
алгоритм схемасы көрсетілген.
1.7. Программалау тілдері
Алгоритмдерді ЭЕМ-ге түсінікті мəтін ретінде жазуға ар-
налған қарапайым жасанды тіл программалау тілдері деп ата-
лады. Əрбір ЭЕМ-нің өзінің машиналық программалау тілі бо-
лады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі
дейді. ЭЕМ тек өз ана тілінде, яғни машиналық тілде жазылған
программаларды ғана орындай алады. Алайда, машина тілінде
программа жазу өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он
алтылық) жүйедегі кодтардан тұрады жəне əр машинада əр түрлі
машиналық тіл қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формула-
ларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған
1.7-сурет. Қадамдық цикл
алгоритмі
22
алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, СИ, т.б. кеңінен
қолданылады. Алгоритмдік немесе программалау тілі – жазу
ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен
айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең
тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған.
Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға əрі
жеңіл, əрі ыңғайлы болып келеді. Алгоритмдік тілдер автомат-
ты түрде ЭЕМ-нің көмегімен аудармашы программалар арқылы
машиналық тілге көшіріледі. Алгоритмдік тілді машина тіліне
тікелей аударатын үлкен программаларды транслятор деп атай-
ды. Алгоритмдік тілдерді пайдалану программалауды жеңілдете
отырып, ЭЕМ-де есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда
есеп шығару уақыты аздап көбейеді.
Алгоритмдік тілдер машинаға жəне проблемаға бағытталған
болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина
тілінен айырма
шылығы, олар ЭЕМ-нің ерекшеліктерін есепке
ала отырып əріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға
бағытталған тілдерде маман прог рам малаушылар жұмыс істейді.
Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тəрізді тілдер жа-
тады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің
ерек шеліктерін еске ала отырып, есептің математикада жазылу
тіліне жақындастырылады. Бұларға – Бейсик, Фортран, Паскаль,
Си, т.с.с. тілдер жатады.
Негізінде ЭЕМ-де кез келген программалау тілінде жазылған
есеп машина тіліне аударылып барып орындалады. Есептің орын-
далу кезеңдерін 1.8-суретте көрсетілген схема түрінде көрсетуге
болады.
1.8-сурет. Есепті шығару кезеңдері
Қазіргі кезде бес жүзге жуық алгоритмдік тілдер тараған.
Олардың əрқайсысы белгілі бір мақсаттарда қолданылады. Мы-
салы, Фортран – ғылыми-техникалық (инженерлік) есептерді
шығару үшін, Паскаль – оқып үйренуде, ал Бейсик – дербес ком-
пьютерлерде диалог режимінде жұмыс істеуде қолданылады.
23
Бақылау сұрақтары
1. Алгоритм жəне программа дегеніміз не, олардың қандай ұқсастық-
та ры мен айырмашылықтары бар?
2. ЭЕМ-де орындалатын алгоритмдердің қандай қасиеттері бола-
ды?
3. Алгоритмдерді өрнектеу жолдары.
4. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері.
5. Алгоритм схемаларының əр түрлі блоктары, олардың бейнеленуі,
бай ла ныстары.
6. Сызықтық, тармақталу жəне циклдік алгоритмдер ұғымдары.
7. Қадамдық циклдер жəне олардың ерекшеліктері.
8. Алгоритм командасы дегенді қалай түсінуге болады?
9. Автоматты құрылғылар алгоритм атқарушы бола ала ма?
Тапсырмалар
1. Өздеріңізге белгілі алгоритмдерден бірнеше мысал келтіріңдер.
2. Екі нақты оң сандар берілген. Осы сандардың қосындысын, айыр-
масын, арифметикалық ортасын жəне көбейтіндісін табатын
алгоритм құрыңыз.
3. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Үшбұрыштың ги-
потенузасы мен ауданын табатын алгоритм құру керек.
4. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша
есептейтін алгоритм құрастыру қажет.
24
2. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Турбо Паскаль программалау жүйесі – Паскаль тілінің (фран-
цуздың атақты математигі жəне философы Блез Паскальдің
(1623 – 1662) құрметіне осылай аталған) компиляторы жəне про-
грамма құру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған құралдары
бар программалық қоршаудан тұрады. Алдағы уақытта қысқарақ
жазылуы үшін Паскаль тілінің компиляторын Турбо Паскаль тілі,
ал программалық қоршау арқылы орындалатын мүмкіндіктердің
барлығын Турбо Паскаль ортасы деп атайтын боламыз.
2.1 Турбо Паскаль ортасымен жұмысты бастау
Турбо Паскаль жүйесінің көлемі үлкен, ол бірнеше дистри-
бутивтік дискеттерге жазылып, қатты дискіге орнатылады. Жү-
йені қатты дискіге орнатқан кезде ТР (немесе PAS, TURBOPAS,
PASCAL) деген атпен жеке каталог ашылады да, оның ішіне
дистрибутивті дискідегі барлық файлдар көшіріліп жазылады.
Турбо Паскальді іске қосу үшін ДК файлдарының бұтақ тəріздес
құрылымының ішінен осы ТР каталогын, оның ішінен TURBO.
EXE файлын тауып алу керек. Бұл файлда жұмыс істеуге дайын
тұрған Турбо Паскальда програм
малаудың сұқбаттасу жүйесі
бар. Файл Турбо Паскальдың ең негізгі минимальды құрамынан
(мəтіндік редактор, компилятор, программа жинақтауышы жəне
жүктеуіш) тұрады. Сонымен бірге осы ортада қалыпты жұмыс
жасауға қажет TURBO.TPL файлында жазылған негізгі кітапхана
мен анықтамалық мəлімет ( TURBO.HLP) керек бола ды. Кітапта
келтірілген көптеген мысалдарды теріп жазып, компиляциядан
өткізіп, орындау үшін осы файлдар жеткілікті болып табылады.
Егер аталған файлдар D: дискісінің ТР каталогында орналас-
қан болса, онда MS DOS ортасында Турбо Паскальді іске қосу
үшін төмен дегі команданы орындау керек:
D:\TP\TURBO
Осы команда бойынша MS DOS операциялық жүйесі TURBO.
EXE файлын орындауға жібереді: программаны компьютер жедел
жадына жүктеп, басқаруды осы программаға береді. Жүйе
мен
жұмыс жаса
ғанда ТР каталогын үнсіз келісім бойынша таға-
25
йындалатын ағымдағы жұмыс каталогы ретінде пайдалануға
болмайды. Себебі байқаусызда каталог ішіндегі басқа файлды
өшіріп алып, программа
лау жүйесін істен шығарып алуымыз
мүмкін, оған қоса, біраз жұмыс істегеннен кейін бұл каталог
Турбо Паскальға тікелей қатысы жоқ жұмыс файл дарына толып
кетеді. Бұдан былай ТР каталогы жүйелік каталог деп атаймыз.
Жүйелік каталогты ағымдық жұмыс каталогы ретінде қол-
дан баудың тағы бір себебі, Турбо Паскаль жүйесі баптау пара-
метрлерін TURBO.TP жəне TURBO.PCK файлдарында сақтап
отырады. Жүйе іске қосылған кезде осы файлдарды ол ағым-
дағы каталогтан іздейді. Егер ағымдағы каталог сіздің жеке
каталогыңыз болса, онда жүйе іске қосылған кезде сіздің талап-
тарыңызға сай параметрлерді өзі таңдап алады. Бұл файлдар
сіздің каталогыңыздан табылмаған жағдайда, олар жүйелік ката-
логтан ізделеді, файлдар ол жерден де табылмаса, стандартты
параметрлер автоматты түрде таңдалып іске қосылады. Жұмыс
соңында керекті параметрлерді сақтайтын файлдарды өз ката-
логыңызда сақтасаңыз, жүйе іске қосылған сайын баптау пара-
метрлерін таңдауды орындамайсыз.
Турбо Паскаль жүйесі ойдағыдай іске қосылғаннан кейін
экран беті 2.1 суретте көрсетілгендей түрде болады.
Турбо Паскаль жүйесінен шығу үшін Alt+X пернелерін қатар
басу керек.
2.1 сурет. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейінгі экран түрі
26
Турбо Паскаль біріктірілген ортасын сыртқы түрі бойынша
үш бөлікке бөлуге болады.
Бірінші, ортаңғы бөлік – көп терезелі мəтіндік редактор
аймағы. Мұнда программа мəтіні (немесе басқа мəтін) теріліп,
редакцияланады.
Екінші, экранның жоғарғы бөлігі – біріктірілген орта ресур-
старын басқаруға арналған негізгі меню қатары. Негізгі меню
Турбо Паскаль программалау жүйесінің барлық функционал-
дық мүмкіндіктерін басқаратын болғандықтан, оның көмегімен
біріктірілген ортаны тез игеріп кетуге болады.
Үшінші, экранның төменгі бөлігі – түсініктеме қатары. Бұл
жолда жүйенің қалып-күйі жəне осы мезетте орындауға болатын
іс-əрекеттер жайлы мəліметтер беріліп отырады.
Оң жақ жоғарғы бұрышта терезе нөмірі жазылады. Турбо
Паскаль жүйесімен жұмыс жасағанда бір мезетте бірнеше те-
резе ашуға болады. Терезелердің əрқайсысын жеке-жеке ашуға,
жабуға, екпінді етуге, көлемін жəне экрандағы орнын өзгертуге
болады. Қанша терезе ашса ңыз да, оның тек біреуі ғана екпінді
күйде болады. Екпінді терезе дегеніміз – екі ақ түсті жақтаулар-
мен көмкерілген терезе. Екпінді терезе ішіндегі курсорды ба-
ғыттауыш пернелер (←,↑,→,↓) арқылы басқаруға болады. Жақ-
тау бойында терезені басқаруға арналған ар
найы символдар
орналасқан. Жақтаудың жоғарғы жақ ортасында редакциялау
үшін ашылған файл аты жазылады. Файл аты ретіне қарай ашыл-
ған терезелер санына байланысты автоматты түрде NONA ME00.
PAS немесе NONAME01.PAS, NONAME02.PAS, т.с.с. болып
жазылып тұрады. NONAME – аты жоқ файл деген мағынаны
білдіреді. Оларды сақтау кезінде қалауымызша өзгерте аламыз.
Турбо Паскаль жүйесінде мəтіндік редактор терезесінен
басқа: программаны жөндеуіш терезе, программа нəтижесін
шы ғару терезесі, анықтама терезесі, стектер жəне регистрлер
терезелері қолданылады. Бұл терезелерді қалауыңыз бойынша
кезек-кезек немесе бір мезетте қатар ашып қоюыңызға болады.
2.2 Функциональдық пернелер қызметі
Функциональдық пернелер Турбо Паскаль ортасын басқару
үшін қолданылады. Олар F1, F2, …, F12 деп белгіленіп,
пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасады. Əр перне Турбо
27
Паскаль ортасының негізгі менюінің бір командасымен бай ла-
нысқан. Функциональдық пернелер қызметін: Alt ( ALTernative –
қосымша), Ctrl ( ConTRoL – басқару) жəне Shift ( SHIFT – жыл-
жыту) пернелерінің бірімен қатар басып түрлен діруге болады.
F1 – ішкі анықтамалық жүйеден мəлімет алу (Help – көмек
алу);
F2 – редакцияланып жатқан файлды дискіге жазу;
F3 – дискідегі файлды редактор терезесінде ашып оқу;
F4 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-
рамманың орындалуын бастау немесе тоқтату жəне прог-
рамманың атқарылуын курсор тұрған жолда тоқтату;
F5 – екпінді терезені бүкіл экранды толық алатындай етіп
ұлғайту;
F6 – келесі терезені екпінді ету;
F7 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-
рамманың келесі жолын орындау; егер келесі жолда про-
цедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол
процедураға кіріп оның бірінші операторын орындау ал-
дында аялдау;
F8 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-
рамманың келесі жолын орындау; егер келесі жолда про-
цедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол
процедураны (функцияны) орындап, жұмысын тексеру;
F9 – программаны компиляциядан өткізу, орындауға жібе р-
меу;
F10 – негізгі меню көмегімен сұқбаттасу режиміне көшу;
Ctrl – F9 – программаны атқару: редактордағы программаны
компиляциядан өткізіп, оны жедел жадыға жүктеу жəне
программаны орындап Турбо Паскаль ортасына қайтып
оралу;
Alt – F5 – редактор терезесін программа нəтижесі шығатын
тұтынушы терезесіне ауыс ты ру.
Осы айтылғандардың ішінен біздің жиі қолданатынымыз:
Ctrl – F9 программаны орындау жəне Alt – X Турбо Паскаль орта-
сынан шығу. F2 жəне F3 пернелері файлмен жұмыс істеу үшін
қажет. Ал ALT – F5 пернелерінің көмегімен кез келген уақытта
орындаған программа нəтижесін көре аламыз.
28
2.3 Мəтіндік редактор
Турбо Паскаль ортасының мəтіндік редакторы программа
мəтінін жазуға жəне редакциялауға арналған ыңғайлы құрал-
дардан тұрады. Турбо Паскаль ортасының редакциялау режи-
мінде тұрғандығын мəтіндік редактор терезесіндегі курсорға
(жы пылықтағын
кішкене тіктөртбұрыш) қарап білуге болады. Ре-
дакциялау режимі Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейін бірден
автоматты түрде орнатылады. Редакциялау режимінен Турбо Па-
скаль ортасының кез келген басқа режиміне функциональдық
перне немесе негізгі меню арқылы көшуге болады. Егер орта
негізгі меню жолынан таңдау режимінде тұрса, онда курсор
көрінбейді, ал меню жолында көк түсті көрсеткіш –тіктөртбұрыш
пайда болады. Негізгі меню жолынан таңдау режимінен редак-
циялау режиміне қайта оралу үшін Esc пернесін басу керек. Ал
негізгі меню жолынан таңдау режиміне өту үшін F10 пернесін
басу қажет.
Терезенің оң жақтағы жəне төменгі бөлігінде айналдыру
жолақшалары орналасқан (полоса прокрутки). Əр жолақшаның
мəтінге байланысты терезе курсорының қай жерде орналасқа-
нын көрсететін жеке “курсоры” бар. Айналдыру жолақшасына
қарап, Сіз мəтіннің қай бөлігінде тұрғаныңызды жылдам анық-
тай аласыз.
Программа мəтінін пернетақта көмегімен тереміз. Жаңа жолға
көшу Enter пернесі арқылы орындалады.
Терезеде орналасқан жалпы символдар саны 64535-тен, ал
программаның бір жолындағы символдар саны 126-дан аспауы
керек.
Курсорды бағыттауыш пернелер (←, ↑, →, ↓) арқылы басқаруға
болады. Егер Сіз кезекті символды қате терсеңіз, оны Backspace
перне сінің көмегімен өшіруіңізге болады. Del (DELete – өшіру)
пернесі курсор тұрған орындағы символды өшіреді, ал Ctrl – Y
курсор тұрған жолды толығымен өшіреді.
Турбо Паскаль ортасында əр жолдың соңына экранда кө-
рінбейтін жол соңы “белгісі” – бөлу символы қойылады. Бұл
символ Enter пернесінің көмегімен қойылып, Backspace немесе
Del пернесінің көмегімен өшіріледі. Егер бір жолды бірнеше жолға
бөлу керек болса, онда курсорды бөлетін жерге орналастырып,
Enter пернесін басу керек. Ал бірнеше жолды біріктіру үшін
|