Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
thesis11798


      Көсем тілің көсілсін - деп ой қорытады. Ал енді, “Таң алдында”, “Шын сүю”, “Шын 
сұлуға”, “Айнымаған аруға”, “Сүйікті қайғылыға” атты өлеңдерінде махаббат жайы сөз 
болып, сондағы үміт пен күдіктің алмасу сырлары табиғат сипаттамаларымен астастырыла 
суреттеледі.  
Ақынның 1920 жылдарғы өлеңдеріне “Ел ерлеріне”, “Алға”, “Қуларға”, “Замана-ай əніне”, 
“Жаз”,  “А,  дариға-ай!”,  “Күз”,  “Ер  жігітке”,  “Кім  бар?”  өлеңдерінен əлеуметтік  маңызы  зор 
мəселелерге бой ұрғанын көреміз. Осылардан “Ел ерлеріне” деген өлеңі өзінің мазмұнының 
дəлдігімен  қатар,  қазақ  халқының  өткен  өмірдегі  мүшкіл  халіне,  езілу  мен  қорлық-
зорлықтың билеп-төстеп келгеніне тоқталып, ел басшыларын: 
        Патша, зада, сұлтан, төре, хандардың, 
        Жан алушы жандарал мен жандарм. 
        Тіске жұмсақ бұқараны жем қылып, 
        Айдаһардай азу біткен заңғарың – 
деп аяусыз түйреп сынайды, мұнымен шектеліп қалмай, сол ел ерлеріне сенім артып: 
       Аз шыдасаң, елді жаудан ашарсың, 
       Жау жүрегін жасқанбастан басарсың. 
       Біріктіріп бес бөлігін жалғанның 
       Мəңгі-бақи елмен еркін жасарсың! –  
деп пікір жинақтайды.  
 “Жаз” бен “Күз” өлеңдері Бернияз туындыларының ішіндегі ең бір көркем, ұтымды да 
сəтті жазылғанын, алғашқысының Абай дəстүрінде туғанына ал, соңғысының жадыраған 
жазға қарсы  контраст ретінде алып суреттелгенін атап айтуға болады. Тіпті, “Ер жігітке” 
деген жырынан оның өзіндік мəнері мен бейнелеу ерекшелігі айқын көрінсе де, Махамбет 
əсерін аңғару да қиын емес. 
Бернияздың 1921 жылғы лирикалық жырлары (33 өлеңнен тұрады) негізінен арнау түрінде 
келеді де, достық пен махаббатты, ел үшін адал қызмет етуді мақсат еткен сезім-күйлерін 
бейнелейді. Осы мəселе сол өлеңдердің “От жүрегім күнде өртеніп”, “Мұңды жүрек улы 
дəрі”, “От-жалын ой өртеп ішті”, “Өткен өмір өкініш” деген аттарының өзінен-ақ  анық 
аңғарылғандай. Алайда торығу түрінде бұл өлеңдердің ішінде түңілуден гөрі, алға сеніммен 
қарайтындары да бар. Мəселен, “От жүрегім күнде өртеніп” атты жырындағы мына бір 
жолдар соның айғағы болса керек: 
       Қайнаған қан күнде құрып, 
       Тамшыдай боп қалғанша. 
       Бақ жоламай өтірік күліп, 
       Құр əуреге салғанша. 
       Таудай үміт баққа қарсы, 
       Басын иіп барғанша, 
       Күш-қуатты, ар-намысты, 
       Қолдан құлдар алғанша!  

148 
 
Б.Күлеев əн мен күйдің өмірден алатын орнына үлкен мəн беріп, оны өзі де шексіз, беріле 
сүйетіндігін анық аңғартады. Айталық, ол “Əн-күй” деп аталатын қысқа ғана өлеңінде асқақ 
əн,  төгілген  күйден  “Бейіш  үні  зыңылдап  құйылады”  дейді.  Жырдан  ұлы  Абайдың  əсерін 
айқын көрінеді: 
          Қуаныш па, қайғы ма – ойды шырмап, 
          Еркін алып өзіне тартады ырғап. 
          Іші-тысың елжіреп, ес өзгеріп, 
          Көңіл жасы кетеді бəрін былғап. 
          Бейіш үні зыңылдап құбылады, 
          Көзге елестеп, құлаққа құйылады. 
          Жас жүрекке орнығып, бойыңды алып, 
          Жерде еместей көрінер адал жаны … 
 
Б.Күлеевтің 1922 жылы жазылған отызға тарта өлеңдерін саралай, сұрыптай келсек, мұнда 
бұрынғы  жырлар  секілді  бұлардың  альбомдық  сипатынан  гөрі,  өмірге  деген  таным-
көзқарасын айқындау арқылы өз шеберлігін ұштай түскенін аңғарамыз. Бұған дəлел ретінде 
ақынның  “Жорық”,  “Гүл”,  “Қайда  екен”  тəрізді  кесек  туындыларын  айтуға  болады.  Бұл 
жырлардағы ақынның тапқырлығы мен алғырлығы айқын аңғарылады. 
Ы.Дүйсенбаевтың “Бернияз Күлеев” зерттеуіне қайта оралсақ, ақынның лирикалық 
жырларынан “Жас теректің жапырағы” атты өлеңін бөліп алып талдап, оның Еуропа 
үлгісінде, тіпті, Абай үлгісінде жазылғанына ерекше мəн береді. Мұнда ақын жас теректі 
əуелі өзге бір адам бейнесінде алып, ондағы қуаныш-сүйінішті, зар-нала, толқу-тебіреністі 
сипаттай отырып,  сəл кейінірек солардың бəрін, атап айтсақ, əлгі жас жапырақ, өз басынан 
кешкен өмірдей кейіп танытады (Мұңың, зарың, білем бірге, Бірге екеуміз жылайық”). 
Сондай-ақ шығыс классиктері туындыларын еске түсіретін “Көңіл” атты өлеңінде ақын адам 
көңілінің қилы-қилы көріністерін өте əсем, тартымды бейнелеген. Зерттеуші Б.Күлеевтің 
өзінен бұрынғы Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармасындағы немесе Сұлтанмахмұт 
жырларындағы альбомдық өлеңдерді үзбей жалғастырғанына , бұлардағы дəстүрлі 
сүйіспендіктен гөрі, бостандық немесе əлеуметтік мəнге көбірек көңіл аударғанын атап 
көрсетеді. 
Ақынның  “Жердің жүзі жаз еді”, “Қайда екен?”, “Жорық”, “Гүл” секілді ірі туындылары 
туралы айтқанда, ең алдымен, сол шығармалардың ішкі құрылым-ерекшеліктеріне тоқталуды 
жөн  санайды.  “Жердің  жүзі  жаз  еді”  туындысы  жалынды  жас  жігіттің  жаздың  əсем 
табиғатынан шабыт тауып, өзінің бүкіл өткен қызықты өмірін еске алады, əсіресе, сүйгенінің 
асқақ  та  əсем  бейнесіне  арнап  сұлу  жырлар  арнайды,  бірде  шаттанып  қуанса,  енді  бірде 
қайғырып бойын күдік билейді, ақыры ғашығының ырқына бас иіп,  ол қандай үкім шығарса 
да,  соған  көнетінін  айғақтайды.  Бұл  шығарманы  (324  жол)  зерттеуші  жоғарыдағы  белгі-
сипаттарына қарап поэма деп атамай, шартты түрде лирикалық толғаныс деп бағалайды. Осы 
ерекшеліктерінің  өзінен-ақ  аталған  туындыны  орыс  əдебиеті    үлгілері  негізінде  туған 
əдебиетіміздегі алғашқы лирикалық поэма деуге де болар еді. 
     Б.Күлеевтің  келесі  поэмасы  “Қайда  екен?”  (444  жол)  деп  аталып,  оған  автордың  өзі 
“Қияли поэма” деп айдар таққан, жазылған мерзімі 1922 жылдың август айының 12 жұлдызы 
деп  көрсетілген.  Поэма  ұлы  Абайдың  алты  аяғы  үлгісімен  жазылып,  алты  бөлімге  жіктеліп 
бөлінген. Алғашқы бөлімде ақын қазақ даласын қаймағы бұзылмаған қалпында алады да, сол 
дəуірді қайтып оралмас, қол жетпес асыл арман күйінде суреттейді. Екінші бөлімде жастық 
шақ дəурені, жайлау көрінісі, жас арумен өткізген бақытты шақ – бəрі таңғажайып, сиқырлы 
түс ретінде сипатталады. Үшінші бөлімде жат жерге аттанған басты кейіпкердің өз жарына 
деген  сүйіспендігі  мен  төртінші  бөлімде  қоғамдық,  саяси  өмірдегі  өзгерістер  бейнеленеді. 
Бесінші бөлімде аштықтың зардаб-зияны, апаты сөз болып, ең соңғы бөлімде өзінің жастық 
шағына қайта оралып, жас-қайыңға мұң-зарын шағады. Ы.Дүйсенбаев  Б.Күлеевтің  “Қайда 
екен?” поэмасының əдебиетімізге қосқан үлесін əңгіме ете келіп, өз ойын қорытқанда былай 
дейді:  “Қайда  екен?”  жаңа  стильде  яғни  жазба  əдебиеті  үлгісінде  орындалған  аса  көркем 
туынды, ақынның шеберлігі жетіле түскендігінің айқын куəсі” – деп жоғары бағалайды. Ал, 

149 
 
енді  ақынның  “Жорық”,  “Гүл”  (аяқталмай  қалған)  шығармаларын  өзіне  дейінгі 
зерттеушілердің  баллада”  деп  атағанын  орынсыз  санап,  баллада  жанрының  əуелде 
Францияның  Провансынан  Италияға,  содан  бүкіл  Еуропаға  тарағанын,  тіпті,  Ресейде  
балладаның ХІХ ғасырда кең етек алғанын (В.А.Жуковский, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, 
т.б.), Кеңес дəуірі кезеңінде Н.С.Тихонов, Э.Г.Багрицкий, К.М.Симоновтың балладаға елеулі 
үлес қосқанын шолып өтіп, бұл туындыларды “баллада” деп атаудың реті келе бермейтінін 
ескертеді. Зерттеуші  “Гүл” поэмасын да осы  өзі ұсынған жүйе бойынша зерттеп, оның осы 
құрылымдағы  мəн-мазмұнынан  оның  аяқталған  шығарма  екенін  дəлелдеуге  талаптанғанын 
көреміз.  Автор  Б.Күлеев  шығармашылығын  тұтастай  алып  бағалағанда:  “Бернияз  Күлеев 
қазақ  əдебиеті  тарихынан  келелі  орын  алатын  үлкен  дарын  иесі,  реалистік  мектептің  өкілі, 
негізінде  демократтық  идеяны  қолдаған,  осы  жолда  жемісті  еңбек  еткен  талантты  ақын”  – 
деген  қорытынды жасайды.       
Зерттеушілердің  осы  пікірімен  келісе  отырып,  Б.Күлеевтің  ақындық  шеберлігін  сөз 
еткенде,  ақын  өмірі  найзағай  отындай  жарқ  етіп  сөнсе  де,  əрі  күрделі,  əрі  мазмұнға  бай 
болғанын  көреміз.  Ол  өзінен  кейінгі  ұрпаққа  асыл  қазына,  өшпес  мұра  қалдырды.  Бүгінгі 
оқырман,  зерттеушілер  талантты  ақыннан  қалған  қасиетті  қазынаны  қадірлесе,  өнеге  тұтса, 
шығармаларын ғылыми-таным тұрғысынан  барлау жасаса.  ХХ ғасырдың бас шенінде өмір 
сүріп,  əдебиет  майданында  көрінген  көрнекті  деген  ақын,  жазушылардың  алдыңғы 
қатарынан орын алып, Бернияз шығармалары да  ұмытылмай  ғылыми айналымнан өз орнын 
алып,  зерттеу нысанасынан өз орнын жоғалтпаса неген ой қорытындылаймыз. 
........................................ 
1.
 
Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  Т.2.  2-кітап.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  əдебиеті.  Жалпы 
редакциясын басқарған Т.Дүйсенбаев. – АлматыҒылым, 1965. – 523 б
2.
 
.  Дүйсенбаев  Ы.  Кіріспе  /Кітапта:  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  ақындарының  шығармалары.  – 
Алматы, 1963. – 365 б.  
3.
 
Күлеев  Б.  Айтшы,  ақ  қайың  (Құрастырғандар;  М.Бегімбетова.,  К.Шəменов.  Жалпы 
редакциясын басқарған Ы.Т.Дүйсенбаев. -АлматыЖазушы, 1969. -323 б 
4.
 
Жұмабаев МБернияз Күлеев /КітаптаМағжан ЖұмабаевТаңдамалы. – Алматы, 1992.  
                         
    
Мұсалы
 Л.Ж., ф.ғ.к., ҚазҰУ доценті,  
                                                          Кребаева А.С., ҚазҰУ магистранты  
 
Ш.АЙТМАТОВТЫҢ «БОРАНДЫ БЕКЕТ» РОМАНЫНДАҒЫ  
ФАНТАСТИКАЛЫҚ РЕАЛИЗМ 
 
 «Адамзаттың Айтматовы» атанған жазушының романдары кешегі күнге ғана емес, бүгінгі 
мен ертеңгі күннің де еншісіне тиесілі, себебі романдардың мазмұны мен онда жинақталған 
сан мыңдаған ойлар тек біздің қоғамның ғана емес бүтіндей əлемдік тарихтың оқиғаларына 
қатысты.  Жазушының  «Теңізді  жағалай  жүгірген  тарғыл  төбет»  романында:  «Біздің 
барлығымыз  да  бүгін  бір  қайықтамыз,  ал  тыстағының  барлығы  –  ғарыш  шексіздігі»  (ауд. 
Кребаева  А.)  дейтін  сөзі  қанатты  сөзге  айналып  үлгерді.  Байыбына  барар  болсақ,  бұл 
образды  метафораның  астарында  терең  мағына  жатыр:  бүкіл  адамзатты  ортақ 
заңдылықтармен, проблемалармен, қайғы-қуанышпен байланысқан бір ағзадай көру. Мұның 
астарында  жаңаша  –  планетарлы  көлемде  ойлау  жатыр.  70-жылдардан  бастап  жазушының 
көркем  əрі  философиялық  ойлары  «ертеңгі  күн  азаматының  образын»  табуға  талпынады. 
Мұндай  образды  барынша  əмбебап,  синтетикалық  болып  келетін  роман  жанрының 
көмегімен ғана тудыртуға болады.  
Қазіргі  таңдағы  əлемнің  көркем  бейнесі  іспеттес  романы  бар:  1980  жылы  жарық  көрген 
«Ғасырдан  да  ұзақ  күн»  немесе  «Боранды  бекет»  жəне  1986  жылы  басылған  «Жан  пида» 
романдары.  Бұл  романдар  өзігдік  бір  дилогия  болып  табылады.  Екі  туындының 
алғашқысында  автор  адамның  ішкі  дүниесі  арқылы  Жер  мен  Күн  жүйесінен  тыс  ғаламға  - 

150 
 
ұшы қиыры жоқ ғарыштың тереңіне үңіліп қарай білсе, соңғысында жер материасының қызу 
тіршілігіне сіңісіп кеткендей əсер қалдырады.  
 «Боранды  бекетте»  тіршілігі  қызу  қайнап  жатқан  əлдебір  бірнеше  кеңістіктер  бар 
сияқтанады:  Боранды  бекеті,  Сарыөзек,  ел,  Жер  планетасы  мен  оның  төңірегіндегі  ғарыш. 
Осы  кеңістіктердің  тоғысында  жазушы  қаламынан  бас  кейіпкер  Боранды  Едігенің  образы 
туады.  Едіге Жангелдин – қырық жыл бойына Сарыөзек тысына шығып көрмеген, соғыстың 
бар азабы мен қазасын көрген қарапайым темір жол жұмысшысы. Айтматов ХХ ғасырдағы 
адамзат  басына  түскен  барлық  ауыртпалықты,  қайғы-қасіретті  осы  Едігенің  бойына 
жинақтап береді. 
Едіге  дүниежүзілік  соғыстың  жан  шарпыған  сұрапыл  отын  кешті,  контузия  алды, 
туылғанын  көрмей  жатып  ұлынан  айырылды,  барар  жер  басар  тауы  қалмаған  шақта  өмір 
жолында Қазанғапты кездестірді. Қазанғаппен иық тіресе отырып сұрапыл соғыстың өзінен 
он есе ауыр тиген соғыстан кейінгі жылдардың жоқшылығын көрді. Ал басына ақ түсіп, белі 
бүгіле бастаған шағында өмірінің мүмкін ең күрделі əрі азапты сынағына тап болды: өткенін 
еске  алып,  əлдебір  баға  беру.  Сонымен,  Боранды  бекет  –  романдағы  «шынайы» 
кейіпкерлердің  тұрмыс  кешкен  орны.  Бұл  мекенде  олар  ғұмырларының  ащы-тұщысын 
бастарынан  өткерді.  Бекет  –  Əбутəліп,  Едіге  мен  Қазанғаптай  қаһармандардың 
отбасыларының  тарихы  мен  шым-шытырыққа  толы  хикаяттары  орын  алған  мекен.  Ең 
маңыздысы осы Борандыда аталған кейіпкерлердің, мүмкін болса бүтіндей адам баласының 
басын біріктіретін, олардың өткенін, бүгінгісі мен келешегін бір арнаға тоғыстыратын «жан 
еңбегі»  өткізілді.  Сондықтан  да  романда  уақыт  элементі  көркемдік  тұрғыдан  күрделеніп 
берілген – мəңкүрт трагедиясы, Раймалы трагедиясы, соғысқа дейінгі оқиғалар мен Əбутəліп 
өмірі.  Романның  алғашқы  беттерінен  бастап  Едігенің  ішкі  дүниесінде,  жалпы  осы  бас 
кейіпкердің  төңірегінде  автор  уақыттың  үш  түрін  өрбітеді:  авторлық  ой  болашаққа  қарай, 
Едіге  осы  шақта  қалса,  оның  ой-толғаныстары  өткенге  бағытталады.  Осы  үш  бағыт 
романның  соңғы  жолдарында  дүниенің  ақыры  бейнесінде  тоғысады.  «...Дүние  əлем  жалын 
боа  қирап,  аспан  төңкеріліп  төбеге  түскендей  болды...  Қарапайым  ғана  тірі  жандар  –  адам, 
түйе, ит үшеуі есінен танып, аулаққа безіп барады. Үрейден есі шыққан бейшаралар алапат 
жалынның жарығына аяусыз жанып бара жатқандай қараңғыдан қайта-қайта жарқ-жұрқ етіп 
көрініп, бір-бірінен айырылып қалудан қорқып, бірге зытып барады...» /1/. 
Романда  орын  алған  негізгі  фантастикалық  элементтер:  Едігенің  түлкіні  көз  жұмған 
Қазанғаптың  рухы  қонған  жануар  деп  пайымдауы,  ғарыштағы  орбиталық  станцияда  орын 
алатын оқиғалар, Найман Ана, түйелер туралы аңыздар. Осылардың үшеуін сəйкесінше осы 
шақ, келер шақ жəне өткен шақ деп бағалауға болады. Айтматов осы негізгі үш элементтер 
арқылы  өз  туындысында  уақыт  пен  кеңістікті  астасырып,  қиыстырып,  романның  бүкіл 
желісін  күрделендіреді.  Бұлардың  шығармада  алып  тұрған  орнына  асыра  сілтеп  баға  беру 
мүмкін емес.  
 «Боранды  бекет»  -  негізгі  проблематикасы  бас  кейіпкердің  ішкі  ой-толғаныстары, 
күйзелісі,  өткен  естеліктерін  бағалауы,  реалистік  символикалық  бейнелер  арқылы  жүзеге 
асырылатын полифондық шығарма. Дейтұрғанмен де, осы шағармасында да Айтматов ілгері-
кейінді туындыларында қозғап өткен («Жан пида», «Ақ бұлт», «Қош бол, Гүлсары!») жалпы 
адамзаттық,  планетарлық  басты  идеясын  оқырманға  жеткізеді:  болмыстың  дəстүрлі 
тамырынан, тарихи естеліктерден, ұлттық түп-тамырыңнан, генезистен айырылу, ойсыздық, 
шектен  шыққан  ысырапшылдық,  адамдардың  аморалдылыққа  бой  ұру  үрдісі  əлемдік 
қоғамды орны толмас апатқа соқтырады.  
Қос  атауы  бар  («Боранды  бекет»  жəне  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн»)  романдағы  автордың 
фантастикалық  релизмі  Ф.Достоевский  айтқандай  «шындық  фантастикамен  тоғысатын» 
реализм,  «сол  себепті  де  оған  сенуге  тиіспіз».    Романның  Н.Гоголь,  Булгаков,  Г.Маркес 
сынды жазушылармен ортақ үндестік таба білуі, оқиға желісі мен мазмұнының шынайылығы 
мен  бүтіл  адамзатқа  қатыстылығын  тағы  бір  айғақтай  түседі.  Туындыдағы  фантастикалық 
дүние – күніміздің шынайылығын метафоралау немесе асыра көркемдеу, ал оқырман болса 
сол  шынайылылықтың  бар  күрделілігі  мен  астарлы  мəнін  əлдебір  философиялық  көзқарас 

151 
 
тұрғысынан  түсінуге  тырысуы  керек;  шығарманың  кіріспесінен  бастап  Айтматовтың 
айтпағы да осы мəселе.   
............................... 
1.  Ш.Айтматов.  «Боранды  бекет.  Роман.  Құс  жолы.  Хикаят.»/  Орыс  тілінен  аударғандар 
Ш.МұртазаҚ.НұрмахановАстанаАударма, 2011. – 456 бет.
 
 
Мысаева
 Қ.Н
 ҚазҰУ доцентіф.ғ.к
 
ЮНЕСКО-НЫҢ ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША ОҚУ 
 БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ  МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Заманауи талаптарға сəйкес дамушы елдерде демократиялық қағидалардың жүзеге асуы 
үшін журналистика маңызды рөлге ие. Сондықтан, қазіргі кезде кəсіби дайындығы жоғары 
журналистердің  қажеттілігі  байқалуда.  БҰҰ–ның  сөз  бостандығы  жəне  ақпарат  пен 
білімге  қолжетімділікті  жүзеге  асырушы  беделді  органы  ретінде  ЮНЕСКО  əлемдегі 
журналистік білім беру сапасын жақсартуға бағытталған əр түрлі сипаттағы бастамаларды 
жүзеге асыруда. Осы ұйымға қатысушы-елдердің журналистерді дайындауға арналған оқу 
бағдарламаларын  жасау  жөніндегі  көптеген  өтініштеріне  жауап  ретінде  ЮНЕСКО  2005 
жылғы  желтоқсанда  Парижде  сарапшылардың  кеңестік  кездесуін  шақырды.  Бұл 
кездесудің  басты  нəтижесі  ретінде    ЮНЕСКО-ның  журналистика  бойынша  оқу 
бағдарламаларының моделі анықталды.   
Журналистика  бойынша  оқу  бағдарламасы  моделінің  басты  мақсаты  -    журналистік 
білім  берудің  сапасын  жақсартуға  бағытталған.  Болған  оқиғаны  талдау  жəне  жеткізудің 
ақпарат көзі ретінде журналистика қазіргі заманда бірнеше қызметтерді атқарады. Алайда, 
көптеген  журналистер  үшін  басты  мақсат  –  қоғамды  ақпараттандыру,  билік  қызметінің 
жүзеге асырылу барысын бақылау жəне қоғамдық ойталқыларды қолдау, сол арқылы елдің 
саяси,  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  дамуына  ықпалдасу.  Журналистика 
саласындағы білім беру  студенттерді  материалды дайындау  барысында  жаңалықты қалай 
табуды жəне оқиға туралы қалай баяндауды, факті мен пікірдің айырмашылығын ажырата 
білуді,  қалай  жазу,  өңдеу  жəне  редакциялау,  сонымен  қоса  əр  түрлі  форматтағы  медиаға 
(газет,  журнал,  радио,телевидение,  желілік  жəне  мультимедиялық  БАҚ)  жəне  олардың 
нақты  аудиториясына  арнап  жариялауды  үйретуі  тиіс.    Журналистік  білім  беруде 
журналистік  этика,  журналистік  тəсілдер,  журналистиканың  қоғамдағы  рөлі, 
журналистика  тарихы,  БАҚ  саласындағы  заңнама,  БАҚ  саяси  экономикасы  (БАҚ  иесі, 
ұйымдастырылуы,  бəсекелестігі)  туралы  қажетті  ақпаратпен  қамтамасыз  етуі  керек. 
Студенттерді  басқа  университеттер  мен  колледждер,  факультеттермен  бірлікте  жасалған 
оқу бағдарламалары негізінде қоғам үшін маңызы зор əлеуметтік жəне  саяси мəселелерді 
қалай  жазуды  үйрету  керек.  Журналистік  білім  беру  студенттердің  жергілікті  диалект 
сөздерді  білуі  жəне  өз  еліндегі  кəсіби  жұмыс  істеуі  үшін  олардың  лингвистикалық 
қабілеттерін  қалыптастыру  жəне  дамытуына  қажетті  жағдайларды  жасауы  керек. 
Сондай-ақ  студенттер  БАҚ  қызметінің  техникалық  жаңашаландырылуы  мен  басқа  да 
өзгерістерін қабылдауға даяр болулары тиіс.   
ЮНЕСКО  журналистерді  дайындауға  арналған  оқу  бағдарламаларының  алғашқы 
нұсқасын  жасау  үшін  төрт  сарапшыдан  тұратын  топ  құрды.  Бұл  топ  дамушы  елдерде 
тəжірибе  жинақтаған  жəне  журналистерді  дайындауда  үлес  қосып  жүрген    жиырма 
маманды  осы  жобаға  қатысуға  шақырды.  Жобаның  нəтижесі  ретінде  студенттер  мен 
аспиранттарға  арналған  курстармен  толықтырылып,  сол  курстардың  жеке-жеке  қысқаша 
сипаттамасы  жəне  журналиске  қажетті  базалық  құзіреттіліктердің    жалпы  сипаттамасы 
қосылды. Содан кейін он жеті базалық курстардың оқу жоспарын  жасауға  Африка,  Азия, 
Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік жəне Оңтүстік Америкадан  демократияға жаңадан қадам 
басқан дамушы елдерде тəжірибесі бар оқытушылар өте мұқият таңдап алынды. Парижде 

152 
 
сарапшылардың  екінші  кеңестік  кездесуінде  жобаны  тағы  бір  рет  бекітіп,  2007  жылы 
маусымда Сингапурде өткен Азиялық Медиа ақпарат жəне коммуникация орталығы жəне 
журналистік білім беру бойынш Бүкілəлемдік Конгрессте ресми таныстырылды.  
Осы  жобаны  дайындауға  атсалысқан  əлемдік  журналистік  білім  беру  саласындағы 
танымал  мамандар:  Майкл  Кобден  (үйлестіруші),  Стюарт  Адам,  Ханеа-Хенрика  Хольма 
жəне Магду Абу-Фадиль болды.  
Журналистика  бойынша  оқу  бағдарламаларының  үлгісі  француз,  испан,  араб,  орыс 
жəне  басқа  да  бірнеше  тілдерге  аударылып,  дамушы  жəне  өтпелі  экономикалы  елдер 
арасында кеңінен таратылды.  
2013  жылы  ЕЫҚҰ-ның  Астанадағы  Орталығының  қаржылық  қолдауымен,  ЮНЕСКО-
ның Алматыдағы Кластерлік бюросының ақпарат жəне коммуникация жөніндегі бағдарлама 
бөлімінің  кеңесімен,  «Мінбер»  журналистерді  қолдау  қоры  жəне  ҚазҰУ  журналистика 
факультетінің ұсынысымен қазақ тіліне аударылды.   
Журналистік  білім  беру  мəдени  жəне  саяси  жағдайлар  контексіндегі  білім  беру 
дəстүрлері  мен  ресурстары  əр  түрлі  ұйымдар  мен  нысандарда  жүзеге  асырады. 
ЮНЕСКО-ның  оқу  бағдарламасы  теория  мен  тəжірибе  арасындағы  балансы  сақталған 
өмір  сүруге  қабілетті  базалық  білім  беру  құрылымын  құру  керек  деген  қарапайым 
қағиданы  ұстанады.  Бұл  оқу  бағдарламасының  басты  ерекшеліктері  ретінде  арнайы 
журналистік  білімі  жоқ,  бірақ  сол  салада  жұмыс  істейтін  мамандарға  журналистика 
бойынша  диплом  алуға  құқық  беретін  курстарды  енгізуін  атауға  болады.  Алайда, 
модельдің  негізгі  қағидасының  бірі  -  кəсіби  журналист  дайындау  үшін  университеттік 
журналистік білім беру курсының пəндерін негізге алу қажет деп есептейді.    
Бұл оқу бағдарламасы студенттерді БАҚ-пен байланысты теориялық зерттеулер арқылы  
оқытуды  емес,  студенттерді  тəжірибе  негізінде  дайындауға  арналған.  Бағдарлама 
студенттерге журналистердің қалай жұмыс істейтіні, журналистика тарихымен қоса, БАҚ-
тың қызмет ерекшелігі жəне журналистің қоғамдағы қызметі қандай деген мазмұнды бере 
алатын  элементтерден  тұрады.  Сонымен  қоса  студенттерді  өзінің  жəне  өзгенің 
жұмыстарына  сыни  баға  бере  алуға  үйретуді  мақсат  еткен.  Десекте,  бағдарлама  тек 
журналистика  мамандығына  арналған.  Сондықтан  қоғаммен  байланыс,  жарнама, 
информатика,  кітаптану,  бұқаралық  коммуникация,  БАҚ,  коммуникация  теориясына 
қатысты оқу бағдарламаларын ұсынбайды. Модельді құрастырушылардың пікірі бойынша 
бұл пəндер жеке  оқытылуы керек деп есептейді.  
Əдетте университеттік журналистік білім беру үш бағдарлама немесе үш даму бағыты 
негізінде топтастырылған: 
1. Журналистиканың нормаларын, құндылықтарын, құралдарын, стандарттарын жəне 
тəжірибелерін біріктіретін бағыт. 
2.  Елдегі  жəне  шет  елдегі  журналистік  тəжірибенің  əлеуметтік,  мəдени,  саяси, 
экономикалық, заңдық жəне этикалық қырларына назар аудару бағыты. 
3.Журналистиканың алдында тұрған əлем жəне интеллектуалдық білімге негізделген 
бағыт. 
Бірінші бағыт пəндеріне байланысты оқу жұмысы студенттерді ақпараттық жəне басқа 
да  материалдарды  дайындауға,  сондай-ақ,  əр  түрлі  БАҚ-қа  арнап  материалдарды 
редакциялауға үйретуге бағытталған. Ол журналистерді дайындауға арналған кез- келген 
бағдарламаның  негізі.  Алайда,  журналистикадағы  кəсіби  дағдылар  ақпаратты  табу 
жəне жариялау ғана емесбілімді игеру жəне ой қорыта білуден тұрадыЖурналистік 
білім берудегі кемшіліктер журналист жұмысы үшін маңызы зор жаза білу мен ақпаратты 
жеткізе білуге үйретуге арналған  университеттік курстарды толығымен бағалай алмауда 
болады. Сонымен қатар, болашақ журналистер үшін кəсіби журналистердің құзіретіне сай 
құрал-жабдықтармен  жұмыс  істеп  үйренуге  дайындық  жəне  тəжірибелі  журналистерге 
кездейсоқ  келгендер  секілді  емес,  факультетте  еңбекақы  алатын  оқытушы  ретінде  қарау 
керек.  Тəжірибелі  дайындықтың  нəтижелі  болуы  үшін  барлық  бағдарламалар  кез-келген 
ақпарат құралында тағылымдамадан (немесе оқу тəжірибесінен) өтуі тиіс, осыған сəйкес, 

153 
 
журналистика  факультеті  жергілікті  БАҚ-пен  əріптестік  қарым-қатынасты 
дамытуы  керек.  Мұндай  əріптестік  қарым-қатынасқа  тəжірибелі  журналистермен 
оқытушының  бірлікте  өткізген  семинарлары,  факультет  қызметкерлерінің  ақпарат 
құралдарына    іссапарлары  немесе  қызметкерлер  алмасуы,  сондай-ақ  біріккен  жобалар  кіруі 
мүмкін.  Факультет  тарапынан  студенттерге  технологиялық  жəне  ақпараттық  қызметтерді  өз 
көздерімен  көруіне  мүмкіндік  жасауы  үшін  семинар  сабақтарды  медиа  ұйымдарда  өткізуге 
келісімшарт  жасауына  болады.  Осы  секілді  əріптестік  қарым-қатынастар  медиаиндустрия 
мен  академиялық  білім  бағдарламалары  арасындағы  түсінбеушілікті  болдырмауға 
көмектеседі.  БАҚ  индустриясы  оқытушылықпен  айналысатын  журналистерге  қолдау 
көрсетіп, олардың кəсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беру қажет.  
Екінші  бағытпен  байланысты  оқу  бағдарламалары  журналистер  жұмыс  істейтін 
институциональдық жəне қоғамдық контексті айқындауға жəне журналист пен осы салаға 
қатысты адамдар қызметі арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі. Мұндай пəндер 
кəсіби  бірегейлік,  құндылық  жəне  мақсатты  демократия  мен  қазіргі  заңдық  жəне 
моральдық  шектеулер  арқылы  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Олардың  басты  міндеті–кəсіби 
жəне  этикалық  құрылғылар  мен  білімнің,  сонымен  қоса  демократия  үшін  журналистика 
тəуелсіздігінің маңыздылығын атап көрсету.  
Үшінші  бағыт  бойынша  оқу  жұмысы  студенттерге  заманауи  біліммен  танысуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  тұрғыдан  қарағанда,  журналистика  жеке  дара  пəн  емес.  Оны  оқыту 
үшін  гуманитарлық  жəне  жаратылыстану  ғылымдары  пəндері  арқылы  білім  беруді 
ұштастыру  керек  жəне  біз  бағдарламада  журналистика  пəндерінің  оқытушыларын 
өздерінің  студенттеріне  қоғамдық  өмірдегі  белсенділігін,  тілін  байытатын  жəне 
кеңейтетін  білім  беруге  ұмтылдыруды  мақсат  етеміз.  Біз  сонымен  қоса, 
оқытушылардың аралас саладағы əріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істегенін қалаймыз. 
Журналистік  білім  беру  бағдарламалары  журналистика  негіздеріне  қатысты 
бөлімдерден  тұруы  тиіс  жəне  бұл  бөлімдер  студенттерге  қажетті  интеллектуалдық  жəне 
кəсіби дағдыларын дамытуға арналған.  
Студенттерде болуы тиіс қабілеттер: 

 
Сыни  көзқараспен  ойлай  білу  қабілеті,  түсіну,  талдау,  синтез  жəне  таныс  емес 
материалды  бағалау,  сонымен  қоса  базалық  деңгейде  фактілер  мен  ақпарат  табу  əдісін 
түсіну қабілеті. 

 
Баяндау,  сипаттау  жəне  талдау  əдістерін  қолдана  отырып  нақты  жəне  түсінікті 
жазу қабілеті. 

 
Ұлттық  жəне  халықаралық,  саяси,  экономикалық,  мəдени,  діни  жəне  қоғамдық 
институттар туралы білімді игеру қабілеті. 

 
Ағымдағы оқиғалар мен мəселелер жайлы хабардар болу жəне тарих пен география 
туралы жалпы білімі болу.  
  Бұл  журналистика  негіздеріне  кіретін  талаптар  оқу  бағдарламалары  моделінің  басында 
журналистиканы оқуды жаңа бастаған сəтте пайдалануға арналған базалық дағдылар 
мен  қабілеттер  ретінде  енгізілген.  Бұдан  шығаратын  қорытынды  студенттердің 
интеллектуалдық  дамуына  арналған  пəндер  блогының  оқу  бағдарламасына  журналистика 
бойынша курстармен қоса гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары бойынша пəндер 
кіреді.  
ЮНЕСКО-ның  журналистика  бойынша  білім  беру  моделі  оқу  бағдарламаларының 
үлгілері  үш  бағыттың  да  қағидаларын  қарастырады.  Алайда  одан  басқа  басшылыққа 
алынған  тағы  екі  қағида  бар.  Оның  біреуі  -  кəсіби  бағытта  тəрбиелеуге  ерекше  назар 
аударуды  талап  етсе,  екіншісі  -  оқу  бағдарламасындағы  сағаттардың  мұқият  бөлінуіне, 
яғни  мазмұны  жағынан  интеллектуалдық  дамуға  бағытталған  курстардың  өз  маңызын 
жоғалтпауына назар аударады. 
 
Бұл  оқу  бағдарламаларының  моделінің  барлығында  ақпараттық  жəне  басқа  да 
материалдарды  дайындауға  арналған  курстар  бірнеше  деңгейде  берілуі  мен  əр 
семестрге  енгізілуі  қарастырылған.  Бұл  курстар  барлық  оқу  бағдарламасының  негізгі 

154 
 
бөлігін  құрайды,  бұл  дегеніміз  кəсіби  дағдыларға  жəне  жаза  алуға  үйретеді,  тіптен 
заманауи  жаңа  құрал-жабдықтардың  (компьютердің  болмауы,  алайда  қажетті)  болмау 
жағдайының  өзінде  журналистік  білім  беруді  жүзеге  асырады,  яғни  бағдарламада 
қарастырылған  саясат,  экономика,  өнер  жəне  мəдениет,  əлеуметтік  мəселелер,  халықаралық 
қатынастар,  жаратылыстану  ғылымдары  жəне  оған  қатысты  тақырыптар,  қоршаған  орта, 
денсаулық  сақтау  жəне  технологиялық  үдерістерге  мамандануды  жүзеге  асыруға  арналған. 
Басқаша  айтқанда  бағдарламаның  мақсаты  -  тұрақты  журналистік  тақырыптар 
ретінде  сұранысқа  ие  ақпараттық  жəне  талдамалы  материалдарды  дайындау  үшін 
қажетті  білім  мен  ойлау  дағдыларын  меңгерген,  кəсіби  біліктілігі  жоғары 
журналистерді дайындау болып табыладыЮНЕСКО оқу бағдарламасының моделінде 
сипатталған  журналисті  қалыптастыруға  бағытталған  тəсілдер  əр  түрлі  БАҚ-тағы  тар 
мағынадағы мамандануды емескəсіби дағдыларды жетілдіруге арналған
Бағдарламаның екінші мақсаты - біріншімен тығыз байланысты. Журналистика негіздері 
курсында  басталған  интеллектуалдық  қабілетті  дамыту  тек  журналистік  курстарда  ғана 
емес,  университеттік  білім  беру  жағдайындағы  жараталыстану  жəне  гуманитарлық 
ғылымдар  саласындағы  арнайы  курстарды  оқыту  барысында  да  пайдаланылуы 
қарастырылған.  Гуманитарлық  жəне  жаратылыстану  ғылымы  саласына  кіретін 
курстар  тек  жалпы  фонды  құрамайды,  сонымен  қоса  осы  пəндердің  біріне  арнайы 
мамандануға  бейімдейді.  Университетте  егер  бір  пəнді  үш  жылдық  курстың    үш 
деңгейінде немесе төрт жылдық курстың төрт деңгейінде де оқыту қарастырылған болса, 
онда  сол  пəнді  журналистік  білім  берумен  байланыстыра  оқытуға  болады.  Осылайша 
журналистикада  оқитын  студент  өз  кəсібі  бойынша  үш  жылдық  деңгейді  оқи  жүріп, 
қосымша  бір  пəн  бойынша  үш  немесе  төрт  жылдық  курсты  қатар  өте  алады.  Басқаша 
айтсақ,  университеттік  бағдарлама  бойынша  білім  алатын  студент-журналистер  тек 
журналистика  саласы  бойынша  емес,  басқа  да  бір  академиялық  салада  біліктілік  алуын 
ұсынамыз. Алайда, бұл əдісті барлық университеттерде бірдей қолдану  мүмкін емес екені 
түсінікті.  Əсіресе  ресурстары  жоқ  өңірлік  оқу  орындарына  оқу  бағдарламалары  үшін  басқа 
мүмкіндіктерді ұсынады. Алайда, екінші пəнге назар аударту студенттердің интеллектуалдық 
қабілетін кеңейтеді деген қағиданың маңызын жоғалтпайды жəне оларды кеш болса да еңбек 
жолында белгілі бір салаға  мамандануға  дайындайды.  
Бағдарлама  жоғарыда  көрсетілген  үш  бағытқа  сəйкес  үш  санатты  курстардан  тұрады: 
кəсіби  тəжірибе,  журналистиканы  үйрену,  гуманитарлық  жəне  жаратылыстану 
ғылымдары. Əрбір курсты үш жылдық бакалавриат бағдарламасының бір санатына жəне 
бір курсына енгізе отырып, сынақтық маңызы болады деп есептейміз, біз оқу жұмысының 
бірінші курсына 20%- кəсіби тəжірибе, 10%-журналистиканы үйрену, 70%-гуманитарлық 
жəне  жаратылыстану  ғылымдары  пəндеріне  тиесілі  болады.  Екінші  оқу  жылында  бұл 
сəйкесінше 40%, 20% жəне 40%-ды құрайды. Үшінші оқу жылындабарлық оқу пəндерінің 
80%-ы  кəсіби  білім  беруге  бағытталған  санаттан  жəне  20%  -  гуманитарлық  жəне 
жаратылыстану ғылымдары санатынан құралады.  
Үш  жылдық  кезеңде  мұндай  арақатынас  келесідей  нəтижеге  қол  жеткізеді:  кəсіби 
тəжірибе  -  47%;  журналистиканы  үйрену  -  10%;  гуманитарлық  жəне  жаратылыстану 
ғылымдары  -  43%.  Бұл  деректер  алдын  ала  болжамды  бағалау  болып  табылады.  Əрбір 
курстың  сынақтық  құндылығы  əрбір  оқу  орындарындағы  сынақ  алу  жүйесіне  жəне 
студенттің  бір  жыл  ішінде  өтуге  тиісті  курстар  санына  байланысты  есептеледі.  Егер  бұл 
сандарды  дөңгелектеп  алсақ,  үш  жылдық  бағдарламаға  ара  қатынасы  шамамен:  кəсіби 
тəжірибе  -  40%;  журналистиканы  үйрену  пəндері  -  10%;  гуманитарлық  жəне 
жаратылыстану пəндері - 50%-ды құрайды. 
Əрбір  университет  журналистика бойынша  оқу  бағдарламаларында қандай  гуманитарлық 
жəне  жаратылыстану  пəндерін  енгізу  қажеттілігін  қарастыруы  керек.  Сонымен  қатар,  бұл 
студенттердің орта мектепте оқыған пəндерінің деңгейіне жəне университеттегі қол жетімді 
курстарға байланысты. 

155 
 
Сонымен  қорыта  келгенде  ЮНЕСКО-ның  журналистика  бойынша  оқу  бағдарламасы 
моделінің артықшылықтары неде: 
1.  Модельде  берілген  оқу  бағдарламалары  негізінен  теория  мен  тəжірибенің 
сабақтастығына бағытталған; 
2.  Бұл  оқу  бағдарламалары  пайдалы  жəне  журналистік  білім  беру  орындары  мен 
оқытушыларына ынталандыру ретінде ықпал етеді күтіледі; 
3.  Оқу  бағдарламаларының  берілген  үлгілері  журналисткиа  саласы  бойынша  білім 
беретін оқытушыларға көмекші құрал болып табылады; 
4.ЮНЕСКО  моделінің  басты  артықшылықтарының  бірі  –  бұл  халықаралық 
бағдарламаны əр елдің өзіндік ерекшеліктеріне сəйкес бейімдеуге негіздеп құрастырған; 
5. Академиялық ортаның жұмыс беруші ортамен қалай тығыз байланыс жасау жолдары 
көрсетілген; 
6.  Журналистік  білім  беруге  қатысты  пайдалы  əдебиеттер  тізімі  жəне  Интернет 
ресурстарына сілтеме берілген; 
7.  Журналистік  білім  беру  бойынша  оқу  бағдарламасының  тақырыптары  заманауи 
өзекті мəселелерді көтерген. 
Сондықтан  бұл  оқу  бағдарламасы  журналистік  білім  беру  саласы  бойынша 
халықаралық  стандарттарға  сай  келетін  бағдарламалардың  бірі  жəне  студенттердің  
журналистиканы  жан-жақты  игеруіне  жəне  кəсіби  біліктілігін  көтеруге  үлкен  мүмкіндік 
береді деп есептеймін.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет