Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату,
дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты
мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы
арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың
өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы.
118
Педагогикалық тәжірибені талдай отыра, тәрбие және оқыту
міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты
дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы (Г. М. Андреева
бойынша)
- Коммуникативті
- Интерактивті
- Перцептивті
Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:
- әлеуметтік
- психологиялық
- инструменталдық
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
- Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра
және өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагогтар мен
тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу
жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,
коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты
орнатуға бағытталады.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу
міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық
қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін
педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
- Ақпаратты беру іскерлігі;
- Оқушы жағдайын түсіну;
- Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;
- Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;
- Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер
түрінде жүзеге асады. Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл
коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.
119
А.А. Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуация-
ларды бағыттау нәтижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске
әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды
көздейді:
оқушыларға ақпарат беру;
оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;
2) зейінді аудару;
3) объектінің “жанын жаулау”;
4) вервальды қарым-қатынас орнату;
5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру.
Қарым-қатынаста «лидер», «жетекші» деген ұғымдарға ерекше
мән беріледі. Зерттеушілер осы аталған ұғымдардың бір-бірінен
бір-бірінен айырмашылқтары мен ұқсастықтарын ажыратады.
Мәселен, Л. Д. Столяренко зерттеулерінде «лидер», «жетекші»
ұғымдарының айырмашылықтары жақсы көрсетілген. Лидерлер
мен жетекшілердің стилінің үш түрі болады. Ол авторитарлық
(өктем, директивалық басшылық деген мағынада), демократиялық,
либеральдық болып бөлінеді. Басшылықтың осындай түрлері,
оқытушылар ұжымы арасында жиі кездеседі
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог
пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық
ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.
Педагогикалық
қарым-қатынас
стильдері
мұғалімнің
коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен
оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын,
педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін
көрсетеді.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе
бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стиліндері
аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады.
Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де
кездеседі (В. А. Кан-Калик бойынша):
- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-
қатынас стилі.
120
- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі.
- Дистанция стилі.
- Қорқыту стилі.
В. А. Кан-Каликтің белгілеуінше, кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынастың құрылымы мынадай:
- Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасын жобалауы.
- Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру.
- Педагогикалық үрдіс барысында қарым-қатынасты басқару.
- Жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны
болашақ іс-әрекетке сәйкес жобалау.
Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері
белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды
стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педа-
гогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім
шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін
ескермей талап қояды. Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім
өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар
өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, пассивті рөл
атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан
орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да,
мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
1) Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті
әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері.
Жаттығушылармен өзара қарым-қатынас өзіндік жауапкершілік
пен өзіндік бастаманы басып тастау негізінде құрылды. Тапсырмалар
мен бұйрықтарды еркін талдауға жол берілмейді. Топтың пікіріне көп
көңіл бөлмейді. Көбіне іскерлік белсенділікке салынады, кейде жеке
тұлғалыққа да салынады. Жаттығушылардың өзара қатынасына көп
көңіл “бөлмей олардың іскерлік қарым-қатынасын белсенді түрде
ұйымдастырады. Оқушыларын түсіне білетіндігіне сенімді, бірақ
топ ішіндегі құрылымды адекватты түрде қарастырмайды. Күрделі
проблемалы жағдайлар көп туындайды.
2) Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Көбіне топқа емес,
жекелеген оқушыларға көңіл аударады. Жаттығушылардың тех-
никалық тұрғыдан әлсіздерін бөліп қарайды. Өткір жэне ирониялық
дауыс ырғағын жиі қолданады.
121
3) Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Өзіне сенімді,
принципшіл, адамдарға талап қойғыш, ұстамсыз, қайырымдылығы
аз, шулы.
Авторитарлы стильдің нақты жаттықтырушысының
сипаттамасы.
Өз-өзін сенімді ұстайды, оқушыларға біршама биік көзқараспен
қарайды. Барлық топты көз алдында ұстайды, барлық қателіктерді
көріп, сәтті жэне сәтсіз әрекеттерді қадағалап отырады.
Жаттығушыларды ескертулер жалықтырып жібереді. Бірақ олар
жаттықтырушыны ауыстыруды ойламайды. Бұлай ойлайтындар
негізінен топтағы құндылықты, жаттықтырушымен келіспеушілікті
ойламайтын, топтан шығып қалғысы келмейтін, жолдастарының
қолдауын байқамайтын әлсіз ойыншылар.
Жаттығушылар жаттықтырушының кәсіптік сапалы қасиеттерін,
түсіндіру дағдысын, қозғалысын бағалай біледі. Жаттықтырушы
үздік физикалық ақпараттары бар спорт шебері болып табылады.
Жаттығушылар шынығу кезі жақсы ұйымдастырылғандықтан,
I санат алатындықтарына сенеді де, жаттықтырушының қойған
талаптарын үздіксіз орындап отырады.
Кейде жаттықтырушының жеке тұлғалық қасиеттерін
жаттығушылар төмен бағалайды. Сауалнамалардағы сұрақтарға
жартысынан көбі былай жауап береді: «Сіз өзге жаттықтырушыға
ауысқыңыз келе ме?» деген сұраққа: «Жоқ, себебі мен келесі
жаттықтырушының қандай болатындығын білмеймін». Ал «сіз
үздік жаттықтырушыны осылай болады деп ойлайсыз ба?» деген
сұраққа көпшілігі мынадай жауап берді: «Жоқ, мұндай емес».
Мұндай кезде жаттықтырушы да топқа сай бағаларын
беріп жатады: «Жалқау, тек айқаймен ғана жұмыс жасайды».
Жаттығушылар оған ешбір сұрақ бойынша жолыққылары келмейді
және сабақтан тыс кезде онымен сейлеспеуге тырысады.
Олар өздерінің мінезі мен жұмыс стиліне қарай оқушы
ұжымын басқаруда түрлі әдістер мен айла-тәсілдер қолданады.
Мәселен, басқару жүйесіндегі кейбір оқытушылар жұртпен
санасып жатпайды, түрлі тәрбиелік шараларды өз атынан жүргізіп,
шәкірттер инициативасымен орындалған іске сенімсіздікпен
қарайды, балалардың өзінше пікір айтуына шыдай алмайды. Мұндай
ұстаз оқушылармен олардың ресми құқылары, міндеттері және
жауапкершіліктері тұрғысынан ғана қатынас жасауға тырысады.
122
Осындай жетекшіліктің басты кемшілігі - маңызды шешімдер мен
шаралар қабылдауда жоспар мен жүйелі жинақтылық болмауы.
Мұндай жетекшінің ең осал жері - ұжым мүшелерінің бастамасын
басып, шығармашылық күшті жеке пайдаланғандықтан кей жағдайда
ұжымды рухани жағынан қанағаттанбаушылыққа соқтыруы
мүмкін. Мұндай жерде еңбек тәртібі, жұмыстың белгілі бір жүйесі
сақталмайды. Оқушылар арасында көңілсіздік, жайсыздық туады.
Жетекші өз өктемдігін күшейту мақсатымен болып, оқушылардың
хал-жағдайын ойлауға мұршасы да келмейді, сөйтіп ұжымнан сырт
қалу пайда болады. Осындай типтегі басқарушыларды авторитарлық
жетекші деп атайды.
Демократиялық стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең
дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды,
олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге
ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.
Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына
қанағаттану тән.
1) Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті
әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері. Өзара
қарым-қатынас тұлғаның сыйластық негізінде кұрылады.
Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдау жеткілікті деңгейде
рұксат етіледі. Жаттығушылардың өзара тұлғалық қатынасына
қарай ұйымдастырылады. Жұмыс «кім кіммен топтасқысы келеді?»
сұрағы бойынша және тұлғалық пікірлерге қарай құрылады. Топтан
ешкімді бөлмей, бәріне бірдей көңіл бөледі.
2) Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Өзге стильдермен
салыстырғанда, тәрбиелік ақпараттар қолданылады. Кеңес беру,
өтіну, нұсқау беру түрінде жетекшілік етеді. Дауыс ырғағы түзу,
нақты, бірақ тәрбиелік тұрғыдан әсер ету кезінде ирония да, әзіл де
сонымен қатар достық дауыс ырғағы да араласады.
3) Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Тұлғалық қасиет-
тері тұтастығымен, өзіне және өзгеге талап қоя білуімен, тік
мінезділігімен, тактикалығымен сипатталады.
Демократиялық стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өзін сенімді ұстайды. Барлық топты барлап отырады және әрбір
жіберілген қателіктерді байқай біледі. Түзету кезінде көбіне нақты
нұсқау формасын қолданады, мысалы, «Қолды көтер!». Дауыс
ырғағы еркін, іскер, қайырымды.
123
Өз ісіне деген эмоционалдығы жаттығушымен үзіліс кезінде
немесе дайындықтан кейін жүргізілетін табиғи кеңес кезінде
ашылады. Егер топтық жиын кезінде бір оқушының келмей
қалғандығы анықталып, келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей
қалғандығын жеткізсе, жаттықтырушы оларға егер баскетболды
шын жүрегімен сүйсе, онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары
керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың сөйлеу формалары әр түрлі болып
келеді: нақты тактикалық нұсқаулар (мысалы: «Иығыңды түзе!»),
қолдау көрсету (мысалы, «жарайсың!»), қолдамаушылық (мысалы,
«мен бүгін сенің әрекетіңе қанағаттанбаймын») жэне т.б.
Жаттықтырушы ұстамды, тактикалы болғандықтан, окушылар
оның барлық талаптарын ризалықпен орындайды. Жаттықтырушы
кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион
атағын жеңіп алды), жеке (жаттығушылар өз шаруасымен,
уайымымен жаттықтырушыға жолығады) байланыста да белсенділік
танытады.
Жаттықтырушы топты жақсы бағалайды және оның болашағы
оны толғандырады.
Жаттығушылар оған шын ықыласымен төлем төлейді.
Сауалнамалардан: «Ол барлығын бірдей бағалайды, ал бұл ең
бастысы»; «Басқа жаттықтырушыны дәл осы кісідей жақсы көре
алмайтын сияқтымын»; «Барлығына бірдей қарым-қатынаста
болады», т.б.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен
есептесіп қана шешім қабылдайды, жұрттың талаптары мен
ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер - топ мүшелерінің
бастамаларын мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына
жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне
мүмкіндік береді, ұжымнан ешнәрсе жасырмай, әр кез адамдардың
көңіл-күйіне жақсы әсер етіп, олардың ықыласы мен сеніміне
бөленеді.
Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады,
барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады,
шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат,
жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардың пікір
бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы
барғанша жүреді.
124
1) Өзара қарым-цатынастардың және коммуникативті
әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері. Көптеген
деңгейде жаттығулар мен жүктемелерді тандауда еркіндік беріледі.
Жаттығушыларға жоғары жауапкершілікті байқатқысы келеді.
Тұлғааралық қарым-қатынастарды онша ажырата алмайды.
Белсенді жаттығушылардың-пікіріне көп көңіл бөледі.
Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Жаттығулар кезінде нысан
ретінде жаттығушылардың ішіндегі мықтыларын таңдайды. Өзге
стильдермен салыстырғанда ұйымдастыру ақпараты екі еседей
көп болады. Сөйлесу формаларының колдау және ескерту түрлерін
колданады. Жақсы дауыс ырғағын қолданғанды ұнатады.
Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Бұл стильге мына
қасиеттер тән: ұстамдылық, ренжімеушілік, тактикалық, қайы-
рымдылық, қарапайымдылық.
Либералды стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
(Өзін іштей сенімді ұстайды. Топты қадағалап және қателіктерін
түзетуде қарапайым, жұмсақ тілмен сөйлейді (мысалы, «Гүлім-ау,
басыңды түзу ұстасаңшы» т.б.).
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-
қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам
қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары, келбет, ым, мимика,
серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле
бастады.
Жетекшіліктің үшінші бір типі либералдық деп аталады.
Мұндай тип ұжым ісіне аз араласады, кейде оларды бетімен
жібереді. Ол көбінде басшылықты жүрдім-бардым жасайды. Әрине
мұндай жерде біркелкі жұмыс болмайды, ұйымдастыру, басқару
жұмысының шырқы бұзылады. Осының салдарынан тәртіпшілік,
жинақылық, ширақтық жағы кем болады. Мұндай сәтте бетімен
кетушілікке, анархиялық пікірлердің ауа жайылуына да жағдай туу
мүмкін (95,96).
Адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі дәрежеде
адам өзі оны өзгертеді. Адам келбеті физиономиялық маскадан,
киімнен, жүріс-тұрыс кейпінен құралады. Физиономиялық маска
адамның басым ойынан, сезімінен, қарым-қатынасынан тұрады.
Физиономиялық маскалардан ызғарды, жайдарлылықты, өр
көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады.
Сыртқы пішін және физиономиялық маска біршама тұрақты
болады. Қарым-қатынастың динамикалық қыры мимикамен ым-
125
ишарадан байқалады. Мимика дегеніміз - қарым-қатынас кезіндегі
беттің құбылысы. Ым-ишара дегеніміз - психикалық күйді
байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл. Мимика да ым-ишара
да туа біткенімен коммуникацияның қоғамдық құралдары ретінде
дамып отырады.
Эмоционалдығы жай және қарапайым дауыс ырғағымен бағалау
кезінде ашылады, ал әуесқойлығы - жаттығулар көрсеткен немесе
жаттығушылардың біреуінің жақсы орындауына сүйсінген кездерде
байқалады. Өте ұстамды, тактикалы. Бірақ сонда да келіспеушіліктер
болып жатады. Көбіне өз әрекетінің жазаланбағандығын біліп
тұрған жаттығушылармен келіспеушіліктер болады.
Келіспеушіліктер үдеп бара жатқан кезде ескертулерді жай,
қарапайым дауыспен жасайды. Кез келген келіспеушіліктерде дауыс
ырғағы сол күйі сақталады.
Сауалнама нәтижелері: «О.И. - өте қайырымды, еш уақытта
дауыс көтермейді»; «Өте қатты талап қоймайды, кешірімді. Мен
не десем де шыдайды, себебі мен өзгелермен салыстырғанда өте
жақсы шынығамын».
Тұлғаның тұрақты сипаттамалары ретінде педагогикалық тіл
табысу стилі, бірінші жылдары негізінен кәсіптік іс-әрекетпен
ажырамастай тығыз байланыста болады. Педагогикалық тіл
табысудың негізгі дағдылары болмаған жағдайда жаттықтырушы
алғашқы кезден бастап-ақ спортшылармен өзара байланысты
ұйымдастыруда авторитарлы тәсілдерді қолданады. Педагогикалық
тіл табысудың мейлінше оптимальды стилінің құрылу үрдісін
жақсы үздіксіз өткізу үшін жас маманның тап болған ұжымы
шығармашыл қабілетті және оның жетекшісі де тәжірибелі мұғалім
болуы тиіс. Жаттықтырушының коммуникативті дағдысының
болуы, педагогикалық тіл табысу техникасын игеруі - маңызды
шарт болып саналады.
Жаттықтырушының өзіндік тіл табысу стилінің жеке бейнесін
анықтайтын негізгі фактор құрылым болып табылады. Құрылым
деп жаттықтырушының тұтастай әрекет ету бағдарламасын, алдын
ала белгілі жағдайларды қабылдай білуге даярлығын түсінеміз.
Құрылым жаттықтырушының құнды бағыттарын ашып көрсетеді,
оның спортшыға, ұжымға, жаттығу үрдісіне және сайыстарға
деген көзқарасын анықтайды. Педагогикалық тіл табысуды зерттеп
жүрген көптеген психологтар жаттықтырушының спортшыға деген
қатынасында позитивті немесе негативті кұрылым жөнінде айтады.
126
Егер топта өзара сыйластық, жолдастық, қолдау, қайырымдылық
байқалып, жақсы эмоционалды күй орнату үшін спортшылар
жаттықтырушының бағалауынан үнемі шындықты және
нысандылықты сезуілері тиіс.
Жаттықтырушы тіл табысу кезінде жеке тұлғалық, диффе-
ренциалды қатынасты жүзеге асыра алуы тиіс. Жаттықтырушы өз
құрылымдары мен бағалауларында реалист және нысаншыл болуға
тырысуы қажет.
Жаттықтырушының коммуникативті әрекеттерді меңгеруі
педагогикалық тіл табысудың мазмұны мен сипаттамасы көптеген
факторлармен анықталатындығын көрсетеді және олардың ішінде
тіл табысудың жеке стилі мен құрылым негізгі анықтауыштар болып
табылады. Бірақ жаттықтырушы спортшылармен тіл табысуын
сезіну арқылы жүзеге асыруы тиіс. Өзіндік педагогикалық тіл табысу
қабілеттілігінің қалыптасуындағы негізгі шарт - жаттықтырушының
тіл табысу үрдісінің заңдылықтарын білу.
Жетекші, басшы және оның қоғамдағы орны туралы қазақ
халқының өткендегі рухани мұрасында да сындарлы пікірлер аз
емес. Мәселен, Ш. Уәлиханов жақсы басшы, ақылды, жан-жақты
білімді, айналасындағы адамдарды бес саусағындай білетін жұрттың
жақсы-жаман істерін әділ бағалайтын, табанды да қайсар, ерік-
жігері күшті, ұйымдастыру іліммен қаруланған, халыққа қиянат
жасамайтын, жағымпаздық пен тамыр-таныстыққа жаны қас, өзіне
жақсы жәрдемші таңдап ала білетін, көрегенді басшы болуы қажет
дейді.
Топтағы адамдарды танып-білу, мәселесі психологиялық
үйлесім ұғымымен тығыз байланысты. Бұл- ұжымдағы ортақ істің
табысты болуындағы адамдардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын
қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Березовин Н. А., Коломинский Я. Л. Учитель и детский коллектив.
М., 1975.
2. Бодалев А. А. Личность и общение. М.. 1983.
3. Добрович А. Б. Общение как наука и искусство. М., 1980.
4. Ерканов С. Б. Основы ирофессионального самовоспитания
будущего учителя. М., 1989.
127
5. Лысенкова С. Н. Методами опережающего обучения. М.,
1988.
6. Қоянбаев Р. М., Педагогика А.. 1999.
7. Снайдер М., Снайдер Р. Ребенок как личность. М., 1997.
8. Симонов В. П. Педагогический менеджмент. М., 1997.
9. Симонов В. П. Диагностика личности и профессиональное
мастерство преподавателя. М., 1995.
10. Хозяинов Т. И. Педагогическое мастерство преподавателя. М.,
1988.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қарым-қатынастың мәні неде?
2. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативті
міндеттер дегеніміз не?
3. «Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас» ұғымына
сипаттама бере отырып, педагогикалық қарым-қатынастағы
іскерліктерді атаңыз.
4. Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтардың
туындау себебі неде деп ойлайсыз. Шебер педагог осындай
қиындықтарды қалай шеше білуі керек?
5. Педагогикалық практика барысында оқушы мен сіздің
араңыздағы қарым-қатынаста қиындықтар кездесті ме? Оны қалай
шеше білдіңіз? Мысал келтіріңіз.
6. «Просемика» ұғымы нені білдіреді?
Тест тапсырмалары
1. Оқушыларға білім беру, танымдық әсер ету, еркін
қатынас жасау, өз пәніне ерекше ден қоюды талап ету – бұл
педагогикалық қатынастың қандай стиліне жатады:
А) қамқорлық стиль
Ә) бейтараптық стиль
Б) әкімшілік-әмірлік стиль
В) қарама-қарсылық стиль
Г) ынтымақтастық стиль
128
2. «Қамқорлық стилі» – осылардың қайсысы:
А) өзара сенімділік көрсету, істі бірлесе жұргізу, өзара тіл табысу
Ә) оқушыға қанағаттанбаушылық білдіру, өктемдікпен сөйлесу
Б) танымдық әсер ету, еркін қатынас жасау
В) тым өбектеу, назидалық жалықтыру, мәпелеу
Г) ресми қатынас негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
3. Педагогикалық қарым-қатынастың практикада қолданы-
льп жүрген стильдерін атаңыз:
А) Авторитарлық, демократиялық, либералдық.
Ә) Ынтымақтастық, жариялылық, үстемдік.
Б) Гуманизм, өзара түсіністік, жариялылық.
В) Демократиялық, гуманистік, жариялылық.
Г) Авторитарлық, үстемдік, сыйластық.
Достарыңызбен бөлісу: |