Емдеу. Тыныс жолдары жарақаттанғанда тек қана операция көмек
береді. Кеудені артқы жанынан V қабырға арасымен ашқанда, осы тыныс
жолдары өте таяу тұрады. Кеудені ашқаннан кейін өкпенің сыртқы қабын
еппен кесіп ашу керек. Сонда өкпеаралық қуысты, тыныс жолдарын жақсы
көруге болады. Содан кейін ұйыган қанды алып тастап жыртылған жерді
табады да, қандай іс-қимыл істеу керек екендігін шешеді. Емнің мынадай
түрлерін істеу керек:
Жыртылған жерді жіппен тігу.
Жыртылған жердің айналасын еппен кесіп алып тегістеу, кейде
үшбұрыштапне дөңгелетіп кесіп алып тыныс түтік жолын ашу.
Осы кескен жерді біріне-бірін жамап тігу.
Өкпе бөлігін алып тастау, не өкпені тұтастай алу.
Операция үш түрге бөлінеді:
Жараланысымен оны бірден тігу.
Жараланғаннан кейін оны бірден тікпей біраз уақыттан кейін бір айға
толмай тігу.
Жарақаттанған кейін бір ай өткен соң кеш тігу. Тігу тәсілі: ең жақсы
тігу - шалып байлап тігу, ол үшін тыныс түтігінің барлық қабатын бірге
алып, жіптің ұшын сыртынан байлайды. Ең жақсы жіп ол хромдалған
ішектен жасалған жіптің №0 не 1, өйткені ол көп уақытқа 30-35 күнге дейін
86
жойылмай тұрады. Оған дейін тыныс шеміршектері түгелдей бітіп кетеді.
Тіккенде жіңішке дөңгелек ине қолдану керек. Егерде ішек болмаса жіңішке
жібек жіппен тігуге болады. Кеңірдекті, тыныс түтіктерін барлық
қабаттарымен ішкі жұқа қабығымен қоса алып тігу керек, жіптің ұшын
сыртынан иненің кірген тесігінің үстінен байлаған жөн.
Тіккен жіптердің арасы 1,5-2 мм-ден аспауы керек. Тігер алдында осы
тыныс түтіктерінің сыртынан екі-үш жерден жіңішке жібек жіппен тартып
ұстап тұрып тігеді. Ең әуелі бұрышынан бастау керек. Ең бірінші артқы
жағын тігу үшін инені түтіктің ішінен сыртқа қарай екі жағынан да өткізіп
алады.Ал оның ұштарын сыртынан байлау керек. Сондай-ақ жанын, содан
соң алдыңғы жағын тігу жеңілге түседі. Тіккен жердің үстін маңындағы
тіндермен өкпе қабынан аздап кесіп алып сонымен тігу керек. Егер өкпе
түгелдей жыртылса, онда оны осы жыртылған жерінен кесіп алып тастайды.
Есте болатын бір жағдай, ешқандай асығыстық жасап қан кетіп жатқан
жерді (қан тамыры, өкпе, не тыныс жолы болсын) қысқашпен қатты қысуға
болмайды. Ол өкпені, тыныс түтіктерін қосымша жарақаттайды. Сол жақ
өкпені алу тәсілі. Қан кетіп жатқан жерлерді еппен саусақпен қысып, қанды
тоқтатып, маңын құрғатып, тазалап алғаннан соң ғана жекелеп байлау керек.
Үстіңгі өкпе тамырын жоғарырақ ашып, содансоң төменгі өкпе тамырын
ашып, оны жалғасының арасынан бөліп шығарып алғаннан кейін ғана тыныс
түтігін /бронхты/ тігуге кіріседі. Тыныс түтігін жоғарырақ босатып барып
қана кеңірдектің екі айрылған /бөлінген/ жерінің тұсынан тігеді. Ол үшін
дәкемен жүрек қабын және байланған қан тамырларды бір жаққа қарай
итеріп ұстаған жөн. Тыныс жолының /түтіктің/ ұшын бір катар капрон
жіппен тігу керек, тыныс түтігін әуелі үстіңгі жағынан аздап кесіп, ал артқы
жағын неғұрлым ұзындау калдырады. Кескен жерді қолма-қол тігіп отырады.
Алдымен ол жерге йод жағып, 6-8 рет жіппен тігеді. Тігіп алганнан кейін
оның үстінен айналасындағы тіндермен жауып тігу керек. Содан кейін өкпе
қабы арасын жылы фурацилинмен толтырып, наркоз аппараттың қысымын
көтеріп тіккен жерде саңылау қалмағанын тексереді. Саңылау қалса онда ауа
сол жерде әлгі сұйықты көпіршітіп шығады. Онда тағы да жіппен тігіп бекіту
керек.
ЖҮРЕК ПЕНОНЫҢ ҚАБЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ
Көптеген деректерге қарағанда жарақаттың осы түрі 11-12% шамасында
кездеседі /Б.Д. Комаров 1972, Е.А. Вагнер 1981/.
Е. Дегта /1955/ бойынша жүрек жараланганда онымен қоса 70-95%
шамасында өкпе қабы, 17-42% өкпе, 5-10% кеуде аралық көк ет жараланады.
Ал бауыр, ұлтабар, асқазан, көк бауыр, бүйрек, жұлын барлығы небәрі 5%
шамасында жаралануы мүмкін.
Жаралардың мынадай жерде болғанында жүрек жарақаттануы мүмкін:
алдынан II – қабырға маңында, төменнен сол жақ қабырға етегі, оң төстің
жанында және асқазан манында болғанда.
Аурудың хал-жағдайын байқау қажет, ол абыржулы болса, түсі
бозарса, суықтер басса, өте сақ болу керек.
87
Қан кетуі, жүрек жараланғанда өкпе қабының арасына 2-2,5 литрге
дейін қан құйылады. Сыртқа қарай қан жай сыздықтап ағуы да мүмкін.
Жүрек қалтасының ішіне қан құйылуы. Онда көбінесе оң жақ жүрек
қабы және жұқа вена тамыры қысылады. Cayкезде оң жақ жүрек қабының
систолалыққысымы31-33ммсу.бағ.кейде27-81ммсу.бағ.
Ісжүзінде егерде жүрек қалтасына бірден 200 мл қан құйылса, аурудың
өліп кетуі мүмкін, ал егер қан біртіндеп толса,онда жүрекқабына 400-500мл
қан толуы және ауруда тампонада болмауы мүмкін. Бірден тампонада болса,
онда үш түрлі белгі болады: қан қысымы төмен түсіп кетеді, орталық көк
тамыр қысымы бірден жоғарылайды. Жүрек қағыс дыбысы төмендейді және
жүрек соғысы мен қан тамыр соғысы бірдей /парадоксальный пульс/
болмайды. Рентгенде жүрек суреті дөңгелек шар тәрізді болады. Аурудың
түсі бозғылт тартып көгілдірленеді, кейде сұрғылт болады. Дем алуы
жиілейді және терең болмайды, қан тамыр соғысы, демді ішке тартқанда
жоғалып кетеді /парадоксальный пульс/. Мойын қан тамырлары білеуленіп
(вздутие) тұрады. Осындай жағдайда ең бір дұрыс шешім табуға жүрек
қабына ине жіберіп көру тәсілі көмектеседі.
Мафан тәсілі: ауруды жартылай отырғызып, оған төс шеміршектің
орта астыңғы жағынан тері астына 0,25% новокаин ерітіндісін жіберіп, инені
астынан үстіне қарай 4см. тереңдікке батырып, содан кейін иненің ұшын
аздап артқа қарай /омыртқаға/ жылжытып барып жүрек қабына кіргізеді.
Пирогов тәсілі: инені төс сүйектің сол жағынан 4-ші, 5-ші
қабырғалар арасынан кіргізіп, содан кейін төс сүйектің артқы астына қарай
1,5-2 см. тереңдікке жібергенде жүректің алдыңғы жағынан оның қалтасына
кіргізеді.
Ларрей тәсілі: ауруды жартылай отырғызып, 7-ші қабырғаның
шеміршегі мен төс сүйектің қосылған жерінен инені 1,5-2 см тереңдікке
кіргізіп, содан кейін иненің ұшын жоғары қарай көтеріп кеуденің тікелей
бойымен тағы да 2-3 см терендікке жіберіп жүрек қалтасына кіргізеді.
Куршман тәсілі: инені 5-ші қабырға аралықтан, төс сүйектен солға
қарай 4-6см жерден инені көлбей ішке кіргізеді.
Міне, осы тәсілдерді әсірссе алғашқы жедел көмек үшін қолданады.
Жүрек жарасын тек қана операциямен емдейді. Ол үшін 2-5 қабырғалар
арасынан төс сүйектің сол жағынан қолтықтың артқы жақ бойына дейін кесу
керек. Ашып көргенде жүрек қабы керіліп тұрады. Көбінесе жүрек қабының
жарасы онша үлкен болмайды, сондықтан осы қапты тікелей 8-10 см-ге
дейін кесіп, содан кейін жүректің өзін қарау керек. Жүрек қабын кескенде
өтесақ болу қажет. Диафрагма жүйкесін кеспеу үшін осы жүйкенің алдыңғы,
не артқы жағынан 1см қашықтықтатікелей кесукерек. Содан кейін сол жақ
қолды жүрек қабының ішіне кіргізіп, жүректі алақанға алады, ал бармақ
жүректің алдыңғы жағына қойылады. Содан соң жүректің жарасын жібек
жіппен жүрек бұлшықетінің барлық қалындық бойымен, бірақ жүректің
ішіне кіргізбей тігеді. Ал, жүрекшенің жарасын барлық қабатымен тігу керек.
Жіпті жайлап тартып байлайды. Жара диафрагма жүйкесінің жанында
болса,онда жүрек қабына П-тәрізді етіп тігеді, сонда осы жүйке
88
жарақаттанбайды. Жүрек жарасын тігіп болғаннан кейін жүрек қабының
ішіндегі қанды алып тастау керек. Содан соң жүрек қабына салынатын тігісті
сиректеу етіп салады. Бұдан кейін өкпе қабы арасына 8-қабырға аралығынан
қолтықтың артқы бойымен резеңке түтік қалдырады. Оның екінші ұшына
резеңке қолғаптың V саусағын кигізіп фурацилин дәрісіне батырып қояды.
Кеуде жарасын тек қана қан қысымы жоғарылағаннан кейін ғана тігеді.
БҰҒАНАНЫҢ СЫНУЫ
Осы сүйектің сынуы барлық адамдарда кездеседі, әсіресе балалар мен
жасөспірімдердің арасында өте жиі болады. Бұғана сынуы 15-17%
шамасында кездеседі. Бұғана көбінесе тікелей ұрынғанда немесе иықпен
жерге құлағанда болады.
Бұғана сынуы үш түрге бөлінеді: сыртқы жақ үштен бір бөлігі, орта тұсы
және ішкі үштен бір бөлігінің тұсынан сынуы мүмкін. Балалардың сүйек
құрамында кальций, фосфор қоспаларының аздығынан көбінесе жас шыбық
тәрізді жарыла сыну өте жиі болады. Ал, ересек адамдарда тікелей толық,
көлденең жарыла толық сынып екіге бөлінеді және кейде тіпті бөлшекке
бөлініп кетуі мүмкін.
Бұғана сынығының негізгі белгілері. Бұғананың сынған жері ісіп,
үлкейіп тұрады және жай сыртынан қарағанда сынған жері бірден көзге анық
білінеді. Сынған жер шодырайып тері астынан томпайып көрінеді. Қолмен
басқанда сынықтың бір жақ шеті тері астынан бірден анықталады. Сынған
жерден сүйектің сықырлағаны байқалады.
Бұғана үстіндегі және астындағы шұқыршақтар тегістеліп кетеді.
Сынған жақ иық бойы сау жақпен салыстырғанда едәуір қысқарып көрінеді.
Сынған жақ иық буынында қозғалыс жасау өте қиынға соғады, өйткені
иықпен қозғалыс жасаймын дегенде сынған бұғана сынықтарының ұштары
айналасындағы басқа жұмсақ еттерді жыртып ауырғаны ұлғая түседі.
Сондықтан бұғанасы сынған адам сол жақ иық сүйегін кеудесіне жапсыра
сау қолмен қысып ұстайды. Басын, мойынын сол сынған жағына қарай
қисайтады. Бұғана сынығының төс сүйек жағындағы бөлігі негізінен артқа
және жоғары қарай кетеді /жылжиды/, бұлай ығысуы мойынның тікелей сүр
етінің /төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің/ тартуыәсерінен болады.
66 сурет. Бұғана сынуының айқын ығысу түрі
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
89
Ал, сыртқы жақ бөлігі алға және төмен қарай жылжиды, оның себебі
төстің қалың қара еті бұғананың сыртқы жақ үштен бір бөлігіне бекітіліп
тұрады. Сол еттің тартылу әсерінен сыртқы бөлігі төмен және алға қарай
қозғалады.
Емдеу түрлері. Бұғана сынығын емдеу негізінен екі түрден тұрады.
Бұғананың жартылай жарылып сынғанында және сынған жердегі сүйек
бөлімдерінің орнынан қозғалмай дұрыс тұрғанында сол жерге 1% 5-10мл
новокаин ерітіндісін жіберіп, қолтықтың астына мақтадан кішкентай
жастықша жасап қойып, иық сүйегін немесе тоқпан жілікті кеудеге жапсыра
қысып, шынтақ буынды 90 градусқа дейін бүгіп, кеудені айналдыра иық
бойының үстімен иық буынын қоса бастырып гипс салады. Бұл гипсті Дезо
гипсі деп атайды. Үш жұма өткеннен кейін гипсті алып тастайды да, иық,
шынтақ буындарында қозғалыс жасап, еттерді уқалап массаж жасайды.
Жарақаттанған адам бір, бір жарым айдан соң жұмысқа шығарылады.
Бұғана сүйегінің сынған жері орнынан қозғалып кеткен болса онда оны
орнына салу қажет. Ол үшін сынған жерге1%-20,0мл новокаин ерітіндісін
жіберіп, қосымша 1%-1,0 промедол ерітіндісін тері астына жіберіп болған
соң 5-10 минуттан кейін сүйекті орнына салу керек. Ауруды дөңгелек
орындыққа отырғызып, оған денесін бос ұстап отыруды айту керск.
Содан соң сынған жақ қолдың шынтақ буынын 90 градусқа бүгіп,
дәрігер өзінің көмекшісіне ауруды шынтақ буынынан ұстап сол қолымен
аурудың иық буынын әуелі жоғары тікелей тоқпан жілік бойымен жоғары
көтереді және шынтақ буынын артқа қарай 60˚ апарып, жауырынның
жиегіне мақтадан тығыз жастықша жасап қойып иінтірек жасап шынтақты
қабырғаға қарай жапсырамыз. Осы кезде дәрігер бұғана сүйегінің
сынықтарын түзеп орнына келтіріп салады.
Саусағымен бұғананы ұзын бойыменбасып дұрыс тұрғандығын анықтап
болған соң сол қалыпта гипс салады. Білезік буыны мен саусақтары ашық
қалдырылады. Бұл тәсілді Вайнштейн-Смирнов әдісі деп атайды (67 сурет).
67 сурет. Вайнштейн-Смирнов таңғышы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
90
Содан кейін ауруды айнаға түсіріп, сынықтың дұрыс тұрғандығын
бақылайды. Дұрыс тұрса гипсті 1,5-2 ай толғаннан кейін шешіп алып тастап,
гипссіз қайтадан айнаға салып көреді де, сүйектің біткенін тексереді. Толық
бітсе, аурудың иық, шынтақ буындарына қозғалыс жасатып, массаж
жасайды. Сөйтіп гипс алынғаннан кейін 1,5-2 жұмадан соң жұмысқа
шығарылады. Жасөспірім балаларда, қарт адамдарда бұғана сынғанда және
ол орнынан тайып кетсе оларға мынадай әдіспен сүйекті орнына келтіріп
салуға болады. Аурудың сынған жеріне 1%-20,0мл новокаин ерітіндісін
жібереді.
Оны дөңгелек орындыққа отырғызып дәрігср оның артынан тұрып,
өзінің тізесін аурудың екі жауырын ортасына тіреп қойып, аурудың екі
қолын тоқпан жіліктің жоғары тұсынан ұстап алып, оны артқа қарай көтере
тартып тұрады, сол кезде бұғана сынықтары керіле тартылады, сынықшы
дәрігер сүйекті саусақтарымен орнына келтіріп салады да 8-саны тәрізді етіп
дәке бинтпен екі иық буындарының үстін баса тартып тастайды немесе
мақтадан жасалған шеңбершені екі қолына кигізіп оны бұғананың сыртқа
қарайғы үшінші бөлігінің тұсына дейін тигізіп, артқы жағынан, екі
жауырыннның тұсынан көлденең бинтпен тартып байлап қояды. Содан кейін
рентген жасап дұрыс тұрғандығын анықтап көреді. Сүйек орнында тұрса осы
қалыпта 4-5 жұма бойына қалдырылады.
Операция жасап бұғана сынығын орнына салу. Операциялық әдіспен
сүйекті орнына салу мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Егерде сүйекті жоғарыда көрсетілген тәсілдермен орнына салғанда
сүйек сынықтары орнына түспесе.
2. Сүйек сынықтарының арасына жұмсақ еттер кірігіп қалса /ондай
жағдайда салмай тұрып қолмен басып көргенде немесе жабықтай саламын
деп талпынғанда сүйексықыры естілмесе/.
3. Бұғана сүйегі бірнеше бөлшекке бөлінсе және осы сүйек сынығының
біреуі бұғана бойына көлденең тұрса.
4.
Бұғана
сынығының
ұшы
қан
тамырлары
мен
жүйке
талшықтарынзақымдаса.
5. Ашық сынық болса
Операция жасау әдісі. Сынған жердің терісіне, оның астына,жан-
жағындағы еттерге 0,5-0,25% новокаинерітіндісін 80,0-110,0 мл жіберіп
жансыздандырады.
68 сурет. Бұғананың сынығын орнына салып шегелеу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
91
Бұғананың сынған жерінің дәл үстінен сүйекке жеткізе 4-5 см-ге дейін
кессді де, сүйек ұштарына жиналған ұйыған қанды алып тазалайды, сүйектің
сыртқы жақ бөлігін ілмекпен жоғары көтеріп жара үстіне шығарады, ал
көмекші дәрігер ішкі жақтағы жартысының астына қалақша қойып демеп
ұстап тұрады.
Сынықшы дәрігер шеткі сынықтың ортаңғы қуысының ішіне Богданов
шегесін немесе жуантық сымды кіргізіп балғамен ұрып оны бұғана мен
жауырын сүйегінің қосылған тұсына қарай қағып теріден сыртқа шығарады,
шегснің ішкі жақ ұшынан 0,5 см-дей қалдырады да, ілмекшемен ортаңғы жақ
бөлігін жоғары шығарып алады (66 сурет).
Содан кейін осы бөлшектің ортаңғы қуысына әлгі қалдырылған шегенің
ұшын кіргізіп бұғананы дұрыстап түзетіп қояды да, шегенің теріден сыртқа
шығып тұрған ұшынан балғамен ұрып бұғананың екінші бөлігіне 3-4 см
тереңдікке дейін кіргізеді.
Сүйектің қосымша бөлшектері болса оларды өз орындарына кірістіріп
қояды. Содан кейін жараны тегістей тігеді. Бұдан соң қолын кеудесіне
жапсыра қойып Дезо гипсін салады. Ауруды рентген жасап көреді. Гипсті 2-
2,5 ай өткеннен кейін алып тастайды да, қайтадан рентген жасап толық
біткенін анықтайды. Массаж және қозғалыс гимнастикасын жасайды.
ЖАУЫРЫН СҮЙЕГІНІҢ СЫНУЫ
Жауырын сүйегінің сынуы өте сирек, небәрі 5% көлемінде кездеседі.
Жауырынның сирек сынуы негізінен оның сырты қалың жауырын еттерімен
қоршалып тұруына байланысты. Жауырын сүйегі тек жауырынмен тікелей
қатты нәрсеге (темірге, тасқа) соғылғанда және жауырынның иық буынымен
қосылған тұсының үстінен ауыр нәрсемен тікелей ұрғанда, ұрылғанда
болады.
Жауырынның сынуы мынадай түрлерге бөлінеді:
- Жауырынның қалақша басы немесе денесі деп атайтын жерінің сынуы;
- Жауырынның үстіңгі сыртқы шеті, төменгі шеті, етегі, ішкі жақ
бөлігінің сынуы;
- Жауырынның қыр сүйек жерінің сынуы.
- Жауырынның құс тұмсық (клювовидный) өскіншегі, жауырын басының
өскіншегі (акроминальный), жауырын мойнының сынуы (68 сурет).
Жауырынның қалақшасы немесе етектері сынғанда оның клиникалық
белгілерін табу өтс қиын. Сынған жердің түсы ісініп көгеріп, ксйде қанталап
түрады, басып көргснде сол жср өте қатты ауырады. Жарақаттанған жақ
қолды ауруадам қозғай алмайды, ал сынықшы қозғалтқанда сол иығы қатты
ауырады.
92
69 сурет. Жауырын сүйегінің сынуы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Дәрігер өзінің бір қолымен жауырынның төменгі етегінен алақанның
шетімен басып екінші қолмен жауырынның үстінен төмен қарай басып
қарағанда ауру сол жарақаттанған жағының өте қатты ауырып кеткенін
айтады. Сүйек сықыры көбінесе байқалмайды, себебі жауырын сыртынан
және астынан қалың еттерден қаптала қоршалып тұрады. Жауырынның
қалақша басының шеттерінің сынғанын тек рентген арқылы табуға болады.
Рентгенде сынық табылса ауырған жерге 1% 20,0-30,0 мл. новокаин
ерітіндісін жіберіп ауруға бір-екі жұма бойына Дезо гипсін салып емдейді.
Жауырынның мойын басы сынғанда мынадай белгілері болады:
ауырсынған жақтағы қолын кеудесіне сау қолымен жапсыра қысып ұстайды.
Сынған жақтағы иық буынының маңы түгелдей талаурап үлкейіп ісініп
кетеді. Сынған жақ иық бойы сау жақпен салыстырып қарағанда көп төмен
тұрады. Жарақаттанған жақтағы қолы сау жақпен салыстырып қарағанда
ұзын сияқты болып көрінеді.Сынған жақтағы жауырын басы шұқыршағы
мен тоқпақ жілікпен қоса төмен алға қарай қозғалып орнынан кетіп қалады.
Оның себебі төстің үлкен бұлшықеті тоқпан жілік кіші айдаршығына бекиді,
соның салдарынан тоқпан жілікпен жауырын мойны алға қарай ығысады.
Соның әсерінен көбінесе ірі қан тамырларының, ірі жүйкеталшықтарының
қосымша зақымдалуы мүмкін. Соның әсерінен көбінесе аурулар "сынған жақ
қолым ұйып барады немесе ештемені сезбейді" деуі мүмкін. Иық, шынтақ
буындарын қозғай алмайды. Ауруды дереу рентгенге түсіріп көру керек.
Емдеу тәсілі: Сынған жерге 1%-30,0 мл новокаин ерітіндісі мен
қосымша тері астына 1%-1,0 промедол ерітіндісін жіберіп, ауруды биік
столдың жанына орындыққа отырғызып, оныңсынған жақтағы қолын
шынтақ буынын 90°-қа дейін жайлап бүгіп, демей төмендеу тартыңқырай
тұрып, тоқпан жілікті көлденең фронталдық деңгейге 90-110° шамасына
көтеріп, шынтақ сүйегінің бұдырынан бұрғымен бұрғылап сым темір өткізу
93
керек. Ол үшін сол жерге0,5%-15,0мл новокаин ерітіндісін сүйекке дейін
жіберіп, содан соң әлгі сымды өткізіп, оны доғашықпен ұстатып керіп
тартып тастайды. Қолдың астына, қолтыққа тірей кигізіп ЦИТО таңғышын
салып,тоқпан жілікпен шынтақ буынын 30-40˚ артқа қарай тартамыз. 1-1,5 ай
осы шинада болады. Содан соң 3-5 күн өткеннен кейін ауруды рентген жасап
көреді. Егер сүйек орнында тұрса, оны осы қалыпта 2-2,5 ай бойы ұстау
керек немесе 1-1,5 ай өткен соң осы уақыт ішінде сынған жері жартылай
кілегейленіп бекиді. Сол уақытта оның таңғышын еппен алып сол қалпында
торако-брохиалды гипс салады, гипсті екі ай өткеннен кейін алып тастап,
ауруды рентген жасап көреді. Сынық дұрыс бітсе, оның иық еттеріне массаж
жасап, жылу емдерін жүргізеді.
70 сурет. Жауырын мойны сынуын қаңқа тарту арқылы емдеу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
V ТАРАУ. ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ
ОМЫРТҚА ЖОТАСЫ ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ
АСҚЫНБАҒАН ТҮРІ
Омыртқа жотасының зақымдануының асқынбаған түрі деп жұлын мен
оның түбіршіктері бүлінбеген жағдайды айтады. Олардың ішінде жағымсыз
аяқталатыны омыртқа буынының шығуы немесе сынуы. Оның зақымдануын
уақытында білмеген жағдайда, омыртқаның өзінің және оның дуральді
қынабының ішкі затының екінші зақымдануы басталады. Арқаның ұрынуы,
байламдардың зақымдануы деген сияқты қорытындыларды омыртқа
зақымданбағанына толық көз жеткеннен соң ғана қояды.
Омыртқа денесінің буын шығуымен сынуы. Омыртқа денесінің
зақымдануы көбінесе зақымдағыш күштің әсерінен, омыртқа бойымен
күштің түсуінен, жедел оқыс шамадан тыс бүгілуінен болады. Мысалы,
зақымданудың шайқалу механизмінде, машинаның арттан соққан кезінде,
оқыстан кедергіні басқан кезде омыртқаның мойын бөлігі тез бүгіліп және
шалқаяды. Үлкен кісілерде көбінесе омыртқаның физиологиялық иіндерінің
бір-біріне өту аймақтары, яғни астыңғы мойын және үстіңгі кеуде, астыңғы
кеуде және үстіңгі бел омыртқалары зақымданады (60 сурет).
94
Омыртқа денесінің сынуы негізінен 4 себептен тұрады:
1. Омыртқа денесінің шектен тыс иілуі
2. Омыртқа денесінің шектен тыс шалқаюы
3. Омыртқа денесінің иіліп барып бұралғанда, шалқайып барып
бұралғанда
4. Омыртқаның осьтік бойынан күштің әсер етуі (сирек кездеседі).
Шектен тыс шалқаюдан көбіне мойын омыртқалары сынады. Мойын
омыртқаларының ішінде жиі сынатын 4-5-6 мойын омыртқалары.
Мамандығы бойынша олар көбіне суға сүңгитіндерде, мотоциклистерде жиі
ұшырасады. Кездейсоқ жағдайларда басын шалқайтуға үлгермей иілген
қалыпта болса онда омыртқа денесінің алдыңғы жағы сына тәрізді сынады,
ал шектен тыс шалқайғанда омыртқа денесінің артқы жағы сынады.
Мойын омыртқасы сынғанда сыну себебіне байланысты бас, мойын
мәжбүр қалыпта қалады. Жарақатқа байланысты мойын бұлшықеттері
ширатылып, тартылып тұрады. Баспен мойынды қозғалта алмайды. Сыну
ауырлығына байланысты кейде неврологиялық белгілер (парез, паралич)
пайда болады.
71 сурет. Омыртқа жотасының сынығандағы зақымдану механимі:
А, Б) бел бөлімінде; В, Г) мойын бөлімінді
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |