Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Сулейман Демирель атындағы университет 
ӘОЖ: 378.016:81'271                                                            Қолжазба құқығында 
 
 
Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы 
 
 
Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы  
филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі 
 
6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 
 
Философия докторы (PhD) 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
Ғылыми кеңесшілер:  
                            Филология ғылымдарының докторы
профессор Куралай Кудеринова 
 
                            Педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор Жарқынбике Сүлейменова  
 
Шетелдік ғылыми кеңесші: 
PhD, профессор Гүлайхан Ақтай  
(Польша, Адам Мицкевич атындағы университет) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Қаскелең, 2019 


 
МАЗМҰНЫ 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР .......................................................................... 3 
АНЫҚТАМАЛАР .................................................................................................... 4 
КІРІСПЕ .................................................................................................................... 8 
1  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық негіздері 
1.1  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
тілбілімдік негіздері .................................................................................................16 
1.2 Ауызша сөз мәдениеті және педагогикалық дискурс .................................... 50 
1.3  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
когнитивтік және лингвоәлеуметтік тұжырымдамасы ........................................ 74 
1.4 Ауызша сөз мәдениетін жаңаша оқытудың дидактикалық ұстанымдары ... 85 
Бірінші бөлім бойынша тұжырым ....................................................................... 103 
2  Ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту  арқылы  филолог-
студенттердің сөз мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі 
2.1  Жоғары  білім  беру  жүйесінде  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытудың  қазіргі 
жайы ........................................................................................................................ 105 
2.2  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделі .......................................................................... 115 
2.3 Ауызша сөз мәдениетін оқытудың жаңа әдістері.......................................... 123 
2.4 Филолог-студенттердің ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің 
эксперименттік оқыту тәжірибесінің нәтижелері .............................................. 141 
Екінші бөлім бойынша тұжырым ........................................................................ 163 
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 164 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................ 167 
ҚОСЫМШАЛАР ................................................................................................. 180 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  төмендегідей  нормативтік  құжаттарға 
сілтемелер көрсетілген: 
 
1    Қазақстан  Республикасындағы  1997  жылғы  11  шілдедегі  №151-І  тіл 
туралы Заңы (ҚР 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы №269-V Заңымен енгізілген 
өзгертулермен).  Қазақстан  республикасындағы  тілдер  туралы  негізгі  заң 
актілері. – Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 32 бет. 
 
2      Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 
2011 
жылғы 
29 
маусымдағы 
№110 
Жарлығымен 
бекітілген.Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  туралы  негізгі  заң  актілері.  – 
Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 32 бет. 
 
3  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығына  арналған  Типтік  оқу 
бағдарламасы, VI бөлім. – Алматы: ҚР БжҒМ, 2003. – 99 бет. 
 
4      5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығына  арналған  Типтік 
оқу  бағдарламасы.  –  Алматы:  ҚР  БжҒМ,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ,  2015.  –  99 
бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
 
Бұл 
диссертациялық 
жұмыста 
келесі 
терминдерге 
сәйкес 
анықтамалар қолданылған:
 
Адресант  –  коммуникативтік  актіге  қатысушы,  сөйлесім  жағдаятында 
тілдік  бірліктерді  айтылым  немесе  жазылым  іспетті  сөйлесім  әрекеттерін 
жүзеге  асыру  үдерісінде  қолданып,  тыңдаушысына  өз  ойын  жеткізуші 
коммуникант. 
Адресат  –  сөйлесім  жағдаятында  тілдік  бірліктер  арқылы  адресанттың 
жүзеге асырған сөйлеу актілерін қабылдаушы, прагматикалық лингвистиканың 
ядролық құраушыларының бірі. 
Артикуляция  (лат.  аrticulation  –  бөлшектеу)  –  дыбыстау  мүшелерінің 
дыбыс жасау барысындағы қызметі. 
Ауызша тіл дегеніміз – ішкі сөйлеуді ауыз мүшелерінің қозғалысы арқылы 
дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, 
естілетін  және  айтылатын  тілдік  жүйе  немесе  ойдың  дыбысталуы,  ойдың 
дыбыстық кодқа айналуы. 
Әдеби тіл – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, 
ортақ,  қоғамдық  қызметі  әртүрлі,  жалпы  халықтық  тілдің  ерекшеленген, 
сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. 
Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық 
адамдарға ортақ, орнықты түрде қолдану үлгісі.  
Әдіснама  –  ғылыми  зерттеулерді  ұйымдастырудың  қағидаттары  туралы 
өмір тәжірибесінің жиынтығы. 
Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі 
мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. 
Әлеуметтік  бағыт  –  тілді  адамдардың  қарым-қатынас  құралы  және 
әлеуметтік  құбылыс  ретінде  танитын  ағымдардың,  концепциялардың, 
мектептердің жиынтығы. 
Билингвизм  (лат.  bi  –  екі;  lingua  –  тіл)  –  қостілділік:  белгілі  әлеуметтік 
топтың (мемлекеттің) екі тілде сөйлеуі.  
Валенттілік  (лат.  valentia  –  күш)  –  сөздің  басқа  сөздермен  синтаксистік 
байланыс жасау қабілеті. 
Варваризм (грек. barbarous – жат жерлік) – өз тілінде баламасы бола тұра, 
бөтен тілдің сөздерін еліктеумен (сән үшін) қолдану.  
Дағды – қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. 
Дәйексөз  (цитата)  –  басқа  біреудің  айтқан  пікірінен  үзінді  алынып, 
өзгертілмей берілуі. 
Диалог (грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше 
адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. 
Дидактика  –  оқытудың  мазмұнын,  ұйымдастыру  түрлерін,  оқытудың 
басты  ұстанымдарын  және  әдіс-амалдарын  қарастыратын  педагогиканың  бір 
саласы.  
Дидактикалық  ұстанымдар  –  оқытудың  негізгі  мазмұнын,  ұйымдастыру 
тәсілдерін,  әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына  сай  орындайтын  қағидалар 


 
жүйесі.  
Дискурс  (фр.  discours  –  сөйлеу)  –  экстралингвистикалық,  яғни 
парадигматикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  психологиялық  факторлармен 
байланыста болатын мәтін. 
Интерференция  (лат.  inter  –  аралық,  ferio  –  соғу,  тигізу)  –  қостілділік 
жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. 
Интонация  (лат.  intonation  –  қатты  айтылатын)  –  әуен,  интенсивтілік, 
ұзақтық,  сөз  қарқыны,  айту  тембрі  сияқты  бір-бірімен  байланысты 
сыңарлардың бірлігі. 
Жазба тіл дегеніміз – ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мысалы, қазақ тілі) 
кодталған  ойдың  фонемалық  сүзекіден  өтіп  жазу,  көруге  бағытталған 
графикалықкодқа айналған жүйесі.
 
Жаргон  (фр.  argon)  –  тұрақты  жеке  әлеуметтік  топтың  ауызекі  тілде 
сөйлеуі. 
Коммуникация  (лат.  communication  –  байланыс,  қатынас)  –  араласу, 
ойлармен, идеялармен, деректермен бөлісу. 
Коммуникативтік  стратегия  дегеніміз  –  белгілі  бір  тілдік  құралдар 
арқылы берілетін коммуникативтік мақсат пен міндеттерге жетуге бағытталған 
сөйлеу әрекеті. 
Көптілділік  (мультилингвизм,  полилингвизм)  –  бір  мемлекет  ішінде 
бірнеше тілді пайдалану немесе бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі. 
Қарапайым  сөйлеу  –  ұлттық  тілдің  бір  түрі.  Қарапайым  сөйлеу  диалект, 
жаргон және халық говорларымен бірге халықтың ауызекі тіліне жатады. 
Қыстырма  сөз  –  сөйлемдегі  ойға,  оның  айтылу  тәсіліне  айтушының 
көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі. 
Мағына  –  сөз  арқылы  айтушы  мен  тыңдаушыға  ортақ  түсінікті,  нақты 
ұғымды білдіретін шындық өмірдің көрінісі. 
Модель  –  өлшем,  үлгі,  норма.  Кең  мағынада  –  нысанның  ойда  немесе 
белгіде жасалған образы. 
Монолог (грек. monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің 
нәтижесінде пайда болатын бір тұлғаның сөйлеуі. 
Орфоэпия – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасы. 
Парадигма  –  ғылыми  тәжірибеге  негізделетін,  нақты  ғылыми  зерттеуді 
айқындайтын теориялық және әдістемелік алғышарттардың жиынтығы. 
Педагогикалық 
дискурс 
мақсаты, 
қатысушылары, 
бағытталатын 
құндылықтары,  білім  алу  ортасы,  құрылымдық  мазмұны  секілді  аспектілерді 
қамтиды.  Педагогикалық  дискурс  үш  үлкен  коммуникативтік-педагогикалық 
функцияларды  атқарады:  1)  гносеологиялық  (пәндік,  мәдени,  әлеуметтік  т.б. 
білімдерді  алуы);  2)  коммуникативтік-реттеуіштік  (мақсатқа  жету  үшін 
қолданатын  стратегия  мен  тактикаларды  қамтиды)  және  3)  коммуникативтік-
тәрбиелілік (білім алушының жалпы тұлға ретінде дамуы). 
Педагогикалық 
технологиялар 
– 
теориялық 
білімдерді 
тұтас 
педагогикалық  үрдістің  қызметін  тәжірибе  жүзінде  іске  асыруға  бағытталған 
және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның 
да  даму  динамикасын  көруге  болатын,  педагогтар  мен  білім  алушылардың 


 
өздерін  кәсіби  тұрғыдан  дамытуына  мүмкіндік  беретін  жүйелі  іс-әрекеттер 
кешені. 
Сленг  –  әдеби  тіл  нормасынан  алшақ  тұратын,  тілдегі  эмоционалды-
экспрессивтілікті  көрсететін,  белгілі  бір  деңгейде  әлеуметтік  топтарда 
қалыптасқан  ережелерге  деген  қарсылықты  білдіретін,  шығу  тегі  жағынан 
бірегей лексикалық қабат.
 
Сөз – айтушы мен тыңдаушы арасындағы қарым-қатынас құралы. 
Сөз  әдебі  –  қоғамда  қабылданған  ресми  не  бейресми  жағдайда  әңгіме 
құраушылардың  әлеуметтік  рөліне  сай  болатын  сұхбаттасу  ережелерінің 
тұрақты жүйесі. 
Сөздің  байлығы  дегеніміз  –  әркімнің  өз  ана  тілінің  бар  мүмкіндіктерін 
еркін пайдалана білуі. 
Сөздің  дәлдігі  дегеніміз  –  сөздің  реалды  шындықтағы  заттар  мен 
құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.  
Сөз  дұрыстығы  дегеніміз  –    сөзді,  грамматикалық  тұлғаларды,  сөз 
тіркестері  мен  сөйлемді  тілдегі  мағынасына  сай  қолдану,  ақиқатты  дәл 
бейнелейтіндей етіп жұмсау.  
Сөздің логикалылығы дегеніміз – ойдың қайшылыққа ұрынбауы. 
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын 
білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. 
Сөйлеу – бір  мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеуге сөйлеу қызметі 
және сөйлеу нәтижесі (жадта сақталған және жазылған шығармалар) жатады. 
Сөйлеу актісі –  қоғамда  қалыптасқан  сөйлеу  ережелеріне сай,  белгілі бір 
мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті. 
Стиль  –  стилистика  ғылымының  ең  басты  категориясы.  Сөйлеудің 
сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас 
жасау  мақсатына  сай  келетін  бейнелеу  құралдарын  пайдалануы  дегенді 
білдіреді.  
Стилистикалық 
мағына 
– 
тілдік 
тұлға-бірліктің 
мағыналық 
құрылымындағы лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары 
қосымша белгісі.  
Тіл  дегеніміз  –  жұрттың  барлығына  ортақ  мағыналары  бар,  шартты 
жалпыға бірдей дыбыстар жүйесі болып табылады. 1) қызметі тұрғысынан: тіл 
– адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы, ойды білдіру құралы; 
2) құрылым тұрғысынан: тіл – тілдік бірліктер мен ережелердің жиынтығы; 3) 
өмір  сүруі  тұрғысынан:  тіл  –  қоғамдық,  ұжымдық  дағдының  нәтижесі;  4) 
семиотикалық тұрғыдан: тіл – таңбалар жүйесі; 5) ақпараттық тұрғыдан: тіл  – 
ақпараттық мағынаның коды.
 
Тілдік  норма  –  қоғамда    байланыс    жасау  барысында  тұрақталған    тілдік 
жүйе. 
Тіл  саясаты  –  қоғамда,  мемлекетте  тіл    мәселелерін  шешуде 
қолданылатын идеологиялық ұстанымдар мен шаралардың жиынтығы.       
Тіл және қоғам – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, 
дамуы  мен  қызметі,  әлеуметтік  топтарға  қатысы,    тілдің    қолданылуы  мен  
басқа тілдермен арақатынасы, қоғамның тілге деген саналы көзқарасы – бәрі де 


 
тілдің  қоғамдық табиғатынан туындайды. 
Тілдік қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық 
нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. 
Шешендік – шаршытоп алдында сөйлеудің негізі. 
Шешендік  канон  –  шаршытоп  алдында  сөйленер  сөздің  құрылымдық 
жүйесі.  Ол  айтар  ойдың  туындауынан  бастап,  сөз  арқылы  жарыққа  шығу 
кезеңдерін толығымен қарастырады. 
 
Эмоционалды-экспрессивті  сөздер  –  тіліміздегі  сан  алуан  стильдік  мәні 
бар,  сезімге  түрлі  әсері  бар  сөздер.  Эмоционалды-экспрессивті  сөздер  адам 
сезімін  білдіруге,  мәнерлілік  пен  суреттілікті  күшейтуге  қызмет  етеді 
(Терминдердің 
анықтамасы 
негізінен 
А.Салқынбай, 
Е.Абақанның 
«Лингвистикалық түсіндірме сөздік». – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б. 
және Б.Жұмақаева, Ш.Ерхожина, А.Тымболованың «Мұғалімнің кәсіби бағдар: 
оқу құралы». – Алматы: ИП «Балауса», 2018.- 176 б. бойынша берілді). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ
 
 
Зерттеудің  өзектілігі.  Тұтас  бір  елдің  тәуелсіздігін  мызғымас  ететін 
факторлардың  бірі  –  оның  ана  тілі.  Заң  тілімен  айтсақ:  «Қазақстан  халқын 
топтастырудың  аса  маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді 
меңгеру  – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы»  [1]. Себебі 
бір  халықты  екіншісінен  айқын  ерекшелеп,  бүкіл  болмысын,  табиғатын 
көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған 
ұлттық әдеби тілі.  
Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 
жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары 
ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл  – ұлт бірлігінің 
басты  факторы;  2)  мемлекеттік  тілді  көпшіліктің  кеңінен  қолдануына  қол 
жеткізу;  3)  дамыған  тіл  мәдениеті  –  зиялы  ұлттың  әлеуеті;  4) 
қазақстандықтардың  лингвистикалық  капиталын  дамыту»  [2].  Зиялы  ұлттың 
әлеуетін  құруға  ұстаздар  қауымы  қатысатыныдаусыз.  «Мұғалімнің  жұмысы  – 
балалар.  Егер  балалар  бірдемені  түсінбейтін  болса,  онда  оқытушы  олардың 
көкейіне  қондыра  алмағаны  үшін  өзін-өзі  кінәлауға  тиіс.  Ол  балалармен 
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені 
ықыласпен  түсінікті  етіп  түсіндіруі  керек,  мәнерлі  сөз,  орынсыз  терминдерді 
пайдаланбау  керек»,  –  деп  Ы.Алтынсарин  атап  өткендей  [3],  болашақ 
мұғалімдердің, жалпы «сөз» атты құдіретті құралды пайдалануын міндетті деп 
санаймыз. Ұлы ақын Абай да осы ретте: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, 
тәрбиесінде,  ақылында,  өнер-білімінде.  Адамға  үш  алуан  адамнан  мінез 
жұғады:  ата-анадан,  ұстазынан,  құрбысынан.  Әсіресе,  олардың  қайсысын 
жақсы көрсе, содан көп жұғады» деп ұстазды ерекше атап кеткені мәлім. Ұстаз 
–  алдындағы  шәкіртінің  бойында  ізгі,  асыл  қасиеттерді  қалыптастырып, 
дамытатын тұлға. Түптеп келгенде, Абай айтқан сол ата-ананы да, құрбыны да 
тәрбиелеп шығаратын – ұстаз. Ал тәрбие сөз арқылы жүзеге аспақ.  
«Мәңгілік  ел»  құрып  отырған  мемлекетіміздің  ұлттық  идеясын  жүзеге 
асырудың  тетігі  –  бүгінгі  білім  алушылардың,  ертеңгі  жас  мамандардың 
қолында. Осы тұрғыдан ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген, әлемдік 
бәсекеге қабілетті, кәсіби-әдістемелік құзыреттілігі қалыптасқан жоғары білікті 
маман даярлау – жоғары білім беру жүйесінің міндеті. 
Болашақ  филолог  мамандардың  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру 
қазақ халқының рухани құндылықтарының маңыздысы сөз құдіретінің қасиетін 
түсінуге,  сөз  мәдениеті  туралы  ғылыми  танымының  кеңейіп,  сөйлеудің 
этикалық-эстетикалық ұстанымдарын жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді. 
Тіл,  сөз,  сөйлеу  ұғымдары,  олардың  арақатынасы,  олардың  халық 
санасындағы  орны,  ауызша  тілдің  лексикасы,  оның  ерекшеліктері,  сөздің 
қатысымдық  сапалары,  ауызша  сөз  мәдениетінің  педагогикалық  дискурс 
аясындағы  мән-маңызын  білу  –  болашақ  филолог  мұғалімдердің  кәсіби 
қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың басты буыны. 
Осы  мәселелер  тұрғысынан  сөз  мәдениетінің  нормалық,  этикалық 
аспектілерін,  ауызша  сөз  мәдениетіне  қойылатын  талаптарды,  педагогикалық 


 
дискурс,  оның  білім  беру  үдерісіндегі  қызметі  мен  жанрлық  түрлерін 
меңгертудің әдістемелік жүйесін жасау  жоғары мектеп дидактикасының өзекті 
тақырыптарының бірі болып табылады. 
Академик  Р.Сыздық:  «Бүгінгі  таңда  ана  тіліміз  үшін  күрес  екі  майданда 
жүргізілуі  керек,  бірі  –  қазақ  тілінің  әлеуметтік  қызмет  аясын  кеңейту,  оны 
әсіресе  кеңсе-іс  қағаздарының  да,  ғылымның  да,  заң-сот  істерінің  де  тіліне 
айналдыру болса, екіншісі одан кем түспейтін – тіл мәдениетін көтеру, тілімізді 
тек дұрыс қана емес, әсерлі, әдемі етіп жұмсау үшін күрес болуға тиіс», – деп 
сөз мәдениеті үшін күрестің мағыздылығын атап көрсетеді [4]. 
Тілдің  куммулятивтік  қызметінің  еркін  жүзеге  асуы  үшін  филолог 
мамандарға  тілді  пәндік  және  коммуникативтік  тұрғыдан  ғана  емес,  тілдің 
бүкіл бойындағы нәрлілігімен білімгерлерге жеткізу міндеті жүктелмек. Бұл өз 
кезегінде  сөз  мәдениетіне  қатысты  пәндердің  маңыздылығын  арттыра  түседі. 
«Тілдің  ауызша  және  жазбаша  түрінің  қатар  дамып,  қоғам  өміріндегі 
қызметінің  өрістей  түсуі  үшін  оны  түрлі  ауытқулардан  арылтып  отыру, 
қоғамның,  тілдік  ұжым  мүшелерінің  сөз  мәдениетін  көтеру  «сөз  мәдениеті» 
деген  ғылыми-теориялық  пәннің  алдында  тұрған  гуманистік,  әлеуметтік 
жауапкершілік болып табылады» [5, б.3]. 
Сөз  мәдениеті  немесе  оған  мазмұны  жақын  пәндердің  қалыптасу  және 
даму  алғышарттары  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  І.Кеңесбаев,  М.Балақаев, 
С.Аманжолов  т.б.  ғалымдардыңеңбектерінен  бастау  алса,  кейінірек  Р.Сыздық, 
Н.Уәли,  Р.Әмір,  Б.Шалабай,  Қ.Күдеринова,  З.Ерназарова,  сөз  мәдениетінің 
әдістемелік  жүйесіне  қатысты  Ф.Оразбаева,  Ж.Дәулетбекова,  Г.Қосымова, 
С.Рахметова,  А.Жапбаров,  А.Қыдыршаев  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерінде 
жалғасын  табады.  Ғалымдардыңзерттеулерінің  басым  бөлігі  –  жазбаша  тілдің 
табиғатын  ашуға  бағытталғаны  еңбектер.  Алайда  кез  келген  әдеби  тілдің 
бастауында  ауызша  тіл  тұратыны  белгілі.  Осы  мәселе  тұрғысынан  ауызша 
тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  анықтау  тіл  білімінің  өзекті  мәселесі  болып 
табылады. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінде  болашақ  филолог  мамандардың  кәсіби 
қатысымдық  құзыреттілігінің  басты  мазмұндық  бөлігінің  бірі  –  ауызша  сөз 
мәдениетінің  қалыптасуы.  Осымен  байланысты  ауызша  тілдің  жүйесі  мен 
құрылымын  меңгерту  арқылы  студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін 
қалыптастырудың  әдістемелік  жүйесінің  өзегі  болып  табылатын  ғылыми-
дидактикалық қағидаттары, құрылымдық-мазмұндық моделі, оқытудың жаңаша 
әдіс-тәсілдері  мен  жаңаша  құрылған  оқыту  құралдары,  сондай-ақ  ауызша  сөз 
мәдениетінен берілетін ғылыми білім мазмұнын анықтайтын жаңа пән енгізудің 
әдістемелік жүйесін анықтау зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. 
Зерттеудің  мақсаты  –  түрлі  жағдаяттағы  ауызша  тілдің  жүйесі  мен 
құрылымын  анықтау  арқылы  жоғары  білім  беруде  болашақ  педагог,  филолог-
студенттердің  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың  әдістемелік  негіздерін  жасау 
және оны тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізіп, тиімділігін дәлелдеу.        
Зерттеудің  нысаны  –  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту 
арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру үдерісі. 
Зерттеу  пәні  –  ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту  арқылы 

10 
 
филолог-студенттердің  сөз  мәдениетін  қалыптастыру  әдістемесі  (білім 
мазмұны, әдістемелік жүйесі, ғылыми негіздері, теориялық тұжырымдары). 
 
Зерттеудің міндеттері: 
ауызша сөз мәдениетіне қатысты ғылыми ұғымдарды анықтайтын зерттеу 
жұмыстарын зерттеп-зерделеу; 
-  тіл, сөз,  сөйлеу  ұғымдарының  арақатынасы  мен  ауызша сөйлеудегі  мән-
маңызын айқындау; 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет