II ТАРАУ. ТУА БІТКЕН БҰЛШЫҚЕТТІК
ҚИСЫҚ МОЙЫН
Қисық мойын- туа немесе жүре пайда болған мойынның түр өзгеруі,
яғни бастың бір жағына қисайып немесе бұрылып тұруы. Мұндай қисық
мойындық көп жағдайда жұмсақ тін мен төс бұғана емізікше бұлшықетінің
патологиялық өзгерісінен, ал аз жағдайда омыртқаның мойын бөлігінің
кемістігінен пайда болады. Қисық мойын дамуы мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Бұлшықеттік.
2. Сүйектік.
3. Жүйкелік.
4. Тері-еттік.
5. Компенсаторлық.
Көптеген
зерттеушілердің
көзқарасы
бойынша,
тірек-қимыл
аппаратының басқа туа біткен ауруларына қарағанда туа біткен қисық
мойындық 5-12%-ын құрайды. Бұл ауру жиілігінен туа біткен қисық аяқтық
пен туа біткен сан буынының шығуынан кейін 3-ші орынға ие болады және
кейбір авторлар (С.Т.Зацепин, М.О.Фридлянд) бұл ауруды қыз балалардың
оң жағында көп кездеседі деп есептейді. Бірақ екі жақты туа біткен
бұлшықетті қисық мойын болып кездесуі де мүмкін. Бұл жағдайда төс-
бұғана-емізікше бұлшықетінің қысқаруына қарай бастың еңкеюі көбейеді.
ЭТИОЛОГИЯСЫ. Қазіргі кезде бүл аурудың шығу себебі мен өршуі
толық анықталмаған. Барлықілімдер оның клиникалық көрінісінің сан
құбылмалылығы мен патологиялық үрдістің басты мәселесін түгелдей
шешіп бере алмайды.
Көп жылдар бойы бұлшықетті қисық мойын жатырдың дұрыс
орналаспауынан болады деп есептеліп келген. Тек 1838 жылы Штронмайер
бірінші болып: «Бұл төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің туылу негізіндегі
жарақатынан болады, ал одан ұйыған қан кейіннен тыртыққа айналып ол
бұлшықеттің қысқаруына әкеліп соғады», - деген тұжырым айтты.
Бұл тұжырымды жақтаушылар көбейді. Ал, Новотельновтың болжамы
бойынша туу кезіндегі жарақаттан төс-бұғана-емізікше бұлшықеті қысқарып
228
қана қоймай, оның қоректенуінің дебұзылуына әкеліп соғады, сондықтан
бұлшықет әжімденіп,жиырылады.
Бірақ кейбір зерттеушілердің ұзақ бақылауының арқасында бұл
аурудың басты себебі негізгі жарақаттан деген болжам жоққа шықты,
өйткені осы бүлінген бұлшықеттен алған пункцияда және оны
гистологиялық әдіспен зерттегенде қан түйіршектері шықпады.
А. В. Протасевич /1934/ 2 апталық үй қоянының төс-бұғана-емізікше
бұлшықетін кесіп тастағаннан кейін олардың өсуі тоқталмады.
Петерсон
да
өзінің
тұжырымында:
"бұлшықеттің
бұзылуы,
жарақаттануы жатырдың дұрыс орналаспағанынан, сондықтан босанған
кезде ол бұлшықет жарақаттанатындай кедергілер болады",- деді.
1895 жылы Микулич алғашқы рет бұлшықетті қисық мойындықтың
қабыну ілімін паш етті. Автор: жатырдағы, төс-бұғана-емізікше бұлшықетіне
микробтың кіруінен созылмалы интерстициалдық миозиттің болатынын,
оның ақыры осындай қисықтыққа әкеліп соғатынын айтты.
Фелькер
/1902/
төс-бұғана-емізікше
бұлшықетінің
ишемиялық
контрактурасы жатыр мойынының жоғары жағын қысу салдарынан болады"-
деді. Бұл жағдайда сол бұлшықеттің төменгі жағы да қысылып қалуы
мүмкін, осы төменгі жақта өзінің, қан тамырлары болмағандықтан жоғары
жақтан қан келеді. Сонымен бірге төс-бұғана-емізікше бұлшықетіне
көптеген аностамозы бар үлкен артерия бұтақтарынан қан келеді, тіпті
бұлшықеттің бұзылған жерінен де қанды жақсы өткізіп тұрған тамырларды
кездестіруге болады. Босанған кездегі төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің
қанмен қамтамасыздығын біле тұра, гистологиялық зерттеулерге сүйеніп,
бұл аурудың себебі тек қана ишемия деуге болмайды.
Афанасьев /1944/, Зацепин /1960/ сияқты авторларменқоса біздің де
көзқарасымыз бір, бұл ауру төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің туа біткен
ақауынан, ал босанукезіндегі жарақат, әсіресе жатырдың жамбаспен
орналасукезіндегі мойын деформациясын одан әрі тереңдете түседідеп
білеміз./
Адамның хал-күйінің мүшкілдігі бұлшықет талшықтарының кемістігіне
немесе бұлшықет тінінің дәнекер тінге айналуына байланысты. Сондықтан туа
біткен бұлшықетті қисық мойынның клиникалық көрінісі сол бұлшықет тінінің
қандай мөлшерде қаншалықты дәнекер тініне айналуына байланысты. Бұған
дәлел
ретінде
Костенко
байқауын
айтайық:
төс-бұғана-емізікше
кемістігінентуған 2,6% жас сәбиде қисық мойындық белгілері білінбеген.
Клиникасы. Бұлшықетті қисық мойындықтың көрінісі әр түрлі
баланың жасына қарай кездеседі. Бұл аурумен туған 7-10 күндік сәбилердің
бұлшықеттік кемістігін кейбірінен ғана байқауға болады. Зацепин 649 жаңа
туған жас сәбилерді тексергендс туа біткен қисық мойындықты 29-ынан ғана
тапты. Тек 2-3 апталық сәбиде төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің айқын
өзгерістері көріне бастады: айналасындағы жұмсақ тіндермен қосылмай,
ортасы, одан төменгі аймақтары ісініп консистенциясы қатаяды және
ұзындығы қысқарады. Ұзын, қатқыл талшықтар әсерінен бас еңкейіп,
229
кейіннен құлақ қалқаларының орналасуы әртүрліболып ассиметрия пайда
болады.
Өсе келе бұлшықет қаттылығы азайып немесе толығымен жоғалады. Ал
кей жағдайда бұлшықеттің қалыңдығы артып, созылмалылығы азайғаннан
ол қысқарады. Бастың еңкіштігімен бұрылуы артады, қимылы, қозғалысы
азайып, бет теңсіздігі анықтала түседі, бас сүйегінің теңсіздігі пайда болады.
Бас пен беттің түрі өзгереді. Маңдай бұдыры, сына бұдыры қисайған жақтан
жетілмей дамып, тайқы болып көрінеді. Самай-маңдай, үстіңгі және астыңғы
жақ сүйектері жетілмей дамиды. Бет бұлшықеттері жетілмей дамығандығы
айқын білінеді. Ересек балалар, әсіресе қыз балалар көшеде келе жатқанда
қисайған жақ бетін орамалмен жауып білдірмеуге тырысады, сондықтан бұл
патология үлкен психологиялық жарақат болып табылады. Қисық мойынды
3-6 жастағы балалардан анық көруге болады.
159сурет. Туа біткен бұлшықеттік кисық мойын
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Оның себебі: мойын бөлігіндегі омыртқаның өсуі дұрыс, ал төс-бұғана-
емізікше бұлшықетініңөсуі кеми бастайды. Клиникалық байқау кезінде ауру
баланың бет және бас сүйектерінің теңсіздігін анық байқауға болады. Бас
өзгерген кезде төс-бұғана-емізікше бұлшықеті басты еңкейтеді, иек қарама-
қарсы жағына бұрылады. Ауыру жақтағы иық пен жауырын биік
орналасады(159 сурет). Аурудың арт жағынан қарағанда желкенің
қисықтығы бастың еңкіштігі мен бұрылымы, жауырынның қисық орналасуы
байқалады. Кейбір жағдайда төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің екі аяғы да
өзгерген түрде, ал көбінде бұлшықеттің бір аяғының өзгерісін байқаймыз.
Әдетте зақымдалған бұлшық ет қалыпты жағдайдағыдай жіңішке, қатты,
талшық түрде болып келеді. Ереже бойынша зақымдалған жақта
трапециялық және алдыңғы тістес бұлшықеттер қысқарады, соның әсерінен
иық пен жауырынның бір деңгейлігі бұзылып теңсізденеді.
Зақымдалған төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің созылуы, тартылуы,
Зацепиннің тұжырымы бойынша оның тонустық жиырылуынан емес, қарсы
орналасқан сау бұлшықеттің бас қисықтығын түзеу үшін төс-бұғана-
емізікше бұлшықетінің қысқаруы, сол бұлшықет пен омыртқаның мойын
бөлігінің сәйкессіздігінен болады.
230
Еңкіштік пен бастың бұрылуының ауыртпалығы ауырған жақтың
бұлшықет аяқшасының өзгеруіне байлаысты. Мысалы, сол бұлшықеттің
кеуде жақ аяқшасының зақымы болса бастың бұрылуын, ал бүғана жақ
аяғының закымы болғанда, бастың еңкіштігін көреміз.
Төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің тартылуы мен бас еңкіштігі
омыртқаның мойын және кеуде-бел омыртқаларының қисаюына әкеліп
соғады. Лоренц бұл жағдайды екі түрге бөледі. Онша білінбейтін өзгерісте
мойын бөлігінде жай кифоз байқалады. Айқын көрінетін өзгерісте мойын,
кеуде, бел омыртқалары қисайып сколиоз пайда болады.
Төс-бұғана-емізікше
бұтағының
тартылысы
бүғанамен
емізікше
бұтағының қалпына әсер етеді, ол өз мөлшерінде үлкейіп, ауа өтетін ұяның
қуыстары да кеңейеді. Сондықтан есту жолдарының бағыты өзгереді. Бастың
зақымдалған жағы жалпақтанып үлкейеді, қас пен көз сау жағынан темен
орналасады, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінің, мұрын қуыстарының,
мұрын бөлгіштің, қатты таңдайдың дұрыс жетілмеуі байқалады. Көру
аймағының азаюы да осы туа біткен қисық мойындықтың бір белгісі болып
табылады. Рентгенмен тексергенде бас сүйегінің теңсіздік белгілері байқалады.
Төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің екі жақты қысқаруы өте сирек
кездеседі. Бұл жағдайда баланың басы желкесі арқасына тиердей артқа
шалқайып, ал беті не алға немесе жоғары қарап орналасады. Мұндай түр
өзгерутөс-бұғана-емізікше бұлшықетінің ұзындығы мен омыртқаның мойын
бөлігінің ұзындығының сәйкессіздігінен болады, өйткені ауру басын не
артқа, не алдыға еңкейте алмайды. Ереже бойынша, мұндай аурулардың бас
қозғалысының көлемі тез арада сагитталды жазықтықта шектеледі,
омыртқаның мойын бөлігі айтарлықтай қысқарады.
АЖЫРАТУ ДИАГНОСТИКАСЫ. Бұлшықетті қисық мойындықтың
жүре келе пайда болатын түрі сирек кездесетіндіктен жас сәбиден туа біткен
қисық мойындықты табу қиынға түспейді. Үлкен жастағы балалардың туа
біткен
бұлшықеттілігін
Клиппель-Фейль
синдромы
мен
мойын
қабырғасымен, сына тәрізді мойынның жарты сүйегімен, қисық
мойындықтың жүре біткен түрімен-Гризель ауруы, спастикалық, терілік,
десмогендік сияқты қисық мойындықтың түрлерімен ажырату керек.
Спастикалық қисық мойындық-гиперкинездің бір түрі. Бұл түрі, бастың
еріксіз қозғалуын немесе мойын бұлшықетінің қалшылдауларының
салдарынан болатын бастың амалсыз тұрысын, орналасуын сипаттайды.
Күйзеліс энцефалит ауруынан кейін біртіндеп басталады, уақыт өткен сайын
бұл күйзеліс арта түседі.
Терілік түрі мойындағы күйік жегіден кейінгі үлкен тыртықтықтың
болуына байланысты. Қисық мойындықтың десмогенді түрі мойын
бездерінің қабынуы мен мойын бойындағы ет пен терінің арасындағы шел
майының қабынып іріндеуінен болады.
Төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің созылмалы қабыну әсерінен болған
қисық мойындығының себебі бұлшықеттің қабынуы бөртпе сүзек, безгек,
қызамық, мерез ауруларының салдарынан кейін пайда болады. Бастың
231
еңкіштігі
жарақаттың
немесе
мойын
омыртқасының
денесіндегі
патологиялық
үрдісінің,
остеомиелит,
туберкулез,
актиномикоз
ауруларының салдарынан болады.
Емдеу. Бұлшықетті қисық мойындықты апталық балаға консервативті
емдеуден бастаған жөн. Оның негізінде күніне 3-4 рет 5-10 минуттан
жүретін түзету дене жаттығуларын жасайды. Бұл жағдайда арқасымен
жатқан баланың басын екі қолымен құлаштап, оған дұрыс бағыт береді, яғни
зақымданған бұлшықеттен кері бағытқа бұрады. Осы жазылған
жаттығулардың қарапайымдылығы сонша, оны аналар да жақсы орындай
алады. Емдеу жаттығуларын өткізгенде ешқандай күш түспеуін қадағалау
керек. Сондықтан бұл жаттығуларды бала ұйықтаған кезде жасаған өте
пайдалы. Өйткені төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің шамадан тыс тартылып,
созылу әсерінен қатты өзгерістер болуы мүмкін. Төс-бұғана-емізікше
бұлшықетінің сау жағындағы бұлшықетке массаж жасау керек, зақымданған
жағының маңдайына, қабақтарына, бетіне ұдайы массаж жасау,
физиотерапиялық ем жүргізу қажет. Массаж жасау зақымдалған бет
бұлшықеттеріне, сүйектерге қанайналым, жүйкеленуіне әсер етіп, олардың
жетіліп дамуына үлкен көмек береді. Зақымданған бұлшықеттің
тыртықтануынан сақтау үшін 6-8 апталық сәбилерге йодты калиймен
ионогальванизация курсын жүргізеді, бұл курсты 3-4 айдан кейін қайталуға
болады. Осы кезеңде зақымданған жақтағы бет пен мойын жағындағы
бұлшықеттерді уқалуға көп көңіл бөлген жөн. Бала нақты ұйықтаған кезде
сау жақ мойынның астына құмнан жасалған жастықша қойып басын
жастықшадан салбыратып жатқызады. Қисайған жаққа жатқызғанда құмнан
жасалған биік жастықшаны басының астына қойып иық бойы жастықшадан
салбырап түсіп тұруы керек, сонда қысқарған бұлшықет созылады. Баланың
басын жеткен бағытқа дейін ұстап алу үшін оған қатты қағазды-мақталы
Шанц жағасын байлайды немесе баулар арқылы зақымдалған жақтан,
маталы омырау тартқышқа қыстырып қоятын бас киім кигізу керек. Баланы
арнаулы гипсті төсекке жатқызады немесе басты құм толтырылған екі
дорбаның ортасына дұрыс бағытта бекітіп қояды. Жас сәбидің төсегін,
мойынының сау жағын үйдің қабырғасына қаратып жатқызу керек.
Бөлмедегі қозғалыс және дыбыс шыққан жағына қарау үшін бала еріксіз
басын бұлшықет зақымдалған жағына бұрып қысқарған бұлшықетті
ұзартады. Бұлшықет қисық мойындық өте айқын емес кезінде, уақытында
жүргізген жай ем баланың бір жасқа жеткенше толық жазылуына мүмкіндік
береді.
Ал баланың мойын қисықтығын кеш анықтаған жағдайда операция
жолымен ғана дұрыстау мүмкін. Туа біткен бұлшықетті қисық мойынды
уақытында болмай кеш анықталса операцияны баланың жасы 3 пен 4тің
арасында жасаған жөн. Операция бұлшықет қисықтығы жай еммен
консервативті емделмеген кезде яғни жазылмаған жағдайданемесе бет сүйегі
мен бас сүйегінің теңсіздігі түзелмеген кезінде жасалады. Операцияны
балаға наркоз беріп ұйықтатып жасаған жөн болады.
1 1 9 су рет. За
пепин операциясы.
232
160 сурет. Зацепиннің операциясы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Туа біткен бұлшықетті қисық мойындықта кесу операциясын немесе
Микулич бойынша төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің астыңғы жағынан 3
см-дей жерін кесіп алып тастау керек. Ауруды операциялық столға
арқасымен жатқызып, жауырын астына клеенкалы жастық төсеген жөн.
Жастықтың қалындығы 5-7 см болу керек. Оның мақсаты:басты артқа
шалқайтып,қысқарған төс-бұғана-емізікше бұлшықетіне көп күш түсіру.
Дәрігер аурудың бас жағында отырып, оның басын орташа қалыпта ұстап
операция жүрісіне байланысты аурудың басын әр жағына бұрып отыруы
қажет. Теріні кесу бүғананың үстіңгі жағынан ұзындығы 2 см етіп жасалады.
Қабаты бойынша жұмсақ тінді төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің екі етегі
жалаңаштанғанша кеседі. Кохер зондысының көмегімен сол бұлшықетті 5-6
см көлемінде айналасындағы жұмсақ тіндерден бөліп алады да, етек
жағынан 3 см көлемінде кесіп алып тастайды. Әр кесілген аяқшаға байлам
жасалады. Сонымен бірге Зацепин деформациясы қайталанбас үшін
мойынның үстіңгі қатпаршағының сыртқы және терең жапырағын
толығымен кеседі. Жараны қабаты бойынша кетгут жіптерімен тігіп,
асептикалық байлау салынады.
Басын жеткен жеріне дейін ұстап тұру үшін операциядан кейінгі
кезенде ауруды Глиссонның тартқышымен тартып қояды. Операциядан
кейін 6-7 күн өткеннен кейін жарты гипсті корсетпен кеуде мен басты
бекітеді (160-сурет). Оның мақсаты: жара тыныштығы, тез жазылуы үшін,
кесілген бұлшықеттің ұштарындағы қашықтықты сақтау, сондай-ақ сау
жағындағы бұлшықет бекітілген жерлерінің бір-біріне жақындауы үшін.
30 күннен кейін мойынға салған гипс шешіледі де ауруға гимнастика,
массаж, кей жағдайларда физиотерапия қолданылады. Осы жазылған
операциядан басқа, төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің аяқтарын жай кесу,
бұлшықет сіңірін баспалдақты ұзарту, гомосіңір ақауын ауыстыру
мақсатымен кесу, емізікше бұғағынан бұлшық етті бөліп алу операциясы
ұсынылған. Бірақ бұл әдістерден үміт аз,себебі жарақаты көп болып келеді.
Болжамы. Туа біткен бұлшықетті қисық мойынды ерте емдегенде ғана
жазылып кетеді. Ал, емделмеген жағдайда түзелмейтін ауыр түр өзгерістері
қалыптасады: басы иық үстіне еңкейе қисайған, беті иыққа тиеді, бет
233
теңсіздігінің үлкейгендігі соншалық, иек ортасынан қасқа дейінгі аралық сау
жағымен салыстырғанда екі есе кішірейген.
Біздің клиникадағы жаңадан енгізілген қисық мойынды емдеудегі
операция тәсілі
1970 ж бастап 1996 ж дейін туа болған бұлшықеттік қисық мойынды
операциялық жолмен емдеу үшін жаңадан ойлап тапқан операциялық
тәсіліміз бар. Ол қара малдың ішкі пердесін (париетальная брюшина) алып,
орап орамды жіп жасаймыз, ұзындығы оның 10-12 см, жуандығы 3-5 мм
(баланың жасына қарай) жасаймыз. Баланы наркозбен ұйықтатып бұғананың
үстімен төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің аяқшалары төстен бұғанаға
бекіген жерінен 4-6см бұғана бойымен тілеміз. Сөйтіп, төс-бұғана-емізікше
бұлшықетінің капрондық ұстағышпен тігіп, көлденең кесеміз. Ұстағышты
баланың
басын
біртіндеп
қисайған
жағына
қарай
иіп
сол
бұлшықеттерастындағы беткей шандырларды имек қысқышпен енгізіп,
скальпельмен кесеміз. Содан соң терең жатқан шандырды тағыда көлденең
4см кесеміз. Әрі қарай бұлшықет жоғары қарай тартылып кете береді. Соны
біртіндеп жоғары көтеріп, айтылған шандырларды біртіндеп көлденең
деңгейде тіліп отырамыз.Сөйтіп төс-бұғана-емізікше бұлшықеттінің
ұзындығы бойынша орта деңгейге дейін жетеміз. Сол жерде беткейлік
шандыр мен терең шандырдың қосылған жерінде беткейлік және терең
шандыр қосылған жерін Микулич қысқышы көмегімен көтеріп тілеміз.
Сонда төс-бұғана-емізікше бұлшықеті 6-8 см дейін жиырылады. Сол
кеңістікте іш пердеден жасалған жіпті осы еттің орталық және төстік бөлігіне
тігеміз.
Операция алдында анасының, әкесінің мойынының ұзындығын еске ала
отырып, трансплантант ұзындығын керекті деңгейде баланың жасына сәйкес
1,5- 2 см ұзындық жасап тігеміз.
Осындай әдіспен 1970-1992 жылға дейін 317 балаға операция жасалды.
Жастары 6-14 жасқа дейін. 16-18 жастағы жасөспірімдерге осы операцияны
жасағанда көбінесе сатылы еттерді, тіпті трапециялық еттерді де Z-тәрізді
ұзартатын боламыз. Нәтижелері өте жақсы болды. Сондықтан осы тәсілді
заманауи өзгерістерге қарамай әліде жалғастыру керек деп ойлаймыз.
III ТАРАУ. ОМЫРТҚАНЫҢ ҚИСАЮЫ (СКОЛИОЗ)
Қалыпты мүсін
Қалыпты мүсін болғанда дененің барлық бөлімдері бір деңгейде
орналасады.
Сагитальдық жазықтықта омыртқа жотасының физиологиялық
иілімдері аздап қана байқалады (мойын мен бел иілімдері, кеуде, сегізкөз,
құйымшақ бүкірлігі) бас тік орналасады: иек және маңдай деңгейінде.
Иық бойы бір деңгейде және ол артқа қарай шалқақтау тұрады.
Жауырындар кеудеге қабыса орналасады. Жамбас еңкектігі 42
° − тан-
48
° −қа дейін.
234
Мүсін кемістіктері
Тік жота. Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдері жөнді
дамымаған. Кеуде сопақтау болады. Жауырындар қанаттанып шығыңқы.
Жамбас еңкектігі азайған. Омыртқа жотасы тұрақсызданып жанына қарай
қисаюға бейім келеді.
Дөңгелек немесе дөңгелек имек жота. Мұндай жағдайда кеуде бүкірлігі
ұлғайып, мойын және кеуде иілістері жетілмей дамыған. Жамбас еңкектігі
азайып, кеуде қабыса ойықтанады, иық бойы алға қарай шығыңқы, қарыны
кебжиіп жамбас бойы еттері солыңқы, тізе бөлімі сәл бүгіңкі.
Мүсін кемістігінің алдын алу.Алдын алуда негізгі орынды алатын
шара баланың денесін дұрыс шынықтыру, демалыс пен еңбек етуді дұрыс
ұйымдастыру, дұрыс тамақтандыру. Төсек орны қатты тақтай бетіне
салынып басының астын аласа жастықша қойып, баланы төсекке жатқанда
арқасымен немесе етбетімен жатқызып үйрету керек.
Орындығы мен столының биіктігі бала бойына сәйкес болу керек. Сабақ
оқығанда шектен тыс биік үстел мен орындық болса ол омыртқаның
қисаюына әкеліп соғуы ықтимал. Мүсіннің дұрыс дамымауына әкеліп соғуда
негізгі орын алатын «бұзық дағдылар», орындыққа дұрыс отырмау, жатып
кітап оқу.
Баланы жүргенде және тұрғанда денесін дұрыс ұстауды дағдыландыру
керек. Тұрғанда салмағын бір аяғына түсіріп тұру көбінесе жамбастың бір
жағына еңкейіп тұруы, омыртқаның компенсаторлық қисаюына әкеліп
соғады. Еттері солғын дамыған балаларда, сөмкесін ылғи бір жақ қолымен
көтеріп жүрсе, мүсіннің дұрыс дамымауына әкеледі. Сондықтан бастауыш
сыныптарда оқитын балаларға сөмкесін арқасына салып жүргені жөн
болады.
II-ғасырда Галеннің түсінігі бойынша, омыртқаның қисаюы тек қана бір
жағына иілуі деп түсінік берген.
Әртүрлі айтуларға қарағанда қисаю деген ауру есебінде түсініледі,
бірақта осы ауруды былай түсінуге тиістіміз: қалыптан тыс үлкен өзгеріс-
омырқаның көлденең деңгейде қисаюы, омыртқаның тік және алға-артқа
қарай иілімінің ұлғаюы, кеуделік еңкіштігі мен бел иілімінің ұлғаюы деп
түсіну керек.
Омыртқаның мүсінінің калыптыдан тыс өзгеруі әрқашанда, кеуде
жотасы мен жамбас деңгейінің өзгеруіне әкеледі, осының әсерінен жүрек,
өкпе, тыныс және қанайналым жұмыстары қалыпты жағдайдан бұзылып,
бұган қоса жүйке талшықтарының (тартылуы, созылуы) және осы
талшықтардың жұлыннан шығатын жерінен сығылып немесе басылуы
әсерінен, кейде (серіппелі, тартылмалы) салдануға әкеліп соғуы мүмкін.
Кейбір қағидаларға қарағанда-қисаю (омыртқа қисаюы) ортопедиялық
(туа болған) немесе жүре пайда болған қисаюға жатады деп өз уақытында Г.
И. Турнер айтып кеткен, және Новосибирск ғылыми зеттеу институтының
235
көрсеткіштеріне қарағанда омыртқа қисаюы, балалар арасында 2-9%
шамасында кездеседі.
Шет мемлекет ғалымдарының көрсеткіштері бойынша – омыртқаның
қисаюы 27%- дан 30%- ға дейін жасөспірімдер арасында кездеседі дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |