ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет2/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

дайындық курстарын ұйымдастырады. 

 

 



  2019-

2020  оқу  жылының  ерекшелігі  еліміздің  білім  беру 

ұйымдарының  4,  9  және  10-сыныптарында  жаңартылған  білім  мазмұнын 

енгізу болып табылады.

 

4-

сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре 

отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде 

білім  алушылардың  жаңа  білімді  өз  бетінше  іздестіруі  үшін  жағдай  жасау 

маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. 



9-

сыныптардың  оқу  бағдарламасының  ерекшелігі  базалық  білім 

беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.  

 

9-

сыныптардың  оқу  пәндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары 



жоғары  деңгейдегі  ойлау  дағдыларын  дамытуға,  толыққанды  қарым-қатынас 

жасауға  қажетті  және  тұлғаның  дамуына  ықпал  ететін,  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды 

дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 

Бұдан  басқа,  оқыту  процесінде  тоғызыншы  сынып  оқушыларының 

оқытылатын  оқу  материалдарын  талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жинақтау  және 

оқиғаларды,  құбылыстар  мен  процестерді  бағалау  дағдыларының 

қалыптасуына назар аудару маңызды.  

9-

сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту 



және  өзара  оқыту,  пәнге  «тез  арада»  ену  әдісі,  процестерді  модельдеу,  басқа 

пәндік  салалармен  интеграция,  мәтінмен  жұмыс  жасау,  пәндік  тілді  дамыту 

және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық, 

конструкторлық,  әлеуметтік  жобалар,  қысқа  мерзімді,  орта  мерзімді,  ұзақ 

мерзімді  жобалар,  контент-талдау  және  т.б.),  коммуникативтік  әдістерді 

(практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы 

және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.   

10-

сыныпты  оқытудағы  басты  ерекшелік  білім  алушыны  нақты 

мамандануға  және  оның  болашақ  кәсіби  қажеттіліктері  мен  болашақта 

таңдауы  мүмкін  мамандығына  сәйкес  стандартты  және  тереңдетілген 

деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.   

10-11-


сыныптардың  үлгілік  оқу  жоспарлары  Қазақстан  Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен 



11 

 

 



және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы 15 

мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген. 

10-

сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес 



оқу  бағытына  қарамастан  барлық  білім  алушыларға  ортақ  пәндер  тізімі 

анықталды. 

Жаңа  ҮОЖ-да  «бейіндік»  деген  термин  қолданылмайды,  себебі 

қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  (бұдан  әрі  –  ҚГБ)  және  жаратылыстану-

математика  бағыты  (бұдан  әрі  –  ЖМБ)  –  бейіндер  емес,  бағыттар  болып 

табылады.  

Стандартты  және  тереңдетілген  деңгейдегі  пәндерді  таңдау  арқылы 

бейінді білім алушылардың өздері анықтайды, 

10-

сыныпта  Үлгілік  оқу  жоспарында  міндетті  пәндер  саны  қысқарды, 



білім  алушыларға  олардың  жеке  қызығушылықтары  мен  бейімділіктерінің 

дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді. 

Тереңдетілген  деңгейдегі  2  міндетті  және  стандарттық  деңгейдегі  2 

міндетті пәнді таңдау енгізілді. 

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 

сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі. 

Осылайша,  10-сынып  оқушылары  болашақ  мамандығына  назар  аудара 

отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.  

10-

сыныпта  оқушылардың  таңдауы  бойынша  «Кәсіпкерлік  және  бизнес 



негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери 

және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді. 

«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. 

 

Назар аударыңыздар!



 

2019-2020 

оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-

сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.  

«Орта  білім  беру  ұйымдарында  2019  -  2020  оқу  жылының  басталуын, 

ұзақтығын  және  каникул  кезеңдерін  айқындау  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі  № 337 

бұйрығымен  2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді: 

2019-

2020  оқу  жылының  басталуы  –  2019  жылдың  1  қыркүйегі.  Оқу 



жылының аяқталуы - 2020 жылдың 25 мамыры

1-11(12)-

сыныптарда:  

күзгі  каникул  –7  күн  (2019  жылғы  28  қазан  -  3  қарашаны  қоса 



алғанда),  

қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8  қаңтарды 



қоса алғанда),  

көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);  



1-

сыныптарда:  қосымша  каникулдар:  7  күн  (2020  жылғы  3-9  ақпанды 

қоса алғанда). 

12 

 

 



Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:  

күзгі  каникул  –  7  күн  (2019  жылғы  28  қазан  -  3  қарашаны  қоса 



алғанда), 

қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды 



қоса алғанда),  

көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда); 

қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда). 

Сабақтарды  өткізу  мерзімі  мереке  күндерімен,  ауа  райының 

қолайсыздығына және  карантин  енгізілуіне  байланысты  актіленген  күндермен 

сәйкес  келген  жағдайда,  тақырыбын/оқу  мақсаттарын  оқу  пәні  бойынша 

жақын/ұқсас  тақырыптармен/оқу  мақсаттарымен  біріктіріп/тұтастырып, 

кіріктіруді  ескере  отырып  көрсетілген  күндерге  дейін  немесе  кейін  аздаған 

сағат  санымен  оқыту  қажет.  Бұл  ретте,  қосымша  сағаттар  бөлінбейді. 

Журналдарда  біріккен  сабақтар  тақырыбы  бір  жолда  көрсетіледі.  Бұл 

жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп 

есептеледі. 

Бұл  ретте  оңай  мақсаттарды  қарастырып,  жазба  жұмыстарын 

жоспарламаған  жөн.  Білім  беру  ұйымы  басшысының  бұйрығы  негізінде  бұл 

өзгерістерді  электрондық  журналдар  жүйесінде  техникалық  қолдау  арқылы 

көрсетіледі. 

Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.  

 

Назар аударыңыздар! 

Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  жоспарларындағы  вариативтік 

компонентті  қоса  алғанда,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім 

алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта – 

24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с., 

6-

сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-



сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс. 

Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім 

беру  ұйымдары  таңдай  алатын  қысқартылған  оқу  жүктемесімен  Үлгілік  оқу 

жоспарында қарастырылған

 

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 



қыркүйектегі  №  441  бұйрығы).  Білім  беретін  ұйымдар  ата-аналар  комитеті 

және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын 

белгілейді. 

Қысқартылған  ҮОЖ-ды  таңдаудағы  басты  шарт  –  білім  алушылардың 

ерте  кәсіби  бейімделуін  қамтамасыз  ету.  Егер  оқу  пәндерінің  қиыстырылуын 

(комбинациясы)  таңдау  7-сыныпта  жасалса,  онда  таңдалған  оқу  пәндерінің 

қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда) 

оқуды жалғастыру қажет.  



13 

 

 



Жалпы  білім  беретін  мектептердің  7-9-сыныптарына  арналған  ҮОЖ-да 

ескертпе  берілген,  онда  инвариантты  компоненттен  таңдау  бойынша  бейінді 

оқу пәндерінің комбинациялары жазылған. 

Бейінді  оқу  пәндерінің  қиыстырылуы  (комбинация)  ҰБТ  аясында 

пәндерді таңдауға бағытталған. 

Гимназиялар/лицейлерде  де  жүктеме  өзгерді.  Бастауыш  сыныптарда 

гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа 

қысқарту ұсынылады. 

Дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  білім  беру 

ұйымдарында  мектеп  бағытына  байланысты  білім  беру  ұйымының  өзі 

айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді. 

Осылайша,  еліміздің  білім  беру  ұйымдары,  соның  ішінде 

гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі 

қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы. 

 

 

Бескүндік оқу аптасында оқу процесін ұйымдастыру

  

Бескүндік  оқу  аптасына  көшу  жаңартылған  білім  мазмұнына  көшумен 

қатар  жүргізіледі  және  түрлеріне,  типтеріне,  меншік  нысандарына  қарамастан 

барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін. 

Бірқатар оқу пәндері бойынша сабақтарды оқу мақсаттарына және сабақ 

тақырыптарына  сәйкес,  кестеде  өткізілетін  орынды  көрсете  отырып, 

музейлерде,  театрларда,  кітапханаларда,  кәсіпорындарда  және  басқа  да 

ұйымдарда өткізу ұсынылады.  

Егер  мектеп  бес  күндік  оқу  аптасына  көшсе,  мұғалім  сенбі  күнді  өз 

қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігі сенбі күні 

айына бір рет педагогикалық, әдістемелік кеңестердің мәжілістерін және басқа 

да ұйымдастыру іс-шараларын қоя алады.

 

    


2019-

2020  оқу  жылында  4,  9  және  10  сыныптарда 

информатика  пәнінен  жаңа  оқу  бағдарламасы  енгізіледі.    "Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес "Жалпы білім 

беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және 

факультативтер  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы" 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: ....5-тармақ.  

Осы  бұйрық  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн 

өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі,  мыналарды  қоспағанда:  "ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар"  оқу  пәні  бойынша  осы  бұйрыққа  4-


14 

 

 



қосымшада  7  және  21-тармақтарды,  бастауыш  білім  беру  деңгейінің  1-4-

сыныптары үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2021 жылғы 

1  қыркүйектен  бастап  2  және  3-сыныптар  үшін,  2019  жылғы  1  қыркүйектен 

бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін болады.   



 

Назар аударыңыздар! 

2019-2020 

оқу  жылында  Педагогтер  кеңесінің  шешімімен  мектептер 

мектептің 

материалдық-техникалық 

жабдықталуын 

(спортзалдар, 

аудиториялық  қор),  білім  алушылар  контингенті,  кадрлармен  қамтамасыз  ету 

және  т.б.  ескере  отырып,    жеке  пәндерді  оқытуда  сыныптарды  топтарға  бөлу 

туралы дербес шешім қабылдайды.  

1-4-

сыныптарда  қалалық  мектептерде  толымдылығы  24-ке  жеткенде 



немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан 

жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді: 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі; 



оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі; 

шетел тілі; 



ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 

өзін-өзі тану. 



Негізгі  орта  мектеп  бойынша  білім  алатын  сыныптарда  топтарға  бөлу 

төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке 

жеткенде  немесе  одан  асқанда,  ауылдық  жерлерде  20-ға  жеткен  кезде  немесе 

одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді: 

₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті; 



₋ 

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті; 

₋ 

шетел тілі; 



₋ 

информатика; 

₋ 

дене шынықтыру; 



₋ 

көркем еңбек.  

Жалпы  орта  мектеп  бойынша  білім  алатын  сыныптарда  топтарға  бөлу 

төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке 

жеткенде  немесе  одан  асқанда,  ауылдық  жерлерде  20-ға  жеткен  кезде  немесе 

одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді: 

₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті; 



₋ 

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті; 

₋ 

шетел тілі; 



₋ 

информатика; 

₋ 

дене шынықтыру. 



2013  жылғы  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқытылатын  11-сыныптардың 

білім  алушылары  қалалық  мектептерде  толымдылығы  24-ке  жеткенде  немесе 

одан  асқанда,  ауылдық  жерлерде  20-ға  жеткен  кезде  немесе  одан  асқан 

жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді: 



15 

 

 



₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі; 

₋ 

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті; 



₋ 

 

қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек  тілінде  оқытылатын  сыныптардағы    орыс 



тілі; 

₋ 

шетел тілі; 



₋ 

информатика; 

₋ 

бейіндік пәндер; 



₋ 

технология; 

₋ 

дене шынықтыру.  



 

Білім  алушылардың  таңдауына  сәйкес  стандартты  және 

тереңдетілген  деңгейдегі  таңдау  пәндері  бойынша  10-сынып  білім 

алушыларын топтарға бөлуге болады. 

   


Үш тілде оқыту  

 

 



Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  2015  жылғы  23  сәуірдегі  ХХІІ 

сессиясында  берілген  Мемлекет  басшысының  тапсырмасын  және  Ұлт 

жоспарының  «100  нақты  қадам -  баршаға  арналған қазіргі  заманғы  мемлекет»  

79-


тармағын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім 

беруді  дамытудың  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 



м.а.  2015  жылғы  5  қарашадағы  №  622,  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет 

және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан 

Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің  2015  жылғы  13 

қарашадағы №1066 бұйрығына сәйкес) Жол картасы бекітілді. 

Жол  картасына  сәйкес,  оқыту  процесінде  қолдануға  қажетті  Үш  тілді 

оқытудың бірыңғай тілдік стандарты әзірленді (https://nao.kz/) (2016ж.). Тілдік 

стандарт  Қазақстан  мектептерінің  барлық  түрлерінде  үш  мақсатты  тілді 

оқытудың  жалпы  шегін  (тәсілдері,  принциптері,  стратегиялары)  анықтайтын 

негіздемелік құжат болып табылады. 

 

Сонымен бірге «оқыту тілі» және «мақсатты тіл» ұғымдарының мәнін 



ажырату маңызды. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқыту  тілдеріне:  қазақ,  орыс,  ұйғыр, 

өзбек, тәжік жатады. 

Мақсатты  тілдер  болып:  қазақ  тілі  екінші  тіл  ретінде,  орыс  тілі 

екінші тіл ретінде және шетел тілі үшінші тіл ретінде саналады. 

Төменде 1-кестеде үш тілде оқыту бойынша бойынша қазіргі жағдай 

көрсетілген. 

 

 



 

16 

 

 



1-

кесте. Үш тілде оқыту. 

 

 

 



Бірінші тілдер  

 

 



Оқыту тілдері  

Қазақ тілі 

Орыс тілі 

Ұйғыр тілі 

Өзбек тілі  

Тәжік тілі 

 

Екінші тілдер   



Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні (Т2) 

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні (Т2) 

Үшінші тілдер   

Шетел тілі (Т3) 

 

Үш  тілді  білім  берудің  мақсаты  білім  алушылардың  үш  мақсатты  тілді, 



атап  айтқанда:  қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  оқитындар  үшін  қазақ 

тілін,  орыс  тілінде  оқытпайтын  мектептерде  оқитындар  үшін  орыс  тілін  және 

шетел тілін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау. 

Сондай-ақ,  Қазақстанда  этникалық  топтардың  ана  тілдерін  дамытуға 

айтарлықтай  көңіл  бөлінуде.  Осыған  байланысты  көптілді  білім  беретін 

мектептер бар. 

Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мөлшерде оқыту қазақ тілінде 

оқытатын  мектептерде  де,  орыс  тілінде  оқытатын  мектептерде  де  үлгілік  оқу 

жоспарларында көзделеді. 

 

 



«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  тек 

оқыту тілінде оқытылады. 

 

МЖМБС  және  1-11  сыныптарға  арналған  үлгілік  оқу  жоспарларында 



«Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына  «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру 

ұйымдары «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндерінің бірін 

таңдау құқығы бар.  Жұмыс оқу жоспары мен журналда оқытылатын шетел 

тілі көрсетіледі. 

Неміс  және  француз  тілдері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы  7 

наурыздағы № 105 бұйрығымен (10-11 сыныптар);

 

ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 



шілдедегі № 334 бұйрығымен (1-4, 5-9-сыныптар) бекітілді. 

Шетел  тілін  оқыту  жалпы  білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларында 

олардың  бірлігін,  сабақтастығын  және  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін  CEFR 

("Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment" – 

«Шет  тілін  меңгерудің  жалпыеуропалық  құзыреттілігі:  оқу,  оқыту,  бағалау») 

тілдерді оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады. 



2019-

2020  оқу  жылында  10-11  сыныптарда  «Физика»,  «Химия», 

«Биология», «Информатика» оқу пәндері оқыту тілінде жүргізіледі.  

 

Аталған пәндерді  білім  алушылардың,  педагогтердің  және  білім беру 



ұйымдарының  дайындық  деңгейіне  қарай,  ата-аналардың    пікірін  ескере 

17 

 

 



отырып  ағылшын  тілінде  оқытуға  болады.  Білім  бөлімдерімен  келісілуі  

мүмкін.  

 

 



Мектептердің  педагогикалық  ұжымдары  пән 

апталықтарын,  мектепішілік  олимпиадаларды  және 

зияткерлік  конкурстарды  ұйымдастыру  арқылы  үш  тілді 

білім беруді дамытып, қолдауы қажет 

ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда 

CLIL 


технологиясын қолдану ұсынылады (2-кесте). 

 

2-



кесте. Тілді және оқу пәнін кіріктіріп оқыту 

 

 



Тілдік  және  тілдік  емес  пән  мұғалімдерінің  бірлескен  жұмысы  көптеген 

формаларда  өткізілуі  мүмкін.  Шетел  тілі  мұғалімдері  өз  сабақтарында  тілдік 

емес  ЖМБ

 

пәндерінде  оқылған  лексиканы  пысықтай  алады.  Білім  беру 



ұйымдарында,  мүмкіндігінше,  тілдік  және  тілдік  емес  пән  мұғалімдері  бір 

уақытта  бір  сабақта  жұмыс  жасай  алады.  Сонымен  қатар,  сабақтың  қойылған 

мақсаттарын,  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  және  оларға  ЖМБ  оқу 

пәндерін ағылшын тілінде оқуды жалғастырулары үшін мүмкіндігінше қажетті 

қолдау көрсету мақсатында педагогтер сабаққа дейін және одан кейін бірлесіп 

ТІЛ – 


оқыту құралы 

 

Оқыту уақытының көлемі (



әлеуеттік мүмкіндіктер

CLIL технологиясы 



Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Толық енгізу 



Ішінара енгізу 

тілдік емес және тілдік пәндер 

мақсатты тілде оқытылады 

тілдік емес пән бірінші тілде 

оқытылады (мектептегі оқыту тілі) 

тілдік емес пән бойынша сабақтың 

барлық кезеңдері мақсатты тілде 

өткізіледі (жаңа материалды түсіндіру 

кезінде оқыту тілінің қолданылуы 

мүмкін) 


сабақтың жеке кезеңдері мақсатты 

тілде өткізіледі 

тіл пәндері бойынша сабақтарда 

пәндік терминологияны қолдану 

дағдылары пысықталады 

пәндік терминология мақсатты тілде 

оқытылады 

кейбір сыныптан тыс іс-шаралар 

мақсатты тілде өткізіледі 

сыныптан тыс іс-шаралар мақсатты 

тілде өткізіледі 

пән бойынша элективті курстар 

мақсатты тілде оқытылады 

пән бойынша элективті курстардың 

кейбір бөлімдері мақсатты тілде 

оқытылады 



18 

 

 



жұмыс жасай алады. 

«

Шетел  тілі»  пәнінің  мұғалімі  пән  мұғалімімен  оқу  тапсырмаларын 



әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін 

бағалау,  сонымен  қатар  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  құрастыру  бойынша 

бірлесіп  жұмыс  жасай  алады.  «Шетел  тілі»  пәнінің  мұғалімі  пән  мұғалімі 

дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады. 

«

Шетел  тілі»  пәнінің  мұғалімі  білім  алушылардың  тілдік  емес  оқу  пәні 



сабағында  жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін 

жанры,  терминология,  айтылуы  қиын  лексика  және  т.б.)  көмектеседі  және 

шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.  

Пән  мұғалімдері  мен  «Ағылшын  тілі»  пәні  мұғалімдеріне  10-сыныпта 

ЖМБ  оқу  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқытуды  жоспарлау  барысында  Орта 

мерзімді  жоспарды  (ОМЖ)  бірлесіп  жоспарлауға  болады,  бұл  олардың  оқыту 

тәжірибесін  жақсартуға  мүмкіндік  береді.  ОМЖ-ны  бірлесіп  құру  барысында 

білім  алушылардың  да,  педагогтердің  де  тілдік  құзыреттіліктерін  дамытуға, 

қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін 

ұйымдастыруға  мүмкіндіктер  көбейеді.  Педагогикалық  ұжымдар  пәндер 

бойынша  мектеп  мұғалімдерінің  әдістемелік  бірлестіктерінің  дәстүрлі 

формаларынан  бас  тарта  отырып,  әр  түрлі  пәндер,  соның  ішінде  тілдік  және 

тілдік  емес  пән  мұғалімдері  бірлестігіне  біріге  алады.    Бұл  үш  тілде  оқыту  

аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге 

және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  

Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары: 

 

әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;  



 

бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;  

 

параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы; 



 

тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;  

 

тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің 



ынтымақтастығы;  

 

мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.  



Командалық жұмыс:  

 

бірлескен 



жоспарлау 

бойынша 


жүйелі 

жұмыс 


(

ортақ  


тақырыптарды  жоспарлауды,    ҚМЖ,  оқу  тапсырмаларын  және  бағалау 

критерийлерін  әзірлеуді  және  жұмысты  талдауды  (оқу  жетістіктері,  оқу 

үдерісіндегі  білім алушылардың қиындықтары және т. б.);  

 

ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды,  



осы категориядағы білім алушыларға  қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді; 

 

мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды; 



 

өзара сабаққа қатысуды; 

 

бейнежазба жасауды және сабақты талдауды; 



 

оқу материалдарын әзірлеуді; 

 

сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды; 



 

ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды; 

 

менторлықты іске асыруды, ЖМБ  оқу пәндерін ағылшын тілінде  



оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді. 

19 

 

 



Менторлық қолдау түріндегі командалық  ынтымақтастық  құнды болып 

табылады.  Менторлық    немесе  менторинг  ағылш.  –  mentoring  –  оқу  пәндерін 

оқытуда  озық  тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі 

маңызды  емес)  тәжірибесі  аз,  жұмысты    жаңа  бастаған  педагогпен    өзара  іс-

қимылы. 

Ментор – тәлімгер.   Физика, химия, биология, информатика пәндерінің 

мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен  кем дегенде 

В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.   



Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды 

жаңа  бастаған  педагогтің  кәсіби  іс-әрекетін  тексеруші,  оған  баға  беруші, 



бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді. 

Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық 

іс-әрекеттесу  тәжірибесін  талдау  және  ары қарай  кәсіби  өсу  үшін  бағыттарды 

анықтау маңызды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет