ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

 

 

Критериалды бағалау рәсімдері бойынша нұсқаулық 

1. 

Критериалды  бағалау  жүйесінің  принциптері,  рәсімдері  және 

құралдары  

1.1 

Критериалды бағалау жүйесінің принциптері  

1.1.1 


Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:   

• 

Оқыту  мен  бағалаудың  өзара  байланысы.  Бағалау  оқу 

бағдарламасындағы  мақсаттармен  және  күтілетін  нәтижелермен  тікелей 

байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.  

• 

Объективтілік,  нақтылық  және  валидтілік.  Бағалау  нақты  және 

сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу 

мақсаттарына  және  күтілетін  нәтижелерге  жетуді  бағалайтынына  сенімділік 

бар. 


• 

Анықтық  және  қолжетімділік.  Бағалау  түсінікті  және  ашық  ақпарат 

береді,  білім  беру  процесінің  барлық  қатысушыларының  қызығушылығы  мен 

жауапкершілігін арттырады. 

• 

Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін 

уақытылы  және  жүйелі  түрде  қадағалауға  мүмкіндік  беретін  үздіксіз  процесс 

болып табылады. 

• 

Дамуға  бағыттылық.  Бағалау  білім  беру  жүйесін,  мектепті, 

мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.  

Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен 

олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды. 

 

Бағалаудың  негізгі  критерийлері  жоспарланған  нәтижелер  болып 



табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан 

бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ  мен  ТЖБ)    нәтижелерін  қою  алгоритмі 

мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.  

Бағалау  жүйесі  білім  алушылардың  өзін-өзі  бағалау  және  өзара  бағалау 

дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай

 

етіп құрылады





 

1.2 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері 

Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы 

ақпарат  алған  кезде  тұрақты  кері  байланысты  болжайды.  Бұл  ретте  мұғалім 

білім  алушылардың  санын  және  кері  байланыс  жиілігін  дербес  анықтайды. 

Тіпті  аралық  жұмыстың  қанағаттанғысыз  нәтижелері  білім  алушылардың 

нәтижелерін жақсарту үшін ұсынымдық сипатта болуы тиіс. 

1.2.1  Мұғалім  тоқсан  бойы  өткізілетін  бағалауды  алдын  ала  жоспарлауы 

және  бағалау  үшін  оқытудың  нақты  нәтижелерінің  (оқу  мақсатының)  тізбесін 

анықтауы тиіс. 

1.2.2 Қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізу қорытындылары бойынша 

балл қою білім алушылар үшін түсінікті болуы және оқу уәждемесін арттыруға 

ықпал етуі тиіс. 

1.2.

3  Қалыптастырушы  бағалауды  қолдану  оқушылардың  жұмысын 



28 

 

 



тексеру  нәтижелері  бойынша  мұғалім  сабақтағы  жұмыстың  мазмұны  мен 

дұрыстығы туралы жазбаша немесе ауызша пікірлер қолданатынын білдіреді. 

Сабақта білім алушыларды кері байланыспен қамту және саны бойынша 

нормалар  жоқ.  Мұғалім  кері  байланысты  берудің  формасын,  мазмұнын  және 

жиілігін дербес анықтайды. 

1.2.4  Білім  алушылардың  үй  тапсырмасын  мұғалім  жазбаша  түрде 

(дәптерде және/немесе күнделікде) немесе ауызша тексереді және түсіндіреді. 

1.2.5 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ барысында өткізіледі 

және басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді. 

1.2.6  Білім  алушының  орындалған  жұмысының  нәтижесі  немесе 

түсініктемесі  дәптерге  мұғалімнің  таңдауына  кез  келген  түсті  қаламмен 

қойылады. 

1.2.7  Мұғалім  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  қорытындысы 

бойынша:  а)  жеке  алынған  білім  алушы  деңгейінде;  ә)  сынып/параллель 

деңгейінде  алынған  мәліметтерді  талдайды. 

Қалыптастырушы

 

бағалау 


қорытындысы білім алушылармен талқыланады. 

1.2.8  Мұғалім  білім  алушылардың  жиынтық  жұмыстарының  нәтижелерін 

бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды. 

1.2.9 


Мұғалім  білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  нәтижелерін  балл 

түрінде  журналға  (қағаз/электрондық)  қояды,  балдарды  ауыстыру  шкаласы 

бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады. 

1.2.10 


Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық 

бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді. 

1.2.11 

Бір  тоқсанда  үш  және  одан  да  көп  бөлімдер  (ортақ  тақырыптар) 



оқылған  жағдайда,  мұғалім  өздігінен  оқу  мақсаттарының  саны  мен 

тақырыптарының 

ерекшелігін 

ескере 


отырып, 

бөлімдерді 

(ортақ 

тақырыптарды) біріктіреді.  



1.2.13 

Бір  бөлімді  (ортақ  тақырыптарды)  оқыған  жағдайда  ТБЖ-ның 

ширегінде  тоқсанның  екінші  жартысында  бір  рет,  тоқсанның  соңына  дейін 

кемінде  екі  апта  бұрын  өткізіледі.  ТБЖ-ны  екі  бөлікке  бөлуге  және  екі  ТБЖ 

түрінде жүргізуге жол беріледі. 

1.2.14 


БЖБ  мен  ТЖБ  тапсырмаларын  мұғалімдер  сыныптағы  білім 

алушылардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып  өздігінен  құрастырады.  Басты 

талап  -  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкестігі.  Үлгі  үшін 

ұсынылған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын пайдалануға жол берілмейді. 

1.2.15 

Жылдық  жиынтық  бағалау  немесе  оқу  жылының  қорытындысы 



бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді. 

1.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау 

Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 

жеке  жоспарды  қолдана  алады,  дифференциалды  және/немесе  жеке 

тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар 

білім  алушының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  бағалау  критерийлеріне 

(қалыптастырушы және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады. 

Критериалды  бағалау  сұрақтары  бойынша  келесі  дереккөздерге  жүгінуге 

болады:    



29 

 

 



1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 

наурыздағы  №  125  бұйрығымен  бекітілген  білім  алушылардың  үлгеріміне 

ағымдық  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік 

қағидалары (2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген). 

2.  «Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18 

наурыздағы  №  125  бұйрығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  14 

маусымдағы № 272 бұйрығы.  

3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды 

бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016 

4.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  жүйелік-әдістемелік  кешен 

http://smk.edu.kz

 

5.  Критериалды  бағалау  бойынша  әдістемелік  әзірлемелерді                              



Ы.  Алтынсарин  атындағы  ҰБА  сайтының  «Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз  ету.  Әдістемелік  құрал»  бөлімінен  табуға  болады: 



https://www.nao.kz

 

6.  Онлайн  курс  «Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды 

бағалау жүйесі» 

https://academia.kz/ru/course/1

 

 

Назар аударыңыздар! 



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 

10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 

мүмкіндіктері»  Қазақстан  халқына  Жолдауын  жүзеге  асыру  және  «Орта  білім 

беру  ұйымдары  педагог  қызметкерлерінің  жекелеген  санаттарының  жүргізуі 

үшін  ұсынылатын  құжаттардың  тізбесін  анықтау  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 

бұйрығымен  мұғалімнің  кәсіби  деңгейін  көтеру  мақсатында  төмендегідей 

құжаттарды жүргізу белгіленді: 

– 

сынып журналы; 



– 

тақырыптық-күнтізбелік жоспар; 

– 

күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар); 



– 

қритериалды  бағалау  бойынша  құжаттар  (қалыптастырушы  және 

жиынтық бағалау); 

– 

білім алушылардың күнделігі. 



Сынып  журналы  әр  мұғалім  үшін  міндетті  түрде  жүргізілетін  қатаң 

есептегі құжат болып табылады. 

Сынып  журналы  білім  беру  ұйымын  электрондық  жүйеге  қосқан  кезде 

тек  электронды  форматта  толтырылады,  оны  қағаз  түрінде  толтыруға  жол 

берілмейді. 

«Білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  жүргізудің  үлгі  ережесін  бекіту  туралы» 



30 

 

 



Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  бұйрығының  23-

тармағына  сәйкес  білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  нәтижелері  балл 

түрінде  журналға  (қағаз/электрондық)  қойылады  және  балдарды  ауыстыру 

шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.  

Оқу жылы ішінде білім алушыны бір мектептен бір мектепке ауыстырған 

кезде  оның  жиынтық  бағалау  нәтижелері  электрондық  (қағаз)  журналынан 

үзіндімен  ресімделеді,  директордың  қолымен,  мектептің  мөрімен 

куәландырылады  және  білім  алушының  жеке  ісімен  бірге  беріледі  (ҚР  Білім 

және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  9  ақпандағы  №  47  бұйрығы 

редакциясында). 



Оқу  жылында  тоқсанның  қорытындысы  бойынша  электрондық 

журнал  басып  шығарылмайды,  білім  беру  ұйымдарында  электрондық 

журналды  электрондық  тасымалдағышта  (флеш,  диск)  сақтау  көзделуге 

тиіс.  

Электрондық  журналды  жүргізу  жөніндегі  қызметтерді  қамтамасыз 

ететін  компания  электрондық  журналды  мұрағаттық  сақтауды  және 

нормативтік  құжаттар  мен  істер  номенклатурасында  белгіленген  уақыт 

көлемінде "қарау" режимінде қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.  

Табельдер  оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  бір  рет  басып 

шығарылады.  Ата-аналардың  әр  тоқсан  аяқталғаннан  кейін  табельді 

қарауға мүмкіндігі болуы тиіс. 

Білім  алушылар  мектептен  кеткен  жағдайда  табель  қажеттілігіне 

қарай басып шығарылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   


 

Электронды журналды жүргізу  

 

31 

 

 



                                                  

 

1. «Kundelik.kz

» электрондық  журналы 

Kundelik.kz – 

сынып журналы мен күнделікті, сонымен қатар электронды 

құжат  айналымының  мүмкіндіктерін  білім  беру  жүйесінің  барлық 

қатысушылары  арасындағы  желілік  өзара  қарым-қатынастың  құралымен 

біріктіретін интернет-портал.  

«K

үнделік»  журналы  тегін  болып  табылады.  Kundelik.kz  сайтын  



қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды. 

Ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы 

«Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, 

бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты 

пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды. 

Тұтынушы  мәліметтерін  қорғауға  қатысты  ақпарат.  Kundelik.kz  сайты 

және  тұтынушылардың  барлық  мәліметтері  «Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігі»  ММ  бекітілген  және  «Ұлттық  ақпараттық 

технологиялар»  АҚ  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелер  операторына  тиесілі 

ақпараттық-есептеу  ресурстарында,  яғни  Қазақстан  Республикасының 

аумағында  жабық  қорғалған  мерзім  орталығында  орналастырылады. 

Тұтынушылар  мәліметтері  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  тікелей  жүргізуінде  болады.  Kundelik.kz  жүйесіне  кіру  жабық 

болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік 

желі  бар.  Бұл  байланыстың  заманауи  құралы,  соның  арқасында  тұтынушылар 

жүйе  ішінде  бір  бірімен  қарым-қатынас  жасай  алады.  Бұл  әлеуметтік  желіде 

басқа  әлеуметтік  желілер  сияқты  анонимді  тұлғалар  өз  бетімен  тіркеле 

алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді.  

Сондықтан,  Күнделік  желісіне  балаларға  қауіп  төндіретін  анонимді 

тұлғалар  кіре  алмайды,  ондай  тұтынушы  бірден  анықталып,  оған  тосқауыл 

қойылады.  

Бұдан  басқа,  әрбір  тұтынушы  өз  бейінінде,  мәліметтері  ешкімге 

көрінбейтін,  қызметтерді  таңдап  ала  алады.  Бұл  Kundelik.kz-ті  

жасөспірімдердің  қарым-қатынас  жасау  үшін  ең  қауіпсіз  білім  алу  ортасына 

айналдырады. 

Тіркелу  үшін  тұтынушының  ЖСН-інің  болуы  міндетті  емес.  Ата-

аналарға  тіркелу  үшін  тегін,  атын,  әкесінің  атын,  туған  күнін  және  жынысын 

хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап 

етілмейді.  Ата-аналардың  тіркелуі  өз  қалауы  бойынша  іске  асады,  себебі, 

үлгерім  туралы  ақпаратпен  қатар,  ата-ана,  мұғалімдер  және  мектеп 

әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады.  



32 

 

 



Осындай  жолмен,  ата-аналар  мен  педагогтер  арасында  тікелей  онлайн 

коммуникация  орнатылады.  Сонымен  қатар,  келешекте,  мысалы,  Ата-аналар 

кеңесі және т.б. ата-аналарға  арналған ақпараттық бөлімдер қосылады.   

 

«Kundelik.kz»  жүйесінде  жыл  басында  бір-ақ  рет  таңдап  алынатын 



журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1-10-сыныптарға 

арналған  «Критериалды  бағалау  журналы»  және  11-сыныптарға  арналған 

«Классикалық журнал». 

Жиынтық  бағалау  журналында  оқу  бағдарламасы  бөлімдері  үшін 

жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғарғы балл көрсетілген 

баған қарастырылған. 

Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы 2 бірлік), онда 2 

артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балын көрсету қажет емес.  

Жиынтық бағалау журналына: 

• 

бөлім  бойынша  әр  жиынтық  жұмысының  (БЖБ)  балы  –  жиналған 



балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі; 

• 

оқу  кезеңінің  жиынтық  жұмыстары  (ТЖБ)  бойынша  балы  –



ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы; 

• 

оқу  кезеңі  бойынша  баға  -  оқу  кезеңінің  ішінде  барлық  жиынтық 



жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген балдар сомасы;  

• 

жылдық баға – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең 



жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы. 

Пайыздарды  шығару  үшін  балды  енгізген  кезде  браузер  парақшасын 

жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек. 

Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға 

қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. 

Егер  қателесіп  басқа  бөлім  толтырылатын  болса,  онда  алдымен  балдарды 

жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді. 

Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін 

БЖБ-лар  мен  ТЖБ-ларды  қою  керек.  1-сыныптарда  БЖБ-лар  мен  ТЖБ-ларды 

тек 3-4-тоқсандарда қою қажет.  



Жаңа  оқу  жылында  электрондық  журналға  үй  тапсырмасы  және 

айдарлармен  жұмыс  істеу  кезінде  педагогтерге  көмек  ретінде  Күнделік 

жүйесінің  функционалын  пайдалану,  сондай-ақ  электрондық  журнал 

жүргізу  және  үйде  оқитын  балаларға  арналған  сабақ  кестесін  құру,  кері 

байланыстың  ауызша  түсініктеме  беру  құралдарын  пайдалану  бойынша 

ұсыныстар енгізілді. 

Түсіндіру  жұмыстары  мақсатында  мұғалімдер,  ата-аналар  мен  білім 

алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды. 

 

Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады? 

Білім  алушылар  мен  ата-аналарға  тіркелуге  арналған  логин  және  құпия 

сөз  алу  үшін  мектептегі  мәліметтерді  Жүйеге  енгізуге  жауапты  тұлға,  яғни 

әкімші  болып  табылатын  қызметкерге  хабарласу  қажет.  Егер  әкімші  туралы 

ақпарат  болмаған  жағдайда  мәліметтерді  алу  үшін  сынып  жетекшісіне 

хабарласуға болады. 


33 

 

 



Не  үшін  профильді  баптауда  өз  тегі,  аты-жөнін  өзгертуге  болмайды  

және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады? 

Тұтынушылардың  тегі,  аты-жөнін,  туған  күнін  және  жынысын  

редакциялау  құқығының  болмауы  жоғары  тұрған  инстанцияға  ұсыну  үшін 

«Kundelik.kz»  ААЖ  көмегімен  білім  алушылар,  ата-аналар  және  мұғалімдер 

туралы  деректерді  автоматты  түрде  жинауға  негізделген.  Білім  беру 

саласындағы  электронды  құжат  айналымының  мәні  осында.  Берілген 

ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға 

тек  келесі  мектеп  әкімшілігінің  ғана  құқықтары  бар:  •    әкімші;  •    сынып 

жетекшісі. 

Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады? 

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы 

навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-

аналар үшін сол  навигациялық  жолақта  «Балалар»  бөлімі  бар.  Берілген 

сілтемені  басқанда  ол  барлық  мәліметтер  жиналған  бетке  түседі.  «Күнделік» 

сілтемесі  бойынша:  күнделік  (ағымдағы  аптаның  әдеттегі  қалпы  бойынша 

сабақ,  баға  және  үй  тапсырмасы  жөніндегі  ақпараттар);  сабақта  оқытылған 

және үйге берілген тапсырма. 

«Мұғалім  жазбалары»  бағаны  жекелеген  білім  алушылардың  мінез-

құлықтары  мен  олардың  жетістіктері  немесе  оқу  барысында  артта  қалуы 

туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді. 

Білім  алушылардың  бөлімдер/ортақ  тақырыптардың  жиынтық  бағалау 

қорытындылары  бойынша  балдары  аталған  жұмыс  өткізілгеннен  кейін  екі 

күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады. 

Үй  тапсырмасына  «Үй  тапсырмасы»  бөлімінде  қолжетімді,  ал  қоңырау 

және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады. 



Мұғалімдердің,  білім  алушылардың  және  олардың  ата-аналарының 

деректерін қалай жаппай жүйеге енгізуге болады? 

Мектеп профилін  толтыру  кезінде  қызметкерлер  уақытын  үнемдеу  үшін 

жүйеде  мұғалімдердің,  білім  алушылардың  және  олардың  ата-аналарының 

деректерін  импорттауға  болады.  Қажетті  шаблондары  бар  адамдарды 

импорттау жөніндегі нұсқаулықты қолдау қызметі порталынан табуға болады.  

Бағалардың  жиі  сақталмай  жоғалып  кетуіне  байланысты  мұғалімге 

бағаны қайта қоюына тура келеді. Ол жағдайда не істеу керек? 

Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:  

*журналда  әкімші,  пән  мұғалімі,  мұғалім-редактор  немесе  сынып 

жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды; 

* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды; 

*  бағаларды  қоюда  Internet  Explorer  браузері  қолданылды 

(қолданылмайтын нұсқа). 

* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.  

Осыған  ұқсас  жағдайларды  болдырмау  мақсатында  үштен  артық 

қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз. 



Кесте генераторы бойынша сұрақтар.  

Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын 



34 

 

 



топтар  қатысатындығын  тексеру  қажет.  Егер,  қателесіп  басқа  топты  таңдаса, 

онда қойылған бағалар жоғалып кетеді. 

Кестені  ауыстыру  немесе  жаппай  жариялау  қажет  емес.  Егер  бір  пән 

бойынша  ғана  туындайтын  болса,  деректерді  өзгерту  қажет.  Алдымен, 

енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім 

дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде,  

болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту 

керек.   



Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы 

бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?  

Жоқ,  Жүйеге  кіру  және  жұмыс  істеу  қарапайым  браузермен  іске  асады. 

Тұтынушыларға  қолдау  көрсету  порталындағы  «Ұсынылатын  браузерлер» 

мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын 

браузерлер тізбесі бар. 

Жеке  білім  беру  ұйымдары  «Күнделік»  электрондық  журналына  қосыла 

алады. Бұл үшін басты сайтта https://kundelik.kz / қосылуға өтінім беру

 

қажет. 



(«ББҰ қосу» командасы). 

Пайдалануға  қатысты  кез  келген  қиындықтар  туындаған  кезде 

Kundelik.kz пайдаланушыларды Қолдау қызметіне хабарласуға болады: 

8 (727) 313-18-

32 немесе team@kundelik.kz  

 

    



Мектепішілік бақылау 

  

Мектепішілік бақылау МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарларының, Үлгілік оқу 

бағдарламаларының,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлардың,  білім 

алушылардың жеке істерінің және т.б. орындалуын тексеруді талап етеді.  

 

Білім мазмұнына жаңартулар енгізуді ескере отырып, оқу процесін және 



мектепішілік  бақылауды  тиімді  ұйымдастыру  үшін  жалпы  білім  беретін 

ұйымдардың әкімшілігіне төмендегідей нормативтер ұсынылады (5-кесте). 

 

 

№ 



р/с 

Бақылау нысандары 

Норма 

Сабаққа қатысу, бақылау және 



талдау   

айына 10-15 сабақ (директор 



орынбасарларына), 

-

айына 8-10   сабақ (директор 



орынбасарларына) 

мақсатына қарай сабаққа қатысу уақыты 



15 минуттан 40 минутқа дейін созылады 

Қысқа мерзімді жоспарлар мен 



күнтізбелік-тақырыптық 

жылына 2 рет 



35 

 

 



жоспарларды тексеру   

Сынып журналдарын тексеру  



тоқсанда  1 рет 

БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын 



тексеру 

тоқсанда  1 рет  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет