«
Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-сыныптағы базалық
мазмұны төрт негізгі
тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаның қалыптасуы», «Қоғамдағы
өмір», «Адамзат әлемі».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға
34 сағат.
231
Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық бағалау
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысы
бойынша «сынақ» деген баға қойылады. Оқушы бағдарламада көрсетілген
білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын
және ұзақмерзімді жобаны орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«
Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру»,
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытылады.
«
Дене шынықтыру» оқу пәні
«
Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды
рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі
белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал
етеді.
Оқу пәннің мақсаты: оқушылардың бойында өз денсаулығына
қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және
психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда
дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.
Оқу пәннің міндеттері:
1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту
және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің
техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;
2) өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау
қажеттіліктерін тәрбиелеу;
3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму
ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы рөлі туралы білім
деңгейлерін игеру;
4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен
ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу.
Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:
1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);
2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным
белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;
2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;
3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене
шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің
қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі
бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру
құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы
мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың
232
негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды
ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және
қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене
шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және
аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар
берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие
болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт
ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс
әрекеттері ұсынылады.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды
тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті
компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің
орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және
оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру
мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін
бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-
үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға
мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау
өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және
оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі
жазылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты
білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар
санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім
алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық
жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде –
5-
тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған.
Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
Төменде 85-кестеде «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар
санын тоқсандарға бөлу» бойынша тақырыптық жоспар берілген.
233
85-
кесте. Оқу бағдарламаларының бөлімдері бойынша сағат санын бөлу
Бағдарл
ама
бөлімдер
і
Бағдарлама бөлімдері
Оқу тоқсандары. Сағаттар саны
1
2
3
4
Σ
Базалық 1. Жеңіл атлетика
7
-
-
7
14
2. Спорт ойындары
15
8
15
7
45
Футбол
8
-
-
7
15
Баскетбол
-
8
7
-
15
Волейбол
7
-
8
-
15
3. Гимнастика
-
9
-
-
9
4.
Шаңғы дайындығы*
-
-
10
-
10
5.
Жүзу**
-
-
-
6
6
Базалық
компонент
бойынша сағаттар саны:
22
17
25
20
84
Вариати
вті
Вариативті бөлім нақты
спорттық
ойындарды
тереңдетіп оқытуда білім
беру ұйымдары футболды,
волейболды,
немесе
баскетболды
таңдауы
арқылы жүзеге асырылады
4
5
5
4
18
Оқу жылы бойынша сағаттар саны:
26
22
30
24
102
Ескерту:
*–
Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы
төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты
жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
**–
Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу
бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін,
мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене
шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене
шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың
сайтына (
www.nnpcfk.kz
) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
10-
сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
234
«
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып
табылады.
«
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің
дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік
әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен, ҚР БҒМ 2017 жылғы
«27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген оқу
бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери
және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін
негіз болып табылады:
1.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.
2. «
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ
оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606
бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
3.
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі.
Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті,
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын
игеруге бағытталады.
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері
туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің
маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және
міндетін оқыту.
235
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
1)
әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;
2)
әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке
құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;
3)
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық
технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды
жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде
қалыптастыру;
4)
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін
дарытуға тәрбиелеу;
5)
әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста
тәрбиелеу.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерьлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу
сағаттарымен қамтамасыз етіледі.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және
практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық
мазмұны. 10-сынып.
«
Кіріспе сабағы» бөлімі: білім алушыларға «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;
«Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы»,
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық
қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және
ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19
желтоқсандағы № 606 бұйрығы (күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру
қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы
236
әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың
құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
Бөлімдер:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери
қауіпсіздігінің кепілі».
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери
құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».
3. «Тактикалық дайындық».
4. «Атыс дайындығы».
5.
«Саптық дайындық».
6. «Әскери топография».
7. «
Әскери роботты техникалардың негіздері».
8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағына білім
алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп
белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-
техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру
ұйымдарының есебінен іске асырылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке
деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты
міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын
түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен
әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген
қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына
деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің
тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын
орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
«
Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты
техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды
әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу
траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және
алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
«Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімінде –
азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар
Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи
апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-
шаралармен таныстырады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта
«Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу
237
жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті
болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша
оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық
оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық
қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің
мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-
технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда,
террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет
ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару
және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды;
штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының,
радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін,
құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды,
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы
медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық,
химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да
адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету
ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған
ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және
экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рөлінде,
радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы
ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану
құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда,
күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық
көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің
түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы
медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды
238
технологияларды пайдаланады, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық
фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы
мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың
салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін
тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы
төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды;
6)
қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |