Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
380
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық философиялық ойда қалыптасқан идеялық
тұжырымдарды жүйелеу, олардың тарихи тамырларын кәсіби
тұрғыдан алғанда зерделеуден өткізу маңызды екені анық.
Әсіресе, жаҺандану заманында философияның әлеуметтік
дүниеге жақындай түсуі практикалық мәнділігі арта түсуде.
Қазақ қоғамының философиялық ойының тарихи эволюциясы
этикалық бағдарларға негізделгені белгілі және осындай жағдай
оны қазіргі заманғы жаңа ұлттық идеяға рухани бастау етері
сөзсіз. Қазақ халқының философиялық және саяси-әлеуметтік
ойын ғылыми сараптаудан өткізу арқылы «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясын қалыптастырудың, өрбітудің негіздерін анықтауға бола-
ды.
XX ғасырдың басында қазақ жерінде бірте-бірте «Алаш» және
«Тәуелсіздік» идеяларының қазақ даласының ойшылдары мен
қоғам қайраткерлерінің шығармаларында орын ала бастағанын
атап өтуге болады. Идеялардың тарихи сабақтастығы заңды
құбылыс екендігі анық. Қазақ қоғамындағы әлеуметті біріктіруші,
жүйелеуші, құндылықтарды қордалаушы және синтездеуші
халықтық идеялар, негізінен, этикалық, рухани-адамгершілік
ұстындардан бастау алып келгендігі байқалды.
Халықтың данагөйлері интеллектуалдық әлемге ұсынған
ойлаудың күнды негіздері қоғамдағы қайшылықты процестерді
шешудегі тиімді бағыттарды ұсынады. Мәселен, қазақ ойшыл-
дардың көбісі әлеуметтік дүниені өзгерту үшін ағартушылық
идеясының маңызды екенін атап өткен. Білімге, ғылымға қарай
үмтылыстан қоғам жетіле түсетіндігін, адам өмірі жақсаратынын
атап өтіп отырған. Сондықтан, әрбір адам өзінің «Ұжданын» таза
ұстауы қажет екендігі де орынды айтылған тұжырым. Сондықтан
осы бағыттағы, рухани-адамгершілік ұстынға негізделген рухани
ұстанымдар қазіргі заманның қажеттілігі.
Саяси тәуелсіздіктің туын көтерген қазақ зиялылары «Оян,
қазақ!» идеясымен халыққа ой тастады. Соның арқасында
381
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
үлкен идеялық қозғалыстың басталғаны байқалады. Сондықтан
ұлттың мәселесін шешудің өзіндік тетігі ретінде әрбір азаматтың
әлеуметтік, саяси және тұлғалық белсенділігі ұлттық идея ретінде
ұсынылады. Бұл тәуелсіздіктің түп негізі ағартушылық идеясымен
астасып жататындығын қазақ ойшылдары көрсеткен болатын.
Азаматтарды барынша сапалы білім алуға шақырудың идеялық
бағыты өнімді нәтижелер берері анық.
Қоғамдық сананың жоғары руханилыққа, білімділікке қарай
ұмтылуы, әрбір азаматтың сауатты да ақылды болуына жол ашу
түбінде әлеуметтік дүниедегі жетілуді, үйлесімділікті өркендете
түсетініне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялыла-
ры да ерекше көңіл бөліп, үлкен мән беріп отырған. Мәселен,
халқының мәдени, азаматтық және рухани жетілуінің қамын
ойлаған Ахмет Байтұрсынұлы өзінің шығармашылығында
көпшілікке ұсынды. Қазаққа керек үйлесімді, алдыңғы қатарлы
үлгіні Еуропадан іздеудің арғы жағында қазақ қоғамының жетілу
тетіктеріне алаңдаушылық жатыр деген ойдамыз. Кеңестік
дәуірде Қазақстанда өзіндік кәсіби философиялық мектептер
қалыптастырып қана коймай, оның өкілдері жалпы кеңестік,
әлемдік философиялық білімнің дамуына да өзіндік үлестерін
қоса білді. Бұл диалектикалык логика және ғылым әдіснамасының
мәселелеріне қатысты қосылған елеулі үлес болды. Қазақстандық
философтардың осындай салмақты ғылыми жаңалықтары –
бірнеше монографиялар мен мақалалар тізбегінің жариялануы
оларға бүкілодақтық танымалдылық әкелді. Осы кезден бастап
Қазақстанда кәсіби философияның қалыптасуы туралы толық
негізде айтуға болады.
Тәуелсіздік ғылымның кеңес дәуіріне дейін тарылып келген
тынысын ашты, қысылып келген қадамын кеңейтті, еркін әрі шы-
найы дербес даму жолына түсірді. Кеңестік дәуірде коммунистік
идеологияның қалыбына сыймайтын кез келген нәрсе кейінге
ысырылды. Қазақтың бүкіл дәстүрлі мәдениеті, ұлттық филосо-
фиясы мен құндылықтар жүйесі «ескішілдіктің сарқыншағы» деп
жарияланды, халқымыздың тілі мен ділі, тарихы мен дәстүрі, діні
жапа шекті, атеизм мен ғылыми коммунизм үстемдік етті. Әрине,
кеңестік дәуірдегі кейбір жетістіктерді де жоққа шығармаймыз.
Бірақ өзіңіз ойлаңызшы, «қорқытып дамыту» деген бола ма,
тоталитаризмнің жан түршігерлік қыспағының ұлттық мәдениет
үшін ауыр зардаптары болды. Тәуелсіздікке қол жетісімен ұлттык
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
382
мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару,
яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді
қайта жаңғырту, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген
халықтың тарихи өткенін толығымен сыни жан-жақты тарихи-
философиялық зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сана-
ны қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу, ғасырлар
бойы қалыптасқан қазақ халқынын асыл қазынасы – мол мәдени-
рухани мұрасын игеру жолында қыруар жұмыстар атқарылды.
Кешегі кеңес заманында да іштегі арманын сөзбен жеткізе
алмаған зиялы азаматтарымыздың ұлы баба сөздерін әспеттеп,
үнінің алысқа жетуіне жағдай жасауының бір сыры осында жатыр.
Қазақтың күйлері мен өнер туындыларын, бүкіл мәдени-рухани
мұрасын үзбей тыңдаған ұрпақтың өршіл рухын бойына сіңіріп
өспеуі мүмкін емес. Сол рух, міне, бүгін жаҺандану заманын-
да біздің егемен елімізді дербес деморкратиялық жолмен қайта
құрып, мәдениетімізді дамытып, бүкіл дүниетанымымызды жан-
дандыруда. Мәдени және рухани мұраны игеру – халық рухын
оятудың және жандандырудың бірден-бір жолы.
Әрбір дәуірдің өзіндік философиясы болады. Сол сияқты
кеңес дәуірінде де қазақ халқының рухани-құндылықтық әлемі,
қазақтың көркем шығармашылығының философиялық астарла-
ры болды. Әдебиет философиялық ойдың өмір сүру формасына
айналды.
Қазіргідей қоғамда өмір сүрген жағдайда, кез келген елдің
немесе халықтың болашақ өркениеттік дамуы сырттан енгізілген
саяси технологиялар мен экономикалық реформалау әдістерінің
көмегімен емес, ұлт болмысының терең рухани қыртыстарын
қамтитын дүниетанымдық тұрғыда шешіледі. Ал біздің қазақ
тумасынан философ халық қой. Сондықтан ұлттың өткен тари-
хы мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына
келтіруде философия маңызды орын алады. Жекелеген ғылым
салалары табиғат пен қоғамның нақты қырларын зерттеумен
айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің
жалпы арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың
ауқымынан тыс жатса, философия өзінің бастауын мифология-
дан, діннен алатындықтан, әлемге деген қатынастың этностық
сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады.
Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса,
сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі.
383
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ал қазақ халқының кейінгі ұрпаққа қалдырған бай рухани және
мәдени мол мұрасын ескерсек, қазақ философиясы туралы сөз
қозғау орынды да әрі маңызды.
Қазақ мәдениетінің өткені мен бүгіні, оның терең рухани
қыртыстары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылық-
тары мен келешегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейтестілігімен
көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды міндеттер
жүктейді. Егер Батыста кәсіби формадағы университеттік филосо-
фия үстемдік етсе, қазақтардың ұлттық дүниетанымы көркемдік
және діни мәтіндердің дәстүрлі түрлерінде, ақын-жыраулардың,
би-шешендердің, ағартушылардың шығармашылығында ба-
сым болып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде еуроорталықтық ой-
лау тәсілінен арылған қазақ философиясының болашағы туралы
мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың бай төлтума мәдениетін
қалпына келтіру, халықтың ұлттық тарихын жан-жақты зерт-
теу мен сыни түсіну үшін де оның дүниетанымдық негізі мен
әдіснамалық құралын қалыптастыру қажет.
Кеңестік тарихымызда көптеген жылдар бойы барлық
гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда қазақ халқының
рухани тарихындағы үрдістерге үстірт көзқарас қалыптасып
келгені белгілі. Кеңес дәуірі тұсында маркстік-лениндік рухтағы
философияның тек қоғамдық-саяси өмірдегі идеологияның
негізгі құралы болып қана қоймай, бүкіл жаратылыстанулық-
техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың
әдіснамалық негізі болғаны да белгілі. Сондай-ақ ол өмірдің
барлық дүниетанымдық қырларын түсіндіріп беретін бірден-бір
әмбебап ілім рөліне ұмтылды. Рухани саланың кеңестік дәуірге
тән ерекшеліктеріне орай, сол заманғы адам ділінде үстемдік ет-
кен бұл ілімінің өзіндік орнын жоққа шығаруға болмайды.
Кеңестік дәуірде Қазақстанда өзіндік кәсіби философиялық
мектептер қалыптастып қана қоймай, оның өкілдері жалпы
кеңестік, әлемдік философиялық білімнің дамуына да өзіндік
үлестерін қоса білді. Диалектикалық логика мен ғылым әдіснамасы
бойынша Бүкілодақтық симпозиумдардың (1968, 1977, 1990
жж.) Алматы қаласында өтуін келтіруге болады. Қазақстандық
философтардың осындай салмақты ғылыми нәтижелері бірнеше
монографиялар мен мақалалар тізбегінің жариялануы оларға
бүкілодақтық танымалдылық әкелді.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
384
Кеңестік дәуірде қазақтың дәстүрлі қоғамында бұрын-
соңды болмаған батыстық түбірдегі кәсіби ғылым қалыптасты.
Әсіресе, соғыс жылдарында еуропалық өңірдегі ғылым орда-
лары мен өндіріс ошақтарының Қазақстанға эвакуациялануы
ғылым мен өнеркәсіптің өркендеуіне түрткі болды. Қазақстанда
1941 жылы Ғылым академиясы құрылды, Қаныш Имантайұлы
Сәтбаевтың қазақстандық ғылымды қалай ұйымдастырып бергені
бәріңізге белгілі. Басқа да ғылым салалары секілді қазақстандық
философия да өркендеп қанат жайды. Қазіргі кезеңде елімізде
философиялық герменевтика мен философиялық компаративи-
стика, филсоофиялық антропология, онтология, ғылым филосо-
фиясы сияқты саллар қарышты дамып келеді.
Қазақ
зиялалырының
көрнекті
өкілі
Жүсіпбек
Аймауытұлының өз заманында айтқан сөздері де халыққа де-
ген терең жанашырлығының айғағы болып табылады. Біздің
мақсатымыз: өнер-білімнің жарық сәулесіне ерікті азаматтарға
жол ашу, тұйықта жатқан сансыз таланттардың (озаттықтардың)
өрбуіне себепші болу. Сөйтіп, өнер-білім жемісін халыққа
тегіс жеткізу арқылы әр адамның ақыл-күші дамуына кең май-
дан ашамыз, көпке бірдей білім негізін құрамыз деген ойды
тұжырымдағаны белгілі.
Міне, қоғамдық қайраткердің адамның рухани жетілуіне
бағытталған идеялары қоғамдық болмыстағы субъектіні
белсенділікке шақыруына ұласады. Сол арқылы қоғамдық
қайшылықтарды шешуге болатындығына сенеді. Бұл ойдың түпкі
негізінде гуманистік ойлау стилі жатыр, адам сүйгіштік қасиеттер
жатыр дей аламыз. Тұтастанған дүниетаным иегері әр уақыт-та
елдің бірлігін, мемлекеттің тұтастығын, халқының білімділігін ой-
лайды.
Кеңестік кезеңге тән қайшылықты замандағы «комму-
низм» идеясы тигізген әсері мен салдарларын халқымыздың ой-
лау мәдениетіне, өмір салтына байланысты сараптаудан өткізу
қажеттілігі бар. Себебі, тоталитарлық қыспақтың өзі кейбір
идеялардың көлеңкелі тұстарын анықтауға себепкер болады. Сол
заманда жинақтаған әр түрлі рухани құндылықтарымызды да
қадірлеу үйренуіміз керек. Тоталитаризмнен үйренетін нәрсеміз
– сол жолға түспеуді білгеніміз және авторитарлық сипаттағы
биліктен нағыз демократияға өтудің тетіктерін өрбітудің бір
385
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
жолы – әлемдік философиялық мұра мен қазақ халқының
философиялық мұрасын барлық деңгейде меңгере түсу керек.
Бұл интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың, бәсекелестікке
қабілетті қауымды тәрбиелеудің бастауы.
XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан еліміздегі
кәсіби философия мектептерінің жетістіктерін қазіргі Қазақстан
жағдайындағы этноәлеуметтік кеңістігінің орнықты дамуына,
өркениеттік жолға түсуімізге тиімді пайдалану қажеттігі күтіп
тұр. Өйткені, ондай этикалық ұстанымдар жүйесі жастарды
отансүйгіштік пен адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге, коғамда
айқын және пәрменді ұлттық идеяның өрбуіне негіз болады. Қазақ
халқының өмір салтындағы нақты тірішілік әрекеттерінен туын-
дайтын идеялар этносаралық қатынастарды үйлесімдендіреді.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
386
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану
институты туралы мәлімет
Институт 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған Филосо-
фия және құқық институтының және 1991 жылғы Философия институты-
ның негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің
қаулысымен Философия, саясаттану және дінтану институты болып қайта
аталды.
Институттың
мемлекеттік
ғылыми-зерттеу
мекеме
ретіндегі
негізгі міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткерлік және
рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-
дүниетанымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық
және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары кәсіби
ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт оның құрылымын
айқындайтын үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді: философия, сая-
саттану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспондент мүшесі,
20 ғылым докторы мен 8 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, 12
PhD доктор-
анты, 5 магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
(Инсти-
тут қабырғасында
әл-Фараби атындағы ҚазҰУмен бірлесе отырып «Ғылым
Ордасы» негізінде
ғылыми-зерттеу институттардың ғылыми кадрларды
даярлау бойынша ғылым мен білімнің бірігуі жобасы аясында 5 PhD док-
торант пен 5 магистрант білім алуда).
Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде «Еліміздің
зияткерлік әлеуеті» басымдылығы аясындағы 24 ғылыми-зерттеу жоба-
лары бойынша (2012–2014 жж.) жұмысын бітірді. Қазіргі уақытта аталған
басымдық бойынша 5 ғылыми-зерттеу жобасы орындалуда (2015–2017 жж.).
Сондай-ақ «Халық тарих толқынында» бағдарламасы ауқымында Инсти-
тут келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуде: «Қазақтардың рухани
әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін» жобасы (2014–2016 жж.); «Қазақстанның
тарихи және рухани-мәдени дамуындағы діннің рөлі: дәстүрлер мен
қазіргі заман» ғылыми бағдарламасы (2014–2016 жж.); «Қазіргі Қазақстан
аймағындағы дін тарихы» және «Қазіргі Қазақстанның аумағындағы ис-
лам мәдениетінің тарихы» бөлімдері бойынша нақты тарихи кезеңдерге
сәйкес оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жасау (2014–2015 жж.). Ин-
ститут «Қазақстан-2050» Стратегиясын» ғылыми сүйемелдеу жөніндегі ҚР
Президенті Әкімшілігінің зерттеулердің Тақырыптық жоспарын жүзеге
асыру бойынша «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары және идеалдары»
атты бағдарламасына жетекшілік етуде.
387
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Институт негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қ. бой-
ынша Ғылыми-сараптамалық тобы қызметін атқыруда, сонымен бірге
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері
комитеті жанындағы Консультациялық-сараптамалық кеңестің отырыста-
ры өткізіледі.
Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін,
қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монографиялар мен
ғылыми мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің ғылыми жа-
рияланымдары таяу және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылым-
дарында сұранысқа ие.
«Мәдени мұра» бағдарламасының бойынша Институт «Шығыс
Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік
философиялық мұрасын» (20 том), «Қазақ халқының философиялық
мұрасын» (20 том) басып шығарды. «Ғылыми қазына» пәнаралық
ғылыми бағдарламасы аясында (2012–2014 жж.) «Қазіргі Қазақстандағы
идеологиялық концептілерді конструкциялау» бағыты бойынша 18 моно-
графия жарық көрді. 2013 жылы Институт жаңа саяси терминологияның
қазіргі сөздігі – «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Терминологиялық анық-
тамалығын дайындауға белсенді қатысты.
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған екі
журнал шығарады: «Адам әлемі» (1999 жылдан бері) және «Әл-Фараби»
(2003 жылдан бері). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі Институттың өз
сайты бар (
www.iph.kz
).
Институт үнемі халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек
үстелдер, семинарлар, пікірталас алаңдарын өткізіп тұрады. Бұл іс-
шараларға қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Инсти-
тут Ресейдің, Беларустің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың,
Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстан-
ның және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз
ынтымақтастық орнатқан.
Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т. б. жетекші
қазақстандық жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD доктор-
анттары тағылымдама мен ғылыми-зерттеу тәжірибесін өткізеді.
Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі үшін
барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Философия, саясаттану және дінтану институты туралы анағұрлым кең
ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:
Қазақстан Республикасы, 050010,
Алматы, Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)
Тел.: +7 (727) 272-59-10
Факс: +7 (727) 272-59-10
E-mail
: iph@iph.kz
http://www.iph.kz
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
388
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства образования
и науки Республики Казахстан
Институт был образован в феврале 1999 г. на базе созданного в 1958 г.
Института философии и права, преобразованного в 1991 г. в Институт фи-
лософии. В мае 2012 г. постановлением Правительства РК он был переиме-
нован в Институт философии, политологии и религиоведения.
Основной задачей Института как государственного научно-исследова-
тельского учреждения является проведение философско-мировоззренче-
ских, философско-методологических, политологических, религиоведческих
и социологических исследований, направленных на развитие интеллекту-
ального и духовно-нравственного потенциала современного казахстанского
общества.
Сегодня Институт философии, политологии и религиоведения яв-
ляется высокопрофессиональным научно-исследовательским центром.
Институт работает по трем ключевым направлениям, определяющим его
структуру: философия, политология и религиоведение. Здесь проводят
научные исследования 1 академик, 2 члена-корреспондента НАН РК, 20
докторов и 8 кандидатов наук,
4
доктора PhD, 12 докторантов PhD, 5 маги-
странтов (в
рамках проекта интеграции науки и образования по подготов-
ке научных кадров научно-исследовательскими институтами совместно с
КазНУ им. аль-Фараби на базе «Ғылым ордасы» обучаются 5 докторантов
PhD и 5 магистрантов).
Институтом завершена работа по 24 научно-исследовательским про-
ектам в рамках грантового финансирования научных исследований Мини-
стерства образования и науки Республики Казахстан по приоритету «Ин-
теллектуальный потенциал страны» (2012–2014 гг.). По данному приоритету
в настоящее время выполняются 5 научно-исследовательских проекта (2015–
2017 гг.). Также в рамках программы «Народ в потоке истории» Институт
проводит исследования по следующим направлениям: проект «Духовный
мир казахов: от аль-Фараби до Абая» (2014–2016 гг.); научная программа
«Роль религии в историческом и духовно-культурном развитии Казахстана:
традиции и современность» (2014–2016 гг.); подготовка учебников «Разра-
ботка новых учебников и учебных программ по разделам История религий
на территории современного Казахстана» и «История исламской культуры
на территории современного Казахстана» в соответствии с конкретными
историческими периодами (2014–2015 гг.). Институт осуществляет руковод-
ство программой «Ценности и идеалы независимого Казахстана» по реали-
зации Тематического плана исследований Администрации Президента РК
по научному сопровождению «Стратегии «Казахстан-2050».
389
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
На базе Института функционирует Научно-экспертная группа Ас-
самблеи народа Казахстана г. Алматы, а также проводятся заседания Кон-
сультативно-экспертного совета Комитета по делам религий Министерства
культуры и спорта Республики Казахстан.
Сотрудниками издаются монографии и научные статьи по вопросам
политики, науки, образования, культуры, религии, казахской и мировой
философии. Научные публикации сотрудников Института востребованы в
научных рейтинговых изданиях ближнего и дальнего зарубежья.
По программе «Культурное наследие» Институтом изданы собрание
сочинений «Аристотеля Востока» – аль-Фараби (10 томов), «Мировое фило-
софское наследие» (20 томов), «Философское наследие казахского народа»
(20 томов). В рамках междисциплинарной научной программы «Ғылыми
қазына» (2012–2014 гг.) по направлению «Конструирование идеологических
концептов в современном Казахстане» было опубликовано 18 монографий.
В 2013 году Институт принял активное участие в подготовке современного
словаря новой политической терминологии – Терминологический справоч-
ник «Стратегия «Казахстан-2050».
Издаются два журнала: «Адам әлемі» (с 1999 г.) и «Аль-Фараби» (с 2003 г.),
рекомендованных Комитетом по контролю в сфере образования и науки МОН
РК. Институт располагает собственным сайтом (
www.iph.kz
) на трех языках:
казахском, русском и английском.
Институт регулярно проводит международные научные конферен-
ции, круглые столы, семинары, дискуссионные «площадки», в которых
принимают участие казахстанские и зарубежные ученые. Институт тесно
сотрудничает с крупнейшими научно-исследовательскими центрами Рос-
сии, Белоруссии, Азербайджана, Кыргызстана, Китая, Германии, США,
Турции, Ирана, Узбекистана, Таджикистана и других стран.
На базе Института философии, политологии и религиоведения про-
ходят стажировку и научно-исследовательскую практику магистранты и
докторанты PhD ведущих казахстанских высших учебных заведений, таких,
как КазНУ им. аль-Фараби, КазНПУ им. Абая и др.
В Институте созданы все необходимые условия для профессиональной
работы и научного роста сотрудников.
Более подробную информацию об Институте философии, политоло-
гии и религиоведения можно получить по адресу:
Республика Казахстан, 050010,
Алматы, ул. Курмангазы, 29 (3 этаж)
Тел.: +7 (727) 272-59-10
Факс: +7 (727) 272-59-10
E-mail: iph@iph.kz
http://www.iph.kz
|