бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау,
Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014
жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен
міндеттерін қамтиды.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери
қауіпсіздігінің кепілі» бөлімі:
1) Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері – Мемлекеттің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының
негізгі ережелері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы
және атқаратын қызметтерін;
328
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері –
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бөлімнің
жауынгерлік туы. Әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талаптары.
Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы
және міндеттерін;
3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары
–
Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық.
Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық
қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери
құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери
құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери
жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы.
Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;
2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –
Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары
мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі.
Бұйрық, оны беру және орындау тәртібі. Бастықтарға және шені жоғарыларға
мәлімдеме жасауды;
3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау
және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің
міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін
тәртіптік жазалауларды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және педагогикалық кең
мағынада тәрбиелеу – бұл білім алушылардың, балалар мен жасөспірімдердің,
жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын
қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және
қабілеттерін дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және
басқарылатын ықпал ету.
Білім беру жүйесін нығайту және жаңғырту жағдайында егеменді
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсендірілуі табыстылық
коды, әлеуеті мен құндылығы бар екенін түсіну маңызды.
Осыған орай, нақ орта мектеп жасы Қазақстан Республикасы
азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзегі болып
табылатын білім алушылардың құқықтық білім жүйесін қалыптастыруда
шешуші болып саналады.
Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ағарту жөнінде ақпарат алу және ұсыну тәсілдері әртүрлі: сынып сағаттары, әр
түрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлері, куәгерлер,
саясаткерлер, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; күнделікті өмірде әр
түрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында дәрістер,
пікірталастар, талқылаулар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік
сабақтарда азаматтық пен патриотизмге, мораль мен адамгершілік ұғымдарына
байланысты проблемаларды талқылау, киноматериалдарды қарау және т. б.
329
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет социумды тұрақтандырудың
басты факторларының бірі болып табылады, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарға қарсы күрестің табыстылығын анықтайды.
330
8.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА БӨЛІНЕТІН
НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы
апробациялаудың оң қорытындысы бойынша барлық қала мектептерінде жан
басына қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.
Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
мектептерді ондағы білім алушылардың санына қарай қаржыландыру тетігі
болып табылады және балалардың МЖМБС-ның бірыңғай талаптарына сәйкес
орта білім алуына базалық шығыстарды теңестіруге бағытталған. Жан басына
қаржыландыру жағдайында мемлекеттік шығыстарды жоспарлау бірлігі мектеп
емес, білім алушы болады.
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу
қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды:
-
балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық
шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;
-
өңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;
-
мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, білім алушы басына
жоспарлау;
-
мектептер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы білім сапасын
арттыру;
-
мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін
көтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету;
-
бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау;
-
мектептердің педагог қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу
(лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар).
Жан басына қаржыландырудың мақсаты – мектептердің педагогикалық
әлеуетінің рөлін күшейту және материалдық-техникалық базасын дамыту
есебінен білім беру сапасын жоғарылату.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі шығыстардың мына
түрлерін қамтиды:
–
қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек
демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да
міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын;
331
–
білім беру процесіне қатыстырылған қызметкерлерге сыйлықақы
беру;
–
білім беру процесімен байланысты шығыстар (мектепке дейінгі,
орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен
бекітілген арнайы білім беру ұйымдарын Жарақтандыру нормаларына
сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту
құралдарын, оқу-көрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды,
мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру
және бақылау - өлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, көркемөнер
материалдарын, білім алушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін
планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды,
нақпішіндерді, онлайн сабақтар өткізу және жобаларды визуалдау үшін
бағдарламалық жасақтамаларды, әдістемелік қорды, сондай-ақ
бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);
–
коммуналдық шығыстар;
–
пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы
төлеуге арналған шығыстар;
–
ғимараттарды,
құрылыстарды,
техникалық
жабдықтарды,
компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы
жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған
шығыстар;
–
білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде
жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды,
құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дезинфекциялаушы құралдарды,
жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу;
–
білім алушыларды немесе тәрбиеленушілерді ғылыми, спорттық,
шығармашылық және зияткерлік сайыстар мен іс-шараларға
дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар (сахналық
костюмдерді, мектеп командасы үшін спорттық форманы сатып алу, білім
алушыларды іс-шараның өткізілу орнына жеткізу және кері қайтару
жолын, қатысу үшін жарналарды төлеу, ғылыми жобаларға макеттерді
дайындау және басқалар);
–
күрделі шығыстар;
–
банктік (қаржылық) қызметтерге ақы төлеу.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны
емес, бұл мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын
бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы
есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен
ұсталатын
ұйымдардың
қызметкерлеріне,
қазыналық
кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына
сәйкес жүргізіледі.
332
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшері (яғни, 1
білім алушыны оқыту құны) бір күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің
негізінде есептеледі.
Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады:
–
білім беру деңгейіне қарай (1-4-сыныптар, 5-9-сыныптар, 10-11-
сыныптар);
–
білім беру бағдарламаларына қарай (жалпы білім беретін
бағдарламалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар
үшін түзету бағдарламалары);
–
мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер);
–
оқыту орнына қарай (жалпы білім беретін сыныпта, үйде оқыту,
жалпы білім беретін сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім
алушыларды оқыту).
Жан басына шаққандағы нормативті және мектептерді қаржыландырудың
жалпы көлемін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
–
мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қолданылатын барлық
қосымша ақылар мен үстеме ақылар;
–
қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) жалпы білім беретін
мектептердегі сыныптардың; арнайы (түзету) сыныптардағы – 12 білім
алушының нормативтік толықтырылуы.
Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқару
органдарының сыныптар бөлінісіндегі білім алушылардың саны туралы
деректердің негізінде нақты орташа жылдық контингентке байланысты түзету
коэффициентін қолданумен жан басына шаққандағы нормативті орташа
жылдық контингентке көбейту арқылы әр пилоттық мектепте жан басына
шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражаттың жалпы көлемін есептеу
жүргізіледі.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пилоттық орта білім беру
ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың
енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін «Қаржы орталығы»
АҚ көрсетеді.
Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды
апробациялау 2013 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 4 облысындағы 50
пилоттық мектепте (Алматы (4 мектеп), Ақтөбе (15 мектеп), Шығыс Қазақстан
(12 мектеп) және Оңтүстік Қазақстан облысы (19 мектеп) басталды. 2014
жылғы 1 қаңтардан бастап апробацияға қатысушылар қатары Ақмола
облысынан тағы 13 мектеппен толықтырылды. 2017 жылдың қаңтарынан
бастап пилоттық жобаға Нұр-Сұлтан қ. 5 мектеп және Алматы қ. 5 мектеп
қосымша енгізілді.
333
Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу жылының
қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялау
кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны көрсетті.
2016-
2017 оқу жылында пилоттық мектептерде біліктілігін арттырған
қызметкерлер саны екі есеге дерлік көбейді (2514 адам).
Пилоттық мектептерде жоғары, бірінші және екінші санатты педагог
қызметкерлердің үлесі 76%-ға дейін өсті (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш
58% болған).
2012-
2013 оқу жылымен салыстырғанда балалардың дамуына арналған
үйірмелер мен секциялардың саны 2,2 есеге көбейді (бұрын – 780, енді -1734).
Егер 2012-2013 оқу жылында 445 бірлік білім алушылар үшін танымдық
және өнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер өткізілген болса, 2016-
2017 оқу жылында бұл көрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.
2016-
2017 оқу жылында пилоттық мектептердің педагогтері басып
шығарған әдістемелік құралдар мен өзге жарияланымдар саны 2,5 еседен аса
көбейіп, 3208 құрады.
2016-
2017 оқу жылында байқауларға және сайыстарға қатысушы-
жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі де 2012-2013 оқу
жылымен салыстырғанда жоғары.
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы төрт оқу
жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады.
Пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық
жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.
122-
кесте. Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу
жылының қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды
апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау
Көрсеткіштің атауы
2012-2013
оқу жылы
2016-2017
оқу жылы
21
Біліктілігін арттырған қызметкерлер
21%
35,2%
22
Санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі
58%
75,7%
33
Мектепте құрылған және жұмыс істейтін
балаларға арналған үйірмелер мен секциялар саны
780
1734
44
Білім алушылар үшін өткізілген танымдық және
өнегелі іс-шаралар мен мұғалімдер үшін өткізілген
тренингтер саны
445
636
55
Педагогикалық қызметкерлер басып шығарған
(газеттерде, конференциялар жинақтарында, оқу
журналдарында, мектеп сайтында) жарияланымдар,
әдістемелік құралдар (жинақтар, брошюралар,
электрондық құралдар) саны
1251
3208
334
66
Байқауларға және сайыстарға (спорттық, пәндік,
ғылыми,
интеллектуалдық)
қатысушы-
жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың
үлесі
17%
17,2%
77
ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)
71
75,9
88
Педагогтердің орташа айлық жалақысы (мың
теңге)
72
82
Орта білім беру саласын ырықтандыру шеңберінде Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңына толықтырулар енгізілді. Оларға
сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектептерде
орналастыруға мүмкіндік пайда болды.
Сонымен қатар, жеке меншік мектептердің жан басына шаққандағы
қаржыландыру көлемінде алынған бюджет қаражатын өз бетінше жұмсау
құқығы бекітілді.
Орта білім берудегі жекеменшік сектордың дамуы үшін маңызды элемент
жан басына шаққандағы нормативтің құрамына ғимараттың амортизациясына,
әрбір жаңадан енгізілген білім алушы орны үшін шығыстарды қосу болып
табылады, ал бұл жаңа жеке меншік мектептердің салынуына түрткі болады.
Бұл қадам жеке меншік мектептер желісінің дамуына себеп болып,
шамадан тыс толы мемлекеттік мектептердің жүгін біраз азайтып, білім алушы
орнының тапшылығын төмендетеді.
Жоғарыда атап көрсетілген шаралар мемлекеттік мектептердің жоспарлы
түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін тигізеді, бұл,
өз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:
-
орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның
ішінде жаңа мектептердің құрылысына);
-
білім алушылар орны тапшылығының төмендеуі;
-
үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.
Осылайша, жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру
қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге, білім беру қызметтерінің
қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады.
335
9.
ШАҒЫН
ЖИНАҚТЫ
МЕКТЕПТЕРДЕ
ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты басшылыққа алынады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы шағын жинақты
мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып
жиынтықтары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар
жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық орталық)
қызметі жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгілік қағидаларына сәйкес және
мектеп жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептерде үш немесе төрт сынып біріктірілген
жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.
ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 наурыздағы № 91 бұйрығына сәйкес оқытуды
ұйымдастыру шарттары бойынша білім беру ұйымы қызметінің үлгілік
қағидаларының 13-тармағы жаңа редакцияда жазылған: «Әртүрлі жастағы
оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге жол беріледі».
Сондықтан да, біріктірілген сыныптардың тиімді нұсқаларын мектеп
анықтайды.
Сынып саны мен балалар контингентін ескере отырып,
біріктірілген сыныптарды жинақтау мәселелерін талқылауды әдістемелік
бірлестіктердің отырыстарында және мектептің педагогикалық кеңесінде қарау
ұсынылады.
ШЖМ-дағы оқу процесінің ерекшелігі, біріктірілген сынып-комплектіде
білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды ұйымдастыру
болып табылады. Біріктірілген сыныптарда әртүрлі жастағы оқыту келесідей
ұйымдастырылады:
1.
барлық оқу пәндері бойынша үнемі барлық сабақтарда;
2.
әр жастағы топтарда тұрақты түрде технология, дене шынықтыру,
бейнелеу өнері, музыка сабақтарында;
336
3.
әр сыныптардағы оқу материалының мазмұны сәйкес келген жағдайда
жүйелі (бір тақырыптағы сабақтар) жүргізіледі: бастауыш мектепте оқу
процесін қайталанатын тақырыптар бойынша сабақтар бір уақытта барлық
сыныптарда өткізілетіндей етіп жоспарлау ұсынылады; сабақтың бір бөлігі
әңгімені талқылау, әңгімелесу, тәжірибе, сурет, кесте көрсету үшін қолданылуы
мүмкін,
содан кейін әр сыныптың білім алушылары өз бетінше оқу
тапсырмаларын орындайды.
Егер мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде әртүрлі жастағы оқытуды
ұйымдастыруды таңдаса, онда бір пән бойынша сабақ кестесін құру
ұсынылады.
Сабақта әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара қарым-қатынасы
ұйымдастырылуы мүмкін:
−
сабақтың барлық кезеңдерінде;
−
жалпы оқу міндеттерін шешу үшін жекелеген кезеңдерде, мысалы,
әдебиеттік оқу сабағында жоғары сынып білім алушылары жазушының
өмірбаянымен таныстырады немесе әдеби шығарма оқиды;
–
жағдай бойынша қажеттілігіне қарай, мысалы, дене шынықтыру
сабағында ойын ұйымдастыру үшін, сабақ қорытындысын шығару кезінде,
материалды жіберіп алған кіші жастағы білім алушыға көмек көрсету үшін.
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жастағы балалардың өзара қарым-
қатынасының арнайы тәсілдерін қолдану ұсынылады:
1. Үй тапсырмасын тексеру.
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылардың
ауызша және жазбаша үй тапсырмаларының орындалуын тексереді және
бағалайды;
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылар үшін
сұрақтар мен тапсырмаларды таңдайды немесе құрастырады, содан кейін осы
тапсырмалар бойынша сауалнамаға қатысады;
•
жоғары сынып білім алушылары төменгі сынып білім алушыларына
жауап беру барысында көмектеседі.
2.
Жаңа материалды оқыту (мысалы «Дүниетану» оқу пәні бойынша):
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушыларына
жаңа материалды айтады, «дүниетану» пәні бойынша мәтінді оқиды»;
•
жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады
(мәтіннің қажетті үзіндісін қарындашпен белгілеу; мәтін мазмұнын қайта айту,
мәтінді талқылау; мәтін бойынша сұрақтар құрастыру);
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен
бірге тірек материалдарын, сызбалар, кестелер құрастырды (оқу және жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде);
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы балалармен бірге
бірлесіп бақылау, тәжірибе жасау, оқу құралдарымен жұмыс және т. б.
ұйымдастырады.
3.
Оқытылған материалды бекіту (мысалы әртүрлі оқу пәндері бойынша):
337
•
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен
бірге кроссворд, ребус құрастырады және оларды шешеді, тапсырмалар
құрастырады және оларды шешеді, викторина сұрақтарына жауап береді;
•
оқылған қосымша әдебиетті ұжыммен талқылайды;
•
жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады
(мәтіндерді сұрақтарға, жоспарға сәйкес бөлімдерге бөлу; мазмұндау – толық,
таңдау бойынша, шығармашылық тұрғыдан, қысқаша; оқығаны туралы пікір
дайындау);
•
жоғары сынып білім алушылары оқу ойындары-жарыстар
ұйымдастырады («өлең жолын аяқтаңыз», «мен бастаймын, ал сен
жалғастырасың…»);
•
жоғары сынып білім алушылары кіші балалармен бірге фильмдердің,
роликтердің және т. б. үзінділерін қарап, талқылап, түсініктеме береді;
•
жоғары сынып білім алушылары материалды бекіту және қайталау
барысында кіші балаларға жеке түрде көмек көрсетеді.
4. Білімді бақылау:
•
жоғары сынып білім алушылары жалпылама сабақтар дайындайды;
•
жоғары сынып білім алушылары материалдарды, оқу тапсырмаларын,
конкурстар дайындайды;
•
жоғары сынып білім алушылары сынақ өткізеді, дербес жұмыстар
жүргізеді, оларды тексереді және бағалайды;
•
өзара бақылау.
Білім беру мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайында шағын жинақты
мектеп педагогтары біріктірілген сыныптардағы сабақта бағдарламалық
материалмен өзіндік жұмыстың істеудің ұзақтығын өз бетінше анықтайды.
Біріктірілген сыныптардағы оқыту ерекшелігі үнемі өз бетінше жұмыс істеуге
негізделген. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұсынылатын
стратегиялар, оқыту әдістері мен технологиялары ШЖМ жағдайында жұмыс
істеу үшін де қолайлы. Алайда барлық стратегиялар білім алушылар саны аз
сыныптарда, сынып-кешендерде қолданылмайды. Бұл жағдайда педагогтың
шығармашылық тәсілге баса назар аударуы қажет. Егер сабақтағы жұмыс
түрлері бұрынғыша болса, онда олардың мазмұны өзгереді. Осылайша, білімді
проблемалық тапсырмалар, бағдарламалау, зерттеу элементтері бар
шығармашылық есептер арқылы өз бетінше алуға болады.
Сабақта жаңа материалды бекітуді әртүрлі жаднамалар, алгоритмдер,
схемалар мен кестелер, презентациялар және т. б. қолдану арқылы жүргізу
қажет. Қайталау кезінде нұсқаулықтарды, үлгілерді, органайзерлерді және т.б.
пайдалануға болады. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында
дайындықтан өткен мұғалімнің арсеналында жұптық және шағын топтарда
жұмысты ұйымдастыру үшін белсенді әдістердің түрлері көп.
ШЖМ-да жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды
ұйымдастыру мәселесі өзекті болып табылады және біріктірілген сыныптардың
жағдайларына бейімделу мәселесін шешу бағытында арнайы әзірлемелерді
талап етеді.
338
2019-
2020 оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша
оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін
ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі механиздері
ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде біріктірілген
сыныптар үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру.
Ол үшін
біріктірілген сыныптарда оқытылатын оқу материалының мазмұнын алдын ала
талдау қажет. Алынып отырған бейімделген материал негізінде тақырыптарды
салыстыру және саралау жолымен оқыту мақсаты анықталады және
жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын біріктірілген сыныптар
үшін ұзақ мерзімді жоспар жасалады. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша орта
мерзімді жоспар әзірленеді.
Келесі кесте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын
шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптары үшін орта және қысқа
мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмін айқын көрсетеді.
1-
сызба. ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін орта мерзімді және қысқа
мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі
Біріктірілген сыныптарда оқу үдерін ұйымдастыру және өткізу үшін орта
мерзімді жоспарда оқыту мақсаттары жаңартылған бағдарламалар бойынша
толықтырылады және түзетіледі. Оқу материалын біріктіру кезінде сағат
санының сәйкестігін салыстырып, оларды бекіту және жинақтау, білімін
тексеру сабақтары есебінен қайта бөлу қажет. Бейімделген оқу бағдарламасына
сәйкестендірілген оқу мақсаты жаңартылған бағдарламалар бойынша білім
алатын біріктірілген сыныптар үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау
үшін бағдар болып табылады.
Мысал ретінде шағын жинақты мектептердің біріктірілген 5, 6-
сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» бойынша параллель тақырыптарды
өткізуді ұсынады. Мысалы, 5-сыныпта екінші тоқсанда «Абайды оқы,
+
Ұзақ мерзімді
жоспар
Ұзақ мерзімді
жоспар
Талдау
Оқу бағдарламаларын
бейімдеу:
1. Тақырыптардың
арақатынасы.
2. Модульдер мен блоктарға
бөлу (қажет болған
жағдайда).
3. Сағаттарды есептеу.
ОМ
Ж
ҚМ
Ж
339
таңырқа!», ал 6-сыныпта – «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімдері
оқытылады. Бірінші бөлімде (5) қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз»,
«Жетінші сөз», «Отыз бірінші қара сөз» оқытылса, екінші бөлімде
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері
оқытылады.
Төртінші тоқсанда 5-сыныпта «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша
Т.Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі, Нұрдәулет Ақыштың
«Нағыз әже қайда?» әңгімесі 6-сыныпта оқытылатын «Тәуелсіздік – қасиет
тұнған ұлы ұғым» бөлімі бойынша Е.Жүністің «Менің атым -Тәуелсіздік»
өлеңі, А.Алтайдың «Прописка», Р.Ғамзатовтың «Ана тілі», «Менің
Дағыстаным» шығармалары ұлттық құндылық мәселелерін шешуге
бағытталған.
123-
кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен
шағын жинақты мектептің 5-6-шы біріктірілген сыныптарына арналған оқу
материалының мазмұнын талдау
№
Оқу материалының
мазмұны
5-
сынып
Тақырып
тардың
сәйкестігі
(5-
сынып)
Тақырып
тардың
сәйкестігі
(6-
сынып)
№
Оқу материалының
мазмұны
6-
сынып
5.2.1.1
«Керқұла атты
Кендебай» ертегісі
+
+
6.1.1.1
«Аяз би » ертегісі
5.1.2.1
«Қобыланды
батыр»жыры
+
+
6.2.4.1
«Алып Ер Тұңға»
жыры
5.3.2.1
Асан қайғы «Асан
қайғының жерге
айтқан сыны»
аңызы
-
-
6.3.4.1
Әл Фараби
«Қашықтасың
туған жер»,
«Тіршілікте
құрыштай бол
төзімді»
5.1.4.1
Асан қайғы «Асан
қайғының жерге
айтқан сыны»
аңызы
+
+
6.3.4.1
Доспамбет жырау
«Қоғалы көлдер,
қом сулар»,
«Айналайын Ақ
Жайық»
5.1.4.1
Дулат Бабатайұлы
«О,Ақтан жас,
Ақтан жас»
+
+
6.2.4.1
Абай Құнанбайұлы
«Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін»
5.2.4.1
Ыбырай
Алтынсарин
«Қыпшақ
Сейітқұл»
+
+
6.1.4.1
Абай Құнанбайұлы
«Ғылым таппай
мақтанба»
5.2.4.1
Ыбырай
Алтынсарин
«Атымтай Жомарт»
+
+
6.1.2.1
Абай Құнанбайұлы
«Бірінші сөз»
340
5.3.3.1
Ыбырай
Алтынсарин
«Дүние қалай етсең
табылады»
+
+
6.1.2.1
Абай Құнанбайұлы
«Жетінші сөз»,
«Отыз бірінші сөз»
5.1.2.1
А.Байтұрсынұлы
«Егіннің бастары»
мысалы
-
-
6.1.4.1
С.Торайғыров
«Шығамын тірі
болсам адам
болып», «Шәкірт
ойы»
5.3.4.1
«Адамдық
диқаншысы» өлеңі
-
-
6.2.2.1
С.Мұратбеков
«Жусан иісі»
5.1.1.1
5.1.2.1
Б.Соқпақбаев
«Менің атым
Қожа» хикаяты
-
-
6.1.1.1
О.Бөкей «Тортай
мінген ақ боз ат»
5.1.3.1
М.Қабанбай
«Бауыр»
+
+
6.1.2.1
Қалқаман
Әбдіқадыров
«Қажымұқан»
5.1.3.1
Т.Нұрмағамбетов
«Анасын сағынған
бала» әңгімесі
-
-
6.1.4.1
Е.Жүніс «Менің
атым-Тәуелсіздік»
өлеңі
5.1.3.1
Нұрдәулет Ақыш
«Нағыз әже
қайда?» әңгімесі
-
-
6.1.1.1
А.Алтай
«Прописка»
5.1.3.1
Д.Лондон
«Мексика
ұлы»әңгімесі
-
-
6.2.2.1
Р.Ғамзатов «Ана
тілі», «Менің
Дағыстаным»
124-
кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен
шағын жинақты мектептің біріктірілген 6, 8 - сыныптарына арналған
орта мерзімді жоспардың үлгісі
Оқу
бағдарламасына
сілтеме
Оқу
мақсаттары
6-
сынып
Оқу
мақсаттары
8-
сынып
Ұсыныл
ған
оқыту
іс-
әрекет
тері
Белсенді
оқытудағ
ы жұмыс
түрлері
Бағалау Оқу
материал
ын
меңгеруі
Ресурст
ар
І тоқсан
6-
сынып
Отан
отбасынан
басталады
8-
сынып
Білім. Ғылым.
Инновация
6.1.1.1 тірек
сөздер,
мәтіннің
бастапқы
бөлігін тыңдау
арқылы
тақырыпты
және
көтерілетін
мәселені
болжау;
6.1.5.1 тірек
8.1.1.1
мәтін
тақырыбы,
тірек сөздер,
иллюстрация
лар
арқылы
көтерілетін
мәселені
болжау;
8.1
.5.1 тірек
сөздер, автор
көзқарасы мен
көңіл
күйі
Жеке
және
топтық
жұмыс
түрлері
нде:
1.
Көңіл-
күйлерін
эмоциял
ық
тұрақт
1.Теориял
ық шолу.
(Жеке
жұмыс)
2.
Шолу
жасалған
материалд
ы зерделеу
және
талдау
(Топтық
жұмыс)
Мадақта
у және
ынталан
дыру
арқылы
формати
вті
бағалау.
Критери
йлері:
1.
Әңгіменің
1.
мәтіндерд
ен деректі
және
дерексіз
зат,
көптік
мәнді
есімдерді
ажырата
білу,
жазбаша,
Оқулық,
жұмыс
дәптері
,
үлестір
ме
құралда
р,
жазуш
ының
қосымш
а әдеби
341
сөздер,
жетекші
сұрақтар,
мәтін
тақырыбы
арқылы негізгі
ойды анықтау
6.2.2.1
тақырып
бойынша
диалогты
бастау,
жалғастыру,
аяқтаудың
ұлттық
сөз
әдебі мен
сөйлеу
этикеті
формаларын
білу;
6.2.3.1 ауызша
мәтіндер
құрауда
хабарлы
сөйлемдердің
интонациялық
ерекшелігін
ескеріп айту
6.3.2.1 ресми
стильдегі
мәтіндердің
стильдік
ерекшелігін
анықтау
(мінездеме);
6.3.5.1
қосымша
ақпарат
көздерінен
тақырыпқа
байланысты
мәліметтерді
мәтін
мазмұнымен
салыстыру,
қарама-қайшы
ақпараттард
ы анықтау
6.4.4.1
мәліметтерді
жинақтай
отырып,
арқылы негізгі
ойды анықтау
8.2.1.1
тұрақты
тіркестер мен
көркемдегіш
құралдарды
қолданып,
ауызша
мәтіндер
құрау;
8.2.4.1 идеялық
жағынан ұқсас
мәтіндердегі
оқиғалар
желісіне
бақылау жасай
отырып,
мазмұнның
дамуын
салыстыру
және талдау
8.3.2.1
публицистикал
ық
стильдің
(интервью)
тілдік
ерекшеліктері
арқылы
мәтіндердің
жанрын
анықтау;
8.3.4.1
мәтіндердің
түрлерін,
тілдік
ерекшеліктерін
салыстырып,
талдау жасау
8.4.1.1
мәтіндердің
жанрлық және
стильдік
ерекшелігін
сақтап,
интервью
жазу;
8.4.3.1 жазба
жұмыстарынд
а символ мен
кейіптеу
түрлерін
андыру.
2.
«Шатт
ық
шеңбері
».
3.
«Миға
шабуыл
»
сұрақт
ары
4.
Композ
ициялық
құрылы
мына
талдау
3.Қорыты
ндылау.
(Интегр.)
4.
Қысқаша
мәліметте
рді
дәптерге
түсіру
(Инсер.
Әдісін
қолдануға
болады.
(жеке
жұмыс)
5.
Алған
білімдерін
өмірде
қолдану
жағдайлар
ына
мысалдар
келтіру.
мазмұны
н толық
біледі
2.
Жазушын
ың өмірі
мен
шығарма
шылығын
толық
біледі.
3. Әңгіме
құрылым
ына
талдау
жасай
алады.
4. Әңгіме
кейіпкерл
еріне
мінездем
е беріп,
сипатта
йды.
5. Алған
білімдері
н өмірде
қолдану
ға
мысалдар
келтіреді
.
ауызша
жұмыста
рда
қолдану
2.
болжалды
қ
сан
есімдерді
жазба,
ауызша
жұмыста
рда
орынды
қолдану
3.
Алған
білімдерін
өмір
жолында
қолданады
.
оқулық
тары,
портре
ттері.
342
тақырып
бойынша
постер жасау;
6.4.1.1
мәтіндердің
стильдік
ерекшелігін
сақтай
отырып,
мінездеме
жазу
6.5.1.1
мәтіндерден
деректі және
дерексіз зат,
көптік мәнді
есімдерді
ажырата білу,
жазбаша,
ауызша
жұмыстарда
қолдану
қолданып жазу
8.5.1.1
болжалдық сан
есімдерді
жазба, ауызша
жұмыстарда
орынды қолдану
6-
сынып
Қазіргі
қазақ
ауылы
мен
қаланың тыныс-
тіршілігі
8-
сынып
Сауда
жасай
білесің бе?
6.5.2.1
тыңдалған
мәтіннің
негізгі
мазмұнын
түсіну, негізгі
және қосымша
ақпараттард
ы анықтау;
6.5.6.1
тыңдалым
материалдары
ның мазмұны
негізінде
шынайы
өмірмен
байланыстыр
ып жауап беру
6.2.4.1 шағын
көлемді
мәтіндегі
жеке
эпизодтарды
сипаттау
және тілдік
ерекшелігіне
салыстыру
жасау;
6.2.1.1
тура
және
8.1.4.1
орта
көлемді
прозалық,
драмалық және
поэзиялық
шығармалардан
үзінді тыңдау,
тақырыбы мен
идеясын
талдау;
8.1.6.1
тыңдалым
материалдарын
ың
мазмұны
негізінде
деректерді
келтіре
отырып,
дәлелді жауап
беру
8.2.2.1
түрлі
жанрдағы
көркем
мәтіндерге
сүйене отырып,
көңіл-күйді
білдіруде
ұлттық
сөз
әдебі
мен
сөйлеу этикеті
Жеке
және
топтық
, жеке
жұмыс
түрлері
нде:
1.
Оқушы
назарын
, зейінін
сабаққа
аудару.
2. «Мен
қандайм
ын?»
психоло
гиялық
жатты
ғу
3.
«Дұрыс,
бұрыс»
тапсыр
малары
сұрақт
ары
4.Өлең
құрылы
сына
1.Теориял
ық шолу.
(Жеке
жұмыс)
2.
Шолу
жасалған
материалд
ы зерделеу
және
талдау
.(Топтық
жұмыс)
3.
Қорытынд
ылау.
«Аквариум
» әдісі
4.
Қысқаша
мәліметте
рді
дәптерге
түсіру
(Инсер.
Әдісін
қолдануға
болады.
(жеке
жұмыс)
5.
Алған
Мадақта
у және
ынталан
дыру
арқылы
формати
вті
бағалау.
Критери
йлері:
1.
Өлеңнің
мазмұны
н толық
біледі
2.
Ақынның
өмірі
мен
шығарма
шылығын
толық
біледі.
3. Өлең
құрылым
ына
талдау
жасай
алады.
4. Алған
1.
мәтіндерд
ің
стильдік
ерекшелігі
н сақтай
отырып,
күнделік
жаза
алады
2.
Алған
білімдерін
өмір
жолында
қолданады
.
3. жазба
жұмыста
рында
сөзге
қосымша
жалғауда
үндестік
заңын
ескереді;
4.
тақырып
бойынша
эссе жаза
алады;
Оқулық,
жұмыс
дәптері
,
үлестір
ме
құралда
р,
жазуш
ының
қосымш
а әдеби
оқулық
тары,
портре
ттері.
343
ауыспалы
мағынадағы
сөздерді
қолдану, ойын
әсерлі,
мазмұнды
жеткізу
6.3.2.1 ресми
стильдегі
мәтіндердің
стильдік
ерекшелігін
анықтау
(күнделік);
6.3.4.1
мәтіндердің
тақырыбына,
мазмұндық
құрылымына
сүйене
отырып,
түрлерін
салыстыру
6.4.1.1
мәтіндердің
стильдік
ерекшелігін
сақтай
отырып,
күнделік жазу;
6.4.5.1 жазба
жұмыстарын
да
сөзге
қосымша
жалғауда
үндестік
заңын ескеріп,
орфографиялы
қ нормаға сай
дұрыс жазу
6.5.1.2
лексикалық
мағынасы
жағынан
заттың
сипатын,
көлемін,
салмағын,
аумағын
білдіретін сын
есімдерді
ажырата білу,
формаларын
қолдана білу;
8.2.6.1 кесте,
диаграмма,
нұсқаулық
шартты
белгілер
мен
сызбаларда
берілген
ақпаратты
талдау,
баға
беру
8.3.3.1 прозалық
және поэзиялық
шығармаларды
ң
композициялық
құрылымын
анықтау,
кейіпкердің іс-
әрекетіне
немесе
лирикалық
кейіпкердің
образына баға
беру;
8.3.6.1
тақырып
бойынша
бірнеше
мәтінде
көтерілген
мәселелерді
салыстыра
отырып, баға
беру
8.4.2.1
эссе
құрылымы мен
дамуын сақтап,
тақырыпқа
байланысты
берілген мәсе
ленің оңтайлы
шешілу
жолдарын
ұсыну;
8.4.4.1
тақырып
бойынша
мәліметтерді
жинақтап, эссе
жазуда тиімді
талдау
жасау
5.
Өлеңнен
теңеу,
метафо
ра,
эпитет,
ақын
термин
дерін
табу.
білімдерін
өмірде
қолдану
жағдайлар
ына
мысалдар
келтіру.
білімдері
н өмірде
қолдануғ
а
мысалдар
келтіреді
.
5.
бөлшектік
сан
есімдерді
дұрыс
қолдана
алады
344
жазба,
ауызша
жұмыстарда
қолдану
қолдану
8.5.1.1
бөлшектік сан
есімдерді
жазба, ауызша
жұмыстарда
орынды қолдану
Бағдарламаларға сәйкес келмейтін және сабақтың бір тақырыптық
жоспарын әзірлеу мүмкіндігі болмайтын тақырыптарды өтуде белгілі бір
әдістемелерді таңдау арқылы сыныптарды бір пәннің аясында біріктіру әдісін
қолдану ұсынылады. Бағдарламаға сәйкес емес тақырыптарды оқыту кезінде
оқытудың сараланған әдістерінен басқа сабақтың әртүрлі кезеңдерінде екі
сынып үшін бірыңғай педагогикалық тәсілдерді қолдануға болады. Бұл
біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру міндетін шешетін
мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
ШЖМ-ның әртүрлі жастағы сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру
әдістерін таңдау кезінде педагогтарға зерттеу және жобалау іс-әрекеттеріне
ерекше назар аудару қажеттілігі көрсетіледі. Олар ШЖМ-да оқу процесін
тиімді ұйымдастырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие, бұл осындай мектептердегі
білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бір жағынан мұғалім білім
алушылардың тұрақты құрамымен және белгіленген кесте бойынша сабақ
жүргізеді. Екінші жағынан, сынып әртүрлі жастағы білім алушылардан
құралған және бір сабақта бірнеше пән оқытылады.
ШЖМ білім алушыларын оқытудағы ескеру қажет:
білім алушылардың қажетті базалық білімі және оларға табысты
жұмыс істеу үшін қажетті техникасы болуы тиіс;
білім алушылар олардан не күтілетінін нақты түсінуі тиіс;
білім алушылардың барлығы болмаса да, басым көпшілігі
тапсырманы дұрыс орындауға қабілетті болуы тиіс.
Білім алушылардың жұмысы қауіпсіз болуы тиіс: педагогтың
бақылауынсыз ықтимал қауіпті құралдарды, сондай-ақ жарамсыз құралдарды
пайдалануға қатаң тыйым салынады; білім алушыларға өзінің зерттеу мен
жобалау жұмысында өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті заттарды пайдалануға,
ықтимал қауіпті жануарлар мен өсімдіктермен (улы, агрессивті, инфекция
жұқтырған және т.б.) байланыста болуға тыйым салынады.
ШЖМ білім алушыларының зерттеу және жобалау қызметін
ұйымдастыру, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын
бейімдеу бойынша педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету үшін бастауыш,
негізгі орта мектеп деңгейінде біріктірілген сыныптар үшін пәндер бойынша
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері
www.nao.kz
сайтында қолжетімді.
Республиканың шағын жинақты мектептерін қолдауда тірек-мектептер
(ресурстық орталықтар) маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта ШЖМ-ны
345
қолдау 594 магнитті ШЖМ бекітілген ЖОМ базасында 181 ресурстық
орталықта жүзеге асырылады.
Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) міндеті – ШЖМ білім
алушыларының сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу, бейіналды
және бейіндік оқытуды жүзеге асыру, ШЖМ білім алушыларының
инновациялық қызметін дамыту, олардың сапалы жаңа деңгейге шығуы үшін
ауылдық мектептерді қосымша біліммен қамтуды кеңейту. Білім беру желісін
құру (білім беру ресурстарын біріктіру) ШЖМ білім алушыларына қажет
болған жағдайда тірек-мектептердің немесе қосымша білім беру ұйымдарының
білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл олардың мүдделері мен
танымдық қажеттіліктерін барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
ТМ (РО) білім беру кешенінің функциялары:
-
жергілікті тұрғындарды тәрбиелеу мен оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
үшін мектептің қолда бар ресурстарын (жабдықтары, бөлмелері, аумағын)
тиімді пайдалану;
-
білім беру кешеніне кіретін білім беру ұйымдарының педагогтарының
үздіксіз кәсіби тұрғыда дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік жұмысты жүзеге
асыру;
-
ресурстық орталықтың барлық балаларына (сессия кезінде медициналық
тексеру, психологтармен жұмыс жүргізіледі; сессияаралық кезеңде тірек
мектебінің мамандары шағын жинақты мектептерге барады) қызмет көрсету;
-
оқу зертханалары мен шеберханаларының жұмыс істеуі, білім
алушыларға кәсіби бағыт беру және шығармашылығын дамыту;
-
дамыту және демалыс орталығы арқылы (сессия уақытында
қызығушылық бойынша үйірмелер жұмыс істейді;
-
сессияаралық кезеңде тірек мектебінің мамандары білім алушылармен
қашықтықтан байланыста болады және магниттік мектептерге барады);
Магниттік мектептер мен тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың)
жылдық оқу-тәрбие жұмыс жоспары педагогикалық кеңестің отырысында
бекітіледі, ауданның (қаланың) білім бөлімімен келісіледі, білім беру
ұйымдарының басшыларымен бекітіледі.
Сессия кезеңінде білім алушыларды тасымалдай отырып, тірек мектебінің
оқу зертханалары мен шеберханаларында практикалық оқу іс-әрекеті
ұйымдастырылады. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық
іс-әрекеті тірек мектебінің пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен
шағын жинақты мектептерде өткізіледі, on-line режимінде интерактивті
сабақтар жүргізіледі.
Электронды, оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалану ТМ (РО)-
ның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Тірек мектебінің білім беру жүйесі аймақтың өзгешелігін, мұқтаждығын және
білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып,
педагогикалық қызметке бірыңғай талаптардың болуы, күтілетін нәтижелердің,
бірыңғай мақсаттардың болуын көздейді. Сонымен қатар мұндай жүйе ауылдық
ШЖМ педагогтарына, білім алушыларды функционалдық сауаттылығы мен
346
әлеуметтендіруге бағытталған құзырлық білім беру парадигмасындағы кәсіпті
әрекеттер нәтижелеріне қайта бағытталуына көмектеседі.
Сессия ұзақтығы үш күннен он күнге дейін, тірек мектебінің (Ресурстық
орталықтың) педагогикалық кеңесі және магниттік мектеп бекіткен оқу
процесінің кестесіне сәйкес белгіленеді. Сессия кезеңінде тірек-мектеп
(ресурстық орталық) толық күн тәртібінде жұмыс істейді
.
Магниттік мектептердің білім алушылары тірек мектебі-ресурстық
орталықтың өз жастарына сәйкес сыныптарына бөлінеді немесе осы білім
алушылар категориясына бөлек өз алдына сыныптар ұйымдастырылады.
Магниттік мектептердің білім алушылары төмен оқу жетістіктеріне
қарамастан білім сапасы жоғары сыныптарға жіберілген жағдайлар орын алған.
Бұл өз кезегінде олардың психологиялық стресс алуына алып келген.
Магниттік мектептердің білім алушыларына оқу процесін ұйымдастыруда
әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді ерекше назарға алу ұсынылады.
Қажет болған жағдайда жеке сабақтар өткізу керек.
Интернат болмаған жағдайда магниттік мектептердің білім алушыларын
сабаққа күнделікті тасымалдау ұйымдастырылады, интернат болған жағдайда
оларға өз бетімен дайындалуы және демалуы үшін жағдай жасалады,
тамақтандыру ұйымдастырылады. Сессия әрбір параллель үшін бөлек өткізілуі
мүмкін.
ШЖМ жоғары сынып білім алушылары тірек мектебі (РО) базасында 10-
11-
сынып білім алушыларының қалауы бойынша екі бағыт бойынша
сыныптарға біріктіріледі. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие
және мектеп компонентіне бөлінген сағат есебінен жүргізіледі.
Бұл ШЖМ жағдайында балаларда параллельдің жоқтығынан бейіндік
бағытты таңдау мүмкіндігі болмаған кездегі тағы бір мәселені шешуге
мүмкіндік береді.
Тірек мектеп ШЖМ білім алушыларының сапалы білім алуына тең қол
жеткізуді қамтамасыз етеді, олардың танымдық және шығармашылық
мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
Әлемдік тәжірибе мен ЕЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, шағын
жинақты мектептер желісін одан әрі дамыту үшін ШЖМ-ді ауылдың
әлеуметтік-мәдени даму орталығы ретінде сақтау, ауылдық және қалалық
мектептер арасындағы білім берудегі алшақтықты азайтуда шағын жинақты
мектептерді қолдау үлгілерін енгізу мақсатында келесі жобаларды жүзеге
асыру ұсынылады: «Серіктес мектептер», «Мобильдік мұғалім» және
«Уақытша отбасы».
ШЖМ білім беру процесінде тәрбие жұмысы маңызды рөл атқарады.
Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, білім алушыларға патриоттық
тәрбие беру үшін әртүрлі сыныптарда, мектептерде сыныптан тыс бірлескен іс-
шаралар өткізу орынды.
Біріктірілген сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
құндылықтарын терең ашу және маңызды қорытынды алу мақсатында әлемдік
мәдени құндылықтар мен ұлттық мәдениет арасында параллель жүргізе
отырып, дәуірлерді салыстыру әдісін пайдалану ұсынылады.
347
Бұл ретте пайдаланылатын ресурстар мазмұнының оқу пәнінің
бағдарламалық материалымен тығыз байланыста болу принципін ұстану қажет.
Осылайша, ШЖМ бүгінде көптеген аймақтық әлеуметтік-экономикалық,
мәдени факторларды ескеретін, бала тұлғасын дамытуға ерекше көзқарасты
талап ететін педагогикалық үдерісті ерекше ұйымдастыруды қажет етеді. Оқу
жылы бойы ШЖМ мұғалімдеріне кәсіби өзара әрекеттесу желісі арқылы,
вебинарларда, мастер-кластарда әдістемелік көмек көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |