ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата12.01.2020
өлшемі4,6 Mb.
#55714
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

 

 

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Адам  және  қоғам»  білім  саласы  «Қазақстан  тарихы»,  «Дүниежүзі 

тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды. 

 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  тарихты  оқыту  –  өткен  тарихи 



оқиғаларды  түсіну  және  оларды  талдау  негізінде  қазіргі  замандағы  орнын 

анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға 

жеке  көзқарасын  білдіре  отырып,  олардың  маңызы  мен  мәнін  түсінуді 

қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. 

«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқыту  –  адам,  қоғам  және  құқық  туралы, 

қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері 

туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген. 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда: 

11-


сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойыншаоқу жүктемесі: 

қоғамдық-гуманитарлық бағытта 

 

290 


 

11 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты.  



жаратылыстану -математикалық бағытта: 

11 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 



«Адам.  Қоғам.  Құқық.»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда: 

11-


сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 

2019/2020  оқу  жылында  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы», 

«Адам.  Қоғам.Құқық»  пәндері  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыруда  келесі 

оқу бағдарламалары қолданылады: 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 

сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген,  2015  жылғы  18  маусымдағы  №393 

бұйрығымен  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген  Жалпы  орта  білім  беру 

деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  Қазақстан  тарихы  пәнінің  оқу 

бағдарламасы. 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 

сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің 

қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-

11- 


сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы. 

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 

сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген,  2015  жылғы  18  маусымдағы  №393 

бұйрығымен  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген  Жалпы  орта  білім  беру 

деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  10-11-сыныптарына  арналған  «Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнінің  оқу 

бағдарламасы 

«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  бойынша 

оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  тарихты  оқыту  келесі  біліктерді 

қалыптастыруға бағытталуы тиіс: 

− 

әртүрлі  деректердің  ақпараттарымен  (соның  ішінде  интернетте 



ұсынылған) жұмыс істей білу; 

− 

анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;  



− 

өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра 

білу, кемшіліктердің себептерін анықтау; 

− 

тарихи  оқиғалар  мен  қатысушыларға  өз  қарым-қатынасын  түсіндіре 



білу;  

− 

қазіргі әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын 



болжауды  талдай  білу  үшін  игерген  тәжірибесін,  әрекетін  және  меңгерген 

білімдерін қолдана білу; 

− 

қауіпсіз  мәдениет  қалыптастыру  арқылы  түрлі  жағдайларда  қауіп-



қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.  

Жалпы  білім  беру  деңгейінде  «Адам.  Қоғам.  Құқық» пәнін  оқыту    білім 

алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктерін 

анықтауға,  қазіргі  өркениеттік  әлемде  құқықтық  сананы  қалыптастыру,  түрлі 


 

291 


 

жағдайларда  қауіп-қатерді  азайту  және  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мен 

құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.  

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: 

Жалпы білім беру деңгейінде тарих пәндерін оқытуда білім алушылардың 

жас  және  танымдық  ерекшеліктеріне  сай  талдау,  бағалау,  зерттеу  және 

жоспарлау  дағдыларын  қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен  тапсырмалар 

көбірек  қолданылуы  керек.  Мысалы,  талдамалық  эссе  мен  есеп  жазу, 

салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар. 

Пәнді  оқытуды  жетілдіруде  оқытудың  белсенді  түрлері  мен  әдістерін, 

жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану,  білім  алушылардың  дербес 

танымдық  қызметін  ұйымдастыру,  практикалық  және  шығармашылық 

тапсырмалар,  конференция,  дебат,  дискуссия,  рөлдік  ойындар,  кейс  әдісі, 

іскерлік  ойындар,  пікірталастар  мен  семинарларды  және  т.б.  қолдану 

ұсынылады. 

Отандық  және  дүниежүзі  тарихының  кейбір  тақырыптарын  кіріктіріп 

оқыту  ұсынылады.  Халықаралық  қатынастар  тарихы  және  Қазақстанның 

сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет 

т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін 

қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.  

Жалпы білім беру деңгейінде тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі 

мәселелерінің  бірі  білім  алушылардың  білімді  өз  бетінше  игеруі  болып 

табылады.  Соған  сәйкес  мұғалімнің  басты  міндеті  білім  мазмұнына  сәйкес 

сабақтың  маңызды  ерекшеліктерін  анықтап,  сабақтың  үлгісін  құру  және 

сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім 

алушылардың  әрқайсысы  тарихи  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  баға  беріп, 

олардың  сабақтастық  байланысын  түсінуіне  мүмкіндік  беретін  тәсілдерді 

қолдану ұсынылады. 

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез 

өзгермелі  әлемде  табысқа  қол  жеткізетін,  өз  елінің  игілігі  үшін  жауапты 

Қазақстан 

Республикасының 

зияткер, 

әлеуметтік-рухани 

азаматын 

қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу 

мен  нақтылауға,  оны  білім  алушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесі,  жеке 

бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы 

қалыптасқан  түсініктерімен  байланыстыруға  көмектесетін  әдістерді  қолдану 

ұсынылады. 

Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі 

әдістермен  сәйкестендіре  отырып  белсенді  қолдану  ұсынылады.  Жобалық 

тақырыптар  және  шығармашылық  тапсырмаларды  (хабарлама,  презентация, 

жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет. 

Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 

тәрбиелік  компонентіне  ерекше  назар  аудару  қажет.  Материал  мазмұны 

«Рухани  жаңғыру»  идеясына  және  «Болашаққа  бағдар:рухани  жаңғыру» 

бағдарламасына  сай  болуы  қажет.  Тарих  және  қоғамдық  пәндер  бойынша 

рухани  жаңғыру  идеясы  негіздерінің  құндылықтарын  оқыту  мен  тәрбиелеуде 

жүзеге асыру ұсынылады. 


 

292 


 

Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  материалдарын  оқу  тәрбие  процесіне 

қолдануға 

арналған 

әдістемелік 

ұсынымдар 

академия 

сайтында 

орналастырылған:  (

https://www.nao.kz

 

/

Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз ету/ 

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласына  арналған  интерактивті 

сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 

Мектеп 

бітірушілерді 

қорытынды 

аттестаттау 

бойынша 

ұсынымдамалар. 

Бітіру смтиханын өткізу формалары: 

Қазақстан  тарихы  бойынша  ауызша  емтихан  билеттер  бойынша 

жүргізіледі.  Құрастырылатын  билеттердің  саны  –  30;  әр  билетте  3  сұрақ 

болады,  оның  екі  сұрағы–  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  Қазақстан 

тарихы  курсының  негізгі  бөлімдері  мен  тақырыптарының  теориялық 

материалдары  бойынша,  үшінші  сұрақ  –  практикалық  түрде  беріледі  (тарихи 

карталар, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).  

Ауызша  емтиханда  білім  алушы  дайындалу  үшін  кем  дегенде  20  минут 

уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған 

екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді). 



Мектеп  бітірушілерді  қорытынды  аттестаттау  мазмұнына 

қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері: 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  бітіру  емтихандарына 

емтихан материалдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі 

Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.  



Қазақстан  тарихы  пәнінен  ауызша  емтихан  билеттерінің  құрылымы 

мен мазмұны: 

1-2- 


сұрақтар  ежелгі  және орта  ғасырдағы,  жаңа  және қазіргі  замандағы 

Қазақстан тарихы курсы материалдарын; 

3-

сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин 



сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама және т.б.) қамтиды. 

Әрқайсысы  ең  жоғары  10  балмен  бағаланатын  1  және  2  сұрақтарды 

бағалауға қойылатын талаптар:  

базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл; 



жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл. 

Базалық деңгей: 

Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді 



білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.  

Жоғары деңгей: 

қосымша  тарихи,  хронологиялық,  картографиялық  деректер  негізінде 



қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-

салдарлық байланыстарды анықтау; 

жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау. 



Тарихи  карталармен,  терминологиямен  жұмыс  және  тарихи  тұлғаларды 

сиптаттау  барысында  билеттің  3-сұрағын  максималды  10  балмен  бағалауға 

келесі талаптар қойылады: 

тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету; 



 

293 


 

тарихи  фактілерді,  құбылыстар  мен  процестерді  тірек-сызбаларға 



түсіру, хронологиялық тізбек құру; 

тұлғаға  тарихи  сипаттама  беру  және  оның  тарихта  алатын  орнын 



бағалау; 

иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.  



Төмендегі 109- кестеде қорытынды аттестаттаудың бағалау критерийлері 

берілген. 

109-

кесте. Қорытынды аттестаттаудың бағалау критерийлері 



 

№ 

Критерийлер 



Балдары 

Жалпы білім деңгейі 



1 балл 

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану 



5 балл 

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі 



балл 


Тарихиматериалдыашудағдылары 

балл 


Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі 

балл 


 

 

Ескерту:  Билеттің  әрбір  3  сұрағына  жауап  10  (он)  балмен  бағаланады. 



Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.  

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес балдық бағалау 

жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде 110-кестеде көрсетілген.  

  

110-



кесте. Баллды бес балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы 

 

Бағалаудың  бес  балдық  жүйесі 



бойынша баға 

«2» 


«3» 

«4» 


«5» 

Жалпы балл 

0-4 

 

5–16 



17–24 

25–30 


 

Емтихан  жұмысының  ұзақтығы  сыныптағы  білім  алушы  санына 

(параллелдердегі) байланысты.  

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға 

тыйым  салынады.  Барлық  қосымша  қажетті  материалдарды  (карталар, 

сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.  



«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 

http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz



http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/



.  

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие  жұмыстары  білім  алушыларды  қоғамдық  

өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-

қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 

әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:  

«Тарих»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 


 

294 


 

шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

1. 

Ұшқыш-шабуылдаушы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Нүркен  Әбдірұлы 



Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

2. 


Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына  125 

жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

3. 


ҚҒА  Тұңғыш  президенті,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Қаныш 

Сәтбаевтың туғанына 120 жыл 

4. 

Республикалық  «Казахстанская  правда»  газетінің  шыққанына  100 



жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

5. 


Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 

иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 

сәуір); 

6. 


Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы,  ойшыл,  жазба  қазақ  әдебиетінің, 

қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор,  аудармашы,  саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 

7. 

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл; 

8. 

Ұшқыш-шабуылдаушы,  КСРО  еңбек  сіңірген  әскери  ұшқыш,  екі 



мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр 

Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 

медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.16 тамыз); 

9. 

Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 



иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 



базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 



мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 



олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 



кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 

үйретеді.  Сонымен  қатар,  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра  түседі  және 

білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 



  

«

Өзін-өзі тану» оқу пәні 

«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытуда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  орай 

мектептің жоғары сатысындағы 11 сыныптың базалық мазмұнында негізгі төрт 

тарауды  қамтиды:  «Таным  тағылымдары»;  «Адам  болам  десеңіз...»; 

«Жарасымды өмір салтанаты»; «Кең дүние келбеті». 

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 

34 сағат.  

Оқушылардың  білімін  бағалау.  Оқушылардың  білім  сапасын  бағалау 

Жалпы  білім  беретін  мектептің  «Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  1-11 


 

295 


 

сыныптарына  арналған  оқу  бағдарламаларындағы  11-сынып  бағдарламасында 

белгіленген  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар» 

негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың  өмірде  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  және  қоғамға  қызмет  ету  дағдыларын 

жетілдірудегі  танымдық  әрекеттерін  дамытуды  саралауға  (мониторингіне) 

қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру  ерекшеліктеріне  сай  сандық 

емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  әр  жартыжылдық  қорытындыда 

«сынақ» деген баға қойылады. 

Оқушы  11-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне 

сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады. 

  

 

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ  САЛАСЫ 

 

«Технология» білім саласы «Технология» пәні оқытылады. 



 

«Технология» оқу пәні  

«Технология»  пәні  білім  алушылардың  өзіндік  еңбек  өміріне 

дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, 

кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді. 

11-

сыныптарда  пәнді  оқытудың  мақсаты  –  техника  мен  технология 



саласында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, 

әр  түрлі  қызмет  түрлеріне  (білім  беру,  зияткерлік,  кәсіби)  бейімделу  үшін 

технологиялық білім, білік және дағдыларды меңгерту арқылы жоғары сынып 

білім  алушысының  тұлғасын  қалыптастыру,  технологиялық  ойлауды, 

орындалған жұмысқа шығармашылық көзқарасын дамыту. 

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 

– 

техника,  технология  және  заманауи  өндіріс  негіздерінен  жүйеленген 



білімді қалыптастыру; 

– 

құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-



әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 

біліктер мен дағдыларын қалыптастыру; 

– 

технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 



көзқарасын дамыту; 

– 

оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек 



нарығындағы  олардың  талап  етілуі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  өзінің 

өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 

– 

еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті  үрдісінде  эстетикалық,  адамгершілік, 



экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 

– 

білім алушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-



дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 

«Технология»  пәнін  оқыту  барысына  азаматтардың  әлеуметтік 

тәжірибесініңбарлық  төрт  компоненті  кіреді:  танымдық  қызмет  тәжірибесі 

(түрлі  облыстағы  ақиқат  туралы  білімі),  танымал  қызмет  тәсілдерінорындау 

тәжірибесі,  шығармашылық  қызмет  тәжірибесі  мен  нысандарға  эмоционалды-


 

296 


 

құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл 

барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар. 

Технологиялық  дайындықты  ұйымдастырудың  әдістері  мен  түрлерін 

білім  алушылардың  оқу-еңбек,  қызмет  көрсету  іс-әрекеттеріне  араласуға 

дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды. 

Сабақтарды  өткізу  барысында  «Технология»  пәнін  оқытудың 

дидактикалық  талаптарын  сапалы  іске  асыруға  ықпал  ететін  заманауи  оқыту 

технологиялары, ұйымдастыру  әдістері,  оқу  процестерін қадағалау  және білім 

алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.  

Басым  әдістерге  –  жаттығу,  практикалық-оқу  жұмыстары,  жобалау 

әдістері  жатады.  Оқу  жылының  соңында  орындаған  жобаларына  қорғау 

ұйымдастыру ұсынылады. Жобаларды білім алушылар жеке немесе топ болып 

орындай алады. 

11-

сынып  білім  алушыларымен  кәсіби  бағдарлау  апталықтарын  өткізу 



барысында кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен 

қатар  жұмысқа  орналасу  немесе  білім  алу  траекториясының  негізгі  және 

қосымша  (ықтималды)  нұсқаларын  таңдаудың  қажеттілігі  туралы,  кәсіптік 

ұтқырлық және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын 

тренинг сабақтар өткізу тиімді болып табылады. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

«Технология»  пәнінің  мазмұнында  мәдениет  сабақтастығы  принципіне 

сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның 

ішінде  адам  өмірі  мен  қоғамн  негізі  әрекетінің  құндылығы  болып  саналатын 

еңбек құндылығы басты орын алады.  

11-

сынып  қыз  балаларға  келесі  бөлімдер  бойынша  тақырыптар 



ұсынылады: 

 

111-



кесте. «Технология» пәні бойынша ұсынылатын тақырыптар 

 

Ауыл мектептерінде 



Қала мектептерінде 

1. Тағам әзірлеу технологиясы.  

2. 

Құрастыру,  моделдеу  және  иық  киім 



өнімдерін  жасау.  Қазақтың  ұлттық  киімін 

тігіп дайындау.  

1. Тағам әзірлеу технологиясы.  

2.  Құрастыру,  моделдеу  және  иық  киім 

өнімдерін  жасау.  Қазақтың  ұлттық  киімін 

тігіп дайындау.  

 

Қолөнер 


кәсібі 

әрбір 


халықтың 

мәдениетінің 

материалдық 

тасымалдаушысы  болып  табылады.  Сондықтан  білім  алушылардың  еңбек  пен 

технологиялық  мәдениетін  қалыптастыру,  оны  тұлға  ретінде  еңбекқорлық, 

азаматтық және патриоттық қасиеттерге тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің 

еңбек  нарығы  жағдайында  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы  мақсатында  технология 

сабағында  көпғасырлық  халықтық  және  ұлттық  қолөнерлерді  міндетті  түрде 

оқыту мен қолдануға назар аудару ұсынылады. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 



 

297 


 

мақсатын  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасымен  ұштастырып  жүзеге  асыру 

ұсынылады. 

«Технология»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру 

және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін 

мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 



11-

сыныптарда  «Технология»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі 

әрбір сыныпта  аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет