Сборник материалов международной научно-практической конференции посвященной 75-летию д ф. н., профессора Абдул-Хамид Мархабаева «современные технологии подготовки



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата19.02.2020
өлшемі2,97 Mb.
#58382
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
thesis11798


............................................. 
1.
 
Модел учебной программы ЮНЕСКО по журналистике
http://www.unesco.kz/publications/ci/2012/Model_J-Curricula_ru-Sources.doc
 
 
 
Назарова
 Н., 
ҚазҰУ  3-курс студенті  
Ғылыми жетекшісі  А.Құрманбаева 
 
ФЭНТЕЗИ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Балалық  шағым  –  қиял-ғажайыптың  кезеңі,  ошағы  бола  тұрып,  бойымда  адам  айтып 
түсіндіруге  келмейтін,  ғылым  атаулы  дəлелдей  алмайтын  əлдебір  кереметтерге  сенуді 
қалыптастырды. Жастыққа басым тие сала, кірпіктерімнің ілінуіне мұрша берместен, əжемді 
тыныштықтан  жұрдай  етіп,  ертегі  сұраумен  болатынмын.  Əжем  сонау  «Күн  астындағы 
Күнекей  қыз»,  «Ертөстік»,  «Алтын  сақа»,  «Алпамыс»,  «Ай  астындағы  Айбарша  сұлу»  бар 
ма, қазақ ертегілеріне  бірін қалдырмастан саяхат жасайтын мен үшін. Көз алдыма əр алуан 
көрініс келіп, өзімді сол ғажайып əлемнің бір бөлшегі етіп сезінуді жаным сүйетін. Сүйікті 
кейіпкерлерімнің  шынайы  өмірде  жоқ  екенін  біле  тұра,  олардың  бізбен  қатар  əлемде  өмір 
сүретініне,  сол  əлемді  бір  күн  болмаса  бір  күн  табарыма  бар  балалық  ынта-шынтаммен 
сенетінмін...  Ертегі  тыңдау  –  күн  тəртібімнің  бір  міндетіне  айналып  кеткенін  жəне  сол 
міндетті  орындамастан  ұйқтамайтынымды  білетін  əжем,  бар  білген  қазақтың  ертегісі 
таусылған  мезетте,  ойдан  əлденені  құрастыруға  кіріседі.  Бұл  процессті,  шыны  керек,  ерек 
сүйетінмін.  «Баяғыда,  шал  мен  кемпір  кедейшілікте  өмір  сүріпті..  Кішкене  ғана  лашықта 
тұрады екен өздері..» деп бастайды əжем, бір күрсініп қойып. «Олардың минут сайын, жоқ, 
секунд сайын өсетін жалғыз ұлы болыпты, иə əже?» деймін жалғастырғандай болып əлгіні. 
«Еее  дұрыс,  есімі  –  Үміт  болған.  Соңғы  үмітіміз  үзілсе  де,  қолымызда  тағы  бір  «үміт» 
болсын  деген  оймен  қойған  перзетінің  атын»  деп  түсіндіріп  қояды.  Сөйтіп,  əрі  қарай  көпті 
көрген  қарт  пен  өмірге  қадамын  енді  ғана  басқан  мендей  балақайдың  қиялы  өздігінен 
үйлесім тауып кете береді. Еліне тыныштық пен бейбітшілік сыйлау жолында əлгі Үміт сан 
түрлі  қиындыққа  жолығады.  Ұзақ  сапары  соңында  Тондыбай  деген  біркөзді  диюді  жеңіп 
шығып, оның құрсауындағы қызды құтқарады. Оған бірден ғашық болып, сонымен, не керек, 
соңында  туған  мекеніне  жеткенде,  бүкіл  ауыл  оған  алғысы  ретінде  тойын  жасап  береді. 

156 
 
Дүбірлі  тойға  Ертөстігі  бар,  Алпамысы  бар,  барлық  ертегі  кейіпкері  келіп,  қонақ  болады. 
Осы  сынды  авторлық  ертегілерді  əжем  екеуміз  бір  ауыздан  «Сөйтіп,  бəрі  мұрат-мақсатына 
жетеді»  деп  аяқтайтынбыз.  Ертегінің  дəмін  бір  татқан  мен,  тағы  ертегі  сұрағым  келіп, 
«Əже!..»  дей  бергенде,  əлдененің  тоқ-тоқ  еткен  қорқынышты  даусы  естіледі.  Сонда  ғана 
əжем:  «Ойбу-у-у,  жат,  қане.!  Тондыбай  ғой  кеп  тұрған.  Ұйқтамасаң,  сені  алып  кеткелі  тұр, 
əне!» дейді. Ол Тондыбайды көруге қараңғыда көзім жетпей, жыбырлай бастаған сəтте, əжем 
біз  жатқан  бөлменің  ағаш  еденін  алдыңғысынан  да  қатты  ұрады.  Зəрем  қашып,  енді  ғана 
көзімді  тас  жұмып,  жылы  көрпені  бүркеніп  алып,  бір  жағынан  үрейленіп,  екінші  жағынан 
«еее... бəрі рас екен ғой» деп, кеудемде ғажайыптың шырағы жанып, тəтті ұйқының, əжемнің 
айтуы бойынша «Соқыр молданың» жетегінде кете беремін...  
Балалық  шақтың  сандығынан  суырған  естелігім  бұл.  Сол  кез  менің  өмірімде  «фантазия» 
атаулының өсікінін дарытты бойыма. Дегенмен, қазақи қиял-ғажайыптың күнделікті дозасы 
сол  баяғы  ертегі  ғана  болып  қана  қала  бермек  мен  үшін.  Кейіннен,  өсе  келе  ұлттық  қиял-
ғажайыптан  алыстап  қалғанымды  мойындау  керек.  Оның  себебі,  бұл  жанрда  қазақша 
əдебиеттің  жоқтығы  еді.  Сол  себепті  өз  басым,  жеткіншекке  айналғанымда  өзге  елдің 
ғажайыбын  бойыма  сіңіріп  өстім.    «Сақиналар  əміршісі»,  «Гарри  Поттер»,  «Нарния 
хроникасы» сынды дүниелерді көзім талғанша оқып жатып, «қазақ жазушылары бұл жанрда 
неге  жазбаған  екен?..»  деген  ойды  кезіп  кететінмін  кейде.  Сол  бағыттағы  қазақша 
əдебиеттерге  мұқтаж  болғандығымнан,  ұзақ  айлы  түндерде  өзім  жазып  тастағым  келіп, 
əлдененің  басын  түртіп  қоятынмын.  Бірақ,  тағы  есейе  келе,  əдебиеттің  бұл  саласы,  бұл 
жанры өз алдына бір «дию» екенін ұқтым... 
Фэнтези  жанрындағы  кітаптарды  бүгінде  кез-келген  кітап  сататын  дүкеннің  сөресінен 
кездесетіре  алғанымызбен  бұл  жанр  күні  кешеге  дейін  сыншылардың  кезекті  дауының 
тақырыбы  болатын.  Олардың  əңгімелері  көбінде  «фэнтезиді»  классика  санатына  жатқызу-
жатқызбауы  аясында  өрбитін.  Бірақ,  шынына  келгенде,  бұл  жанрдың  əлі  күнге  күмəн 
тудыруына не себеп? 
Оның  себебін,  алысқа  бармай-ақ  əлгі  өзіміз  тыңдап  өскен  ертегілер  мен  мифтерден 
іздейік.  Ертегілер  –  əдебиеттің  ескі  де  болса,  еш  уақытта  өшпейтұғын  жанры  болып  қала 
бермек.  Өшпейтіні  –  қатал  сыншылары  жоқ,  кең  оқырман  я  тыңдарман  аудиториясы  бар 
жанр.  Сонымен  қатар,  ертегілер  игі  жолмен  жүруді  тікелей  емес,  əлдебір  бүркемелі 
ғибратпенен  бағыттап,  бəріміздің  көңілімізден  ойып  тұрып  орын  тепті.  Фэнтезиді,  бастауы 
екі ұшты жанр деп қарастырсақ, ертегіден бөлек, мифтерге де келетін жақтары көп. Мəселен, 
эпикалық  баяндалу  жағы.  Фэнтези  кейіпкері  діттеген  мақсатына  тура  мифтік  кейіпкер 
сияқты  тайсалмастан  жететінімен,  миф  кейіпкерінен  айырмашылығы  –  шынайы  адам 
образына  көбірек  сəйкес  келетіндігі,  яғни  фэнтези  кейіпкерінде  мифтік  кейіпкерде  жоқ 
таңдау  құқығы,  əлдебір  еркіндік  бар.  Оның  себебі  –  фэнтезидің  өзі  өлшеулі  шеңбері  жоқ, 
бостандық  пен  тəуелсіздікке  жақтас  жанр.  Жанр  қатарына  жатқызғысы  келмейтіндер  осы 
себептен де фэнтезиді даулы талқыға алады, реті жоқ, шектен тыс шығып кеткен түсініксіз 
бағыт деп есептейді. Олардың айтқандығы да бір жағынан қарағанда дұрыс көзқарас іспетті, 
себебі фэнтези өз кереметтілігін тарих салып кеткен дəстүрмен жүргенде ғана сақтай алмақ. 
Ал  орынсыз  заманауилыққа  бет  бұрып  кету  жанр  аясынан  шығып  кетуге  алып  келеді. 
Айтпағым,  мұндай  құбылыстың  соңында  біз  қажетсіз  дүниенің  иегері  атанамыз,  мейлі  ол 
мистика, я болмаса кезекті қорқынышты əңгіме болсын.  
Заманауилыққа  салына  тұрып,  тарихи  жолдан  бір  сəтке  де  ауытқымаған  фэнтези 
жанрындағы бірегей шығарма - Джон Рональд Руэл Толкиннің  «Сақиналар əміршісі» («The 
Fellowship of the Ring», 1954) кітабы. Американдық халық белгісіз автордың кенеттен жарық 
көрген  бұл  шығармасын  фэнтези  əлемінің  шарықтау  шегінің  айқын  көрінісі  ретінде 
қабылдады.  «Сақиналар əміршісі» барлық жағынан өзгеше болды: кейіпкерлер де, оқиғалар 
да, сюжет те, пəлсапа да. Оқырман қауымымен бірге зерттеушілер де өз тұрмысы, мəдениеті, 
географиясы,  сонымен  қатар  өз  тарихы  бар  Толкин  əлемінің  ғаламат  көпобраздылығы  мен 
нақтылығын байқап, оң бағасын беріп жатты. [1, 2] 

157 
 
Таралымы  бойынша  Інжілмен  бəсекелестікке  түскен,  сонымен  қатар  жанрға  жаңаша  леп 
алып келген шығарма авторы Дж.Р.Р. Толкин, фэнтезидің заманауи кескін-келбетін салмақты 
түрде қалыптастыра алды. Дəл осы қадамы үшін, тіпті, «фэнтезидің Əкесі» деп те атап кетті 
оны. 
Жалпы,  «Фэнтези»  термині  ағылшынның  «fantasy»  деген  сөзінен  бастау  алады.  XVII 
ғасырда кейбір авторлардың қиялының шегі де, шеті де жоқ ерек феериялық шығармаларын 
дəл  осылай  атай  бастаған.  Бірақ,  əдебиеттің  белгілі  бір  тақырыптық  арнасы  ретінде  ол  тек  
ХХ ғасырдың басында қолданысқа енді. Бөлек жанр болып қалыптаса бастаған кезі ағылшын 
ақыны,  өнертанушысы  жəне  утопияшыл-социалист  Уильям  Морристің  «Қиян  шеттегі 
құдық»  («Well  at  the  World’s  End»,  1986)  шығармасы  жарық  көрген  уақытпен  тұспа-тұс 
келеді.  Жанрдың  кейінгі  қалыптасу  кезеңі  Эдвард  Дансейни  жəне  Абрахам  Мерит  сынды 
жазушылардың  шығармашылығымен  дами  түседі.  Дегенмен,  жалпылай  алғанда,ол  кезде 
аталған жанр оқырман аудиториясының шынайы қызығушылығын тудыра алмады. [2] 
Жоғарыда  аталған  Дж.Р.Р.  Толкиннің  фэнтезидің  дəстүрлі  негізін  салушыларынан 
айырмашылығы  –  заманауилыққа  батыл  қадам  жасай  отырып,  жанр  тарихи  заңдарын 
аяқасты етпеуі. Оның айтуы бойынша, бұл жанр – біздегі үміттен басқа бір үмітті тудыратын 
өзге əлемді құрумен ерекшеленеді. Толкиннің түсіндіруге тырысқан бұл өзгешелігімен қатар, 
фэнтезидің  түрлі  бағыт  бойынша  жіктелетін  көптен-көп  ерекшеліктері  өз  алдына,  өзге 
жанрдан бөлек екенін білдіріп тұратын нышан-белгілері бар.  
Ең алдымен, фэнтези мен фантастиканың ара жігін ажыратып алайық. Себебі, бүгінде ол 
екеуінің жанрлық сипатын шатастыратыны бір бөлек, кейде тіпті екеуін біріктіріп жіберетін 
қауым да баршылық.  Фантастика мен фэнтези екеуі қатар дамыған жанрлар. Екеуі де жанр 
ретінде  əдебиетте  орын  алмай  тұрып,  тіпті  атаулары  табылмай  тұрып  пайда  болды.  Кей 
сəттерде екі жанрдың тоғысуы да байқалатын.  
Бірақ,  əрбір  жазушы  фантастика  мен  фэнтези  ұғымдарының  астарында  екі  бөлек  өзіндік 
мəн-мағына көреді. Мəселен, Т.Чернышева «фантастика ешбір əдеби əдіске қарсы келмейді, 
ол романтизмге де, реализмге де, модернизмге де бірқалыптылықпен өтіп кете алады» десе, 
фэнтези  туралы  оның  ойы  мынадай:  «Ғылыми  фантастика  мүмкін  нəрсені  бейнелейді  – 
болашақта  орын  алуы  мүмкін  өзгерістер,  ашылулар  мен  галактикада  пайда  болуы  мүмкін 
өркениеттер  іспетті  дүниелерді,  ал  фэнтези  болса,  көпе-көрнеу  мүмкін  емес  дүниелерді 
жеткізумен айналысады». [3,85] 
Зерттеуші  М.Галина  өз  тарапынан  «Фэнтези  мен  ғылыми  фантастиканы  бір-бірінен 
ажырату қиын. Шартты түрде айтқанда, ғылыми фантастика өмірде бар ғылыми парадигмаға 
негізделсе,  фэнтези  шынайылықтан  өзге  қосымша  жағдайларды  да  өз  негізіне  алуға 
ұмтылады, мəселен, сиқыр атаулыны» деп өз тұжырымдамасын жасайды. [4, 100] 
Фэнтези  мен  фантастика  көптен-көп  өлшемдер  бойынша  бір-бірінен  айырмашылық 
жасайды.  Біріншіден,  берілетін  көріністерінің  объектілерімен,  кейіпкерлерімен.  Фэнтези 
ешқашан  да  болмаған  əлемді  бар  деп  жеткізсе,  ғылыми  фантастика  əлгінде  айтылған 
болашақтың əлемін жеткізуге тырысады.  
Фэнтези мен фантастиканың сараптама жасай отырып, екі бағыт, екі жанр, екі бөлек дүние 
екенін  ұқтық.  Десе  де,  фэнтези  жанрының  əрбір  кезеңі,  əрбір  əдеби  шығармасы  жанрдың 
ерекшеліктеріне  үнемі  өзгеріс  пен  жаңарту  енгізіп  тұрады.  Ендеше,  күні  бүгінге  дейін 
қалыптасқан жарлық ерекшеліктерге тоқталайық.  
Біріншіден,  шынайы  өмірде  кездеспейтін  сипаттарға  ие  өзге  əлемнің  болуы.  Осы  ретте, 
бəріміздің  дүние  жүзі  тарихынан  оқыған  Терри  Пратчеттың  «жалпақ  əлемін»  мысалға 
келтіруге болады. «Жалпақ əлем», есіңізде болса, төрт алып пілдің үстінде орнықса, төрт піл 
өз  кезегінде  Ұлы  А’Туин  атты  үлкен  жұлдызды  тасбақаның  үстіне  табан  тіреді. 
Ғалымдардың  ойынша,  осыншалық  абсурд  тудыратын  əлемнің  шынында  бар  болуы 
миллионнан  бір  шансқа  ғана  ие  болса,  «жалпақ  əлем»  пікірін  берік  ұстанушылар 
«миллионнан бір шанс» оннан тоғыз жағдайда орын алады деп сенді.  
Екіншіден, сиқыр мен фольклорлық кейіпкерлердің оқиға ішінде міндетті элемент ретінде 
кездесуі. Мысал ретінде, кез-келген фэнтези жанрындағы шығарманы келтіруге болады.  

158 
 
Үшіншіден, авантюралық сюжеттің болуы. Көбінде – соғыс, саяхат жəне т.б.. 
Төртіншіден,  ортағасырлық  антураж.  Десе  де,  бұл  ерекшелік  нық  бір  нəрсеге  тоқтап 
қалмаған. Айтпағым, оқиға ежелгі кезеңде де, қазіргі заманда да, болашақта да өрбуі мүмкін. 
Бесіншіден,  сиқырдың  пайдасына  орай,  оның  технологияға  жасырын  түрде  қарсы 
қойылуы.  
Алтыншыдан,  бірінші  орынға  жанр  кейіпкерлері  мен  олардың  мінез-құлықтары, 
уайымдаулары  шықса,  екінші  орында  (маңыздылығы  біріншісінен  кем  емес)  сиқырлы, 
тылсым, ертегімен жанасқан дүниелер тұрады.  
Жетіншіден,  сюжет  құрушы  негізгі  желі  ретінде  жақсылық  пен  жамандықтың  кереғар 
жағдайы.  Фэнтези  ертегіден  айырмашылық  жасайтыны,  мұндағы  жақсылық  пен 
жамандықтың  сипатынан  да  көрінеді.  Мəселен,  ертегіде  жақсылық  ешбір  құрбандықсыз 
жеңіске жетсе, фэнтезидің жақсылығы мен жамандығы өз алдына алуан мəнді.  
Сегізіншіден, арғы беттегі əлем мен оның көрініс үрдісі.  
Тоғызыншыдан,  автор  еркіндігі:  ол  сюжеттің  желісін  күтпеген  жерден  өзгертіп  жіберуі 
əбден  мүмкін,  себебі  фэнтези  əлемі  барлық  нəрсенің  мүмкін  екендігін  дəлелдеуге 
бағытталған. Соңғысы – жанрдың ең маңызды ерекшелігі. [5, 166] 
Фэнтези  бүгінде  тек  əдебиетке  тиесілі  болғанымен,  көркем  сурет  өнеріне, 
киноматографияға,  компьютерлік  графикаға  да  қанатын  жайған  ауқымды  жанр.  Əлем 
бойынша, бұл жанр авторлары үлкен үстемдікке ие, мейлі оқырман санынан, мейлі табысы 
жағынан  болсын.  Аудиториясын  ерек  сезімге  бөлеп,  отырған  орныңнан  сені  өзге  əлемге 
еліктіріп  əкететін  бұл  жанрдың  ұлттық  əдебиетімізде  дамымағандығы  ғана  алаңдатады. 
Себебі,  адамның  ұшқырлығын,  фантазиясын,  елестету  үдерісін  тек  осы  сынды  бағыттағы 
əдебиеттер қалыптастыра алатыны хақ. Қазақ əдебиетінің фантазиялық қоржыны ертегі, одан 
қалса  мифологиялық  бағытқа  ғана  негізделген.  Одан  өзге,  аталған  жанр  аяқ  тіреп,  дами 
алатын  негіз  жоқ  болып  тұр.  Ұлттық  мифологиямызды  да  белгілі  бір  сарынға  салып, 
жинақтап,  зерттеп,  қазақ  оқырманына  ұсынған  Серікбол  Қондыбай  болды.  Қамшының 
сабындай ғана қысқа ғұмырында ол «белгісіз тұңба» күйінде жатқан мифологиясын қазағына 
қайтарып бере алды...  
«Дағдыға  айналған  сауал  –  «неге  қазақта  жоқ».  Осы  сауал  əрбір  жақсы  киноны, 
мультфильмді,  суретті  көрген  сайын,  жақсы  кітаптан  ерекше  оқиға  туралы,  ғұрып  туралы, 
ерлік туралы, дарынды адамдар туралы оқығанда да, жақсы əн мен əуенді тыңдаған кезде де 
ойыма оралады. Осылардың бəрі неге қазақта жоқ? Əлде қазақ адамзаттың «тоқалдан туған» 
қарабайыр  пендесі  ме?  Əрине  олай  емес.  Белгісіз  бір  «өзімшіл  сезім»  олай  дегізбейді...»[6, 
7]Серікбол  Қондыбайдың  жинақ  кітабында  келтірілген  дəл  осы  сөзі  мақала  соңында  еріксіз 
ойға оралады... Əлдебір «өзімшіл сезім», біз сөз еткен фэнтези жанрының қазақта тіптен жоқ 
екеніне сенгісі де жоқ, бой бермек те емес! 
....................................... 
1.
 
КубГАУғылыми журналы87(03)/ 2013 жыл 
2.
 
«Фэнтэзи» жанрына анықтама 
3.
 
Гоголева С.А. «Другие мирытрадиции и типология жанра фэнтэзи»/ «Наука и образование» 
журналы3-2006жыл 
4.
 
Неелов Е.М «Еще раз о жанровой специфике фантастической литературы»/ Ученые записки 
Петрозаводского  государственного  университета.  Серия:  Общественные  и  гуманитарные  науки
91-2008 жыл 
5.
 
Гоголева  С.А.  «Влияние  готического  романа  на  жанр  фэнтези  и  его  роль  в  становлении 
жанра» / «Наука и образование» -  3/2007 жыл 
6.
 
Серікбол Қондыбай - Толық шығармалар жинағы. 1-том. «Қазақ мифологиясына кіріспе»/2008 
жыл 
 
 
 
 
 

159 
 
Негизбаева
 М.О., 
к.ф.н., доцент КазНУ 
 
ОСОБЕННОСТИ МЕНЕДЖМЕНТА В МЕДИАБИЗНЕСЕ 
 
Менеджмент  стал  необходимой  и  значимой  функцией  в  медиабизнесе.  Масс-медиа  не 
только  выполняют  посредническую  функцию  между  властными  структурами  и 
общественностью,  между  производителями  и  потребителями,  но  и  формируют  новые 
отношения  на  медийном  рынке.  В  медиакомпании  менеджмент  является  стратегически 
важным  элементом  организации  и  управления.    Изменчивость  казахстанской  бизнес  среды 
закрепила  необходимость  в  профессиональных,  деловых  и  информационных  отношениях  с 
потребителями и внутренними PR-коммуникциями.  
PR-деятельность – не набор технических приемов, а запланированная, ориентированная на 
результат,  оцениваемая  и  связанная  с  бизнес-целями  организации  управленческая  функция. 
Предназначение  PR,  по  мнению  известного  специалиста  в  области  PR  Филиппа  Лесли,  - 
«быть  всегда  в  середине,  вращаясь  между  своими  клиентами,  нанимателями  и  рядовыми 
служащими.  Эта  серединная  позиция  не  свойственна  никакой  другой  категории  людей, 
имеющих  дело  с  «климатом  взаимоотношений».  Все  другие  специалисты  –  журналисты, 
социологи,  психологи,  политики  –  ориентированы  в  направлении  своих  конкретных 
областей» /1/.  
Являясь  управленческой  функцией  и  одновременно  элементом  маркетинговой 
коммуникации,  PR  осуществляет  комплекс  мер  и  различного  рода  коммуникации  между 
компанией и общественностью, направленные на повышение узнаваемости и положительной 
репутации. Где, коммуникации могут строиться в различной форме и на разном уровне – от 
простого  общения  с  клиентами  (потребителями,  партнерами,  аудиторией  и  т.п.)  до 
организации  Международных  Форумов.  Компании  –  это  государственные  структуры, 
коммерческие организации, медиаструктуры, финансовые институты, политические партии, 
общественные фонды и отдельные личности. И общественность – это население, партнеры, 
акционеры, конкуренты, потребители. Репутация компании – это ее имидж, отношение к ней 
общественности, в том числе собственных сотрудников, социальное партнерство. Развитие и 
процветание компании зависит от качественной ее деятельности и репутации. 
Задачами менеджмента в медиакомпании являются: 
- разработка стратегического и тактического планов; 
- организация,  проведение  и  контроль  PR-мероприятий  (пресс-конференции,  круглые 
столы,  Форумы,  фестивали,  музыкально-развлекательные  программы,  фуршеты,  выставки, 
провокационные мероприятия и т.п.); 
- оценка результатов и анализ эффективности запланированной PR-кампании; 
- постоянный мониторинг рейтинга масс-медиа; 
- налаживание отношений с внешней средой (потребителями, партнерами, конкурентами, 
журналистами,  лидерами  общественного  мнения,  представителями  государственных 
структур и т.п.); 
- организация  и  проведение  внутренних  PR-мероприятий  (создание  благоприятных 
условий 
труда 
сотрудникам 
и 
журналистам, 
корпоративные 
мероприятия, 
внутриорганизационные каналы распространения информации и т.п.); 
- предотвращение  и  устранение  конфликтных  ситуаций  внутри  медиакомпании,  работа  с 
внешними конфликтогенами, антикризисный PR; 
- профессиональные  отношения  с  бизнес-сообщемтвом:  создание  привлекательного 
информационного  повода,  подготовка  материалов,  пресс-релизов,  статей,  экспертной 
оценки, авторитетного мнения относительно деятельности медиакомпании; 
- социальное партнерство; 
- мониторинг и сбор материалов о СМИ и о деятельности медиакомпании; 

160 
 
- подготовка  и  реализация  собственной  рекламной  печатной  и  сувенирной  продукции 
(буклеты, проспекты, брелоки, значки, ручки, блокноты, футболки, кепки и т.п.). 
Все  это  должно  отвечать  интересам  общества.  В  противном  случае  управленческая 
деятельность окажется безрезультатной.  
Как  и  эффективность  рекламной  кампании,  специалисты  пытаются  оценить 
благоприятные  действия  PR-мероприятий.  Оценить  эффективность  PR-коммуникации,  по 
мнению  одних,    невозможно.  Другие  утверждают,  что  возможно  измерить  по  отдельно 
взятым видам PR-коммуникации. Например, после проведенной пресс-конференции, можно 
выявить, сколько пришли журналистов и сколько, затем опубликовано публикаций, сколько 
раз  упоминалась  компания  /2/.
 
Попытки  разработать  универсальную  систему  оценки 
эффективности  связей  с  общественностью,  стандартизировать  измерения  в  PR,  привязать 
результаты  PR-программ  к  бизнес-показателям  компании  предпринимаются  западными 
специалистами постоянно /2/. 
Измерения  —  ни  в  коем  случае  не  самоцель.  Их  главная  задача  —  помочь  правильно 
сориентироваться  в  текущей  ситуации,  при  необходимости  скорректировать  стратегию  и 
помочь  наиболее  эффективно  достичь  поставленные  компанией  цели.  Измерения  —  это 
компас, помогающий верно определить направление, в котором надо продолжать двигаться, 
чтобы  достичь  поставленной  цели.  По  словам  Кэти  Пэйн,  председателя  Комиссии  IPR  по 
измерениям,  «стоит  потратить  5-10%  бюджета,  чтобы  выяснить,  почему  не  работают 
остальные 90%» /2/.  
Увеличение 
прибыли, 
узнаваемость 
медиакомпании 
являются 
показателями 
действенности PR. Для чего проводят маркетинговые исследования  финансового состояния 
медиакомпании  до  начала  PR-коммуникации  и  после  него,  и  полученная  разница  служит 
показателем  ее  эффективности.  Поскольку  в  современном  медийном  бизнесе  практикуется 
осуществление    маркетинговых  коммуникаций    интегрировано,  достаточно  сложно 
определить влияние отдельно PR-коммуникации на развитие компании. Для подобного рода 
исследований  исключаются  все  другие  элементы  интегрированных  маркетинговых 
коммуникации, и используется только один из них, например PR-акций.  
Анализ  динамики  развития  медиакомпании  под  воздействием  маркетинговых 
коммуникации  требует  значительных  финансовых  затрат.  Как  уже  было  сказано  выше, 
точность  и  необходимость  маркетинговых  исследований  относительно  эффективности 
проведения  одного  или  интегрированных  маркетинговых  коммуникации  подвергается 
сомнению.  Измерение  эффективности  PR  посредством  определения  числа  контактов 
потребителей  с  маркетинговым  сообщением  в  СМИ  также  не  дает  точных  результатов. 
Поскольку  невозможно  узнать,  сколько  людей  в  действительности  имели  контакт  с  PR-
сообщением. Также некорректны цифры о фактическом количестве читателей (слушателей, 
зрителей) определенного медианосителя, сложно определить данные о количестве «чистых» 
(не  дублированных)  связей  с  потребителем  /3/.  Поскольку  один  номер  печатного  издания 
могут просмотреть несколько человек или, напротив ни один читатель не обратит внимания 
на  PR-сообщение.  Также  возможно,  что  один  человек  получает  данное  PR-сообщение  из 
нескольких  средств  распространения  информации.  И  самое  главное,  отношение  человека  к 
предмету  PR-обращения  (личности,  компании,  товару,  услуге,  торговой  марке), 
положительные это эмоции или отрицательные,  не поддается анализу. 
В  отличие  от  рекламы  и  других  маркетинговых  коммуникации,  PR  мероприятия 
рассчитаны  на  широкий  охват  аудитории  (реальной,  потенциальной,  расчетной),  взаимную 
связь  (общественность  и  компании)  и  долгосрочные  отношения.  Тогда  как  рекламные 
мероприятия  характеризуются  односторонней  связью  с  определенной  целевой  аудитории. 
Безусловно,  измерение  эффективности  того  или  иного  элемента  маркетинговых 
коммуникаций  или  оценка  их  воздействия  в  совокупности  остается  востребованным,  но  не 
совершенным методом.  

161 
 
«Нынешние  владельцы  плохо  понимают,  что  такое  СМИ,  для  чего  они  нужны  и  просто 
используют их не по назначению» /4/.  Предлагаются конструктивные действия для развития 
конкурентоспособности казахстанских телеканалов при соблюдении трех условий:  
1. Изменение  отношений  руководителей  к  своему  телеканалу  как  к  «общественно 
полезному  и  как  к  бизнесу»  и  тогда  «появятся  и  получат  развитие  новые  оригинальные 
телепроекты». 
2. Демонополизация  телевидения.  Инициатива  и  свобода  творчества  журналистов. 
Взаимоуважение телеканалов и тележурналистов. 
3. Изменение  системы  журналистского  образования.  Парадоксально,  при  наличии 
множества  факультетов  журналистики  наблюдается  нехватка  журналистских  кадров. 
Возможно, открытие  «школ для стажировки при крупных телеканалах и массовых газетах» 
будет наиболее эффективным /4/.   
Английский  журналист  и  преподаватель  Д.  Рэндалл  по  поводу  бизнеса  в  журналистике 
писал:  «В  тот  день,  когда  вы  начнете  считать  информационные  сообщения  товаром, 
рыночные  характеристики  которого  можно  просчитать,  -  в  тот  день  вы  престанете  быть 
журналистом.  В  какой-то  момент  чрезмерное  потакание  тому,  что  вы  считаете 
читательскими  предпочтениями,  обернется  отфильтровыванием  и  отбрасыванием  сюжетов, 
идущих  вразрез  с  читательскими  предрассудками,  или  изъятием  «лишних»  элементов 
сюжета, вроде контекста, объяснений и оговорок»  /5/.  
Чтобы  привлечь  и  удержать  потенциальных  потребителей  информации  владельцы  СМИ 
работают под их диктовку, забывая о роли журналистики. «Наше ремесло стало, как это ни 
обидно  всем  потенциальным  «золотым  перьям»,  сервисной  профессией.  Журналистика  и 
литература  ныне  –  не  две  грани  одного  таланта,  а  отчетливо  разделенные  две  области. 
Читатель через редактора говорит репортеру: пойди и принеси то, что у меня, читателя, нет 
времени выяснять самому. Сочинителю аналитических текстов: разложи по полочкам то, что 
у  меня  нет  времени  обдумывать.  Щелкнув  каблуками,  репортер  и  аналитик  удаляются. 
Только худшие из них остаются поныть: а как же моя творческая индивидуальность?» /6/. 
Сегодня  прогрессивно  мыслящие  издатели  активно  переходят  на  новые  бизнес-модели, 
технологии  и  форматы,  оптимизируют  маркетинговую  политику,  без  которой  нельзя 
адаптировать традиционный издательский бизнес к новым условиям цифровой медиасреды, 
выстроить  эффективные  отношения  с  читателями  и  рекламными  клиентами,  правильно 
позиционировать себя на фоне ТВ, радио, Интернета, стремительно растущих новых медиа. 
Современное понятие «газета» больше не сводится только к бумажному носителю. Во всем 
мире  экономически  сильные  издатели  газет, стремясь  не  просто  сохранить,  но и  увеличить 
долю покрытия рынка СМИ своими продуктами, превращаются из производителей печатных 
СМИ  в  поставщиков  разнообразного  контента  (своеобразные  информационные  агентства), 
который затем распространяется потребителями на любых носителях и по всем возможным 
каналам коммуникаций – бумага, он-лайн, мобильные устройства, ТВ, радио и др. /7/. 
«Многие  люди  просто  отгородились  от  этих  СМИ  –  как  массовых,  так  и 
специализированных. Такая  негативная  реакция  на  информационное  сообщество,  заставила 
тех, кто пытается довести информацию до людей, изобретать новые способы и использовать 
более  персонализированные  подходы,  такие  как  встречи,  конференции  и  другие  формы 
общения,  предполагающие  активное  участие  избранной  общественной  группы.  Все  более 
активно используются внутренние компьютерные сети организации и внесение информации 
в  каталоги  Интрнет-серверов  для  того,  чтобы  довести  информацию  для  определенных 
общественных  групп.  Пользователи  СМИ  надеются  на  то,  что  активное  участие  –  это  тот 
ключевой  фактор,  который  способствует  доведению  информации  до  определенных  групп 
людей» /1/. 
В то же время ошибочным было бы утверждение, что информационный рынок Казахстана 
инертен.  Как  и  любой  другой  бизнес,  медиарынок  претерпевает  изменения:  происходит 
слияние,  поглощение,  интеграция,  дифференциация  средств  массовой  информации. 

162 
 
Инновационные  процессы  в  условиях  современности  усложнили  отечественную 
медиаструктуру.  
Коммуникативные  свойства  канала  информации  в  значительной  степени  определяют 
особенности контакта между какими-либо органами журналистики и аудиторией. Обратная 
связь  редакции  медианосителей,  проведение  общественных  дискуссий  по  актуальным 
вопросам  позволяют  узнать  о  представлениях,  пожеланиях  и  интересах  аудитории  по 
заданной  теме.  Таким  образом,  продуктивный  диалог  способствует  усовершенствованию 
взаимодействие  СМИ  и  общества.  В  журналистике  обратная  связь  может  выражаться  в 
читательских  конференциях,  интерактивном  ТВ,  пресс-конференциях,  почте,  телефонной 
связи и др.  
Если  раньше  руководители  медиахолдингов  воспринимали  PR  как  дополнительную  и 
необязательную функцию, то теперь он является стратегически важной деятельностью. Это 
обусловлено тем, что: 
- усилилась  конкуренция:  сегодня  качество  –  неотъемлемая  часть  продукции  и  уже  не 
является приоритетным условием успешности бизнеса как было раньше; 
- возросла  роль  социальной  ответственности  бизнеса  и  усилилась  деятельность 
общественных, социально значимых организации; 
- активизировались бизнес-процессы, иногда с возникновением конфликтных ситуаций; 
- стратегически изменилось планирование и строение конкурентоспособного государства;  
- развиваются международные отношения и создается узнаваемость страны в мире; 
- общественность  все  больше  стала  интересоваться  ситуацией  в  деловой  сфере, 
политическими и экономическими вопросами.  
В  условиях  современного  бизнеса  и  постоянной  конкурентной  борьбы,  организация 
эффективной  работы  медиакомпании,  как  и  любой  другой  коммерческой  струткуры, 
немыслима без отделов по связям с общественностью. 
....................................... 
1.
 
Даг  Ньюсом,  Джуди  ВанСлайк  Терк,  Дин  Крукеберг.  Все  о  PR.  Теория  и  практика  паблик 
рилейшнз. -  М.: ИздДом «Инфра-М», 2001 
2.
 
http://prclub.kz/?p=515
 
3.
 
Шарков Л.ГДублирование связей с потребителями // Советник. - 2010. - 
4.
 
Алимова АТВ – не игрушка в клановой борьбе // С пером и шпагой. –2009 18 
5.
 
Рэндалл  Д.  Универсальный  журналист  /  Пер.  с  англ.  Порьяза  А.  -    Алматы:  Центральная 
Школа Молодых Журналистов, 1996 
6.
 
Практическая  журналистика  Казахстана:  учебное  пособие  -  Алматы:  Международный 
«Media Net», 2006.  
7.
 
Сеславинский ММуниципальная пресса на медиарынке // Журналист. - 2012. -  12 
 
 
Ноғайбаева
 Ж.Ə.  
п.ғ.к.,   ҚазҰУ доценті 
 
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ƏДІСНАМАСЫ  
 
Қазір  республикадағы    оқу  орындары  ұсынып  отырған  көп  нұсқалыққа  байланысты 
өздерінің  қалауына  сəйкес  кез-келген  үлгі  бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл 
бағытта   білім  берудің  əртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  жəне  тəжірибеге 
негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан  əртүрлі  оқыту 
технологияларын,  оқу  мазмұны  əрбір  білім  алушының  жас  жəне  жеке  дара  психологиялық 
ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тəжірибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор.  Ғылыми-
педагогикалық  əдебиеттерде  іс  жүзінде  анықталып  табылған  оқыту  үрдісінің  нəтижесін 
көретін  əдіс-тəсілдері,  түрлері  көбіне  жаңашыл,  инновациялық  болып  табылады. 
Инновациялық  процестерді  ендіру  үш  өзара  байланысты  күштер  анықталады:  енгізілген 

163 
 
технологияның  ерекшеліктерімен;  жаңашылдардың  инновациялық  əлеуетімен;  жаңалықты 
енгізу жолдарымен. 
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. 
Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор  тəжірибені 
жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне  шығармашылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі 
іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  əрбір  педагог  жаңа 
инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  жəне  өзін-өзі 
қалыптастырады.  XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кəсіби  бейімделуін 
қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ 
педагог-психологтардың  жаңа  педагогикалық  инновациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлығын  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделі  қалыптасуда.  Болашақ 
мамандардың  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты 
қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды. 
Соның  ішіндегі  ақпараттандыру  əдістемесін  жəне  технологиясын  жасау  педагогикалық 
ғылым  мен  тəжірибенің  жаңа  дамыған  саласын  қамтамасыз  етеді.  Мұның  өзі  студенттерде   
қазіргі  заман  талабына  сай  тез  динамикалық  тұрғыда  дамып  келе  жатқан  ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  негізінде,  ақпараттық  бүгінгі  қоғам  жағдайларында  өмір 
сүруге  бағытталғандықтан,  білім  беру  жүйесін  жетілдіріп  білім  берудің  жаңа 
парадигамасына  өтуге  негіз  болып  табылады.  Бұл  мəселені  шешуде  төмендегідей  іс-
əрекеттер іске жүйелі түрде асырылады: 
1.
 
Студентке іргелі де терең, тиянақты жүйелі де білім беру барасында оларды ғылыми 
ойлауға, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, өзіндік ізденіске қажеттілік туғызу; 
2.
 
Оқу,  білім  беру  үдерісін  өзгерту,  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  қолайлы  жағдай 
жасауда инновациялық технологияны пайдалану; Бұл жаңа жоба, білім мен тəрбие берудегі 
тұлғаны ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындайды.  
3.
 
Сабаққа  қатысушылардың  уақыты  үнемделеді,  олардың  жаңаша  ойлау  қабілеттері 
қалыптасады.  Демек  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  оқытушы,  студенттің  
педагогикалық іс-əрекеттерінің мазмұны мен формасын жетілдіреді. Электронды оқулықтар, 
мультимедиялық  технологиялар,  қашықтан  оқыту  технологиясын    пайдалану  жоғары  оқу 
орындарында  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  тиімді  пайдалануға  жол 
ашады. Əлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге алғышарттар жасалады. 

 
оқытуды  автоматтандырылған жүйе бойынша басқару; 

 
қашықтық оқыту порталы; 

 
Қазақстан Республикасының білім беру ұлттық моделін жетілдіру; 

 
білім беру саласын ақпараттандыру; 
Қазақстан  Республикасына  білім  беруді  дамытудың    2011  -.  2020  жылдары  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында    «...Электрондық  оқытуды  еңгізу  бірқатар  нормативтік 
құжаттарға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуді  талап  етеді.  2012  жылға  қарай  жоғары, 
техникалық  жəне  кəсіптік  білімнің  МЖБС-на  электрондық  оқыту  жүйесіне  міндетті 
пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖБС-на электрондық оқыту жүйесінде  жұмыс жа-
сау үшін педагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады »  делінген [1]. 
Педагогикалық  тұрғыдан  дұрыс  құрастырылған  технологияның  маңызы  ерекше.  Мұның 
өзі  оқу  тəрбие  үрдісінің  тиімділігін  арттырады,  оқытушы  мен  студент    арасындағы 
шығармашылықты арттырады.  
Педагогикалық  технологиялардың  негізгі  ерекшеліктері:  жүйелілік,  оқытушы  мен 
студенттер арасындағы бірлескен іс əрекеттер; 
Бүгінде білім берудің жаңа парадигмасы қалыптасуда. Білім беру жəне ғылым саласында 
озық  технологияларды  тиімді  пайдалану  оларды  қодланысқа  енгізуге  жол  ашылды.  Өмір 
талабына  сай,  білім  беру  саласын  дамытуға  байланысты  оқыту  жүйесінде  жаңа  ақпараттық 
технологияларды пайдалану, республика бойынша оқу орындарын компьютерлік техникамен 
қамтамасыз  ету,  интерактивтік  оқыту,  электронды  оқулықтарды  пайдалану,  бейімді  оқыту, 
несиелік оқыту жүйесі т.б. жүргізілуде. 

164 
 
Мəселен,  электронды  оқулықтардың  дəстүрлі  оқулыққа  қарағанда  мүмкіндіктері  зор. 
Мұнда  тек  оқулықтағы  берілген  білімдермен  шектеліп  қалмай,  неғұрлым  терең,  əрі  жан-
жақты  ақпараттармен  толықтыруға,  түзетуге  қосып,  алуға  оңтайлы  екенін  дəлелдеуде,  оқу 
үрдісінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.  
ҚР  Президентінің  «Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында  «Біз  бүкіл  еліміз 
бойынша  əлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін  көрсетуге  қол 
жеткізуіміз керек», – деп əлемдік білім жүйесіне жақындау керектігін нақты көрсетеді [2]. 
Демек  білім  беру  орталықтарында  жоғары  оқу  орны  электрондық  инфақұрылымды 
дамыту  басты  мəселе  болып  отыр.  Сабақта  цифрлық  білімдік  қорды  пайдаланып 
студенттердің құлшынысын арттырады.  
Жоғары  оқу  орындарында  бейне,  аудио  қондырғылар  мен  теледидарды,  компьютерді 
қолдану,  электронды  оқулықты,  интерактивтік  тақтаны  пайдалану  студенттердің 
белсенділігін 
арттырып 
қоймай, 
логикалық 
ойлау 
жүйесін 
қалыптастыруға, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайды. 
Сондай-ақ,  

 
тақырыпты  терең түсінуге; 

 
алған білімдерін саралап, жүйелі түрде есте сақтауға; 

 
өзіндік ізденіс, тұжырым жасауға қол жеткізеді; 

 
оқытушы  интерактивті  тақтаны  пайдалану  арқылы  лабораториялық,  семинар 
сабақтарын  бір  кезеңде  мəтіндік,  аудио,  бейне  фильм,  құжат,  мұражайлық  мұрағаттарды, 
интернет ресурстарын қажетіне қарай қолдана алады. 
Мəселен,  интерактивтік  тақта  дəріс  берушіге  ақпараттың  кескіні  мен  қарапайым  маркер 
тақтасын  біріктіретін  құрал  екені  белгілі.  Бұл  компьютер,  мультимедиялық  проектор  жəне 
ақпараттарды  енгізуге  арналған.  Əсіресе,  компьютермен  тақта  арасындағы  байланысты 
жүзеге  асырушы.  Демек,  лекция,  семинар  барысында  оқытушы  тақта  арқылы  бір  уақыттың 
ішінде  тақырыптың  мазмұнын  жеткізу,  аудио,  бейне  құжаттарды  (DVD)  сондай-ақ 
интернетті де пайдалана алады. Ең бастысы: 

 
студент білімді бағдарламаға сəйкес терең меңгереді, өздігінен ізденуге төселеді; 

 
алған  білімдерін  жүйелейді,  алынған  ақпаратқа    қызығады,  мəтінді  оқуға  ынтасы 
артады; 

 
кез келген сəтте əдістемелік көмек ала алады.  
Қорыта    келе        оқытуда  инновациялық    жəне  интерактивті  əдістерді  пайдалану    маман-
дарды дайындау барысында тұрақты білім мен біліктіліктің қалыптасуында  негіз болады.   
............................................ 
1.
 
Қазақстан Республикасына білім беруді дамытудың  2011-. 2020 жылдары арналған 
мемлекеттік бағдарламасынан
2.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтің «Жаңа əлемдегі жаңа 
Қазақстан» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАстана. 2007 жылғы 28 ақпан
3.
 
Полат Е.С.,Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Новые педогогические и информационные 
технологии в системе образованияУчебное пособие для студентов педогогических вузов и системы 
повышения квалифицированных педогогических кадров.  М. 2000. 
4.
 
Пахомова Н.ЮМетод учебного  проекта в образовательном учреждении . М. 2005. 
 
                                                                        
  Нурмаханова М.К
к.ф.н., доцент   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет