Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


жазықтар  туралы  жалпы  зерттеулер»



Pdf көрінісі
бет20/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
treatise20490


жазықтар  туралы  жалпы  зерттеулер»  деп  аталатын  геометриялық 
трактатының  шығуымен  ӛзгерді.  Бұл  трактатта  тұрақты  кері  қисықтың 
әрдайым  дӛңгеленіп  отыратын  жазығы  Лобочевскийдің  (1792-1856  жж.) 
геометриясы негіздеріне сүйене отырып қарастырылады.  
Сондай-ақ,  ХІХ  ғасырда  Евклидтік  емес  басқа  да  ғалымдардың  – 
Бойьяның  (1802-1860  жж.), 
Риман
ның  (1826-1866  жж.)  геометриялары 
жасалады. Бұлар бір-біріне қарама-қайшы емес, құрылымды математикалық 
теориялар  болды.  Олар  уақытпен  және  оның  кеңістікпен  байланысына 
қатысты  жаңа  түсініктерді  туғызды.  Солардың  бірі  –  Эйнштейннің 
қатыстылық  теориясы  уақыт  пен  кеңістіктің  арасындағы  іргелі 
байланыстарды  кӛрсетті,  түрлі  жүйелердегі  олардың  физикалық  қатынасқа 
тәуелділігі анықталды.  
Бұл  ғылыми  жаңа  теориялар  кӛптеген  тұжырымдарға  негіз  болды: 
біріншіден,  тәжірибе  (эмпирия)  ғылыми  шығармашылықтың  міндетті 
құрамды  бӛлігі 
болатындығы; 
екіншіден, 
ғылымдағы 
теориялық 
ұғымдардың  инструменталды-техникалық  мәнге  ие  болып,  объективті 
жолмен  алынған  тәжірибенің  деректерін  тиімді  сипаттау  және  түсіндіру 
міндетін  атқаратындығы.  Мәселен,  Макиавеллидің  электромагниттік 
теориясы  физиканы  дамытуда,  сондай-ақ  эксперименталдық  қызметті 
ұйымдастыруда  ұғымдық-математикалық  аппарат  ретінде  маңызды  рӛл 
атқаратынын кӛрсетті.  
Жаңа  жаратылыстанудың  дамуы  бұрынғы  таным  теориясы  қайта 
қараудың  қажеттілігін  де  кӛрсетті.  Бұрынғы  таным  теориясында  субъект 
(адам)  объектіні  (қоршаған  әлемді)  баяу,  пассивті  бейнелейді  делінген 
болатын.  Адамның  сезу  органдары  шындықтың  шынайы  бейнесін  кӛруге 
кӛмектеседі,  ал  ғылым  арқылы  адам  «табиғат  туралы  объективті  кітапты», 
табиғаттың  сезіммен  қабылдауға  келмейтін  ішкі  қасиеттері  мен 
заңдылықтары жӛнінде оқып білу қабілетіне ие болады деді. ХІХ ғасырдың 
соңында сезім мен ақылдың сыртқы әлеммен байланысы туралы кӛзқарастан 
бас тарту керектігі айқын білінді. Сонымен бірге, атақты физик, офтальмолог 
Гельмгольцтың
  кӛздің  қабылдауы  турасында  жүргізген  тәжірибелерінің 
арқасында  адамның  сезім  органдары  сыртқы  заттардың  ықпалына 
механикалық  жолмен  жауап  бермейтіндігі  анықталды.  Керісінеше,  олар 
заттардың 
кӛзбен 
қабылдануын 
белсенді 
әрі 
мақсатты 
түрде 
қалыптастырады.  Жүргізген  тәжірибелерінің  нәтижелері  бойынша,  заттар 
адамның санасында бейнеленбейді (кӛшірмесі), таңбаланады деген тұжырым 
жасады. Басқаша айтқанда, әлемді сезім арқылы тану процесінде адамға тән 
субъективтілік  бәрібір  орын  алады.  Біздің  танымымыз  таңбалардан 

тұрады  деген  Гельмгольцтың  идеясы  жаңакантшыл  Э.  Кассирердің 
«символдық формалардың философиясында» ӛзінің жалғасын тапты.  
Жаңакантшылдардың  қатарында  екі  мектеп  ерекше  аталады. 
Жаратылыстану  ғылымдарының  логикалық-әдіснамалық  мәселелерімен 
айналысқан 
Марбург 
мектебі 
мен 
гуманитарлық 
ғылымдардағы 
құндылықтар  және  әдіснама  мәселелерімен  айналысқан  Фрейбург  (Баден) 
мектебі.  
Марбург мектебінің негізін салушы Герман Коген деп есептелінеді, ал 
оның  ізін  жалғастырғандар  Пауль  Наторп  пен 
Эрнст  Кассирер
  және  т.б. 
болды.  
«Канттың  тәжірибе  теориясы»,  «Канттың  этиканы  негіздеуі», 
«Канттың  эстетиканы  негіздеуі»,  «Иммануил  Кант» және «Таза  ақылға 
сын»  еңбегінде  түсініктеме»  деп  аталатын  еңбектерінде  Г.  Коген  (1842-
1918  жж.)  И.  Канттың  трансценденталды  идеализмін  сыни  тұрғыдан  жан-
жақты  талдады.  Ол  Канттікіне  қарағанда,  бір  ізге  түсірілген  идеализмді 
негіздеуге  тырысты.  Идеализмді  ол  ғылымның  –  математика  және 
математикалық  жаратылыстану  сияқты  ең  жоғары  түрінің  мүмкіндіктерін 
түсіндіруге қажетті логикалық және гносеологиялық ілім деп түсіндірді.  
Коген  болмысты  «сезілетін»  емес,  категориялық  оймен  түсінілетін 
дүние деп ұқты. Уақыт пен кеңістікті сезімтал интуицияның формалары деп 
емес,  логикалық  ойлаудың  категориялары  деп  түсіндіреді.  Оның  пікірінше, 
шындықтың «белгілері» деп санамен қабылданатын дүниелер шын мәнісінде 
ғылыми ұғымдар тудырған дүниелер.  
Этикалық  социализм  туралы  ілімінде  социалистік  идеалға  ұмтылу 
мәңгілік  жүріп  отырады  делінеді,  ал  ол  идеалға  жету  –  іс  жүзінде 
орындалмайтын  нәрсе.  Когеннің  этикасы  У.  Бернштейннің  марксизмді 
қайта  қарау  негіздеріне  арқау  болды.  Ол  «Дүниедегінің  бәрі  –  қозғалыс,  ал 
оның соңғы мақсаты – ешнәрсе де емес» деген тезисті ұсынды.  
Марбург  мектебінің  тағы  бір  кӛрнекті теоретигі  П.  Наторп  (1854-1924 
жж)  болды.  Философия  тарихының  ірі  ӛкілі  бола  тұра,  ол  антикалық 
дәуірдегі  және  Жаңа  дәуір  философиясындағы  ілімдер  Канттың 
философиялық  критицизмі  турасындағы  идеяларына  негіз  болған  деп 
түсіндірді.  Наторп  гносеологиялық  идеализмді  жүйелі  түрде  салыстыра 
отырып, қорғауға тырысты.  
«Ойда берілетін» болмыс болмайды деді. Наторп математика априорлы 
формалар  мен  сезімдерге  емес,  ойға  құрылады,  сол  себепті  уақыт  пен 
кеңістіктің  мазмұнын  білу  ол  үшін  маңызды  емес  деген  ой  айтады.  Кейінгі 
зерттеулерінде ол Канттың идеализмінен бұрынғыдан да алыстап, Гегельдің 
онтологиялық идеализміне жақындайды. Этиканы «ақылға» (логосқа) тәуелді 
ету  арқылы  П.  Наторп  этикалық  нормалардың  қоғамдық  ӛмірден  бастау 
алатынын мойындағысы келмейді.  
Марбург мектебінің ортодоксальдық кӛзқарастарын Э. Кассирер (1874-
1945 жж.) 1920 жылдарға дейін жазылған еңбектерінде дамытты. Жаңа заман 
логикасының тарихы мен таным теориясы және философиясы таным туралы 
неокантшылдық  ілім  пайда  болғанға  дейін  қалыптасты  деді.  Э.  Кассирер 

«Канттың  ғылыми  объективтілігі»  мәселесін  ғылымның  жалпы  әдістемесі 
ретінде тар аяда сәтті қызмет ететін абстракция түрінде қарастырады.  
Оның  философиясында  ойлау  мен  қабылдаудың  формалары  тәжірибе 
мен  танымның  жүзеге  асуының  шарты  болатыны  туралы  Канттың  идеясы 
ӛзінің  жалғасын  тапты.  Канттың  қабылдау  мен  ойлаудың  априорлық 
формалары  «біздің  ӛмір  туралы  түсініктерімізді»  анықтайтыны  секілді, 
Э.Кассирердің  «мәдениет  формалары»  да  «біздің  ӛмір  туралы 
түсініктеріміздің»  жалғыз  ғана  формасы  болып  табылады.  «Символдардың 
жүйесінен  тұратын»  барлық  мәдениеттің  жасалу  формалары  «әлемді 
бейнелеп  кӛрсетіп  қана  қоймайды,  ойлаудың,  түсінудің,  бейнелер  мен 
қиялдардың, суреттердің сан алуан амалдарын да кӛрсетеді».  
Э.Кассирер тарихи оқиғаны себептердің жинақталған нәтижелерінен де 
де жоғары тұрады деп есептейді. Құбылысты сипаттау және түсіну оған әсер 
еткен барлық себептерді тауып, жинақтап кӛрсетуден тұрмайды. Құбылысты 
түсіну  дегеніміз  –  оны  түсіндіру,  оның  жүзеге  асқан  тетіктерін  тұтастықта 
қарау,  яғни  ерекше  жинақтау  дегенді  білдіреді.  Оның  ойынша,  «тарихи 
түсіну»  –  интеллектуалдық  жинақтау  әдісі  дегеніміз  тарихи  ескерткіштерді 
жүйелеп, түсіндіру арқылы тарихи шындықты қайта толық қалпына келтіру, 
ол  тарихи  түсіндіру  әдісіне,  яғни  тарихи  процесте  жүзеге  асып,  тарихтың 
тұтастығын  қамтамасыз  ететін  заңдылықтарды  анықтауға  мүлдем  қайшы 
келмейді.  Ол  әлемді  түсінудің,  бейнелеудің,  сезудің,  танудың  бір  формасы, 
мәдениет  әлемінде  адамның  объективтенуінің  бір  жолы  ретінде  ғылымды 
мәдениетпен біртұтастықта қарастырады.  
Марбург  мектебінің  неокантшыл  ӛкілдері  ғылым  туралы  түсініктерге 
қатысты  ӛзгерістерді,  әлемнің  жалпы  ғылыми  бейнесі  жӛніндегі  пікірлерді 
ӛздерінше  түсіндірді.  Канттың  теориялық  мұраларына  сүйене  отырып,  олар 
адамзат  ақылының  қазіргі  ғылыми-зерттеу  қызметін  жүзеге  асырудағы 
белсенді  контруктивтік  рӛлі  туралы  ӛздерінің  пайымдарын  ұсынды.  Осы 
пайымдарына  сәйкес,  адамның  ақылы  әлемді  бейнелемейді,  керісінше, 
оны  туғызады,  сӛйтіп  тегінде  байланыссыз,  жүйесіз  болмысты  ӛзара 
байланыстырып,  тәртіп  орнатады.  Жекелеген  заттар  мен  процестерге  тән 
жалпы  қасиеттерді  механикалық  жолмен  абстракциялау  логикалық  әдісі 
арқылы алынған болмыстың ӛзгермейтін әр жалпы субстанцияларын табудан 
принципті түрде бас тарту жаңа пайымды дүниеге әкелді. Ол пайым адамзат 
ақылының 
шығармашылық 
жаратылыс 
күшіне 
сенім 
артады. 
Марбурлықтардың  ойынша,  ғылыми  пайымдардың  және  осыған  сәйкес 
дүниедегі заттардың логикалық байланысы функционалдық байланысқа негіз 
болады.  
Ғылыммен  анықталатын  ақиқаттың  жалпы  әрі  қажеттілігін  негіздеу 
үшін  Канттың  беделіне  сын  айта  отырып,  шынайы  затқа  емес,  субъектіге 
сүйене отырып, Марбург мектебінің ӛкілдері Канттың теориялық мұрасынан 
«жасырын  заттар»  ұғымын  шығарып  тастады.  Ӛз  алдына  дербес  тіршілік 
ететін объектілер мүлдем жоқ, тек ғылыми ойлау актісі туғызатын затты 
әлем бар деп пайымдады. Марбурлықтар алгебра мен геометриядағы қажетті 
әрі  жалпыланған  пікірлерге  негіз  болған  сезіммен  пайымдаудың  априорлық 

формалары  ретіндегі  Канттың  уақыт  пен  кеңістік  туралы  ойларын  сынға 
ұшыратты.  Олардың  ойынша,  уақыт  пен  кеңістіктің  мәні  сезіммен 
пайымдаудың  априорлық  формалары  болуында  емес,  ойлаудың 
формалары болуында.  
 Марбурлықтар 
танымдық 
әрекет 
барысындағы 
шындықтың 
практикалық  та  емес,  тіпті  материалдық  тәжірибенің  де  емес,  теориялық 
және логикалық ӛлшемдерінің маңызды рӛлін ерекше атап кӛрсетеді. Себебі 
практикада  және  материалдық  тәжірибеде  кӛптеген  математикалық 
абстрактылы  теорияларды  тексеру  мүмкін  болмайды.  Марбурлықтардың 
ғылым тарихын ғылыми ойлар мен мәселелердің ішкі даму логикасынан тыс 
түсіну мүмкін болмайтындығы туралы ойлары да ерекше назар аударарлық. 
Ғылым  тарихындағы  адамзаттың  ақыл  белсенділігінің  ӛсуі  оның  басты 
заңдылықтарының  бірі  болып  табылады.  Олардың  ғылымды  адамзаттың 
рухани  мәдениетінің  ең  жоғары  формасы  деп  мойындауына  келіспеске 
болмас.  Шынында  да,  ұғымдар  мен  теорияларда  адамның  жоғары 
шығармашылық қабілеттері объективті сипат алады.  
Сонымен  бірге,  олардың  бағдарламаларының  кемшілік  жақтары  да 
болды,  бұл  кемшіліктер  олардың  философия  сахнасының  тӛрінен  кетуіне 
әсер  етті.  .  Біріншіден,  білім  мен  болмыстың  байланысына  құрылған 
классикалық  гносеологиялық  мәселелерді  қарастырудан  бас  тартуы  оларды 
иррационалды  волюнтаризмге  әкеп  соқтырды.  Екіншіден,  олардың 
антисубстанционалды  және  антиметафизикалық  турасындағы  шабытты 
ойларының  бірізділігі  болмады  және  қайшылықты  болды.  Марбурлықтар 
түптеп  келгенде,  әлемнің  субстианционалдық  негізін  Құдай  мен  Логос 
құрайды деген метафизикалыққа сілтейтін пайымдаулардан толық бас тарта 
алмады.  
Неокантшылдардың  Фрейбург  (Баден)  мектебі  В.Виндельбанд, 
Г.Риккерттің есімдерімен байланысты.  
В.Виндельбанд  (1948-1915  жж.)  ғылымдарды  пәніне  қарап  емес, 
әдісіне  қарай  жіктеуді  ұсынды.  Ол  білімді  табиғат  туралы  және  рух  туралы 
деп  бӛлуге  қарсы  болды.  Ғылымды  «ғылымдардың  танымдық  мақсатының 
формалық сипатына» қарап бӛлуді ұстанымға алу керек, себебі бір ғылымдар 
жалпы  заңдарды  анықтаса,  енді  біреулері  –  жекелеген  деректерді  зерттейді 
дейді.  
Ойлаудың алғашқы түрін В.Виндельбанд «номотетикалық» (заңдарды 
анықтайтын) 
деп 
атайды. 
Оған 
қарама-қарсы 
ойлаудың 
түрін 
«идиографиялық»  (ерекше  нәрселерді  сипаттайтын)  деп  атайды.  Бір  нәрсе 
әрі  номотетикалық,  әрі  идиографиялық  зерттеу  нысаны  бола  алады.  Себебі 
ӛзгермейтін (жалпы) заңдылық пен кездейсоқтықтың арасындағы қайшылық 
шартты.  Мысалы,  органикалық  табиғат  туралы  ғылым  жүйеленген  ғылым 
ретінде  –  номотетикалық  ғылым  болса,  даму  тарихы  тұрғысынан 
идиографиялық  ғылым  болып  саналады.  В.Виндельбандтың  ойынша, 
ойлаудың  номотетикалық  және  идиографиялықтың  түрлерінің  арасындағы 
осындай  айырмашылықтар  жаратылыстану  мен  тарихтың  ара  жігін 
ажыратады.  

Жаратылыстануда  ойлаудың  номотетикалық  түрі  жеке  нәрселерді 
түсіндіруден жалпы байланыстарды, ӛзін қоршаған шындық ортадағы жалпы 
заңдылықтарды табуға, түсінуге тырысады.  
Оның  ойынша,  идиографиялық  тарихи  әдіске  кӛптеген  уақыт  бойы 
жеткілікті назар аударылмай келді. Винельбандтың пайымдауында, жалпыға 
және  текке  қатыстыдан  басқаның  бәрін  жоққа  шығару  элеаттықтардан 
Платон  арқылы  келген  грекше  ойлауға  тән  ерекшелік.  Бұл  ойлау  тек 
болмысты ғана шындық деп, сондай-ақ шынайы таным тек жалпылыққа тән 
деп  түсіндірді.  Осы  тұрғыдан  пайымдаған  Жаңа  заманның  ізбасары  деп  ол 
Шопенгауэрді  айтты.  Шопенгауэр  тарихты  шынайы  ғылым  деп  есептемеді, 
тарих  әрдайым  жеке  нәрселерді  қарастырады  және  жалпылыққа  ешқашан 
жете  алмайды  дегенді  ӛз  ойына  тірек  етті.  Идиографиялық  әдіске  бұлайша 
қарау  кӛптеген  ғасырлардың  қателігі  болып  табылады.  Виндельбанд  оған 
керісінше, «адамның кез келген қызығушылығы мен берген бағаларына, адам 
үшін  маңызды  нәрсенің  бәріне  жекелік  тән  әрі  ол  қайталанбайды»  дегенді 
ұсынды.  Егер  бұл  пікір  жеке  адам  ӛміріне  қатыстылығына  қарай  дұрыс 
айтылған  болса,  онда  оны  «күллі  тарихи  процеске  қатысты  да  қолдануға 
болады,  себебі  тарихи  процесс  қайталанбайтындығынан  құндылық  болып 
табылады».  Сондықтан,  оның  ойынша,  біз  үшін  жеке  әрі  тарихи  деп 
есептелінетін  нәрсенің  бәрінде  бізге  түсініксіз,  мағынасыз,  беймәлім 
нәрселер бар. Ол «адамның санасында біздің себепсіз тіршілігіміз, яғни жеке 
еркіндігіміз түрінде бейнеленеді».  
Бұл  пайымдаулар  неокантшылдықтың  тағы  бір  ӛкілі  Генрих 
Риккерттің  (1863-1939  жж.)  еңбектерінде  жүйелі  жалғасын  тапты. 
«Ұғымдардың  табиғи  ғылыми  жолмен  жасалу  шегі»  деп  аталатын 
еңбегінде  «құндылықтар  әлемі  трансцендентті  (тылсым)  мағыналардың 
патшалығын  жасайды»  деп  пайымдайды.  Құндылықтардың  ақиқатқа 
қатынасын  анықтау  философияның  ең  басты  міндеті  деп  есептеді. 
В.Виндельбанд  сияқты  Н.Риккерт  те  ғылымдарды  әдістеріне  қарап  ажырату 
керек деп, ол әдістердің екі түрі болатынын айтады.  
Кез  келген  ғылыми  ұғым  зерттелініп  отырған  құбылыстың 
қайталанатын, біртектес, жалпы белгілерін тануға бағытталады. Иә болмаса 
керісінше,  оның  қайталанбайтын,  бір  рет  болатын,  дараланған,  жеке 
ерекшеліктерін  тануға  бағытталуы  мүмкін.  Алғышқысы  жаратылыстану 
ғылымымен  байланысты  болса,  екіншісі  тарихпен  байланысты  болады. 
Г.Риккерт жаратылыстану әдісін «генерализациялаушы» (жалпылаушы), ал 
тарихтың әдісін – «даралаушы» деп атайды.  
Екі  жағдайда  да  ғылыми  ұғымдар  мәнді  нәрсені  мәнсізден  ажыратуда 
зерттеуші  басшылыққа  алатын  теологиялық  ұстаным  бойынша  сұрыпталу 
жолымен  жасалып,  шындықты  «түсінуді  жеңілдендіретін»  ұғымдар  ретінде 
қарастырылады.  Егер  логика  ілімінде  Риккерт  ұғымның  бұл  екі  түрін 
формалды  түрде  ӛзара  тең  ұғымдар  десе,  онтологиялық  тұжырымдама 
бойынша  ол  номинализмнің  жақтаушысы  болды:  жалпы  болмыста  ӛмір 
сүрмейді,  жеке  мен  ерекшенің  ғана  мәні  бар  деді.  Бұл  номиналистік 
тұжырым  жаратылыстану  ғылымдарының  құзыретін  шектеп,  тарих 

ғылымдарының  алдында  «маңызын  тӛмендетті».  Тарих  мәдениетпен  бірге 
ӛмір  сүретіндіктен,  Риккерт  үшін  құндылықтардың  зерттелінуі  мәселесі 
ерекше  мәнге  ие  болды.  Оның  ойынша,  біз  үшін  кейбір  заттар  құнды,  ал 
кейбіреулері  құнсыз  болатындықтан,  біз  олардың  бірін  байқасақ,  бірін 
байқамаймыз.  
Неокантшылдық  ХІХ  ғасырдың  соңында  марксизмнің  философиялық 
негіздерін  қайта  қарау  мақсатында  қолданылған  болатын.  Мәселен,  ІІ 
Интернациалдың  идеологтары  Э.  Бернштейн  мен  М.  Адлер  және  К. 
Форлендер  неокантшылдық  пен  марксизмді  біріктіруге  тырысты. 
Философиялық  ревизионизмге  деген  ұмтылыс  Г.  В.  Плехановтың 
(«Философиялық  ревизионизмге  қарсы»),  В.И.Лениннің  («Марксизм  және 
ревизионизм») тарапынан сынға ұшырады. Неокантшылдықтың әсері қазіргі 
заманғы  идеалистік  философиялық  ағымдардан  да  байқалады.  Ол  әсіресе 
құндылықтар теориясын мәселесінде кӛбірек айтылуда.  
 
8.6. Философиялық герменевтика негізінің қалануы. Ф.Э.Д. 
Шлейермахер, В. Дильтей. 
 
Неміс  философы,  әрі  діндар,  әрі  филолог  Фридрих  Эрнст  Даниэль 
Шлейермахер  (1768-1834  жж.)  қазіргі  философиялық  герменевтиканың 
бастауында  тұр.  Ол  «әмбебап  герменевтиканың»  ғылым  ретіндегі 
тұжырымдамасын жасауға тырысты. Герменевтика бойынша жазылған ӛзінің 
дәрістері  мен  баяндамаларында  Шлейермахер  мынадай  ұстанымға  сүйенді: 
«Сӛзді  алдымен  автордың  ӛзі  сияқты  жақсы,  сосын  барып  одан  да  артық 
түсіне  алатындай  болу  керек».  Бұл  ұстаным  бойынша  түсінуші  мәтіннің 
объективтік мағынасын терең түсінуі керектігін кӛрсетпейді, ол түсіндіруші 
адамның «сезіммен терең түсіну» қажеттілігіне меңзеп тұр.  
Герменевтиканы  ӛнер  ретінде  қарастыра  отырып,  ол  түсінуге 
қажеттілік  барлық  нәрсенің  бастауы  әрі  бәріне  ортақ  болады,  ал  «түсінбеу» 
қалыптасқан  ережеге  жатпайтын  жеке  нәрсе  болып  табылады  деді.  Оның 
ойынша, адам түсінікті нәрсенің континуалдылығы (ӛріс, кеңістік) бұзылған 
кезде  герменевтикаға  сүйенеді.  Шлейермахердің  кӛзқарасы  бұл  пайымнан 
ӛзгешелеу.  Оның  пікірінше,  «түсінбеу»  –  ол  іргелі  (фундаменталды) 
феномен. Герменевтика «түсініктілік» жоғалған кезде қажет болатын ғылым 
емес,  әуел  бастан  сӛзді  түсіну  ӛнері  туралы  ғылым  болуы  керек  деп 
есептеді.  
 Шлейермахердің 
пайымдауынша,  егер  тілді  «грамматикалық 
түсіндіру» оның тілдік жағын қарастырса, «техникалық» («психологиялық») 
түсіндіру  тілдегі  мағынаның  ішкі  сезімдерді,  қатынасты  білдіруін 
қарастырады.  Тілді  «психологиялық  түсіндіруді»  герменевтиканың  ең 
маңызды  мәселесі  әрі  міндеті  деп  есеептейді.  Себебі  тілдің  осы 
шығармашылық  табиғатына  байланысты  герменевтиканы  «ӛнер»  ретінде 
түсінуге болады.  
Тілді  түсіндірудің  кӛптеген  конондарын  анықтап  келіп,  «бұл 
ережелерді  қолданудың  ережелерін»  ұсынбауы  да  кездейсоқ  емес. 

Шлейермахер  бойынша  тілді  психологиялық  тұрғыдан  түсіндіруде 
«дивинация», «болжау» жасау ӛте маңызды. Бұл – автордың стилистикалық 
шығармашылығынан  туындайтындықтан  түсіндіруші  үшін  ерекше  мәнге  ие 
(бұл әсіресе тілді кеңейтіп, шығармашылық жетілдіретін поэтикаға қатысты 
ӛте маңызды). Оның пікірінше, тілді түсіну алдын-ала дайындалған түсінудің 
«техникасына»  бағынбайтындықтан,  ол  конгениальды  шығармашылық, 
«ӛнер» деп танылуы керек.  
Ф.  Шлейермахер  герменевтиканың  түсінудің  жалпы  теориясы  ретінде 
негізін салды, мәтіннің заттық-тұлғалық, жеке-тұлғалық қырлары болатынын 
анықтады. Ол мәтін мазмұнын (яғни ондағы сипатталатын нәрсені) мәтіннің 
тұлғалық  белгілеріне  (яғни  ондағы  оқиғаның  қалай  ӛрбігеніне),  мазмұндау 
стиліне  тән  ерекшеліктерге,  мәтіндегі  негізгі  ойға  қарама-қарсы  қойды. 
Герменевтикада  ең  маңыздысы,  Шлейермахер  бойынша,  ойда  жасалған 
мазмұнның  тұлғалық  жағын  ұғу  емес,  «нақты  мәтінді  туғызған  ойланушы 
индивидті» түсіну.  
Немістің  мәдениет  тарихшысы  және  философы  Вильгельм  Дильтей 
(1833-1911  жж.)  неміс  идеализмінің  де,  романтизмінің  де,  ӛзінің  дәуірінде 
ӛзекті 
болған 
позитивизмнің 
де 
әсерін 
басынан 
кешірді. 
Ол 
неокантшылдардың  пайымына  сүйенді,  ғылыми  жаратылыс  танымы  мен 
мәдени-тарихи таным бір-біріне қарама-қарсы болады деді. «Ӛмірде табиғат 
пен  ғылым  және  рух  туралы  ғылымдардың  барын»  құптады.  Дильтей 
гуманитарлық  білімдерді  жаратылыстану  ғылымдарының  деңгейіне 
«кӛтергісі»  келді,  сӛйтіп  оған  қажетті  білімге  тән  категориялық  аппаратты 
және оның жалпы ұстанымдары мен зерттеу жолдарын анықтауға тырысты. 
Мұндай  жағдайда  бұл  білімдер  қатаң,  ғылымиланған  формаға  тұрпатқа  ие 
болады деді. Осылайша «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін 
анықтаумен  айналысты.  Бірақ  ол  ғылымның  категорияларын  рухани  салаға 
әкелу мәселесі қойылмады.  
«Тарихи  ақылға  сын  туралы  ойлар»  атты  еңбегінде  Дильтей  Канттың, 
әсіресе  Гегельдің  ақылгӛйшіл  (ойшыл)  философиялық  жүйелері  мен 
Ағартушылықтың  интелелктуализмін  түсіндіруге  тырысты.  Гуманитарлық 
ғылымдар ӛмірге негізделеді, оған толғану, түсіну, түсіндіру сияқты ӛмірлік 
белгілердің  телеологиялық  (яғни  оған  тән  мақсаттардың  ішкі  қасиеті) 
байланысы дәлел болады деді.  
Дильтей бойынша, рухани әлем туралы білімдер ӛзге адамдарды түсіну, 
олар турасында ойланып-толғану, тарихи қозғалыстың әрі объективті рухтың 
субъектілері  ретінде  қауымдастықтарды  тарихи  түйсіну  арқылы  қарым-
қатынасқа  түсу  барысында  пайда  болады.  «Ойланып-толғану»  осының 
барлығының фундаменталды алғышарты, онда ойлаудың қарапайым әдістері 
бар  (ойланып-толғанудың  интеллектуалдылығы).  Сол  сияқты  ӛткен  ӛмір 
туралы  пайымдаулар  да  бар  және  ол  пайымдаулар  нақтылық  сипат  алған. 
Осындай  қарапайым  актілердің  нәтижесінде  «бірлік»,  «сан  алуандылық», 
«теңдік»,  «айырмашылық»,  «деңгей»,  «қатынас»,  «ықпал»,  «күш», 
«құндылық» және т.б. ұғымдардан формалды категориялар пайда болады.  

Осы  айтылғандардан  мынадай  түйін  шығаруға  болады:  таным 
субъектісі  барлық  заттармен  біртұтастықта,  ол  зат  объективтенудің  барлық 
деңгейінде  сол  қалпында  қалады.  Егер  оның  шындыққа,  шынайы  уақытқа 
қатыстылығы  үнемі  байқалып  отыратын  болса,  ойланып-толғанудың 
мазмұны  ӛзгереді.  Дильтей  бойынша  ӛмірдің  екінші  бір  маңызды  қыры  – 
оның  «байланыстылығы»  болып  табылады.  Тарих  әлемінде  себептер 
ғылыми жаратылыс жолымен пайда болмайды, ӛйткені оның міндетті түрде 
салдары  болады.  Тарих  ықпал  ету  мен  қайғырудың,  әрекет  пен  қарсы 
әрекеттің қатынасын ғана біледі.  
Ӛмірдің  екі  компоненті  де  ӛзара  тұтастыққа  бірігеді.  Адамдар  бұл 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет