Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет31/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
treatise20490


Фромм (1900-1980 жж.) болды, оның ілімі – фрейдшіл, марксистік және эк-
зистенциалдық  идеялардың  синтезі.  Ӛзінің  кӛзқарастарын  ол  «радикалдық 
гуманизм»,  «диалектикалық  гуманизм»,  «гуманистік  психоанализ»  ретінде 
сипаттаған.  Фромм  кӛзқарасының  қалыптасуындағы  Фрейд  пен  Маркстің 
ерекше рӛлі оның ілімін фрейдомарксизм деп атауға мүмкіндік береді.  
 «Еркіндіктен  қашу»,  «Болу  немесе  ие  болу»,  «Дзенбуддизм  және 
психоанализ»  сияқты  бірқатар  жұмыстарында  Фромм  адамның  гуманисти-
калық  тұжырымдамасын  жасаған.  Ол  адам  баласының  табиғатын  биологи-
ялық,  әлеуметтік  және  экзистенциалдық  тұрғыдан  қарастырады.  Ол  адам 
«нақты туа біткен механизмдер мен заңдар синтезіндегі тарихи эволюцияның 
нәтижесі, ол – ақыл мен сана сезімге ие жаратылыс деп мәлімдеген. Сол се-
бепті,  ӛз  болмысының  кереғарлығын,  ақыл  мен  табиғат,  еркіндік  пен 
қажеттілік,  жеке  даралық  пен  әлеуметтік  арасындағы  алшақтықты  сезіне 

тұра, ол әрқашан таңдау алдында тұрады: «болу» немесе «ие болу», белсенді 
шығармашылық ӛмір сүру немесе «дүниелік нәрселер арасында ӛмір сүру». 
 Қазіргі қоғамға сындарлы баға бере отырып, Фромм ондағы «кез келген 
әрекет  экономикалық  мақсаттарға  тәуелді  болғандығын,  құрал  мақсатқа  ай-
налғанын…»  мәлімдейді.  Бұл  жағдайда  адамзаттың  тіршілік  етуі  үйлесімсіз 
әрі тым кереғар болады. Табиғатпен тұтастылықтан айрылу, келмеске кеткен 
үйлесімдікті қалпына келтіруге ұмтылыс адами тіршіліктің экзистенциалдық 
қарама-қайшылықтарын  тудырады.  Бұл  адам  ӛмірі  мен  оның  ӛлім-жітімі, 
патриархат  пен  матриархат,  гуманистік  және  авторитарлық  сана,  билік  пен 
бағыну,  жеке  болмыс  пен  тарихи  болмыс,  адам  мүмкіндіктері  мен  олардың 
жүзеге  асырылу  шектері,  «біреуден  еркіндік»  пен  «біреу  үшін  еркіндік»  – 
жағымды және жағымсыз еркіндік арасындағы «дихотомиялар». Мұны жеңу 
үшін,  адамның  әлеммен  және  ӛз-ӛзімен  бірлігін  қалпына  келтіру  қажет. 
Фромм  бұл  қарама-қайшылықтарды  жалпыға  бірдей  сүйіспеншілік  пен 
қоғамдағы радикалдық әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістерді дәріптеу арқы-
лы  шешуге  болады  деп  санайды.  Адам  сүюді  үйренуі  қажет. 
Сүйіспеншіліктен басқа, ол сенім мен үмітке мұқтаж. Сүйіспеншілікке деген 
сенім – жеке құбылыс емес, ол қоғамдық құбылыс, осы тұрғыдан ол адамның 
шынайы қажеттіліктерін қанағаттандырады.  
 Фром ӛз ілімінде адам психикасының деңгейі немесе сатысы болып са-
налмайтын  әлеуметтік  санасыздықтан  бастау  алады.  Оның  пікірі  бойынша, 
санасыздық  – бұл  психика  жағдайы.  Бұл  қоғамның  бірқатар  «сүзгілер»:  тіл, 
логика,  әлеуметтік  тыйымдар  арқылы  айқын  саналықтан  жұрдай  қылған 
адамдардың идеялары, кӛңіл-күйлері мен ішкі толғаныстары.  
 Фроммның келесі бір жаңалығы – оның адамның жеке мінез-құлқынан 
ажыратқан  «әлеуметтік  мінез-құлқы».  Фромм  «әлеуметтік  санасыздық»  пен 
«әлеуметтік  мінез-құлық»  идеяларының  кӛмегімен  қоғамның  экономикалық 
базисі мен оның саяси-идеологиялық құрылымы туралы марксистік ілімді  
нақтылап,  тереңдетуге  тырысқан.  Осының  нәтижесінде  «Елес 
құрсауынан. Менің Маркс пен Фрейдке тап болуым» атты жұмысы жарық 
кӛреді. 
Осы механизмдерді нақтылай келе, Фромм адамдар бұқарасының энер-
гиясын  нақты  бір  арнаға  бағыттайтын  «әлеуметтік  мінез-құлық»  туралы 
түсінікті  қалыптастырады.  Жеке  тұлға  әлеуметтік  мінез-құлықты  аталмыш 
«әлеуметтену»  барысында  меңгереді.  Бұл  жағдайда  әлеуметтік  мінез-құлық 
құрылымы дәуірден дәуірге қарай ӛзгере отырып, Фромм іліміне сәйкес, та-
рихи  уақыт  экономикасы,  саясаты  мен  идеологиясы  арасында  органикалық 
байланысты қамтамасыз етеді.  
 
 
 
11.5. Прагматизм философиясы (Чарльз Пирс, Уильям Джеймс, 
Джон Дьюи) 
 

ХХ  ғасырдың  философиялық  мектептері  арасында,  сӛзсіз,  ең  танымал 
мектептердің бірі ретінде кӛбіне іскер адамның философиясы, шынайы аме-
рикандық философия деп аталатын прагматизм немесе инструментализм са-
налады.  Бұл  философия  онтология,  гносеология,  методология,  әлеуметтік 
философия  мен  антропологиямен  байланысты  дәстүрлі  философиялық 
ілімнің барлық тұстарын жаңадан кӛрсетті.  
Прагматизмнің  философиялық  тұжырымдамасының  негізін  қалаушы 
Чарльз  Пирс  (1839-1914  жж.)  болды,  ол  осы  ағымның  бағдарламасын 
құрастырып,  оны  атайтын  терминді  де  ойлап  тапқан.  «Прагматизм  та-
биғаты» мақаласында ол ӛзі ӛрбітіп отырған тұжырымдаманың ең маңызды 
қыры «ұтымды білім мен қисынды мақсат арасындағы ажырамас байланысты 
мойындаудан  тұратындығын  кӛрсетеді;  осы  жағдай  «прагматизм»  сӛзінің 
таңдалуын түсіндіреді. Оның сӛзіне сүйенсек, прагматизмді орнату шынайы 
болмыспен байланысты «оңқолды» ғалымға тән «зертхана рухын» жеткізуді 
мақсат тұтады. 
«Сенімді бекіту жолдары» және «Идеяларымызды айқындау тәсіл-
дері»  атты  мақалаларында  ол  білім,  сенім  және  әрекет  арақатынасын 
қарастырады.  Жоғарыда  аталған  мақалалардың  алғашқысында  ол  ӛздігінен 
айқын  деп  санайтын  тезисіне  сүйенеді:  «пікір  дұрыс  пайымдау  негізінде 
дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік беретіндей болған кезде ғана дұрыс бо-
лып саналады, кері жағдайда – оның еш құны жоқ». Дегенмен, Пирске сүйен-
сек,  адам  ӛз  ӛмірінде  дұрыс  пайымдау  мен  логикалық  ережелерді  орындау 
негізінде  алынатын  тұжырымдарды  басшылыққа  алмайтын  болса,  дұрыс 
пікірдің де құндылығы шамалы. Оның ойынша, сонымен қатар, пайымдауға 
және нақты тұжырымдарды әрекет етуге нұсқаулық ретінде қабылдауға ниет 
те  болуы  керек,  әйтпесе,  адамдардың  нанымдары  олардың  қалауы  мен  іс-
әрекеттерін басқарады. 
Пирс  адам  «дұрыс  пікірге»  ұмтылғандай  болып  кӛрінуі  мүмкін,  бірақ 
бұл тек метафизикалық елес деп санайды. Оның ойынша, адамдарға тек та-
бысты  әрекетке  негіз  бола  алатын  берік  сенім  ғана  қажет.  Адамдардың  нақ 
айтатын  бір  ғана  нәрсесі  –  олар  сенуге  тырысып,  дұрыс  ойлайды,  олардың 
сенімдерінің  әрқайсысы  шынайы,  ал  іс  жүзінде  бұл  айдан  анық  тавтология 
ғана. Демек, зерттеудің барлық әдістерінің мәні сенімді нығайту, сондықтан 
олар  гносеологиялық  немесе  онтологиялық  негізге  қарағанда,  кӛбіне  психо-
логиялық негізге ие. Сенімді нығайтудың әдістерін атай келе, Пирс табанды-
лық  әдісі  мен  ғылыми  әдісті  де  бір  қатарға  қояды.  Екі  жағдайда  да  адам  ӛз 
пікірінде жеке, субъективті түсініктерінен кӛрі неғұрлым салмақтырақ пікір-
ге негізделуге тырысады. Бұл ұмтылыс әдісінің нақты мазмұны – адамдардың 
әрекет ету жағдайы мен жеке ерекшеліктеріне тәуелсіз барлық адамдар үшін 
міндетті  ортақ  пікірге  қол  жеткізу  ғылымның  «терең  постулатын»  қалыпта-
стырады. 
Дегенмен  Пирс  бұл  мәселенің  «метафизикалық  емес»  шешімін  де 
мүмкін санайды. Бұл үшін ойлаудың мәні мен мақсатын ұғынып алу қажет. 
Сол сәтте бәрі де жеңіл болып кӛрінері хақ: ойлау – ойлардың жиынтығы; ой 
– басқа да қарапайым нәрселер сияқты нәрсе. Адам тәжірибелік «заттарын» 

еш  ойланбастан  сол  заттардың  ӛндіретін  әсерлерінің  жиынтығы  ретінде 
анықтайтындығына,  ал  кейін  сонысын  ойлау  нысандары  аясына  тарата-
тындығына  назар  аударсақ,  метафизикалық  даулардың  негізіне  қатысты 
мәселе ӛз бетімен жойылған болар еді.  
Бұл  қағидадан  прагматизмнің  іргелі  ережелерінің  мазмұны  шығады, 
«біздің  ойымызша,  түсінігіміздің  нысанымен  ӛндірілетін  практикалық  нәти-
желерге кӛз тастайық. Барлық осы нәтижелердің ұғымдары нысанның толық 
ұғымы  болып  табылады».  Бұл  жағдайда  оның  «нысан»  мен  «зат»  термин-
деріне  берген  кең  түсініктемелерін  есте  сақтаған  жӛн.  Ол  ӛз  қағидасының 
негізгі  қызметін  ұғымдарды  анықтауда  деп  тапқан.  Оның  ізбасарларында 
бірінші  орынға  бірде  осы  қағиданың  теориялық  аспектісі  (осының  нәти-
жесінде  «логикалық»  прагматизм  пайда  болады,  оның  Пирстан  кейінгі  кӛр-
некті ӛкілі Дж.Дьюи болып саналады), бірде одан анағұрлым «тӛменірек» ас-
пектілері  шығарылады  (осы  кезде  У.Джемспен ұсынылған  «сиқырлы»  праг-
матизм пайда болады). 
«Сиқырлы»  прагматизмнің  негізін  қалаушы  ретінде  американдық  фи-
лософ  әрі  психолог  Уильям  Джемс  (1842-1910  жж.)  саналады.  Ол  болмы-
стың ӛзі иілімді екендігін және кӛптеген нышандардан тұратындығын негізге 
алған,  осыдан  адамның  еркін  шығармашылығы  әлемнің  плюралистік  бей-
несін  қалыптастырады.  Ол  үшін  философиямен  шұғылдану  адамның  туа 
біткен темпераменті арқылы «ғарыштық ӛмірдің тамыр соғуын қабылдап се-
зінудің жеке тәсіліне ие болу» дегенді білдіреді. Мәселен, «Прагматизм» ат-
ты кітабында ол «философия … – бұл біздің ӛмір тереңдігі мен мәніндегі бар 
маңыздылығын азды-кӛпті кӛмескі сезінуіміз… Бұл біздің ғарыштық ӛмірдің 
тамыр  соғуын  қабылдап  сезінуіміздің  жеке  тәсілі».  Ол  алуан  түрлі  мақсат-
тарды  ұстанған  адамдардың  практикалық  іс-әрекеттерінің  түрлі  нәтиже-
лерінің  салдарынан  пайда  болатын  дауларды  шешудің  әдісі  ретінде  қалы-
птасқан.  
Джемс  те,  Пирс  сияқты  танымал  философиялық  қағидаларды  негізге 
ала отырып, философиямен шұғылданудың мәнін субъектінің іс-әрекеті мен 
әлемді жеке қабылдауы арқылы анықтаған. Ол Д.Юманың, И.Фихтенің ілім-
дерін,  кейін  субъективті  идеализмнің  «субъектісіз  –  объекті  де  болмайды» 
деп санайтын түрлі мектептерінің кӛптеген ӛкілдерінің пікірлерін ұстанған.  
Джемс  пікіріне  сүйенсек,  адам  ӛзін  оңтайлы  басқаратын,  ӛмірінің  кез 
келген  бӛлігіне  дұрысырақ  бейімделіп,  тәжірибесінің  бар  жиынтықтығымен 
бірігіп  кетуіне  мүмкіндік  беретін  нәрсе  ақиқат  деп  саналады.  Осы  орайда 
оның прагматизмін таным теориясындағы ӛзіндік конвенциализм ретінде си-
паттауға болады. Оның қанатты сӛзге айналып кеткен «Ақиқат – бұл тек бел-
гілі жағдайда жарамды бола алатын несиеге берілген билет» деген айтылымы 
кӛптеген философиялық дәстүрлерді жаңаша кӛріп, оларға қайта баға беруге 
мәжбүр етті.  
 Джемстің  пікірі  бойынша,  білімнің  шынайылығы  оның  адамдардың 
мінез-құлық  актілері,  іс-әрекеттері  үшін  пайдалылығымен  анықталады.  Сол 
себепті философия түрлі ӛмірлік жағдайларда, үнемі ауысып тұратын оқиға-
лар  легінде  адамдар  алдында  пайда  болатын  мәселелерді  шешудің  ортақ 

әдісін  қалыптастыруға  септігін  тигізуі  тиіс.  Танымның  барлық  объектілері 
ӛмірлік  міндеттерді  шешу  барысында  біздің  танымдық  күш-жігерімізбен 
қалыптастырылады.  Ойлау  мақсаты  табысқа  жету  үшін  керек  құралдарды 
таңдаудан  тұрады.  Оның  айтуынша,  әлемнің  ӛзегі  адамның  ӛзімшіл  орта-
лықтары арқылы ӛтеді. 
Ӛзінің  «Психология  принциптері»  атты  еңбегінде  Джемс  неміс  пси-
хологиясының атомизмін жоққа шығарып, санадағы мәліметтерді емес, сана-
ның нақты деректері мен күйлерін зерттеу міндетін алға тартады. Оның пікірі 
бойынша,  сана  «басқа  да  биологиялық  функциялар  тәрізді  пайдалы 
болғандықтан дамыған» функция болып табылады. Сананың осындай бейім-
делгіш  сипатын  негізге  ала  отырып,  ол  ерекше рӛлді  түйсік  пен  сезімдерге, 
сондай-ақ, адамның жеке физиологиялық ерекшеліктеріне берген. Джемс са-
наның  бӛлшектенуін  жоққа  шығарып,  оның  жеке  тұлға  қажеттіліктерін  іске 
асыратын  тұтастылығы  мен  динамикасы  туралы  қағиданы  алға  тартқан.  Ол 
сананың  белсенділігі  мен  таңдаулылығына,  сондай-ақ,  оның  сезімдер  мен 
түсініктер  жиынтығына  телінбейтін  жүйе  ретіндегі  жеке  тұлғаның  тіршілік 
әрекетіндегі функциясына ерекше мән берген. Джемстің пікірі бойынша, сана 
тек дененің бейімделу әрекеттеріне ғана емес, «адамның ӛзімдікі деп санай-
тын нәрселерінің барлығы» ретінде ұғылатын тұлға табиғатына да қатысты-
рылады. Бұл жағдайда жеке тұлға бірнеше нышанды: материалдық, әлеумет-
тік,  руханилыққа  ие  ерекше  тұтастық  ретінде  қарастырылатын  «Мен»  ұғы-
мымен теңестіріледі. Осылайша, «Мен» ұғымын таза гносеологиялық ұғыну-
дан оның жүйелік-психологиялық түсіндірілуі мен сатылы талдауына ауысу 
белгіленді. Бұл орайда ол адам эгосының шынайылығын, оның субъективизм 
тұрғысынан  алғандағы  ӛмірлік  кӛзқарастарын  қарастырады.  Адамның  жеке 
шынайылығы адамның жеке ӛмірін сезінуі болып табылады. Ол сенім іргета-
сын қалайды.  
Шынайы  болмыстың  осындай  субъективтік  түсініктемесін  Джемс 
«Колледждерімізде философияға оқыту» атты мақаласында негіздейді. Ол 
былай  деп  кӛрсетеді:  «егер  біз  колледждеріміздің  ең  дұрыс  қолданылуы 
жастарға арнайы техникалық білім берумен тудырылатынға қарағанда ақыл-
дың кеңірек ашықтығы мен ойлаудың неғұрлым кӛбірек иілімділігін беруден 
тұрғанын қаласақ, онда біз философияның колледжде оқытылатын пәндердің 
арасында ең маңызды болып табылатындығын негізге алуымыз керек. Әмбе-
бап  ақиқаттарға  қол  жеткізуге  қаншалықты  сенбестікпен  қарасақ  та,  …  біз 
философияны зерттеу әрқашан балама жолды кӛруді, ешқашан қалыпты нәр-
сені  ӛздігінен  ұғылатын  нәрсе  ретінде  қабылдамауды,  …  бӛгделердің  ақыл-
есі жағдайын елестете алуды, басқаша сӛзбен айтқанда, рухани келешекке ие 
болуды  …  білдіретіндігін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Және  егер  біз  кол-
ледждеріміз  машиналар  емес,  адамдарды  қалыптастырғанын  қаласақ,  олар 
ӛздерінің әсер етуінің осы тұсы жӛнінде кӛбірек қамдануы керек». 
Ол парасатты сана – әлемді танудың тек бір ғана түрі екендігі жӛнінде 
ғылыми  болжамын  ұсынады.  Әрине,  зияттан  жұқа  қалқамен  бӛлініп  тұрған 
дүниетанымның  басқа  да  тәсілдері  бар.  Бүгінде  дүниетанымның  осындай 
тәсілдерін «рухани ӛмірдің дайын және нақты нышандары» немесе сананың 

ӛзгерген  күйлері  деп  атайды.  Оның  ойынша,  онысыз  әлем  туралы  түсінік 
аяқталған  болып  саналмайды.  Бұдан  бетер,  ол  болмыстың  басқа  шынайы-
лықтары  туралы  тек  ақыл  тұрғысынан  еш  талассыз  шешім  қабылдауға  бол-
майды деп санайды. 
Джемс  идеяларының  ӛмірлілігі  мен  маңыздылығы  оның  дін  мәселе-
лерін зерттеуде әдеттегі рационализм әдістерінен бас тартуымен анықталады. 
Оның  «Діни  тәжірибенің  алуан  түрлілігі»  кітабы  дін  феноменін  жан-жақты 
ұғынуға әрекеттену болып табылады. Шын мәнісінде, бұл сиқырлы толғаны-
стардың  ӛзіндік  энциклопедиясы,  әулиелер  мен  пайғамбарлар  сырларының 
және  автор  аса  қырағылық  пен  зерттеушінің  білуге  деген  құштарлығымен 
қарайтын ішкі күдіктері туралы ойларының жиынтығы болып табылады. Ол 
дінді  еш  толғанусыз,  қарапайым ойлау  арқылы  таза  зиятты  түсіндіруді  қол-
дамайды. Ол онда жүректі тулатқан, тірі сезімді, жан дүниенің сӛзбен айтып 
жеткізуге келмейтін сезімдерін кӛріп, діннің ӛмірдің ӛзімен, оның практика-
лық ережелерімен қалай үйлесетіндігін ұғынғысы келеді.  
Автордың  негізгі  идеялары  ӛз  уақытынан  озады.  Экзистенциалдық 
мәселені  құндылық  мәселесімен  араластыруға  болмайтындығы  туралы 
пайымдай келе, ол тіршілік ету философиясының (экзистенциализмнің) пай-
да болуының алдын алады. Оның философия сенімге негізделеді деген пікірі 
– К.Ясперстің сенім философиясының ӛзіндік бастамасы.  
«Логикалық» прагматизмнің негізін қалаушы ретінде американдық со-
циолог әрі психолог, құқықтанушы әрі педагог Джон Дьюи (1859-1952 жж.) 
саналады.  Оны  философиядағы инструментализмнің,  ғылым  әдіснамасының 
негізін қалаушы деп санайды. «Логикалық теория бойынша дәрістер» атты 
кітабында ол ӛмірлік міндеттерді шешудің әмбебап әдісі ретінде инструмен-
тализм бағдарламасын береді.  
Оның  философиясының  ортаңғы  тұсында  таным  теориясы  тұрады,  ал 
танымның басы – әркез іс-әрекеттегі қиындықты білдіреді, философия адам-
ның іс-әрекеттерінің табыстылығын қамтамасыз етуге арналады. Сондықтан 
әрбір  адам  әлемді  танудың  бір  емес  бірнеше  әдістері  мен  тәсілдерін,  тиімді 
әрі табысты әрекеттерге септігін тигізетін құралдарды меңгеруі керек. Дьюи 
пікірі  бойынша,  таным  танушы  субъекті  үшін  жағдай  шиеленісіп,  келелі 
мәселелер  туындаған  кезде  және  ол  тығырыққа  тіреліп,  не  істерін  білмеген 
жағдайда басталады. Прагматизм тұрғысынан қалыптасатын мәселелі жағдай 
ӛзінің  шешілуі  барысында  бес  кезеңнен  ӛтеді:  қиындықты  сезіну  адамды 
оның  кӛзін  іздеп,  мәселені  қалыптастыруға  мәжбүрлейді;  кейінгі  іс-
әрекеттеріндегі  екіұштылық  қойылған  мәселенің  тұжырымдамасын  нақты-
лауды талап етеді; мәселе шешімінің ғылыми болжамын қалыптастыру жүзе-
ге  асырылады,  бұл  кезең  кӛбіне  субъектінің  білімі  мен  тәжірибесіне  байла-
нысты  болады;  осыдан  кейін  ғылыми  болжамды  сындарлы  кӛзбен  қарасты-
рып, оны жүзеге асырумен байланысты ықтимал табыс пен сәтсіздіктерді ал-
дын ала болжау орын алады; ғылыми болжамды тәжірибелік эксперименттік 
тексеруден ӛткізу – прагматизмді тану теориясының аса маңызды бӛлімі, осы 
аталған  бӛлім  философияны  эмпиризм  мен  позитивизмнің  ӛзіндік  бір  түрі 
ретінде анықтауға мүмкіндік береді. 

Оның пікірі бойынша, тәжірибе философияның бастапқы ұғымы болып 
табылады, сондықтан ол ӛз философиясын радикалды эмпиризм деп атайды, 
себебі тәжірибе Адам ӛмірінің барлық аялары мен оның іс-әрекеттерінің бар-
лық түрлерін қамтиды. Бұл мағынада ол Джемс сияқты прагматизм адамдар-
дың  шынайы  қажеттіліктерін,  мүдделері  мен  философиямен  айналысуға 
итермелейтін жағдайларын шешуді болжайды деп санайды. Дьюидің пікіріне 
сүйенсек, субъект пен объект тек нақты тәжірибе ішінде белгілі бір мақсатта 
орнатылатын айырмашылықтарды ғана кӛрсетеді, олар тіршілік етудің түрлі 
аяларын  немесе  түрлерін  сипаттамайды.  Бұл  мағынада  зат  біздің  озбыр-
лығымыздың нәтижесіне айналады, бұл жағдайда адамдар заттарды сезімдік 
тәжірибе  ағынынан  бӛліп  тастап,  ақырында  тәжірибені  іс  жүзінде  мақсатқа 
сай келудің мүдделеріне бағындырады. 
Оның  философиясы  қазіргі  ғылымға  тән  ӛздігінен  түзелетін  тану 
әдісінің қалыптасуына септігін тигізді. Ғылым адамдарының пікірі бойынша, 
дәл  сол  прагматизм  іштей  пайымдаудан  гӛрі  әрекет  етуге  үйретеді,  дәл  сол 
прагматизм философияның – ақиқат дегеніміз не? – деген мәңгілік мәселесін 
іс-әрекеттегі пайда мен табыс ретінде дұрыс ұғынуға мүмкіндік береді. 
Дьюидің  пікірі  бойынша,  нәтижелі  болып  табылатын  идеялар,  тұжы-
рымдамалар мен теориялар шынайы бола алады, олар түрлі ӛмірлік жағдай-
ларда жұмыс істеп, прагматикалық мақсаттарға қол жеткізуге жетелейді. Бұл 
жағдайда  сәйкес  мәселелерді  шешу  үшін  таңдалатын  құралдар  субъективті 
әрі ӛз еркінше болмауы тиіс, олар мәселе мен қойылған мақсаттың сипатына 
жауап  беруі  тиіс,  себебі  барабар  емес  құралдар  ең  ізгі  ниеттер  мен  мақсат-
тарды бұрмалап жіберуі мүмкін. 
Практикалық  мақсатқа  сай  келу  –  шынайылықтың  ғана  емес,  мораль-
дылықтың да белгісі. Моральдық ол қоғам ӛмірін қамтамасыз ететін арнайы 
аспаптық  құрал  ретінде  қарастырады.  Себебі  кез  келген  моральдық  жағдай 
жеке-дара,  қайталанбас  болады  және  олардың  әрқайсысы  ӛзінің  бірегей 
шешімін талап етеді, жақсылық пен жамандық туралы жалпы түсініктің бо-
луы мүмкін емес, бұдан бетер, адам ӛзінің жақсылық пен жамандық туралы 
түсінігін  үнемі  ауыстырып  тұрады.  Осыдан  әрекет  етуші  субъектіге  пайда 
әкелетіннің  барлығы  кӛрегенді  ретінде  мойындалады.  Прагматизм  тұрғысы-
нан, іс-әрекеттерді моральдық тұрғыдан бағалау мүлдем мүмкін емес, себебі 
баға  берушінің  жақсылық  пен  жамандық,  тиісті  мен  бар  нәрселер  туралы 
түсінігі басқалардан бӛлек болады. Прагматизм бұл мәселелерді утилитаризм 
тұрғысынан  шешеді:  әрекет  етуші  субъект  ретіндегі  адам  баласына  пайда 
әкелетіннің бәрі кӛреген болып табылады. Бұл  – моральдағы релятивизмнің 
шеткері түрі.  
Дьюи моралі әркез саясатпен байланыстырылады. Оның ойынша, оның 
философиясы ғылыми әдіс – инструментализмге үйрететін болса, онда саясат 
адамдардың ерекше іс-әрекет аясы ретінде ғылыми әдісті қолдану арқылы ӛз-
гертілуі  тиіс.  Бұл  оған  ХХ  ғасырдағы  адамзаттың  алдында  тұрған  күрделі 
мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді. 
«Мектеп және қоғам» кітабында Д.Дьюи «үдемелі білім берудің» және 
«әрекет ету арқылы» оқытудың қажеттілігін баса кӛрсететін жаңа педагоги-

калық  теорияны  қалыптастырады.  Оның  пікірі  бойынша,  мектептің  міндеті 
баланың  басын  түрлі  деректерге  толтырып  қоюда  емес,  оқушы  балада  кез 
келген адамда болатын қабілеттер мен дағдыларды оятып дамыту болып та-
былады.  
Д.  Дьюдің  шығармашылығы  рухани  мәдениет  пен  философияға  қаты-
сты фундаменталистік стереотиптердің күйреуіне септігін тигізді. Оның иде-
ялар мен тұжырымдамалар адам үшін қажетті қайсыбір мәселелерді шешуге 
арналған құралдар болып табылатындығы туралы ойы бүкіл рухани ӛндірісті 
ұғынуға  деген  жаңа  тәсілді  ашып  берді.  Д.Дьюидің  адамның  белсенді  әрі 
әрекетті  табиғатына  үндеу  тастауы  қызмет  ету  теориясының  эвристикалық 
мүмкіндіктерінің,  адамның  бихевиоризм  шеңберіндегі  мінез-құлқының 
қалыптасуына, сонымен қатар, үлкен динамикалық ашық жүйелерде басқару 
мәселелері ретіндегі кибернетика идеяларының дамуына септігін тигізді. 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғынан бастап, прагматизм ӛзіндік 
ренессансты, ең алдымен, американдық негізде, басынан ӛткізеді, себебі бұл 
жылдары  рухани  мәдениетке,  атап  айтқанда,  бір  емес,  кӛптеген  ықтимал 
пайымдаулары бар ӛзінше түсіндірілетін білім ретіндегі философияға жалпы 
кӛзқарас қалыптасады. Кез келген идея табысты әрекетке арналған құрал бо-
лып  табылатындығы  туралы  ой рухани  ӛндіріске  жаңа кӛзқарасты  қалыпта-
стырды.  Ол  адамның  белсенді,  әрекетті  бастауының  бекітілуіне,  қызмет  ету 
теориясының эвристикалық мүмкіндіктерінің қалыптасуына септігін тигізді. 
Адамды  прагматизм  тұрғысынан  қарастыру  әлеуметтік  технологиялар  мен 
әлеуметтік басқару теорияларының рӛлі мен маңызына қатысты мәселелердің 
қарастырылуына себепші болды. 
 
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Неопозитивизм және  постпозитивизм.  
2.Тіршілік ету философиясы. 
3.Философиялық  герменевтика,  структурализм  және  постструктура-
лизм. 
4.Психоаналитикалық  философия.  
5.Прагматизм 
және 
инструментализмнің 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтары неде? 
 
 
 
 
ХІІ Бӛлім 
 Саясат пен тарих философиясы 
 
12.1. Саяси философияның мәні 

 
Саясат  философиясы  ұтымды  әрекет  ету  механизмдерінің  құрылымын 
зерттеп немесе саяси идеялардың, тәртіптер мен жүйелердің тарихи контексі 
мен  саяси  қызмет  етуінің  механизмдерін  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен 
қатар,  ол  саясаттың  ең  терең  тұстарына  ӛтіп,  түр  ретінде  қарастырылатын 
адаммен  соншалықты  тығыз  байланысты  дәл  сол  құбылыстың  болмыстық 
тамырлары жасырынған ішкі ӛлшеулеріне дейін барады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет