Әдістемелік қызмет түрлері:
Әдістемелік көмек – әдіскердің, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар
әдіскерлерінің, педагогтардың, балалар ұжымының сұраныстары мен
қажеттіліктеріне жедел және перспективалық әрекет етуі.Әдістемелік көмек
түрлі құралдармен – кеңес беру, әдістемелік басшылық, әдістемелік қамтамасыз
ету және т.б. жүзеге асырылады.
Тақырыптық кеңес әдіскермен алдын-ала жоспарланып, перспективалық
жоспарға енгізіледі. Тақырыптық кеңестерді оқыту семинарларының
бағдарламасына енгізуге болады. Тақырыптық кеңестерге дайындық кезінде
әдіскер көрнекі құралдар мен әдістемелік материалдарды таңдайды.
Ағымдағы кеңес педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметі барысында
туындайтын әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі түрде өткізіледі.
Жедел
кеңес
әкімшіліктің,
әдіскердің
бастамасы
бойынша
педагогтердің нақты тәрбие ісітерін ұйымдастыру және жүргізу барысында
өткізіледі.Әдіскердің құзыреттіліг жіберілген қателіктерге жедел әрекет
еткенде және шұғыл көмек көрсетуде көрінеді.
Тәлімгерлік жас мамандармен жұмыста, сондай-ақ нәтижелі педагогикалық
тәжірибені игеруде қолданылады. Осы көмек түрінің негізінде, педагог
қызметінің проблемалық өзіндік талдау, оқу бағдарламаларын, жаңа
әдістемелерді апробациялау жағдайы мен процесс талдау және т.б. деректері
бар.
Әдістемелік басшылық педагог қызметкерлермен бірге бірлескен
шығармашылық қызметтің перспективалық және нақты мақсаттарын, оларға
қол жеткізудің тиісті тәсілдерін нақты айқындаумен айқындалады, білім беру
қызметін ұйымдастыру кезеңдері мен тәртібін белгілейді, білім беру қызметінің
нәтижелілігінің
өлшемдері
мен
көрсеткіштерін
әзірлейді,
жұмыс
бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Әдістемелік оқыту – әдіскерлердің әдістемелік бірлестіктерін құру және
жұмысқа қатысу, сондай-ақ педагогикалық шберханаларды, проблемалық
семинарларды, пікірталас клубтарын, шығармашылық зетрханаларды құру.
Әдсітемелік қызмет түрлері:
-
теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарлама);
-
семинар-практикумдар (баяндамалар, хабарлама);
-
диспуттар, пікірталастар («дөңгелек үстел», диалог-дау, дебаттар, форум,
симпозиум, «аквариум техникасы», «панельді пікірталас», «идеялар» кассетасы
және т.б.);
- «
іскер ойындар», рөлдік ойындар, иммитация - сабақ; панорама-сабақ;
-
ғалым-дидакт, психолог, социолог, логопед және дәрігер дәрістері;
-
қазіргі заманғы жаңа әдістемелерді, технологияларды, психологиялық-
педагогикалық ғылымның жетістіктерін талқылау;
419
-
жеке ашық сабаққа, өзара сабаққа қатысу, іс-шараларға немесе олардың
цикліне қатысты талдау;
-
авторлық оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын талқылау және талдау;
-
балалардың дамуын диагностикалау әдістерін талқылау;
-
түрлі көрмелер, өз білімін жетілдіру бойынша есептер (баяндамалар,
рефераттар, сабақ әзірлемелері, дидактикалық және көрнекі құралдар дайындау;
үздік балалар жұмыстарының көрмелері;
-
нәтижелі педагогикалық тәжірибені талқылау және оны тарату мен
енгізуге ұсыныстар;
- «
Үздік әдіскер», «Үздік жыл мұғалімі» байқаулары;
-
педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференциялар жән т.б.
Әдістемелік
қызмет
үлгісіне
сәйкес
әдістемелік
орталықтардың/кабинеттердің мақсаттары мен міндеттері анықталды
1
:
* Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды әдістемелік
қолдау;
* Заманауи білім беру саясаты контекстінде педагогтармен әдістемелік
жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту;
* Консалтингтік қызметтер спектрін кеңейту, олардың қол жетімділігі мен
сапасын қамтамасыз ету;
* Қызметкерлерді ішкі және сыртқы оқыту есебінен өзінің кадрлық әлеуетін
күшейту.
Әдістемелік қызметінің критерийлері:
* Педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіру,
*
Авторлық бағдарламаларды әзірлеу,
* Инклюзивті білім беруді, менторлық институтты, критериалды бағалау
бойынша мектеп және өңірлік үйлестірушілердің қызметін дамыту үшін жағдай
жасау.
Әдістемелік қызметтердің қызметі педагогтердің біліктілігін арттыруды
болжаумен, жоспарлаумен және ұйымдастырумен, олардың қызметінің
мониторингімен, инновациялық педагогикалық тәжірибенің әзірлемелерін
сараптаумен, әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеумен айқындалады.
Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік
кабинеттің/орталықтың қызметі заманауи педагогикалық парадигмаға, жаңа
педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ
заманауи педагогикалық технологияларға негізделген білім беру процесінің
жоғары сапасына қол жеткізуге және қолдауға бағытталған.
1
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік кабинеттердің дамуы. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 116 б.
-
https://nao.kz/blogs/view/
420
17.
ПИЛОТТЫҚ
ОРТА
БІЛІМ
БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ
17.1 11-
сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-ні
апробациялау
11 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқулықтар мен ОӘК
апробациясының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және оларды одан әрі
жетілдіру.
Міндеттер:
•
әзірленген оқулықтардың, ОӘК тиімділігін практикада тексеру:
•
оқулықтар сапасы, ОӘК (әзірленген мазмұнының сәйкестігі);
•
оқулықтар, ОӘК Үлгілік оқу бағдарламалары, оқу мақсаттарына қол
жеткізуге ОӘК бағыттылығы, дизайны);
•
апробациядан өткізілетін оқулықтардың оқу бағдарламасына сәйкес
дәрежесін анықтау;
•
жаңартылған білім беру мазмұнының 11-сынып бағдарламасы
бойынша пысықтау, ұсыныстар, оқулықтар, ОӘК әзірлеу.
Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы апробациялық оқулықтар мен
ОӘК бойынша ұсыныстарды әрбір пилоттық мектеп 2020 жылдың наурыз
айында ұсынады.
11-
сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан
өткізу
2019-
2020 оқу жылында 17 пилоттық мектептің 11-сыныптарында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31
қазандағы № 556 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Кәсіпкерлік және
бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқулықтарын
апробациялау жалғасады.
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік, бизнес,
экономика, менеджмент және маркетинг негіздерінен базалық білім алуы; өз
таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіпкерлік қойманың
ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; қазіргі нарықтық
жағдайларда болашақта өз бетінше әрекеттену үшін практикалық база құру.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің,
даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
2) өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік
тәсілдемелерді қолдану;
3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін
421
қалыптастыру;
2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік
дағдыларын меңгеруі;
3)
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты
жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
4)
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 4 бөлімді құрайды:
«
Стартап акселератор» 1 және «Стартап» 2 алғашқы екі бөлімі бизнес-
моделдеумен таныстырады, сондай-ақ жобаның стартап негізінде «өте қажетті»
разрядынан қажетті әлеуметтік дағдыларды әзірлейді. Білім алушы белгілі бір
білімдерге ие бола отырып, өз бизнес-идеясын қалыптастырады және бизнес-
акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін құралдарды
алады.
«
Кәсіпкердің өзін-өзі ілгерілетуі» бөлімі оқушының әлеуметтік
дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда, онда ол да қаржылық сауаттылыққа
үйренеді, отбасы үшін жеке тиімді қаржылық жоспарлаумен, банк жүйесімен
және халықаралық нарықтармен танысады. Осы бөлімнің басты артықшылығы
демо-шотты пайдалана отырып, KASE нақты мәліметтеріне ойын платформасы
арқылы инвестициялау дағдыларын алу болып табылады.
Бұл жұмыс білім алушылардың аналитикалық қабілетін жандандырады,
оқиғалардың мәнін және олардың экономикалық көрсеткіштерге әсерін түсінуге
үйретеді.
«
Даму стратегиясы» бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму
болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, Бизнестің ауқымымен,
халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан
өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын
қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылардың құқықтарын қорғауға
бағытталған мемлекет және Қоғамдық қозғалыстар жүзеге асыратын шаралар
кешенімен таныстырады.
Орыс және қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 11-
сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні оқыту
процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді, басқа бағыттарда
басымдықтар қоя отырып. Академиялық білімнің орнына практикалық
дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен өзара іс-
әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. Оқыту процесінің өзі
Life-
long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін
тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және
үздіксіз құбылыс болып табылады.
422
11-
сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың
оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау
көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында сынып
журналына "есептелді" ("есептелген жоқ") қойылады.
11-
сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің
оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан
өткізу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31
қазандағы №556 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 16 пилоттық
мектептердің 10-шы сыныптардың «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешендері апробациядан өткізілді, 2019-2020 оқу жылында 16 пилоттық
мектептердің (3-қосымшасы) 11-шы сыныптарда «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендері апробациядан өткізу жалғастырылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып
табылады.
«
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің
дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік
әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.
2019-
2020 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің 10-
сыныбында және 2020-2021 оқу жылынан бастап 11-сыныпта «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген үлгілік
оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери
және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін
негіз болып табылады:
1.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.
2. «
Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ
оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606
бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20
423
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
3.
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі.
Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті,
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын
игеруге бағытталады.
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері
туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің
маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және
міндетін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
6)
әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;
7)
әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке
құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;
8)
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық
технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды
жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде
қалыптастыру;
9)
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін
дарытуға тәрбиелеу;
10)
әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста
тәрбиелеу.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны.
11-
сынып.
«Технологиялық дайындық» бөлімі:
1) Дөңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері. Жол
қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Жол қозғалысы Ережелеріндегі
негізгі түсініктер мен терминдер. Жүргізушілерді, жол жүргіншілері мен
жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;
2)
Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам
және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды
пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр
жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде орналасуын;
3)
Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс,
басып озу. Аялдама және автотұрақ. Қиылыстардан өту бағыттары.
Маршруттық көлік құралдарының аялдамасы және жаяу жүргіншілерге
424
арналған жолдарды;
4)
Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс – Темір жол өткелдері арқылы өту.
Автомагистраль арқылы қозғалыс. Тұрғын аудандардағы қозғалыс.
Маршруттық көлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды
және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды;
5)
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік
құралдарын сүйреу. Көлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау.
Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбаларының қозғалысы
және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл
аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді;
6) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым
салатын белгілерді;
7) Жол белгілері – Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері.
Қызмет көрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі)
белгілерін;
8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі.
Көлденең және тік таңбалану талаптарына сәйкес орындалатын
жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін көлік құралдарының
рұқсатнамасының негізгі ережелерін;
9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері
–
Сабақтағы қауіпсіздік шаралары. Жүргізушінің жұмыс орнын дайындау.
Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың
басқару элементтерін әзірлеу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қозғалтқышты
қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолдағы қозғалыс, тежеу және
тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қисық траекториядағы қозғалыс,
маневр. Қосу қорабының қозғалыс жылдамдығын ауыстыра отырып жүргізу.
Жағдаяттық міндеттерді шешу. Гаражға кіру. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
Тар кеңістіктегі бұрылыс. Автомобильді көлік тұрағына қою. Жағдаяттық
міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Өрде тұрған автомобильді орнынан қозғау,
жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді;
10)
Күрделі жол жағдайында автокөлiк құралын басқару – Қозғалысты
бастау және жол жиегіне (тротуар жанына) тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді
шешу. Қашықтықты сақтай отырып лекпен қозғалу. Жағдаяттық міндеттерді
шешу. Бір қатардан екінші қатарға өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
Реттелмейтін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін
жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Басып озу. Жағдаяттық
міндеттерді шешуді қамтиды.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020
оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша
425
оқу жүктемесінің көлемі:
1) 11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған.
Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455
бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын
іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында 11-шы сынып оқушылары
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын,
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу үшін
жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16
мектеп тізімі қосымша тіркелген).
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы «31» қазан №556
бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 455 бұйрығына 7-қосымша
(Жаңартылған білім беру мазмұнын
пилоттық енгізу туралы)
10-
11 сыныптарға арналған
«Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін
апробациядан өткізу үшін пилоттық мектептердің тізімі
№
Өңірдің атауы
Пилоттық мектептің атауы
1.
Астана қаласы
№ 13 орта мектебі
2.
Алматы қаласы
М. Мәметова атындағы №28 орта
мектебі
3.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы
Н.Крупская атындағы орта мектебі
4.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 51 мектеп-гимназиясы
5.
Алматы облысы, Көксу ауданы
К. Жалайыри атындағы мектеп-
гимназиясы
6.
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 33 орта мектебі
7.
Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы
№ 4 орта мектебі
8.
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы
№ 34 мектеп-гимназиясы
9.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№ 49 мектеп-гимназиясы
10.
Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы
№101 мектеп-лицейі
11.
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі
12.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы
№5 орта мектебі
13.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№ 21 орта мектебі
14.
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
№ 41 орта мектебі
426
15.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл
қаласы
№ 40 орта мектебі
16.
Шымкент қаласы
Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі
17.2 1-
сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
бағдарламаларының апробациясы
2019-
2020 оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер апробациядан
өткізіледі (тізім қоса беріліп отыр).
Оқу жүктемесінің көлемі: 1 сынып – аптасына 2 (екі) сағат, оқу жылында
66 сағат. Бұл оқу пәндерін мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу
бағдарламасымен оқытады.
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары «Білім
берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелді).
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары:
1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын
қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрлері;
3) қызықты және уәждеуші пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың
тілді А1 деңгейінде меңгеруіне жету мақсатын көздейді.
Бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны оқушылардың күнделікті
қарым-қатынаста неміс және француз тілдерін қолдана білуін дамытуға және
одан әрі оқыту үшін берік негіз құруға бағытталған.
Бастауыш мектептің «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу
бағдарламалары оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және
дамытуға, олардың қызығушылығы мен өзіне деген сенімділігін арттыруға,
сондай-ақ неміс және француз тілдерін оқуға деген оң көзқарасты
қалыптастыруға бағытталған. Кең спектрлі дағдылармен органикалық бірлікте
жеке қасиеттерді дамыту білім алушылардың бойына білім берудің базалық
құндылықтарын: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік",
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір
бойы білім беру» сіңіру үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім
алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты
тұлғалық бағдар болуға бағытталған.
«Неміс тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1)
тыңдалым (Hörverstehen/хёрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет
427
түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым
нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, көпшілікке таныс
есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздері,
Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың
тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері;
2)
айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және
іс-әрекеттер туралы қарапайым сөйлем құрастырады, өздерін таныстыра алады,
сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы
сұрақтар қояды, таныс сөздер мен сөздер тізбегін анық айтады;
3)
оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды
және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір
таныс сөздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады;
4)
неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау
септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар
туралы айтады (2-3 сөйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды,
адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр,
ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру
кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сөздерін қолданады, атау
септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты
қолданады.
«Француз тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
5)
тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы
бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа
қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен
елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздерінің
(айтылуы), «Бұл не?» түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың
тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы;
6)
айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар
және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сөйлем құрастырады,
сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет
түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен фразаларды анық айтады,
өзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында өздерін таныстыра алады
және сұрақтар қоя біледі;
7)
оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін
дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді
таниды кейбір көзге таныс сөздерді таниды, сөздерді әліпбилік ретпен
орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады;
8)
француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ):
жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-
мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен
заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын көрсету үшін
sur/сюр, sous/су, dans/дан көмекші сөздерінің қолданылуы, қарапайым
сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кё сэ?, qui est-ce, où est/ки
эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды көрсету үшін ce/сё, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ
сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сё құрылымдарын, өзі туралы негізгі
428
ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды
немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ,
fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, өзі туралы негізгі ақпаратты беру
үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы
формаларын) қолданады.
Оқу бағдарламалары бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына
арналған «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған
мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді
жоспарға сәйкес жүзеге асады.
429
18.
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
Сандық білім беру ресурстары-бұл ұсынылған бейнефрагменттер,
статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық және
интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс
жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар
және оқу процесінде ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары.
Сандық білім беру ресурстары (СБР) –сандық технологиялар базасында
құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.
Оқыту процесінде пайдалану үшін сандық ресурстардың келесі тізімі
ұсынылады:
"Duolingo»
Duolingo-
да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем
құрастыру және таймермен тапсырмаларды орындау қажет. Сервис ақпаратты
қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке
бағдарламаны құрайды. Сайт тегін, бірақ жарнаманы ақылы түрде алып
тастауға болады.
"Memrise»
Интерактивті тапсырмалар мен әр түрлі тақырыптарға жүздеген курстар
(өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) көмегімен ондаған тілді үйренуге
мүмкіндік беретін Портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын
таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқаларды
пайдалану үшін, тіпті оқыту курсын өзіңіз жасай аласыз.
"Udemy»
Пайдаланушылардан он мың курстар бар Сайт. Орыс тілді де бар, бірақ
олар аз — көп бөлігі ағылшын тілінде оқыту бағдарламалары. Саласы әртүрлі:
музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейін
қамтылған. Курстардың ұзақтығы орта есеппен екі сағаттан сегіз сағатқа дейін.
«edX»
Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн-курстар
табуға болады. Өзіңді Гарвард немесе Массачусетс технологиялық
институтының оқушысы сезінудің тамаша тәсілі. Кез келген ғылымды:
430
философия, логистика, бағдарламалау, саясаттану, өнертану және т.б. оқуға
болады.
"Coursera»
Әр түрлі тақырыптарға арналған курстар бар ірі порталдардың бірі.
Мұнда кез келген нәрсені зерттеуге болады, ал қаласаңыз, үйден шықпай-ақ
қандай да бір шетелдік университет дәрежесін алуға болады.
"Skillshare»
Түрлі тақырыптарға ондаған мың бейне сабақ: фотосурет, SEO-
оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б. Контентті құрушылар
үшін өте пайдалы.
"FutureLearn»
Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университеттерді біріктіретін
Британдық ресурс.
"Лекториум»
Оқушылар, студенттер және мамандар үшін көптеген курстар. Курстар өте
сапалы визуалды контентпен ерекшеленеді.
"Универсариум"»
Жалпы білім беретін дәрістер мен еркін қол жетімді курстар.
Білім беруді ақпараттандыру ұлттық орталығы
http://www.nci.kz
2011 жылы" Ұлттық ақпараттандыру орталығы" АҚ 5-11 сыныптарға арналған
Қазақстан тарихы бойынша 468 СБР әзірледі, оның ішінде 234-қазақ тілінде,
234-
орыс тілінде:
5-
ші сынып үшін 98 СБР;
6-
сынып үшін 40 СБР;
7-
сынып үшін 40 СБР;
8-
ші сынып үшін 60 СБР;
9-
сынып үшін 60 СБР;
10-
сынып үшін 58 СБР ;
11-
сынып үшін 112 СБР.
www.BilimLand.kz -
электрондық оқулықтар мен қосымша сандық білім беру
ресурстарынан тұратын білім беру порталы.
www.imektep.kz-
қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған электрондық
оқулықтары бар бастауыш мектептің мультимедиялық курсы (қазақ тілі,
әдебиеттік оқу, дуниетану, математика, өзін тану, еңбекке баулу, музыка,
бейнелеу өнері).
www.twig-bilim.kz -
BBC Motion Gallery студиясынан бейне сабақтар негізінде
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған
электронды оқыту кешені. Баланың дамуы мен PISA тестілеріне дайындық
үшін тамаша ресурс.
431
19.
БІЛІМ
БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ
БАСШЫЛАРЫ
МЕН
ПЕДАГОГТЕРІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Педагогтің өздігінен білім алуы - кәсібилік пен педагогикалық
құзыреттілікті жетілдірудің маңызды шарттарының бірі.
Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу
бағдарламалары мұғалім жұмысының жаңа форматын болжайды, оған оқыту
мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістерін, технологияларын таңдау еркіндігін
береді.
Мұғалімнің білім берудегі заманауи үрдістермен қатар жүргені, үнемі өз
білімі мен біліктерін жетілдіріп, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің соңғы
жетістіктерін қолдана білгені маңызды.
Осыған байланысты білім беру ұйымдарының мамандары үшін келесі
заманауи әдебиеттер тізімі ұсынылады:
1. Даг Лемов «Мұғалімнің шеберлігі. Көрнекті мұғалімдердің дәлелденген
әдістері».
2. Тимоти Уокер «Фин оқыту жүйесі».
3. Джуди Дирксен «Оқыту өнері. Кез-келген жаттығуды қалай қызықты
және тиімді етуге болады».
4.
Питер Грей «Оқу еркіндігі. Мектепке қарсы ойын».
5. Кэрол Дюк «Икемді сана. Ересектер мен балалардың даму
психологиясына жаңа көзқарас».
6. Хосе Антонио Марина «Талантты тәрбиелеу».
7.
Елена Щебланова "«Жетістіксіз дарынды оқушылар».
8.
Нина Джексон «Сынып мұғалімі. «Қиын» оқушылармен, күрделі ата-
аналармен жұмыс істеу және кәсіптен ләззат алу".
9.
Адель Фабер, Эйлен Мазлиш «Балалардың оқуы үшін олармен қалай
сөйлесуге болады».
10.Владимир Лизинский «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім».
11.Джуди Аппс «Тыңдау және есту үшін».
12. Ли Лефевер «Түсіндіру өнері».
13. Джулия Дирксен «Оқыту өнері».
14. Даниель Пинк «Драйв».
15. Аня Каменетц «Тест».
16. Фелиситас Акоста, Соня Ногейра «Мемлекеттік білім беру жүйесін 21
ғасырдың сценарийінде қайта қарастыру. Саясат пен тәжірибе арасындағы жаңа
және жаңартылған мәселелер». Sense Publishers-Роттердам, Нидерланды.
17. Б. Йи, А. Sliwka, Раутиайнен М. "Финляндия: болашақ мектеп
жолында».
18. Эдвард де Боно «Өзіңізді ойлауға үйретіңіз» ойлауды дамытуға арналған
оқу құралы.
19. Парслоу Э., Рэй М. «Оқытудағы Коучинг». Оқытудың практикалық
әдістері.
432
20. Людмила Петрановская «Құпия тірек. Балаға бауыр басу».
21. Людмила Петрановская «Егер баламен қиын болса».
22. Януш Корчак «Баланы қалай жақсы көру керек».
23. Юлия Гиппенрейтер «Баламен сөйлесу. Қалай?».
24. Даниэль Пеннак «Мектептегі қиындық».
25. Бел Кауфман «Төменге құлдыраған баспалдақпен қайта жоғары
көтерілу».
26. Кэндзиро Хайтани «Қоянның көзқарасы».
27. Дэйв Грей «Қылмыстық Ойлау».
28. Малколм Глэдуэлл «Генийлер және аутсайдерлер».
29.Кен Робинсон «Борыш».
30. Кэрол Дуэт «Икемді Сана».
31. Альфи Кон «Марапаттау Жазасы».
32. Джон Медина «Ми Ережесі».
33. Даниель Гоулман «Эмоциялық Интеллект».
34. Аманда Рипли «Әлемдегі ең үздік Оқушылар».
35. Ақиқат Рас «Өмір Сөзсіз Керемет Болады».
36. Пол Таф «Балалар Табысқа Қалай Жетеді?».
37. Дэйв Бургесс «Оқу күтпеген жағдай секілді».
38. Юлия Гиппенрейтер «Баламен сөйлесу. Қалай?».
39. Выготский Л.С. «Жоғары психикалық функцияларды дамыту».
40. Блум Б.С. «Толық меңгеру теориясы: теория және практика».
41. Блум Б.С. «Оқу мақсаттарының жіктелуі».
42. Сухомлинский «Мен балаларға жүрегімді беремін».
43. Игорь Манн «Нөмір - 1. Өз ісіңде қалай жақсы болуға болады».
44. Джим Коллинз «Жақсыдан ұлылыққа. Неге кейбір компаниялар
серпіліс жасайды, ал басқалары ...
45. Дэниел Гоулман
«Эмоциялық интеллект. Неге ол IQ қарағанда көп
болуы мүмкін».
46. Игорь Манн және Дмитрий Турусин «Байланыс нүктелері. Маркетингті
және сіздің компанияңыздың кірісін арттыру үшін жұмыс дәптері».
47. Роберт Чалдини, Ноа Гольдштейн және Стив Мартин «Сендіру
психологиясы. Сендіре алу үшін 50 сендіру тәсілі» .
48. Роджер Сайп «Миды дамыту. Жылдам оқу, жақсы есте сақтау және
үлкен мақсаттарға жету».
49. Кэрол Дуэк «Икемді сана. Ересектер мен балаларды дамыту
психологиясына жаңа көзқарас».
50. Митчел Резник «Оқу спиралы. Балалар мен ересектерді дамытудың 4
принципі».
51. Dorling Kindersley (DK) «Ғылым қалай жұмыс істейді? Біздің әлемнің
құрылымы туралы көрнекі фактілер».
52. Альфи Кон «Наградамен жазалау. Мектеп бағасымен, мотивация
жүйесімен, мадақтаумен басқа да жолдармен қайсысы сәйкес емес».
53. Альфи Кон «Жүрекпен тәрбиелеу. Ережесіз және шартсыз».
433
54. Дуг Лемов, Эрика Вулвей және Кейти Ецци «Білімнен дағдыларға
дейін. Кез келген іскерлікті тиімді жаттығудың әмбебап ережелері».
55. «Сұрақтар – бұл сұрақтарға жауаптар. Жұмыс пен өмірде серпінді
идеяларды іздеу және күрделі мәселелерді шешу жолдары».
56. Джон Готтман «Баланың эмоционалдық интеллекті. Ата-аналарға
арналған практикалық нұсқаулық».
57. Джули Дирксен «Кез келген оқытуды қызықты және тиімді ету».
58. Билл Торберт «Осы кезеңдегі көшбасшылық».
59. Рэндалл Инглунд және Альфонсо Бусеро «Жоба жетекшісі. Жұмысқа
қажетті барлық дағдылар».
60. Ричард Талер және Касс Санстейн «Nudge. Таңдау архитектурасы».
61. Деннис Бакке «Шешуші адам. Әрбір адам өздігінен шешім қабылдай
алатындай болашақ ұйымын қалай құруға болады».
62. Фредерик Лалу «Болашақ ұйымды аша отырып» .
63. Нир Эяль «Ілмекте. Әдеттерді қалыптастыратын өнімдерді қалай
жасауға болады».
64. Лиза Фельдман Барретт «Эмоциялар қалай пайда болады? Ми
түсінігіндегі және эмоцияларды басқарудағы революция».
65. Джули Литкотт-Хеймс «Олардан арылыңыз. Балаларды ересек өмірге
қалай дайындау керек».
66. Дуг Лемов «Мұғалімнің шеберлігі. Алдыңғы қатарлы оқытушылардың
жүргізген техникалары».
67. Мартин Томич, Кара Ригли, Мадлен Бортвик, Насим Ахмадпур,
Джессика Фроули, А. Баки Кокабалли, Клаудия Нуньес-Пачеко, Карла Стракер,
Лиан Лок «Ойлап тап. Жаса. Сындыр. Қайтала. Дизайн-ойлау тәсілдері мен
құралдарының үстел кітабы».
68. Джозеф Хигни «Жобалық менеджмент негіздері. Классикалық
басшылық».
69. Юрген Саленбахер «Жеке бренд жасаңыз. Мүмкіндіктерді қалай
табуға, дамытуға және ерекшелеуге болады?».
70. Крейг Ричардсон «Minecraft бағдарламалау. Python көмегімен
әлеміңізді жасаңыз».
77. Джек Льюис және Адриан Вебстер
«
Ми: нақты нұсқаушы. Тиімділікті
арттыру және стресті төмендету үшін нені білуіңіз керек».
78. Ньюфельд Гордон, Матэ Габор «Өз балаңызды бетімен жіберіп
алмаңыз».
79. Петрановская Людмила Владимировна «Құпия тірек. Балаға бауыр
басу».
80. Альтшуллер Генрих Саулович «Идея табу. Өнертапқыштық есептерді
шешу ТРИЗ-теориясына кіріспе»
81. Садықова Гүлназ «ТРИЗ-педагогика. ТРИЗ-сабақтарының әмбебап
конструкторы (алгоритм)».
82. Юрий Гурин
«Сабақ+ойын. Оқушыларға арналған заманауи ойын
технологиясы».
83. Светлана Ахмерова
«Педагогтың кәсіби қызметі және денсаулығы».
434
84. Ғабит Бекахметов, Әйгерім Коржумбаева «Критикалық ойлау
негіздері».
85. Мағжан Жұмабаев «Педагогика».
86. П. Мехисто «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту контекстіндегі
«Скаффолдинг» (CLIL)».
87. Ж.Б. Кажигалиева, К.К. Байтенова, Ж.А. Жумабаева. «Қане, достар,
оқиық! Ортақ тақырыптар бойынша сыныптан тыс оқуға арналған
хрестоматия», 2-сынып.
88. К.К. Байтенова «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік
дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері».
89. З.М. Мендыгалиева, М.П. Кушнир, Е.П. Петрик «Бастауыш мектепте
математиканы оқытудың белсенді әдістері».
90. З.М. Журбенко, Е.А. Вьюшкова, Ы. Турсунбайкызы «Білім беру
бөлімін тігінен жоспарлау».
91. Р.С. Тоганакова, М.С. Танжарикова, М.С. Оракова Қазақ тілі. «Тарихи
тұлғалар» бөлімі арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту,
6-
сынып.
92. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика».
93. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық технологиялар //Под ред.
Л.К.Гербенкиной, Л.А.Байкова редакциясымен.
94. Әбенбаев С. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі».
95. Тажбаева С.Г. «Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен
әдістемесі».
96. Глазырина Т.Н. «Тарихты оқыту әдістемесі».
97. «Мұғалімнің көшбасшылығы арқылы білім беруді түрлендіру. Дэвид
Фросттың редакциясымен.
98. «Оқу мен оқытудың белсенді әдістері» www.cpm.kz
Ата-аналарға арналған кітаптарды ата-аналар лекцияларына,
тренингтерге қолдануға болады, сонымен қатар ата-аналарға оқуға ұсынуға
болады.
435
МАЗМҰНЫ
1.
Жалпы ережелер
3
2.
Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды даярлық топтары
мен
сыныптарында
тәрбиелеу-білім
беру
процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері
40
3. 1–4-
сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру
процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
46
«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Математика және информатика» білім саласы
«Жаратылыстану» білім саласы
«Адам және қоғам» білім саласы
«Технология және өнер» білім саласы
«Дене шынықтыру» білім саласы
4. 5–9-
сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру
процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
89
«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Математика және информатика» білім саласы
«Жаратылыстану» білім саласы
«Адам және қоғам» білім саласы
«Технология және өнер» білім саласы
«Дене шынықтыру» білім саласы
5. 10-
11 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу
процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
184
5.1 Жаңартылған білім мазмұндағы Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартымен оқитын 10-сыныптарда оқу процесін
ұйымдастыру ерекшеліктері
184
«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Математика және информатика» білім саласы
«Жаратылыстану» білім саласы
«Адам және қоғам» білім саласы
«Дене шынықтыру» білім саласы
5.2 2012 жылғы МЖМБС және 2013 жылы енгізілген оқу
бағдарламалары бойынша оқитын 11-сыныптарда білім беру процесін
ұйымдастыру ерекшеліктері
243
«Тіл және әдебиет» білім саласы
«Математика және информатика» білім саласы
«Жаратылыстану» білім саласы
«Адам және қоғам» білім саласы
«Технология» білім саласы
«Дене шынықтыру» білім саласы
6
Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының
ерекшеліктері
306
7
Орта мектепте құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
317
436
мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың ерекшеліктері
8 Орта білім беру ұйымдарында жан басына бөлінетін нормативтік
қаржыландыруды іске асыру ерекшеліктері
331
9 Шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері
336
10
Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытудың
ерекшеліктері
349
11 Кешкі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері
357
12 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру
ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктер
364
13
Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері
383
14 Білім беру ұйымынан тыс оқытудың ерекшеліктері
394
15 Қазақстан Республикасының жалпы орта мектептерінде балаларға
қосымша білім беру ерекшеліктері
399
16
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік қызметті
ұйымдастыру
411
17 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары,
оқулықтар мен оәк апробациядан өткізу
421
17.1 11-
сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-
ті апробациялау
17.2 1-
сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
бағдарламаларының апробациясы
18
Цифрлық білім беру ресурстары
430
19
Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары үшін
ұсынылатын әдебиеттер тізімі
432
437
2019-2020
оқу жылында Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беретін ұйымдарында
білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат
Басуға 26.08.2019 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 27,4.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000,
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 15-қабат.
Достарыңызбен бөлісу: |