А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата24.03.2020
өлшемі2,39 Mb.
#60674
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
1.Әдебиет әдістемесінің басты  мән-мазмұнын түсіндіріңіз. 
2.Әдеби білім кезеңдері туралы психолог мамандардың пікірін саралаңыз. 
3.Әдеби білімнің алғашқы кезеңіндегі қалыптастырылатын оқушының білім, 
білік, дағдылары қандай? 
4.Әдеби  білімнің  екінші  кезеңіндегі  оқушының  оқу-танымдық  жұмыстары 
туралы не білесіз?   
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998. 
2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997. 
3.  Қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  қазақ  мектептеріне  арналған  бағдарлама.                 
V – IX,  X – XI  сыныптар, - А., 2010. 
 
Қосымша: 
1.Богданов  О.Ю.,  Леонова С.А.,  Чертова  В.Ф.  Методика  преподавания  лите-
ратуры.  Москва, 1999. 
2.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі  .-А.,Рауан,1997. 
 
 
І. 2. ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ 
 
1.Әдебиеттің пән ретіндегі ӛзіндік ерекшеліктері. 
2.Әдебиет пәнінің танымдық, тәрбиелік, тұлға қалыптастырушылық рӛлі. 
3.Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері. 
Әдебиеттің пән ретіндегі өзіндік ерекшеліктері. Әдебиет пәнінің оқу 
пәні  ретіндегі  құрылымы  күрделі  болып  саналады.  Себебі  оның  ішкі 
мазмұнына  кӛркем  әдебиет  шығармалары,  олардың  тарихы  мен  теориясына 
қатысты  ұғымдар,  әдебиеттен  ауызша,  жазбаша  тіл  дамыту  жұмыстарының 
жүйесі,  оқушының  оқырмандық  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелері  қоса 
қамтылады.  Әдебиетті  оқыту  оқушының    сұранысы  мен    қабілет,  мүмкін-
дігіне  қарай  бірте-бірте  дамып  отырады.  Біріншіден,  әдебиет  оқушының  
бастауыштан  алған  біліміне  сүйенеді.  Шығарманы  жүргізіп  оқып  үйренген 
оқушы  5-сыныптан  бастап  мәнерлеп  оқу  дағдыларын  қалыптастыра  бастай-
ды.  Ең  бастысы  5-сыныптан  бастап    сынып  жоғарылаған  сайын  әдебиетті 
ӛнердің бір түрі — сӛз ӛнері ретінде  тарихи  негізін танып,  қоғамдық мәні 
мен адам, жеке тұлға қалыптастыруға тигізетін әсер ықпалын, барлық адам-
заттық мәселелерді қамтитын биік  болмысын тани бастайды. 
«Әдебиет  —  ӛнердің  бір  саласы.  Ол  –  сӛз  ӛнері.  Белгілі  әдіскер 
Қ.Бітібаева  «Әдебиет  —  адам  тану  құралы»  болса
1
,  әдебиет  пәні  —  «адам 
тәрбиелеу  құралы»  деген  пікір  айтады.  Ал  Ленинградтық  әдіскер  ғалым 
                                                           
1
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.–А., Рауан,1997. 

10 
 
Е.Н.Ильин  «Әдебиет  –  адам  қалыптастырушы  құрал»
1
  деген  әдебиет  пәнін 
оқытудың жаңа жүйесін   ұсынған. Әдебиет пәні арқылы оқушы адам болмы-
сын  тануды  үйренеді,  сол  арқылы  ӛзін-ӛзі  тануға  талпыныс  жасайды. 
Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді, рухани  дүниесі байиды, туған 
тілі  мен  еліне  деген  құрмет  сезімі  қалыптасады.  Әдебиет  пәні  арқылы  жас-
ӛспірімдер  туған  елінің  тарихы  мен  ғасырлар  қойнауындағы  сӛз  маржанын 
оқып, сол арқылы туған елінің арманы мен қиялын, болашақтан күтер үміті 
мен сенімін кӛреді. 
Әдебиет  пәнінің  танымдық,  тәрбиелік,  тұлға  қалыптастыру-
шылық рөлі. Әдебиет  — ӛнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет 
—  жан-жақты  да  терең  ойлантудың    пәні.  Оқушы  танымы  мен  логикасын 
дамытуда  әдебиет  пәні    жаратылыстану  пәндерінен  кем  түспейді.    Жараты-
лыстану пәндері сияқты  тұрақты бір формула мен қағидалар, заңылықтармен 
шектелмей,  әдебиет  пәні  еркін  ойдың,  қиялдың  дамуына  жол  басшы  бола 
алады. Әдебиет пәнінде  дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элемент-
тердің бұлжымас ережелері жоқ. Белгілі бір шығарманы әр қырынан тануға, 
талдауға болады. Кӛркем шығарманы қабылдауда әртүрлі болуының бірнеше 
себебі бар: біріншіден, сол шығарманы қабылдау жолындағы оқушының ой, 
ӛресі, дүниетанымы, бұған дейінгі жинақтаған білім қоры, яғни әдебиеттану 
ғылымынан  алған  білімі    ықпал  етеді,  екіншіден,  әдебиетте  сӛздің  қасиеті 
ақпарат жеткізуші қызметтен әлдеқайда терең мазмұнда, бірнеше функцияда 
танылады,  сӛз  адамның  сана-сезіміне  әсер  ете  отырып,    белгілі  кӛңіл-күй, 
сезім, сурет, кӛрініс ӛмір бейнесін жасап, адамның эмоциялық қабылдауына 
түрткі болады. Эмоциялық қабылдау да әр адамда әр түрлі. Бір шығармадағы 
бір  кӛріністің,  бір  сәттің  ӛзін  әр  адам  әр  түрлі  сезіммен  қабылдайды. 
Әдебиеттанудан  білім  дәрежесі  бірдей  адамның  ӛзінің  сезімі  мен  түйсінуі 
әртүрлі. Бірнеше адамның оқуындағы бір ғана үзінді әр санада бірнеше сурет 
құрайды.  Бұл  адамның  ішкі  сезім  мен  сезіне  білу  мәдениетіне,  қасиетіне 
байланысты.  Үшіншіден,  санадағы  қабылдау  мидың  тек  бір  ғана  бағыттағы  
жұмыс әрекеті ғана емес. Санаға берілетін білім тек миға еніп қана қоймай, 
сол санаға ӛзіндік сәулесін түсіреді. Кӛркем дүниенің осы қасиеті психолог, 
педагогтардың еңбектерінде айтылады. Ӛнерді биік бағалған Абай: 
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, 
Жүрек тербеп, оятар баста миды. 
Дүниенің ләззаты бәрі сонда, 
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды – дейді
2
.  
Әр заманда адамдардың түсінігі мен кӛзқарастарына, әлеуметтік ортасы 
мен сенім, түсініктеріне байланысты да танып, түсіну әралуан болады. Себебі 
кӛркем шығармада бір ғана идея, бір ғана қасаң қағида болмайды.  
Замана, шаруа, мінез күнде ӛзгерді, 
Оларға кез-кезімен нәби келді. 
Қағида (шарт, ереже) шариғаты ӛзгерсе де, 
                                                           
1
 Педагогикалық ізденіс.–А., Рауан, 1990. 
2
 Абай. Ӛлеңдер мен аудармалар, қара сӛздер 2 том. –А., Жазушы,1995. –11 б. 

11 
 
Тағриф  (түсіну,  білу,  анықтау)  Алла  еш  жерде  ӛзгермеді,
1
  –  деп 
Абайдың айтқан ойын кӛркем әдебиет мысалында қарастырар болсақ, кӛркем 
шығармадағы  идеология,  кӛркемдік  әдіс  әртүрлі  болғанымен,  адами 
құндылықты, ақиқатты тануға деген ұмтылыс әр заманда  да бірдей. Кӛркем 
шығарманы танудағы ғасырлар бойы сақталып, ӛзгермей келе жатқан рухани 
ӛмірдің  ӛзегі  —  жалпы  адамзаттық  қағида,  адамзаттық  мәселе.  Ол    мәңгі 
ізденістерді қажет ететін, ӛзінің ӛзектілігін жоймайтын, керісінше күн санап 
ашыла,  іргесі  кеңи  беретін  мәңгілік  мәселелер.  Қазақ  әдебиетінде  кӛрнекті 
тұлғаларымыз  Абай,  Мұхтар,  Мағжан  т.б.  еңбектері  туралы  қаншама 
зерттеулер  жарық  кӛрді.  Соған  қарамастан  күнбе-күн  жаңа  қырынан 
танылуда. Әлі де жарық кӛре береді. Таптым, таныдым дегендердің ӛзі әлі де 
кӛптеген  зерттеулер  мен  ізденістерді  қажет  етеді.  Әдеби  құндылықтар 
сарқылмас  теңіз  сияқты,  тереңіне  бойлаған  сайын  жаңа  сырлары  ашыла 
түседі.  Себебі,  әдебиет  —  ӛнер  туындысы.  Ой,  ойлау,  ойланту    кӛптеген 
пәндерге  тән,  табиғи  нәрсе.  Бірақ  әдебиеттің  ӛзіндік  ерекшелігі  сол,  басты  
назарға алынатыны — ӛзіндік ойлау, ӛзіндік пікір.  
Жоғары сыныптарда әдеби тұлғаларды оқытуда оқушылар оқулықтағы 
жазушы  пікіріне  кӛбірек жүгінетіні  кездеседі.  Әдебиеттану  ғылымының  қол 
жеткізген жетістіктерін білу, әрине, ағаттық емес. Дегенмен әдеби үдерістегі 
сол  шығармашылық  тұлғаның  ерекшелігін  тану  үшін  автордың  ӛз 
шығармаларын оқу, салыстыру, талдап, тану аса маңызды. Кітап оқуға деген 
белсенділіктің  бәсеңдеп  тұрған  қазіргі  кезеңінде  оқушыларға  автордың  тӛл 
туындыларын  оқыту  мұғалім  тарапынан  аса  үлкен  жауапкершілік  пен 
ізденісті қажет етеді. Сол себепті әдебиет пәнін оқытуда белгілі бір шығарма 
бойынша  жазылған  ғалымдардың    не  оқулық  авторының  пікірін  айтқызуға, 
қайталауға, мазмұндауға жол беру оқушыны ізденбеуге әкеп сағады. Оқулық 
авторларының  пікірлері  оқушының  ӛз  ойы  мен  кӛзқарасын  дәйектеуге  ғана 
қызмет  етуі  тиіс.  Белгілі  бір  шығарманы  оқушының  ӛзіне  оқытып,  ӛз  пікірі 
мен  қабылдауына  баса  назар  аударылса,  әлдеқайда    тиімділігі  артады. 
Әдебиетті оқытудың басқа пәндерден айырмашылығы, күрделілігі де осында. 
Басқа  пәндерге  қарағанда  сезім,  эмоция,  әсер,  шабыт,  қиялдау,  армандау, 
еліктеу – әртүрлі психологиялық күй әдебиет пәнінде ерекше  кӛрінеді. Яғни, 
әдебиет  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуына  қызмет  атқаратын  негізгі 
эстетикалық пән. 
Жоғарғы  сыныпта  оқытылатын  авторларды  айтпағанның  ӛзінде  орта 
буын  сыныптардың  ӛзінде  ӛтілетін  шығармалар  біршама  кӛлемді  болып 
келеді.  Сыныптағы  сабақ  мерзімінде  түгел  оқып  шығу  мүмкін  емес. 
Сондықтан  кӛбіне  әдеби  шығарманы  үйде  оқушы  ӛздігінен  оқып  келуге 
тиісті.  Шығарманы  үйде  оқуды  ұйымдастыру  мұғалім  үшін  аса  бір  қиын  да 
жауапты іс. Оқушының кӛркем шығармаға қызығушылығын ояту ата-ана мен 
мұғалім тарапынан үнемі үздіксіз жүргізілетін іс-шара. Бастауыш және орта 
буын сыныптарда оқылған шығармалармен жүргізілген жұмыстар белгілі бір 
дәрежеде  оқушының  келешекте  кітапты  сүйіп  оқуына  немесе  керісінше, 
                                                           
1
 Абай. Ӛлеңдер мен аудармалар, қара сӛздер 2 том. –А., Жазушы,1995. –111 б. 

12 
 
мүлде  қаламауына    әкелетін  жол  басы  деуге  болады.  Шығарманың  үйде 
оқылатын  бӛлігінің  оқылған-оқылмағанын  мұғалімнің  үнемі  қадағалап 
отыруы оқушының жауапкершілігін арттыра түседі. Әйтсе де, оқушылардың 
кейбірі  мектеп  бағдарламасындағы    шығармалар  ауқымында  қалып,  тек 
мұғалімнің  талап  еткен  шығармаларын  ғана  оқуды  міндет  санайды.  Ал  кей 
оқушылар  сол  алғашқы  бастау  мен  баспалдақтан  ілгері    жылжып,  нағыз 
кӛркем  әлемге  ену  мүмкіндігіне  ие  болады.  Оқушыныны  кӛркем  әдебиетті 
оқуға  қызықтырудың    тәсілдері  кӛп:  соның  бірі,  шығамадан  үзінді  оқып, 
үзіндінің  қай  шығармадан  алынғанын  тапқызу  немесе  кейіпкердің  сӛзін 
жасыру, сияқты сұрақ-тапсырмалар  арқылы оқушының шығарманы оқыған-
оқымағанын  анықтауға  болады  әрі  оқуға  деген  ынтасын  кӛтеруге  болады. 
Шығарманы  талдау  да  шығарма  мазмұнына  бойлауға,  оны  түсінуге  жете-
лейді.  Белгілі  бір  дәрежеде  мазмұны  танылған  шығарманы  тереңдеп  талдау 
оқушыларды  кӛптеген    әрекеттерге  жетелейді.  Оқушының  аналитикалық 
ойын  дамытады.  Кӛркем  шығармадағы  символ,  деталь  арқылы  талдата 
отырып,  болымсыз  нәрседен  ауқымды  ұғымға  жетелеу,  шығарманың  ішкі 
астарын  ашу  оқушыны  іздендіреді,  қызықтырады.  Қалай  болғанда  да  мұға-
лімнің  шығарманы  оқытуға  деген  ізденісі  мен  жүйелі  еңбегі  жеміс  берері 
анық.  Сондықтан  әдебиет  пәнін  оқытуда  табанды  еңбек  пен  жүйелі  жұмыс 
нәтижелі болады. Әдебиетті түсініп, түйсінетін ұстаздың оқытуы да сабақтың 
нәтижелі болуына әсер етеді.  
Әдебиетті  пән  ретінде  оқытудың  мақсат,  міндеттері.  Дәрісті 
ӛзектілеу  мақсатында  студенттерге  «Әдебиет  пәні  жалпы  білім  беретін 
мектепте  оқытудың  басты  мақсат-міндеттері  не  деген  сауал  тастасаңыз,  сан 
алуан пікірлер мен кӛзқарастарды туғызасыз. Пікірлер бір-бірінен мағыналық 
жағынан алшақ болмағанымен, бір-бірін қайталамайтындай сан қилы болып 
келеді:  «Әдебиет  пәнін  оқудағы  басты  мақсат    халқымыздың  бай  әдеби 
мұрасын  білу»,    «Әдебиет  пәнінің  басты  мақсаты    туған  еліңнің  тарихын 
таныту»,  «Оқушыларды  кӛркем  шешен  сӛйлеуге  үйрету»,    «Әдептілікке, 
жақсы, жаманды айыра білуге үйретеді», «Салт-дәстүрімізді танытады», «Ел 
әдебиетін,  мәдениетін  білгізеді»,  «Тарихи  кезең  мен  әдеби  үдерістен  хабар 
береді»,  «Ақын-жазушыларымызды  насихаттайды»,    «Ақын-жазушылары-
мыздың  кӛркем  сӛз  айшықтарын  танытады»,  «Оқушылардың  сӛздік  қорын 
молайтады»,  «Әдеби  нормада  сӛйлеуге  тӛселдіреді»,  «Әлем  әдебиет 
білгізеді», «Әр ғасыр әдебиетімен таныстырады», «Елжандылыққа, Отаншыл-
дыққа  тәрбиелейді»,  «Адамгершілікке  тәрбиелейді»,  «Оқушылардың  ӛзіндік 
пікірі  мен  кӛзқарасын  қалыптастырады»,  «Оқушылардың  эстетикалық 
талғамын  тәрбиелейді»,  «Оқушыларды  логикалық  ойлауға  үйретеді»  деген 
сынды  пікірлерді  тыңдайсыз.  Әрине,  барлық  пікірмен  де  келісуге  болады. 
Себебі  әр  пікір  айтушы  белгілі  нысанға  әр  қырынан  келіп,  әркім  ӛз  түсінігі 
мен қабылдауы аясында анықтама беруге талаптануда.  Айтылған пікірлердің 
ішінде    әдебиет  пәнінен  басқа  пәндердің  құрамына  енетін  оқу-тәрбие  маз-
мұны бар екендігі де байқалады. Мәселен, туған халқымыздың тарихын тарих 
пәні арқылы да білуге болады, кӛркем сӛйлеу мен сӛз мәдениетіне үйрететін  
басқа  да  пәндер  бар  емес  пе?!  Ал  оқушылардың  логикалық  ойлауын  дамы-

13 
 
татын    математика  сияқты  жаратылыстану  цикліндегі  пәндерді    айтуға 
болады.  Сонымен  әдебиет  пәнінің  басты  мақсат-міндеттерін  қандай  оқу-
тәрбие үдерісі жатады деген сауалды тағы да пысықтау қажет болады. Себебі 
кез-келген мұғалім ӛзінің оқытатын пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсініп, 
түйсінгенде ғана нәтижелі еңбекке бағыт алады. Кейбір сабақтарда мұғалім-
нің  ӛз мақсаты мен міндетін жете түсінбеуі кӛптеген олқылықтарды туында-
тады.  Ол  мұғалімнің  сабақты  ұйымдастыруындағы  іс-әрекетінен  танылып 
жатады. 
 «Әдебиетші  мұғалім  ең  алдымен  кӛркем  сӛз  сипатын  ашатын 
заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ кӛркем туындыны талдаудың ғылыми 
әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім 
мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, ӛнерпаздық 
орын алуға тиіс»,
1
 – дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева. 
Бұл  пікірге  қосарымыз,  мұғалім  шығарманың  кӛркемдік  әлемі  мен 
авторлық ұстанымды, шығармадағы  ой қатпарларын  терең  танып,  оқушыны 
кӛркем таным сүрлеуіне дұрыс бағыттай білуі керек. Сонымен әдебиет пәнін 
оқытудың мақсат, міндеттерін топтастыра отырып саралап кӛрейік. Әдебиет 
пәнін оқытуда  мұғалімге бірнеше міндеттер жүктеледі. 
Әдеби  білімнің  алғашқы  сатысы    бастауыштан  басталады.  Бастауыш 
сыныптарда  оқитын  ана  тілі  сабақтары  кӛркем  шығарманың  танымдық  
бағытын    негізге  алады.    Жыл  мезгілдері,  оның  қоршаған  орта  табиғатына, 
адамдар  тіршілігіне  әкелетін  ӛзгерістері,  туған  ӛлке  табиғатының  ерекше-
ліктері,    ата-ана, адамдық ізгі қасиеттер т.б. ұғымдарды жас шәкірт санасына 
сіңіруде  ақын,  жазушылардың  шығармалары  оқу  материалы  ретінде 
жұмсалады  да,  әдеби-теориялық  ұғымдарды    қалыптастыру  басты  мақсат 
етілмейді.  
Әдебиет  жеке  пән  ретінде  5-сыныптан  басталады.  Яғни  5-9  сыныптар 
базалық  негізгі  білім  мазмұнын  құрайды.  Бастауыш  сыныпта  оқу  дағдысы 
қалыптасып  келген  кӛркем  мәтіндерді  жүргізіп,  мақамдап  оқуға  дағды-
ланады.  
Алғашқы міндет — кӛркем шығарманы оқушының оқуы  мен эстетика-
лық  тұрғыдан  қабылдауын  ұйымдастыру.  Кӛркем  әдебиет-адамзат  қауымы 
ғасырлар  бойы  жасаған  ӛнердің  бір  саласы.  Сондықтан  әдебиетті  оқытудың 
басты  міндетінің  бірі  –  оқушының  ой-танымына,  сезіміне  ықпал  ету,  сӛз 
ӛнері  туралы  ұғымдарын  қалыптастыру,  ӛнердің  басқа  түрлерінің  ішіндегі 
әдебиеттің ӛзіндік ерекшеліктерін таныту.  
Кӛркем  шығарманы  оқу  мен  ӛзіндік  таным-түсінік  аясында   жеткізуде 
бірнеше оқу міндеті қойылады: кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу дағдаларын 
қалыптастыру,  бейнелі  және  зерделі  ойлауға,  ой-түсінігін  жүйелі  жеткізуге 
үйрету, авторлық кӛзқарас пен танымды терең түсіне білуге үйрету, оқушы-
лардың  жан  әлемін  рухани-адамгершілік  құндылықтармен  байыту,    сӛз 
                                                           
1
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997. 
 

14 
 
мәдениетін  жетілдіруге  ұйытқы  болу,  оқушылардың  кӛркем  шығарманы  ӛз 
бетімен оқуға деген қажеттілігін туғызу. 
Осы  міндеттерді  айқындай  отырып,  қазақ  әдебиетін  оқыту  ӛз  алдына 
бірнеше мақсат қояды: 
Танымдық  мақсат:  әдебиет  пәні  арқылы    қоршаған  орта  сырлары, 
адамдық  құндылықтар,  адамгершілік,  ізгілік,  мінез-құлық,  іс-әрекеттерді 
саралап тану,  шығармадағы кӛтерілген басқы тақырып пен қамтитын жанама 
тақырыптарын,  шығарманың негізгі ой-түйінін,  авторлық ұстанымды таны-
ту,  кӛркем  шығарма  арқылы  оқушының  дүниетаным  белсенділігін  арттыру, 
оқушылардың  сезімталдық,  байқағыштық,  аңғарымпаздық,  сӛйлеу,  ойлау 
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.   
Тәрбиелік  мақсаты:  әдебиеттің  тәрбиелік  қызметі  аса  ауқымды. 
Әдебиет адамтану  құралы  ретінде  оқушыларды жан-жақты  тәрбиелеуге  жол 
ашады.  Әдебиет  арқылы  адамзаттық  сананы,  ізгілік  дүниетанымды,  елжан-
дылық пен ұлтжандықты, отандық мәдениет пен имандылық, еңбексүйгіштік 
қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген 
ұлттық  сезімдерін  тәрбиелеуге,  бүкіл  адамзат  қауымының  тілі,  әдебиетіне 
деген  қызуғышылығын  туғызуға,  тіл  мәдениетін  қалыптастыруға  болады. 
Әдебиет пәні арқылы тәрбие түрлерінің барлығын дерлік қамтуға мүмкіндік 
мол.  
Дамытушылық мақсат: оқушының кӛркем шығарманы сезімталдықпен 
қабылдауын, образды ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, логика-
лық ойлау жүйесін дамыту,  оқырмандық мәдениетті қалыптастыра отырып, 
кӛркем шығарманы ӛз бетімен оқуға деген рухани қажеттілік пен сұранысын 
дамыту, жүйелі ойлау мен сӛйлеу дағдыларын дамыта отырып, ӛзіндік дүние-
таным  мен  кӛзқарасын  қалыптастыру.  Эстетикалық  талғамын,  қазақ  әдеби 
тілін сауатты қолдана алу қабілетін, оқушының шығармашылық қабілетін, тіл 
мәдениеті мен сӛздік қорын дамыту. 
Дидактикалық  мақсаттар  аясында  әдебиет  пәнін  оқытудың  міндеттері 
де саралана түседі. Атап айтқанда: 

 Кӛркем  шығарма  мазмұны  мен  құрылысындағы    кӛркем  заңдылық-
тарды  терең  танып,  ӛмірлік  шындық  пен  кӛркем  шындықтың  ара    жігін 
ажырата білуге уйрету;  

 Кӛркем  шығарманың  тақырыптық-идеялық  бірлігін  таныту,  сюжет-
тегі,  образ  жасалуындағы  типтік  байланысты  ұғындыру,  әдебиеттану  ғылы-
мына кіріспе теориялық білім қалыптастыру; 

 Қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын жан-жақты ұғынып, түрлі ұлттар 
әдебиетіндегі  ұқсастықтарды  ажырата  білуге,  басқа  ел  әдебиетінің  кӛрнекі 
үлгілерімен салыстыра білуге үйрету, ӛзіндік талғамын қалыптастыру. 

 Қазақ  әдебиетінің  ғылыми  негізі  жайлы  алғашқы  түсінігін  қалыптас-
тыру; автордың кӛркем әлемін таныту, шығармашылық бейнелілікті,  шығар-
маның  кӛркем  компоненттерін  талдап  таныту  арқылы    рухани-эстетикалық 
талғамын қалыптастыру. 

15 
 

 Әдебиеттің  ӛзіндік  табиғатын  даралай,  саралай  отырып,  ондағы 
дәстүр  мен  жаңашылдық,  әдеби  кезеңдер,  оның  адамзат  тарихымен  тығыз 
байланысы туралы білімдерін қалыптастыру; 

 Ұлттық  мәдениет  пен  салт-дәстүрді  танып,  туған  әдебиеттің  ұлттық 
ерекшелігі, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының кӛрінісін, жанрлық, стиль-
дік  ерекшеліктерін,  кӛркем  туындының  идеялық-адамгершілік  мәнін  түсін-
діру,    адамзат  әдебиеті  мен  мәдениетіндегі  ұлттық  әдебиеттің  орны  туралы 
ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.  

 Әдебиеттану  ғылымы,  сыны,  оның  мақсаты,  міндеті,  әдебиеттің  – 
тұлға қалыптастырудағы маңызы туралы білім беру.  
Түптеп келгенде  қазақ  әдебиетін оқытудағы  басты  мақсат  –  жан  әлемі 
жетілген,  рухани  түсінігі  мол  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны    қалып-
тастыру болмақ.  
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
1.  Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  әдебиет  пәні  мақсатының  танымдық, 
тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін саралаңыз. 
2. Әдебиетті оқыту әдістемесін  «Кӛркем тарихы», «Ӛмір оқулығы» дәреже-
сінде оқып-үйретудің ӛзіндік ерекшелігі қандай? 
3. Әдебиетті ӛмірмен байланыстыра оқыту міндеттері туралы ой ӛрбітіңіз.    
  
 Әдебиеттер тізімі:  
1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998. 
2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997. 
3.  Қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  қазақ  мектептеріне    арналған  бағдарлама.                
V – IX,  X – XI  сыныптар.–А., 2010. 
4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
 
Қосымша: 
1. Кӛшімбаев А. Қазақ  әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 
 
І. 3. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы, оның сүйенетін негіздері. 
2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны. 
3.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні басқа ғылымдар аясында. 
4.Әдебиетті оқыту әдістемесінің басты ұстанымдары. 
Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  ғылымы,  оның  сүйенетін  негіздері. 
Барлық  ғылыми  пәндер  адамның  таным,  білігін  қалыптастырудағы  әсер-
ықпалымен  ерекшеленеді.  Әр  ғылым  саласы  бұл  міндетті  ӛзінің  материа-
лының  кӛлеміне,  зерттеу  тәсіліне  байланысты  шешеді.  Солай  бола  тұра, 
қоғамдағы  әр  ғылым  саласының  негізгі  бастау  кӛзінде  тұтастық  байқалады. 
Білім  саласы  деген  ұғымның  ӛзі  алғашқы  бастау  алатын  бұлақ  кӛзі  мен  сол 

16 
 
бұлақтың  әр  арнасы,  саласы  деген  ой  деп  білеміз.  Шындығында    барлық 
ғылымның  әуел  бастағы  шығу  тӛркіні  бір.  Олай  болатын  себебі  ғылым-
дардың ӛзі тығыз интеграцияда ғана дами алады.  
Ежелгі  Греция  мен  Римде  жоғары  әулет  ӛкілдері  оқитын  мектептерді 
философия, риторика деген  пәндер оқылған. Философия  пәндерінің аясына 
бүгінгі  біздің  заманымыздың  бірнеше  пәндерінің  алғашқы  бастамалары 
тоғыстырылған  десе  де  болады.  Бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  батыстық 
стандартқа сай білім алу мен әлемдік ӛркениетке ұмтылу қажеттілігі туындап 
отырған  тұста  Қазақстандағы  ғылым  салалары  да  сол  талаптар  деңгейіне 
ұмтылуда.  Бүгінде  ғылыми  дәрежелер  бұрынғыдай,  жеке  ғылым  салала-
рының  атауымен  аталмай,  гуманитарлық  ғылымдарға  философия  ғылымда-
рының  магистрі деген дәреже берілуінің ӛзінде сол бастапқы ғылым салала-
рының тұтастығы ескерілгендігі кӛрінеді.  Бүгінде жеке ғылым салаларының 
екінші бір ғылыммен байланысының артқандығын танытады.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  де  қалыптасуы  мен  дамуында 
бірнеше  ғылымның  қатар  ӛрілген  тығыз  интеграциясы  бар.  Қазақ  әдебиетін 
оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  қалыптасуына  Қазақстандағы  алғашқы 
оқу  орындарының,  ондағы  филология  мамандықтарының  ашылуы  тікелей 
ықпал  етті.  Алғашқы  педагог  мамандар  даярлауда  болашақ  әдебиет  пәні 
мұғалімдеріне  қажетті  білім  мен  іскерлікті  қалыптастыру  кӛзделді.  Студент 
жоғары  оқу  орнында  әдебиеттану  ғылымының  салаларын  меңгерумен  қатар 
кәсіптік  бағдар  алу  үшін  әдебиет  пәні  әдістемесінен  сапалы  білім  мен 
тәжірибе  алу  қажеттілігі  туындады.  Сонымен  әдебиет  әдістемесі    пәнінің 
туып,  қалыптасуын  тікелей  тіл  мен  әдебиет  пәні  мұғалімдерін  даярлау 
тарихымен сабақтастыруға болады.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  ғылымының  тууын    Қазақстандағы 
жоғары  оқу  орындарының  ашылуымен  қатысты  қарастыра  отырып,  жоғары 
оқу орындары ХХ ғасырдың басында ашылғандығына орай, әдебиетті оқыту 
да осы кезеңде туды деген жаңсақ ұғым қалыптаспауы керек. Әдебиет, яғни 
сӛз  ӛнерінің  тарихын  зерттеу  үшін  зейініміз  адамзат  қоғамының  алғашқы 
кезеңіне  дейін  сапарлайтыны  анық.  Әдебиет  халықпен  бірге  туып,  бірге 
жасасып  келе  жатқандығы  да  кӛпшілікке  мәлім.  Әсіресе,  қазақ  халқы  сӛз 
ӛнерінің  құдірет,  күшін  ежелден  таныған.  Ӛз  ұрпағын  салиқалы  сӛздің 
күшімен  оқытып,  тәрбиелеп  келген.  Жастайынан  батырлық  дастандарды 
тыңдату  арқылы  балаларды  ерлікке,  батырлыққа  құлшындырып,  айтыс 
ӛлеңдерді  тыңдату  арқылы  сӛздің  әсерін,  әдемі  сӛз  ӛрнектерінің  сұлулығын 
тануға  сол  арқылы  ӛздерін  де  поэтикалық  тілде  әуезді  сӛйлеуге  үйретті.  Ал 
жұмбақтар  мен  жаңылтпаштар  арқылы  сӛзді  дұрыс  дыбыстауға,  жүйелі 
ойлауға,  ойды  түйіндеп  айтуға  дағдыландырып,  тұрмыс-салт  жырлары 
арқылы халық мәдениетін тануға, қадірлеуге үйреткендігі, ертегілер арқылы  
бала қиялын  дамытып келгендігі  анық.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің 
негізінде ғасырлар бойғы халықтың ұлттық тәжірибесі де берік орын алады. 
Дегенмен,  белгілі    бір  ғылым  саласының  дамып,  ӛркендеуі  тек    ӛткен 
тәжірибемен ғана шектеле алмайды.  

17 
 
Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  —  дербес  ғылым.  Кез  келген  ғылым 
саласы басқа ғылымдармен байланысты болғанымен ӛзінің негізгі табиғатын 
қарастыратын, зерттейтін, дамытатын ӛз нысанына қарай ӛзінің шекарасы, ӛз 
аймағы, зерттеу аясы болады. Оны мынадай  шарттар белгілейді:  
1. Ӛзі  қарастырып,  зерттейтін  ғылым  аясын  бірде-бір  басқа  ғылым  зерттей 
алмайды; 
2. Сол ғылымның  дамуына қоғамдық тұрғыдан қажеттіліктің болуы; 
3. Ғылыми зерттеудің ӛзіне ғана тән әдіс-тәсілдер жүйесінің болуы.  
Кез келген ғылыми пән ретінде әдебиетті оқыту әдістемесінің де ӛзінің 
зерттеу  нысаны  бар.  Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  мен  әдебиет  пәнінің 
қарастыратын  оқу  материалы  бір  кӛркем  шығарма  болғандықтан,  әдістеме 
ғылымын  кӛпке  дейін  әдебиеттану  ғылымдарына  жақын  деген  түсінік 
қалыптасты.  Алайда  әдебиеттану  ғылымы  мен  әдебиетті  оқыту  әдістемесі 
ғылымының зерттеу нысандары бір-бірінен ӛзгеше.  
Әдебиеттану  ғылымының  зерттеу  нысанына  кӛркем  әдебиет,  әдебиет-
тің  қоғамдық  мәні,  әдебиеттің  тарихы,  теориясы,  сыны,  әдеби  процесс 
жататын болса, әдебиетті оқыту әдістемесінің зерттеу нысанына оқу процесі, 
оқушы  мен  мұғалімнің  тұтасқан  оқу-танымдық  әрекеті,  кӛркем  шығарманы 
оқыту  барысындағы  танымдық,  тәрбиелік  мән-мазмұнға  қол  жеткізетін  іс-
әрекеттер жүйесінің құрылымы қарастырылады.  
Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  –  күрделі  ғылым.  Оқыту  заңдылықтарын 
қарастыратын  дидактикамен,  адам  әрекетінің  психикалық  заңдылықтарын 
қарастыратын  психологиямен,  кӛркем  әдебиеттің  даму  заңдылықтарын 
қарастыратын  әдебиеттану  ғылымымен  әдебиетті  оқыту  әдістемесі  тікелей 
қатысады,  жетістіктеріне  сүйенеді,  алайда  ӛзіндік  міндеттерін  кӛздейді. 
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының қиындығы барлық уақытта да болып 
келді.  Оның  себебі  әдебиетті  оқыту  әдістемесі    адамға  қатысты,  жеке  тұлға 
қалыптастыруға  қатысты  ғылым  екендігінде.  Ал  адамтану,  адам  қалыптас-
тыру  қоғамдағы ең  маңызды  да  күрделі істердің бірі.  Әдебиетті  оқыту  әдіс-
темесінің  әдіснамалық  негіздеріне  педагогика,  әдебиеттану  ғылымдарынан 
басқа әлеуметтану, қоғамтану  ғылымдары да кіреді.  
Педагогика  ғылымы  мен  әдістеме  ғылымының  ара  қатынасы, 
ықпалы,  өзгешелігі.  Негізінде  әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  қалыптасуына 
негіз болған педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының дидактика саласы 
жекелеген  пәндерді  оқыту  жолдарын  қарастырады.  Дидактика  —  гректің  
«dіdasko»,  яғни  білім  беру  мен    оқытудың  теориясы  деген  мағынадағы 
сӛзінен  шыққан.  Дидактика  оқытудың  мазмұнын,  ұйымдастыру  түрлерін, 
оқытудың  басты  ұстанымдарын  және  әдіс-амалдарын  қарастырады. 
Жекелеген  пәндерді  оқыту  жолдары  дидактикалық  негіздер  мен  ұстаным-
дарға  сүйенеді.  Әдістеме  ғылымы  әртүрлі  пәндерді  оқыту  жолдарын  жеке-
жеке  ӛз  зерттеу  аясына  қарай  қарастыратын  болса,  дидактика  барлық 
пәндерді оқытудағы негізгі ортақ ұстанымдарды, заңдылықтарды белгілейді.  
Педагогикалық  ізденістердің  әдістемелік  теориясында    педагогикалық 
зерттеулердің  әдіснамалық  негізін қалыптастыратын  педагогикалық филосо-
фия  болады.  Яғни,  педагогикалық  әрекеттердің,  ізденістердің  теориясы, 

18 
 
логикасы,  негізгі  мәні  жасалады.  Осы  арқылы  педагогика  ғылымының  әдіс-
намалық  негізінде  білім  берудің,  тәрбиелеу  мен  дамытудың  философиялық 
мәні  ашылып,  педагогикалық  үдерістер  мен  құбылыстардың  теориясын 
жасайтын  педагогикалық  зерттеу  әдістері  айқындалады.  Осыдан  келіп  білім 
беру  жүйесінің  педагогикалық  тұжырымдамалары  айқындалады.  Аталған 
зерттеу  кӛздері  мен  білім  тұжырымдамасы  уақыт  ӛзгерісімен  дамып, 
жетілдіріліп отырады.   
Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогиканың дидактика саласы аясында, 
ішкі  мазмұнында  педагогикалық  зерттеулер  мен  жаңа  ізденістер  легімен 
толығып, ӛсіп, жетіліп отыруы заңды құбылыс. 
«Әдебиет әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын 
ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте 
әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  ӛзара қарым-
қатынасы  болып  табылады,    ол  педагогика  ғылымы  теориясының  жалпы 
қағида  ережелеріне  сүйенеді.  Бірақ  әдебиет  әдістемесі  педагогика  сияқты 
мектеп,  оқу-тәрбие  мәселелерін  тұтас  алып  қарастырмай,  тек  кӛркем 
әдебиетті  оқып  үйрену  негізінде  оқушыларға  берілетін  білім  мен  тәрбие 
мәселелерін  ғана  ӛз  шеңберінде  алып  баяндайды»,  -  деген  пікір  білдіреді 
әдіскер-ғалым  А.Кӛшімбаев.  Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  қолданбалы  ғылым 
екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, ӛзіндік арнасында 
дамитыны туралы  Ж.Аймауытұлы  маңызды пікір білдіреді.  
Әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  негізгі  нысаны  педагогикалық  үдеріс 
бола отырып, педагогика ғылымдарының бір бӛлігі ретінде зерттелмей, жеке 
ғылым  саласы  ретінде  қарастырылады.  Себебі  педагогика  ғылымы  әр  пәнді 
оқытуға  байланысты  ортақ  тұжырымдар  мен  принциптерді  белгілеп  бер-
генімен,  жеке  ғылымдардың  ішкі  ерекшелігін  толық  аша  бермейді.  Педаго-
гика  ғылымының ауқымы кең. Мысалы, педагогика ғылымы баланың саяси-
әлеуметтік,  адамгершілік,  эстетикалық,  дене  тәрбиесін,  ақыл-ой  тәрбиесін, 
Отанға,  туған  елге,  адамдарға  деген  сүйіспеншілікке    басқа  да  тәрбие 
бағыттарында  оқушыға  білім  беру,  жеке  тұлға  қалыптастыру  міндеттерін 
қамтиды.  Педагогика  ғылымының  түпкі  мақсаты жан-жақты жетілген  қоғам 
адамын, жеке тұлғаны  қалыптастыру болса, аталған міндетті жеке пәндерді 
оқыту  әдістемесі  ӛзінің  қарастыратын  материалы  негізінде  жүзеге  асырады. 
Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  кӛркем  шығарма  арқылы  қоғамды,  қоршаған 
ортаны,  адамгершілік  ұстанымдарды,  сӛз  ӛнерінің  эстетикалық  күшін, 
адамдар әлемін таныту арқылы, адамды рухани байытуға, ӛзіндік кӛзқарастар 
қалыптастыруға,  жан-жақты дамытуға күш салады.  
Әдебиетті оқыту әдістемесі мен әдебиеттану ғылымдары. Осыған 
дейін әдістемені жеке ғылым деп тануға деген кӛзқарас та жан-жақты болып 
келді. Әдістемені ғылым деп танудан кӛрі жеке дарын, ӛнер деп бағалаушы 
кӛзқарас  үстемдік  етіп  келді.  Әр  пәнді  оқытуда  жоғары  нәтижеге  жету  сол 
пәнді  оқытушы  мұғалімнің  жеке  дарынына,  қабілетіне  сол  пәнді  білу 
дәрежесі мен түсінуі, түйсінуі, жанымен сүюіне қатысты деп білді. Оқылатын 
білімнің  ӛзін  жете  білмей  тұрып,  сол  пәнді  оқыту  әдістемесімен  бар  істі 
тындыруға болмайды деп түсінді.  

19 
 
Бұл  кӛзқарас  негізсіз  де  емес.  Себебі  оқу  процесінде  мұғалімнің  рӛлі 
үлкен. Солай бола тұра, айтылған пікір бір жақты. Тек педагогикалық талант 
пен  тәжірибе  білімнің  сапалы  болуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Бір  де  бір 
мамандық тек талантқа ғана сүйеніп дамып, ӛркен жая алмайды. Бұл туралы 
әдіскер-ғалым  А.С.Макаренко:  /«Разве  мы  можем  положиться  на  случайное 
распределение  талантов?  Сколько  у  нас  таких  особенно  талантливых 
воспитателей?  И  почему  должен  страдать    ребенок,  каторый  попал  к 
неталантливому педагогу? Нет. Нужно говорить только о мастерстве, то есть 
о  действительном  знании  воспитательного  процесса,  о    воспитательном 
умении.  Я  на  опыте  пришел  к  убеждению,  что  решает  вопрос  мастерство, 
особенное на умении, на квалификации»/
1
- деген  ұтымды ой білдіреді. 
 Бұл  тарапты  айтылған  пікірлердің  барлығы  әдістеме  ғылымының 
бірнеше  негізге  сүйенетіндігін  анықтай  түседі.  Солардың  бірі  әдебиеттану 
ғылымы.  Әдебиетті  оқытуда  негізгі  оқу  материалы  әдебиеттің  ӛзі.  Мектеп 
оқулығында  ұсынылған, сыныпта, сыныптан  тыс оқылатын  шығармалардың 
барлығы да  «әдебиеттану» деген үлкен ғылымның жемістері.   
 Әдебиеттану  ғылымының  проблемалары  әдебиеттің  тарихилығы, 
әдеби  кезеңдер,  оқылатын  шығармадағы  тарихи  кезең  немесе,  керісінше 
айтқанда,  тарихи  кезеңнің  әдебиеттегі  кӛрінісі,  әлеуметтік  кӛзқарастардың 
кӛрінісі, әдеби бағыттар, олардың белсенді кезеңдері, әдебиеттегі дәстүр мен 
жаңашылдық,  тарихи-әдеби  үрдіс,  жазушы  стилі,  қазақ  әдебиетінің  ұлттық 
және  әлемдік  әдебиеттегі  орны  туралы  кең  ой  қалыптастыру  керек.  Әрине, 
әдебиетті  оқыту  әдістемесінде  әдебиеттану  ғылымының  негізгі  қағидалары 
мен  негізгі  бағыттары  жетекші  рӛл  атқарып  отырады.  Әдебиеттану 
ғылымдарының  заңдылықтары  мен  даму  бағытын  дұрыс  бағдарлау  арқылы 
ғана әдебиетті ӛз мәнінде оқыту мүмкіндігі туады.  
Әдебиеттанудағы мазмұн мен форманың бірлігі мәселесі әдебиет пәнін 
оқытудың да негізгі арқауы болып отырады. Әдеби шығарманы талдауда да, 
кӛркем шығарманың образдар жүйесін талдауда да мазмұн мен форма бірлігі 
негізгі  басты  ұстаным  болып  есептеледі.  Мазмұн  мен  форма  тұтастығы 
кӛркем  шығарманың  басты  тірегі  болуы  себепті  кӛркем  шығарманы  жан-
жақты  тану,  талдау  үшін  әдебиеттанудың  негізгі  ұстанымына  жүгінуге  тура 
келеді.  
Кӛркем  шығармадағы  кейіпкерлер,  образдар,  характерлер,  типтер 
мәселесі  де  терең  тануды,  танытуды  қажет  етеді.  Әдебиеттану  ғылымдары-
ның түсіндіруі бойынша тип пен типтендіру мәселесі қалай астасып отырады, 
талдаудағы  шығармада  алынған  тип,  характер  сол  шығарманың  ӛзіндік 
ерекшелігі ме, жоқ болмаса сол әдеби кезеңге, әдеби үрдіске тән ерекшелік пе 
мұны  да  әдебиеттану  ғылымы  түсіндіріп  бере  алады.  Әдебиет  пәні  мұғалімі 
әдебиеттану ғылымдарынан терең білім алу арқылы, сӛз ӛнерін жете түсінуі, 
жете білуі арқылы ӛзі де сӛз зергері, сӛз шебері ретінде  кӛркем шығарманы  
терең  танып,  талдай  алады,  әдеби  ұғымдарды,  шығармаларды,  құбылыс-
тарды,  образдарды,  детальдарды  –  жалпы  айтқанда  кӛркем  шығарманың 
                                                           
1
 Макаренко А. С. Сочинения / Собр. соч.: в 1 т. – М., 1986. 115 с. 

20 
 
барлық  компоненттері  мен  табиғатын  салыстырып,  саралап,  салғастырып 
оқушысына да мазмұнды білім қалыптастыруға мүмкіндік алады. Кӛркемсӛз 
шеберінің  бұл  қасиеті  суретшінің  сан  түрлі  түстердің  ерекше  үйлесімін 
тауып,  әсем ӛрнек жасағаны сияқты немесе шебер орындаушының домбыра 
пернелерінде  саусақтарын  құйқылжытқан  қимыл  әрекеті  сияқты  десе  де 
болады.  Кӛркем  шығарма  тұтастай  алғанда  антропоцентристік  құрылым 
болып танылады. Әр кӛркем шығарманың ӛзегінде тілдік құрылым ӛрнектел-
ген.  Бұл  күрделі  құрылымның  негізінде  мәдени  құндылықтардың  жүйесі, 
адам мен оның эстетикалық бағдары, адамгершілік тұғыры жатыр. Әдебиетті 
оқыту әдістемесі осы күрделі құрылымды әрекетке түсіруші, іске қосушы рӛл 
атқарады. Әдебиетті оқыту әдістемесі де — антропоцентристік жүйе. Барлық 
іс-әрекет  пен  мақсат  адамға  бағытталған.  Адамның  адамгершілік,  эстетика-
лық,  танымдық әрекеттерін жүйелі ұйымдастыруға бағытталған.  
 Әдебиетті  оқыту  әдістемесінің  әлеуметтік  мәні,  әлеуметтану 
ғылымдарына қатысы. Жеке тұлғаны, болашақ қоғам адамын қалыптастыру 
жолында  әдебиетті  оқыту  әдістемесі  қоғамнан  тыс  әрекет  жасай  алмайды. 
Әдістеме  ғылымы  тікелей  қоғам  ӛмірі  мен  оның  қажеттілігін,  ортаның 
әлеуметтік  мәселелерін  қоса  қамтиды.  Себебі  мұғалімдік  кәсіп  әлеуметтік 
мамандыққа  жатады.  Ең  әуелі,  әдебиетті  оқыту  әдістемесін  ғылым  ретінде 
қабылдай  отырып,  болашақ  ұстаз  қоғамға,  әлеуметтік  ортаға  қызмет  етеді. 
Белгілі  бір  орта  мүддесін  қарастырады,  мүддеге  сай  әрекет  етеді.  Сол 
халықтың  ӛз  ұрпағын  жаңа  мазмұнда  халықтың  ӛзіне  қайтарады.  Ендеше, 
ӛскелең  ұрпақ  та,  ұстаз  да  әлеуметтік  топтың  мүшесі;  екіншіден,  әдебиетті 
оқыту  әдістемесі  ӛзінің  материалы  –  кӛркем  шығарманы  қарастыру  бары-
сында  да  қоғамның  тынысын  оқушыға  жеткізуші.    Әдебиет  пәні  мұғалімі 
кӛркем  шығарма  негізіне  ӛрілген  қоғамдық,  әлеуметтік  мәселелерді  таныта 
отырып, ӛмірдің ӛзін танытады, ортаны танытады. Қоғамның игілігіне әрекет 
етеді. Осы тұрғыдан келгенде әдебиетті оқыту әдістемесі әлеуметтік ғылым. 
Соңғы  жылдардағы  әдістемелік  зерттеулердің  әдіснамалық  негізіне  әлеу-
меттік ғылымдар (социология) ғылымы тірек болуы осыдан. Әлеумет ұғымын 
–халық деген түсінікпен қабылдаймыз. Социология ғылымының негізінде де 
«социюм»  -  халық  сӛзінің  мағынасы  жатыр.  Ал  әдебиеттану  ғылымы  да, 
әдебиетті  оқыту  әдістемесі  ғылымының  ӛзі  де  халықтан  тыс  ӛмір  сүре 
алмайды.  
 Психология  ғылымына  қатысы.  Әдебиетті  оқыту  әдістемесінің 
әдіснамалық негізінде психология ғылымының рӛлі үлкен. 
Әдістеменің  психологиямен  қатысы  екі    бағытта    ӛрбиді.  Біріншіден, 
бала  жасы  мен  психологиясы  ерекшелігіне  қарай  кӛркем  туындыны  қабыл-
даудағы шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеті, кӛркем қабыл-
дауына  қатыстылығы  қарастырылады;  екіншіден,  оқыту  психологиясы  тұр-
ғысынан,  баланың  жасына  қарай  ақыл-ой  дәрежесі,  адамгершілік  дамуы, 
тәрбиесі мен дағдысы тұрғысынан қарастырылады.   
Педагогикалық  оқу  процесі  қоғамдық  құбылыс  ретінде,  оқушылардың 
меңгеретін  білім  ауқымы,  жалпы  және    әдеби  тұрғыда  дамыту  мен  оқушы 
қабілетін, дағдысын қалыптастыруды кӛздейді.  

21 
 
Психологиялық  заңдылықтарды  әдістемелік  заңдылықтармен  қабат-
тастыруға келмейді. Әдістер жүйесін құруда оқушының психикалық  ерекше-
ліктеріне  үңілмегенмен,  жас  ерекшелігі  мен  психологиялық  ӛзгерістерді 
есепке алмаса және болмайды.  
Психология ғылымдары аясында анықталатын оқушының жас  мӛлше-
ріне  байланысты  дамуы  мен  ӛзгерістері  оқу  процесіне  әсер  етеді.  Мәселен, 
оқушының  әр  жастағы  психологиялық  ӛзгерістері,  оқушы  дағдарыстары, 
содан туындайтын кейбір түсініспеушіліктердің болуы мүмкін жағдай. 
Психология  ғылымы  5-11-сыныптар  аралығында  оқитын  оқушыларды 
жас  ерекшеліктері  мен  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  бернеше  кезеңге 
жіктейді:  
1. 5-8 сынып оқушылар 11-14 жастағы жеткіншектер. 
2. 15-17- жастағы жасӛспірімдер. 
Психологтардың екі кезеңге жіктеген осы жастағы балаларының ӛзі әр 
кезеңнің ӛз ішінде  психологиялық ӛзгерістерде болады. Мысалы: жеткіншек 
топқа жататын 5-8-сынып аралығындағы балалардың ӛздерінен үлкендерден 
де  жастарынан  да  ӛзгешелігі  айқын  кӛрінеді.  Бұл  ерекшелік  жеткіншек 
кезеңіндегі  балалардың  үлкендікке  деген  құлшынысының  молдығына 
байланысты.    Жеткіншектердің  әлеуметтік  бағыты  мен  жалпы  адамгершілік 
ұстанымдарының  қалыптасу  негізі  осы  тұстан  басталады.  5-сыныптардағы 
оқушылар  ӛздерінің  сыртқы  кейпін  түзеуге  аса  әуес  келеді.    Сыртқы  орта 
әсеріне берілгіш,  еліктегіш   болады.   Бұл  әрекеттер  7-8-сыныптарда  күшейе 
түседі. Ӛзін-ӛзі бақылауға алатын тұсы, бір-біріне, ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап, 
ӛзіндік кӛзқарасының қалыптаса бастайтын тұсы — осы кезең. 
Бұл  ӛзгерістердің  ӛзі  оқушының  дүниетанымы  мен  қызығушылығын 
арттырып,  болашаққа  жоспар  құруға  жетелейді.  Ӛзін  болашаққа  даярлау 
кезеңі 
психологтардың 
(Л.С.Выготский, 
Л.В.Занков, 
А.Н.Лентьев, 
Д.Б.Эльконин, Л.Буева, С.Кучинский) айтуынша 5-6-сыныптардан басталады.   
Ӛзін  білім,  мінез-құлық  сапасы  жағынан  ӛзгертуге  ұмтылыс  дәл  осы 
кезеңде  басым  болады.  Сондықтан  оқушының  жеткіншек  кезеңі  кӛркем 
әдебиетке  деген  ұмтылысы  мен  қызығушылығын  тудыратын  бірден-бір 
қажетті де ұрымтал шағы.  
Екінші  кезең  оқушыларының  психологиялық  ерекшеліктері  де  оқу 
процесінде жіті бақыланып, есепке алынады.  
Мектепте  бағдарлама  түзу  мен  оқу  құралдарын  даярлауда,  оқулыққа 
материал іріктеуде оқушының психологиялық даму ерекшелігі жіті ескеріліп, 
есепке алынуы керек. Сонымен қатар, оқушылардың оқу материалын меңге-
рудегі зейін, ес, қиял, таным әрекетінің қаншалықты екендігі ескерілуі керек.    
Баланың  кішірек  кезінде  бәрі  бір  бағдарламамен  оқып,  бірге  жүрген-
мен,  әр  баланың  ӛзіндік  бір  ерекшеліктері  байқала  қоймайды.  Оның  болар-
болмас  кӛріне  бастауы,  азды-кӛпті  бір  нәрсеге  тұрақты  қызығушылық 
танытуы, не бір пәннен гӛрі екінші пәнге құлықты болуы да негізінен осы 7-
8-сыныптардан  басталатынына  кӛптеген  педогогтардың,  психологтардың 
зерттеулерінде кӛз жеткізілген. 

22 
 
Жалпы  оқыту  тәрбие  берудің  қашанда  баланы  жетілдіру,  дамытуға 
арналғандығы кімге де болса мәлім. Солай бола тұра,  әдістемелік тұрғыдан 
білім беру, дамыту, жетілдіру ерекше тиімді болу үшін осы бағытты ұстанып, 
оқушыны сенсорлық қабылдау (латынның «Sensus» – деген сӛзінен шыққан – 
сезім, сезіну) туғызатын, қозғалыста болатын, зияткерлік және еркін шынық-
тыратын,  эмоциялық  күй  туғызып,  баланың  ырқына  әсер  етерлік  жұмыс 
түрлерін үнемі қосып отыру қажет. 
Дәстүрлі  түрде  ғылымдар  гуманитарлық,  жаратылыстану  және  техни-
калық  болып  бӛлінеді.  Пәндердің  цикл-цикл  болып  топтастырылуы  бәрінің 
қарастыратын нысандарына сәйкес (қоғам, табиғат, еңбек) екендігі белгілі.  
Бүгінде әрбір жеке  ғылым  саласының  екінші бір  ғылыммен  байланыс-
тылығы  артып  отырған  тұста  мектепте  жүргізілетін  әрбір  оқу  пәнінің 
мазмұны  мен  құрылысындағы  кірігіп  кеткен  (интеграциялық)  байланыс-
тардың маңызы ӛте зор.   Бүгінде ол ерекше мәнге ие болып отыр. Ғылымның 
осы бӛлінуінің ыңғайы оқу пәндерінің берілуінде  ескеріледі.  
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы бірнеше ғылымдар аясында дамып, 
ӛзінің  әдіснамалық  негізін  айқындаған  арнайы  ғылым  саласы  болып  табы-
лады. Оны тӛмендегі  модельден кӛреміз: 
 
 
        
 
 
 
                                                                                                   
 
 
 
                                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  әдіснамалық  негіздері 
осы  пәнді  оқытудағы  басты  ұстанымдарды,  қағидаларды,  кӛзқарастар  жүйе-
сін  айқындайды.  Жоғары  оқу  орындарында  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдісте-
месінің  арнаулы  кәсіптік-бағдарлы  пән  ретіндегі    мәні  мен  маңызды-лығын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет