Освальд Шпенглер ӛзінің «Еуропаның құлдырауы» еңбегінде ортақ
дүниежүзілік-тарихи прогрестің тұжырымдамасына қарсы шығады. Ол
дүниежүзілік тарихта ӛз мүмкіндіктерінің толық жүзеге асырылуына қол
жеткізген сегіз мәдениетті бӛліп кӛрсетеді. Бұл – Мысыр, Вавилон, Қытай,
Үндістан, антикалық, Ортағасырлық араб мәдениеті (оны византиялықпен
біріктіреді), мексикандық мәдениет және Батыс Еуропа мәдениеті
(Х ғасырдан бастап). Осы мәдениеттердің әрқайсысы ӛз жан дүниесін
жеткізудің тереңдігі мен мінсіздігімен, ӛз формаларының тіл тазалығымен
ерекшеленеді. Европоцентризмнен бас тартып, Шпенглер негізгі зерттеу
нысаны ретінде Еуропа мәдениетін қалдырады.
Ӛзінің іргелі «Homo Ludens» еңбегінде Й. Хѐйзинги (1872-1945жж.)
мәдениеттің аталмыш «ойын тұжырымдамасын» қалыптастырады. Ол
мәдениет тарихын адамның рухани ӛмірі мен шығармашылығымен
байланысты кӛптеген элементтер ӛзара әрекеттесетін, бір-бірін ауыстырып
тұратын мәдени-тарихи құндылықтар ретінде қарастырды. Олардың
айырмашылығы ондағы «ойын» мен «байыптылықтың» қатынасында кӛрініс
табады. Оның ойынша, адам мәдениетінің қалыптастырушы элементі ретінде
дәл сол ойын болған тәрізді, себебі ол қызметтің басқа тәжірибелік түрлеріне
қарағанда анағұрлым кең витальдық функцияны орындаған. Ол «ӛмірлік
күрестің кӛрінісі» ретінде ӛмірдің ең терең бейнесі болып табылады. Адам
баласы ӛзінің бойында қоршаған әлемді ӛзгертуге күш жинаған бойда, ойын
аясында ӛз «ортасын» қалыптастырады, оның қызметі «бүкіл мәдени ӛмірден
ертерек әрі тұңғыш пайда болған».
Француз философы әрі психолог-позитивисті Люсьен Леви-Брюль
(1857-1939 жж.) алғашқы қауым мәдениеті мен архаикалық сананы тайпалық
сана феноменіне әлеуметтік тәсіл тұрғысынан зерттеген. Алғашқы қауымдық
«логикалыққа дейінгі» ойлау тұжырымдамасын қарастыра келе, ол адамның
ойлау түрі әлеуметтік ұйымдастырылу сипатына тәуелді тайпалық санамен
берілетіндігі туралы ғылыми пікір айтқан. Бұл тұжырымға ол үлкен
этнографиялық материалды талдау негізінде келеді.
Нобель сыйлығының иегері, теолог, мәдениет философиясының
теоретигі А. Швейцердің (1875-1965 жж.) мәденифилософиялық ойлары
оның «Мәдениеттің құлдырауы және ӛркендеуі. Мәдениет философиясы.
І Бӛлім», «Мәдениет және этика. Мәдениет философиясы ІІ Бӛлім»
еңбектерінде кӛрініс табады.
Ол дағдарыстың негізгі сипаты ретінде материалдық ӛмірдің рухани
ӛмірге, қоғамның адамға үстемдік жүргізуінде, адамның дара билігінен
айырылуы мен моральсыздандырылуында деп санаған, себебі адам қазіргі
қоғамда оның «ойсыздығын» ұйымдастыратын, оның ізгі ниеттерін
жамандыққа айналдыратын тәуелділіктердің ықпалына түседі. Адам адамзат
сүйгіштіктің соңғы қалдықтарын аяққа таптап, оны адамдарды жоюдың
мінсіз құралдарына қызмет кӛрсетуге мәжбүрлейтін соқыр ырқының іске
асырылуының дәлеліне айналады.
Еуропалық мәдениеттің осындай қайғылы жағдайының себебі, Швей-
цердің пікірі бойынша, мәдениеттің мәнін дұрыс түсіндірместен, оны
жаратылыс эволюциясының аты жоқ құбылыстарымен жақындастырып,
мәдени процестегі этикалық сәттерге дұрыс кӛңіл бӛлмеген қате
дүниетанымның таралуында жатыр. Оның ойынша, «мәдениет – адам мен
адамзаттың барлық салалар мен бағыттардағы ілгерілеуінің жиынтығы, егер
де бұл ілгерілеу жеке тұлғаның рухани жетілуіне қызмет ететін болса.
Прогреске деген ұмтылысты … адам әлем мен ӛмірді ӛздігінен құндылық
ретінде қалыптастыратын оптимистік дүниетанымнан алады.
Швейцердің пікірі бойынша, бүгінгі күннің басты міндеті оптимистік
дүниетанымды негіздеу, бұған тек «ӛмірді қастерлеуді» негізгі ұстаным ету
арқылы қол жеткізуге болады. Бұл – адамды қайта жандандыруға,
шығармашылық белсенділігін, шынайы мәдениет туралы қамқорлық жасауға
бағдарлануды қалпына келтіруге қабілетті әмбебап «ғарыштық этика»
нормаларын қалыптастыру.
Қоғамдық ӛмірдің біртіндеп демократизациялануы, жоғары материал-
дық деңгейге жету, негізгі ӛндірістік процестердің техникалық жабдықталуы
мәдени құндылықтар элиталық құндылық болудан қалып, кӛппен теңескен
сипатқа ие болған бұқаралық қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл
бұқаралық мәдениеттің, яғни бұқаралық ақпарат құралдарымен қалып-
тастырылатын және арнайы индустрия арқылы таратылатын орташаланған
мәдениеттің пайда болуын шарттады. Бұқаралық мәдениеттің тарихи
мақсаты – бұқара халықтың мәдениетінің мүмкіндіктері, оның тілі, ӛнерді
қабылдау үшін қажет дағдылары туралы хабардар ету болып табылады; бірақ
бұқаралық мәдениет шынайы биік ӛнермен тілдесудің орнын баса алмайды.
Дегенмен, ол мәдениеттің жалпы мағынасында кез келген деңгейінде
гуманистік бағдарланған құндылық болып табылады. Ал осындай
құндылықты жоятынның бәрі мәдениетке қарсы нәрселер.
Бұқаралық мәдениет ұғымы мәнді әрі жағымды бола алады, себебі оған
миллиондаған адамдар тартылады. Ал бұл ұғымның жағымсыз мағынасы
кӛбіне адамдарға шынайы мәдениетке дейін жету мүмкіндігі берілу
бермейтіндігінде қамтылады. Керісінше, бұқаралық мәдениет бұқара
халықты мәдениеттің рухани биік, тіпті біртума ұлы үлгілеріне дейін кӛтеруі
тиіс.
13.2. «Білім философиясы» пәні
Білім философиясының білім мен философия арақатынасы туралы
негізгі сұрағына берілетін жауап оның қалған барлық міндеттерінің қойылуы
мен шешілуінің тәсілін алдын ала белгілейді. Бұл жауаптың, ӛз кезегінде,
аталған қатынасты философия мен білімнің ӛздері қалай анықтайтындығына
байланысты болары анық. Алғаш рет Гегель ұғынған философия тарихы
дамуының қажетті нәтижесі тұрғысынан, философия ӛз пәнінің логикалық
ғылымы немесе ақиқатты танудың жүйелі әдісі, ұғымның ұғымы. Осы
тұрғыдан қарағанда, білім философиясы білім ұғымы мәселесі мен білім беру
процесінің сатыларын ажырату мәселесін шешуде септігін тигізуі керек. Бұл
мәселелердің шешілуі білім берудің жалпы стратегиясының теориялық
әзірленуіне және оның барлық ерекше формаларындағы тәжірибелік-
педагогикалық қызмет тактикасына нақты әсер етуі тиіс.
Ватикан мұражайында Рафаэльдің «Афин мектебі» деп аталатын
фрескасы бар. Онда Платон мен Аристотельдің мүсіндері осы ғалымдардың
білімге деген кӛзқарасындағы айырмашылықты кӛрсетеді. Платон сұқ
саусағымен аспанды кӛрсетсе, Аристотель жерді кӛрсетеді. Осы фресканың
идеясы оның кейіпкерлерінің философияларына сәйкес келеді, Аристотель
нақтылықтан жауап іздесе, Платон мінсіз мұратқа ұмтылған. Байқасаңыз,
бүгінде білім беру саласының қызметкерлері алдында Рафаэльдің
символикалық түрде кӛрсеткен мәселесі тұрғандай. Осы тұста біз
Аристотельдің қимылына еруіміз керек пе, әлде Платонның ба?
Қазіргі білім беру жүйесі ӛзінің негізгі сипатында белгілі бір
философиялық және педагогикалық идеялардың ықпалымен қалыптасты.
Олар XVIII ғасырдың аяғында – XIX ғасырдың басында Коменский,
Песталоцци, Фребель және кейін Гербарт, Дистервег, Дьюи және т.б.
қалыптастырылған, олардың жалпы жиынтығы білім берудің аталмыш
«классикалық» жүйесін немесе үлгісін (мектептерін) құрайды. Бұл үлгі екі
ғасыр бойына эволюциялануына қарамастан, ӛзінің негізгі сипаттамаларында
ол ӛзгеріссіз қалды.
Философия ӛзінің әуел баста пайда болған сәтінен бастап бүгінгі күнге
дейін білім беру жүйесінің тіршілігін ұғынып қана қоймай, жаңа
құндылықтар мен білім шектерін қалыптастыруға ұмтылды. Осы орайда
адамзат ӛзінің білімнің мәдени-тарихи құндылығын ұғынуымен қарыздар
болған Платон, Аристотель, Августин, Руссо сияқты ойшылдардың аттарын
еске салып кетуге болады. Тіпті философиялық ой тарихындағы тұтас бір
кезең ӛзін Ағарту дәуірі деп атаған. XIX ғасырдағы неміс философиясы Кант,
Шлейермахер, Гегель, Гумбольдт тарапынан тұлға мен оның ӛзіндік сана
сезімінің гуманистік білім алу идеясын ұсынып, оны негіздеді және мектеп
пен университеттік білім беру жүйелерін қайта құрудың жолдарын ұсынды.
ХХ ғасырда да ірі ойшылдар білім беру мәселелері туралы толғанып, жаңа
білім беретін институттардың жобаларын ұсынған. Бұл орайда В.Дильтей,
М.Бубер, К. Ясперс, Д.Н. Уайтхед аттарын атаса да жеткілікті. Олардан
қалған мұра – білім философиясының алтын қоры.
Білім беру мәселелері философиялық тұжырымдамаларда әрқашан
маңызды орын алатындығына қарамастан, білім философиясынерекше
зерттеу бағыты ретінде бӛліп кӛрсету ХХ ғасырдың 40-жылдарында
басталған. Колумбия университетінде (АҚШ) жаңа қоғам құрылады, оның
мақсаты – білім берудің философиялық мәселелерін зерттеу, педагогика
философтары мен теоретиктері арасында ынтымақтастықты орнату,
колледждер мен университеттерде білім беру философиясы бойынша оқу
курстарын, осы мамандық бойынша кадрлар дайындау, білім беру
бағдарламаларын философиялық сараптамадан ӛткізу. Білім беру фило-
софиясы барлық батыс еуропалық елдерде философияны оқытуда маңызды
орын алады.
Білім философиясының білім мен философия арақатынасы туралы
негізгі сұрағына берілетін жауап оның қалған барлық міндеттерінің қойылуы
мен шешілуінің тәсілін алдын ала белгілейді. Бұл жауаптың, ӛз кезегінде,
аталған қатынасты философия мен білімнің ӛздері қалай анықтайтындығына
байланысты болары анық. Алғаш рет Гегель ұғынған философия тарихы
дамуының қажетті нәтижесі тұрғысынан, философия ӛз пәнінің логикалық
ғылымы немесе ақиқатты танудың жүйелі әдісі, ұғымның ұғымы. Осы
тұрғыдан қарағанда, білім философиясы білім ұғымы мәселесі мен білім беру
процесінің сатыларын ажырату мәселесін шешуде септігін тигізуі керек. Бұл
мәселелердің шешілуі білім берудің жалпы стратегиясының теориялық
әзірленуіне және оның барлық ерекше формаларындағы тәжірибелік-
педагогикалық қызмет тактикасына нақты әсер етуі тиіс.
Білім берудің ӛзімізге таныс дәстүрлі үлгісі әркез дерлік мәдениеттің,
бұл жағдайда, әдетте, сол қоғам мен мемлекетте белгілі бір уақытта үстемдік
жүргізетін дара мәдениеттің қарапайым трансляциясы түрінде беріледі.
Мұндай білім берудің негізгі мәні оқушылардың адамзаттың түрлі салаларда
жинақтаған білім жиынтығын, ал кӛбіне әлеуметтік-экономикалық
институттар мен кешендерге қосылуға дайын маманды дайындау мақсатында
бӛлек-бӛлек білімдерді қарапайым меңгеру ретінде ұғылатын оқыту болып
табылады.
Бұл жағдайда «білім алушылардың» санасына арнайы бӛлінген және
сәйкесінше ӛңделген мәдени материалды салу мүмкін әрі жеткілікті болып
саналады, ал бұл жердегі алуан түрлілік пен жан-жақтылық ең кӛп дегенде,
«білікті маманды» дайындауда маңызы шамалы фонға айналмақ. Әрине,
мұндай білім беру-оқытуда адам білім беру процесінің субъекті болмағаны
былай тұрсын, ол тіптен жеке тұлға, персона ретінде мүлдем
қарастырылмайды; ол бұл жерде небары білім беру объекті ғана. Осы аталған
принципті қағидаларға білім беру қызметінің дәстүрлі формалары: сабақ,
сұрақ, жауап; дәріс, тапсырма, семинарлар да барабар келетіндігі баршаға
мәлім. Бұл жерде ол мазмұны мен формасы бойынша ӛктемшіл әрі
тоталитарлы, білім беру мазмұнының ӛктемшілдігі білім беру жүйелері мен
кешендеріндегі барлық қалған нәрселерді алдын ала белгілейтін негізгі сәт
болып табылады. Онда ӛз тағдырын ӛзі шешу, ӛз бейнесін табу, осы
дүниедегі ӛз ӛмірін ұғынуға қатысты еш ұстаным жоқ. Басқаша айтқанда,
мұндай білім беру-оқыту адамды қалыптастыру процесі ретінде ұғылатын
білім беру болып саналмайды.
Қазіргі мәдени жағдай кез келген ӛркениетті қоғамның дамуын
қамтамасыз ету мағынасында бүгінде дәрменсіз болып қалатын дәстүрлі
білім беру парадигмаларын түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. ХХ
ғасырдың басында-ақ Ф.Ницше, З.Фрейд, О,Шпенглер және бірқатар басқа
да атақты ойшылдар еуропалық мәдениеттің адам баласына қас екендігін
және оның қайткенде де ойсырап талқандалатындығын баса кӛрсеткен, бұл
кейінірек осы ғасырда орын алған кӛптеген оқиғалар легімен үзілді-кесілді
дәлелденді.
Қазіргі кезде біз адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында кез
келген тоталитарлық пен ӛктемшіліктің талқандалуының кӛбеюін бақылай
аламыз, бұл әсіресе соңғы онжылдықта кеңестік және посткеңестік кеңістікте
ерекше айқын кӛрініс тапты. Бұл процесс, әрине, қоғам ӛмірінің аясын
белгілейтін білім беру сияқты саланың үйреншікті мазмұны мен формаларын
мүлдем қолайсыз ету арқылы оған үлкен әсер етті.
Қазірдің ӛзінде әлем кӛпполярлы әрі кӛпмәдениетті болып келеді, ал
бүгінгі білім алудың озық процесі оның ізгіленуі мен гуманитарлануы,
сұхбаттылығы мен жобалылығы болып табылады. Осы орайда білім алу мен
оқыту – мүлдем бӛлек дүниелер екендігін және білім алу жай ғана
трансляциялауға айналмауы қажет екендігін ұғыну орын алған тәрізді,
Дегенмен, бүгінде білім беру технологиялары мен әдіснамасы, тіпті білім
беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары ӛзгеріп келеді, бірақ білім берудің
мәні мүлдем ӛзгеріссіз қалуда, себебі бұл тұрғыдан басты діліміз ӛзгермей
отыр. Бұрынғыдай білім беру мәдениетті, иә одан да бетер қайсыбір дара
мәдениетті жай трансляциялау ғана еместігі ұғынылмай отыр. Ал ӛзінің
қастылығын, адамға қатысты жазалағыштығын айқындаған, күйреуге
ұшыраған мәдениетті трансляциялау ақылға қонымсыз екендігі анық. Ал бұл
білім берудің мәні, мақсаттары мен құндылықтары ӛзгеруі тиіс екендігін
білдіреді.
Адамның, оның руханилығының қалыптасуын, жасампаздығын, ӛзін-
ӛзі қалыптастыруын, тұлғаға айналуын меңзей келе, «білім алу=оқыту»
парадигмасының «білім алу=қалыптасу» парадигмасына ауысуы туралы
айтқан дұрыс. Білім беру қай тұрғыдан алғанда да, адамның, қоғам мен
жалпы ӛркениеттің ілгері дамуына қызмет етуі тиіс, себебі біз білім берудің
мәдениетті трансляциялауын қойып, адамды мәдениеттегі ӛз орнын тезірек
табуға, ӛз суб-мәдениеттік кеңістігін толтыруға үйретуі қажет екендігі
туралы айтып отырмыз, жаңа білім беру саласында философия мүлде басқа
мәртебе мен мәнге ие болуы тиіс. Білімді адам ғана жоғары деңгейлі маман
бола алады, сондықтан жаңартылған білім беруді жеке тұлға үшін де, кез
келген мемлекет үшін де, стратегиялық тұрғыдан ең тиімді инвестициялық
сала ретінде қарастыру керек.
Әрине, білім беру мәнінің осылайша ӛзгеруі білім беру қызметінің
қолданылатын формалары мен білім беру кеңістіктері түрлерінің барабар
ӛзгеруіне алып келеді. Осының барлығы дәстүрлі білім беруге үйреншікті
мінсіз мұраттар мен нормаларды, соның ішінде жалпыадами құндылықтар
қатарындағы нормаларды да қайта қарастырып, қайта бағалау қажеттігі
туралы мәселені алдыңғы шепке шығарады. Қалай болғанда да, олардың кӛбі
қайтадан түсіндіріліп, шынайы болмыстың ӛзгерген параметрлеріне
бейімделуі тиіс.
Білім берудің қоғам ӛміріндегі орны кӛбіне адамдардың білімі,
тәжірибесі, білігі мен дағдылары, кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту
мүмкіндігі қоғамдық дамуда атқаратын рӛліне қарай анықталады. Бұл рӛл
ХХ ғасырдың екінші жартысында арта түсе, оның соңғы онжылдықтарында
түбегейлі ӛзгереді. Ақпараттық революция мен қоғамдық құрылыстың жаңа
түрін – ақпараттық қоғамды қалыптастыру ақпарат пен білімді әлеуметтік
және экономикалық дамудың алдыңғы шебіне шығарады. Білім беру
саласындағы ӛзгерістер әлемдік қауымдастықтың әлеуметтік-саяси және
экономикалық ӛмірінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Дәл
осы тұрғыдан, әлемдік білім берудің негізгі процестерін бӛліп кӛрсетіп,
оларға талдау жасап кӛрейік.
Бүгінгі ӛркениет ӛз дамуының түбегейлі жаңа ақпараттық (постин-
дустриялық) сатысына аяқ басты, бүгінде озық әлемдік процесс Жер
бетіндегі әлеуметтік және мәдени процестердің жаһандануын мойындап
отыр. Дегенмен жаһандану оңтайлы тұстарымен қатар, бірқатар күрделі
ғаламдық мәселелерді, атап айтсақ, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық
және рухани-адамгершілік мәселелерді тудырды. 1992 ж. Рио-де-Жанейрода
БҰҰ конференциясында қабылданған қазіргі ӛркениеттің тұрақты даму
стратегиясына сәйкес, ХХІ ғасырдың болашағынан озып түсетін жаңа білім
беру тұжырымдамасы қажет. ЮНЕСКО-ның «ХХІ ғасырға арналған ашық
білім беру жүйесі» бағдарламасында жастар алдында ӛмірлік маңызы бар
міндеттер қойылды: тіршілік етуге, білім алуға, жұмыс істеуге, бірге ӛмір
сүруге үйрену.
Қазіргі білім берудің процестерін талдай келе, бір жағынан, бір-біріне
қарсы тұратын, ал екінші жағынан – бір-бірімен ӛзара байланысып,
толықтыратын екі ғаламдық процесті бӛліп кӛрсетуге болады. Бұл процестер
– білім беруді диверсификациялау және интернационалдандыру.
Диверсификация жаңа білім беру мекемелерін ұйымдастырумен, қоғамдық
мекемелерге білім беру функциясын тапсырумен, оқытудың жаңа
бағыттарын,
жаңа
курстар
мен
пәндер
енгізумен,
пәнаралық
бағдарламаларды құрумен байланысты. Оқушыларды қабылдау шарасы,
оқыту әдістері мен тәсілдері ӛзгереді. Білім беруді басқару жүйесі, оқу
орындарының құрылымы мен оларды қаржыландыру тәртібі қайта құралады.
Білім беруді интернационалдандыру, керісінше, ұлттық жүйелерді
жақындастыруға, оларда ортақ әмбебап концептілер мен құраушыларды,
ұлттық мәдениеттердің алуан түрлігінің негізін құрап, олардың бірін-бірі
байытуына септігін тигізетін ортақ негіздерді тауып дамытуға бағытталады.
Білім беруді диверсификациялау мен интернационалдандыру бір-біріне
қарсы тұрмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып, білім берудің дамуын
анықтайды және жоғары стандарттарға жетуде ӛз үлесін қосады.
Бақылау сұрақтары:
1.Мәдениет, ӛркениет және этнос.
2.Жаһандану жағдайындағы мәдениет.
3.Бұқаралық мәдениеттің феномендері.
4.Педагогиканың үш типі: қалыптастыру педагогикасы, дамыту
педагогикасы, бірігіп жасау педагогикасы.
5.Қазақстан мәдениетін дамытудың жағдайы мен болашағы қандай
ХІV Бӛлім
Диалектика және эпистемология теорияларының мәселелері
14.1 Диалектиканың басты ұстанымдары, заңдары мен
категориялары
«Диалектика» (грек тілінен – сұхбат, пікірталас жүргізу ӛнері) термині
түрлі мағыналық реңктерге ие. Сократ диалектиканы алғашқы болып,
шындыққа түрлі ойлардың қақтығысуы арқылы қол жеткізетін диалог ӛнері
ретінде қолданды. Платон диалектиканы ұғымдарды түрлерге немесе
«тектерге» бӛлу процесі ретінде қарастырды. Гегель диалектика түсінігін
кеңейтті, оны ойдың қозғалу шеңберінен алып шықты, мәдениетте, тарихта
болмыстың ӛзінде болатын қарама-қайшылықтардың қақтығысуы мен
бірігуін кӛре білді. Марксистік философияда диалектика дәстүрлері қарама-
қайшы бастаулардың қақтығысы негізінде жүзеге асатын жалпы байланыс
пен даму тұрғысынан анықталды.
Диалектиканың қазіргі нұсқаларында оны дамыту ілімі ретінде
түсінушілік жоқ. Диалектиканы біздің ӛмірімізді, санамыз бен тарихымызды
түйреуші қарама-қарсылық, кереғарлық формасы ретінде ұғыну басым болып
отыр. Диалектиканы түсіндірудің түрлі нұсқалары мүмкін болған үйлесімді
синтезден бітімге келмейтін қарсылыққа дейінгі қарама-қайшылықтардың
ӛзара байланысу принциптерін ұсынады. Алайда диалектиканың дерлік
барлық моделі осы қарама-қайшылықтарды қосу құрылғысына ие не
болмағанда диалектикалық қайшылықта басты қызмет кӛрсететін тұлға –
адамдағы қайшылықтарды біріктіруге жол кӛрсетеді.
Принцип – білімнің күрделі, шоғырланған формасы, ол зерттеудің
басты бағыттарын топтайды. Мұндай принциптерге негізінен даму
принципін, диалектиканың, логика және таным теориясының теңдік (бірлік)
принципін, жаппай байланыс принципін, абстрактіден нақтыға қарай
кӛтерілу принципін, тарихи және логикалық бірлік принципін жатқызады.
Дамыту принципі қозғалысты материяның негізгі қасиеті (атрибуты)
ретінде танудың тікелей нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар дамыту
принципі қозғалыстың кӛптеген түрінде оның жетекші формасы – дамытуды
бӛліп кӛрсетеді. Қозғалыс айналмалы (кері қайтатын), регрессивті және
прогрессивті (қозғалыстың кері қайтпайтын формалары) болуы мүмкін.
Дамыту қозғалыстың барлық үш түрін ӛзіне шоғырлайды, ол кері қайтпауды
(бастапқы нүктеге толық оралуға мүмкіндіктің болмауы), сабақтастықты
(ескімен жаңаның байланысы), бағыттылықты, кезеңділікті дұрыс деп
есептейді.
Жаппай байланыс принципі дамыту процесінің ажырамас бӛлігі, ол
бірінші принциптің жүзеге асу шартын ашып кӛрсетеді. Пайда болу, ӛзгеру,
даму құбылыстары ӛздігінен, оқшау түрде жүзеге аспайды, ол ішкі және
сыртқы байланысқа негізделеді. Ақыр аяғында, дамыту принципінің негізгі
мазмұны ретінде қарама-қайшылықтың ӛрістетілуі қарсы байланыстың
ерекше формасы болып табылады.
Диалектиканың, логика және таным теориясының теңдік (бірлік)
принципі табиғат, адам ойы және қоғамды қамтитын дамыту процесінің даму
заңдарының бірлігі, жалпылығын білдіреді. Гегельдің диалектикасында бұл
принцип ӛзінің мүмкін болған нәтижелерімен (ойлау мен тұрмыстың теңдесу
принципі) қанықтырылды. Материалистік диалектикада оны қолдануда
қиындықтар туындады. Оның басқаша тұжырымы – объективті диалектика,
табиғат диалектикасы және субъективті диалектика, ой диалектикасы.
Диалектиканың әр түрлі формалары осындай тұжырымдарда танылады,
бәрақ ашылмайды. Үш түрлі пәндердің атаулары – диалектика, логика, таным
теориясы пайда болғанда олардың әр түрлі формаларда дамуы анық және
«принципшіл» болады. Ұсынылатын жауаптардың бірі келесідей анықтамаға
саяды: диалектика табиғаттағы даму кӛріністерін зерттейді, бұл
объективтілік диалектикасы; логика адам ойының даму ерекшеліктерін
зерттейді; таным теориясы объективтілік диалектикасын субъективті
диалектикаға байланыстыруға ұмтылады.
Абстрактіден нақтыға ӛрлеу принципі диалектика категориялары мен
заңдарының танымдық мүмкіндігін ӛзіне шоғырлайды, ол таным процеін
ұйымдастырады. «Абстракті» және «нақты» деген түсініктердің бірнеше
мағыналары бар. Күнделікті ӛмірде кӛбіне нақтылық ұғымына жататын
сезімділік, бейнеліліктен бӛлек, абстракт дегенді парасаттылықтың синонимі
ретінде түсінеді. Бұдан бӛлек, абстракт ұғымы – жойылған қасиеттердің
қатардан шығуы және олардың бастыларының ерекшеленуі. Бұл тұрғыда
таным әрқашан абстрактілі, себебі ол ұғымдарға сүйеніп, жекені
жалпылайды. Абстрактілі ұғымдарға жатқызылатын нақты ұғымдар
объективті болмыс болып табылады, онда жандылар мен жансыздар
бӛлінбейді.
Логикалық және тарихи ұғымдардың бірігу принципі нақты ұғымның
болмыста нақты танымға алмасуын түсінуге кӛмектеседі. Логикалық ұғым –
шынайы даму заңдылықтарының теориялық ашылуы. Тарихи ұғым –
болмысты және оның нақты формаларын ӛз уақытында, әр алуандығын
сақтап ӛрістету процесі.
Кез келген ғылым, материалдық болмыстың қай аумағын зерттесе де
тек қана заңдар жүйесін ғана құрмайды, ол әрбір ғылымның даму жолында
жасалатын және оның негізі болып табылатын жалпы ұғымдардың белгілі бір
категорияларын жасайды. Философиялық категориялар – бұл болмыстың
жалпы сипаттары мен байланыстарын, тараптары мен қасиеттерін кӛрсететін
ұғымдар. Бұлар ең алдымен материя және таным, сондай-ақ қозғалыс,
кеңістік пен уақыт категориялары. Қарама-қайшылық, мӛлшер, сапа, жоққа
шығару, жеке және жалпы, мазмұн және форма, мағына және болмыс, себеп
және салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, ықтималдық және болмыс
секілді категориялар. Бұл категорияларды зерттеу біздің жаппай даму және
материалдық әлемдегі қатынастар туралы, диалектиканың негізгі заңдары
туралы ойларымызды едәуір толықтырады.
Диалектиканың заңдары мен категориялары ӛзара байланысты.
Диалектиканың жаңа заңдарын зерттегенде, олардың категориялар
байланысы мен қатынасының мәнін кӛрсететінін байқаймыз.
Материалистік диалектиканың іргелі заңдарына жатады: қарама-
қайшылықтардың бірігу және күресу заңы; сандық және сапалық
ӛзгерістердің алмасу заңы; қарсылыққа қарсы келу заңы.
Қарама-қайшылықтардың бірігу және күресу заңы – диалектиканың
ядросы болып табылады. Бұл кездейсоқ емес, ол диалектикалық ӛзгерістің,
дамудың себебі мен бастауын кӛрсетеді. Осы заңға сәйкес, әрбір зат және
болмыс ішкі қайшылықтарға толы. Олар ӛзара байланыста болады: бір-бірін
таңдай отыра, ӛз ішінде күрес жүргізеді. Ішкі қайшылықтар күресі
материалдық әлемнің ӛзін ӛзі жетілдіру, ӛзін ӛзі дамыту кӛзі болып
табылады.
Сандық және сапалық ӛзгерістердің алмасу заңы жаңа заттың қандай
жолдармен пайда болатынын кӛрсетеді. «Сапа», «мӛлшер» және «ӛлшем»
категорияларынан бастаймыз. Сапа – бұл объектінің анықтылығы, ол заттың
ерекше
белгілерінің,
сипаттамаларының,
басқа
объектілермен
ұқсастықтарының бүтін және тұрақты жиынтығын кӛрсетеді. Саны –
берілген сапа немесе бірдей сапалардың ішіндегі айырмашылықтарды
сипаттау. Мысалы, Күн жүйесінің барлық планеталары бірдей қасиеттерге
ие: масса, кӛлем, тегістік, Күн және ӛз ӛсін айналу уақыты және т.б. Алайда
олардың саны жағынан айырмашылықтары бар. Әлемде тек қана сандық,
немесе тек қана сапалық жақтан сипатталатын зат жоқ. Кез келген затты
толықтай сипаттау үшін тек қана сапалық немес сандық жағын айту
жеткіліксіз. Ӛлшем – бұл берілген сапаның ӛзімен ӛзі қалу аралығы. Ӛлшем
спа мен санның ішкі байланысын кӛрсетеді, себебі берілген сапаның ішіндегі
сандық айырмашылықтар белгілі бір шекарадан аса алмайды. Қарсылыққа
қарсы келу заңы алдыңғы қарастырып ӛткен екі заңмен байланысты. Оның
мәнін былай кӛрсетуге болады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі
негізінде дамыған кез келген жүйе іштей байланысқан бірнеше бірнеше
кезеңнен ӛтеді. Бұл кезеңдер жаңаның бағынбайтындығын және дамудың
әділ сипатын кӛрсетеді, бұл дамудың жоғарғы сатысында кӛрініс береді.
Диалектикалық жоққа шығарудың негізгі мазмұнына екі сәтті жатқызуға
болады: ескінің ӛлуі, жойылуы және сол уақытта дамуға қабілетті жаңа
туманың дұрыс сақталуы. Қарсылыққа қарсы келу ең алдымен мыналарды
болжайды: а) даму процесіндегі қайталанушылық; б) бастапқы жағдайға
оралу, алайда жаңа жетілген деңгейде; в) дамудың нақты кезеңдерінің
аяқталуын; г) дамудың шеңбер бойымен қозғалуға жанаспайтындығы.
Қарастырылып отырған заңның мәні осыда.
Егер диалектика заңдары даму процесін ашса, онда болмыс
құбылыстары мен заттарының ӛзара байланысы категориялар арқылы
кӛрінеді. Тәжірибеде әлем құбылыстары мен заттарына сүйене отырып,
оларды тани отырып, адам олардан кӛзге кӛрінерлік ұқсастықты тапты, ал
бӛлудің нәтижелерін категориялар мен ұғымдарда кӛрсетті. Себеп және
салдар, мазмұн және форма категориялары және басқа категориялар адам
санасында болмыстың осы категорияларына ӛзінің тәжірибе жүзінде
миллиондаған рет қарсы келуіне байланысты қалыптасты. Осылайша,
категориялар адамның тәжірибелік және танымдық қызметін кӛрсетеді, адам
тарапынан қоршаған әлемді тану баспалдақтары болып табылады.
Тәжірибе мен танымның қорытындысы бола отырып, материалистік
диалектика категориялары осы қызметтерде үлкен мәнге ие. Болашақ таным
баспалдақтары ретінде олар адамға қоғам мен табиғаттың күрделі желісінде
жол табуға кӛмектеседі. Сонымен қатар, заттардың бір-біріне тәуелділігі мен
ӛзара байланысын ашуға, олардың дамуындағы белгілі бір тәртіп пен
заңдылықты ашуға және осыған сәйкес тәжірибе жүзінде әрекет етуге кӛмек
береді.
Диалектика категориялардың, олардың пайда болу кӛздерінің мәнін
аша отырып, ең алдымен олардың объективті сипатын айқындайды.
Категориялардың бастауы – адамнан тыс ӛмір сүретін заттар мен
құбылыстар. Мысалы, себеп және салдар категориясында бір зат пен
құбылыс екіншісін тудырады, ал бұл екіншілер алдыңғылардың нәтижелері
болып табылады. Маркстік диалектика тұрғысынан алсақ, категорияның бір
маңызды сипаты олардың ӛзара байланысы, ӛзгергіштігі мен қозғалғыштығы
болып табылады. Категориялардың бұл сипаттары материалдық әлемнің
бірлігін, оның заттары мен құбылыстарының жаппай байланысын кӛрсетеді.
Категориялар байланысының тығыздығы соншалық, кебір жағдайларда олар
бір-біріне ӛтуі, алмасуы мүмкін: себептер салдарға айналады, ал нәтижелер
себепке айналады, қажеттілік кездейсоқтыққа және керісінше кездейсоқтық
қажеттілікке айналады. Бірақ категориялар тек ӛзара байланысты болып қана
қоймай, ӛзгергіш әрі қозғалмалы. Үнемі даму үстінде болатын материалдық
әлемді кӛрсете отырып, олар ӛздері де ӛзгереді. Метафизиктер
категориялардың диалектикалық табиғатын бұрмалайды. Олар әдетте
категорияларды бір-бірінен бӛледі, кейбір категориялардың рӛлін елемей
басқаларының мағынасын абсолюттендіреді. Бұл болмыстың ӛңін
реакциялық саяси қорытындыларға қарай бұрмалауға алып келеді. Тек
диалектикалық материализм тұрғысынан ғана категориялардың табиғатын
тануға болады, оларды ғылыми таным және тәжірибелік қызметтің қаруы
ретінде қолдануға болады. Ары қарай жеке категорияларды қарастырғанда,
біз олардың ғылыми және практикалық мағынасын ашуға тырысамыз.
Материалдық әлемді зерттегенде, ең алдымен адамның назарын сансыз
жеке, жалғыз заттар мен құбылыстар аударады. Сосын оларды салыстыра,
салғастыра келе адам олардың жалпы, ұқсас сипаттары мен байланыстарын
табады. Кез келген зат ӛзіне ғана тән, ерекше сипаттарға ие болады.
Мазмұн – бұл белгілі бір зат немесе құбылысты құрайтын элементтер
мен процесстер жиынтығы. Форма – бұл мазмұнның құрылымы,
ұйымдастырылуы, ол мазмұнға қатыстылығы жағынан сыртқы зат болып
есептелмейді, оған іштей тән болып келеді. Қозғалысқа байланысты
«элементарлық» бӛлшектер мен процесстер химиялық элемент атомының
мазмұнын кӛрсетеді. Осы бӛлшектерді ұйымдастыру, олардың атомда
орналасу реті оның ӛз формасын құрайды.
Мағына ұғымы мазмұн ұғымына жақын. Егер мазмұн аталған затты
құрайтын барлық элементтер мен процесстердің жиынтығын құрайтын болса,
мағына – заттың басты, ішкі, салыстырмалы түрде тұрақты жағы. (немесе
оның тараптары мен қатынастарының жиынтығы). Мағына заттың табиғатын
анықтайды, мағынадан оның барлық жақтары мен белгілері туындайды.
Мысалы, тірі ағзаның мәні оған тән зат айналымы болып табылады. Ол
барлық ӛмірлік хабарламалардың негізінде жатыр, кез келген тірі дененің
ішкі табиғатын құрайды. Құбылыс – бұл мағынаның сыртқы, тікелей кӛрінісі,
кӛріну формасы.
Объективтік әлемде біз, құбылыстардың үнемі әрекеттесуін байқаймыз,
нәтижесінде олардың кейбірі туындайды да, кейін ӛмірге жаңалары келеді, ал
бұлар ӛз кезегінде үшінші болып табылады. Алдыңғыға себеп болып,
келесінің туындауына ықпал ететін құбылыстар немесе әрекеттес
құбылыстар тобы себеп деп аталады. Себептің ықпалымен туындайтын
құбылыс нәтиже деп аталады. Себеп барлық уақытта нәтижеге алып келеді,
алайда уақыт ағымы себептің жеткілікті белгісі болып табылмайды.
Белгілі бір жағдайларда міндетті түрде орын алатын құбылыс немесе
оқиға қажеттілік деп аталады. Қажеттілік мағынадан, дамушы құбылыстың
ішкі табиғатынан туындайды. Ол үнемі осы құбылыс үшін тұрақты болып
табылады. Кездейсоқтықтың қажеттіліктен айырмашылығы ол аталған
заттың табиғатынан туындамайды, ол тұрақсыз, уақытша.
Жаңа, дамушы зат әрқашан да қажетті болып табылады, бірақ ол бірден
пайда болмайды. Алдымен оның пайда болуы үшін белгілі бір алғышарттар,
факторлар құрылады, кейін мұндай алғышарттар дамып, жетіледі және
объективті заңдардың күшімен жаңа зат пен құбылыс ӛседі. Жаңа заттың
пайда
болуының
бұл
алғышарттары
ықтималдық
деп
аталады.
Ықтималдықтар объективтік заңдылықтардан туындайды. Қоршаған орта
мен ағзаның бірлігі заңы сыртқы жағдайды ӛзгерту арқылы ағзаға ықпал
етуге, ӛсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |