Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


СҮЙЕКТЕРДІҢ СЫНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫЕМДЕУ



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


СҮЙЕКТЕРДІҢ СЫНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫЕМДЕУ 
Сынық  дегеніміз  түскен  дөрекі  күштің  әсерінен  сүйектің  бүтіндігі 
бұзылып, сүйектің жан-жағындағы жұмсақ тіндердің бұзылуы. 
Егерде  сүйек  сынғанда  толығымен  ажырасып  кетпей,  бір-бірімен 
байланысты болса оны жарық (жарылып сыну) деп атайды. 
Сүйектің  сынығы  сыртқы  ауамен  қатынасының  бар-жоғына  қарай  екі 
түрге бөлінеді:  

 Ашық;  

 Жабық. 
Ашық  сынық  дегеніміз  сүйек  сынған  тұста  тері  зақымданып  жара 
болады,  ал  жабық  сынықта  тері  зақымданбайды.  Ашық  сынық  болғанда 
жара арқылы денеге микробтардың кіріп өніп-өсуіне мүмкіндік  қаупі туады 
да  жара  іріңдеуі  мүмкін.  Сондықтан  бірінші  дәрігерлік  көмектен  бастап 
келешектегі сүйекті емдеу мақсаты жараға түскен микробтардың өсіп-өнуіне 
жол бермеу болып есептеледі. 
Бұл  үшін  уақытында  және  дұрыс  ғылыми  түрде  жасалған  бірінші 
хирургиялық жараны тазартудың мәні зор болады. 
Ашық  сынықтарды  емдеудің  жалпы  мақсаты  жабық  сыныққа 
айналдырып, қосымша сүйек өсуге бар мүмкіндікті жасау болып есептеледі. 
Сүйектің ұзын бойының қай жерінің  сынуына байланысты сынық 
мынадай болып бөлінеді: 
а) диафиздік (сүйектің ортаңғы деңгейінде); 
б) метафиздік (сүйектің кемікті жерлері); 
в) эпифиздік (сүйектердің ең шет жақтары, буын құрайтын ұштары). 
Егерде  сынық  буын  қапшығының  ішінде  болса,  ол  буынішілік  сынық 
деп аталады. 
Егер  сынық  эпифиздік  шеміршек  арқылы  өтсе  оны  эпифизиолиз  деп 
атайды. Мұндай сынық тек балаларда ғана болады. Егерде сүйектің сынуына 

23 
 
сүйектің туберкулезі, сүйек шіруі (остеомиелит), сүйек ісігі себеп болса, оны 
патологиялық сынық деп атайды. 
Балалар  сүйегінің  жұмсақтығынан  сүйек  толығымен  сынбай,  майысып 
сынады  (тал  шыбық  тәрізді),  бұл  жағдайды  сүйек  қабығының  астындағы 
сынық деп атайды. 
Барлық  сынықтар  орнынан  ығысып,не  орнынан  ығыспайсыну  болып 
екіге бөлінеді. 
Сүйектің орнынан ығысуын негізінен төрт түрі бар (7,8- суреттер). 
 
•  .- '     .'}%р 
1. Көлденең деңгей (а) 
2. Бұрышталып ығысу (б) 
3. Өстік бойымен (в) 
4. Қиғаш көлденең деңгейде және ұзына бойына ығысу (г) 
5. Бұралып сынып бұралып ығысу (д) 
 
 
7-сурет. Сынған сүйектің орнынан таюының негізгі түрлері:  
а) Көлденең деңгей; б) Бұрышталып ығысу; в) өсіне карай; 
г) Қиғаш көлденең деңгейде және ұзына бойына ығысу;  
д) Бұралып сынып бұралып ығысу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
8- сурет а) көлденең қиғаш; б) көлденең; в) бұралып сыну;  
г) жаңқаланып Богораз тәрізді сыну; д) шаншылып сыну; 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Қандай  сүйек  сынса  да  оған  тән  жалпы  мынадай  аурудың  белгілері 
(симптомдары) болады: 
1. Ісіктің пайда болуы; 
2. Сынған жеріауырады; 
3. Сынған аяқ-қолдың бөлігінің қызметінің бұзылуы; 
4. Сынған жердің пішінінің өзгеруі; 
5. Диафиздің сынған жерінде қозғалыстың пайда болуы (патологиялық ); 
6. Сынған жердс шықырлау пайда болуы; 

24 
 
7. Аяқ-қолдың ұзындығының қысқаруы; 
Жарақаттанған  адамға  толық  диагноз  қою  үшінз  ақымдалған  сүйекті 
рентген  арқылы  екі  бағытта  тексеру  керек.  Рентгендік  тексеру  тек  диагноз 
қою үшін емес, ол емдеу барысында сүйектің қосылған жерінде сүйек өсуін, 
бітуін  анықтау  үшін  де  керек.  Адамның  сүйегі  сынғанда  қосымша  әрқашан 
бұлшық  еті,  шандыр(фасция),  үлкенді-кішілі  нерв  талшықтары  мен  қан 
тамырлары  да  жарақаттанады.  Осы  жарақаттарға  адам  организмі 
қорғанышты  және  зақымданған  жерлерді  бұрынғы  қалпына  келтіру 
мақсатымен  жауап  береді.  Сүйек  сынығының  жақсы  бітіп  өсуіне 
организмнің  аса  маңызды  жауаптарының  бірі  сүйектің  өсу  регенерациясы 
болып есептеледі. Сондықтан да емдеу шараларының мақсаты - зақымдалған 
органдардың  және  оның  қызметін  орнына  келтіру  мақсатымен  ішкі  және 
сыртқы биологиялық процестерді дұрыс қалыптастыруға қолайлы жағдайлар 
жасалу керек. 
Қазіргі  уақытта  сынған  сүйектерді  емдеудің  негізінен  қалыптасқан  үш 
әдісі бар: 
1.  Бекіту  әдісі  -  сүйектің  сынып,  оның  сынықтарының  орнынан   
тайғандарын    қолмен    тартып    орнына    түсіргеннен  кейін  гипс  таңғышпен 
бекіту. 
2.  Экстензиялық  әдіс  -  сынған  сүйекті  орнына  салып  және  орнына 
түскен күйінде ұзақ ұстап тұру үшін қолданылатын үздіксіз тарту әдісі. 
3. Оперативтік әдіс - ауруға операция жасап сынған сүйекті орнына салу 
және  орнына  түскен  сүйектерді  бір-бірімен  жалғастыру  үшін  әртүрлі 
темірден  жасалган  стержендер,  сымдар,  балкалар,  пластинкалар,  адам  не 
малсүйегінен жасалған трасплантаттар және тағы басқалары. 
Сынықты  ұтымды  емдеу  жолында  төмендегідей  негізгі  принциптерді 
алга ұстаған жөн. 
1. Сүйегі сынған ауруды емдеу шұғыл хирургия ретінде болу керек. 
Сынған  сүйектердің  арасына  түсіп  бұлшықеттердің  қысылуынан  және 
зақымдалуынан  қан  тамырларының  жұмысы  нашарлауына  байланысты 
сынықтан төменгі жерде қайтымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Егерде сынған 
сүйекті  жылдам  орнына  салу  алғашқы  уақытта  еш  қиындықсыз  оңай 
салынса, уақыт өткен сайын сынған сүйекті қалпына келтіріп орнына түсіру 
қиындыққа  соғады.  Себебі,  аяқтың  сынған  жерінің  ісігі  ұлғаяды, 
бұлшықеттердің  қатайып  тартылуы  күшейеді.  Уақыт  көп  өткен  сайын 
сынықты орнына салу қиындайды, кейде тек операция жасап қана сынықты 
орнына түсіруге болады. 
Сондықтан  да  уақытында  орнына  жақсылап  түсірілген  сүйек 
сынықтарының бір-бірімен өсіп жетілуіне мүмкіндік туады. 
2.  Сүйек  сынықтарын  онына  салу  үшін  бұлшықеттің  қатаюын  және 
өзара әрекетін еске алу қажет. 
Ауырсыну-сүйек  сынғанда  сөзсіз  болады  да,  бұлшықеттердің 
рефлекторлық  қатаюына  әкеп  соғып,  сүйек  сынықтарының  бір-бірімен 
ажырасуын  ұлғайтады  да  сол  күйінде  тұрақты  қалдырады.  Сондықтан  да 

25 
 
ауырған  жердің  жанын  келтіруге  және  бұлшықеттің  қатаюымен  күресуге 
үлкен  маңыз  берген  жөн.  Түрлі  ауруды  жансыздандыру  әдістерінің  ішінде 
кең көлемде қолданылатын жалпылай (эфирлік наркоз) және ауырған жердің 
жанын  кетіру  (жергілікті  жансыздандыру,  өткізгішті  блокада,  сүйек  іші 
арқылы  жансыздандыру,  жұлын  арқылы  жансыздандыру  және  басқалары). 
Жалпылай наркоз бергенде, не басқа түрлі жансыздандырғанда бұлшықеттің 
қатайғаны  толығымен  не  шамалап  азаяды  да,  сүйек  сынықтарын  орнына 
салуға  мүмкіншілік  пайда  болады.  Кейінгі  кездерде  ет  қатаюы  толығымен 
босамаса қосымша кураре түрлі дәрі (релаксанттар) қолданылады. 
Бұлшықетті  босаңсыту  үшін  аяқты  не  қолды  буындарынан  бүгу  керек 
(ортофизиологиялық  жағдай).  Бұл  жағдайда  бірімен  бірі  күштері  қарсы 
бұлшықеттерінің  (мышцы  антагониста)  күштері  теңесіп  сүйек  сынықтарын 
орнына түсіруге мүмкіндік болады. 
Сүйек сынықтарын орнына салу үшін әртүрлі әдістер қолданылады: 
1.Бір мезгілді қолмен тарту. 
2.Сүйек арқылы қаңқа тартып біртіндеп орнына салу. 
3.Операциялық жолмен бекіту. 
Жаңа  сынған  сүйектерді  орнына  салу  үлкен  қиындық  тудырмайды. 
Қиындық  орнына  салынған  сүйек  сынықтарын  бір  қалыпта,  әбден  сүйек 
біткенше  ұстап  тұру  болып  табылады.  Жоғарыда  айтылғандай,  сүйек 
сынықтарын  орнына  түскен  күйінде  ұстап  тұру  үшін  мынадай  әдістер 
қолданылады: 
1. Гипстік таңғыш. 2. Үздіксіз тарту. 3. Операция жасап бекіту. 
Сынған  сүйекті  орнына  салғаннан  кейін  қандай  әдіспен  бекітілсе  де 
бекітілген сынық толығымен сүйек біткенше ұсталу керек. Көп уақыт сынған 
аяқты,  не  қолды  таңғыштармен  қатырып  тастаса  бұлшықеттер  семіп  қалу 
және  буындардың  қозғалысы  нашарлау  қаупі  туады.  Сондықтан  да  сынған 
сүйекті  емдеу  әрқашан  функционалдық  болуы  қажет.  Бұлшық  еттердің 
солып қалуын болдырмау үшін гипстік бекіткішпен жүргенде бекітілген аяқ 
қолдардың  еттерін  ұдайы  жиырып,    босатып  отыруды  үйрету  керек. 
Әрқашан есте болатын жағдай: аяқ сынығын емдегенде алдымен оның тіреу 
қабілетін  қалпына  келтіру  болса,  қолды  емдегенде  оның  толық  қозғалысын 
қалпына келтіруді мақсат ету қажет. 
 
АШЫҚ СЫНЫҚТАРДЫ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ 
 
Терісі зақымдалып сүйек сынған жағдайда оны ашық сынық деп атайды. 
Ашық  сынық  қозғалыс-тірек  аппараттары  зақымдалуының  ең  күрделі  және 
ауыр  түрлері  болып  есептеледі.  Себебі,  ашық сынық болғанда  бұлшықеттер 
езіліп,  мыжғыланады  да,  осы  жара  арқылы  түскен  микробтар  өсіп-өнуге 
мүмкіндік  алып  сынған  сүйектің  және  зақымдалған  бұлшықеттердің  бітуіне 
үлкен қиындық тудырады.  
Ашық  сынықтың  симптомдары  (белгілері)  жабық  сынықтардыкіндей 
болады. 

26 
 
Ашық  сынықтың  келешектегі  жазылу  нәтижесіне  бірінші  көрсетілген 
дәрігерлік көмектің мәні өте зор. Ашық сынық болғанда жараны таңу қажет. 
Егер  қан  кеткендей  болса  оны  тоқтату  үшін  бұрау  (жгут)  салу  керек  және 
сынықты  бекіту  үшін  аяққа  не  қолға  таңғыш  салынады.  Бірінші  дәрігерлік 
көмек көрсеткенде жарақаттанған адамға сіреспеге қарсы сарысу егіледі. 
Егерде  жарақаттанған  адам  шок  күйінде  болса  оған  шоққа  қарсы  ем 
жасалады  да,  шоктан  шығарылғаннан  соң  сынған  жерін  рентгенде  екі 
қалыпта  жасап,  ауруды  операциялық  бөлмеге  апарып  бірінші  хирургиялық 
тазарту жасалады. 
Жарақаттарды бірінші хирургиялық жолмен тазартудың негізгі мақсаты 
-  жарақаттың  өлі  еттенген  және  жансызданған  жұмсақ  тіндерін  (бұлшықет, 
апоневроз, тері асты май қабатытағы басқалары) аяқ-қолдың бұдан былайғы 
қызметіне  нұқсан  келтірмейтіндей  етіп  мүмкіндігінше  толық  сылып  алып 
тастау,  ашық  жараны  жабыққа,  ашық  сынықты  жабық  сыныққа  айналдыру 
және де микробтардың өсіп-өнуіне мүмкіншілік бермеу болып есептеледі. 
 
ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН АЛҒАШ ТАЗАРТУ ТЕХНИКАСЫ 
Алғашқы хирургиялық өңдеу үш түрге бөлінеді: 
1. Бірінші хирургиялық өңдеу. 
2. Бірінші рет қалдырылып барып жасалынатын өңдеу 
3. Кеш  хирургиялық  өңдеу:  екі  кезеңге  бөлінеді.  Жара  алғаннан  кейін 
бірінші реттік жүргізілетін өңдеуді бірінші реттік өңдеу деп атайды.  
Ал  екінші  реттік,  ол  жарада  екінші  реттік  асқыну  өзгерістері  болса 
екінші реттік көрсеткіш бойынша жасалатын өңдеу.  
Орындау  уақытына  байланысты  ерте,  қалдырылып  барып  жасалатын 
өңдеу және кеш жүргізілетін хирургиялық өңдеу.  
Ерте  хирургиялық  өңдеу  дегеніміз  ол  жара  алғаннан  кейін  24  сағат 
ішінде  жарада  инфекция  дамымай  тұрғанда  жүргізілетін  өңдеу.  Ол  жарада 
инфекция дамуының алдын алады.  
Қалдырылып барып жүргізілетін өңдеу жара алғаннан кейін алғашқы екі 
тәулік  ішінде  жүргізіледі.  Бірақта  тасымалдау  кезеңдерінде  жара  маңына 
міндетті түрде антибиотик енгізу керек.  
Кеш  жүргізілетін  өңдеу    жара  алғаннан  кейін  48  сағат  өткеннен  кейін 
жарада инфекциялық асқыныс дамыған жағдайда жасалатын өңдеу. 
Хирургиялық  тазарту  дегеніміз-  зақымданған  тіндерді  кесіп-жару 
және  кесіп  алып  тастау,  жарақаттарды  құрғату,  сонан  соң  зақымданған  аяқ-
қолды 
иммобилизациялау 
болып 
табылады. 
Тазарту 
жарақаттың 
шеттеріндегі  теріні  кесіп-жарудан  және  кесіп  алып  тастаудан  басталады. 
Олардан  ұйыған  қанды,  бөтен  заттарды,  тіндердің  бос  жатқан  үзіктерін, 
сүйек  жарықшақтарын  алып  тастайды.  Сонан  соң  зақымданудың  нақты 
мөлшері  мен  ауырлығын  анықтау  үшін  жарақатты  мұқият  тексеріп  шығады. 
Егер жарақаттың жан-жағы мен түбін қарау қиындық келтірсе, тері жарақаты 
кеңейтілуге, апоневроз қосымша жарып-кесілуге тиіс. 

27 
 
Жарақаттарды  хирургиялық  жолмен  алғаш  тазартудың  ең  қиын  да 
жауапты  кезеңі  -  бұлшықеттің  өмірге  қабілетсіз  және  қалайда  некрозға 
ұшырайтын  жерлерін  мүмкіндігінше  көбірек  кесіп  алып  тастау  болып 
табылады.  Өмірге  қабілетсіз  бұлшықеттің  түсі  солғын  келеді,  қанамайды, 
пинцетпен  немесе  басқа  бір  құралмен  түртсеңіз  жиырылмайды.  Бұлшықетті 
тазарту  процесінде  ыстық  физиологиялық  ерітіндісі  бар  компрестерді 
пайдаланған  жөн,  олар  бұлшықеттің  өмірге  қабілеттілігін дәлірек  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Шандырдың  (апоневроздың)  жарақаттанған  жерін  кесіп  алып  тастайды, 
оның  көлемі  зақымдану  дәрежесіне  байланысты  болады.  Зақымданған  ұсақ 
тамырларды түйеді, зақымданған магистральді тамырларды да түйеді немесе 
тамырларды тігу арқылы олардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. 
Сүйек ашық сынған кезде жұмсақ тіндерді тазартумен бірге зақымданған 
сүйектерді  де  тазарту  қажет.  Зақымданған  сүйек  фрагменттерінің  қатты 
кірлеген  жерін,  ластанған  ұсақ  сүйек  жарықшақтарын  тістеуіктермен  немесе 
қашаумен  алып  тастайды.  Сүйектердің  орташа  және  ірі,  тіпті  бос  жатқан 
сынықтарын  сақтап  қалу  керек.  Оларды  тазарту,  зарарсыздандыру 
антисептика  немесе  антибиотиктер  ертіндісіне  батырып  алу  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Жұмсақ  тіндер  жарақаты  тазартылып  зарарсыздандырылғаннан 
кейін  олар  өз  орындарына  салынуға  тиіс.  Ірі  жарықшақтарды  алып  тастау, 
әсіресе  бөліктерді  резекциялау  сүйек  ақаулығына  әкеліп  соқтыруы  мүмкін. 
Сүйек  резекциясының  көп  болуы  жарақаттың  асқынуын  тоқтата  алмайды, 
бірақ әдетте сынықтың бітпеуіне себеп болады. 
Алғашқы  тігісті  жарақаттың  шеті  мен  түбін  түбегейлі  кескеннен  кейін 
онда  ластанған,  өмірге  қабілетсіз  тіндер  мен  бөтен  заттар  қалмаған  кезде 
және  магистральді  қан  тамырлары  зақымданбаған  жағдайда  әрі  дәл  осы 
кезеңде зардап шегушілерді ең дегенде 7-8 күндей қарауға мүмкіндік болған 
жағдайда рұқсат етіледі. 
Қатты соғылып, мылжаланған жарақаттар кезінде бұларды хирургиялық 
алғашқы  тазартудан  кейін  тікпейді,  жетекші  сирек  тігістер  салып, 
жарақаттың  бұрыштарына  дренаж  енгізеді.  Жарақатты  дренаждау  жұқа 
резеңкенің  тіліктерімен  немесе  ұшында  тесіктері  бар  силикон  түтікшелер 
арқылы  жасалуы  мүмкін.  Дренажды  батыл  қолданған  жағдайда  жақсы 
нәтижеге жетуге болады. 
Егер  алғашқы  хирургиялық  көмек  жеткілікті  түрде  және  тиянақты 
жүргізілмесе, жарақат ашық қалдырылуға тиіс. 
 
СҮЙЕККЕ АЛҒАШҚЫ ШЕГЕЛЕУ (ОСТЕОСИНТЕЗ) ЖАСАУДЫҢ 
КӨРСЕТКІШТЕРІМЕН ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ 
Ашық  сынықтарды  алғашқы  хирургиялық  жолмен  тазартудан  өткізіп 
жатқан  сәтте  металл  конструкцияларымен  остеосинтез  жасауға  болатын 
болмайтынын  және  оның  қажеттігі  туралы  мәселені  шешіп  алу  керек. 
Батырылған металл конструкцияларымен алғашқы остеосинтезді зақымдану 
аймағы үлкен емес  (сан жілігі сынған жағдайдан басқа уақытта) ауруларды 

28 
 
алғашқы  хирургиялық  жолмен  тазартудан  мұқият  өткізгеннен  кейін  ғана 
жасалады. 
Ортан  жілік  көлденең  және  кесе-көлденең  сынған  жағдайда, 
жарықшақтарды  қозғалтпай  тастау  үшін  сүйек  ішіне  жуан  металл  штифт 
енгізу  арқылы,  қиғаш  сынықтар  кезінде  деторсиялы-компрессиялы 
пластинкалар мен винттерді крест тәрізді салып остеосинтез жасалады. 
Ортан  жілікті  жарықшақтана  сынған  жағдайда  батырылған  металл 
конструкцияларымен остеосинтез жасалмайды. Жағдайға қарай сүйеккеқаңқа 
тарту  жақсы  нәтиже  береді.  Егер  ауруларды  көшіру  керек  болса,  биік  етіп 
кокситтік гипс салу керек. 
Шынтақ  сүйектеріне  остеосинтезді  металл  штифтімен,  ал  кәрі  жілікке 
деторсиялы-компрессиялы пластинкамен жасауға болады. 
Иықтың,  балтыр  сүйегінің  ашық  сынықтарына  мамандандырылған 
көмек  кезінде  қазіргі  дистракциялы-компрессиялы  аппараттармен  сынықтан 
тыс компрессиялық остеосинтез жасалуы мүмкін. 
Зақымданған  аяқ-қолдың  гемодинамика  жағдайын  төмендетпейтін 
батырылған  металл  конструкцияларын  (винттер,  контрагайкалы  болттар, 
тіреуішті  спицалар)  жарақаттантыс  сүйекаралық  фиксацияға  қосып 
пайдаланатын аралас тәсілдер де бар. 
Балтыр сүйектері бұлшықеттерінің көп бөлігі соғылып және жаншылып 
сынған  кезде  батырылған  шомбал  металл  конструкцияларын  пайдалану 
көрсетілмеген,  өйткені  оларды  пайдалану  сүйек  үстінің  кең  көлемде 
қыртыстануын  немесе  кеміктің  шіруі  есебінен  сынық  деңгейіндегі  қан 
айналысын  нашарлатады.  Мұның  өзі  сынықтан  кейінгі  асқынудың  жиілігін 
арттырады, сынықтардың бітуін баяулатады. 
Сынған  сүйек  орнынан  жылжымағанда  және  сынық  бір  жерде  ғана 
болған  кезде  жарақатқа  "терезелі"  немесе  жай  тілігі  бар  циркулярлы  гипсті 
таңғыштармен емдеуге болады. 
Жұмсақ  тіндердің  жарақатында  алғашқы  хирургиялық  тазартудан 
өткізгеннен  кейін  зақымданған  аяқ-қолдың  қозғалмауын  қамтамасыз  ететін 
гипсті  лонгет  немесе  жартылай  жұмсақ  (пластмассалы)  модельдендірілген 
жақтау салса да жетеді. 
Сөйтіп  алғашқы  хирургиялық  тазарту  мен  одан  кейін  жүргізілетін 
емдердің ішіне ең қысқа мерзімде зақымданған органдардың анатомиясы мен 
функциясын  қалпына  келтіруге  мүмкіндік  беретін  хирургиялық  тәсілдер  де 
кіреді. 
 
КӨЛІКТІК ТАСЫМАЛДАУ 
"Иммобилизация"  деген  сөз  "қимылсыздық"  болып  есептеледі  де 
жарақаттанған  сүйекті  не  дененің  басқа  жерлеріне  тыныштық  беру 
мақсатында  қолданылады.  Сүйек  сынғанда,  буын,  жүйке,  қан  тамырлары 
зақымдалғанда  және  жұмсақ  тіндер  жаншылғанда,  зақымдалған  жерге 
тыныштық  жасау  үшін,  жарақаттық  шоктің  алдын  алу  үшін  иммобилизация 
жасайды.  

29 
 
Иммобилизация екі түрге бөлінеді: көліктік және емдік. 
Көліктік  иммобилизация  жарақатталған  адамды  жарақат  алған  жерден 
ауруханаға  дейін  жеткізу  үшін  қажет.  Ол  үшін  арнайы  және  қолдағы  бар 
заттардан  жасалған  таңғыштар  қолданылады.  Көліктік  таңғыштар  бекітуші 
және бекіте тартушы болып екіге бөлінеді. 
Бекітуші  таңғыштарға  жататындары:  фанерадан,  ағаштан,  картоннан, 
сым сатыдан, тақтайдан тағы да басқа қолда бар заттардан жасалады. 
Бекіте  тартушы  таңғышқа  жататындары:  Томс-Виноградов  және 
Дитерихс таңғыштары. Бұл үшін кейде уақытша гипс те қолданылады. 
Көліктік  иммоболизацияның  негізгі  принциптері  мынадай  болу 
керек: 

 Таңғыш міндетті түрде екі не үш буынды қамтуыкерек. 

 Сынған  жерді  толық  бекітпей  тұрып  аяқты  не  қолды  өз  өсі  бойынша 
аздап тарту керек. 

 Егер  ашық  сынық  болса  сынған  сүйектің  ұшын  жұмсақ  тінішіне 
кіргізбей,  жараны  ақ  сүлгімен  жауып  байлағаннан  кейін  аяқ  не  қол  қалай 
жатса сол қалыпта таңғышпен бекіту керек. 

 Аяқ-қолды таңарда киімді шешпейді. 

 Тақтайдан  жасалған  таңғыш  салғанда  сүйектіңшығыңқы  бұдырына 
тері мен таңғыш ортасына мақта не жұмсақ мата салыну керек. 

 Әрқашан  есте  болу  керек,  дұрыс  салынбаған  таңғыш  ауруға  көмек 
бермей, зиянды болуы мүмкін. 
Мойын омыртқасы зақымдалғанда Еланскийдің таңғышын пайдаланады 
(9-сурет). Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация (10-сурет). 
 
 
9 сурет. Еланский таңғышы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Кеуде және бел омыртқалар зақымдалғанда жұлынғада зақымдалу қаупі 
туады.  сондықтан  да  ауруды  қатты  носилкага  шалқасынан,  ал  жұмсақ 
носилкага-етбетінен  4-5  адамның  көмегімен  жатқызады.  егерде  тек  қатты 
носилкаға  жатқызса:  -  етбетінен  жатса  -  кеуде  мен  басының  астына,  ал 
шалқасынан жатса - белінің тұсына жастық не бүктетілген киім салыну керек  
 

30 
 
  
 
10-сурет. Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация:  
а) етбетінен б) шалқасынан жатқан 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
ИЫҚ БОЙЫ СҮЙЕКТЕР ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ИММОБИЛИЗАЦИЯ 
ЖАСАУ 
Бұғана  мен  жауырын  сынғанда  негізгі  мақсат  иық  буынын  қозғалтпай 
бекіту  болып  саналады.  Ол  үшін  косынка,  арнайы  таңғыш  немесе  Дезо 
таңғыштарын қолдануға болады(11сурет). 
 
 
 
11 -сурет.Дезо таңғышы      
(цифралармен  бинттің таңылатын реті көрсетілген) 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Қол сүйектерінің сынығын транспорттық бекіту 
Тоқпан  жіліктің  жоғарғы  жағы  сынса  қолды  шынтақ  буынынан  бүгіп 
қолтық  астына  мақта-сүзгіден  жасалған  жастықша  тығып  үшкіл  орамалмен 
кеудеге таңып қояды. 
Тоқпан жіліктің ортасы сынса саты сияқты сымнан жасалған таңғышпен 
таңылады (12 сурет). 

31 
 
 
12 сурет. Сым-саты сияқты таңғышпен білек сүйек сынықтарын бекіту; 
а)таңғышты дайындау; б) таңгышты салу; в) таңгышты бинтпен бекіту; 
г) колды үшкіл орамалмен мойынга іліп кою 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Білек сүйектерінің сынуы. Білек сүйектері сынғанда шынтақ буыны мен 
білезік  буындарын  бекіту  қажет.  Ол  үшін  қолды  шынтақ  буыннан  бүгіп 
таңғышты  қолдың  сырт  жағынан  байлау  керек.  Саусақты  супинация  мен 
пронацияның орташа қалпында орналастырады. 
Жамбас сүйектерінің сынықтарын иммобилизациялау  өте қиын болады. 
Сондықтан  ауруды  қатты  зембілге(носилкаға)  шалқасынан  жатқызады,  екі 
аяғын  тізесінен  бүгіп  оның  астына  киімнен  не  жұмсақ  заттан  валик  салады. 
Мұндай  жағдай  жамбас-аяқ  бұлшықеттері  жұмсарып  сынған  сүйектердің 
ауырғанын азайтады (13сурет). 
 
13 сурет.  Жамбас сүйектері сынганда транспорттык иммобилизациялау 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизациялау. Аяқ сынықтарын көліктік 
иммобилизация жасау үшін үш буынды: жамбас-сан, тізе және балтыр-табан 
буындарын  бекіту  керек.  Сондықтан  таңғыштың  бір  ұшы  қолтықтан 
басталып табанға дейін жетуі керек. 

32 
 
Дитерихс  таңғышымен  бекіту.  Дитерихс  таңғышы  сан  және  балтыр 
сүйектерінің қай жері сынса да жарамды. Таңғыш екі жылжымалы ұзындығы 
әртүрлі ағаш планкалардан (ұзыны 1м 71 см., қысқасы 1м 46 см.), көлденеңі 
8см, табан бөлімшесі және бұрағыштан тұрады  (14сурет). 
 
14-сурет. Дитерихс шинасын салу. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ұзын  планканы  аяқ  пен  дененің  сыртынан  салады,  оның  бір  ұшы 
қолтыққа тіреліп тұру қажет, қысқасын – аяқтыңіш жағына салады. 
Ең  алдымен  табаншаны  табанға  байлайды,  содан  кейінекі  планканы 
орналастырып  белбеумен  бекітеді.  Сым  саты  сияқты  таңғышпен 
мобилизациялау.  
Сымсаты  сияқты  таңғышпен  сан  сүйегінің  сынығын  бекіту  үшінүш 
таңғыш алады: екеуін біріктіріп қолтықтан табанға дейін, ал үшіншісін бөксе 
қатпарынан  аяқтың  артқыжағынан  саусақтарына  дейін,  ал  төртінші  таңғыш 
болсашаттан  аяқтың  ішкі  жағынан  табанға  дейін  салған  жөн  болады 
(15сурет). 
Егер арнайы таңғыштар немесе таңғыштар орнына қолданылатын басқа 
да заттар (ағаш, тал, күрек сабы, фанера) болмай қалған күнде зақымдалған 
аяқты сау аяққа таңып қоюға болады. 
Балтыр  сүйектерінің  сынықтарын  иммобилизациялау  үшін  арнайы 
фанерлік, сым саты сияқты Дитерихс таңғыштары қолданылады. 
Балтыр  сынығын  бекіту  үшін  үш  сым  саты  таңғышы  қолданылады: 
біреуі балтыр мен санның артынан, ал қалған екеуі аяқтың ішкі және сыртқы 
жағына бинтпен бекітіледі (16сурет). 
 
 
15-сурет.Сансүйегі сынғанда сым-саты сияқты таңғышпен бекіту: 
а) сым-саты сияқты  таңғышты құрастыру; 
б) таңғышты ауруға салу. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

33 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет