Дуйсебекова Жайнагул Мураткызы Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі


Кесте  38  –  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  пәнінің  аясында  орындалған студенттің өздік жұмыстары



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата10.04.2020
өлшемі4,55 Mb.
#62177
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
disert-duysebekova Ауызша тил мен жуйеси


 
Кесте  38  –  «Риторика  және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  пәнінің  аясында 
орындалған студенттің өздік жұмыстары 
 
СӨЖ тақырыптары 
 
1  Сөз мәдениетінің қазіргі даму бағыттары 
2  Сөз мәдениеті және прагматиканың арақатынасы 
3  Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар, оның теориялық негіздері 
4  Сөз мәдениетінің қазіргі зерттелу аспектілері 
5  Ұлттық сипаттағы коммуникативті стратегиялар мен тактикалар 
6  Әлеуметтік-тұрмыстық және ресми-іскерлік қатынастағы сөз әдебі 
7  Ауызша тілге қатысты отандық және шетелдік зерттеу жұмыстары 
8  Билингвизм құбылысы. Оның ана тілге әсері 
9  Коммуникативтік мақсат пен діт ұғымдары 
10  Сөйлеу әрекеттерінің педагогикалық дискурстағы маңызы 
11  Ұлттық сипаттағы бейвербалды амалдар мен олардың қазіргі қолданысы 
12  Ауызша сөз мәдениетін қалыптастырудағы лингвоэкологиялық 
зерттеулердің пайдасы 
13  Интерференция құбылысы және оның адам санасына әсері 
14  Қарқынның сөз мазмұнын жеткізудегі рөлі 
15  Тілдік тұлға және оның когнитивті санасы 
 
 
 
Сонымен  қатар  оқыту  экспериментінде  аудиториядан  тыс  студенттің 
ауызша  сөйлеу  мәдениетін  дамытуға  бағытталған  әртүрлі  іс-шаралар 
ұйымдастырылды.  Жоғарыда  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
әдістерінің бірі ретінде мәтінмен жұмыс туралы ақпарат берілген. Осыған орай 
жеңіл  әрі  жылдам  оқылатын  шығармалардың  негізінде,  «Риторика  және 
педагогтың 
сөйлеу 
мәдениеті» 
сабағына 
мазмұны 
жақын 
пәннің 
оқытушысымен бірлесіп «Оқырман бәйгесі» жарысы ұйымдастырылды. Оның 
мақсаты  –  қазақ  тілінің  қолданылу  аясын  кеңейтіп  қана  қоймай, 
оқырмандардың  ауызша  және  жазба  сөз  мәдениетін  қалыптастыру.  Аталған 
сайыс  әртүрлі  кезеңмен  өткізілді.  Жарыс  соңында  шығарманы  талқылау 
барысында  студенттер  полемикалық  дағдыларын  шыңдауға  мүмкіндік  ала 
алады. 

158 
 
 
 
 
Сурет 45 – «Оқырман бәйгесі» сайысының алғашқы кезеңі 
 
 
 
 
Сурет 46 – «Оқырман бәйгесі» сайысының екінші кезеңі 
 
 
 
Сурет 47 – «Оқырман бәйгесі» сайысының үшінші кезеңі 

159 
 
 
Қорыта айтқанда, аталған білім сайыстары өзінің тиімділігін дәлелдеді. 
 
Ұсынылған  әдістеменің  тиімділігін  анықтау  мақсатында  қорытынды 
эксперимент жүргізілді. Қорытынды эксперименттің басты мақсаты – бақылау 
мен эксперименттік топтағы білім алушылардың тақырып аясындағы білім мен 
білік  көрсеткіштеріне  сандық  және  сапалық  талдау  жасау.  Мақсатқа  сәйкес 
мынадай міндеттер алға қойылды: 
 
-  білім  алушылардың  ауызша  тіл  мен  ауызша  сөз  мәдениеті,  олардың 
педагогикалық дискурстағы қолданысы заңдылықтарын меңгеруін анықтау; 
 
- педагогикалық шешендікке бейімделу деңгейін белгілеу
 
-  қолданылған  әдістемелік  жүйенің  нәтижелері  негізінде  тиімділігін 
айқындау. 
 
Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда берілген құрылым бойынша 
шаршысөз  үлгісін  құрастыру,  сипаттау  тапсырмасы  мен  өзін-өзі  бағалау 
тапсырмасы  берілді.  Бірінші,  жүргізілген  пән  бойынша  өзін-өзі  бағалау 
нәтижесі төмендегідей болды:  
 
 
Кесте  39  –  Студенттердің  пән  бойынша  өзін-өзі  бағалауғабайланысты 
жауаптарының сандық көрсеткіштері 
 
Пән ... тұрғысынан пайдалы болды. 
Білім алушылардың саны (%) 
ауызша сөз мәдениетін дамыту 
89 
шаршытоп алдында сөйлеп үйрену  
57 
сөйлеу техникасын меңгеру 
35 
 
 
Екіншіден,  білім  алушылардың  ауызша  сөздің  құрылымдық  мазмұнын 
меңгеру  деңгейін  бағамдау  мақсатында  төмендегі  құрылым  бойынша  еркін 
тақырыпта  7-10  минуттық  шаршысөз  үлгісін  құрастырып,  оны  шаршытоп 
алдында баяндап беру тапсырмасы берілді. 
 
Кесте 40 – Білім алушыларға қорытынды эксперимент тапсырмасына берілген 
шаршысөздің мазмұндық құрылымы [8, б.236]. 
 
Сөз бөлімдері 
І Кіріспе сөз 
Міндеттері:  
- болашақ әңгіменің тақырыбына қызығушылық туғызу; 
- байланыс орнату; 
- тыңдаушыны сөзді тыңдауға дайындау; 
- мәселенің өзектілігін негіздеу. 
ІІ Негізгі сөз 
Міндеттері: 
- көтерілген мәселелерді ретімен баяндау; 
- олардың дұрыстығын дәлелдеу; 
- тыңдаушыларға қажетті қорытындылар жасату. 
 

160 
 
40-кестенің жалғасы 
 
Сөз бөлімдері
 
ІІІ Қорытынды сөз 
Міндеттері: 
- ойын жинақтау; 
- баяндаудың түйінін атап көрсету; 
- мәселенің шешу жолдарын айқындау.
 
 
 
Аталған тапсырманың нәтижесі төмендегідей көрсеткішті көрсетті: 
 
Сурет 48 – Бақылау топтарының қорытынды эксперимент тапсырмасын игеру 
көрсеткіші 
 
 
 
Сурет 49 – Эксперимент тобының қорытынды эксперимент тапсырмасын игеру 
көрсеткіші 
 
12%
19%
36%
33%
Төмен деңгейде 
Қанағаттанарлық деңгейде 
Орта деңгейде
Жоғары деңгейде
0%
5%
20%
75%
Төмен деңгейде
Қанағаттанарлық деңгейде
Орта деңгейде
Жоғары деңгейде

161 
 
 
Алынған  көрсеткіштер  бойынша  бақылау  және  эксперимент  топтарының 
нәтижелерін салыстырмалы түрде көрсетер болсақ: 
 
 
 
Сурет 50 – Бақылау және эксперимент топтары нәтижелерінің салыстырмалы 
динамикасы 
 
 
Сонымен қатар, «Өзіңізді болшақ педагог ретінде сезініп, өз үлгі сөзіңізді 
сипаттаңыз» деген тапсырмаға бақылаушы топ: 
 
- нормаларға сай сөйлейді; 
 
- бәріне түсінікті сөйлейді; 
 
- нормадан ауытқуға жол бермейді; 
 
- сөз тазалығын сақтайды; 
 
- жекелеген дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады секілді жауаптарды ғана 
ұсына  алса,  эксперименттік  топтың  жауаптары  төмендегідей  толыққанды 
болды: 
 
- штамп, клише, жауырын болған сөздерді қолданбауға тырысады
 
- сөзінен өзінің жеке бас қасиеттерін көрсете алады (білімділігі, тәрбиелігі, 
рухани байлығы, дүниетанымының кеңдігі т.б.); 
 
- сөз арасында ұтымды окказионалды қолданыстарды пайдаланады; 
 
- әрбір сөзін ой елегінен өткізеді; 
 
- сөзі адамға сенім ұялатады (нақты фактілерге, аргументтерге сүйенеді); 
 
- сөзі нақты әрі дұрыс құрылады; 
 
- сөзі аудиторияға (оқушыларға) бағытталады; 
 
- көпсөзділікке орын бермейді; 
 
- сөзі тыңдаушылардың ауызша сөз мәдениетін дамытуға негіз бола алады; 
 
- орфоэпиялық нормадан ауытқушылық байқалмайды; 
 
- ауызша тілдің басқа типтерінің элементтерін орынды қолданады; 
 
- өз сөзімен жағымды ахуал туғыза алады; 
 
- сөзі эмоционалды, орынды; 
 
- сөзі аудиторияда отырғандардың (оқушылардың) барлығына түсінікті; 
Бақылау 
топтары
Эксперимент 
топтары
Төмен деңгейде
Қанағаттанарлық деңгейде
Орта деңгейде
Жоғары деңгейде

162 
 
 
- терминдерді көп қолдануға тырыспайды; 
 
- сөз әдебін барынша сақтайды; 
 
- сөйлеу барысында оқушылардың пікірін ескереді; 
 
- «керек», «қажет», «тиісті» деген сөздерді орнымен қолданады; 
 
- оқушыларды пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді; 
 
- пікірталастарға белсенді қатысады; 
 
- бейвербалды амалдарды орнымен қолданады; 
 
- сөйлеген сөзі логикалық тұрғыдан дұрыс құралады
 
-  қанатты  сөздер  мен  мақал-мәтелдерді,  тұрақты  сөз  тіркестерін  орынды 
пайдаланады; 
 
- сөзінің артикуляциялық жағынан қамтылуына баса мән береді; 
 
-  оқушылармен  қарым-қатынаста  болымсыздық  мәніндегі  етістіктерді 
қолданбауға тырысады т.б. 
 
Төменде  эксперимент  тобының  пәнді  игеру  нәтижесінде  балдық-
рейтингтік жүйе бойынша бағаларының сапалық көрсеткіштері беріледі. 
 
 
 
 
Сурет 53 – Бақылау және эксперимент топтары пән бойынша оқу 
үлгерімдерінің салыстырмалы динамикасы 
 
 
Эксперимент нәтижелерін қорытындылай келгенде, мынадай тұжырымдар 
жасауға болады: 
 
1)  Ұсынылған  арнайы  дидактикалық  ұстанымдар  зерттеу  мақсатымызға 
сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруға оң ықпал етті. 
 
2)  Қолданылған  оқыту  әдістері,  оқу  құралдары,  оқу  материалдары 
оқытудың нәтижелілігін арттырды. 
 
3) 
Зерттеу 
барысында 
ұсынылған 
әдістемелік 
жүйенің 
тиімділігітәжірибелік эксперимент жүзінде дәлелденді. 
А
А-
В-
В
В+
С
С+
D
D+
Бақылау тобы
Эксперимент тобы
А
А-
В-
В
В+
С
С+
D
D+

163 
 
Екінші бөлім бойынша тұжырым 
 
 
Зерттеу жұмысының екінші тарауы   жоғары білім беру жүйесінде ауызша 
сөз  мәдениетін  оқыту  жайына  шолу  жасауға,  филолог-студенттердің  ауызша 
сөз  мәдениетін  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  құруға, 
ауызша  сөз  мәдениетін  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  ұсынуға  және  білім 
алушылардың 
ауызша 
сөз 
мәдениетін 
қалыптастыру 
әдістемесінің 
эксперименттік жүйесінің нәтижелерін талдауға арналған.  
 
Осы аталғандарды негізге ала отырып, төмендегідей тұжырымдарды атауға 
болады: 
 
Біріншіден,  ауызша  сөз  мәдениеті  басқа  да  көптеген  тіл  білімі 
салаларының  нысаны  бола  алады.  Ол  өз  кезегінде  ауызша  сөз  мәдениетін 
дамыту кешенді жүргізілетін үдеріс екенін дәлелдейді. 
 
Екіншіден,  сөз  мәдениеті,  соның  ішінде  ауызша  сөз  мәдениеті  мемлекет 
тарапынан  бекітілетін  үлгілік  оқу  бағдарламаларында  қайта  қамтылуы  тиіс. 
Себебі еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті тұлғаның бір сипаты – дұрыс 
сөйлеу, ойын еркін де сауатты жеткізе алу. Сондықтан оқу бағдарламаларында 
ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыратын  пәндер  міндеттілердің  қатарынан 
табылуы керек. 
 
Үшіншіден,  филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру 
мен дамыту белгілі бір құрылымдық-мазмұндық модельге сүйенеді. Ол модель 
ауызша сөз мәдениетін қалыптастыру концепциясының негізінде жасалады.  
 
Төртіншіден,  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытуда  түрлі  әдістер  мен 
технологияларға  жүгінуге  болады.  Атап  айтар  болсақ,  үлгісөздердің  негізінде 
оқыту, постер арқылы оқыту, мәтін арқылы дамыту, пікірталас, әңгімелесу мен 
кешенді 
жаттығу 
жұмыстары, 
АКТ 
және 
медиатехнологиялардың 
мүмкіндіктерін  қолданудың  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытуда  берер  пайдасы 
мол.  
 
Бесіншіден, 
филолог-студенттердің 
ауызша 
сөз 
мәдениетін 
қалыптастырудың  эксперименттік  оқыту  тәжірибесінің  нәтижелері  бастапқы 
назар  аударуға  тиісті  мәселелерді  анықтап,  ұсынылған  әдістемелік  жүйенің 
тиімділігін дәлелдеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

164 
 
Қорытынды 
 
 
Жоғары  оқу  орнында  оқытылатын  пәндердің  мазмұндық  және 
құрылымдық  жүйесі  ерекше  болады.  Оның  ерекшелігі  білім  мазмұнының 
студенттің  болашақ  мамандығына  сай  берілуімен  айқындалады.  Оқытылатын 
пәндер  де  аталған  талапқа  сай  жүргізілуі  тиіс.  Әрине,  кез  келген  мамандық 
иесіне ауызша сөз мәдениетінің жеткілікті деңгейде болуы, шаршытоп алдында 
сауатты  сөйлей  білуі  қажет.  Тілші,  заңгер,  педагог  тәрізді  мамандықтарға 
ауызша  сөз  мәдениетін  дамыту  қажеттілікпен  қатар,  сол  маман  даярлығына 
қойылатын  басты  талаптар  болып  табылады.  Қойылған  міндеттерді  шешуде 
ауызша  сөз  мәдениетінің  теориялық  алғышарттары  ретінде  сөз  мәдениетінің 
ортологиялық  саласы,  қолданбалы  стилистика  және  шешендіктің  негіздерін 
басшылыққа алудың маңызы зор.  
Ауызша  тіл  –  күрделі  үдеріс.  Ол  тек  тіл  білімі  саласының 
(психолингвистика,  әлеуметтік  лингвистика,  нейролингвистика,  фонетика,  сөз 
мәдениеті, стилистика т.б.) тарапынан ғана  зерттелмей, сондай-ақ психология, 
физиология,  педагогика,  әдебиеттану,  әлеуметтану  салаларының  да  зерттеу 
нысанына айналып отыр. Осыған орай, зерттеу барысында қазақ және әлемдік 
тіл білімінде ауызша сөз мәдениетіне қатысты зерттеулер талданып, сараланды. 
Тәжірибеде тиімділігі дәлелденді. Зерттеу барысында студенттердің ауызша сөз 
мәдениетін педагогикалық дискурс аясында қалыптастырудың теориялық және 
әдістемелік  негіздері  анықталды.  Нәтижесінде,қазақ  тіл  білімінің  ауызша  сөз 
мәдениеті  саласы  мен  оны  оқыту  әдістемесіне  өзіндік  қосар  үлесі 
бартеориялық-әдістемелік тұжырымдарға қол жеткізілді:  
1)  Тіл,  сөз  бен  сөйлеудің  өзара  ұғымдық  арақатынасын  білу  маңызды. 
Аталған  ұғымдардың  психологиялық  және  педагогикалық  аспектілерінің 
зерттеу  жұмысының  нысанына  тікелей  қатысы  бар.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
диссертацияда  «тіл»,  «сөз»,  «сөйлеу»  ұғымдарының  аражігі  отандық  және 
шетелдік  ғалымдардың  еңбектері  мен  тілдегі  сөз  тіркестері,  мақал-мәтелдер, 
халық зиялыларының айтқан тағылымды ой-пікірлері негізінде ажыратылды.  
2)  Тіл  білімінің  өзекті  мәселелерін  зерттеуде  антропоөзектік  бағыттың 
дамуына  байланысты  қазіргі  кезге  дейін  тіл  білімінің  басты  нысаны  болып 
келген жазба тілмен қатар, ауызша тілдің зерттелуінің маңызы зор. Ауызша тіл 
мен  жазба  тіл  өмір  сүру  формаларымен  ғана  емес,  коммуникация  барысында 
қолданылатын  тілдік  амал-тәсілдерімен  де  ерекшеленеді,  сондықтан 
студенттердің сөз мәдениетін дамытуда ауызша тіл және жазба тіл тұрғысынан 
қарастырудың рөлі ерекше.  
3)  Ауызша  тілді  типтерге  бөлудегі  қажеттілікті  тұлғаның  когнитивтік 
және әлеуметтік дамуы тудырып отыр. Ауызша тілдің түрлері өзіндік сипаттық 
белгілерімен  ерекшеленеді.  Соның  ішінде  бүгінде  бейтарап  ауызша  сөйлеу 
тілін  дамыту  –  қазақ  тілінің  өміршеңдігін  арттырудың  бірден  бір  жолы  бола 
алады.  Осыған  орай,  филолог-студенттердің  ауызша  тілдің  түрлерін  меңгеруі 
кәсіби маман болуы тұрғысынан маңызды қызмет атқарады. 
4)  Ауызша  тілдің  жүйесі  мен  құрылымын  меңгерту  –  ауызша  сөз 
мәдениетін қалыптастырудың негізі. Қазақ тіл білімінде ауызша сөз мәдениеті 

165 
 
жалпы  сөз  мәдениеті  мен  стилистиканың,  шешендік  өнерінің  аясында 
қарастырылды.  Ауызша  сөз  мәдениетінің  жазба  сөз  мәдениетімен 
салыстырғанда, нормалық, қатысымдық және этикалық аспектілері тұрғысынан 
өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Осы  тұрғысынан  мәселелердің  ерекшеліктерін  білу 
болашақ  филолог  маманның  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға 
негіз болады. 
5)  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастыру  мен 
дамыту  педагогикалық  дискурс  аясында  қарастырылып  оқытылуы  керек. 
Педагогикалық  дискурс  өз  кезегінде  ірі  коммуникативтік-педагогикалық 
функцияларды атқарғандықтан, оның жүзеге асуында ауызша сөз мәдениетінің 
рөлі жоғары.   
6)  Студенттерге  ауызша  сөз  мәдениеті,  оның  ғылыми  негіздерін 
меңгертуде  сөйлеу  тілінің  стильдік  бедері,  идеология,  БАҚ,  өмір  сүру  салты, 
ауызша  сөз  мәдениетіне  деген  қажеттілік  секілді  макродеңгейдегі  және 
субмәдениет,  референтті  топ,  сөйлеу  жағдаяты  мен  тілдік  тұлғаның  білімі 
секілді микродеңгейдегі факторларды ескеру маңызды.  
7)  Студенттердің  ауызша  сөз  мәдениеті  –  білімді  игеру  барысында 
динамикалық сипатқа ие. Сондықтан білім алушылардың ауызша сөз мәдениеті 
дамуының  әрбір  кезеңі  мен  олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ескеру  арқылы 
оқыту жоғары нәтижелерге жеткізеді. 
8)  Оқытудың  тиімді  ұйымдастыру  түрлерін,  оқыту  әдістерін,  оқытудың 
мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  анықтайтын  қағидалар  жүйесін  түзу  күрделі 
үдеріс 
болғандықтан, 
ауызша 
сөз 
мәдениетін 
меңгертудіңғылыми- 
дидактикалық  ұстанымдарын  белгілеу  маңызды.  Осы  ретте  фиололог-
студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  дамытуда  жалпы  және  арнайы 
дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынды. Білім алушылардың жас және 
дара  психологиялық  ерекшеліктерін  ескеру,  ғылымилық,  ізгілендіру, 
түсініктілік,  теорияның  тәжірибемен  байланысы,  жүйелілік  пен  бірізділік, 
білімінің  беріктігі,  саналылық  пен  белсенділік,  қатысымдық  ауызша  сөз 
мәдениетін  меңгертуде  басшылыққа  алынатын  жалпы  дидактикалық 
ұстанымдар  болса,  тіл  сезімін  дамыту,  пәнаралық  байланыс,  модельдеу, 
қызығушылықты  ояту,  сыни  тұрғыдан  ойлау  сауаттылығын  дамыту, 
медиатехнологиялардың мүмкіндігін пайланану т.б. жеке пәндік дидактикалық 
қағидаттар жүзеге асырылды. 
9)  Студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудыңқұрылымдық-
мазмұндық  моделі  жасалып,  ұсынылды.  Модельді  жасауда  ауызша  сөз 
мәдениетін  жүйе,  педагогикалық  іс-әрекет,  үдеріс  және  кәсіби-педагогикалық 
дайындық  компоненті  ретінде  танытатын  арнайы  тұжырымдама  басшылыққа 
алынды.  Сондай-ақ  модельдеуде  ауызша  сөз  мәдениеті  қалыптасқан  педагог 
маманға  деген  әлеуметтік  сұраныс  пен  білім  алушылардың  жеке 
қызығушылықтары мен қажеттіліктері ескерілді. 
10)  Филолог-студенттердің  ауызша  сөз  мәдениетін  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделін  ұсынудың  негізінде  тіл  –  сөз  –  сөйлеу 
арақатынасын  жете  түсінетін,  ауызша  тілдің  ұғымдық  аппаратын  білетін, 
ауызша  тіл  мен  жазба  тілдің  қолданыстағы  ерекшеліктерін  ажырата  алатын, 

166 
 
ауызша тіл сатыларын (ауызекі, бейтарап және әдеби) толық меңгерген,сөздің 
қатысымдық  сапаларын  орынды  қолданатын,  ауызша  сөз  мәдениетінің 
нормалық,  жүйетүзушілік  және  этикалық  аспектілерін  сезінетін,  тілдік  сезімі 
дамыған,  педагогикалық  дискурсқа  қатысушы  ретінде  өз  рөлін  айқындай 
білетін ауызша сөз мәдениеті қалыптасқан филолог-студенттің моделі жасалды. 
11)  Білім  алушыларға  ауызша  сөз  мәдениетін  оқытуда  қолданылатын 
тиімді  оқыту  әдістері  таңдалды.  Олардың  қатарына  үлгісөздердің  негізінде 
оқыту,  постер  жасату  арқылы  оқыту,  тілді  көркем  мәтін  арқылы  дамыту, 
пікірталас  ұйымдастыру,  кешенді  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу,  әңгімелесу, 
АКТ  және  медиатехнологиялардың  мүмкіндіктерін  қолдану,  ойындар,  тірек-
сызбалар  арқылы  оқыту  әдістері  жатады.  Алға  қойылған  мақсат  пен 
міндеттерге сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Риторика 
және  педагогтың  сөйлеу  мәдениеті»  таңдау  курсының  мазмұны  әзірленіп, 
ұсынылды. 
12)  Болашақ  мамандарға  ауызша  сөз  мәдениетін  меңгерту  әдістемесін 
негіздеуде  анықтаушы,  қалыптастырушы  және  қорытынды  эксперимент 
жүргізіліп,  нәтижелеріне  сандық  және  сапалық  талдау  жұмыстары  жүргізілді. 
Қорытынды нәтижелер ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін дәлелдеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

167 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 
1  Қазақстан  Республикасындағы  1997  жылғы  11  шілдедегі  №151-І  тіл 
туралы Заңы (ҚР 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы №269-V Заңымен енгізілген 
өзгертулермен).  Қазақстан  республикасындағы  тілдер  туралы  негізгі  заң 
актілері. – Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 32 б. 
2  Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 
2011 
жылғы 
29 
маусымдағы 
№110 
Жарлығымен 
бекітілген.Қазақстан  республикасындағы  тілдер  туралы  негізгі  заң  актілері.  – 
Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 32 б. 
3  Алтынсарин  Ы.  Таңдамалы  педагогикалық  мұралары.  –  Алматы.: 
Рауан, 1991. – 200 б. 
4  Сыздық  Р.  Ғылыми  таным  үзіктері.  –  Алматы:  «КИЕ»  лингвоелтану 
инновациялық орталығы, 2009. – 518 б. 
5  Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. докт. 
... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 328 б. 
6  Абилхаирова  Ж.  Филолог-студенттердің  тіл  мәдениетін  жетілдіру 
әдістемесі: пед. ғыл. канд. ... дис.: 13.00.02. – Алматы, 2010. – 132 б. 
7  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  –  Алматы: 
Сөздік-словарь, 2005. – 440 б. 
8  Әбдіхалықов  М.,  Күнтуарова  Б.,  Парфенова  Л.  Сөздік  қатынас 
негіздері: Оқулық. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 376 б. 
9  Әлкебаева  Д.  Сөз  мәдениеті:  оқу  құралы.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2014. – 214 б. 
10 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1984. – 75 б. 
11  Сыздықова Р. Тілдік  норма  және  оның  қалыптануы  (кодификациясы). 
Көптомдық шығармалар жинағы. –  Алматы: «Ел-шежіре» баспасы, 2014. – 290 
б. 
12 Nimisha  Kaushik  «Difference  Between  Language  and  Speech»  // 
www.differencebetween.net/language/words-language/difference-between-language-
and-speech 05.06.19. 
13 Львов  М.Р.  Основы  теории  речи.  Учебное  пособие.  –  М.:  Академия, 
2000. – 248 с.  
14 Дементьев В. Теория речевых жанров. – М.: Знак, 2010. – 597 с. 
15 Норман Б. Жанр разговорника: между текстом и языком // Жанры речи.  
Вып. 3. – Саратов, 2002.– 318 с. 
16 Балашова  Л.  В.  Номинации  речевых  жанров  и  их  компонентов  в 
современном русском языке. – Саратов, 2009. – 440 стр. 
17 Anusiewicz J. Potocznosc jako sposob doswiadczania swiata i jako postawa 
wobec swiata // Jezyk a kultura. – Wroclaw, 1989. – № 5. – Р. 118-126. 
18 Ballmer  Th.,  Brennenstull  W.  Speech  act  classification:  A  study  in  the 
lexical analysis of  English speech activity verbs. – Berlin, 1981. – 274 р. 
19 Вежбицкая А., Годдард К. Дискурс и культура. – Саратов, 2002. – 440 с. 
20 Милованова  Ж.  Жанрово-речевые  особенности  педагогического 

168 
 
дискурса // Языковая личность: жанровая речевая деятельность: Тез. докл. науч. 
конф. – Волгоград, 1998. – 477 с. 
21 Ладыженская Т. Живое слово. М.: Просвещение, 1986. – 400 с. 
22 Herring  S.  A  Faceted  Classification  Scheme  for  Computer-Mediated 
Discourse // http://languageatinternet.de/articles/761. 18.04.2019. 
23 Schiffrin D. Approaches to Discourse. – Oxford: Cambridge, 1994. – 470 р. 
24 Wilson D. Relevance: Communicationand Cognition. – Oxford: Cambridge, 
1995. – 331 р. 
25 Бахтин  М.  Проблема  речевых  жанров.  Из  архивных  записей  к  работе 
«Проблема речевых жанров». Проблема текста // М. М. Бахтин Собр. соч.: В 5 
т. – Т. 5. Работы 1940-х – начала 1960-х годов. – М., 1996. – 529 с. 
26 Абдулжанова  З.  Ауызша  тілдегі  тілдік  бірліктердің  қатысымдық 
сипаты: филос. докторы (PhD) ғыл. ... дис. 15.00.03. – Алматы, 2014. – 150 б. 
27 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы: Сөздік-словарь, 2005. – 272 б. 
28 Соссюр де Ф. Труды по языкознанию. – М., Прогресс, 1977. – 686 с. 
29 Игінісова А. Мектеп оқушыларының сөз мәдениеті.  – Алматы, 2001. – 
160 б. 
30 Леонтьев А.А. Слово в речевой деятельности. – М., 1965. – 310 с.
 
31 Головин Б.Н. Введение в языкознание. 2-ое издание. – М.: 1978. – 332 
с. 
32 Беляев  Б.  О  взаимоотнешении  мышления,  языка  и  речи  //  Вопросы 
психологии, 1958. – №5. – С. 32-37.  
33 Хасенов  Ә.  Тілі  білімінің  теориялық  және  практикалық  мәселелері.  – 
Алматы: Мектеп, 1985. – 152 б. 
34 Бизақов С. Көңіл күй лебіздерін білдіретін сөз орамдары (Өңд. толықт. 
екінші бас.). – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2016. – 384 б. 
35 Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы : Ана тілі, 1997. – 208 б. 
36 Арықбаева А. Диалогтағы сөйлеушінің субъективтік қарым-қатынасы // 
Тіл,  аударма  және  тілдерді  оқытудың  қазіргі  технологиялары:  Халықаралық 
ғылыми-практикаллық конференция материалдары.  – Алматы, 2002. – 350-354 
б. 
37 Архипова  Е.  Основы  развития  речи  учащихся:  учебник  и  практикум 
для  вузов  /  Е.В.Архипова.  –  2-е  изд.,  испр.  и  доп.  –  М.:  Издательство  Юрайт, 
2018. – 202 с. 
38 Байтұрсынұлы  А.  Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері  /  Құраст.:  Ғ.Әнес.  – 
Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 б. 
39 Kuderinova  K.,  Akhmetzhanova  Z.,  Fazylzhanova  A.,  Duisebekova  Zh., 
Ibraemova  J.The  Theory  of  Phoneme  in  Kazakh  Linguistics  //  Journal  of  Language 
and Literature, ISSN: 2078-0303. – 2016. – Vol. 7, No. 4. – Р. 285-290. 
40 Земская  Е.  Городская  устная  речь  и  задачи  ее  изучения  // 
Разновидности городской устной речи. – М., 1988. – С. 5-44. 
41 Балли  Ш.  Общая  лингвистика  и  вопросы  французского  языка.  –  М., 
1955. – 412 б. 
42 Пигрова Е. Метакоммуникативные маркеры в устной спонтанной речи: 
дис. ...канд. фил. Наук: 10.02.01. – Санкт-Петербург, 2001. – 168 с. 

169 
 
43 Бубнова  Г.,  Гарбовский  Н.  Письменная  и  устная  коммуникация. 
Синтаксис и просодия. – М.: 1991. – 269 стр. 
44 Филиппов  К.  Лингвистика  текста  и  современный  анализ  устной  речи: 
учебное пособие / К.А.Филиппов. – СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2016. – 228 
с. 
45 Louwerse  M.,  Mitchell  H.  Toward  a  Taxonomy  of  a  Set  of  Discourse 
Markers in Dialog: A Theoretical and Computational Linguistic Account // Discourse 
Processes, 2003. – №35 (3). – Р. 199-239. 
46 Якубинский Л. О диалогической речи // Язык и его функционирование. 
Избранные работы. – М., 1986. – С. 17-59. 
47 Дуйсебекова  Ж.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  жалпы  сипаттамасы  // 
Сулейман Демирель атындағы университет Хабаршысы. – Алматы, 2016. – №2. 
– 28-34 б. 
48 Дүйсебекова  Ж.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  өзіндік  ерекшеліктері  // 
Қазақстанның  ғылымы  мен  өмірі.  Филология  сериясы.  –  Алматы,  2018.  –  №4 
(62). – 250-254 б. 
49 Стилистика  и  литературное  редактирование:  учебник  /  под  ред.  проф. 
В.И.Максимова. – 3-е изд., стереотипное. – М.: Гардарики, 2008. – 653 с. 
50 Эглит Л. Русский сленг в социолингвистическом аспекте // Тіл, аударма 
және  тілдерді  оқытудың  қазіргі  технологиялары:  Халықаралық  ғылыми-
практикаллық конференция материалдары. – Алматы, 2002. – 350 б. 
51 Күдеринова  Қ.  Қазақ  жазуының  тарихы  мен  теориясы:  оқу  құралы.  – 
Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. – 344 б. 
52 Linell  P.  Written  Language  Bias  in  Linguistics.  –  Sweden  University  of 
Linköping Dept . of Communication Studies, 1982. – 208 p.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет