ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет36/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48

 

 

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек  

Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы 

                                     

Әбу Насыр әл-Фараби 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің 

зайырлы,  гуманистік  және  даму  сипаты,  азаматтық  және  ұлттық 

құндылықтардың  басымдығы,  адамның  өмірі  мен  денсаулығы,  жеке  адамның 

еркін  дамуы,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеу,  тұлғаны 

білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі, 

тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 

қағидалары болып табылады. 



Білім  беру  -  бұл  тәрбие  мен  оқытудың  біртұтас  жүйесі,  бұл  екі 

құрамдас бөлікті бөлуге болмайды. Құнды және жеке тұлғаға бағытталған 

тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады.  

Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру  жүйесі  алдында  ұлттық 

сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық 

экономика  жағдайында  табысты  еңбек  ететін,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар 

қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр. 

Орта  білім  беру  ұйымдарында  тәрбие  жұмысының  жүйесі  келесі 

нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 

1) 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 



15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 

іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 

2) 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 



15  сәуірдегі  №  145  бұйрығымен  бекітілген,  2019-2024  жылдарға  арналған 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында    тәрбиенің 

Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың  іс-шаралар жоспары; 


 

306 


 

3)   


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 

1  қазандағы  №  525  бұйрығымен  бекітілген,  Қазақстан  Республикасында 

өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.  

Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша 

жүзеге асырылады: 

1. 


Жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу, 

құқықтық тәрбие. 

2. 

Рухани-танымдық тәрбие. 

3. 

Ұлттық тәрбие. 

4. 

Отбасылық тәрбие. 

5. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 

6. 

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 

7. 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 

8. 

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. 

9. 

Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі мінез-

құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу.

 

 

Жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу, 



құқықтық тәрбие. 

2019-


2020  оқу  жылында  аталған  бағыттың  аясында  НЗМ  АҚ  тәжірибесі 

бойынша  «Ұлы  дала  мұрагерлері»  тәрбиелік  азаматтық-патриоттық  жобасын 

жүзеге  асыру  ұсынылады.  Қазақстандық  қоғамға  және  ұлтқа  адалдық, 

болашаққа  деген  берік  сенімділік,  туып-өскен  жерге  деген  сүйіспеншілік 

сезімін  қалыптастыру  бұл  жобаның  мақсаты  болып  табылады.  Ауқымды 

жобаның  аясында  келесі  үш  ішкі  жоба:  «Туған  елге  тағзым» 

жалпыреспубликалық  экспедициясы,  «Тарих  тағлымы»  және  «Қазақ 

мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылады. 

2020  жылы  республикада  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы 

Жеңісінің 75 жылдығы аталып өтеді.  Осыған орай 2019-2020 оқу жылындағы 

тәрбие жұмысының негізгі бөлігін мектептегі, аудандағы (қаладағы), облыстағы 

патриоттық  іс-шаралардың  басым  бөлігін  Ұлы  Жеңіске  құрмет  көрсетуге 

бағыттап ұйымдастыру және өткізу қажет.  

Орта  білім  беру  ұйымдарында  әскери-патриоттық  клубтардың  жұмысын 

белсендендіруге,  патриоттық  клубтардың,  үйірмелердің  және  бірлестіктердің 

слеттарының барлық сатыларының өткізілуін қарастыру. 

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау, 

сонымен қатар өскелең  ұрпақтың  патриоттық  тәрбиесін  жетілдіру  мақсатында 

ағымдағы  жылы  «Жас  сарбаз»  кадет  сыныптарын  және  «Жас  сарбаз»  әскери-

патриоттық клубтарын ашу ұсынылады.  

Жергілікті  жерлерде  қорғаныс  органдарымен  бірлесіп  «Жас  сарбаз» 

қозғалысы аясында «SMART-SARBAZ» үйірмелерін құруды жандандыру. 

«Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы аясында топтар 

өз  өлкесін  зерделейді,  оның  флорасы  мен  фаунасын,  тарихи  орындарының 

маңызын,  мәдениетін,  инновациялық  нысандарды,  сәулет  ғимараттарын  және 

басқаларды (экономикалық бағыт бойынша – өнеркәсіп нысандарын, мәдениет 



 

307 


 

– 

аймақтың  сәулет,  тарихи  ескерткіштерін,  білім  -  мұрағат,  ескерткіш, 



археологиялық  қазбалар)  зерттейді.  «Тарих  тағылымы»  әлеуметтік  жобасы 

қалалардың,  ауылдар  мен  көшелердің,  сонымен  қатар  мемлекеттің,  аймақтың, 

спорттың,  мәдениеттің,  білімнің  дамуына  үлес  қосқан  тұлғалардың  тарихын 

зерделеуге  мүмкіндік  береді.  «Қазақ  мәдениетінің  антологиясы»  жобасы  өз 

өлкесі  ақындарының,  жырауларының,  күйшілерінің  шығармашылығы  арқылы 

ұлттық фольклорды зерделеуге бағытталған. 

Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қала  мен 

өңіріңе,  яғни  кіші  отаныңа  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Туған  жерге, 

оның  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлеріне  айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу  – 

шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің  ең жақсы 

көрінісі  –  туған  жердің  тарихын  оқып-білу.  Білім  алушылар  арасында 

өлкетанулық  білімді  насихаттау  мен  тарату  мәселелері  Қазақстан 



Республикасында  өлкетануды  дамытудың  Тұжырымдамалық  негіздерінде 

көрініс тапқан. 

Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті 

қалыптастыру  мен  дамытуда  әскери-патриоттық  клубтар,  балалар  мен 

жасөспірімдер  қозғалыстары,  оның  ішінде  «Жасұлан»,  «Жас  қыран»,  «Жас 

сарбаз», «Ұлы даланың скауттары», «Жұлдыз» және т.б. қозғалыстар үлкен рөл 

атқарады. 

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау,

 

сонымен  қатар  өскелең  ұрпақтың  патриоттық  тәрбиесін  жандандыру 



мақсатында  республикада  «Жас  сарбаз»  балалар  мен  жасөспірімдер  әскери-

патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас 

сарбаз» бірлестігі) құрылды. 

14  облыс,  Нұр-Сұлтан,  Алматы  және  Шымкент  қалаларында  «Жас 

сарбаз»  бірлестігінің  аймақтық  филиалдары  ашылды  және  жастардың  әскери-

патриоттық  тәрбиесін  жетілдіру  бойынша  аймақ  әкімдерінің  басшылығымен 

Координациялық кеңестер құрылды. 

«Жас  сарбаз»  бірлестігінің  жұмысы  мемлекеттік  органдармен  және 

мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп білім алушылардың әскери-патриоттық 

тәрбиесіне бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық іс-

шаралар кешенін қамтиды. 

Әрбір  халықтың,  әрбір  өркениеттің  баршаға  ортақ  қасиетті  жерлері 

болады,  оны  сол  халықтың  әрбір  азаматы  біледі.  «Қазақстанның  киелі 

орындары»  («Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»)  жобасы  арқылы 

жалпыұлттық  киелі  жерлерді  бекіту  керек.  2017  жылы  Қазақстанның 

жалпыұлттық  киелі  орындары  мен  кешендерінің  100  нысанының  тізімі 

әзірленді.  Ұлттық  санада  Ұлытау  айналасындағы  ескерткіштердің  біріккен 

кешені мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштері мен 

Бекет-Ата  мазарын,  Шығыс  Қазақстанның  ежелгі  кешендері  мен  Жетісудың 

киелі  мекендерін  және  басқа  да  жерлерді  өзара  сабақтастыра  отырып,  ұлт 

жадында  біртұтас  кешен  ретінде  орнықтыру  маңызды.  Олардың  бәрі  біздің 

ұлттық  бірегейлігіміздің  тірегін  құрайды.  Қазақстанның  қасиетті  жерлерінің 

мәдени-географиялық  белдеуі  –  неше  ғасыр  өтсе  де  бізді  кез  келген  рухани 


 

308 


 

жұтаңдықтан  сақтап,  аман  алып  шығатын  символдық  қалқанымыз  әрі  ұлттық 

мақтанышымыздың қайнар бұлағы.  

Құқықтық  білім  берудің  маңызды  міндеті  –  кәмелетке  толмағандар 

арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел 

факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос 

уақытында  жұмысқа  орналасуын  қамтамасыз  етудегі  проблемаларды  анықтау 

диагностикасын қамтуы тиіс. 

Әдетте  тәрбиелік  іс-шараларға  қатысудан  тартынатын  «қиын» 

балалардың  ата-аналары  ерекше  санатта  тұрады.  Бұл  жерде  отбасының 

мәртебесін арттыратын, ата-аналар мен балалардың, сонымен қатар мектеп пен 

отбасы  арасындағы  қарым-қатынасын  нығайтуға  бағытталған  жеке,  сондай-ақ 

ата-аналармен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру маңызды болып табылады. 

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды 

мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың 

пайда  болуының  басты  себебі  отбасыдан  шығады:  балаларға  назар  аудармау, 

қақтығыстар,  ата-аналардың  тәрбие  туралы  білімінің  жетіспеушілігі, 

авторитарлық  тәрбие  т.б.  Қазіргі  кезеңде  отбасымен  жұмыс  істеу  қиынға 

айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді. 

Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және 

дер  кезінде  түзету  ең  алдымен,  мектеп  пен  отбасы  арасындағы  тығыз  қарым-

қатынасты, 

сондай-ақ 

әлеуметтік 

қызметкерлердің, 

педагогтердің, 

психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің 

өзара  іс-қимылына  барып  тіреледі.  Баланың  әлеуметтік  бейімділігін  дамытуға 

әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар 

аудару,  қажетті  әлеуметтік  тәжірибені  алу,  білім  беру  процесін  жүйелі 

ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-

шараларға қатысуы маңызды. 

Девиантты  мінез-құлықтың  алдын  алу  бойынша  бағдарламалар  әзірлеу 

және  іске  асыру  «қиын  балаларды»  әлеуметтік  ортамен  өзара  әрекеттесу 

дағдыларын  үйренуге  арналған:  коммуникативті  дағдылар,  өзін-өзі 

ұйымдастыру  дағдылары,  қақтығыстарды  басқару,  жалпыға  бірдей  заңды 

әдістер  және  тәсілдер  арқылы  проблемаларды  шешу,  «салауатты  өмір  салты» 

модельдері  т.б.  Мұндай  бағдарламалар  әрбір  жасөспірімнің  жеке 

траекториясына  дейін  дифференциалды  көзқараста  болуы  керек.  Мұндай 

бағдарламалармен ата-аналарды және оларды үйретуді қамту маңызды. Алдын 

алу  әдістері  психологиялық  тренингтерді,  тәрбиелік  әңгімелесулерді, 

лекцияларды  қамтиды.  Отбасылық  тәрбие  мәселелері  маңызды  аспект  болуға 

тиіс.


   

Ата-аналар  лекторийлері,  ата-аналардың  қатысуымен  жаңа 

форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.

   

 

 

Ата-аналар  лекторийлері,  ата-аналардың  қатысуымен  жаңа  форматта 



бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады. 

Тәрбие жұмысының түрлерін, ата-аналармен, балалардың отбасыларымен 



 

309 


 

өзара  қарым-қатынас  формаларын  сапалы  түрде  түрлендіру;  сыныптан  тыс 

және  тәрбиелік  іс-шараларды  өткізу  тәсілдерін  қайта  қарау  қажет.  Бұл  ата-

аналар  жұмысбастылыққа  салынған,  отбасылық  тәрбие  мәселесі  күннен-күнге 

өзекті болып отырған, өздерінің шешімін таба алмаған мәселелерімен балалар 

жиі  оңаша  қалатын  жаңашыл  ғасырмен  тікелей  байланысты.  Бұл  әлеуметтік 

мәселе  білім  саласына  теріс  ықпалын  тигізеді.

 

Жасөспірімдер  арасында 



қатыгездік,  өзіне-өзі  қол  жұмсау,  ұсақ  қылмыс  пен  құқық  бұзушылық, 

бұзақылық,  булинг,  жоғары  сынып  оқушылары  бастауыш  сынып 

оқушыларынан  ақша  талап  ету  жағдайлары  көптеп  белең  алды.  Бұған 

педагогикалық  әрекет  ету  қажет.  Әрине,  бұл  құбылыстардың  туындауының 

басты  себебі  мектеп  емес,  бірақ  балалардың  өмірі  мен  қауіпсіздігі  үшін  білім 

беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.  

Бұл  көрсеткішке  әсер  ететін  факторлар  арасында    –  отбасындағы  және 

мектептегі  тәрбиенің  жеткіліксіздігі,  Интернет  желісіндегі  жағымсыз 

ақпараттар  ағымы,  қазіргі  жаhандану  мен  интенсификация  дәуірінің  жастарға 

ұсынатын көптеген міндеттер мен проблемалар бар. 

Жағымсыз  мінез-құлықтарды  алдын  алу  жұмыстары  жүйелілік  пен 

бірізділікті  талап  етеді.  Ол  тренингтер,  пікірталастар,  әңгімелер,  түзету 

жұмыстары,  ата-аналар  жиналысы,  суреттер  көрмесі,  шығарма  жазу  байқауы 

сияқты  формаларды  қамтуы  тиіс.  Ұжымның  бірлігіне,  оның  моральдық 

ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, өзара көмекті 

және  түсінушілікті  дамытуға,  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  іс-шаралары 

дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған. 

Девиантты  мінез-құлық  пен  суицидке  бейім,  сонымен  қатар  зорлыққа 

ұшыраған  балалармен  жұмыс  жасауға  арналған  («Ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және  әлеуметтік 

бейімдеуді  педагогикалық  қолдау  моделі  (оралман  балалар;  мигрант  балалар; 

өмірдің  қиын  жағдайын  көрген  балалар)  әдістемелік  ұсынымдамасы  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz . 

Мектепте  штаттық  бірліктердің  жеткілікті  саны  бар,  қажетті 

үйлесімді жұмыс жоқ. Жаңа оқу жылында әрбір білім беру ұйымы барлық 

білім  алушылардың  қалыпты  мінез-құлқын  қамтамасыз  ету  үшін 

психолог,  әлеуметтік  педагог,  медициналық  қызметкер  және  кәмелетке 

толмағандар  істері  жөніндегі  инспектор  (келісім  бойынша),  сынып 

жетекшілері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және т.б. 

әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады.  

Мектептердің  әлеуметтік-психологиялық  қызметтерінің  жұмысы  қайта 

қаралатын болады. НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.  

Рухани-танымдық тәрбие. 

Тәрбие  жұмысының  екінші  бағыты  «Рухани-адамгершілік  тәрбиені» 

жүзеге асырудың негізгі механизмі ретінде ар-намыс пен мінсіз қызмет көрсету 

туралы  бірыңғай  сабақ  жүргізуді  қарастырады.  «Өзін-өзі  тану»  рухани-

адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде Отан мен ерлік; әлеуметтік, 

қайырымдылық жобаларына қатысу, «Қоғамға қызмет» волонтерлық балалар 

қозғалысы  әлеуметтік  жобасын  дамыту  -  «Мектепке  жол»,  «Қамқорлық», 


 

310 


 

«Мектепке  жиналуға  көмектес»,  «Адамдарға  қуаныш  сыйла»  акциялары. 



Волонтерлық  қозғалысты  ұйымдастырға  арналған  әдістемелік  нұсқаулық 

ретінде  «Білім  беру  саласындағы  волонтерлік  пен  қайырымдылық  және 

олардың  қазіргі  жағдайда  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудағы  рөлі»  атты 

әдістемелік ұсынымдарды ұсынамыз (

https://www.nao.kz

). 

Рухани-адамгершілік тәрбие беруде кездесу кештері, «Қазақстанның ұлы 

ақындары  мен  жазушылары»,  «Адамзаттың  ұлы  ұстаздары»,  «Қазақстанның 

ұлы  ойшылдары  мен  философтары»  әдеби  кештері,  «Сұлулық  әлемді 

құтқарады»  поэзиялық  кештері,  «Мейірбандық  -  адамның  барлық 

адамгершілігіне  түрткі  болатын  негіз»  әдеби-музыкалық  композициясы, 

сынақтар  және  «Махаббат  -  адам  өмірінің  негізі»,  «Қайырымдылық  жасампаз 

күш»  адамгершілік-рухани  мазмұндағы  әңгімелер  айтарлықтай  маңызды  рөл 

атқарады. 

Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы  Абай  Құнанбайұлының  туғанына  175 

жыл  толуына  орай  көпшілік  іс-шаралар  өткізу  ұсынылады:  Абай 

шығармашылығының  онлайн  конкурсы,  әлеуметтік  желілер  арқылы  үздік 

жұмыстар,  өлеңдерді  тарату,  жобалық  жұмыстар,  лекториялар, 

тақырыптық салтанатты жиындар, әдеби оқулар, «Абай – өз халқының және 

барша адамзаттың баласы» атты тақырыпта ұлы ойшылдың шығармалары 

бойынша викториналар мен байқаулар өткізу ұсынылады.

 

Өскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  және  мәдени  құндылықтарын 

сақтау  мен  арттыру  мына  жобалар  арқылы  жүзеге  асырылады:  «Туған  жер», 

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи 

қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық 

білім.  Қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық»,  «Мемлекеттік  тілді  латын  әліпбиіне 

көшіру».

 

    

Назар аударыңыздар!

 

 

Жаңа  оқу  жылында  кітаптың  мәртебесін  көтеру  және 



кітап оқуды қолдау мақсатында білім алушылардың арасында 

«оқу  сәнін»  қалыптастыру бағытында оқу  сағаттары  дәстүрлі 

болуы  тиіс.  Кітаппен  алмасу  үшін  арнайы  –  буккросинг  орындарын 

ұйымдастыру,  кітапқа  деген  ортақ  қызығушылық  негізінде  білім 

алушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар және білім 

алушылар) бірлескен іс-әрекеттерін, кітап көрмелері мен кітап өнімдерінің 

ашық  таныстырылымдарын;  «Кітап  оқитын  мектеп»  конкурстарын, 

кітапханаларға  кітап  сыйлау  бойынша  акциялар;  білім  алушылардың 

кітапханашылармен  кездесулерін,  сонымен  қатар  отбасылық  оқуларға 

арналған  кітаптардың  тізімін  құрастыруды,  ата-аналармен  бірге 

кітаптарды  оқу  және  талқылау,  альбомдар,  буклеттер,  кино-видео 

материалдар әзірлеуді ұйымдастыру қажет.  

Ұлттық тәрбие. 

Тәрбие жұмысының үшінші бағыты «Ұлттық тәрбие» оқушыларға қазақ 



 

311 


 

тілін  білу,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  атрибуттары  мен 

мемлекеттік  рәміздері  туралы  жарыстар  мен  олимпиадалар  өткізу,  әрбір 

мектепте  музейлер  ашу,  атақты  спортшылар,  ғалымдар,  көрнекті  тұлғалар, 

«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жоба  жеңімпаздарымен    кездесулер,  сонымен 

қатар,  өлкенің  тарихи-мәдени  мұраларына  жататын  объектілерінде  мектеп 

оқушыларына  өлкетану  бойынша  тақырыптық  сабақтар  өткізу  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Аталған  бағыт  шеңберінде  мынадай  жобаларды  жүзеге  асыру 

ұсынылады: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі 

және  өлкетануды  дамыту,  экспедиция,  жорықтар,  экскурсиялар  ұйымдастыру, 

«Тарих  мұрасы»,  «Өз  жеріңді  таны»  (өлкетанулық  білімін  және  мектеп 

туризмін,  тарихи-археологиялық  қозғалысты  арттыру,  туған  өлкенің  тарихын, 

мәдениетін  және  дәстүрлерін  терең  зерттеу)  «Табиғат  бесігі»  (туған  жерге 

жауапкершілікпен және аялап қарау). 



Мұғалімдер  әдістемелік  көмек  ретінде  Академия  әзірлеген:  «100  жаңа 

есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның 

киелі  орындары  -  Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасы 

бойынша  тәрбие  жұмысының  құрылымдық  жүйесін  ұйымдастырудың 

модельдері» 

әдістемелік 

ұсынымдамаларды 

пайдалана 

алады 

(

https://www.nao.kz

). 

Отбасылық тәрбие 

Тәрбие  жұмысының  төртінші  бағыты  ата-аналарды  ағарту  мақсатында, 

олардың  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігін  және  мектепте 

балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған. 

Отбасы  –  адамның  бастапқы  әлеуметтенуінің  негізі.  Мектептің  ата-

аналармен  өзара  әрекеттесуі  баланы  тәрбиелеуге,  сенімге,  сыйластыққа, 

шыдамдылыққа  және  бір-біріне  қолдау  көрсетуге  өзара  мүдделілік 

қағидаттарына  негізделуі  керек.  Қазіргі  уақытта  мектеп  пен  ата-аналардың 

құқықтары  мен  міндеттерін  реттеу  үшін  олардың  арасындағы  үлгі  шарт 

міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру 

мен  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  білім  беру  ұйымымен  бірлесіп  әрекет 

жасауға,  ҚР-ның  қолданыстағы  заңнамасында  қарастырылған  ата-аналар 

комитетінің,  қамқоршылық  кеңестің,  ата-аналар  жиналыстары  шешімдерін 

ескеру,  ата-аналар  комитеттері  арқылы  білім  беру  ұйымдарының  басшы 

органдарының  жұмысына  қатысу  тәрбие-білім  беру  процесін  жүзеге  асыруға 

қатысуға міндетті. 

Мұғалімдердің  ата-аналармен  ынтымақтастығы  тәрбиелеу  міндеттерін 

және  баланың  даму  бағдарламасын  айқындау,  сондай-ақ  осы  міндеттерді 

бірлесіп  жүзеге  асыруды  қарастырады.  Ата-аналардың  интеллектуалдық  және 

материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте 

балаларды  тәрбиелеудегі  ұстанымы,  отбасымен  қарым-қатынас  жасауда 

жекелеген  әдіс-тәсілдері  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшісінің  қызметі  үшін 

негіз  болуға  тиіс.  Бұл  үшін  балаларды,  үйде  білім  алатын  оқушыларды  тарту 

арқылы отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің келесідей топтық және 

жеке  түрлері  пайдаланылады:  тәжірибе  алмасу  конференциялары,  тренингтер, 

ең  табысты  ата-аналардың  шеберлік  сабақтары,  пікірталастар,  сұрақ-жауап 



 

312 


 

кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар 

жиналысы,  сондай-ақ,  ата-аналар  мен  балалардың  қатысуымен  іс-шаралар 

ұйымдастыру.  

Әрбір  оқу  тоқсанының  қорытындысы  бойынша  дәстүрлі  қоғамдық 

тыңдаулар  (ашық  баяндамалар)  өткізу  және  ата-аналар  қоғамдастығының 

алдындағы  қамқоршылық  кеңестің  ашық  есеп  беруі,  Білім  күніне  арналған 

жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік 

жанұясы»,  «Жазда  жанұямызбен»  жас  ата-аналар  фестиваль-байқаулары, 

«Жылдың  ең  үздік  ата-аналар  кеңесі»,  «Жылдың  үздік  қамқоршылық  кеңесі» 

слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: 

«Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы 

ата-аналарының  командалары,  мұғалімдер)  өткізіледі.  Осының  барлығы 

отбасылық  тәрбие  мәселелері  бойынша  ата-аналық  жауапкершілік  пен 

құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 

Тәрбие  жұмысының  бесінші  бағыты  білім  алушыларда  кәсіби  өзін-өзі 

анықтауға  деген  саналы  көзқарастарын  қалыптастырады,  адамның 

экономикалық  ойлау  мен  экологиялық  мәдениетін  дамытады.  2019-2020  оқу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет