«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті: әрбір
адамның табиғатына қаланған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің
практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген
оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық
негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай тарауларда ашылады: «Ғасырлар
даналығы», «Тату отбасы», «Адам болам десеңіз», «Қандай ғажап әлем!».
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, 1-сыныпта оқу
жылында – 33 сағат; 2-4-сыныптарда оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Пән бойынша білім алушылардың білімін бағалау «Өзін-өзі тану» үлгілік
оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Рухани-адамгершілік білім берудің
ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады.
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ
қоюдың өлшемшарты болып табылады.
«
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек»
және «Музыка» пәндері енгізіледі.
«
Музыка» оқу пәні
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка
бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде
шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін
меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық
85
құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және
шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта –
аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу
жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат,
4-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі.
Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері
білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып
саналады.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық
және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша
«есептелінді»/«есептелінген
жоқ»
қойылады.
Алынған
нәтижелер
(«есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.
«
Көркем еңбек» оқу пәні
«Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін
біріктіретін кіріктірілген пән.
«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің
түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған.
Оқу
пәні
түрлі
шығармашылық
іс-әрекеттегі
кеңістіктік-
бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін,
елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз
ойын білдіруін дамытуға бағытталған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3) 3-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;
4) 4-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық
ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен
нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін
әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың
материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың
АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем
жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды
пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту,
шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен
ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.
«Көркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі
көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-
86
шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
-
құрылымдау;
-
бейнелеу;
-
сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән
бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім
алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін негіз болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына
қойылады.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау
барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін
сақтаулары қажет.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру»
пәні енгізілген.
«
Дене шынықтыру» оқу пәні
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға,
спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін
меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып
табылады.
«
Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және
спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;
өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға
ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке,
ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға
деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке
тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға
және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға
ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру
туралы түсініктерін қалыптастыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына:
1) 1-
сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;
2) 2-
сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
3) 3-
сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
4) 4-
сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық
тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
«
Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны:
- 1-2-
сыныптар үшін: денсаулық туралы білу; қауіпсіздік ережесі; дене
тәрбиесі дегеніміз не; күн тәртібі; жүру және жүгіру; секіру және лақтыру;
ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік-рөлдік қозғалмалы
87
ойындар; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қазақ ұлттық қозғалыс
ойындары; доппен және секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар;
ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар; қауіпсіздік ережесі;
ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын арқылы
коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары; ойынға шығармашылық
идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты өмір салтын қалыптастыру;
ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту
үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;
Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың
қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру
есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/коньки/кросс дайындығы
сабақтары өңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес өзара алмастырылады.
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде
іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс
орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер
енгізуге мүмкіндік береді.
«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде
критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы
«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы
бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына
қойылады.
88
4. 5–9-
СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ
әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и
литература», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі» оқу
пәндері кіреді.
«
Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
2019-
2020 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 5-9-сыныптар
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және
халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың
ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1)
қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2)
тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3)
тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға,
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4)
тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа
прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық
бағдарын сабақ барысында күшейту.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік
бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін
тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы
түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (
https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/
Негізгі орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-
сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін
атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет
89
министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі
орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік
дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты
көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
5) 9-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі
мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға
қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге,
еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның
қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға
негізделген:
1)
тыңдалым және айтылым;
2)
оқылым;
3)
жазылым;
4)
әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
-
берілген ақпаратты түсіну;
-
негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген
көзқарастарды анықтау;
-
тыңдалған материалға жауап беру;
-
жасырын мәтінді анықтау, болжау;
-
қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске
асыру;
-
тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;
-
тыңдалған материалды бағамдау;
-
мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.
«Оқылым» бойынша:
-
жазбаша ақпаратты түсіну;
-
мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;
-
мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;
-
сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;
-
мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;
-
әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;
-
түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;
90
-
мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
«Жазылым» бойынша:
-
өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;
-
тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін
жазу;
-
жоспар құру;
-
өзіндік стильде мәтін құру;
-
тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде
шығармашылық жұмыс жазу;
-
түрлі жанрда мәтін құру;
-
мәтіндерді салыстыру;
-
мәтіндерді түзету және түрлендіру;
-
оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;
-
эссе жазу.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер
оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
-
орфографиялық норма;
-
орфоэпиялық норма;
-
лексикалық норма;
-
грамматикалық норма;
-
пунктуациялық норма.
Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары
туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін
бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың
жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:
оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды, тыңдалым
және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік
дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін
нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;
мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала
отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық
сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа
коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы,
тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);
әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір
деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі
жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған
лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі
мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.
Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға,
сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық
91
тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген
жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң»
бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын
байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін
жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында өмірлік маңызды міндеттерді
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме,
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін
тигізеді.
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері
енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу
мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба
стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын
жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау
дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда,
күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын
ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып,
грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен
байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті
түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде көрініс табады.
Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында
әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде
оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда
қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті
жүктеледі.
Мәтінді оқыту кезеңдері:
Мәтіналды ( тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:
мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді
алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.
Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:
әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар
(сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса,
кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Мәтіннен кейінгі тапсырма:
мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау
сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде
кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы
қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де
байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы
92
керек.
Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
5-9-
сыныптардағы оқу жылдамдығы
Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін
маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқытудың екінші негізгі
кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады: алайда
5-9-
сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты
назар аударылады.
5-
сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді
бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес түсініп оқу
болатынын ескерген жөн.
5-9-
сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар
Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу
барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі. Оқу
жылдамдығының нормалары төмендегі 36-кестеде келтірілген.
36-
кесте. Оқу жылдамдығының нормалары
Сыныптар
Міндетті деңгей
Мүмкіндік
деңгейі
5-
сынып
105 –
115 сөз
110 –
120 сөз
6-
сынып
115 –
125 сөз
120 –
130 сөз
7-
сынып
125 –
135 сөз
130 –
140 сөз
8-
сынып
135 –
145 сөз
150 –
160 сөз
9-
сынып
145 –
155 сөз
170 –
180 сөз
Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын
талаптар біршама өзгерді. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар төмендегі 37-
кестеде келтірілген.
37-
кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |