Бірінші мысал. Құрылыс алаңында бір жұмысшы екіншісіне: «Бауырым,
зілбалғаны беріп жіберші» дегенде, екінші жұмысшы үндемей, оған керегін
алып береді.
Сөйлеу актісінің орындалу шарты: адресат та, адресант та қазақ тілін
біледі, яғни тілдік кодқа ие; екеуі де бір кәсіптің иесі болғандықтан, құрылыс
алаңындағы шу коммуникацияның жүзеге асуына кедергі келтірмейді;
араларында достық немесе бейтарап қарым-қатынас орнағаны көрінеді.
Бір қарағанда, сөйлеу актісі біржақты ғана болған секілді көрінеді. Бірақ
екінші жұмысшының зілбалғаны беруі оның айтылған сөзді дұрыс
қабылдағанын көрсетеді. Демек, сөйлеу актісі орындалды.
Екінші мысал: Мектепте қазақ тілі сабағы жүріп жатыр. Оқушылар
үйге берілген тапсырманы айтуға дайындалуда. Кенет мұғалім: «Азамат, үйге
не берілгенін айтып жіберші» дейді. Азамат жауап береді. Алайда сөйлеу
актісі мұнымен аяқталмайды. Себебі Азамат үйге берілген тапсырманың
барлығын айтпағандықтан, басқа оқушылар оны кезекпен толықтыра
бастайды. Сөйтіп бастапқы диалог полилогқа ұласады. Соңында мұғалім
барлығын қорытып, үйге берілген тапсырманы өзі толығымен айтуды жөн
көреді.
Жағдаят бірінші мысалға қарағанда, күрделі болғанымен, бұл мысалда да
сөйлеу актісінің оқытушының сөзді бастауы, оқушылардың жауабы,
25
мұғалімнің берген кері байланысы секілді құрылымдық элементтерін көре
аламыз.
Үшінші мысал. Жас физик-маман бірнеше ай түрлі аспаптардың
көмегімен тәжірибе жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетеді. Жетекшісімен
ақылдасып, алынған нәтижені ғылыми басылымға мақала етіп жариялауды
ұйғарады. Мақаланы жазуға екі апта уақыт кетеді, тағы бір аптасы
түзетулермен өтеді. Қарасақ, мақаланы жазуды аяқтау сөйлеу актісінің де
бітуін көрсететін сияқты. Бірақ шынында олай емес. Себебі мақаланы ешкім
оқыған жоқ (жазылу барысында жетекшісі оқуы мүмкін, алайда оны сөйлеу
актісіне жатқыза алмаймыз). Мақала ақыры жарияланады. Енді сөйлеу
актісінің қабылдау кезеңі басталады. Оны бір ғана маман оқымағандықтан,
қабылдаушылардың саны өте көп. Түрлі зерттеу орталықтарында мақала
қызу талқыланады, автор ауызша да, жазбаша да көптеген пікірлер алады.
Сөйлеу актісін осы жерде толық аяқталған дей аламыз.
Сөйлеу актісі туралы сөзімізді түйіндей келгенде, сөйлеу актісі
теориясында коммуникацияның үш деңгейі: пропозиция – локутивтік акт
(хабардың пайда болу актісі), екінші сөйлеу деңгейі – иллокуция (хабардың
айтылуы), үшінші тыңдаушының жауабы – перлокуция (хабарды қабылдау) да
аясы кең зерттеу нысандары екенін көреміз.
Жоғарыда зерттеуіміздің үш тірек ұғымына (тіл, сөз, сөйлеу) да жеке-жеке
тоқталдық. Енді олардың өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын санамызда
бекіту үшін үшеуін бірге салыстырмалы түрде, осы уақытқа дейін аталмыш
мәселені зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне сүйеніп айтып өтейік.
Сонымен,
1) тіл – әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке дара құбылыс;
2) тіл тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу тұрақсыз және жиі
өзгеріп отырады;
3) тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал
сөйлеуді әркім өзі дамытып отырады;
4) тіл адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз
қолтаңбасы болады;
5) тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психологиялық құбылыс [27,
б.75].
Тіл – сөйлеу әркетінің ең маңызды және белгілі бір бөлігі, тіл – дыбыстық
материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас құралы; ал сөйлеу – дыбыстың
өзі, дыбысталу [28, б.100]. Қазіргі заман лингвистика теориясында
Ф.Соссюрдің ізімен «тіл» (язык), «сөз» (речь) деп екі түрлі бөліп қарау іргелі
теориялық ұғымға айналды. «Тіл – таңбалардың бірізді жүйесі», «тіл –
индивидтің санасына тән, одан бос өмір сүреді, тіл – адамның өзінен тыс,
әлеуметтік құбылыс». Ал «сөз – тілдің қолданысы», «сөз – индивидке тән»
делініп, «тіл» мен «сөз» бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Сонымен қатар
мұндай дихотомиялық жүйені дамыту, оның ғылыми мазмұнын байыту
мақсатында психолингвистика саласында үштік жүйе әдістемесі қолданыла
бастады [29, б.13]. Осы жерде ғалым А.Леонтьевтің пікірін ерекше атап өтуге
болады:
26
1) тілдік қабілет (языковая способность) – тілдік жүйенің белгілі бір тілде
сөйлеушінің санасында бейнеленуі;
2) тілдік үдеріс, яғни санадағы тілдік қабілеттің жүзеге асуы – басқаша
айтқанда – сөз (речь);
3) тілдік стандарт, яғни индивидтің, сөйлеушінің санасынан тыс тілдік
жүйе [30, б.32].
Ф.Соссюрдің антиномиялық көзқарасынан кейін тіл мен сөйлеуді
төмендегідей үш қырынан тануға болады, олар:
Гносеологиялық (грек. gnosis «таным, білім» + logos «ілім») сипаттан қарау.
Тіл мен сөйлеу – жалпы мен жалқының ара қатынасындай. Тіл абстрактілік, ал
сөз бен сөйлеу нақтылық тұрғысынан қаралады;
Онтологиялық (грек. ontos «болмыс» + logos «ілім») сипаттан қарау.
Аталмыш сипат екі ұғымның пәндік мазмұнын, олардың тіл білімінің қай
салаларында айқын көрініс тауып, арқау болатынын талдайды. Тілдің белгілі
бір уақытқа дейін тек психикалық құбылыс ретінде қаралып келгені белгілі.
ХІХ ғасырдан бастап, тілге әлеуметтік мағына үстемелене бастады. Осы кезден
бастап тіл мен сөз, сөйлеу әрекеті тіл білімінің басқа салаларында тереңірек
қарастырылатын болды.
Прагматикалық (грек. pragma «әрекет») сипаттан қарау. Бұл сипат тілдің
қызметі, қолданылу мақсаты тұрғысынан зерттейді. Осы қырынан алғанда тіл
мен сөйлеудің төмендегідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
Кесте 2 – Тіл, сөз, сөйлеуді прагматикалық тұрғыдан қарағанда көрінетін
ерекшеліктері
Тіл
Сөйлеу, сөз
-
қарым-қатынас құралы
-
тілдік жүйенің жүзеге асырылуы
-
абстрактілі
-
нақты
-
әлеуметтік сипатқа ие
-
жеке тұлғаға қатысты
- тұрақты, өзгеріске баяу ұшырайды
- өзгермелі
-
тұтас бір ұлтқа, халыққа тиесілі
-
адресат пен адресантқа, тілдік жағдаятқа
байланысты
Тілдің әлеуметтік сипатқа ие екендігі дау тудырмайды. Ал сөз бен
сөйлеудің жеке тұлғаға ғана қатыстылығы біржақты пікір болып көрінеді.
Мысалы, екі адамның арасындағы сөйлесімнің өзі – екіжақты үдеріс. Себебі
бірі – түсіндіруге ұмтылса, екіншісі – түсінуге күш жұмсайды. Демек, сөз бен
сөйлеудің әлеуметтік сипаты да бар деу орынды болмақ.
Осыдан келіп тілдің, сөз бен сөйлеудің келесідей бірліктерін көрсетсек:
Кесте 3 – Тіл, сөз (сөйлеу) бірліктері
Сөз (сөйлеу мағынасында) бірліктері
Тіл бірліктері
фон (дыбыс)
фонема
морф (түбір, жұрнақ т.б.)
морфема
27
3-кестенің жалғасы
Сөз (сөйлеу мағынасында) бірліктері
Тіл бірліктері
лекс (сөз формасы)
лексема
дериват
дериватема
грамм (грамма)
граммема
синтакс (синтакса): сөз тіркесі, сөйлем
синтаксема: сөз тіркесімі моделі, сөйлем
моделі
фраза (фразеологиялық оралым)
фразема
Тіл – қарым-қатынастың таңбалық механизмі, сөз – тілдік таңбалардың
белгілі бір заңдылықпен айтылымның қажетіне сай ұйымдастырылған бірізді
жүйесі [31, б.32].
Тіл – қарым-қатынас құралы, ал сөз тілді қарым-қатынас мақсатында
қолдану, әрекет [32, б.34].
Ғалым Ә.Хасенов тіл мен сөйлеу бір-бірімен мағыналас ұғымдар ретінде
қолданылғанымен, ол ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек дей келіп: «тіл
дегеніміз – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы
болса, сөйлеу дегеніміз – сол тілді қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралын
пайдалана білудің әртүрлі амалдары мен жолдары, тәсілдері», – деп сөйлеудің
төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:
Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ өзі және сөйлеу іс-әрекеті
процесінде жасалынған нәтиже, яғни сөйлемдер, мәтіндер;
Сөйлеу екі түрлі формада: ішкі және сыртқы формада жүзеге асады.
Сөйлеу ауызша түрде жүзеге асырылғанда, оны айтумен, екінші біреудің
қабылдауы бір мезетте болады, ал жазбаша түрде сөйлеудің ғұмыры аса ұзақ.
Тіл – бірліктер жүйесі. Тілдегі қалыптасқан белгілі бір жүйе арқылы адам өзінің
алуан түрлі ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізеді [33, б.5].
Д.Әлкебаева да өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде тіл мен сөзге өте
ұтымды сипаттамалар беріп өтеді: «Тіл ғылымында тіл мен сөзді ажыратуды
негізгі нысана ете отырып, сөз – тілдің іс-әрекеті, ал тіл – жалпы, сөз – жеке деп
анықталады. Тіл ұлттық байлық болғандықтан, жалпыға ортақ, айтушының сөзі
жеке тұлғаға қатысты, сондықтан сөз – деректі айтылым, тілден сөздің
айырмашылығы сөз жеке, деректі болып келеді. Тіл таңбаларының сөзге айналу
«әрекетінде» ол адамдарды қарым-қатынасқа түсіреді. Сөз арқылы адамдар өз
ойларын бір-біріне жеткізеді. Сөз адамның ақылы мен шындығын көрсетеді.
Сөзбен адам бір-біріне ақыл-кеңесін жеткізеді. Сөзбен адамдар бір-бірінің
өмірлік тәжірибесінің парасатты пайымдауларын жеткізеді. Сөз адамды
табындырады, таңқалдырады, қуантады, сөз баяндайды, оқытады, үйретеді,
дәлелдейді, түсіндіреді. Сөз – тірі ағза. Сөз туады, үлкейеді, күлдіреді,
сүйсіндіреді, мұңайтады. Сөз жігерлендіреді, менсінбейді, ұнатады, жақсы
көреді, жоғалады.
Жалпы, тіл – ұлттық байлық, сөз – жеке ата-бабалар сөзі, жеке тұлғаның
сөзі, тіл – дерексіз ұғым, ұлттық тіл байлығы, мақал-мәтел, тұрақты сөз
тіркестері, тағы басқалар дерексіз ұғым ретінде танылады. Сөз – деректі, себебі
индивид сөзі ешқашан қайталанбайды. Сөз – айтушы мен тыңдаушы
28
арасындағы қарым-қатынас құралы. Айтушы пікірін білдірсе, тыңдаушы
қолдайды, қуаттайды немесе қарсыласады. Бұл – сөздің адамдар арасындағы
коммуникативтік қызметі.
Сөз – адам санасының, ақыл-ойының, білім-парасатының құралы.
Сондықтан сөз жеке тұлғаның қоғамдық санасын қалыптастырады. Бұл – сөздің
танымдық қызметі. Тіл – код, сөз – хабарлау, ақпарат. Сөз – кез келген хабар-
ақпаратты сақтап және жеткізуші. Бұл тек жеке тұлғаға емес, қоғамдық орта
үшін де сөздің ең маңызды қызметі. Бұл – сөздің аккумулятивтік қызметі»[9,
б.40-41].
Зерттеу жұмысында тіл, сөз, сөйлеу арақатынасы ғылыми тұрғыдан
барынша талданды. Енді аталған үш ұғымның халық санасындағы орнын да
айта кеткен жөн. Ол үшін «тіл», «сөз» және «сөйлеудің» сипатын ашатын
ғалым С.Бизақовтың [34, б.5] жинақтаған мақал-мәтелдері келтіріледі. Себебі
мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы түйген философиясы, даналығы
ғана емес, тіл маржандары, әбден ықшамдалған, әрбір сөзінде бірнеше қосалқы
мағына бар әрі құлаққа жағымды сазды ғаламат дүние екені мәлім [11, б.19].
Кесте 4 – Тіл, сөз, сөйлеуге қатысты мақал-мәтелдер
Тіл
Сөз
Сөйлеу
Жаманның тілі өз аяғын
шалар.
Құлақтан кірген суық сөз
көңілге барып мұз болар.
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл
төгіледі.
Жаман
сөйлесе,
аузынан жын төгіледі.
Жаманның тілі – ащы, көк
мияның гүлі – ащы.
Адамды адам еткен ой мен
сөз.
Жақсы байқап сөйлер, жаман
шайқап сөйлер.
Тіл – ақылдың өлшемі.
Бір жақсы сөз бітірер мың
көңілдің жарасын.
Жақсы тауып сөйлейді, жаман
қауып сөйлейді.
Қол
қысқалығынан
тіл
қысқалығы жаман.
Іріген ауыздан шіріген сөз
шығар.
Көп
сөйлеген
көптен
айрылады.
Тілдің киесін сыйлаған –
иесін де сыйлайды.
Жақсы сөз – шаршағанға
медет, адасқанға жол, қаяу
түскен көңілге дауа.
Білгеніңді
сөйлеме,
сөйлегеніңді біл.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
Сөзін жоғалту – өзін
жоғалту.
Көре-көре көсем боласың,
сөйлей-сөйлей
шешен
боласың.
Тіл қорлайтын кешеге ем
болмайды ештеме.
Сөзде қаңқу жаман, ауруда
шаншу жаман.
Тауып сөйлесең – күміссің,
таппай сөйлесең – мыссың.
Ой бұлдыр болмасын, тіл
былдыр
болмасын,
сөз
сылдыр болмасын.
Дуасыз ауызға сылдыраған
сөз бітер.
Көп
ішінде
сөйлеген
көсемдіктің белгісі, көпке сөзі
ұнаған шешендіктің белгісі.
Ой – сөз атасы, тіл – анасы. Тау мен тасты су бұзар,
адамзатты сөз бұзар.
Жаңылыс айтсаң кешірер,
жалған айтсаң тіресер.
Тілі
жоқ
аузындағысын
алдырар.
Алашағым
кетсе
де,
айташағым кетпесін.
Көңіл
көзін
сөз
ашар,
сөйлемесе кім ашар.
Тіл сүйексіз болса да,
сүйекті сындырады.
Аузынан сөзі түскеннің
қолынан бөзі түсер.
Ойнап айтсаң да, ойлап айт;
әзіл айтсаң да, әділ айт.
Тура тілді тыя алмадым,
туғаныма сыя алмадым.
Аталы
сөзді
арсыз
қайырады.
Айтылмаған
ой
жетім,
сөйлемеген тіл жетім.
29
Байқағанымыздай, тіл, сөз, сөйлеуге қатысты мақал-мәтелдер өте көп.
Зерттеу жұмысымызда 100-ге жуық «тілге», 200-ден астам «сөзге» және 50-ге
таяу «сөйлеуге» қатысты мақал-мәтел жинақталып, қаралды. Мақал-мәтелдерді
сұрыптау барысында «тіл» ұғымы көбінесе «сөз» мағынасына жуық
қолданылатындығы, «сөйлеу», «айту» сөздері қатар келіп, бірақ «айтудың»
мағынасы темпоралдылық категориясы тұрғысынан тездікті білдіретіндігі
анықталды. Сонымен қатар «сөз» ұғымының мақал-мәтелде білдіретін бірнеше
мағынасы көрінді. Тегі, қазақ тілінде «сөздің» семантикалық өрісі кең: 1) сөз –
лингвистикалық бірлікті білдіретін термин («сөйлем бес сөзден тұрады», «бұл
сөз ілік септікте тұр» деген сияқты қолданыстарда); 2) айтылған ой, пікірді де
қазақ сөз деп атайды («сенің сөзіңе қосыламын» «оның сөзі дұрыс»); 3) топ
алдында сөйлеген сөз, жасалған баяндама, оқылған лекцияларды да жалпы
«сөз» деп атай береміз («жиналыста пәленшенің сөзі дұрыс шықты»); 4)
поэзияны да «сөз»деп атауды ұлы Абайдың өзінен табамыз («Кім біледі,
жабыраңқы жазған сөзімді»), қысқасы, осы сияқты толып жатқан мағыналарды
білдіреді. Соның ішінде «айтылған ой, пікір» деген мағынасы жиі кездесетіндігі
байқалады [11, б.22]. Соның ішінде мақал-мәтелдерде де «ой, пікір» (Сөз –
түпсіз, өмір – шексіз) және «топ алдында сөйлеген сөз» (орайы келген сөз –
орынды сөз) мағынасы кең таралғандығы анықталды. Кейіннен сөздің осы бір
мағыналарын ақын-жазушылар мен ағартушы-ғалымдар да қолданған:
Кесте 5 – Халық зиялыларының сөз құдіреті туралы пікірлері
Көп іздедім дәмді сөз, ойы өссін деп баланың (Абай).
Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма (Абай).
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы (Абай).
Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын (Абай).
Қол бастаудан сөз бастау қиын (Бұхар жырау).
Сөз өлшеуін білмеген, шағалаша шулайды (Т.Ізтілеуұлы).
Сөз – ойдағы пікірдің құралы (М.Әуезов).
Адам ойында сөз емес, ой қалады (Ғ.Мүсірепов).
Іздеп, жарамды бір сөз, не бір ой тапсам, бір дорба жем жеген аттай-ақ көтеріліп. Шеберлік
– сөздің орнын табуда, мөлшерін білуде. Әдемі ойды орашалақ сөз бұзса, орашолақ ойды
шебер сөз түзеп тұрады. Зады сөз бен пікір тең түсуі шарт. Жақсы актер жаман сөзге жан
бітіреді. Жаман актер жақсы сөздің жанын алады (Ғ.Мұстафин).
Жалғанда не терең? Сөз – терең. Не сұлу? Сөз – сұлу. Не өткір? Сөз – өткір (Ғ.Мұстафин).
Өзі жоқтың сөзі жоқ. Өзі бардың сөзі бар, сөзінің зілі бар (Б.Кенжебаев).
Тіл – халық қазынасы. Тілдің әдеби түрі – ғасырлар мен жылдардың, таңдау мен екшеудің,
ізденіс пен табыстың жемісі. Сөз – сол қазынаның байлығы (Р.Сыздық).
Сөз де – іс. Сөзің үшін атыласың.
Сөз де – күш. Жауды сөзбен жапырасың.
Сөз де – өнер. Сөйлей білмей шашыласың.
Сөз – асыл. Жақсы сөзге бас ұрасың (І.Жарылғапов).
Халық санасындағы «тіл», «сөз», «сөйлеу» сөздерінің танымдық
ерекшеліктерін белгілі ғалым С.Негимов [35, б.207] өз еңбегінде келтірген
30
Бөлтірік шешеннің айтқанымен түйіндеген жөн:
Жатқа сөйлеме, жаманға сөйлеме,
Асырып сөйлеме, батырып сөйлеме,
Жасқа сөйлеме, масқа сөйлеме,
Ұрыға сөйлеме, қараға сөйлеме.
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден,
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Ойсызға айтқан сөзден,
Ойлыға айтқан сөз дұрыс.
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес жерді білсең,
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,
Бәрінен де сол дұрыс.
Олай болмаған жерде
Қанша асыл деме –
Сөзіңнің алды бұрыс,
Арты – ұрыс.
Сонымен, қорытындылай келсек:
1) Сөз – шынайы құбылыс, оны сөздің ауызша немесе жазбаша формада
өмір сүруі дәлелдейді. Ал тіл әр адамның тілді меңгеру деңгейі әртүрлілігіне
қарап, оның әлеуеттік сипатқа ие екендігін көреміз. Адам тілді (сөйлеуді)
игеру үшін тілдік ортада, яғни қоғамда өмір сүруі тиіс. Себебі қоғамнан жырақ
қалған адамның миының сөйлеуге жауапты орталықтары дамуында
қиындықтар туатындығы белгілі. Көпшілік жақсы білетін Мауглидің
жағдайының өзі – тіл әлеуеттілігіне дәлел. Ал сөз бен сөйлеу – сол әлеуеттің
жүзеге асуы. Басқаша айтқанда, сөз – бір салынған ғимарат болса, тіл –
ғимаратқа негіз болған құрылыс материалы. Ал ғимараттың түзу, әдемі,
үйлесімді болуы көптеген факторларға, соның ішінде құрылысшыға (біздің
зерттеуімізде болашақ мұғалімдерге) байланысты. Осыдан келіп, мынадай
әдістемелік тұжырым жасауға болады: білім алушыға әлеуеті жоғары табиғи
және жасанды тілдік орта мүмкіндігін тудырып отыру керек.
2) Тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс. Ол адамзат қоғамында сөйлеуге,
қарым-қатынас жасауға деген қажеттіліктен туған. Ал сөз – даралық сипатқа
ие құбылыс. Оны әр адамның өзіндік сөйлеу мәнері, сөз қолдану шеберлігі
болатындығы дәлелдесе керек. Осындай әртүрлілік жағдайында біз ортақ тілдік
бірліктерді қолданғандықтан, бір-бірімізді қиындықсыз түсіне аламыз. Яғни тіл
тұтас бір қоғамның көрсеткіші болса, сөз – жеке тұлғаның сөйлеу көрсеткіші.
Әдістемелік тұжырым: білім алушының сөз мәдениетін жетілдіру оның бүкіл
тұлғалық дамуына әсер етеді.
3) Сөз даралық сипатта болғандықтан, ол көбінесе субъективті; ал тілдік
31
нормалар жалпыға ортақ болғандықтан, оны объективті дей аламыз. Осыған
орай сөзде, сөйлеуде ауытқушылықтар болуы мүмкін, ал тілге ондай құбылыс
жат. Мысалы, үстелді таныс емес ортада ешкім орындық немесе тағы басқалай
атамайды (өзін түсінбей қалудан қорқады), ал отбасында оны жозы деп те
қолдана беруі мүмкін. Сонымен қатар қатысымдық актіде сөйлеуші
тыңдаушыға ойын жеткізе отырып, өзінің субъективті көзқарасын, айтылар
ойға қарым-қатынасын білдіреді. Ал тыңдаушы айтылған ойды жай қабылдап
қоймай, өзінің танымдық бағалауына сәйкес жауабын қайтарады [36, б.130].
Әдістемелік тұжырым: адамның сөзін жақсы-жаман, түсінікті-түсініксіз,
әсерлі-әсерлі емес т.б. деп бағалауға болады. Ал тілге ондай баға бере
алмаймыз. Тілде кез келген ойды кез келген жағдаятта, стильде жеткізуге
арналған тілдік құралдар бар. Сондықтан сөз мәдениетін үнемі шыңдап,
жетілдіріп отыру қажет.
4) Сөз жекелеген жағдаяттарға тәуелді, ал тіл тұтас бір әлеуметтік
маңызы бар құбылыстарға ғана тәуелді. Әдістемелік тұжырым: білім
алушыларды нақты бір жағдаятқа негіздеп, сол жағдаятта қолданатын тілдік
бірліктерді пайдалануға үйрету керек.
5) Сөз көлденеңінен орналасқан, ал тіл – иерархиялық сипатқа ие
құбылыс. Сөз бірінен кейін бірі тізілген сөз бірліктерінен тұратын кесінді
ретінде қаралады. Ал тіл бір-біріне тығыз байланысты бірліктерден құралған
қабаттардан тұрады. Атап айтар болсақ, тілдің ең кіші дыбыс бөлшегі – фонема
фонетикалық қабатта, ең кіші мағыналық бөлшек – морфемалар
морфологиялық қабатта, лексемалар – лексикалық, сөз тіркесі мен сөйлемдер –
синтаксистік қабатта орналасқан. Олар бір-біріне бағынышты иерархиялық
қатынаста болады. Адамның сөйлеу қабілеті тіл қабаттарына сәйкес
фонетикалық,
лексикалық,
грамматикалық
және
семантикалық
компоненттерден құралады. Әдістемелік тұжырым: тілдің әр қабатын
меңгерте отырып, біз білім алушының сөз мәдениетін дамытуға негіз қалаймыз.
6) Сөз – деректі, ал тіл адамзат ойлауының құралы болғандықтан,
Достарыңызбен бөлісу: |