Буындардағы қозғалыстың қалыпты деңгейі
Буын
қозғал
ысы
Бүгу жазу
Шетке
бұру
Ішке
бұру
Сыртқа
айналу
Ішке
айналу
Градусты көрсеткіштер
Тоқпан
жілік
буыны
90
30
30
0
90
90
Шынтақ буыны
20
180
-
-
-
-
Білезік буыны
80
70
30
30
-
-
Жамбас-сан
(ұршық)буыны
120
15
40
40
45
40
Тізе буыны
130
15
-
-
-
-
Балтыр-аяқ
буыны
45
20
20
30
-
-
Омыртқа буыны
оңға
солға
А)мойын бөлімі
45
60
40
30
80
-
Б) кеуде бөлімі
10
0
20
20
30
30
В) бел бөлімі
40
30
30
40
30
30
13
БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ КҮШІН АНЫҚТАУ
Бұлшық еттің күшін анықтау үшін динамометрді қолдануға болады.
Ол үшін бес балды баға жүйесін қолданады:
1. Еттің қалыпты күші - 5 балл (100 %)
2. Ет күшінің шамалап төмендеуі - 4 балл (75 %)
3. Ет күшінің едәуір төмендеуі - 3 балл (50 %)
4. Ет күшінің қалдық түрі - 2 балл (25 %)
5. Еттің парезі мен параличі - 1 балл (25 %-тен төмені).
Қалған өлшемдер сияқты ет күшін өлшегенде дені бұлшық еттермен
салыстырып отыру керек.
НАУҚАСТАРДЫҢ ЖҮРІСІН ЗЕРТТЕУ
Травматологиялық, әсіресе ортопедиялық тәжірибеде аурудың жүрісін
зерттеудің диагноз қою үшін және дұрыс ем қолдану үшін үлкен маңызы
бар.
Негізінде аурудың жүрісі қалпынан бүлінбеген және бүлінген жүріс
болуы мүмкін. Бүлінген жүрісті ақсау деп атайды.
Адамның ақсауының себебі жүргенде ауру аяғын аяғандықтан, не қатты
жүріп басса, аяқта ауру пайда болғандықтан болады.
Адамның жүрісінде мынадай анықтамалар болады:
1. Секірме жүріс-табанның алдыңғы жағынан астына қарай шектен тыс
иілген жағдайда ауру жүргенде табанның алдыңғы жағына басып өкшесін
жерге тигізе алмайды. Табанның мұндай қалпын ат өкше дейді(конская
стопа).
2. Доға тәрізді аяқтың сыртқа кетуінен болатын жүріс-тізе буынында
анкилоз болғанда.
3. "Үйрекше жүріс" - іштен екі жақ ортан жіліктің туа пайда болған
ұршық басының шығуынан және мойын-диафизді бұрыштың кішірейгенінде
(варустық қисаюынан).
4. Паралитикалық жүріс-жеке бұлшықеттерде салдану немесе асықты
жіліктің жүйкесі істен шыққанда.
5. Спастикалық жүріс – серіппелі-кедергілі жүріс, Литлл ауруында, туа
болған сіреспе ауруында бұлшық ет тонусының жоғарылағанында.
АЯҚТЫ ТЕКСЕРУ
Аяқты тексергенде алдымен оның пішінін, терісінің түсін, аяқтың қалай
жатқанына көңіл аудару керек. Қолмен сипап, басып қарағанда әр сүйектің
шығыңқы жерінің қырын, температурасын, тіндердің икемділігін, ауру
нүктелерін анықтайды.
сау
14
5сурет. Розер Нелатон сызығы.
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Аяқта мына төмендегідей нысаналар кездеседі де оны дұрыс анықтай
білу керек.
Розер-Нелатон сызығын анықтау үшін мықын сүйектің жоғарғы
жағының үстіңгі қырын, үлкен ұршық және шонданай сүйектің бұдырларын
бір-бірімен қосу қажет.
Куслик сызығын анықтау үшін мықын сүйектің жоғарғы жағының
үстіңгі қырын, үлкен ұршық және төменгі бөксе бұлшықет қатпарын қосу
қажет.
Брианның үшбұрышы - оны анықтау үшін алдымен мықын сүйектің
жоғарғы жағының үстіңгі қыры мен үлкен ұршықты сызықпен қосады. Одан
кейін ортан жілік бойымен денеге сызық түсіріп, осы сызыққа мықын
сүйектің жоғарғы жағының үстіңгі қырынан перпендикуляр жүргізеді (5,
6суреттер).
6 сурет. а) Куслик сызығы; 6) Брианның ұшбүрышы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
ҚОЛДЫ ТЕКСЕРУ
Қолды тексергенде де басқа анатомиялық жерлерді тексергендей белгілі
нысаналарға (ориентир) көңіл бөлген жөн болады:
1. Иық үстіндегі үшбұрыш, құстұмсық өскін, жауырын басының өскіні
және тоқпан жіліктің шығып тұрған төмпешігін бір-бірімен қосқанда пайда
болады.
2. Гюнтер үшбұрышы тоқпан жіліктің төменгі ішкі және сыртқы
айдаршық үстілерін шынтақ сүйек өскінімен қосқанда пайда болады.
3. Маркс сызығы тоқпан жіліктің айдаршықтарын тоқпан жіліктің
бойлық өсімен қосқанда тік бұрыш пайда болады. Бұл тік бұрыш
айдаршықтың біреуі сынса бұзылады.
15
БАС ПЕН МИ ЖАРАҚАТТАНҒАНДА ТЕКСЕРУ
1. Бас пен ми жарақаттанғанда қойылатын сұрақтар: не болды, қайда,
қашан және қалай болды?
2. Бірінші медициналық көмектің көлемі?
3. Аурудың шағымы. Қақсап ауырған жері, лоқсуы, құсық, есінен
тануы?
4. Жарақаттанғанды қарап көргенде терісінің түсі, кеуденің дем
алуының жиілігі, ырғақтығы, тереңдігі, төсектегі қалпы, көз қарашығының
ені және оның жарыққа реакциясы.
5. Невралогиялық мәліметтер - есі, психика жағдайы, менингиялық
белгілері, сіңір мен көз рефлекстері, ауру синдромықұлақ пен мұрын
тесіктерінен қан мен ликвордың ағуы.
КЕУДЕ ЖАРАҚАТТАНҒАНДА ТЕКСЕРУ
1. Сұрағы - не, қашан, қайда және қалай болды?
2. Бірінші медициналық көмектің көлемі?
3. Шағымы, демікпе, жөтел, дем алудың қиындауы (дем алғанда, дем
шығарғанда)?
4. Қақырық, қан түкіру, сырқырап ауруы,қарау-терісінің түсі, кеуде
клеткасының сыртқы көрінісі, дем алуда кеуде қозғалысының жиілігі,
ырғақтығы?
5. Қолмен басып көргенде-ауыратын нүктелері, қабырға сүйектерінің
сықырлауы, тері астындағы және бұлшық ет арасындағы эмфизема.
6. Қол ұшымен тоқылдатып ұрғанда-кеуде қуысы органдарының
шекарасын, кеуде қуысында қан мен ауаның бар-жоғын анықтау.
7. Кеудені стетофонендоскоппен тыңдағанда жүрек пен өкпенің
шуылын, жүрек соғысын, перикард пен плевраның шуылын, қан қысымын
анықтауға болады.
ІШ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТДЫ ТЕКСЕРУ
1. Сұрағы - не болды, қайда, қашан және қалай болды?
2. Бірінші медициналық көмектің көлемі?
3. Шағымы, лоқсуы, құсық, ауруы, үлкен және кіші дәретке отыруының
бұзылуы?
4. Қарау-төсектегі қалпы, бет әлпеті, терісінің түсі, ішінің пішіні, іштің
дем алуға қатысы, жарақат іздері.
5. Қолмен басып қарау - ауырған нүктелердің, іштің бұлшықеттерінің
қатаюын, паренхималық мүшелердің шекарасын, ішастардың тітіркену
белгісін және инфильтратты анықтау.
6. Перкуссия - іш қуысындағы сұйық пен газдың бар-жоғын, іш
мүшелерінің шекарасын анықтау.
7. Аускультация (тындау) - ішектердің перистальтикасын анықтау.
16
ЖАМБАС МАҢЫ ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ТЕКСЕРУ
1) Сұрақ - не болды, қайда, қашан және қалай болды?
2) Бірінші медициналық көмектің көлемі?
3) Шағымы, қалай ауырады, дәреттену қабілеті, үрпі каналынан қан
кетуі?
4) Қарау-соғып алған жердің ізі, терісінің түсі, жамбас еттерінің
пішінінің өзгеруі, "жабысқақ өкше" симптомы.
5) Қолмен басып көргенде - ауру нүктелері, тіндер қысымы.
6) Перкуссия - зәр қабының шекарасын анықтау.
ОМЫРТҚА ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ТЕКСЕРУ
Сұрақ - не болды, қайда, қашан және қалай болды?
Бірінші медициналық көмектің көлемі?
Шағымы, аяқтарының қозғалысы, кіші дәрет алу қызметі, аяқтарының
жанын сезгіштігі, қалай ауырады?
Қарау
-
омыртқаның
физиологиялық
қалыпты
иілімдері,
деформациясы, аяқтарының активтік қозғалыстары, соғыпалынған жердің ізі,
терінің түсі.
Қолмен басып қарау - ауыратын нүктелері, омыртқалардың пішінінің
өзгеруі, сезімталдығы, шеткі тамырлардың соғуы, бұлшық еттердің қатаюы,
тері қызуы.
Неврологиялық жағдайы- алдыңғы беттерде.
АЯҚ, ҚОЛДАРДЫҢ ЗАҚЫМДАЛҒАНЫН ТЕКСЕРУ
Сұрақтар - не болды, қайда, қашан, қалай болды?
Бірінші медициналық көмектің көлемі?
Шағымы, аяқ, қолқозғалыстарының бұзылуы?
Сезімталдығының бұзылуы, қалай ауыратындығы?
Қарау - аяқ, қол өсі мен пішінінің, қозғалысыныңөзгеруі.
Пальпация (сипап көру) - ауыратын нүктелерін, сүйектің сынығының
шықырлауын,
патологиялық
қозғалысын,
сезімталдығын,
қызуын,
бұлшықеттің ширығуын келтірмейтін басқа жарақаттарға диагноз қойып
соны емдеуге тырысу керек.
АУРУ ТАРИХЫН ДАЙЫНДАУ ЖОБАСЫ
Құжаттық бөлімі.
Ауруды сұрастыру мәліметтері - шағымы, қаралу себебі, ауруының
анамнезі.
Жалпы қарау мәліметтері.
Жеке мәліметтер: қараудың қорытындысы, қолмен басып қарау,
перкуссия, аускультация, метрлік өлшеу, бұлшық ет күшін өлшеу,
неврологиялық тексеру.
Арнайы тексеру мәліметтері лабораториялық, рентгендік және
басқасы.
17
Алғашқы диагноз.
Емдеу жоспары және қосымша тексеру.
Клиникалық диагноз.
Дәрі белгілейтін қағаз, аурудың күнделікті жағдайы, емдеу нәтижесі.
Операция жасайтын жағдайда - операция алдындағы эпикриз,
анестезиологтың жазуы, операцияның протоколы.
Аурудың шығарғандағы, не ауыстырғандағы эпикриз.
II ТАРАУ. ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ
НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУДІҢ
НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Травматологиялық және ортопедиялық емдеу әдістері консервативтік
және оперативтік болып екі топқа бөлінеді.
КОНСЕРВАТИВТІК ӘДІС
Травматология мен ортопедияда мынадай консервативтік әдістер
қолданылады:
Гипсті таңғыштар және басқа да қатайтқыш таңғыштар.
Әртүрлі тарту әдістері.
Аяқ-қолдың қисық жерін түзетіп этапты таңғыштар салу.
Аппараттар арқылы емдеу (ортопедиялық аппараттар, корсеттер,
протездер, ортопедиялық аяқ киімдер т.б.).
Физикалық емдеу әдісі (емдеу гимнастикасы, массаж, электрмен
емдеу, балшықтармен емдеу).
БЕКІТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Бекіту құралдарына жататындар:
1. Гипсті таңғыштар, гипстен не пластмассадан жасалған жақтаулар.
2. Аурудың аяқ-қолы сынып жарақаттанғанда уақытша бекітіп қоятын
ағаштан, темірден жасалған жақтаулар.
3. Әртүрлі бинттер. Гипсті бекіту құралы ретінде бірінші рет Н.И.
Пирогов қолданып, қазір де өзінің маңызын жоймай, жабық сынықтарды
емдеуге кеңінен қолданылып келеді. Олардың гипстік қоршама таңғыш және
гипсті жақтаулар сияқты түрлері болады. Омыртқа жарақаттанғанда не
омыртқада ауру пайда болғанда гипстітөсек (кереует) жасауға болады. Егер
керек болған уақытта гипсті кесіп "терезе" жасап жараның жазылуын
қадағалауға болады.
Дұрыс мәнерлеп салынған гипстің ешқандай зияны болмайды, ал дұрыс
салынбаса жұмсақ тіндерде ісік пайда болып, аяқтың не қолдың жанын
кетіруге әкеп соғады. Сондықтангипстен жасалған қоршама таңғыш салынса
және пайда болған жағдайда гипсті қоршама таңғышты ұзын бойымен тіліп
арасын ашу керек.
18
Уақытша аяқ-қолды бекіту үшін соғыс уақытында және бейбіт уақытта
да сымнан жасалған Крамер таңғышы ағаштан жасалған Дитерихс таңғышы
және темірден жасалған Томос пен Виноградовтың таңғыштары
қолданылады.
ҮЗДІКСІЗ ТАРТУ ӘДІСІ
Үздіксіз тарту әдісі бүгінгі күнде ортопедиялық және травматологиялық
ауруларды емдеуде ең негізгі әдістердің бірі болып есептеледі. Бұл әдісті
бірінші рет 1907 жылы Штейнман деген ғалым ортан жіліктің тізеге тақау
төменгі жағынан шеге кіргізіп, сынған ортан жілікті емдеген. Кейіннен темір
шегенің орнынан үздіксіз тарту үшін Киршнердің сымшыбығы
қолданылады.
ҮЗДІКСІЗ ТАРТУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сүйек сынғанда оның бөлшектерінің жылжып кетуіне мынадай
себептер әсер етеді:
а) зақымдаушы заттың әрекетімен көлеміне және оның бағытына
байланысты;
б) ауырғанда пайда болатын бұлшық еттердің қатаю күшін жеңу қажет.
Аяқты бүгуші еттер мен жазушы еттердің қатаюын бір қалыпқа келтіру үшін
аяқты бүккен жөн. Бұл жағдайда бүгуші және жазушы антогонистік бұлшық
еттер босаңсып сынған сүйекті орнына тұрғызуға мүмкіндік туады.
Осындай буынның сәл бүгілгенінде антогонист бұлшық еттері
күштерінің теңбе-тең болатын жағдайын ортофизиологиялық тыныштық деп
атайды. Сондықтан үздіксіз тартуда жарақаттанған аяқ пен қолды
ортофизиологиялық қалыпта ұстап тартса ғана сүйектің сынықтарын орнына
дұрыс салуға болады. Тағы бір еске алатын жағдай, аяқты не қолды
жартылай бүгіп қана қоймай, олардың әрбір бөліктерінің ауыртпалығын
теңестіру керек. Тек осы уақытта ғана аяқ, не қол тыныштық алады. Ол үшін
сынған аяқты әдейілеп жасалған Браунның, Богдановтың, Белердің,
Шулутконың аяқ салғыш таңғышына орналастырады. Бұл жағдай
сынықтарды орнына салудағы екінші негізі болып есептеледі.
Сынған сүйектің сынықтарын орнына салуға үшінші міндетті жағдай
сынған сүйектің шеткі жағы әрқашанда ішкі-орталық сынығына бағытталып
салынады.
Төртінші жағдай: аяқты үздіксіз тартқанда салмақты аздап, біртіндеп
көбейткен жөн болады. Себебі бірқалыпты үлкен салмақ салынса аяқтың
бұлшықеттері босаңсудың орнына қайта сіресіп қатаюы мүмкін. Біртіндеп
көбейтілген салмақ бұлшықеттерді сірестірмей, қатайтпай, қайта оларды
ауыртпай босаңсытуға мүмкіндік жасайды.
Бесінші жағдай: үздіксіз тартқанда қарсы тартуды болжаған жөн. Қарсы
тарту үшін төсектің аяқ жағын көтеріп қояды, не болмаса сау аяғының
табанына тіреуіш береді, тіпті болмаса аурудың денесін төсекке бекітіп
байлап қояды. Үздіксіз тартуда бірімен бірі қарсы екі принцип қосылады:
19
тыныштық және қозғалыс. Аяқтың сынған сегментіне тыныштық орнатылса,
буындарында қозғалыс сақталады. Мұның өзі сүйектің, бұлшық еттің,
апоневроз бен фасцияның өсіп жетіліп, толығымен бітуіне қолайлы жағдай
тудырады. Сондықтан да мұны функционалдық әдіс деп атайды.
Сынған сүйекті үздіксіз тартып емдеуді үш түрлі фазаға бөлуге
болады.
Бірінші фазасы- репозициялық (репозиция - сүйек сынықтарын орнына
салу). Әдетте бұл фаза 1-3 күнге созылады. Бұл мезгілде үздіксіз тарту үшін
біртіндеп жүктің салмағын көбейтіп, дәрігер сынған сүйектің сынықтарын
орындарына түсіреді.
Екінші фазасы - ретенциалдық (ретенция - сүйек сынықтарын орнына
түскен бойынша ұстап тұру). Бұл фазасүйек сынықтарының орнына
түскенінен бастап сүйек сынықтарының бір-бірімен жабысып өсуіне кететін
уақыт. Аурудың жасына, сынықтың түріне, сынған жеріне қарай бұл фаза
әжептәуір уақыт алуы мүмкін.
Үшінші фазасы - репарациялық (сүйектің сынғаннан кейінгі қалпына
келуі). Бұл фаза сүйектің сынықтарының аралары өсуінен бастап, толық
өзінің бұрынғы қалпына келуге дейін болады. Бұл фазаның ұзақтығы әртүрлі
болады, орташа 4-8 жұмадай уақыт алады. Осы мерзім біріншілік сүйек
мүйізгегінің пайда болуы.
Қазіргі уақытта экологиялық жағдайды еске ала отырып сүйектің
толықтай біту мерзімі орта есеппен 4-6 айға дейін созылатынын есте
сақтауға тиістіміз.
ОПЕРАТИВТІК ӘДІСПЕН ЕМДЕУ
Травматология мен ортопедиядағы барлық операцияларды кесте түрінде
мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Сүйекке жасалатын операциялар.
2. Буындарға жасалатын операциялар.
3. Бұлшықетке, сіңірге, фасцияға жасалатын операциялар.
4. Жүйке жүйелеріне жасалатын операциялар.
5. Теріге жасалатын операциялар.
СҮЙЕККЕ ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
Қазіргі уақытта операция арқылы емдеу сүйек сынғанда, не оның
асқынғанында және де ортопедиялық ауруларды емдегенде кең түрде
қолданылады.
Мұндай операцияларға жататындар:
1. Остеоклазия - жабық түрде сүйекті сындырып оның қисықтығын
түзету.
2. Остеотомия - сүйекті қақ бөлу. Бұл операциямен сүйектің қисайғанын
түзетеді немесе сүйекті үзартады.
3. Сүйекті жамау, көшіріп қондыру. Бұл операция сүйектің ұзын
бойындағы кемістік жерлерін толықтыру үшін, сынған сүйектерді жамау
20
үшін, туа біткен сүйектердің кемістігін толықтыру үшін және жалған
буыңдарды емдеу үшін қолданылады.
4.Остеосинтез - сынған сүйектерді бір-бірімен жалғап, шегелеу. Бұл
үшін темірден, адам және ірі қара мал сүйегінен, керамикадан тағы басқа
заттардан жасалған жалғағыштар қолданылады. Кейінгі кезде өте үлкен
ынтамен темір пластинкаларын тартуға және қысуға арналған Илизаровтың,
Калнберздің, Сиваштың, Цхайдың тағы да басқа авторлардың аппараттары
қолданылады.
5. Сүйекке резекция жасау (резекция - мүше бөлігін кесіп алу). Мұндай
операция сүйек шірігенде, ісік зардабы пайда болғанда, не сүйекті
қысқартқанда, не пластикалық операция жасағанда қолданылады.
6. Ампутация - ауырған не жарақаттанған мүшені кесіп алып тастау.
Трепанация (экскохлеация) - сүйектің қуыстарын ашу. Бұл
операцияларды сүйектердің шіріген бөлшектерін, сүйек ішіндегі іріңдерді
және ісіктерді алып тастау үшін қолданады.
БУЫНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бұл топтарға мынадай операциялар жатады:
1. Артротомия - буынның қапшығын ашу, кейде бұл операция өз алдына
буын ішінде қандай ауру барлығын анықтау үшін жасалады, тағы да буынға
жиналған іріңді шығару үшін және буын ішіндегі бөтен заттарды алып тас-
тау үшін де жасалады.
2. Синовэктомия - буынның ішкі қапшығын кесіп алып тастау (сылып
алу).
3. Буын қапшық сіңірлерін қалпына келтіру (пластика). Бұл операция
буынның қапшықтары мен сіңірлері зақымдалып, не үзіліп, не жыртылып
қалғанда, не болмаса басқа аурулардың салдарынан буын қапшығы мен
сіңірдің босаңсуын қалпына келтіру үшін жасалады.
4. Буынның қозғалатын ұш жағын кесіп алып тастау (резекция сустава).
Бұл операция сүйектің жоғарғы не төменгі ұш жағыауруға ұшырағанда
жасалады. Кесіп алып тастау толық және жарым-жартылай болып, буын іші
арқылы және буынсырты арқылы жасалатын болып бөлінеді.
5. Артролиз, артропластика. Артролиз дегеніміз қозғалмай қалған
буынды босаңсыту болады. Артропластика - жасанды буын құру. Екі
операцияның екеуі де қозғалыссыз қалғанбуынның қозғалысын қалпына
келтіреді.
6. Буынды жапсыру - буындар патологиялық әртүрлі аурулармен
ауырғанда немесе көп бөлшекті болып сынғанда басқа буынмен жапсыру,
ауыстыру.
7. Артродез - ауырған, зақымданған буындарды жасанды түрде
қозғалмайтын етіп бекітіп тастау.
21
БҰЛШЫҚЕТКЕ, СІҢІРГЕ ЖӘНЕ ФАСЦИЯҒА
ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
Миолиз және тенолиз - бұлшық ет пен сіңірді тыртық болып
жабысқан жерден босату.
Миотомия және тенотомия - бұлшық ет пен сіңірді фасцияны кесу
(тілу) оның бүрісіп қалып буын қозғалысын баяулатқанда жасалатын
операция.
Сіңірді ұзарту, сіңір мен бұлшық етті басқа тінмен орнын ауыстыру,
сіңірді, бұлшық етті қысқарту.
Тенодез - сіңірді фасцияға немесе басқа тінге жалғау.
Туа пайда болған нерв-бұлшық еттің ауруларында сіңір мен бұлшық
ет ұштарын басқа жерге бекітіп қысқарту.
Сынықтарды емдеуде көп жылдар бойына жиналған тәжірибенің
арқасында сүйек сынықтарын оперативтік әдіспен емдеу кең өріс алып отыр
және бұл әдіс дұрыс қолданыла алса, көп әдістердің ішіндегі тәуірі болып
есептеледі.
ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА КӨРСЕТКІШТЕР
Сүйек сынғанда операция мына төменгі жағдайларда жасалуға тиісті:
1. Сынған сүйектің ортасында бұлшықет немесе жүйке тамыры, қан
тамыры ілініп қалса.
2. Сүйек үзіліп сынғанда және бір-бірінен қашықтыгы 1,5-2 см. алшақ
тұрса (шынтақ өсіндегі, тізе ұршығы).
3.Сынған сүйектің бір жақ ұшы теріні тесіп шығу қаупі туса.
4. Сынған сүйекті орнына салғаннан кейін толығымен сүйек сынықтары
өскенше ұстап тұруға мүмкіншілік болмаса.
5. Сынық уақытында емделмей, сүйек сынықтары дұрыс бітпегенде
және жалған буын болғанда.
6. Кәрі адамдардың ортан жілігі мойнынан сынғанда.
7. Сүйек жаңқаланып сынып жаңқа сүйектің өстік бойына көлденең
тұрса
ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР
Операция мынадай жағдайларда жасалмайды:
1. Аурудың жалпы денсаулығы нашар болғанда (жүрек-қан тамыр
кемдігі,инфекциялық ауру).
2. Терісінде іріңдеген ауру болса.
3. Алжыған кәрі адамдар.
4. Гемофилия ауруында
Қазіргі заманда кәрі адамдардың ортан жілігінің мойны сынғанда,
операция жасап емдеу оларға бірден-бір шипа болады: себебі, операциядан
кейін ауруды отырғызып, жүргізуге мүмкіншілік туады, әртүрлі
асқынулардан аман сақтап қалуға болады.
22
Жас балалардың қол-аяғы сынғанда операция жасауға рұқсат етілу аз
болады, себебі оларды консервативтік әдіспен емдеуге болады және
балалардың сүйектерінің бір-бірімен өсуі үлкендерге қарағанда екі есе тез
болады.
СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫН ЖАЛҒАП БЕКІТУ ТӘСІЛДЕРІ
Оперативтік әдіспен сүйек сынықтарын жалғау үшін мынадай металды
заттар қолданылады: стержендер, шегелер, винттер, пластинкалар,
шуруптар, спицалар, сымдар, темір ленталары. Темірден басқа сүйектен
(адамның, ірі қара малдың) жасалған трансплантаттар, кетгут, жібек жіптер,
пластмассадан жасалған қатайтқыштар және тағы басқалары.
Травматология мен ортопедияның кейінгі 30 жылдағы жетістігі сүйек
сынықтарын жалғауға не сүйектерді ұзартуға, тартуға, қысуға арналған.
Илизаровтың аппараты және соған ұқсаған басқа да ғалымдардың
аппараттары (Гудушаури, Сиваш, Калнберз т.б.) кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |