«Жеті қат жер», «жеті қат аспан» деген ертеден айтылып келе
жатқан ұғымдар. Аспан мен жер қабатының ғылымдағы атауы мен ерек-
шеліктері зерттелмей тұрып-ақ, халық табиғат ерекшеліктерін зерделей
алғандығын ақын халқымыздың ұшқыр қиялы мен даналығына жориды. Ата-
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -213 б.
165
бабамыздың «ертеңін ергегісінде» болжаған парасат, пайымына сүйсінген
ақын, халықтың ғылым мен ӛркениет жолындағы қарым-қабілетінің молды-
ғына сенеді.
«Барлығы да сендердікі» ӛлеңі ақынның кейінгі ұрпаққа қалдырған
ӛсиет-аманаты деуге болады. Ӛлеңде ақынның айтпақ ойы ашық, бүкпесіз
тура мағынасында берілген. «Ӛмір, қоғам, заман, дала, қала» – ата ұрпақтың
болашаққа қалдырған мұрасы. Ақын ӛлеңінің ӛзегінде «жаңа атқан таң нұры»
– болашаққа сүйіспеншілігі сезіледі, сонымен бірге сенім жүктейтіні де
аңғарылады. «Болашақты жалғау үшін болашақ» үлкен жауапкершілік
керектігін танытады. Ақынның айтпақ ой алғашқы тармақта-ақ ашық
ұсынылған.
Мектепте оқылатын шығармалардың тақырыптық қырлары. Әр
шығарма ӛзіндік даралығымен ерекшеленеді дедік. Аталған сыныптың ӛзінде
оқытылатын ӛлең мәтіні бір-біріне ұқсамайды. Жанры, тақырыбы жағынан
ұқсас шығарманың ӛзі айтпақ ойы, құрылымы, тілдік ерекшеліктері жағынан
алуан түрлі болып келеді. Мәселен, 5-сыныпта М.Жұмабаевтың бірнеше
ӛлеңі берілген. Автордың әр ӛлеңі ӛзіндік болмысымен дара. Ақынның
«Қысқы жолда» атты ӛлеңі сыртқы формасына қарағанда табиғат
лирикасына жататын сияқтанғанымен, ішкі мазмұны мен құрылымы біршама
күрделі. Авторлық ұстаным айқын кӛрінбейді.
Ӛлеңнің композициялық құрылымына талдау жасай отырып, тақырыбы
мен идеясын айқындауға болады. Ӛлеңнің алдыңғы фонына мекеншақ
ұғымы шығады:
«Қараңғы түн» → «сары дала» →«Жолды басқан құр сорап».
Келесі кезекте желдің образы іс-әрекет түрінде айқындалады.
166
Келесі кезекте жолаушының жай күйі сипатталады:
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт-борт желеді...
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Кӛрінген бір жарық жоқ,
Босаңсыды Қаракӛк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып.
Қаларын кім біледі?..
1
Ӛлеңде қаһарлы қыстың сипатын ашатын «боран», «ызғарлы жел»,
«суық кебін» сияқты тіл бірліктері кездеседі. Ӛлеңде авторлық ұстанымды
меңзейтін «сары дала» тіркесі ерекшеленеді. Қыс пейзажына сәйкеспейтін
сияқтанған «сары дала» ұғымын оқушының ӛз түсініктеріне салып кӛру
автордың ойын тануға жетелейді. Қазақ ұғымында «қоңыр», «қара», «ақ»,
«сары», «сұр» сӛздерінің концептуалды мағынасы мен қызметі ескерілуі
керек. М.Жұмабаевтың «Сағындым» ӛлеңіндегі оймен сабақтастыру тиімді
болмақ.
М.Жұмабаевтың 6-сыныпта оқылатын «Қазақ тілі» ӛлеңінің мәтінін
талдауда қабылдаушыны, яғни оқушыны алдын ала даярлау қажеттігі
танылады.
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қайрылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқақ жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық кӛрмей жатса да ұзақ, кең тілім,
Таза, терең, ӛткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -147 б.
167
1913 жылы жазылған ақынның бұл ӛлеңінде Ресей империясының
отарлық билік жүйесіне наразылығы айқын танылады. Қазақ жерінің орыс
мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақ жерінің талан-таражға түсуі,
Ресейлік әскери монархияның басқару жүйесі қазақ елінің еркіндігі мен
ӛзіндік билігінен айырып келе жатқандығы ақынның кӛкірегіндегі шердің
ұлғайып, жан айғайы мен ащы зарының шығуына себеп болады. Азаттық
идеясы Мағжан Жұмабаев шығармаларының басты ӛзегін құрайды. Жоғары
сыныпта оқытылатын ақынның «Батыр Баян» поэмасының идеясы бұл
ӛлеңмен тікелей қабысып жатыр. Әрине, 6-сыныптың оқушыларына бір ӛлең
кӛлемінде ақынның азаматтық толғанысын танып, шығарма астарындағы
азаттық идеяны жете түсіне алады деу қиын. Мағжан шығармашылығы
монографиялы оқылатын жоғары сыныптың ӛзінде ақын шығармаларының
табиғаты мен қайраткер азаматтың болмысын тану оңайға соқпайды.
Ӛлеңдегі жекелеген сӛздерді таңба ретінде танып, оған герменевтикалық
талдаудың тәсілдерін пайдаланғанда ғана аталған ӛлең ӛз ойын оқушы
санасында сәулелендіре алады.
Ӛлең мәтінінің алғашқы үш шумағында бірнеше ұғымдарға оқушы
зейінін аударып, ӛз таным, түсінігін айқындау қажеттігі туындайды. Мәселен,
«Күш кеміді, айбынды ту құлады» деген тармақта ақын нені меңзейді?
Қандай күш туралы сӛз етіліп отыр, ақын қай туды айтып отыр?
Келесі тармақтағы ойға нысан болып отырған кім? «Ерікке ұмтылған
ұшқыр жаны кісенде деген тармақтағы ақын ойын қалай түсінесің?» деген
сауалдар арқылы оқушы ойын түсіну ӛлеңнің идеясын айқындауға жәрдем
етеді. Кӛркем шығарманы тану мен қабылдауда оқушының дүниетанымы,
ұстанымдары мен кӛзқарастары ерекше рӛл атқаратыны белгілі. Негізінен
кӛркем мәтінді талдап танудағы іс-әрекет те осы мәселеге тӛңірегіне
шоғырланады. 20-жылдарда жазылған шығармаларда жиірек ұшырасатын
ерекшелік мәтін астарына ой бүкпелеу, астарлай айту, оқырман танымына
жүгіну тәсілдері болып есептеледі. Бұндай ерекшелік М.Әуезовтің осы
жылдардағы шығармаларында да молынан ұшырасады. Автордың
дүниетанымы мен дәуірі, құндылыға мен бүгінгі оқырманның әлеміндегі
байланысты зерделеу амал-тәсілдері болғанда ғана мәтінді ұғыну
мүмкіндіктері туады. Ӛлеңнің алғашқы шумағындағы ой келесі тармақтарда
да ұласады. «Қыран құстың қос қанаты қайрылды» мен «Күндей күшті,
күркіреген ел тынды» деген тармақтарды алғашқы шумақтағы ойдың дамуы
ретінде қабылдауға болады. Ал, «Асқар Алтай – алтын ана» метафоралық
қолданысы ақын дүниетанымын кӛрсетеді.
Кӛптеген аңыздарда Алтай Түркі әлемінің кіндігі саналатыны белгілі.
Алтайдан тараған ел бүгінде басқа құрлықтарға да қоныстанған деседі. Бұл
түркі тілдер тобына жататын елдерге қатысты, жан-жаққа тарап кеткен
елдердің ортақ белгілеріне қатысты айтылғаны байқалады. Келесі «Алтын
Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -91 б.
168
немесе «Тарап кеткен балаларыңды баурыңа», «Ақ қолыңмен тарта аларсың
сен, тілім!» деген тармақтардағы ой да ақынның мақсат-мүддесін айқындай
түседі.
Ӛлеңнің тақырыбы туған тілге қатысты деп қана тану ақын ойын терең
түсінбеуге соқтырады. Мағжан Жұмабаев шығармаларында кең ауқымда
кездесетін азаттық, азамматтық мүдде, елдік арман идеялары бірнеше
шығармасын қатар алып, сабақтастыра отырып талдауды қажет етеді.
Ӛлеңдегі «жауыз тағдырдың» талайына жұтылып отырған «Ерлік, елдік,
бірлік, қайрат, бақ, ар» сияқты концептуалдық ұғымдар да ӛлең шумағында
кездейсоқ аталып ӛтуі біздің осы кӛзқарасымызды дәлелдей түседі.
Сондықтан ӛлеңді оқушы жете түсініп, ӛзінің таным, түсінік деңгейінде
қабылдай алсын десек, оқулыққа ұсынылатын әрбір шығармаға жіті кӛңіл
бӛліп, мұғалімнің ӛзі ӛлең мәтінін алдын ала талдау қажет. Оқушы
дүниетанымына сай келер, келмесін бағдарламай, бүгінгі күні ӛзекті болып
отырған қазақ тілі мәселесі кӛтерілген екен деп қана аталған ӛлеңді оқулыққа
енгізу ағаттық болған болар еді.
Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» ӛлеңінде атамекен, туған жерге деген
ыстық сезімі, елжанды жүрегі, танылады. Туған жерге, асыл жарға, ата-анаға
деген сүйіспеншілік сезімді бар шынайы болмысымен жеткізу ӛлеңнің асқан
шебері Мағжанға тән құбылыс. Ӛлеңдегі негізгі кӛркемдік тәсілдің бірі –
синтаксистік қайталаулар. «Неге екенін білмеймін – сол (анамды, жарымды,
елімді, Арқамды)» сүйемін деу арқылы ақын оқырманына «адамзат ӛз
мекенін, туған жерін, ата-анасын, жарын не үшін сүйеді?» деген түйінді ой
тастайды. Сүю үшін ең бастысы ӛзіңнің етене жақының болу, туған, тӛл
дүниең (елің, жерің, тілің) болуының ӛзі жеткілікті екендігін меңзейді.
Жұлдыздай жарқын, жалынды ғұмырында бар мақсат-мұраты елінің
азаттығы мен ӛркениетін кӛру болған Мағжан ұлтының болмысы мен
тұрмыс-тіршілігіне толғанады. «Ұйқы басқан қабағын», «жүрген ескі
заңымен», «жалқаулықты жар кӛрген» қазақтың бейқам тірлігі мен мінез-
құлқы елінің ертеңін ойлаған азаматты туған халқының мүддесі жолындағы
күрестерге жетелейді. Мағжан ӛлеңдеріндегі Отанға ғашық сезім, тасқынды,
тегеурінді азаттық үн кӛпшілікке арналады. Ӛлеңде «сары дала», «мәңгі ӛлік
сахарасы», «сұп-сұр кӛр» тәрізді кӛркем сӛз образдары ӛлеңнің идеялық
астарын айқындай түседі.
Ал осы 7-сыныпта оқылатын ақынның «Толқын» ӛлеңі табиғат лирика-
сынан алшақ. Толқын сӛзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің
ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіретіні белгілі. Жалпы толқын ол
ауа толқыны болсын, шаш толқыны болсын, дыбыс толқыны болсын,
ырғақты, қозғалысты білдірсе керек. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын
ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын» – қозғалыс перзенті, ал ӛмірдің ӛзі
қозғалыстан тұрады. Ақын ӛлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап,
ӛмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, ӛмірдің ӛзгермелігін, ӛмір жолындағы
жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның
болмысы мен сезім-күйін ӛлеңнің мағыналық астарын әдіптейді. Алдыңғы
толқынның ӛмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы – заңдылық.
169
Ӛлеңнің идеялық ӛзегінде ӛмір философиясы бой кӛрсетеді. Ӛлеңнің
композициялық құрылымы ерекше. Ақын ӛмірдің бар болмысын толқынның
тууы мен ӛлуі арасына тізбектей отырып кӛркем безендірген. Ӛлең
композициясында ақын үн үйлесімін аллетерациялық тәсіл арқылы шебер
берсе, ӛлең ырғақ, ӛлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген.
Анафоралық қайталаулар мен паралелизм ақынның салмақ түсіретін ойын
ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» ӛлеңінде терең толғанысты,
әуезді әсем сурет жасаған.
Осы орайда мектеп бағдарламасына енген бірнеше ӛлең мәтініне түсінік
беріп кӛрейік. 6-сыныпта оқылатын С.Сейфуллиннің «Дала» ӛлеңі жаңа ӛмір
жастарына арнау ретінде жазылған. Дала – қазақтың киелі құт мекені. Дала
халық ұғымында кеңдіктің, ырыс, несібенің, еркіндіктің символы. Сәкен
Сейфуллин «Далада» ӛлеңінде «алты жасар асауды ұстап мініп» ой қиялымен
даланы дүбірлетеді. Кӛсілген дала еркіндіктің бейнесі болса, асау тұлпар
еркін де қайсар рухтың бейнесін сипаттайды. Ақын ӛлеңіндегі ой үш
детальға (ұғымға) тоғысады. Олар: дала, асау тұлпар және ақынның
лирикалық қаһарманы. Ақын ӛлеңде дала «жаңғырады», «дүбірлеп
күңіренеді», асауды «орғыды», «осқырды», «зымырап құлашын керді»,
«кӛздері оттай» деген сӛздермен бейнелейді. Ақынның лирикалық қаһарманы
еркіндікке құлшына құлаш сермеген жалынды жас. Ол кең даланы күңірентіп
ән салады. Әніне барлық дала «Аққу қазды шалқар кӛл,
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен күңіренеді, үнге қосылады.
Ӛлең астарлы оймен жазылған. Ақынның даласы – еркіндіктің бейнесі,
асауы – еркін рухтың, жалынды күрестің бейнесі, ал ақын әні – жаңа заман
үні. Жаңа заман үні «әділдік, теңдік іздеген», «еркіндік, кеңдік іздеген»
«кӛкірегі жанып, бақыт іздеген» жастарға: іні, қарындастарға арналады. Ақын
бақыт жолының бұралаңын, күрделі де қиын жол екенін білдіре тұра, сол
қиындықты қайратты ер жастардың ғана жеңіп шығатынына қалтқысыз
сенеді. Ерік, махаббат, бақыт жолындағы жастарды бірлікке шақырады.
6-сыныпта Қасым Аманжоловтың «Алатау» ӛлеңі берілген. Ақын
шығармашылығында туған жер тақырыбы ерекше мәнге ие. Туған жердің
қасиетін тану, тебірене жырлау Қасымдай еліне шексіз беріліп, қалтқысыз
қызмет еткен тұлғаға тән қасиет. Ӛр тұлғаның асқар тауды жырлауы да
тосын емес. «Хантәңірі», «Алатау» ӛлеңдерінде ақын ӛрлікті, асқақтықты,
табиғаттың еңселі ерек болмысын ардақтайды. «Алатау» ӛлеңінде ақын
табиғаттың сұлу перзенті Алатаудың қадыр-қасиетін туған елмен
байланыстыра суреттейді. Алатау кӛркімен кӛз сүйсіндіріп қана қоймай,
елдің аспаны мен жеріне сән беріп, Қазақстандай кең құлашты мекеннің
тӛрінде кӛркем шаңырағы болып тұрғандығын елестетеді. «Алатау – айдын
дала қариясы, Кӛтерген тӛбесіне ӛз баласын» деп табиғаттың оқшау
жаратылған перзентін кӛпті кӛрген кӛнекӛз қария ретінде ерекшелейді. Ӛр
тұлғалы, тәкаппар келбетті Алатау-қария елге қазыналы «дастарханын»
жайып ырзық несібе беріп отырғанын аңғартады. Ӛлеңде кӛркемдік
айшықтаулар мен алмастыра қолданылған сӛздер кездеседі.
170
Бұдан ӛзге Қасым Аманжоловтың 8 сыныпта оқылатын «Ӛзім туралы»
ӛлеңі – кӛп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл ӛлеңді шығарма-
шылығының кемелденген тұсында жазған. Белгілі сыншы-ғалым Бекен
Ыбырайым ӛлеңнің 1948 жылдардан бастап жазылғанын, оған дейін ақын
үнемі ӛз шығармашылық жолына сын кӛзімен қарап, жетілдіру үстінде
болғандығын жазады. Кӛрнекті әдебиетші Есмағамбет Ысмайловтың «Ӛзім
туралы» аяқталмаған ӛлең, ақынның философиялық поэма жазу мақсатынан
туған шығарма екендігі туралы ойларын келтіреді.
«Ӛзім туралы» ӛлеңі автордың ӛз тағдыры туралы ойларынан басталып,
кең арналы тақырыптарды кӛтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ
парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі
жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, ӛткінші ӛмір, уақыт
мәселесі, ӛшпес ӛнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер
ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда кӛркем сӛз образдары-
мен шебер ӛрілген.
Ал Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» ӛлеңінің табиғаты ӛзгеше.
Оқушыларды кӛбірек ұлттық ӛнерге бағыттайды. Қазақ халқының рухани-
эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен қол ӛнері, ою-ӛрнегі ұлттық
құндылықтың бірі. «Әжелер мектебінің» ӛрнекті, зерлі сабағы болып
ұрпақтан ұрпаққа жалғасты болған түскиіз, сырмақ, текемет сияқты бұйым-
дардың күнделік тұрмысымыздан алшақтауына бүгінгі тұрмыс-тіршіліктің
тынысы да себепкер.
Ұлт мәдениетін айқындайтын қазақтың осындай қолӛнері ақын шығар-
масына ӛзек болған. Ӛлеңнің ӛн бойынан ұлттық ӛнерге деген құрмет пен
ақынның әжесіне деген ыстық сезімі, махаббаты да айқын танылады. Әр
ғасырдағы сан түрлі талап, талғамдардан сүрінбей ӛткен қазақы асыл
ӛрнектің астарына ақын үлкен мән береді. «Сүрінбей ӛте алар ма
ғасырлардан, Әжемнің оюындай жыр-ӛрнегім!» – деп нағыз асыл ғана уақыт
сынынан сүрінбей ӛте алатынын мойындайды, ақын ӛз шығармашылығына
биік талап қояды. Ақынның қиялына қанат бітіретін, шабыт сыйлайтын
бабалар жолы, ұлттық құндылықтар. Ақын ӛлеңінде нағыз ұлттық нақышты
жыр, халқын, елін сүйген жаннан ғана туады деген де астарлы мағына бар.
Алты шумақты, қара ӛлең ұйқасымен жазылған ӛлеңнің тілі жеңіл, ақын ойы
кӛркем айшықты.
Орта мектеп бағдарламасында ӛнер тақырыбын, соның ішінде қазақтың
ұлттық қол ӛнері, саят ӛнерін қамтыған шығармалар енген. Абайдың
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңі де ӛнер тақырыбына арналған.
Оқу-білім, ӛнер тақырыбы қай ғасырда болсын ӛзектілігін жоймайтын
мәңгілік дүниелер екені белгілі. Мектеп бағдарламасында кең орын алған
тақырыптың бірі оқу-білім мен ӛнер тақырыбы. Әсіресе Абай шығармалары
арқылы аталған тақырып кең қамтылған. Оның ӛзіндік себебі де жоқ емес.
Абай ӛмір сүрген кезеңде оқу-білім, ӛнер тақырыбын қозғау аса маңызды еді.
Қоғамдық сананы ояту Хакім Абайдың ең биік мақсатының бірі болды. Абай
«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ӛкінішті кӛп ӛмір кеткен ӛтіп»,
171
«Біреуден, біреу артылса», «Білімдіден шыққан сӛз», «Ӛлең – сӛздің патша-
сы», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек
үшін», «Ӛзгеге кӛңілім тоярсың», «Кӛңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,
«Құр айқай бақырған», «Құлақтан кіріп, бойды алар» сияқты ӛлеңдерінде
оқу-білім, ӛнер тақырыбын тереңнен қозғады.
Абай кӛптеген шығармаларында ғылымның мәнін ашып кӛрсетеді, яғни
«Ғылымсыз дүние жоқтығын», ғылымның «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» екендігін
баса айта отырып, оған жетудің жолдарын да ұсынады. Ғылымға жетудің бір
жолы — талап, еңбек екендігін
«Еждиһатсыз, михнатсыз,
Табылмас ғылым сарасы» немесе:
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» — деп баса айта отырып, мақсатқа бағыт-
талған еңбектің ғана жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі
мақсат — алған білімді ӛзіңе ғана жарату емес, сол үйренгеніңді басқаға да
үйрету, яғни Абай сӛзімен айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің
бәрі — тұл» — немесе — «Ӛзің үшін еңбек қылсаң, ӛзі үшін оттаған хайуан-
ның бірі боласың...», «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның
баласы — бауырың» деп ӛнер, білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны
келешек ұрпақ мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. «Ғылымды ақиқат мақсатпен
білмек үшін үренбек керектігін» баса айтады. Абай «Ғылым таппай
мақтанба» ӛлеңінде адамгершілік қасиеттерді:
«Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, кӛнсеңіз» — деп екі жікке бӛле отырып, саралап
кӛрсетеді. Бұлар адамшылықтың екі жағы, адам қасиеттерінің екі қыры
іспетті. «Адамшылықтың алды — махаббат, ғаділет, сезім. Бұл ғаділет,
махаббат, сезім кімде кӛбірек болса, ол кісі — ғалым»— деп, ақын ғылым
жолында да адамшылықтың жетекші екендігін аңғартады.
Адам жаратылысында жақсылықтың да жамандықтың да дәні бар.
Адамның ӛзін сынға алуы, бойын билеуі — жақсылыққа жетудің де кепілі.
Сондықтан да Абай:
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бӛлек» – дейді. Ақын үшін ар, иман, әділет
маңызды. Абай оқу-білім, ӛнер үйрену ӛмір атты құрылыста «кетігін тауып
қаланудың» бірден-бір жолы деп біледі.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған ӛнер емес,
Еңбектің бұдан ӛзге бәрі жалған, – деп, жастарға ӛнегелі жол сілтейді.
Абай ӛнер түрлерінің ішінде сӛз ӛнерін ерекше қастерлейді.
172
Ӛлеңге қойылатын биік талап пен талғамды «Ӛлең – сӛздің патшасы,
сӛз сарасы» дей отырып, алғаш ӛлеңнің «қиыннан қиысқан» үздік ӛнер
екенін саралап кӛрсетеді. «Қазаққа ӛлең деген бір қадірсіз» деп, сол заман-
дағы ӛнерді мал табудың амалына айналдырған топты сынайды.
«Туғанда дүние есігін ашады ӛлең,
Ӛлеңмен жер қойнына кірер денең.
Ӛмірдегі қызығың бәрі ӛлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең», – деп ән құдіретін асқақтатады.
«Мақсатым – тіл ұстартып, ӛнер шашпақ, Наданның кӛзін қойып, кӛңілін
ашпақ» деген ақын, ӛнер-білім туралы терең таным мен тың ой-түсінік
қалыптастырды, үлгілі ӛрнек қалдырды.
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде оқу-білім
тақырыбын кеңіте түседі. Абай ғылым, білімді адамшылықтың негізі ретінде
таныта отырып, кемел адам болу (толық адам) идеясын ұсынады. Абай ӛзіне
дейінгі шығыс ғылымында белгілі болған адам болудың философиялық
негіздерін түсіндіреді. «Мұны жазған білген құл – Ғұламаһи Дауани» деп
шығыс ғұламасына сілтеме жасайды.
«Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңінде ғылымның қоғам мен адам
ӛміріндегі мәнін «дүние де ӛзі, мал да ӛзі» дей отырып, оған жетудің
жолдарын ұсынады. Ғылым жолында мақсатқа бағыттылған еңбектің ғана
жеміс беретінін айқындай түседі. Ғылымға жетудегі мақсат — алған білімді
ӛзіңе ғана сіңіру емес, сол үйренгеніңді басқаға да үйрету, яғни Абай сӛзімен
айтқанда: «Біреу білмей, сен білсең, Білгеніңнің бәрі — тұл» – деп ӛнер,
білімді үйренудің қоғамдық мәнін ашып, оны келешек ұрпақ мүддесі
тұрғысынан түсіндіреді.
Абай Құнанбайұлының «Адамның кейбір кездері» ӛлеңі – ӛнердің
сиқырлы жаратылысы жайлы толғам. Абай – сӛз ӛнерін терең зерттей айтқан
ақын. Ӛлең – сӛздің патшасы, сӛз сарасы...», «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек
үшін», «Біреудің кісісі ӛлсе, қаралы – ол» сияқты бір қатар ӛлеңдерінде ақын
ӛнер құдіретін зерделейді. Ӛлең жылтыр сӛзбен ғана шырайлы болмайтынын,
әділет пен шынайылықты жеріне жеткізе айтқанда, құнарлы ой «сырты
алтын, іші күміс сӛз жақсысына» айналғанда ғана ел кӛкейіне қонатынын
түсіндіреді. Абай «Адамның кейбір кездері...» ӛлеңін шабытының шырқау
кезі 1886 жылдары жазған. Кӛркем сӛз табиғатын түйсінген ақын шығарма-
шылық тұлғаның бірнеше қасиетін бағалайды. Ақынның ар таразысы – әлілет
пен ақылы. Ақын қоғам ісіне кӛкірек кӛзімен қарап, халықтың арман-тілегін,
мұң-зарын жеткізе алуы керек. Ақын заман абызы сияқты. Арғы-бергіні
болжау, дӛп түсіп айту – тек ақындық шабыт қана емес, әділет пен ақыл
жемісі. Ақынға жүректің кәусар тазалығы да қажет, рухтың алмас қылыштай
ӛткірлігі де қажет деген ой түйеді. Ақын ӛлеңнің туу сәтін бойдан ӛткізіп,
түйсіндіре сипаттай отырып, ақындықты «тәңірінің берген» кемел ӛнері деп
таниды.
Мектеп бағдарламасында Абай шығармашылығынан қамтылған ӛлең-
дердің біразы адамдық мұрат, «толық адам» тақырыптарын тереңдете түсе-
тін сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған жоқтау ӛлеңдері. Абай сүйікті ұлы
173
Әбдірахманға бірнеше ӛлең арнаған. «Я, кұдай, бере кӛр...», «Алланың
рахматын...», «Тілім саған айтайын...» ӛлеңдері айықпас дертке шалдыққан
ұлына тағат таппай қиналғанда хат түрінде жазылған. Ӛлең ӛзегінде әкенің
үміт, қайғы, зар үні қатар ӛріледі. Ал, «Кешегі ӛткен ер Әбіш...», «Тұла
бойың ұят-ар едің...», «Талаптың мініп тұлпарын...», «Арғы атасы қажы
еді...», «Жиырма жеті жасында...», «Орынсызды айтпаған...», «Бермеген
құлға, қайтесің...» сияқты ӛлеңдері ӛмірден ерте үзілген сүйікті ұлының қаза-
сына айтылған әке азасы, жоқтау ӛлеңдері деуге болады. Әбдірахманға ар-
налған бұл ӛлеңдердің мағыналық ауқымы жоқтау ӛлеңдерінен әлдеқайда
кең.
Автор ӛлеңде ӛз баласы дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын,
күйінішін ғана жеткізіп қоймайды, адам бойындағы асыл қасиеттерді
барынша жарқырата кӛрсетеді. Білімге құштар, талапты жастың ерте қиылып,
жарқын істердің, халық игілігіне қажет дүниелердің ӛліп бара жатқанын
күйіне жырлайды. Ақын Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына сиятын
барлық қасиеттерді кӛреді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін
«қайрат», «ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді.
Әбдірахманның «жүрегі жылы», «бойы құрыш», «туысы жаннан бӛлек-ті»,
«ғылымға кӛңілі зерек-ті» дей отырып, ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел
екендігін танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі
толғанысы мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі.
Абай Құнанбайұлының «Талаптың мініп тұлпарын» ӛлеңі Әбдірахман
қазасына арналған ӛлеңдер топтамасына жатады. Автор ӛлеңде ӛз баласы
дүниеден ӛткен сәттегі ауыр қайғысын, күйінішін ғана жеткізіп қоймайды,
адам бойындағы асыл қасиеттерді барынша айқын кӛрсетеді. Білім жолын-
дағы жастың жетекшісі – талап. Талапты жастың еңбекқорлығы қажыр-
қайраттың беріктігінде болса, адами қасиеттері әділетті сүюінен, ақыл,
парасатының кемелдігінен деген ой қорытындысына жетелейді. Ақын
Әбдірахман бойынан «толық адам» қалпына жататын барлық қасиеттерді
кӛрсетеді. Адам барлық қасиетімен кемел, толық болуы үшін «қайрат»,
«ақыл», «жүрек» бірлігінің болуы шарт деп түсіндіреді. Әбдірахманның
«жалғандыққа ермеуі», «кӛкірегін кермеуі» жүректегі иманның бекемдігінде
деген түсінік тудырады. Ақын Әбіштің бар қасиетімен кемел екендігін
танытады. Әбдірахман тұлғасының кең ашылуы, ақынның ішкі толғанысы
мен қайғы қасіретінің терең екендігін айқындай түседі.
Абайдың 1889 жылы жазылған «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»
ӛлеңіндегі ой он жетінші қара сӛзімен мазмұндас. «Қайрат, ақыл, жүрек
үшеуі айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті» деп ақын үш қасиетті
ерекшелей отырып ӛзіндік болмысын ашады. Әр қайсысының ӛзіндік
қасиеттері бар. Мысалы ақылдың нұрлы болуы, қайраттың ыстық болуы,
жүректің жылы болуы «толық адам» болудың кепілі. «Жеке-жеке біреуі
жарытпайды», үш қасиеттің Абай айтқан нұсқасы кісіде қатар болуы
кемелдікке жеткізеді. Абай «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» дей отырып,
адамға шыдамдылықты, сабырлқты дарытатын қайрат және ыстық жүрек
бірігіп тұтасқанда ғана ғылымға қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды.
174
Алғашқы шумағы қара ӛлең ұйқасымен, кейінгі екеуі кезекті ұйқаспен
жазылған үш шумақты шағын ӛлеңде терең мағына, философиялық тұжырым
бар. Абай «толық адам» ілімін «Ғылым таппай мақтанба» сияқты білім,
ғылым тақырыбындағы шығармаларында және Әбдрахманға арналған
ӛлеңдерінде толықтыра түскен.
Мектеп бағдарламасында Абайдың махаббат лирикасынан бірнеше
шығарма қамтылған. «Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар»
дегеніндей ақын махаббат тақырыбын тың ӛрнекпен, кӛркем айшықпен,
ӛзгеше мағына бере жырлаған. Абайдың махаббат лирикасының жаңалығы
мол. Ақын ӛлеңдерінде қазақ аруының кӛркем бейнесін, образын сомдайды.
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында ӛрген бұрым»
ӛлеңдерінде қазақ қызының кӛркем портретін, сын-сипатын, болмысын
танытады. Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында
болатын сезім-күйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді.
«Қыз сӛзі», «Жігіт сӛзі» ӛлеңдерінде махаббат ләззаты кӛбірек жырланса,
«Қор болды жаным», «Сен мені не етесің?», «Жарқ етпес қара кӛңілім не
қылса да», «Мен сәлем жазамын», «Кӛзімнің қарасы» ӛлеңдерінде
махаббаттың азабы, тауқыметі, сағыныш пен күйініш сезімдері «қуатты ойда
бас құраған» шебер тілмен кестеленеді. Махаббатқа адалдық, қазақ әйелінің
жанының тазалығы, жігіттің саналы, тұрақты болуы ақын ӛлеңдерінің
идеялық мазмұнында айқын кӛрінеді. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
ӛлеңдері арқылы жастарға үлгі-ӛнеге, тәлім-тәрбие береді.
Абай лирикасында махаббат тақырыбы қазақ әдебиетінде ӛзіне дейін
болмаған дәлдікпен, терең психологиялық күйде, тың сипатта жырланады.
«Қызарып, сұрланып» ӛлеңінде құмарлы екі ғашықтың жай күйі қалтқысыз
қаз-қалпында, бастан кешкендей терең түйсікпен, сезімталдықпен жеткізіл-
ген. Махаббат жүректің ерекше күйі, жан ләззаты деп түйетін ақын, адам-
ның іс-әрекетін жүйелеп тұрған ақыл-ойдың да ұлы сезім – махаббаттың ал-
дында дәрменсіздігін кӛрсетеді.
«Жүйрік тіл, терең ой,
Сол жерде қайда едің?
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің!... – дейді Абай. Абайдың махаббат тақырыбындағы
ӛлеңдері құрылымы, құрылысы, ұйқас түрлері жағынан сан алуан болып
келген.
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» ӛлеңін Абай 1889 жылы жазған.
Абай махаббат тақырыбындағы ӛлеңдерінде адам басында болатын сезім-
күйдің алуан белгісі мен кӛріністерін шынайы суреттейді. Адам жаратылы-
сының құралмағы «екі нәрседен: бірі – тән, бірі – жан» деп түсіндіретін ақын
«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» яғни ғашықтық сезім жүрек күйі, жан
қажеті, «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол» деп екіншісін кӛбірек тән
қажетіне жатқызады. Ғашықтық «нұрына жан қуанатын», үміт үзілсе адам-
ның тұла бойын түгел дерт меңдегендей күй кешетін, ақыл-сананы, жан мен
тәнді түгел жаулайтын сиқырлы сезім екенін түйсіне жырлайды. Ақын
175
ӛлеңнің бастапқы, соңғы шумағын қара ӛлең ұйқасымен, екінші шумағын
кезекті ұйқаспен жазған.
Байқап отырғанымыздай мектеп бағдарламасына енген лирикалық
шығармалардың тақырыбы алуан түрлі. Тіпті бір тақырыптағы шығарма-
лардың ӛзін тануда, танытуда терең пайым мен ізденіс керектігі байқалады.
Лирикалық шығармалардағы пейзаж жанры.
Мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың ішінде бір
ғана пейжаздық ӛлеңдердің ӛзінің табиғаты бір-біріне ұқсамайтындай алуан
түрлі. Мәселен, 5-сыныптағы И.Байзақовтың «Жазғы кеш» ӛлеңі таза
пейжаз
1
. Кеш кӛрінісін тілдік бояумен салғаны айқын танылады. Шығарма-
ның ӛн бойында пейзаж кірпіш ретінде қаланады.
Кеш еді жаздың сұлу нұр тӛгілген,
Жібектей жерге жасыл гүл себілген.
Кӛк шатыр, Қызғылт теңбіл тақталанып,
Жерге кеп алыс аспан тӛңкерілген.
Шымқаған кӛкжиекте қызыл арай,
Кӛтерген күн шапағын қызыл тудай.
Тарауы сан жамырап, кӛкке самғап,
Серпілген кӛк теңізі әрмен қарай.
Иса Байзақов «Жазғы кештің» шапақты тууын «жасыл», «кӛк»,
«қызғылт», «қызғылт теңбіл» сияқты бояу ӛңдерінің атауымен кӛз алдымыз-
ға керемет кештің бейнесін әкеледі. Мұнда пейзаждық бейне түрлі бояулар-
мен, тұтас ӛлең мәтініне реңк беріп тұр. Оқушыларға пейзаждық элемент-
терді таныту, сӛзбен салынған суреттің бояуын сездіру үшін «Ӛлеңде қандай
түс кездеседі?» «Жиі ұшырасатын қай түс?», «Ӛлеңдегі бұлттың түсі
қандай?» деген сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Пейзажды нақты түстік
реңкімен тани алған оқушы бұлттың түсі «қызғылт» екенін тап басып айтары
анық. Ал дәл осы ӛлеңді сурет ӛнерімен ұштастырмауға болмайды. Дәл ӛлең
мәтініндегі сӛзбен салынғанды суретте тап басып таба білу, тіпті ұсынылған
кӛп суреттің ішінен ажырата алу қабілетінің ӛзі оқушылардың ӛнерді түсіне,
түйсіне алу қабілеттерін дамытқан болар еді.
Оылайша пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мӛлдір, терең сырларын, сӛздің
поэзиялық қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан,
шығарманың ішкі мазмұнын идеясын байытады.
Ал пейжаздық шығарма делінген Абайдың «Жазғытұры», «Жаздыкүн
шілде болғанда», С.Торайғыроватың «Шілде» ӛзіндік ерекшеліктерімен ӛзге-
ше. Осыған қарап-ақ пейзаж жанрының ӛзіне тән белгілерін тануымызға
болады.
Пейзаж кейде жаратылыстың кӛрінісін суреттейді, кейде кейіпкердің
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай
жағдайда болғанын кӛрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның тікелей
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -102 б.
176
дамуымен қатынаста болады. Қандай пейзаж болсын бір нәрсеге негізделіп
алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады. Мысалы
Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» ӛлеңінде жаздың әдемі кӛрінісін
суреттеумен қатар, адамдар әлемінің ӛмір тіршілігін қаз-қалпында кӛрсетеді.
Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған жағдайын
кӛрсету үшін де қолданылады.
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,– деген үзіндіде Махамбеттің жай-күйін
терең таныту үшін салыстырмалы түрде суреттейді.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» ӛлеңін алсақ, мұнда табиғат кӛрінісі
мен адам сезімі сабақтастырыла ӛрілген:
«Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп...
...Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа.
Ӛлеңдегі алғашқы шумақты оқи отыра кӛз алдымызға табиғаттық әсем
пейзажын елестетеміз.
Ӛлеңдегі кӛркем пейзажды құраушы элементтер: «Желсіз түн», «терең
сай», «арналы ӛзен», «жарық ай», «қалың ағаш жапырағы» т.б. барлығы
жанды әрекетте түн пейжазын кӛріктендіріп, адамның ішкі жан-дүниесімен
астасып, табиғат пен адам бір тұтастықта бейнеленеді. Осылайша оқушының
қабылдауына әсер етеді.
Кӛркем пейзажды беруде І.Жансүгіров шығармалары ерекше кӛзге
түседі. Ақынның мектеп бағдарламасына енгізілген «Ағынды менің Ақсуым»
ӛлеңінде ақынның туған жерге деген ыстық сезімі табиғаттың әсем бӛлшегі
болып отырған ӛзен суына да жан бітіре түскендей болады. Ақсу ӛзенінің
табиғи ерекшелігі ақын жасаған кейіптеу арқылы еркін ашыла түседі
1
.
...Тұнжыраған торғын түн
Тӛндім сұлу суына
Таңырқап тау, тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұныма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал
Шомылды таудың суына.
Таймаңдаған тайпақ ай
Желегі ме, туы ма!?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалақай қалды қылмиа.
Аспанда, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады...
1
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 7 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -72 б.
177
Итмұрыны мӛлдіреп,
Қабағын түйіп қоңыр күз.
Қарағай, қайың қалтырап,
Талда аңырап әнші құс,
Таста суыр тантырап,
Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырар сұлап, балбырап,
Даладан, таудан кӛшті нұр,
Салбырап, сам жамырап...
Тауды тұман бӛкселеп,
Ӛзен тӛлі жамырайды...
Бұл ӛлеңде шебердің назарына ілінген кӛркем детальдар «торғын түн»,
«тау-тас», «жұлдыз», «сүңгі тал», «тайпақ ай», «шарбы бұлт», «қалақай»,
«қайың», «итмұрын», «әнші құс», «суыр», «жапан қыр» т.б. «Жалғыз жазғы
бір кеште жағалаған жағасын» ақынның назарына ілінген кӛркем бейне
ақынның сезімімен жанды дүниеге айналады. Ақын кӛңіл-күйімен «жұлдызы
жымияды», «қалақайы қылмиса», аспандағы ай алтын құшағымен сұлу
«қайыңды құшады», қайың мен сәуле сүйіседі. Пейзажды жасауда суретші
мен кӛркем сӛз шеберінің нысанындағы заттық элементтер ортақ болғаны-
мен, әр шебер оны ӛзінше түрлендіреді, ӛзінше бояумен әрлейді. Кӛркемсӛз
шеберінің бояуы кӛркем бейне, кӛркем деталь. Кӛркем пейжаздың фонында
автордың ішкі әлемі, сезімі, ой-түсігі мен ӛзіндік құндылықтары бедерлене
түседі.
Ӛз шығармаларында пейзажды нысан етпейтін ақын-жазушы сирек.
Бірақ сол кӛркем бейнені беруде әр қаламгердің ӛзіндік ерекшелігі байқа-
лады. Мәселен, 5-сыныпта ақынның «Шілде» ӛлеңінде.
1
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай,
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң желіне тербетілді.
Кӛкмайса кӛзі ілініп тұрған сондай.
Асыл шӛп, жасық шықтың иісі аңқып,
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып,
Күлімдеп кӛктің жүзі кӛңілі шат:
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып..
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан
Айдың да ӛлеусіреп түсі қашқан.
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,
Бірі жоқ, тәмам жұлдыз бетін басқан...
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -143 б.
178
Жайылып тӛрге қарай таңның ағы,
Кӛрінді ауыл – ауыл маңайдағы.
Қарайып, ӛрген сиыр түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы.
Ыңыранып қой қотанда таңды кӛріп,
Күн шықса, жайылысқа кетпек ӛріп.
Тӛбеттер үй алдына жаңа жатты,
Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бӛліп...
Осы ӛлең шумақтарының әрқайсысында бір жанды қимыл-әрекет бар.
Енді ғана «кел, шық» деп сібірлеп атып келе жатқан таң бейнесін беруде
автор «торғайларға ән салдырып, бәйек қылса», «кӛзі ілініп тұрған кӛк
майсаны тербеп оятып», «шығар күн үшін кӛктің жүзін күлімдетіп, кӛңіліне
шаттық орнатса», «жердің буы мен кӛктің суының кӛкке қарай ұмтылуы»,
«қамыстар суда күйге билеп, құстар домбырамен ән салып» тұрса алғашқы
шумақтарда, енді «шығарын сұлу күннің сезгеннен соң» «мақтаншақ айдың»
түсі қашып, «тәмам жұлдыз бетін басқандығы» берілсе, келесі шумақтарда
таң атқаннан кейінгі ауыл кӛрінісі беріледі: «ӛрген сиыр», «жайылысқа ӛруге
дайын тұрған қотандағы қой» т.б.
Сонымен қатар пейзаждық бейнелерді беруде кез-келген ӛлеңде
болсын не прозалық шығармаларда болсын этникалық дәстүрден ауытқымай,
белгілі бір тұрмыс күйін суреттеуде ықпал етеді. Осы сӛзіміздің дәлелі
жоғарыдағы «Шілде» ӛлеңінің соңғы шумақтарында «таяқты, жалаң аяқ
шалдардың тұрып, үйге сүйкенген қойларды ұруы», «бір молданың шәугім
ұстап тысқа шығып, арба айналуы», «ауылдағы қисайған қос секілді қара
және дара үйге» «Әптиек» пен «Құрандарын» құшақтаған балалардың
жиналуы тұтас бір ауыл тұрмысының таңертеңгілік қозғалысын, әрекетін кӛз
алдымызға елестетіп отыр. Пейзажды құраушы заттық детальдарды кӛру бар
да, оның ӛзіндік белгісін тану бар. Мәселен, «жасық шық» деген бір ғана
заттық ұғымның ӛзінен терең мағынаны тануға болады. Неліктен басқа
эпитетті емес, ақын «жасық» сӛзін қолданған? Бұл сӛзді тағы қандай тіркесте
қолдануға болады? Жаздың түніндегі, әсіресе таң алдындағы шықтың
салқын болмай, жасық болуының ӛзі шілде айы түнінің қаншалықты жылы
екенін байқата түседі.
Ал С.Сейфуллин ӛлеңдерінде табиғат кӛбінесе кӛтеріңкі кӛңіл-күй
әсерімен суреттеледі:
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп ӛлеңдетіп.
Астымда ақбоз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақынның кӛтеріңкі кӛңіл-күйін ӛлеңнің ішіне ӛзі қосыла бойлай
отырып, «түн ішіндегі тау» арқылы, сонымен қатар «астындағы ақ боз
атының сылаң қағып, құлақтарын елеңдетуі» арқылы жеткізеді.
179
Лирик, кең құлашты ақынның 6-сыныптарға арналған оқулықта
берілген «Далада» ӛлеңінде пейзаж бейнелерін алты жасар асаудың мінезін
беруде салыстыра пайдаланған.
Ақырды асау-
Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау-
Дүбірлеп, күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Орғыды асау айнала-
Дүбірледі айдала.
Асаудың жүйіткіген мінезін әрі қарай жалғастыра отырып, ӛлеңнің ӛн
бойына автор ӛзі енеді:
Жаңғыртып кең даланы
Салдым күшті дауыспен ән.
Әніме қосылды: кең дала,
Аққулы-қазды шалқар кӛл,
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен...
Ӛлеңнің құрылысында асау – кең дала, ақын – кең дала, яғни негізгі
ойға оқырманды кең даланың ерке мінезін беру арқылы әкеліп отыр. «Жаң-
ғырған дала», «күңіренген дала», «қиырсыз дала», «дүбірлеген дала» барлы-
ғы да бір даланың әрқилы бейнесі.
Сәкен Сейфуллин ӛз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты
асқақтата жырлайды. Сондай-ақ ақынның «Ақсақ киік» атты ӛлеңінде
«Арқаның Бетпақ деген даласы бар» деп бастап сол даланың «ел жоқ, күн
жоқ» бейнесін, «ӛзенсіз, кӛлсіз» шӛл дала келбетін кӛрсетеді
1
.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел жайлау, ӛзен яки кӛл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Кӛгала бетегелі бел болмайды.
Енді енсіз жатқан айдаланы суреттеп, сол далаға бойлай ішкі
құрылысына тоқталып, сол даланы мекендеуші жан-жануарларға, атап айтсақ
шӛлдің тағылары құлан, киік жайлы ӛрбітеді:
Бетпақта елсіз-кӛлсіз ӛсіп-ӛнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шӛлге кӛнген.
Келесі шумақтарда шӛл даладағы шӛптермен таныстырса,
Бетпақтың кӛкпек, жусан, шӛбі сұйық,
Сол шӛпті қорек қылған байғұс киік.
Әрі қарай киіктің «қап-қара екі кӛзі мӛлдіреген, әдемі екі танау
желбіреген» деп кӛріктілігін суреттейді де, ӛлеңнің соңына қарай кеудесіне
мергеннің оғы тиген ақсақ киіктің бейнесі, яғни негізгі ой осымен
қорытылады да, жапанда жалғыз келе жатқан ақсақ киіктің мүшкіл халі мына
шумақ арқылы да аяныштылығын дәлелдей түседі:
1
Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық. А.,
Атамұра 2013. -158 б.
180
Қиырсыз, Бетпақдала... қураған шӛл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...
Ел қайда? Ел алыста – шулаған ел!
Мағжанның да стиль ерекшелігіне сай табиғат тақырыбындағы
ӛлеңдерінде ӛзіндік торығу, күйіну т.б. басымдығы назар аудартады. Атап
айтсақ, «Жаралы жан» ӛлеңінде ақын даланы ӛлікке балайды:
Сар дала бейне ӛлік сұлап жатқан,
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, ӛзенде жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Зерттеуші С. Қирабаев: «Қазақ даласының табиғатын Мағжан таза,
пәк күйінде кӛргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды.
Табиғатта адам сияқты кейде кӛңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да
оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жасыл шӛптер мен
асқар тау, балдан тәтті сулар кӛрсе, кейде сол даланы кебін оранған ӛлікке
теңейді. ...Олар да ойда, сезім де еркін, сыршыл, нәзік, мұңды кӛңіл күйі
аралас жүреді»,
1
- деп байқатады.
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Кӛк күңіренеді, мен де кӛктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған
Жер жүзіне нұр беремін, күн берем,– деп ақын ӛзін «таң», «күңіренген
кӛк», «қараңғылық», «нұр беретін күн» болып шығады соңында.
Байқап отырғанымыздай кӛркем сӛздегі пейзаждың атқаратын қызметі
әралуан. Ол бірде кӛркем шығарма мәтініне бояулық реңк ғана үстеп тұрса,
бірде алдағы орындалатын оқиғаларға оқырманын психологиялық тұрғыдан
дайындап отырады. Енді бірде автордың шығармаға деген ӛзіндік кӛзқарасын
беріп тұрады және мәтін идеясының тұтастай ашылуына арқау болады.
Сондықтан лирикалық шығармаларды оқытудың негізгі ұстанымдары
мен бағыттарын айқындай отырып, әр мәтінді талдаудың ӛзіндік жүйесін
жасау қажеттігі туындайды. Мұғалім мәтінді талдап тану арқылы автор
ойына, болмысына жақындайды. Сол арқылы оқушыларды да дұрыс арнаға
бағыттай алады.
Лирикалық шығармаларды оқытуда кіріспе жұмыстардың маңызы.
Лирикалық шығарманы оқыр алдындағы кіріспе жұмыстар әр тақырыптың ӛз
ерекшелігіне қарай талданып алынады. Кіріспе жұмыстың мазмұны оның
мақсатынан туындайды. Шығарманың ерекшелігі, ӛткен тақырыпқа байла-
ныстылығы, оқушының дайындық дәрежесі — түгел ескеріледі. Кіріспе
жұмыстардың формасы мен мазмұны да әрқалай болып келеді. Мысалы:
Мұғалімнің кіріспе сӛзі, сыныппен жүргізілетін әңгіме, тақырыпқа кіріспе
әңгіме, тақырыпқа қатысты сұрақ-жауап, анкета, экскурция, иллюстративті
материалдар мен кинофильмдер кӛрсету, әдеби-шығармашылық ой-толғау-
лар жазу, аудио мәтін тыңдату, үн таспа тыңдау, сӛздік жұмыстар жүргізу,
1
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.- А.: «Ғылым», 2001.-99 б.
181
шағын инсинировка жасау т.б. Мұғалімнің кіріспе сӛзі кӛлемі жағынан
тұжырымды, мазмұны, тілі жӛнінен тартымды, түсінікті болуы тиіс. Кіріспе
сӛз оқылатын шығармамен тікелей қабысып, тығыз байланыстылық пен
әсерлілікті сақтауы тиіс. Мысалы: Абайдың «Қараша, желтоқсанмен сол бір
екі ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б. шығармаларды оқытар
алдындағы кіріспе жұмыстар осы тақырыпқа қатысты оқушыны ой, қиял,
ұғым-түсінік, эмоциялық әсер жағынан даярлауға бағытталады.
Кіріспе сӛз бен кіріспе әңгімедегі айырмашылық кіріспе әңгіме сұрақ-
жауап әдісімен жүргізіледі. Мұғалімнің кіріспе сӛзінде шығармаға қатысты
хабарлау, түсіндіру, жұмыстарын мұғалім атқарса, кіріспе әңгімеге оқушылар
да қатысып, негізгі айқындайтын мәселелерді сұрақ-жауап әдісімен шешуге
әрекет жасалады. Кіріспе әңгімеде қойылатын сұрақ оқушылардың бұрын
жинақтаған білім қорына негізделіп құрылады да сол тақырыпқа қатысты
оқушы білімін жаңғырту, кейбір мәселелерді айқындай түсу, ерекшелей
отырып, назар аударту мақсатында жүргізіледі. Мәселен: белгілі бір шығар-
машылық тұлғаның ӛмірбаянын, шығармашылығын оқыр алдында оқушы-
ның бұрын жинақтаған білім деңгейін анықтау кӛзделеді.
Мысалы: 7-сынып оқушыларына Абайдан «Қансонарда бүркітші
шығады аңға», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деген ӛлеңдерін оқытуда
мұғалімнің кіріспе әңгімесі жүргізілмесе сабақ мазмұнының түсінікті болуы,
белгілі бір нәтижеге қол жеткізу екіталай. Бұл екі ӛлең де оқушы түсінігіне
ауырлық әкеледі және ӛлең сӛздері оларға жақсы таныс емес. Оған қоса
қандай болмасын түсініксіз сӛзді, құбылысты түсіндіру үшін баланың азды-
кӛпті кӛрген тәжірибесіне сүйену қажет. Сол себепті ӛлеңдерді оқыр алдында
оқушылармен шығарма мазмұнына қатысты әңгіме-сұхбат құрған ӛте орын-
ды. Осы орайда сабақ алдында мәтінге қатысты мынадай сұрақтар беру керек.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңіне мынадай кіріспе сұрақтар
беруге болады:
1.Аңшылықтың қандай түрлері болады?
2.Ел ішінде аңшылыққа қандай құстар үйретілетін болған?
3.Аң аулау процесін кӛргендерің бар ма?
4.Қансонар дегенді қалай түсінесіңдер?
5.Аңшы құстардың жабдықтарын қалай атайды?
Оларды баптау, аңға үйрету жӛнінде естіп білгендерің бар ма?
Т а л д а у с ұ р а қ т а р ы:
1. Абай ӛлеңде аңшы адамға қажетті нелерді атап кӛрсетеді?
2. Ӛлеңде бүркіттің, түлкінің, аңшының іс-әрекеті қалай суреттелген?
3. ―Қанат, құйрық суылдап, ысқырады‖, ―Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқа-
сады‖ деген тармақтардағы бірыңғай формадағы етістіктерді пайдалану
арқылы ақын нені аңғартқысы келген?
4. Абай неліктен осы кӛріністерді «Жеке батыр майданына» теңейді?
5. Аңшылық адамға қандай кӛңіл-күй, әсер береді, оны ақын қалай
кӛрсеткен?
6. «Кӛкіректе жамандық еш ниет жоқ,
182
Аң болады кеңесің құс салғанда...» деген тармақтарды қалай түсіне-
сіңдер?
Осы тектес сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, оқушыларға Абай
шығармаларынан кең ұғым қалыптастыру мүмкіндігі мол.
О қ у ш ы л а р д ы ң ӛ з д і к т а п с ы р м а л а ры:
1.«Сылаң ету», «сымпың қағу», «қанды кӛз», «қайқаң қағу», «қырық
пышақпен қыржаңдау» деген сӛз тіркестерінің мәнін қалай түсіндіңдер? Осы
тіркестерді қатыстыра отырып сӛйлем құрап кӛр.
2.Ӛлеңдегі кӛріктеу құралдарын тауып жаз. Троптың қай түріне жата-
тынын анықта.
3.Ӛлең қандай үлгіде жазылғанына назар аудар (баяндау, суреттеу).
4.Абай ӛлеңдеріндегі аңшылық кӛрінісін сӛзбен немесе суретпен
бейнелеп кӛр.
Осы сұрақтар барысында мұғалім оқушылардың білім-білігін тексере
отырып, жеткіліксіз жерінде ӛзі мәлімет беріп отырады. Мүмкін болған
жағдайда осы туралы видео-фильм кӛрсеткен абзал.
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» ӛлеңін оқыр алдында да осы
тектес сұрақ тапсырмалар, дайындық жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі
қажет. Аттың, тұлпардың кӛшпелі ел тірлігіндегі алатын орны туралы,
тұрмыстық қажеттілігі мен сұлулық символы ретіндегі оған деген
сүйіспеншілік, олардың ауыз әдебиетінде, ән, ӛлең-жырлардағы, кӛркем
шығармалардағы кӛрінісі туралы айтқан абзал. Аттың дене мүшесі туралы
алдын-ала мәлімет беру міндетті.
2010 жылғы «Атамұра» баспасынан жарық кӛрген 6-сыныпқа арналаған
«Әдебиет» оқулығында ежелгі дәуір әдебиеті үлгісінен «Күлтегіннің жыры
берілген. Оқулықтың авторлары (К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова,
Р.Баттал) бағдарламаға сәйкес бұл жырды ала отырып, «Күлтегін» жыры
туралы анықтама берген. Дегенмен жырды оқи келе оқушылар кӛптеген
тарихи жер атаулары мен ежелгі ел атауларын ұшыратады. Сол себепті де бұл
сабақ тарихи мағлұматтармен кеңейтіліп ӛтуі керек. Осы сыныптарда тарих
сабақтарынан ӛткен білімдерін жаңғыртып, ежелгі түркі қағанатының мекен
еткен ордасы, басқа елдермен кӛршілік жағдайын оқушылардың кӛмегімен
картаға түсіру немесе ойша бағдар жасау жырдың да тақырыптық, идеялық
мазмұнын ашуға кӛмектеседі. Ал Махамбет ӛлеңдерін оқытқанда тарихи-
әлеуметтік мәселелер алдын ала түсіндірілмесе, ақынның ӛлеңі де еркін
ашылмайды.
Қорыта келгенде, лирикалық шығармаларды оқытудың негізгі ұстаным-
дары мен бағыттарын айқындай отырып, әр мәтінді талдаудың ӛзіндік
жүйесін жасау қажеттігі туындайды. Ең бастысы - мұғалімнің автордың
айтпақ ой мен сезімін түсініп түйсінуі. Мұғалім мәтінді талдап тану арқылы
автор ойына, болмысына жақындайды. Сол арқылы оқушыларды да дұрыс
арнаға бағыттай алады. Мәтін талдау мұғалім мен оқушының ынтымақ-
тастығы мен ізденісін, танымы мен талғамын, ӛзіндік кӛзқарасы мен пікірін,
танымға бағытталған түрлі іс-әрекеттерінің жетілуін қажет ететін күрделі
үдеріс болып есептеледі.
183
Достарыңызбен бөлісу: |