ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушылары  арасында  «Ұшқыр  ой 

алаңы» пікір-сайыс турнирі. Турнир дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту 

арқылы  білім  алушылардың  әлеуметтенуі  мен  өзін-өзі  дамыту  міндеттерін 

шешуге бағытталған;  

ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балалар  арасындағы  «Шексіз 

шығармашылық» конкурсы; 

2)  «Театрдың  ғажайып  әлемі»  театр  өнерінің  фестиваль-байқауының  

бағыттары  «Драмалық  спектакль»;  «Музыкалық  спектакль»  (опера,  оперетта, 

мюзикл,  балет,  данс-спектакль  және  т.б.);  «Әдеби-музыкалық  композиция»; 

«Қуыршақ спектаклі»;  

3)  «Табиғатты  аяла»  жас  өлкетанушылар,  экологтар  мен  натуралистер 

форумы  мына  номинациялар  бойынша  өткізіледі:  «Туған  өлкені  зерттейміз», 

«Жасыл  экономика»,  «Денсаулық  және  қоршаған  орта»  зерттеу  жобаларының 

байқаулары;  «Экоәлем»  экологиялық  жұмыс  туралы  бейнеролик;  «Жасыл 

оазистер» - экодизайнерлер байқауы; 



4) 

«

Алтын  қазына» көркем  және  сәндік-қолданбалы  балалар 

шығармашылығы көрме-байқауы мына номинациялар бойынша өткізіледі:  

- 



тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ 

пластика; 



ағашты,  сүйекті,  былғарыны  көркем  өңдеу:  көлемді  және  тегіс  ою, 

ағашқа  сурет  салу,  қабықтан  жасалған  бұйымдар;  инкрустация  (сүйек, 

металл,ағаш); 



шыныны көркем өңдеу: витраж; 



металды  көркем  өңдеу:  зергерлік  бұйымдар,  шағын  формадағы  мүсін, 

нақыштау, соғу; 



ағаштан, тастан, саздан (қыш саздан), сабаннан, ағаштан, тоқымадан 

шағын формадағы мүсіндер жасау; 



ұлттық ою-өрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау; 



қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше; 

5)  «

Ұлы  өнертапқыштыққа  алғашқы  қадам»  инновациялық  идеялар 

байқауы мына номинациялар бойынша өткізіледі:  

автокөліктің  қолданыстағы  модельдерін  әзірлеу  саласындағы 



техникалық  құрастыру  (автобустар,  жеңіл  көлік,  жүк  көлігі,  арнайы  техника, 

тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);  

өндіріс  саласындағы  техникалық  құрастыру  (станок  жабдықтары, 



техникалық  ойыншықтарды  қоса  алғанда  әр  түрлі  техникалық  нысандар 

моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және 

т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);  


 

407 


 

ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық 



құрастыру  (трактор  модельдері,  комбайн,  тұқым  сепкіш,  жүк  тиегіш,  жүк 

іріктегіш,  шөмеле  үйетін  машина,  ауыл  шаруашылық  кешендері,  тәжірибелік 

модельдер және т.б.); 

әскери  техника  саласындағы  техникалық  құрастыру  (танк  модельдері, 



зеңбірек,  бронетранспортерлер,  әуеқорғаныс  құрылғылары,  тәжірибелік 

модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);  

су  көлік  саласындағы  техникалық  құрастыру  (ауа  жастықшалы  кеме 



моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.); 

құрылыс  облысындағы  жобалар  (тұрғын  үй  макеттері,  әкімшілік 



ғимараттар,  коттедждер,  кешендер,  спорттық  ғимараттар,  вокзалдар,  порттар, 

аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);  

жылу  энергетикасы,  электр  энергетикасы,  баламалы  энергетика 



саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті 

және көміртекті емес энергетика;  

энергия  үнемдеуші  технологиялар;  отын  өндіру  және  өңдеу; 



радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.); 

авиация  саласындағы  жобалар:  авиациялық  техника  әзірлеу 



саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын 

аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);  

космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос 



техникасын  әзірлеу  саласындағы    жобалар  және  модельдер  (зымыранды 

жүйелер,  космос  станциялары,  спутниктер,  аппараттар  және  т.б.),  зымыран 

құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника); 

6) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы мына номинациялар 

бойынша  өткізіледі:  халық  биі  және  халықтық-стильденген  би  (әлем 

халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би (эстрадалық би, аралас-би); 

7) 

«Қазақстан  балалары  шексіз  әлемде!»  балалар  киносы  байқауының 

номинациялары: деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, 

адамдар,  жағдайлар  туралы  шығарма;  ойынды  кино  –  операторлық  және 

режиссерлік,  актерлер  өнер  көмегімен  түсірілген  сюжетті  (ойдан  

шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма; STOP-MOTION - 

STOP-

MOTION технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап 

алынған  видеодан  немесе  фотокамерамен  түсірілген  кадрларды  тізбектей 

монтаждалатын ролик.  

Кадрда  аз  қадам  жасай    жылжи  отырып,  үздіксіз  қозғалыстағы 

адамдар  мен  заттардың  қозғалыс  иллюзиясын    жасайды;  әлеуметтік 

жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге көрермендердің назарын 

аударуға  арналған  қысқа  жарнамалық  хабарлама;  анимация  –  компьютерлік 

немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-

келген  мультипликациялық  шығарма;    видео-арт  –  компьютерлік  өңдеудің 

және  жаңа  видеотехникалық  құрылғылардың  көмегімен түсірілген көркемдік 

авторлық  концепциясы  бар  видеоролик;  музыкалық  клип;  киножурнал  –  елдің 

өмірі,  ішкі  және  халықаралық  саяси  оқиғалар  және  т.б.  туралы  қысқа 

ақпараты бар кинохроника түрі; «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі; 


 

408 


 

8) 

«Менің  отаным  –  Қазақстан»  туристік  экспедициялық  жасақтар 

байқауы  мына  номинациялар  бойынша  өткізіледі:  «Туған  өлке  соқпақтары» 

іздеу-зерттеу жобасы; экологиялық экспедицияның есебі; экологиялық соқпақ - 

қатысушылар  экологиялық  карта  жасайды;  «Біріктірілген  туризм»    - 

қатысушылар  кросс-жорық  жүргізеді,  оған  туристік  техника  және  тактика, 

бағдарлау,  топография,  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету,  жартасқа  шығу 

және құтқару жұмысының элементтері кіреді; 

9)  техникалық  шығармашылық  және  өнертапқыштық  жарыс  (әуе, 

зымыран,  авто  және  кеме  жасау)  модельдердің  кластары  бойынша:  радиомен 

басқарылатын  көлік  модельдері,  автотрассалық  модельдеу,  әуе  модельдері, 

кеме модельдері, зымыран модельдері; 

10)  «Шеберлер  қаласы:  ата-бабамыздың  мұрасын  сақтаймыз  және 

дамытамыз»  өлкетану  сәндік-қолданбалы  шығармашылығының  көрмесі  мына 

номинациялар бойынша ұйымдастырылады:  

«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;  

«Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;  

«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;  

«Ұлттық  колориті  бар  интерьердің  ерекше  дизайн-жобасы:  үйдің, 

бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;  

«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және 

т.б.)»;  

«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері»

Байқаулар, көрмелер мен жарыстардың облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, 

Алматы,  Шымкент)  кезеңдерінің  жеңімпаздары  білім  басқармаларының 

өтінімдері негізінде республикалық маңызы бар іс-шараларға қатысады. 

Сабақтан  тыс  уақытта  балалардың  жұмыспен  толық  қамтылуын 

қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Пән 

мұғалімдері  үйірмелер,  секциялар,  студиялар,  қызығушылықтары  бойынша 

клубтар,  спорт  секцияларын,  дайындық  курстарын  жүргізе  алады,  өз  бейіні 

бойынша  сабақтан  тыс  уақытта  танымдық,  байқау,  ойын-сауық 

бағдарламаларын, экскурсияларды және т.б. ұйымдастырады. 

Мысалы, физика мұғалімі «Қызықты физика», «Робот техникасы» немесе 

техникалық  шығармашылық (техника түрлерін  моделдеу: авто, әуе, кеме және 

т.б.) үйірмелерін жүргізе алады. Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән 

мұғалімі, екіншісінде – қосымша білім беру педагогі болып жұмыс істейді.  

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім 

беру  ұйымдары  мен  мектептен  тыс  қосымша  білім  беру  ұйымдары  үшін 

қосымша  білім  беру  педагогтері  мен  ұйымдастырушы-педагогтерінің 

қосымша штат бірліктерін қарастырады. 

Сабақтан  тыс  уақытты ұйымдастырудың басты  мақсаты – оқушылардың 

әлеуметтік,  моральдық  тұрақты,  шығармашылық  тұлғасын  қалыптастыруға 

және  оны  сауықтыруға  бағытталған  білім  алушылардың  пайдалы  жұмыспен 

қамтылуын қамтамасыз ететін біртұтас білім беру жүйесін құру. 

Сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  денсаулығын  сақтауға,  білім 

алушылардың  да,  педагогтердің  де  өз  бетінше  білім  алуына  және  дамуына 



 

409 


 

бағдарлануы,  олардың  мүдделерін  ескере  отырып,  оқушылардың  жұмыспен 

қамтылуын  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  ұжымдық  және  жеке  тақырыптық 

ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларды іске асыруға қатысу арқылы 

балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы тиіс.   

Осылайша, жалпы білім беретін мектепте балаларға қосымша білім беру 

ресурсын  пайдалану  бірыңғай  білім  беру  кеңістігі  шеңберінде  білім 

алушылардың  бойында  әлемді  тұтас  қабылдауды  қалыптастыруға,  жеке 

қызығушылықтары  мен  жеке  басының  қажеттіліктерін  дамыту  үшін  жағдай 

жасауға мүмкіндік береді. 



 

 

 

 

 

 

410 


 

16. 

ЖАҢАРТЫЛҒАН 

БІЛІМ 

МАЗМҰНЫ 

ЖАҒДАЙЫНДА 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

 

 

Әдістемелік  қызмет  педагогтің  кәсіби  әлеуетін  дамытуға  бағытталатын 

педагогикалық  шаралардың  тұтас  жүйесі.  Педагогикалық  ғылымның 

жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибе және болып жатқан педагогикалық 

үдерістерді талдау, әдістемелік қызметтің негізін құрайды. 

Жаңартылған  білім  беру  жағдайында  әдістемелік  кабинеттердің  рөлі  мен 

орны  өзгерді.  Білім  беру  жүйесін  жаһандық  реформалау,  жетекші  білім  беру 

құндылықтарының  «жолсерігі»  болып  табылатын  және  ұстаздар  қауымына 

жеткізе алатын, жоғары кәсіби әдіскерлерге қажеттілігін анықтады. Озық кәсіби 

қызмет,  педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  дамудағы  әлеуетті  қажеттіліктерін 

анықтау және қанағаттандыру сонымен қатар жағдай жасау әдістемелік қызмет 

үшін басым болып табылады. Әдістемелік қызмет әдістемелік қызметті таңдау 

құқығын қамтамасыз етуге, педагогтың жеке білім беру бағытын іске асыруға 

мүмкіндік беруге ұмтылуға демек – серпінді жаңартуға бағытталған. 



Оқу-әдістемелік  қызметті  нормативтік  құқықтық  қамтамасыз  ету 

мынадай нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалады: 

2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 



заңы (5-тарау, 29-бап, 1, 2 -тармақ) - «Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-

тәрбие  процесін  қамтамасыз  ету  және  жетілдіру,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  әзірлеу  және  енгізу,  білім  беру  ұйымдарында  және  тиісті 

инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз 

ету  мақсатында  оқу-әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  жұмыс  жүзеге 

асырылады», «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық 

жасау: орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар 

қалалардың  және  астананың  әдістемелік  кабинеттеріне  және  аудандық 

(қалалық)  білім  бөлімдерінің  әдістемелік  кабинеттеріне;  техникалық  және 

кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімнің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 

асыратын  білім  беру  ұйымдарында  –  облыстық,  республикалық  маңызы  бар 

қалалардың  және  астананың  білім  беруді  басқару  органдарының  әдістемелік 

кабинеттеріне  және  бейіндер  бойынша  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне».  

«Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және 



жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым  министрінің  2007  жылғы  29  қарашадағы  №  583  бұйрығына  өзгерістер 

енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2016 


 

411 


 

жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы; 

«Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың  Үлгілік 



біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы;  

«Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  түрлері 



қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11  қыркүйектегі  №  370  бұйрығы,  2-

тармақ; 

«Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары  қызметкерлерінің  үлгі  штаттарын 



және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының 

тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  30 

қаңтардағы  

№ 77 қаулысы;  

Әдістемелік  кабинет/орталық  қызметінің  мақсаты  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарттарын  және  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта, 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі,  қосымша  білім  беру 

бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды 

жүзеге  асыру,  үздіксіз  білім  беру  үшін  жағдай  жасау,  педагог  және  басшы 

кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. 

Білім  басқармаларының  әдістемелік  кабинеттерінің/орталықтарының 

штаттарын қалыптастыру «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 

үлгі  штаттарын  және  педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  адамдар 

лауазымдарының  тізбесін  бекіту  туралы»  Қазақстан  республикасы  Үкіметінің 

2008  жылғы  30  қаңтардағы  №  77  қаулысына  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» қаулы жобасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Әдістемелік  кабинеттер  «Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру 

ұйымдарының  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11 

қыркүйектегі № 370 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді. Бұйрықта «Әдістемелік 

орталықтар/кабинеттер»  жалпы  ережесі,  ересектерге  арналған  қосымша  білім 

беру  ұйымдары  түрлері  қызметінің  үлгілік  қағидаларының  2-тармағында 

жазылған.   

Білім  беру  ұйымдарында  және  тиісті  инфрақұрылымда,  оның  ішінде  оқу-

әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету  ұйымдарында  оқу-

әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қызметті  үйлестіру  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2007  жылғы  29  қарашадағы  № 

583  бұйрығымен  бекітілген  оқу-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  және 

жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.  

Әдістемелік  орталықтардың  (кабинеттердің)  оқу-әдістемелік  жұмысының 

негізгі бағыттары: 

1) 


оқу-тәрбие  процесін  жетілдіруге  және  педагогке,  білім  беру  ұйымдары 

мен  әдістемелік  бірлестіктерге  көмек  көрсетуге  бағытталған  білім  беру 

қызметкерлерінің  кәсіби  құзыреттілігін  арттыру  бойынша  оқу  -  әдістемелік 

жұмысты  ұйымдастыру  және  өткізу  (консультациялар,  сабақтарды  талдау, 

дәрістер,  мастер-кластар,  семинарлар,  ғылыми-практикалық  конференциялар, 


 

412 


 

педагогикалық  оқулар,  Педагогикалық  шеберлік  мектептері,  кәсіби  шеберлік 

конкурстарын өткізу); 

2) білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша, оқу-әдістемелік жұмыстың 

мазмұнын  жетілдіру  бойынша  әдістемелік  құралдар,  ұсынымдар  әзірлеуді 

ұйымдастыру; 

3) педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, тәрбиеленушілер 

мен  оқушылардың  білім  жетістіктерін  мониторингілеу,  жұмыс  тәжірибесін 

жинақтау мен жүйелендіруді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді нысандары мен 

олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру; 

4)  білім  беру  ұйымдары  мен  педагогтарға  инновациялық қызметке  қолдау 

көрсету,  тәжірибелік-эксперименттік  және  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 

және жүргізу; 

5)  педагогтарды  мемлекеттік  білім  беру  саясатының  негізгі  үрдістерімен 

уақтылы  таныстыру,  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін, 

сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын зерделеу және 

шығармашылық игеру; 

6)  педагогтарды  балалар  мен  ересектерді  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту 

мәселелері  бойынша  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  әдебиет  туралы  қажетті 

ақпаратпен  қамтамасыз  ету,  ақпараттық-библиографиялық  жұмыс  жүргізу, 

бейне, медиатека жасау; 

7)  қалалық,  аудандық,  облыстық,  республикалық  және  халықаралық 

деңгейлерде  білім  алушыларды  білім  беру  мен  тәрбиелеуге  қатысатын 

ғалымдармен,  білім  беру  ұйымдарымен,  мемлекеттік  және  үкіметтік  емес 

құрылымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 

8)  жетекші  мамандарды  тарта  отырып,  оқу-әдістемелік  материалдарды 

сараптау,  оқу-әдістемелік  және  сараптамалық  кеңестердің,  уақытша  ғылыми-

зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру; 

9) біліктілікті арттыру ұйымдарымен бірлесіп, педагогикалық және басшы 

қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, 

педагогтарға  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  ұйымдастыру-әдістемелік  көмек 

көрсету. 

Білім  берудегі  қазіргі  жағдай,  білім  беру  мәртебесі  мен  міндеттерінің 

өзгеруі,  оған  балалар  мен  ата-аналар  тарапынан  қойылатын  жаңа  талаптар, 

сондай-ақ  басқа  да  бірқатар  басқа  да  себептер  әдістемелік  орталық/кабинет 

қызметінің ұйымдастырлуына ерекше өзектілік береді, сол себепті ол: 

•  

қоғамның  заманауи  талаптарын  ескере  отырып,  білім  беруді  дамытуды 



қамтамасыз етуі; 

• 

педагогтердің  шығармашылық  әлеуетін  дамытуы,  ең  үздік  тәжірибені 



анықтауы  және  жинақтауы  сонымен  қатар  ондағы  маңыздылықты  айқындап 

қызметкерлерге жеткізуі;  

• 

білім  берудің  жаңа  технологияларын  әзірлеу  және  енгізу  бойынша 



мәселелерді шешуі;  

• 

заманауи  педагогикалық  парадигмаға  және  жаңа  педагогикалық 



технологияларға  негізделген  білім  беру  процесінің  жоғары  сапасына  қол 

жеткізуі;  



 

413 


 

• 

зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.   



Табысты  тәжірибе-бұл  жоғары  нәтижелілік  пен  оңтайлылықпен,  яғни 

жоғары  тиімді  нәтижелерге  қол  жеткізумен  ерекшеленетін  тәжірибе.  Табысты 

педагогикалық  тәжірибені  анықтау  және  қолдау  мақсатында  келесі 

критерийлерді орындау қажет: 



Өзектілігі.  Бұл  критерий,  ең  алдымен,  қоғамдық  даму  үрдістеріне, 

мемлекеттің  әлеуметтік  тапсырысына,  нормативтік-құқықтық  құжаттарға, 

заманауи педагогикалық ғылым идеяларына, педагогтардың кәсіби мүдделеріне 

сай болуы тиіс. Өзектілік критерийі өңірлік білім беру саясатының міндеттерін 

шешуге ықпал етуі тиіс 



Ғылыми  негізділігі,  ғылым  жетістіктеріне  сәйкестігі.  Табысты 

тәжірибені  педагогикалық  ғылымның  заманауи  жетістіктерін  ескере  отырып 

негіздеу  қажет.  Бұл  тәжірибе  педагогтардың  шығармашылық  теориялық 

ізденістерінің  және  әдістемелік  іс-әрекетінің  нәтижесі  немесе  сынамалар  мен 

қателіктер процесінде табылған болуы мүмкін. 



Оптималдығы.  Тұрақты  оң  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін 

қатысушылардың  күштерін,  құралдарын  және  уақытын  оңтайлы  жұмсау. 

Жоғары  нәтижеге  қол  жеткізу  қатысушылардың  шамадан  тыс  жүктелуі, 

олардың денсаулығына зиян келтіретін күштерді шамадан тыс жүктеу есебінен 

болса, тәжірибені табысты деп санауға болмайды. 



Жаңашылдық  және  жаңашылдық  элементтерінің  болуы.  Ғылыми 

жаңалық,  белгілі  әдістемелер  элементтерінің  комбинациясы,  әдістемелік 

қызметтің  жекелеген  жақтарын  ұтымды  ету  және  жетілдіру,  әдістемелік 

қызметтің даму перспективаларын терең түсіну сияқты жаңашылдықтың нақты 

сапалық көрсеткіштері болуы тиіс. 



Нәтижелілік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес анықталады.  



Тұрақтылық.  Тұрақтылық  критерийі  болған  кезде  табысты  тәжірибе 

белгілі  бір  уақыт  бойы  тұрақты  жоғары  көрсеткіштер  береді  және  өзгермелі 

жағдайларда нәтижелердің берілген деңгейін сақтайды 



Перспективасы. Табысты тәжірибе оны қайталауға және шығармашылық 

пайдалануға, бұл тәжірибені бұқаралық практикада кеңейтуге мүмкіндік беруі 

тиіс. 


Осылайша, 

табысты 


тәжірибе-бұл 

шығармашылық 

ізденістің, 

жаңашылдықтың,  бірегейліліктің  элементтері  бар  әдіскерлер  мен 

педагогтардың жоғары шеберлік тәжірибесі. 

Қазақстандағы білім берудің жаңартылған мазмұнының мәні «білетін адам» 

тұжырымдамасынан,  яғни  білім,  білік  және  дағды  жүйесімен  қаруланған 

адамнан«өмірге  дайындалған  адамға»  яғни,  белсенді  және  шығармашылық 

ойлауға,  әрекет  етуге,  интеллектуалдық,  адамгершілік  және  физикалық 

тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қабілетті адам концепциясымен айқындалады. Бұл 

ретте  оқушыны  оқыту  кезінде  ауыр  және  түрлі  жоспарлы  жұмыс  процесіне, 

материалды оқу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге тарту қажет.  

Әдістемелік  қызметті  жаңарту  төмендегідей  сапалы  позицияларда 

қарастырылады: 

• 

білім беру тәжірибесі мен білімге деген сұранысты жүйелі ұғыну негізінде 



 

414 


 

педагог кадрлармен жұмысты өзгерту; 

• 

жинақталған педагогикалық тәжірибені шығармашылықы өңдеу;  



• 

инновацияларды  енгізу  негізінде  қалыптасқан  жұмыс  тәжірибесін 

жетілдіру.  

Білім  беру  жүйесіндегі  әдістемелік  жұмыстың  иерархиялылығы  келесі 

деңгеймен анықталады:  

аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет;  



-

білім беруді басқару органдары құрылымындағы әдістемелік бөлім;  

-

қалалық, аудандық ақпараттық-әдістемелік орталық (кабинет);  



ғылыми-әдістемелікқалалық (аудандық) әдістемелік орталық (кабинет);  

біліктілікті  арттыру  мекемелерінің  құрылымындағы  оқу-әдістемелік 



кабинет (бөлім) және т.б.  

Мақсаттары  мен  функцияларында  айырмашылықтары  бар  әдістемелік 

қызметтер  қызметі,  арнайы  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Аудандық 

(қалалық)  әдістемелік  орталық/кабинет,  әдістемелік  қамтамасыз  етудің 

дәстүрлі және басым деңгейі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді:  

әдістемелік  көмек  көрсете  отырып,  кадрлардың  біліктілігін  арттыру 



мүмкіндігін анықтайды және оларды қайта даярлауды жүзеге асырады;  

қызметкерлерді білім мазмұны, оқытудың инновациялық технологиялары, 



жаңа оқу құралдары және т.б. туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етеді. 

Заманауи әдістемелік қызмет түрлі педагогикалық экспериментті жүргізуге, 

авторлық  әзірлемелерге  және  педагогикалық  технологиялар  спектрін  енгізуге 

назар  аударуы  тиіс.  Негізгі  функциялармен  қатар  аудандық  (қалалық) 

деңгейлердегі  әдістемелік  қызмет  білім  беру  процесін  әлеуметтік-

психологиялық 

қамтамасыз 

етуге, 


ақпараттық 

қажеттіліктерді 

диагностикалауға,  кадрларды  аттестаттауға,  мекемелерді  аттестаттауға  және 

мемлекеттік аккредиттеуге бағдарлануы мүмкін. 

Барлық  деңгейлердегі  қазіргі  әдістемелік  қызмет  жұмыстың  дәстүрлі 

түрлерін  (консультациялар,  семинарлар)  және  жалпы  практика  үшін  жаңа 

(педагогикалық шеберлік конкурстары, психологиялық практикумдар және т.б.) 

түрлерін бірге ұштастырады. Мұндай формалар арқылы қандай да бір қызмет 

түрін әдістемелік қамтамасыз етуге, әдістемелік қызмет принциптеріне сәйкес 

мұғалімге кәсіби-педагогикалық көмек көрсетуге, қиындықтарды сауатты түрде 

жоюға, педагогикалық, әдістемелік, тәрбие, білім беру қызметін ұйымдастыру 

мен  жүзеге  асыруға  байланысты  туындаған  сұрақтарға  негізделген  жауаптар 

беруге  мүмкіндік пайда болады. 

«Ересектерге  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  түрлері 

қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  11  қыркүйектегі  №  370  бұйрығының  2 

параграфына сәйкес, Әдістемелік орталық (кабинет) қызметінің мақсаты білім 

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша 

білім  берудің  білім  беретін  бағдарламаларын  іске  асыруда  білім  беру 

ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін 

жағдайлар  жасау,  педагог  және  басқарушы  кадрлардың  кәсіби  біліктілігін 



 

415 


 

жетілдіру болып табылады. 

Білім  берудің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  әдістемелік  қызмет 

педагогке  оның  кәсіби  дамуына  көмек  көрсетуге  бағытталған,  өйткені  оның 

дұрыс  ұйымдастырылуы  әдістемелік  қызметтің  барлық  субъектілерінің  тиімді 

кәсіби-әдістемелік қарым-қатынастарына байланысты. 

Келесі критерийлер әдістемелік қызметтің негізі болып табылады: 

оқушылардың функционалдық сауаттылығы; 



авторлық әдістемелер (бірегейлігі); 

педагогтардыңы өз қызметіне қанағаттануы; 



педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі. 

Әдістемелік  орталық/кабинет  қызметін  жоспарлаудың  бастапқы  кезеңі 

Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының бағдарламасына сәйкес 7 бағытқа бағдарлануы қажет, олар білім 

берудің  жаңартылған  мазмұны  жағдайында  әдіскерлер  мен  педагогтардың 

өзара іс-қимылының тиімділігін анықтайды. Атап айтсақ: 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 



Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. 

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 



Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану. 

Талантты және дарынды балаларды оқыту. 



Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 

Оқытуды басқару және көшбасшылық. 



«

Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың 

лауазымдарының  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 

бұйрығына  сәйкес  педагогтің  «педагог»,  «педагог-модератор»,  «педагог-

сарапшы»,  «педагог-зерттеуші»,  «педагог-шебер»  лауазымдық  міндеттері 

көрсетілген. 

Жаңартылған  білім  беру  жағдайында  әдістемелік  қызметтің  бірінші 

кезеңінде жоспарлау: 

мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерін зерттеумен; 



біліктілікті арттыру процесін жоспарлаумен; 

инновациялық  қызмет  саласындағы  консалтингпен  байланысты  іс-



шараларды ұйымдастыруға және енгізуге бағытталуы тиіс. 

Мазмұнды компонент келесі іс-шараларды қамтиды: 

педагогикалық тәжірибелерді жүйелеу; 



жұмыстың тиімді формаларының деректер жинағын құру, 

оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін тарату; 



қазіргі педагогикалық әдебиеттерді талдау; 

ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу; 



әдістемелік басылымдарды әзірлеуді ұйымдастыру; 

оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру; 



видеотекалар, медиатекалар құру. 

Әдістемелік  қызметтің  операциялық-іс-әрекет  компоненті  барлық  білім 


 

416 


 

беру саясатын тікелей жүзеге асырумен сипатталады: 

ғылыми қауымдастықпен өзара іс-әрекет; 



тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; 

оқу-әдістемелік материалдардыц сараптау; 



оқу-әдістемелік  және  сараптамалық  кеңестердің,  шығармашылық 

топтардың қызметін үйлестіру; 

мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет. 



Мұнда  әдістемелік  қызметтің  түрлі  формалары:  сабақтарды  талдау, 

педагогикалық  шеберлік  мектебі,  педагогикалық  оқулар,  мастер-класстар, 

кәсіби шеберлік байқаулар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар 

өзекті болып отыр. 

 

Әдістемелік қызметтің бағалау компоненті оқушылардың функционалдық 



сауаттылығының  деңгейін  және  мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілігін 

айқындаумен  сипатталады  және  педагогтер  қызметінің  мониторингін, 

оқушылардың білім жетістігінің мониторнигін өткізуге бағытталған.  

Әдістемелік  қызметті  басқарушылар  (директордың  ғылыми-әдістемелік, 

бағдарламалық-әдістемелік 

және 


оқу-тәрбие 

қызметі 


жөніндегі 

орынбасарлары),  қызмет  бағыттары  бойынша  әдіскерлер,  құрылымдық 

бөлімшелердің  меңгерушілері,  педагогтар,  ғалымдар  кіретін  мамандар  тобы 

жүзеге асырады.  



Педагогтердің  біліктілігін  арттыру  процесін  жоспарлау  бойынша 

әдістемелік кабинеттер қызметінің келесі бағыттары қамтылуы тиіс: 

педагогикалық  қызметті  жетілдіру  (педагогқа  балаларды  оқыту  мен 



тәрбиелеуде ұйымдастырушылық-әдістемелік және техникалық көмек көрсету); 

пән мұғалімдері ассоциацияларының қызметін үйлестіру; 



білім  беру  ұйымының  практикасына  ғылыми  зерттеулер  мен  озық 

педагогикалық  тәжірибе  жетістіктерін  енгізу,  педагогтың  ғылыми  және 

теориялық құзіреттілігіне ерекше назар аудару; 

білім  беру  ұйымдарының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 



бойынша жұмысты ұйымдастыру; 

әдістемелік  бірлестіктердің,  кафедралардың,  зертханалардың  және 



педагогтердің шығармашылық топтарының жұмысына басшылық жасау; 

педагог  қызметкерлерді  педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибенің 



жетістіктерімен таныстыру; 

педагогтердің  кәсіби  дайындық  деңгейін,  олардың  кәсіби  қажеттіліктері 



мен мәселелерін зерттеу. 

Инновациялық  қызмет  саласындағы  консалтинг  бойынша  әдістемелік 

кабинеттер/орталықтар мынадай іс-шараларды жүргізе алады: 

жаңартылған білім мазмұнының негізгі үрдістері бойынша кеңес беру; 



педагог-жаңашылдармен  өзара  іс-қимыл  және  сабақ  өткізуге  әдістемелік 

көмек; 



білім  беру  ұйымдарына  көмек  көрсету  (мектептерге,  балабақшаларға, 



тұрғылықты жері бойынша клубтарғажәне т.б.); 

үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  мұғалімдерге  ұйымдастыру-әдістемелік 



көмек көрсету;  

 

417 


 

біліктілікті арттыру институттарымен үздіксіз байланысты жүзеге асыру. 



Педагогикалық  тәжірибені  жүйелеу  және  тиімді  жұмыс  нысандарының 

деректер жинағын құру бойынша әдістемелік қызметтің мазмұнды компоненті 

келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

•  

оқу-әдістемелік  материалдарды  әзірлеу  және  жасау  (бағдарламалар, 



құралдар,  ережелер,  тезистер,  дәріс  мәтіндері,  әңгімелер,  жоспарларжәне 

семинар  өткізу  бойынша  ұсынымдалар,  оқу  ойындары,  серуендер,  оқытудың 

белсенді формалары және т.б.);  

қандай да бір нақты оң педагогикалық тәжірибені терең зерделеу және одан 

әрі  жоғары  кәсіби  әдіскер  тәжірибесін  жүйелі  сипаттау,  анықтау,  таңдау, 

зерделеу, жинақтау және қалыптастыру;  

тәжірибе  жағдайын  зерттеу  және  талдау,  педагогтарда  шығармашылық 

ізденуде  туындайтын  жаңа  үрдістерді  анықтау,  ғылым  ұсынымдарының 

тиімділігі мен қол жетімділігін зерттеу;  

педагогикалық тәжірибені түсіну, негіздеу, талдау және жалпылама жүйелі 

сипаттау; 

Педагогикалық  тәжірибені  тарату  үшін  таңдау  критерийлерін 

әзірлеу(бірнеше  жыл  бойы  білім  беру  және  тәрбие қызметіндегі  жоғары  және 

тұрақты  нәтижелер);  педагогикалық  қызметтің  өзектілігі  мен  әлеуметтік 

маңыздылығы  (оқу-тәрбие  міндеттерін  шешуде  және  мақсатына  жетуде, 

педагогикалық, әдістемелік және басқару қызметінің мазмұнында);  білім беру 

процесінде  денсаулық  сақтау  жүйелерін  есепке  алу;    педагогикалық 

тәжірибенің  ғылыми  негіздері  (педагогикалық  эксперимент  жүргізілген, 

педагогикалық  тәжірибе  жасалған  ғылыми  тұжырымдамалар,  теориялар, 

ережелер,  әдістемелер);   педагогикалық  тәжірибенің  жаңашылдығы  (жаңа 

мазмұны,  формалары,  педагогикалық  технологиялар);  белгілі  ғылыми  әдістер 

мен  оң  педагогикалық  тәжірибені  табысты  қолдану;  педагогикалық, 

әдістемелік,  басқару  еңбегінің  жекелеген  жақтарын  ұтымды  ету; жаңа 

педагогикалық  жағдайларда  оң  педагогикалық  тәжірибені  модификациялау 

элементтерімен  жаңғырту. Әртүрлі  семинарлар,  кеңестер,  конференциялар, 

байқаулар, диспуттар және т.б. өткізу.  

Әдістемелік  кабинет  қызметінің  мазмұны  даму  міндеттеріне  және 

жоспарланған  жаңашылдықтардың  сипатына  сәйкес  анықталады.  Әдістемелік 

қызметтің  қызметі  білім  берудің  жаңа  мазмұнын  әзірлеуге  және  енгізуге, 

мектептен  тыс  тәрбиеден  білім  алуға  өтпелі  кезеңнің  қиындықтарын  жеңуге, 

педагог  қызметін  жетілдіруге,  оның  кәсіби  шеберлігін  арттыруға  бағытталған 

және келесі іс-шараларды қамтыйды: 

педагогикалық құралдармен тұлғаның мотивациялық саласын дамыту;  



білім  беру  ұйымдарының  бірлескен  қызметінің  жобаларын  құру  және 

тәрбие және білім беру қызмет;  

оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыру,  қызметті  жоспарлау,  есептілік,  оқу 



топтары  мен  балалар  ұжымдарының  білім  беру  бағдарламаларын  құру 

бойынша педагогтар үшін әдістемелік ұсынымдар беру;  

білім берудің заманауи нысандарын, әдістері мен технологияларын ұғыну; 



білім  берудің  жаңартылған  мазмұнының  негіз  қалаушы  сәттерін  ескере 



 

418 


 

отырып,  педагогтар,  балалар  мен  ата-аналар  үшін  әдістемелік  ұсынымдар 

әзірлеу; 

түрлі  жаппай  педагогикалық  іс-шаралардың  (конкурстар,  олимпиадалар, 



оқулар  және  т.  б.)  сценарийлерін  құрастыру  және  оларды  бағалау 

критерийлерін анықтау  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет