жағдаяты секілді факторларға кеңінен тоқталған болатынбыз. Ал ауызша сөз
мәдениетінің қалыптасуына адамның алған білімінің қандай әсер бар дегенге
келсек, білім біздің тек ауызша сөз мәдениетіміздің дамуына емес, жалпы тұлға
ретінде, әлеуметтік-когнитивтік тұрғыдан қалыптасуымызға да ықпалы көп.
Білім беру философиясы теориясында ол туралы терең зерттелген. Ал ауызша
сөз мәдениетін қалыптастыру тұрғысынан мынадай екі үлкен ерекшелікті
айтуымызға болады: біріншісі – болашақта СӨЗ-бен тікелей жұмыс істейтін
мамандық иелерінің ауызша сөз мәдениеті басқаларына қарағанда деңгейі
біршама жоғары болатыны сөзсіз. Екіншіден, студенттердің ауызша сөз
мәдениеті білім алу барысында динамикалық сипатқа ие болады. Осыған орай,
студенттердің ауызша сөз мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын үш кезеңге
бөліп қарастырғанды жөн көрдік:
Сурет 15 – Студенттердің ауызша сөз мәдениетінің қалыптасуы мен даму
кезеңдері
Бастапқы кезең студенттің жаңа әлеуметтік рөліне, ортасына бейімделу
уақытымен сәйкес келеді. Ол 2-курстың ортасына дейін жалғасады. Аралық
Бастапқы кезең
Аралық кезең
Қорытынды
кезең
1 КУРС 2 КУРС 3 КУРС 4 КУРС
84
кезең 2-курстың екінші жартысынан 3-курсқа дейін созылса, 3-курстың соңы
мен 4-курста толығымен қорытынды кезең жүреді. Әр кезеңнің өзіндік айтуға
тұрарлық ерекшеліктері бар. Ауызша сөз мәдениетінің динамикалық сипаты
студенттердің 4 жыл бойы құндылықтарының қалыптасуына, мақсаттарына
тікелей байланысты. Мысалы, 1-курс студенттері «Қазіргі сіздің алға қойған
басты мақсатыңыз не?» деп қойылған сұраққа 88, 3%-ы «жақсы маман болу»
деп жауап берген. Ал сіздің түсінігіңіздегі «жақсы маманды» сипаттаңыз
дегенде, тек 12%-ы ғана ауызша сөз мәдениетінің маңызын және соған ұқсас
нұсқаларды көрсеткен. Демек,, 1-курс студенттері ауызша сөз мәдениетінің
болашақ мамандығына қажеттілігін аса сезінбейді. 2-курс білім алушылары
біршама ауызша сөз мәдениетіне бет бұра бастайды десек болады. Оны «Қазақ
тілі мен әдебиеті» мамандығында үздік оқитын студенттің 2-курс соңында
Instagram желісіне қалдырған мынадай бір жазбасы дәлел бола алады: «Америка
ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін бақылаған екен. Бала күндерінен
жыл сайын олардың жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы т.б. жайында
ақпарат тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ аудандардан шыққан
724 адамның ішінде бірнеше президент, Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен,
Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар екен. Бұл адамзат
тарихындағы ең үлкен және ұзақ әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда
олардың жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша емес екен.
Адамды бақытты қылатын адамдармен қарым-қатынас сапасы. Әлеуметтік
өмірі неғұрлым оңды болса, сол адамның денсаулығы мықты келеді және ұзақ
жасаса,ал жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім келіп,
дүниеден ертерек өтеді екен. Ал осыдан кейін коммуникацияның қажеттілігін
қалай жоққа шығарасың? (Қ.Шонбай «Екінші болма» кітабынан)».
Көріп
отырғанымыздай,
2-курста
студенттер
жалпы
ауызша
коммуникацияның маңызын әбден түсінеді. Тағы бір 2-курс студентінің
Instagram
парақшасындағы жазбасында: «2 жыл бойы оқығанымда
ұққандарымның бірі – әр адамға әртүрлі подход жасау керек. Бірімен жұмсақ
сөйлессең, бірімен басқаша ... Сенің сөйлегеніңе көп нәрсе байланысты екен».
Осыдан бұл кезеңдегі студенттердің ауызекі, бейтарап, әдеби сөйлеу тілінің
аражігін ажырата алатындай деңгейге жететінін көреміз.
3-курста мектепте болатын белсенді практиканың арқасында филолог-
студенттер мамандықтарына аса қажетті педагогикалық дискурспен іс жүзінде
танысып, оның маңыздылығын түсінеді. Дәл осы кезеңде білім алушылар
шаршытоп
алдында
сөйлеу
мәдениетін
жете
меңгеруге
деген
қызығушылықтары
арта
түседі.
Оны
олардың
түрлі
студенттік
конференцияларға, дебат сайыстарына қатысулары дәлелдейді.
Ал 4-курста ауызша сөз мәдениетіне деген қажеттілікті толықтай сезініп,
оны дамыту бағытында жасалатын жұмыстары айқындалады. Жалпы, 4-курс
студентінің ауызша сөз мәдениеті деңгейін келесідей сипаттауға болады.
- әдеби сөйлеу тілінің нормалары туралы түсініктің болуы, оны сақтауға
тырысу. Дегенмен сөйлеу барысында әлі де стилистикалық қателердің жіберуі;
- сөйлеуде оның қатысымдық және этикалық нормаларын сақтауды
қадағалауы;
85
- күмәнді жағдайларда сөздік, анықтағыштарды қолдануға үйренуі;
- үлгі сөз ретінде өз оқытушылары, әйгілі ғалымдар мен беделді
тілшілердің сөзіне қарап бой түзеуі;
- кей жағдайда кәсіби сөздерді, терминдерді т.б. орынсыз қолдануы
кездеседі.
Жалпы, филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетінің қалыптасуы мен
дамуын кезеңдерге бөліп зерттеу мен оқытудың маңызы зор. Жоғарыда білім
алушылардың жоғары оқу орнына келгенде көбінесе ауызша сөз мәдениетінің
ортадан төмен деңгейінде болатындығын айтқан едік. Сонда біз осы кезге дейін
ауызша сөз мәдениеті ортадан төмен деңгейде келген студентті бірден әдеби
сөйлеу тілі деңгейіне жеткізуге тырысып жүрдік. Осыдан көп қиындыққа
ұшырадық. Мысалы, шаршытоп алдында сөйлеп үйренбеген балаға ерекше
лексикалық қабаты, морфологиялық құрылысы және синтаксистік жүйесі,
терминологиялық қоры барғылыми дискурста сөйлеуді талап еттік [163, б.71].
Ал ауызша сөз мәдениетін кезеңдерге бөліп қарастыру және оқытуда оны
ескеру жақсырақ нәтиже береді деп ойлаймыз.
1.4 Ауызша сөз мәдениетін жаңаша оқытудың дидактикалық
ұстанымдары
Оқыту дегеніміз – ішкі және сыртқы іс-әрекеттердің жиынтығынан
құралған, адамды, қоғамды, мәдениетті тануына мүмкіндік беретін,
адамдардың адам ретінде қалыптасуына жол ашатын, олардың жан-жақты
дамуына мүмкіндіктер көрсететін, белгілі бір кәсіби шеберлікке ие қылатын
ерекше үдеріс. Осы оқытудың заңдылықтарының табиғатын дидактика ғылымы
бір арнаға тоғыстырып, дербес ғылым ретінде танытады [164, б.42]. Яғни
ауызша сөз мәдениетін оқыту мен қалыптастыру, дамыту әдістемесі міндетті
түрде педагогика ғылымы, соның ішінде дидактикалық ұстанымдарға
негізделеді.
Сурет 16 – Ауызша сөз мәдениетін меңгертуде басшылыққа алынатын жалпы
дидактикалық ұстанымдар
Дидактикалық ұстанымдар – оқытудың мазмұнын ұйымдастыру түрлерін,
86
әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі [126, б.10]. Жалпы дидактикалық ұстанымдар «қатып» қалған догма
емес, дегенмен оқытуда оны үнемі басшылыққа алып отыруды қажет етеді.
Олар: оқыту әрекетіне бағыт береді, оны жеңіл қабылдауына әсер етеді,
педагогикалық әрекеттің жақсаруына жағдай жасап отырады. Ұстанымдарды
жетекшілікке ала отырып, оқытушы оқыту әрекетін жүйелейді, бір қалыпқа
түсіреді және жаңартады [165, б.46].
Педагогикада дидактикалық ұстанымдардың ғылымилық, жүйелілік пен
бірізділік, білім алушылар білімінің беріктігі, саналылық пен белсенділік,
теорияның тәжірибемен байланысы, түсініктілік, оқытудың білім
алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуы,
ізгілендіру т.б. түрлері қолданылатыны белгілі. Сондай-ақ ауызша сөз
мәдениетін меңгертуде жоғарыда аталған жалпы дидактикалық ұстанымдардан
басқа арнайы ұстанымдарды да басшылыққа алған дұрыс.
Әуелі дидактикада қолданылатын ұстанымдардың ауызша сөз мәдениетін
оқытуда қалай жүзеге асатынына тоқталайық.
Ғылымилық ұстанымға сәйкес білім алушылар ауызша тіл туралы
жүйелі білім алуы тиіс. Кез келген ғылым оның басты түсініктерін ажыратудан
басталады. Сондықтан ауызша сөз мәдениетін оқытуда жалпы ауызша тіл мен
жазба тілдің айырмашылықтары, ауызша тілдің бөлінісі, дискурс жайлы
теориялық білімдердің орны ерекше. Осы ретте оқытудың ғылымилық
ұстанымының маңызы зор. Ауызша сөз мәдениетін дамыту әдістемесінде
ғылымилық ұстанымның орындалуының төмендегідей шарттарын атап
көрсетсек болады:
1) ауызша тіл зерттелуінің теориялық базасын меңгерту;
2) меңгертуде индуктивті және дедуктивті әдістерді пайдалану;
3) білім алушылардың аудиотаспаға жазылған жазбаларды жинап, оларға
өзіндік талдауын жүргізе алуына мүмкіндік жасау.
Мысалы, ауызша тілге, жалпы ауызша сөз мәдениетіне қатысты ұғым,
түсініктерге келгенде, білім алушылар тұрмақ, ғалымдар арасында да әртүрлі
көзқарастар қалыптасқан. Ауызша сөз мәдениеті мен шешендіктану секілді
тығыз байланысты салалардың зерттеу нысандары толықтай анықталуы тиіс
[166, б.97]. Сондықтан филолог-студенттерге әр ұғымның болмысын аша
отырып таныту оқытудың ғылымилық ұстанымының жүгі болмақ [167].
Ауызша сөз мәдениетін оқыту әдістемесі қажетті дағдыларды
қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жалқыға қарай меңгеруге мүмкіндік
беретін білімнің берілуінің жүйелілік пен бірізділік ұстанымына да сүйенеді.
Ауызекі сөйлеу тілін ғана меңгеріп келген білім алушының сөйлеу тілін әдеби
ауызша тілге дейін жеткізудің өзі қажетті білімнің жүйелі әрі бірізді берілуінің
нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. Сонымен, қажетті дағдыларды бірізді, жүйелі
қалыптастыру үшін:
1) оқытылатын пән мазмұнындағы, тақырып таңдаудағы жүйелілікті
бұзбау;
2) өткен материалдарды спиральді байланыс әдісімен үздіксіз қайталатып
отыру;
87
3) үнемі өтілгенге анализ жасап, қорытындылау секілді шарттарды сақтау
ауызша сөз мәдениетін қалыптастыруда да үлкен нәтиже бермек.
Білім алушылар білімінің беріктігі көбінде объективті (пән мазмұны,
оны меңгерту формасы т.б.) және субъективті (білім алушылардың жеке бас
ерекшеліктері) факторларға байланысты. Ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру
әдістемесінде аталған факторларды ескере отырып жүргізу керек. Білімнің
беріктігіне мазмұнды беруде әртүрлі формалар мен әдіс-тәсілдерді пайдалану
арқылы қол жеткізуге болатынын естен шығармаған дұрыс. Мысалы, ауызша
сөз мәдениетін көтеруде кейс-жағдаяттарды қолданудың орны ерекше. Олар
арқылы филолог-студенттерді педагогикалық дискурсқа тарта отырып, қай
жағдайда қандай қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасын қолдануға
болатынын санасында берік орната аламыз [168, б.12].
Ауызша сөз мәдениетін дамытуда аса қажет келесі ұстанымдардың бірі –
көрнекілік ұстанымы. К.Ушинскийдің пікірінше, көрнекілік тек көру арқылы
жүзеге аспайды, ол басқа да сезім мүшелері жұмысының нәтижесі болмақ.
Сондықтан ауызша сөз мәдениетін меңгертуде аудиожазбалардың маңызын
ерекше атап өткіміз келеді. Түрлі жағдаяттарда сөйленген сөздердің
аудиожазбаларын тыңдаудың негізінде білім алушы ауызша тілдің табиғатын,
оның прагматикалық қолданыстағы ерекшеліктерін жақсы түсіне алады.
Сондай-ақ шаршытопта ұтымды сөйлей білетін шешен адамдардың сөзін
видеоүзінділерден тамашалау да жемісті нәтиже бермек.
Кейбір зерттеушілер оқытушы сабақ кезінде «коммуникативтік
көшбасшы» болғандықтан, оның сөзі де білім алушыларға көрнекілік есебінде
жүреді деп есептейді [169, б.74]. Яғни оқытушының сабақ барысында айтқан
әрбір сөзінің «үлгі сөз» бола алуы аса маңызды. Тіпті студенттердің
оқытушының ауызша сөз мәдениетіне қарап, оның адамгершілік қасиеттеріне
де баға беретін жағдайлар да кездеседі [170, б.19]. Әсіресе, оқытушыны бірінші
рет көргендегі сөзі білім алушылардың есінде көпке дейін қалатыны дәлелденіп
отыр [171, б.148].
Түсініктілік ұстанымын ауызша сөз мәдениетін меңгертуге бағытталған
тапсырмалар жүйесін жасауда ерекше басшылыққа алу қажет. «Кез келген
тапсырма мазмұндық-қатынастық және рухани-эмоционалдық міндетті шешуге
бағытталуы тиіс» [172, б.44]. Сондықтан мақсатқа сай тапсырмалардың
мазмұны мен формасы да алдын ала ойластырылғаны абзал. Мысалы, ауызша
сөз мәдениетін дамытуға қатысты ауызша тіл мен жазба тілдің арақатынасын
түсінуге, сөздің қатысымдық сапаларын, педагогикалық дискурс негіздерін
меңгертуге т.б. бағытталған тапсырмалар деп бөлу құпталады. Сонымен қатар
түсініктілік ұстанымына сай білім алушылар да алға қойылған мақсат пен
міндеттерден хабардар болып отырғанын дұрыс деп санаймыз.
Саналылық пен белсенділік ұстанымына келер болсақ, өз бетімен
меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі,өз
бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, оқушының
танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі.
Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және ол өз
кезегінде оқу материалын терең және берік түсінуге ықпал етеді [173].
88
Сондықтан ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесінде саналылық пен
белсенділік ұстанымына сәйкес, төмендегідей шарттарды басшылыққа алған
жөн:
1) танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қамту;
2) талдау, салыстыру, жинақтау әдістерін қолдану;
3) білім алушыларға берілетін білімнің әрбір құрамдас бөлігіне мән беру;
4) әр айтылған тұжырымға мысал келтіру;
5) білім алушылардың пән аясындағы базалық біліміне сүйену;
6) ынтымақтастық әдісіне сәйкес оқытуды «оқытушы – студент», «студент
– студент» тұрғысынан құру.
Теорияның тәжірибемен байланысы ұстанымы негізінен, білімнің
тәжірибеден алыстаған тұста құндылығының төмендей түсуін айқын көрсетеді.
Бұл тілдік білімнің теориялық басымдықпен оқыту қарсаңында аса өзекті.
Аталған ұстанымның табиғатын толықтай ашу үшін филолог-студенттердің
ауызша сөз мәдениетін дамыту мақсатында берілген мынадай тапсырманың
мазмұны мен оның орындалу нәтижесін көрсеткіміз келіп отыр. 2-курс білім
алушыларына «Риторика және педагогтың сөйлеу мәдениеті» пәні аясында
(Қосымша Б) «Функционалды стильдердің бес түрі де көрініс тапқан, өзара
байланысты, мағыналы мәтін құрау» тапсырмасы берілген болатын.
Нәтижесінде тапсырма болашақ тілшілерге сөзге жақын қауым болғанымен,
оңайға соға қойған жоқ. Алайда нәтижесінде өте қызықты әрі мағыналы
мәтіндер дүниеге келді. Солардың бірқатарларын келтіре кетсек:
Көзбен көр де, ішпен біл...
«Махаббатпен жаратқан адамзатты...»
Осынау шексіз әлемде махаббат пен бақыт егіз ұғым сияқтанып көрінеді.
Жалпы махаббат ұғымы сізді де, бізді де жиі толғандырары сөзсіз. Бар ма,
әлде, жоқ па?
Қалам ұшынан бал тамызған ақын-жазушыларымыз екі сөзінің бірінде
«махаббатты» жырға қосқан. Сол бір көзге көрінбейтін сезімді зерттеп
қарасам, бәрі оңай. Махаббат – адам ағзасындағы: дофамин, серотонин,
адреналин, эндорфин, вазопрессин гормондарының мидан бөлінуі арқылы
жүзеге асатын қарапайым процесс. Сол «сегіз әріп, бір арманды» кез келген
адам өз бақылауында ұстай алады. Әйгілі профессор Фишер өзінің ресми
бағдарламасында: «Махаббат 17 айдан үш жылға дейін өмір сүреді» деп
баяндаған болатын. Рас. Себебі, әлгі гармондардың процесі белгілі бір жүйеге
түседі. Одан кейін адамдар өздерін бақытсызбыз деп ойлап, махаббатқа деген
сенімі мүлде жоғалады. Шындығында олай емес. Бұдан соң махаббаттың ең
соңғы кезеңі – сыйластық пен нәзік қана бауырбасу басталады. Бұл
адамдардың бір-біріне риясыз сенгенде пайда болатын «вазопрессин» процесі.
Осылайша
махаббатты
кезең-кезеңімен
бастан
кешіреміз.
Қанша
ғұламалардың «махаббат» жайлы еңбектерін оқысам да, «махаббат жоқ»
деген жазуды әлі көрмедім...Қанша жерден, қандай мықты ғалымдар зерттеп,
дәлелдеп тастаса да, бұл аса бір ерекше, албырт сезім. Махаббатың
ғаламатын да, алапат азабын да сезініп көргеннің өзі – бақыт. Сол бір
гормондар бөлінбесе, өмірдің қызығы не? Не десеңіз де, махаббатсыз дүние
89
бос қой. Ең бастысы, «сайқал сезімнің» соңына түсіп, нысабыңыз бен өзіңізді
жоғалтып алмасаңыз болғаны (Алтын Сәрсенбаева).
Әр нәрсе уақытымен
Бар демін ішіне жинап, сәл-пәл күрсінген кейіппен табалдырықты
аттады. Бұл қадам осымен 27-сі болар. Есікті ашып, әдемі, кең, жарық
кабинетке кіріп еді, алдында егде тартқан, жүзін аздап әжім басқан орта
бойлы ер кісі отыр екен. Асқарға қарайтын түрі жоқ. Қолынан қалта
телефоны мен жұмыс телефоны түсер емес. Кезек-кезек тоқтамайтын
қоңыраулар. Бір сәт телефон тұтқасы қойылған сәтте:
- Ассалаумағалейкум, аға, - деп тіл қатты Асқар.
- А? Ее, уағалейкум,- деп шала-пала амандық танытты.
- Менің есімім – Асқар. Жұмыс бойынша келіп тұр едім. Дипломмен.
- Диплом? Жақсы екен. Жұмысқа өтінішіңізді қалдырыңыз,- деп қалам
ұсынды.
«Қазақстан
Республикасы, Алматы қаласы, «Рахат» өндіріс
компаниясына Жұбанов Асқардан өтініш». Өтінішті директордың қолына
ұсынып, орнынан тұрды. Директор өтінішке көз салып: - Осындайда жазу
стилі болады екен ғой,-деп мырс күлді. Иә, жазуы өзгелерге мүлдем
ұқсамайды. Мүмкін, бұл екі қолмен де жаза алу қабілетінен болар? Басқаларға
ұқсамайтын ерекшелік емес пе? Өзіме ұнайды деп жымиып отыра берді.
- Жақсы, сіздің өтінішіңіз қаралатын болады. Сіз сыртта мені күтіңіз.
Менде жиналыс. Аяқталғаннан кейін сөйлесерміз, дәл қазір ештеңе айта
алмаймын. Асқар үшін бұл сөздерді есту – бақыт еді. Себебі осыған дейін
жұмыс іздеп келген жердің барлығы бұлай айтпақ түгілі, бетіне де қарамаған
еді. Мақұл деумен сыртқа шықты.
Кабинет алдында отырғанына 3 сағаттан асты. Жан-жағындағы
барлық жазуды, суреттерді 1040 рет қарап шықты. Бір қабырғада: «Шексіз
әлемде де «Рахатпен» рахаттаныңыз» деген жазуды көрді. Шексіз әлемге
рахатты алып кете алатындар бар ма деп басын шайқады. Бір қабырғада:
«Рахат» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетіндерге таптырмас
өнім» деп жазыпты. Айта берсек, барлық мақтау мен мадақты айналаңа үйіп-
төгіпті. Осылай әр қабырғаға көз салып отыр еді, қасына жап-жас қыз келіп:
- Кешіріңіз, біреуді күтіп отырсыз ба? Бізде жұмыс уақыты аяқталды. Асқар
не дерін білмей қалды. Күтіп отырған директорының қайтып кеткенін
естігенде көңлі су сепкендей басылды. Бұл да өтірік болғаны ма деп ойлады.
Басын салбыратып үйіне қайтты. Тағы да жұмыссыздық...
... Осылай дегбірі қашып жүрген күндерін бүгінде есіне алып, шүкір деп
қояды. Қазір өзінің жеке компаниясы, зәулім үйі, 5 баласы бар. Бақытқа қол
жеткізді деген осы емес пе? (Жадыра Жанарбек)
Студенттер тапсырманы орындап болған ауызша өз әсерлерімен бөлісті,
сөздің қатысымдық сапаларына талдау жасады. Біреулеріне функционалды
стильдерді бір арнада тоғыстыру қиындық тудырса, біреуіне мәтіндерін
мағыналы ету күрделі болған. Бірақ жалпы алғанда, тапсырма барлығына
ұнаған деп айтсақ болады. Білім алушылардың өз сөздеріне сүйенсек,
90
«тапсырма қиял ұшқырлығын дамытуға, аялық білімді кеңейтуге,
функционалды стильдер туралы тек теориялық білім алып қана қоймай, оларды
қолданудағы ерекшеліктерін де түсінуге ықпал еткен» [174].
Баршаға белгілі, алайда іс жүзіне асыру қиындық тудырып келе жатқан
ұстанымдардың тағы бір түрі – ол білім алушылардың жас және
психологиялық ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Білім алушылар жас
ерекшелігі,
дайындық
деңгейі,
қабілеттері,
оқудағы
және
жалпы
қызығушылықтары, бастапқы білім деңгейі, әлеуметтік қалыптасуы, мәдени
тәрбиесі, оқудағы қиыншылықтары т.б. тұрғысынан әртүрлі болуы мүмкін. Ал
олардың аталған ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, соған сәйкес
тапсырмалар беру жақсы нәтижелерге жеткізетіні сөзсіз. Керісінше болған
жағдайда білім алушы ауызша сөз мәдениетін меңгермей ғана қоймай, оған
деген қызығушылығы мүлдем жоғалуы да мүмкін.
Ғалым Ж.Дәулетбекова білім мазмұны мен көлемінің баланың ойлау,
қабылдау деңгейлеріне сай болуымен қатар, ұлттық болмысына да сәйкестенуін
ескеру маңызды екендігін айтады [175, б.136]. Сондай-ақ білім алушылардың
ауыл немесе қала мектептерінің түлегі болуы, ақындық, мәнерлеп оқу секілді
қабілеттерінің бойынан табылуы да олардың жеке бас ерекшеліктерін танытады
деп есептейміз. Себебі ауыл және қала мектептерін бітіріп келген білім
алушылардың ауызша сөз мәдениетінің бастапқы деңгейі әртүрлі болатыны
жүргізілген эксперимент кезінде анықталған болатын. Олардың қолданатын
сөздік қорының өзінде едәуір айырмашылықтар бар екенін айта кеткіміз келеді.
Ақындық дарыны бар білім алушылардың да қарапайым қатардағыларына
қарағанда сөз өнеріне бір табан жақын болатыны түсінікті. Сондықтан оларға
берілетін тапсырмалар да бірдей болмауы керек. Тапсырма бірінің ауызша сөз
мәдениетін қалыптастырса, бірінікін дамытып, енді біреуінікін шыңдап отыруы
тиіс. Осыған орай, зерттеу жұмысының негізінде жалпы оқырмандарға
арналған «Ауызша сөз мәдениетіңізді көтергіңіз келе ме?» атты жаттығулар
мен практикалық тапсырмалар жинағы жасалған болатын (Қосымша В).
Жинақтың басты ерекшелігі – ондағы тапсырмалардың түрлі деңгейлерге сай
етіп берілуінде. Мұның өзі аталған ұстанымның маңыздылығын дәлелдей
түседі.
Алғашқы педагогикалық психология еңбектерінің авторы – Ж.Аймауытов:
«Тәртіп пен оқыту жақындасып айқасу керек. Жақсылықтың не екенін білу аз,
жақсы істі ете алатын ерлік керек. Бұл – оқыту мен тәртіптің істері. Бала
әлеуметтік рухында тәрбиеленуі керек. Ол мектеп ережесін құрметтей біліп,
әлеумет, мемлекет тілегіне өз тілегін бағындырып үйренуі керек» [176, б.346]
деген екен. Тәрбие мен білім – егіз ұғымдар. Ал осы екеуінің басын қоспақ
жалпы дидактиканың ізгілендіру ұстанымының ісі. Білім алушының тілге
құрмет сезімін қалыптастырып, куммулятивтік қызметін сезінуге баулитын
тақырып пен тапсырмалар мазмұнына бұл ұстаным негіз етіп алынады.
Мысалы, қарапайым тіл, сөз, сөйлеуге қатысты мақал-мәтелдер жинату арқылы
білім алушылардың санасында көптеген адамгершілік қасиеттер жайлы түсінік
қалыптастыруға болады. Ал «ауызша сөз мәдениетін дамытуға баулитын
практикалық жұмыстар арқылы сөздің адамдар арасын жалғастыратын басты
91
өзек екенін түсіну, сөздің адам болмысын анықтайтын бірден-бір көрсеткіш
екенін түйсіну, дискурста, пікірталастарда әдепті сөйлеудің мәнін ұғыну, сөздің
дара тұлға қасиетімен бірлігін тану ауызша сөз мәдениетін оқытуда білім
берумен қатар ізгілікке, әдеп пен адамгершілікке баулу міндеті жүзеге
асырылатынының дәлелі» [175, б.138].
Ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесінде ерекше орын
алатындардың бірі – қатысымдық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша ауызша сөз
мәдениетін оқытуда сөйлеу әрекетінің түрлері (айтылым, жазылым, тыңдалым,
оқылым) негізге алынады. Ауызша тіл сөйлеу әрекетінің түрлерімен өте тығыз
байланысты. Әсіресе, болашақ ұстаздарға олардың әрқайсысын тиісті деңгейде
меңгерудің маңызы зор. Психологтардың пайымдауынша, адам орташа есеппен
сөйлеу әрекетінің түрлеріне сергек жүрген кездерінің 70%-ын жұмсайды екен.
Оларды тарқатып көрсетер болсақ, шамамен: 30%-ы айтылым, 45%-ы
тыңдалым, 16%-ы оқылым және 9%-ы жазылым деп бөлуге болады [177, б.133].
Осы ретте сөйлеу әрекеті түрлерінің негізгі және педагогикалық мақсаттағы
қолданыстарынатоқтала кеткен жөн:
Сурет 17 – Педагогикалық дискурстағы айтылымның түрлері
Сурет 18 – Тыңдалым әрекетінің мақсаты, қызметтері
92
Оқытушы сабақ үстінде төмендегідей мақсаттармен тыңдайды көрінеді:
- білім алушылардың пәнді игеру кезінде ақпаратты қаншалықты деңгейде
меңгергенін білу;
- тапсырмалардың орындалуын қадағалау;
- оқу міндеттерін шешу кезінде білім алушылар тарапынан туындаған
сұрақтарға жауап беру.
Кесте 18 – Оқылымның педагогикалық дискурста алатын орны
Жағдаят
Оқылуы
тиіс
әдебиеттің
сипаттамасы
Оқылым
қызметі
Оқылымның
түрі
Оқылым нәтижесі
Жаңа сабақ
материа-
лын түсіндіру
Ғылыми,
ғылыми-
көпшілік,
әдістемелік
әдебиет
Танымдық
Танысу
мақсатында
(әдебиеттерді
іріктеу
кезеңінде),
меңгеру
мақсатында
(таңдалған
әдебиеттерді оқу
барысында)
Сабақты ауызша
түсіндіру мәтіні
Білім
алушылардың
жазба жұмыс-
тарын тексеру
Шығарма,
мазмұндама,
эссе т.б.
Танымдық,
ақпа-
раттық
Зерттеушілік
Педагогикалық
рецензия, бағалау
Көркем
шығарма-
ны талдау
Көркем
туынды-
лар, әдебиет-
тегі сыни
еңбектер
Танымдық,
эстети-
калық
Зерттеушілік
Реферативті шолу,
қорытынды сөз
Оқу-әдістеме-
лік мақсаттағы
жиналыстар
Ғылыми,
әдістемелік,
психология
және
педагоги-
калық
әдебиеттер
Танымдық,
реттеуіштік
Танысу
мақсатында
(әдебиеттерді
іріктеу
кезеңінде),
меңгеру
мақсатында
(таңдалған
әдебиеттерді оқу
барысында)
Реферат, хабарлау
ауызша баяндама
Кәсіби
тұрғыдан
жетілу
Ғылыми және
әдістемелік
әдебиеттер,
мақалалар
Танымдық
Зерттеушілік
Мақала, ауызша
баяндама, рецензия
93
Кесте 19 – Оқытушының жазылым әрекетінің жүзеге асуы
Қолданылу аясы
Жанрлары
Жанрлық ерекшеліктері
Ресми орта
Бұйрық, нұсқаулық, өтініш,
есеп,
білім
алушыға
берілетін мінездеме
Адресат пен адресант арасындағы
ресмилік, нақтылық
Ғылыми орта
Дәріс мәтіні, ғылыми мақала,
реферат,
педагогикалық
рецензия т.б.
Логикалық байланыс, түсініктілік,
ғылымилық
Публицистикалық
сипаты бар орта
Педагогикалық эссе, мақала
Оқырманға
тікелей
бағытталуы,
эмоционалды-экспрессивті
реңктің
болуы
Байқағанымыздай, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің қолданыстағы
ерекшеліктерін білудің филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетін
қалыптастыру мен дамыту әдістемесінде маңызы зор. Тіпті мүлдем бір
қарағанда байланысы жоқ болып көрінуі мүмкін жазылым әрекетінің өзі
ауызша және жазба сөз мәдениетінің арақатынасын ажырату арқылы жүзеге
асады. Сондықтан қатысымдық ұстанымның аталған пәнді игеру барысындағы
орны ерекше.
Жоғарыда ауызша сөз мәдениетін меңгертуде жалпы дидактикалықпен
қатар арнайы ұстанымдарды да басшылыққа алудың қажеттілігі туралы
айтылған болатын. Арнайы түрлері ретінде тіл сезімін дамыту, пәнаралық
байланыс, қызығушылықты ояту, модельдеу, медиатехнологиялардың
мүмкіндіктерін пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау сауаттылығын дамыту
ұстанымдарын басшылыққа алып отырмыз.
Сурет 19 – Ауызша сөз мәдениетін оқытуда басшылыққа алынатын арнайы
ұстанымдар
Достарыңызбен бөлісу: |