Педагогика
Философия
Әдебиеттану
Әлеуметтану
Психология
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәстүрлі әдіс-
тәсілдер
Инновациялық әдістер
Интеграциялық
байланыс
Өзді
гінен бі
лім ал
уға
бей
ім
д
еу
23
кӛрсетеді. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі әдіснама-лық
негіздері осы пәнді жоғары мектепте оқытудың басты талаптары мен
мазмұнының, сондай-ақ мектепте оқылатын әдебиет пәнінің тиімділігі мен
маңыздылығын артыру жолдарын, жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы
әдістер мен технологияларды тиімді пайдалану бағытын да айқындайды.
Бүгінгі мектеп пен жоғары мектептер арасында тығыз байланыстың болуы
бір жағынан алғанда мамандыққа бейімдеудің бір нышаны, мақсатты үдерісі
болып танылса, екінші жағынан алғанда ғылымдардың шеңберлі даму бағы-
ты мен қоғамдағы баланстылықты танытады.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1.Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ӛзіне тән зерттеу нысанын анық-
таңыз.
2.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылыми пәндермен арақаты-
насын танытатын негізгі белгілерін атаңыз.
3.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні мен орта мектептегі әдебиет пәнінің
арақатынасы қандай?
4.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің қоғамтану пәндерімен арақатынасы
қандай?
5.Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізін қалай түсіндіресіз?
6.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің педагогика мен психология пәндерімен
сабақтастығы туралы ойыңыз қандай? Ӛз пікіріңізді қорғаңыз.
Әдебиетттер тізімі:
1.Занков Л. Избранные педагогические труды. М.:Педагогика, 1990. – 424 с.
2.Эльконин Л. Детская психология. М.: Прос., 1960. –317 с.
3.Леонтьев А. Деятельность. Сознание, личность М.: Политиздат.1975.–304 с.
4.Жарықбаев Қ. Психология. –Алматы: Мектеп, 1982. – 280 б.
5.Шериазданова К. Основные направление психолого-педагогической помо-
щи детям с проблемами в поведении и общении.– А.: 2001. – 48 б.
6.Щукина Г. Педагогические проблемы формирования позновательных инте-
ресов учащихся. -М.: 1988 – 203 б.
7.Скаткин -М. Методология и методика педагогичесих иследований. -М.:
1986 – 150 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985.
2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.
3.Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997.
24
І. 4. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
1.ХХ ғасырдың басындағы алғашқы мектептер, оқу мазмұны.
2.Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла-
малардың құрылысы мен мазмұны.
3.Қазақ әдебиеті оқулығының қалыптасуы тарихы.
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасу жолын қарас-
тырғанда оны тӛрт арнадан іздеуге болады:
1.Мектепте пән ретінде оқытылу тарихы;
2.Әдебиет пәнін оқытуға арналған оқу құралдарының пайда болуы мен
қалыптасу жолы.
3.Әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілуі мен қалыптасу
тарихы;
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер: мақалалар, әдістемелік пікірлер;
5.Әдебиетті оқыту оқулықтарына нұсқаулар, арнайы әдістемелік
еңбектер, ондағы бағыт-бағдар.
Қазақ халқы сӛз ӛнерін қадірлей отырып, ӛзінің бай әдеби мұрасын
ғасырдан ғасырға жеткізді. Оны ұрпақ санасына сіңіріп, халқының бай мұра-
сын танытып келгендігі даусыз. Дегенмен әдебиеттің арнайы пән ретінде
оқытылуын мектеп ӛмірінен тысқары қарауға болмайды. Сондықтан мектеп-
тер әр пәнге деген сұраныста болуы себепті әдебиет пәнінің оқытылуын мек-
тептер ӛмірімен сабақтастырамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
елі Ресейдің отары болғандықтан, мектеп мәселесі де үстем елдің отарлық
саясатының аясында ӛз мүддесіне қарай шешіліп отырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жеріндегі мектептер екі бағыт-
та болды. Оның бірі — діни оқуға бағытталған ауыл мектептері. Орталық
қалаларда ашылған діни оқу орындары, медреселер. Татар ағартушысы
И.Гаспиринский негізін салған жадит мектептері. Екіншісі — оқу тек орыс
тілінде жүргізілетін училищелер мен семинариялар еді.
1870 жылы Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептеріне арналған
Н.И.Ильминскийдің жүйесіне негізделген заң күшіне енді. 1970 жылғы халық
ағарту министрлігінің ұлттық мектептері басқа ұлт балаларының орыс тілін
меңгеру деңгейіне қарай үш түрлі дәрежеде болған. Олар:
1. Орыс тілін меңгергенге дейінгі алғашқы оқу жылында орыс алфави-
тімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде оқуға рұқсат етілген
мектептер;
2. Оқу орыс тілінде жүргізілетін, мұғалімдер ұлт ӛкілдерін тілін білуі,
оны сабақты ауызекі түсіндіру үшін ғана пайдалану рұқсат етілген мектептер;
3. Оқу тек орыс тілінде жүргізілетін, ана тілін қолдануға рұқсат етіл-
мейтін мектептер.
Бастапқы топтағы мектептерде орыс тілін меңгергенге дейін орыс
әрпімен басылған ана тіліндегі оқулықтар қолданыла бастады. Ағарту сала-
сында Ы.Алтынсарин кӛш бастады. Ұлы мақсат-мұраты қазақ балаларының
25
кӛзі мен кӛкірегін ашу болған Ы.Алтынсарин ӛзіне дейінгі оқулық-хресто-
матиялардың ізімен «Қазақ хрестоматиясын» дүниеге әкелді. К.Ушинскийдің
(«Детский мир и хрестоматия», «Радное слова») Л.Н.Толстойдың («Азбука»)
шығармашылық тәжірибесін басшылыққа алған «Қазақ хрестоматиясы»
ӛзінің құндылықтарымен, ұғым, түсінік, табиғатымен толықтай қазақ бол-
мысына негізделіп жазылған жаңа типті оқулық болып дүниеге келді. Ӛзінің
әдістемелік бастамасымен де кейінгі оқулықтарға кӛшбасшы болды.
Негізінен орыс-қазақ мектептерінде А.Васильевтің «Букварь для
киргиз», А.Е.Алекторовтың «Русско-киргизская азбука» Л.Н.Толстойдың
«Азбука» сияқты орыс баспасынан жарық кӛрген оқулықтары қолданылды.
Сабақ кӛбіне діни оқуға бағытталғанымен, жазу, арифметика сияқты
пәндерді де қамтыды.
Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің
бастамасы бойынша 1876 жылы Торғай облысының инспекторы болып
Ы.Алтынсарин тағайындалып, бірнеше ауылдық мектептер ашылған.
1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің қаулысы бойынша ҚАССР құру
туралы қаулы қабылданып, қазақ жеріндегі Халық ағарту ісі кеңес үкіметінің
саясатына бағытталды. 1918 жылға 1 қазаннан бастап барлық бастауыш және
жоғарғы бастауыш училищелері, діни мектептер мен медреселер, тӛменгі
және орта дәрежедегі оқу орындары бірыңғай кеңестік еңбек мектебі болып
қайта құрылды. Оқу-ағарту ісіндегі қозғалыстың ықпалымен қазақ дала-
сында оқуға тартылғандардың саны ұлғая түсті. Мәселен, 1914-15 оқу жы-
лында мектепке тартылғандар барлық оқу жасындағы балалардың 7,5%
болса, 1920-21 оқу жылында 21,7% ға кӛтерілген. 1-5 сыныптардағы қазақ
оқушылары үш есе ӛскен.
Осы жылдары қазақ ӛлкесінде бірыңғай екі сатылы еңбек мектептері
қалыптасқан. Олар: мектеп-коммунарлар; ересек балалар мектебі, бастауыш
мектеп коммунарлары; Ф.З.О.; шаруа жастар мектебі т.б.
Кеңес мектептерінің кӛптеп ашылуы, кеңестік идеямен саясатты наси-
хаттау мүддесінен туындады. В.И.Лениннің мектеп саласындағы ірі буржуа-
зияны құлату жолындағы күрес екендігін, саясаттан тыс мектеп болмайды
деген ойынан да кӛрінеді. Мектептегі әдеби білім мазмұны да 1990 жыл-
дарға дейін кеңестік идеологияға қызмет етті.
Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла-
малардың құрылысы мен мазмұны. 30-жылдарға дейінгі мектептерде әдеби
материалдар болғанымен, әдеби ұғым, әдебиеттің пәндік сипатта оқы-
тылуына деген кӛзқарас болған жоқ-ты. Әдебиет 1932 жылға дейін қоғамтану
пәндерінің құрамында жанама, қосымша ұғыммен, пәндерге кӛмекші түрінде
оқытылып келді. М.Әуезов 1930 жылы «Қазақ шаруа жастары мектебіне
арналған бағдарлама және түсінік хат» деген бағдарлама жазды (Қызылорда).
Мектептерде әдебиет жеке пән ретінде қоғамдық-тарихи жүйемен оқытылу
қажеттігі, және әдебиеттің тарихи даму кезеңдерін, қоғамдық мәнін түсініп
оқу қажеттігін осы бағдарламада тұңғыш рет қарастырған.
26
БК(б)П Орталық Комитетінің 1931 жылдың 6 қыркүйегіндегі
«Бастауыш және орта мектептер туралы», 1932 жылдың 25 тамызындағы
«Бастауыш және орта мектептің программалары мен режимі жайындағы»
қаулыларына орай барлық басқа пәндер сияқты әдебиет бағдарламалары
қайта қаралды. Қазақстанда да қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспа-
рына кіргізіліп, 1932 жылы ең бірінші бағдарламасының нұсқасы жасалды
1
.
Бағдарлама жасау ісі кӛптеген ғылым салаларына қатысты жүзеге
асады. Сондай-ақ, әдебиет пәнінің бағдарламасын жасау әдебиеттану ғылы-
мының ӛсу деңгейіне, даму дәрежесіне сай келіп отыратыны мәлім. Қазақ
әдебиеті әлі қалыптасу кезеңін басынан ӛткізіп отырғандықтан алғашқы
әдебиет пәнінің бағдарламаларын құру оңай міндет болмады. Оның тағы бір
себебі қазақ әдебиеті осы тұстағы «тұрпайы социолизм» дәуірін бастан
кешіріп отырған болатын.
1932-1933 жылы Қазақ Оқу комиссариаты бекіткен орта мектептің
бағдарламасы фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық мектебіне
арналып жазылды.
а) 4-6-сыныптарда ең алдымен кеңес әдебиетінің шығармалары енді.
ә) Қазан тӛңкерісіне дейінгі әдебиет үлгілері берілді. Бағдарламада
кӛптеген кемшіліктер орын алды. Материалдар кӛлемі нақты белгіленбеді.
Жүйелі білім мен тәрбие беру мәселелері ескерілмеді. Шығармалардың
идеялық-кӛркемдік сапасы тӛмен болды. Бағдарламаға енген шығармалардың
тақырыбы, идеясы, мазмұны, образдар жүйесі кӛркемдік ерекшеліктері
жағынан ашылмай, құрғақ тізім ғана берілді.
б) Саяси мәселелердің ықпалы бағдарламаларда да басым болды.
в) Әдебиет майданы мектепке де зор әсерін тигізді.
г) Ақын-жазушылардың ӛмірбаянына мүлде кӛңіл бӛлінбеді.
д) әдебиет теориясынан берілуге тиісті білім мен мәліметтер кӛрсе-
тілмеді.
1934 жылғы бағдарлама алғашқысына қарағанда біраз ӛңделіп басылды,
дегенмен бағдарламаның түзілуінде кемшіліктер баршылық еді. Бұл туралы
1934 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында «Орталау және орта мектептеріміз
үшін қазақ әдебиеті программасын беретін уақыт жетті» деген тақырыпта
мақала жарияланды
2
.
Бұл бағдарламада әдеби шығармалардың қоғамтану негізіне сүйене
отырып, қоғамдық саяси тақырыптардың тӛңірегіне шоғырландырып берді.
Аталған бағдарламаның жаңалығы: әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретімен
оқытуға бейімдеп беруінде болды.
5-сынып бағдарламасына енген шығармалар үш тарауға бӛлініп
берілген. Олар: қазақ кеңес әдебиеті, ескі әдеби мұралар және фольклор. 6-
1
Орта мектеп программасы /фабрика, завод және колхоз жастары жеті жылдық
мектепке арналған/ 1932.
2
Мәметова Ә. Балаларымызға кӛркем әдебиеттің ең жақсы нұсқауларын беретін уақыт
жетті. // Ауыл мұғалімі 1936. №9.
27
сыныптың бағдарламасы қазақ және орыс кеңес әдебиеті, кеңес одағы
халықтарының әдебиеті және шетелдің тӛңкерісшіл әдебиеті деген бӛлім-
дерден құралды. Бұл бағдарламаларда оқушыға берілетін әдеби білім
мазмұны, оқушы біліміне қойылатын талап кӛрсетілмеген, тек шығармалар
тізімі ұсынылған.
1938-1939 жылы Қазақ Оқу Комиссариаты бекіткен орта мектеп
бағдарламасы шықты
1
. 1939-1940 жылы бадарлама белгілі педагог ғалым
Ш.Кәрібаевтың басшылығымен және әдіскер мұғалімдердің қатысуымен
жасалды
2
.
1940 жылдары мектептер институты болып ашылып, кейін
Ы.Алтынсарин аты берілген ғылыми-зерттеу институтының қазақ мектептері
үшін атқарған рӛлі үлкен. Қазақ әдебиетін оқыту ісін жандандыру бағытында
Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі мен
әдебиеті бӛлімінің қызметкерлері маңызды шараларды атқарды. Соның бірі
— қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламаларын қайтадан қарау, толықтыру
мәселесі еді.
1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шықты
3
. Онда білім
берумен бірге идеялық-саяси тәрбие беру ісін жандандыру, әрі әдебиет
сабағының осы мақсатта тікелей жетекші рӛлін кӛтеру мәселелеріне кӛп
кӛңіл бӛлінді.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың кӛрсетуі бойынша: «Революциядан
кейінгі әдебиет пен методикасының үш түрлі кезеңі болды:
1.1917-1927 жылдар арасындағы жік қойылмай, «қоғамтану» түріндегі
оқу;
2.1928-1938 жылдардағы оқу мектептің типіне негізделмеген тарихи-
әдеби курс болып ӛтті;
3. Бастауыш оқу, әдебиеттік оқу мен тарихи курс программасы.
Сӛйтіп І-ІV кластарда бастауыш оқу, V-VІІ кластарда әдебиеттік оқу
жүйесі, VІІІ-Х кластардағы әдебиеттің тарихи курсы 1939 жылдан бастап
түкпілікті орын алды»
4
.
1958-1989 жылдары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесінің
тарихында жемісті іздену кезеңі болды деу артық емес. Ы.Алтынсарин
атындағы ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен мектепке дидак-
тика мен әдебиеттану ғылымындағы тиімді әдіс-тәсілдерді, жаңа ой-пікір-
лерді енгізу жұмыстары қолға алынды. Әдебиетте білім мазмұны, оның құры-
лымын қайта қарап, нақтылау, ӛрістету міндетін қойды. Осындай міндеттерді
ала отырып, сол жылдарда әдебиеттің пән болып оқытылуы жӛнінде алғаш
рет ғылыми тұжырымдама жасалды. Пәннің идеялық-эстетикалық,
1
Орта мектеп пррграммалары // Қазақ әдебиеті. Алматы: 1939. Б 33-34.
2
Орта мектеп программалары. /Ү-ҮІІ, ҮІІІ-Х тарихи әдеби курс/. 1939-40.
3
Орта мектеп программалары: Әдебиет. VІІІ-Х кластар. Алматы: 1947. Б 19-20.
4
Қоңыратбаев Ә. Әдебиеттік оқу методикасы, очерктері. – Алматы: ҚМОПБ, 1962. -
212 б.
28
білімділік-тәрбиелік маңызы айқындала түсті. Осындай жұмыстар барысында
әдебиет пән ретінде қалыптасып, тұрақтала бастады.
1959 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында қазақ әдебиеті
бағдарламаларының жобасы жарияланды.
1
Бұл жылдары 5,6,7-сыныптар
әдебиеттік оқу курсын ӛтетін орта буын сыныптар қатарында саналып, 8-
сынып әдебиеттің тарихи курсын оқитын жоғарғы сынып есебінде болған-
дықтан аталған бағдарламада әдебиеттану курсының барлық кезеңі бір сы-
ныпқа жинақталып, топталып берілді. Осы 1959 жылғы 8-сынып бағдар-
ламасына ХІХ ғасыр әдебиетінен С.Кӛбеев, С.Торайғыров, И.Дәукебаев
шығармалары енгізілді.
1961-1970 жылдар аралығында оқу бағдарламаларында осы айтылған
жүйеде еш ӛзгеріссіз беріліп отырған
2
.
1967 жылы республикалық мұғалімдер конференциясы болып ӛтті.
Республикадағы білім беру жүйесі, мектеп мәселелері сӛз етілді. Осыдан кӛп
ұзамай мектеп бағдарламаларында ӛзгерістер енді. Қазақ әдебиеті бағдарла-
маларында бастауыш сыныптар 1,2,3 болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7-
сыныптар болып белгіленді.
1971 жылғы 4-7-сыныптарға арналған сегіз жылдық және орта мектеп
бағдарламаларын жарық кӛрді. Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламалары
біршама тұрақталып, 1980 жылға дейін осы аталған жүйеде беріліп келді.
1981-1982 оқу жылына арналған сегіз жылдық және орта мектеп
бағдарламасында әдебиеттік оқу сыныптарында авторлардың шығармалрын
іріктеуде кейбір ӛзгерістер болды
3
.
1986, 1987 жылы шыққан бағдарламаларда әдебиет пәнін ӛзге пәндер-
мен сабақтастыра оқыту кӛзделген. Тақырыптарға қатысты «Пәнаралық
байланыс» ұсынылған. Сондай-ақ 1986 жылғы бағдарламада авторлар
құрамы (Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Р.Құтқожина) кӛрсетілген.
Қазақ ССР Халыққа білім беру Министрлігі бекіткендей 1989-90 оқу
жылынан бастап мектептер он бір жылдық болуына сәйкес қазақ әдебиетінің
жүйелі курсы 5-сыныптан басталатын болып белгіленді. Осыған сәйкес 1989
жылы аталған бағдарлама ӛңделіп, толықтырылып, қайта басылды
4
.
Еліміздің егемендігі ӛмірдің барлық саласына түбірлі ӛзгерістер әкелді.
«Демократиялы қазақ елі» атану үмітінен қуат алған еліміздің жаңа бастама-
ларына білім беру саласы нысан болды. Ендігі жерде білім беруді жетілдіру
мақсатындағы уақытша ӛтпелі бағдарламалар түзіле бастады.
1
Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959. №8. -7 б.
2
Сегіз жылдық және орта мектеп программалары, 1966-1970 оқу жылына арналған.
Алматы: Мектеп, 1970.
3
Жолдыбаев М., Қоңыратбайұлы Ә., Қаратайұлы М. ХІХ және ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиетінің жинағы (7 жылдық үшін). Алматы: Қазақстан баспасы. 1934. Б 132-138.
4
Жалпы білім беретін орта мектеп программалары 1989/90 оқу жылына арналған
/Қазақ тілі мен әдебиеті Ү-ХІ кластар үшін. Алматы: Мектеп, 1989. –213 б.
29
Алғашқы оқулықтар, ондағы әдеби материалдардың мазмұны.
Алғашқы орыс-қазақ мектептерінде оқу құралдары Ресейлік баспадан
шықты, ондағы әдеби материалдар орыс әдебиеті ӛкілдерінің шығармалары
болды.
Мысалы,
А.Е.Алекторовтың
«Русско-киргизская
азбука»,
А.Васильевтің «Букварь для киргиз», К.Ушинскийдің «Детский мир и
хрестоматия», «Родное слова» Л.Н.Толстойдың «Азбука» т.б. оқу құралдары
жарық кӛрді.
Сондай-ақ орыс тілінен аударылған әдеби материалдармен қатар қазақ
әдеби мұраларының үлгілернен құрастырылған оқулықтар болды. Қазақ
әдебиеті үлгілерін ең алғаш оқулыққа енгізіп, мектеп ӛміріне әкелуші –
Ы.Алтынсарин. Оның 1879 жылы Орынборда басылып шыққан оқу құралы
«Қырғыз хрестоматиясы» («Қазақ хрестоматиясы») қазақ оқулықтарының
алғашқы қарлығашы еді. «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы мектептер
үшін ғана емес оқулық құруда ӛзінен кейінгі сан жылдардағы тәжірибеге
тигізген ықпалы орасан. «Қазақ хрестоматиясы» 1889, 1896, 1899 жылдары
ішкі мазмұнындағы оқу метериалдары қысқартылып, араб алфавитімен
«Махтуба» деген (Араб тілінде хаттар деген ұғымда) атаумен басылып
шыққан. 1906 жылы (А.Васильевтің редакциялауымен толықтырылып, орыс
алфавитінде жарық кӛрген нұсқасы) «Қазақ хрестоматиясы» қайта басылған.
Осы басылымында оқу материалдарының берілу тәртібі: 1. Балалар ӛмірінен
алынған
әңгімелер.
Орыс
хрестоматияларынан,
атап
айтқанда,
Л.Н.Толстойдың, И.Паульсонның т.б. хрестоматияларынан алынған;
2. Әртүрлі жинақтардағы адамдар ӛмірінен алынған әңгімелер;
3. Қазақ ақындарының таңдаулы ӛлең-жырларынан үзінділер;
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсариннің оқулық жазудағы ұтымдылығы оқу материалдарын
дұрыс таңдап ала білуі. Ы.Алтынсарин ӛз оқулығында әлем әдебиетінен
тәлім-тәрбиелік мәні жоғары шығармаларды сұрыптай отырып, оны қазақ
балаларын оқытуда ұтымды пайдаланып отырған. Қазақ халқының әдеби
мұрасынының тәлімдік-тәрбиелік құнын дұрыс түсініп, қазақтың бай әдеби
мұрасын оқулық-хрестоматияға молынан енгізді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ
хрестоматиясына» енген халық ауыз әдебиеті үлгілері:
1.Аңыз әңгімелер: «Лұқпан Хәкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т.б.;
2.Ертегілер: «Қара батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар» т.б.;
3.Эпостық шығармалар: «Қобыланды батыр», «Қазбек батыр» т.б.,
4.Әр тақырыптағы мақал-мәтелдер;
5.
Айтыс үлгілері.
Ы.Алтынсарин мектепте оқылатын оқу материалының танымдық,
тәрбиелік міндетінің жоғары болуын мақсат тұтты. Осы мақсатта ӛз тарапы-
нан бірнеше ӛнегелі ӛлеңдер, шағын әңгімелер жазды. «Қазақ хрестоматия-
сына» енгізілген материалдар оқушы бойында ізгілікті, еңбекті, кішіпейіл-
ділікті, қарапайымдылықты қалыптастыруды кӛздейді.
Ы.Алтынсариннің оқулық құрудағы бастамасы алғашқы мектептерде
жандана түсті. Бұл кезеңдерде жазылған оқу құралдары екі бағытта болды:
1.Тӛтенше оқу мектептеріне арналған имандылық сипаттағы оқулық-
тар. М.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе», «Ғалия медресесі» (1910),
30
Е.Закариянұлы «Қазақ әліппесі» (1910), М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа
әліппе», Қ.Қожықов «Әліппе» ( 1912);
2.Ы.Алтынсарин үлгісін ұстанған оқулықтар: С.Кӛбеев «Үлгілі бала»,
«Үлгілі тәржіме» (1910), О.Алмасов, Т.Меңдешев, К.Бейсембаевтардың ауыл-
дық мектептерге арналған хрестоматиялары, А.Байтұрсынұлының «Оқу
құралы».
1928 жылы қаңтардан латын алфавитінің енуіне байланысты қазақ
мектептерінде екі түрлі әліппені оқыта бастады. Сонымен қатар осы жылдар-
дағы колхоздастыру ісіне қатысты сыныптық сабақ жүйесінің бригадалық
еңбек топтарына ауысуы мектептерде оқу мен оқыту процесіндегі дамуына
елеулі кедергі келтірді. Білім берудегі бұл тоқырау қазақ зиялыларының
назарынан тыс қалмады.
Халық Ағарту Комиссары ретінде А.Байтұрсынов бірінші және екінші
буын мектептері үшін оқу құралдары мен хрестоматиялар түзу ісін арнайы
мәжілісте кӛтерген. Жаңа оқу құралдарын жазу туралы қаулы қабылданған.
Бұл бастамаға қазақ зиялылары: ақын, жазушылар, оқытушылар, білім беру
саласының алғашқы қайраткерлері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Т.Шонаұлы,
М.Жұмабаев, Ғ.Болғанбаев, М.Жолдыбаев, Қ.Жұманов, Қ.Тоқтыбаев,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ӛ.Тұрманжановтар
қолдау берілген.
Осы бастама негізінде бірнеше оқу құралдарын жазу қолға алынған.
А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921), М.Дулатов «Қирағат» (1914), «Оқу
құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Әліп би», «Жаңа құрал»
(1926), Т.Шонаұлымен бірігіп жазған оқу құралы (1927), Т.Шонаұлы
«Жаңалық», «Сауаттан», «Жаңа арна» (М.Жолдыбаевпен бірге (1927), «Шала
сауатты ересектер үшін» (1926), М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927),
М.Жұмабевтың «Сауатты бол» (1923), «Педагогика», Ж.Аймауытовтың
«Жаңа ауыл» (1929), Б.Майлин, С.Мұқановтардың «Колхоз – ауыл» (1930),
Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа ауыл» (1930), М.Әуезовтің «Жеткіншек» (1930) т.б.
оқулық-хрестоматиялары қазақ әдебиетінің мектептерде жеке пән ретінде
оқытылуына жетекші рӛл атқарды.
Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар 20-30 жылдардағы қазақ зиялылары
тарапынан қолдау тапқан жаппай сауаттандыру ісіне де елеулі ықпал етті.
Қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнындағы тарихи кезеңдер алғаш
М.Әуезов оқулығында кӛрініс тапты. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқу-
лығында әдеби материалдар жеті бӛлімге жіктеліп ұсынылған:
1. Сыршылдық салт ӛлеңдер;
2. Батырлар әңгімесі;
3. Ел поэмалары;
4. Тарихи ӛлеңдер;
5. Ертегілер;
6. Айтыс ӛлеңдер;
7. ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақындары.
ХХ ғасырдың басында жарық кӛрген оқулық-хрестоматиялар қазақ
әдебиетін оқытудың барлық мақсат, міндеттерін ӛтей алмаса да, сол тұстағы
31
саяси-әлеуметтік жағдай мен заман сұранысын қанағаттандырды. Қазақ
әдебиетінің пән ретіндегі жүйесі мен құрылымы, білім мазмұны жылдар бойы
қалыптасты. 1930 жылдардағы қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық,
әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылды. Алғашқы оқу
құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез
болатын. Оның үстіне әдебиеттің теориясы қалыптаспаған, сыны жоққа тән
еді. Аумалы-тӛкпелі кезеңде әдеби мұраға деген кӛзқарастың да тұрақтамаған
тұсы болды. Қазақ әдебиетінің алғашқы сынында сыңаржақтық басым еді.
Әдебиет пәнінің ғылыми негіздерін анықтау да күрделі үдерістен ӛтті.
Сондықтан осы кезеңде жазылған әдебиет майданы мәселелері алғашқы оқу
құралдарына енгізіле берді. Сол оқу құралдары ӛз кезегінде орталау оқу
орындарына да қызмет етті.
1930 жылдан оқулыққа қарағанда хрестоматиялық сипаты басым оқу
құралдарын шығару тенденциясы орын алды. Осыдан былайғы уақытта
І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ә.Мәметкелінінің «Әдебиет құралы» оқулығы
(1932), С.Сейфоллаұлы, Ӛ.Тұрманжанұлының «Кӛркем әдебиет» (1934),
М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының тӛрт жылдық
мектепке
арналған
«Әдебиет
хрестоматиясы»,
Е.Исмайлов
пен
Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937-1938 жылдары
М.Әуезовтің 6-сынып үшін, Д.Әбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен
Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа
арналған әдебиет хрестоматиялары жарық кӛрді. Бұл хрестоматиялардың
оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби- эстетикалық танымын
кӛтеруге зор ықпалы болды.
1940 жылдан бастап әр сыныпқа арналған әдебиет оқулықтары жүйелі
шығарылып тұрды. Оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңартылып,
әдістемелік жағынан ізденістің күшейіп, жүйелі шығарылуына себеп болған
қырқыншы жалдардағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтының
құрылуы еді.
Осы жылдары 5-сыныпқа арналған Ш.Кәрібаевтың әдебиет оқулығы
жарық кӛрді.
1
Оқулықта авторлар шығармалары ұсынылып, соңынан шығар-
ма мазмұнына орай сұрау-тапсырмалар берілген. Оқушыларды мәтінмен
жұмыс жасауға бағыттаған. Аталған оқулық кейін Ш.Кәрібаев пен
С.Тілешованың авторлығымен шыққан
2
. Кейінгі оқулықтарда да сұрақ-
тапсырмалар жетілдірілгені байқалады.
Оқулық авторлары оқулықта берілген материалдардың мән-мазмұнын
анықтау мен талқылауда кеңес дәуірінің ұсынған саясатына үнемі сәйкес
болуды кӛздеп отырады. Сол себепті әлеуметтік жағдай теңсіздігінің себебін
ашып және социалистік ӛмірдің ерекшелігін октябрь революциясының жемісі
ретінде кӛрсетуге бағыттайды.
1
Кәрібаев Ш. Абай (Ӛмірбаяны)// Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1949. Б 44-51.
2
Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1950. Б 3-4.
32
Ш.Кәрібаевтың 5-сыныпқа арналған бұл оқулығы 1941-1960 жылдар
аралығында қайта бастырылған
1
. Тек бағдарламадағы ӛзгерістерге сәйкес
оқулықта кейбір авторлар алынып, кей тұстары толықтырылып отырған.
Ал 1989 жылы оқулық жаңа автордың қосылуымен ӛңделіп, толықты-
рылғаны (құрастырушылар: Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиева)
2
.
1989-90 жылдардағы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің
бекітуімен мектептер он бір жылдық болып, орта буын сыныптар 5 - сынып-
тан басталуына сәйкес, аталған Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиеваның
авторлығындағы оқулық енді 6-сыныптікі делініп қайта бастырылған.
Осы тұста тоқталуға тиісті тағы бір оқулық 4-сыныптікі. 1967 жылғы
мұғалімдер конференциясының шешімдеріне сай бастауыш сыныптар 1,2,3
болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7 болып белгіленуіне байланысты 1971-
1972-оқу жылындағы бағдарламаға орай осы жылы 4-сыныпқа «Әдебиеттік
оқу» кітабы Т.Әбдірахманов пен Ә.Дайырованың авторлығымен жарық кӛрді.
Аталған оқулық 1989 жылға дейін ӛзгеріссіз он тоғыз рет басылым
кӛрген. 1989-90 оқу жылында орта буынның ендігі жерде 5-сыныптан
басталуына қатысты бұрынғы авторлар (Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова) жаңа
автормен толықтырылып (Қ.Айтқалиев), оқулық қайта бастырылған
3
. 5-
сыныпқа арналған оқулықтың жаңа нұсқасында негізгі оқу материалы
ӛзгеріссіз басылғанымен әдістемелік құрылымы (методикалық аппарат) бұ-
рынғы оқулықтан жетілдіріле түскені аңғарылады. Атап айтқанда мәтінге
қатысты берілген сұрақ-тапсырмалар біршама жетілдірілген. Олардың маз-
мұны тӛмендегідей болып келеді: 1) Ӛлеңнен теңеу және балама мағына-
сында қолданған сӛздерді табыңдар. 2) Теңеу (салыстыру) ретінде қолданыл-
ған сӛздерден балама мағынасын беретін сӛздердің бір-бірінен қандай
айырмашылығы болатынын мұғалімнің кӛмегімен анықтап беріңдер.
4
т.б.
Оқулықта әдебиет теориясынан эпитет туралы ұғым қалыптастыру кӛзделген.
Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиевтің авторлығында бұл оқулық
1995 жылға дейін ӛзгеріссіз беріліп келді.
6-сыныпқа арналған Қ.Бекхожиннің құрастыруындағы әдебиеттік оқу
кітабы 1941 жылы жарық кӛрді
5
. Оқулық — оқушының басты білім алатын
құралы. Сондықтан оқулықта оқушы орындайтын тапсырмалардың дұрыс
құралуында үлкен мән бар. Сұрау-тапсырмалар арқылы оқушы білімін,
білігін, сӛйлеу тілін дамытады. Әдебиеттік оқу курсы ретінде орта буында
оқушылардың кітаппен тығыз қарым-қатынаста болуы керек-ақ. Оқулықта
осы мәселелерді жаттығулар арқылы ұтымды шешуге талаптанған. Кітапта
1
Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1960. Б 3-4.
2
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1956. Б
149-152.
3
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1957. Б
150-153.
4
Сонда 94-95 б.
5
Бекхожин Қ. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1941. Б 110-111.
33
сондай-ақ шығармаларда кездесетін мағынасы ауыр сӛздерге түсіндірме
сӛздік берілген.
6-сыныпқа арналған бұл оқулық 1941-1951 жылдары қайталап шы-
ғарылып отырған. Бірақ қанша рет қайталанып басылғанымен мәтінмен
жұмыс істеуге керекті әдістемелік талаптар жетілдірілмей кӛбінесе ӛзгеріссіз
қалып отырған. Осыдан кейін 1952 жылдан бері қарай жаңа авторлардың
құрастырумен шығарылған (авторлары Ш.Ахметов, Ш.Амановтар) оқулық-
тың да ілгеріде айтылған оқулықтан ерекше ӛзгеріп, педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік талаптарға сәйкестенгендігі аңғарылмайды.
1
Сұрақтар мен тапсырмалар беруде, мәтінмен жұмыс жүргізуде белгілі бір
қалыптасқан сарын сақталған.
2
Аталған оқулық 1952-1962 жылдары қалыпты
шығарылып тұрған /174-183/. Әр ӛлеңнен кейін қысқаша сӛздік келтірілген.
1989 жылы бұл оқулықтың авторлар құрамы (Ш.Ахметов, Р.Құтқожина
болып) ӛзгертіліп, қайта басылып шықты. Орта буын сыныптардың
ӛзгертілуіне байланысты, ендігі жерде 7-сыныпқа ұсынылған.
3
Оқулықтың
жаңартылып шығуында ілгеріде айтылған олқылықтар сол қалпында
берілген. Аталған оқулықта оқу материалы бағдарламаға сәйкес қосылған.
Бұдан кейінгі бір кӛңіл аударарлық оқулық — 7-сыныптың «Әдебиеттік
оқу» кітабы. Бұл кітап Ш.Кәрібаевтың авторлығымен 1940 жылы жарық
кӛрген.
4
Оқулықтағы сұрау-тапсырмалар оқушыларды ізденіске, шығарма-
ның ішкі ӛзегін түйсінуге оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, баланың
сезім мүшелерінің (кӛру, есту, иіскеу) қатыстылығын мазмұнды меңгеруге
итермелейді. Мұғалімге де біршама әдістемелік бағыт-бағдар береді.
Сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларда бала қиялын ұштауға
арналған жұмыс түрі байқалады. Осы айтылған жұмыстардың негізінде
баланы мәнерлеп оқу дағдысына орынды түрде бағыттайды. Кейін де бұл
оқулық Ш.Кәрібаев, Н.Ғабдуллиннің авторлығымен шыққан.
5
1989-90 оқу
жылында орта буын сыныптарының ӛзгеруіне байланысты осы оқулық ӛңде-
ліп, толықтырылып 8-сыныптікі делініп ұсынылған.
6
Енді бір тоқталып айта кететін оқулық — 1993 жылы «Рауан» баспа-
сынан жарық кӛрген 8-сынып оқулығы. Авторлары: Н.Ғабдуллин,
С.Мақпыров, Г.Құрманбаева.
7
Жаңа әдебиет бағдарламасы негізінде «Жаңа
буын» оқулықтары
1 Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1952.
Б 143-162.
2 Сонда, 147 б.
3 Ахметов Ш., Аманов Ш., Құтқожина Р. Әдебиет оқу кітабы. 7-класқа арналған
оқулық-хрестоматия. Алматы: Мектеп, 1989. Б. 26-31
4
Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 7-класқа арналған. Алматы: 1940.
5
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1986.
6
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1991.
7
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1989.
34
жазылды. «Атамұра» баспасынан «Жаңа буынның» 5-сыныпқа, 6-сыныпқа
арналған оқулықтары жарық кӛрді. 5-сынып оқулығының авторлары:
Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиев, Г.Құрманбаева, Ш.Беркімбаева.
1
6-сынып оқулы-
ғының авторлары: К.Ісламжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал.
2
Әрине, ӛткен уақыт, бұрынғы талап-сұраныс тұрғысынан қарағанда, бұл
бағдарлама мен оқулықтар, бағдарламадағы қалыптасқан жүйе кӛп игілікті
істі тындыруға мұрындық бола алды.
Орта буындағы «Әдебиеттің оқу» оқулықтары
1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |