Сүйекті орнына саларда екі жағдайда да білектің төменгі жағының
астына құмнан жасалған жастықша қояды. Орнына түспесе операциялық
жолмен шеге салып, гипс салынады. Гипс салған соң екі жағдайда да
консервативті және оперативті емнен кейін білек еттерінің солуының алдын-
алу үшін гипспен жүргенде 10-12 күні саусақтарымен ерікті қозғалыс
жасатамыз.
124 сурет.Гипстік лонгета салу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Білезік сүйектерінің сынуы
Ол сүйектердің сынуы көбінесе уақытында дұрыс диагноз қойылмайды.
Сондықтан адам буын байламының созылуы деген диагнозбен келеді. Бұл
сынықтар себебі қолды жазып құлағанда және алақанмен құлағанда болады.
Кейде тікелей соққы әсерінен болады. Көбінесе ладья тәрізді және жартыай
тәрізді сүйек жиі сынады.
Клиникалық белгілері: Ладья тәрізді сүйек сынғанда білезік буынының
сырт жағында екінші алақан сүйегінің негізі маңында ісік пайда болады.
Білезік буынын сыртына қайырғанда қатты ауырады, басып көргенде
күшейеді. Сонымен қатар 1-2 саусақты өс бойымен итергенде қатты
ауырады.
Диагноз: Рентген арқылы қояды. Көбінесе сынық орнынан онша
ығыспайды. Егер сынып шыққанда орнынан ығысуы мүмкін. Сондықтан
гипстік лонгетті алақан-саусақ буынынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне
дейін алақанды тік қалыпта шынтаққа қарай қайырыңқырап саламыз. Гипсті
ұзақ уақыт 4-6 айға салады. Біту мерзімі өте баяу. Бұл сүйектердің кейде
некрозға ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайда ладья сүйегін алып тастаймыз.
Алып тастаған соң ауырғаны азайып, бірақта білезік буыны қызметі толық
қалпына келмейді.
Жартыай тәрізді сүйектің сынуы – ладья сүйегіне қарағанда сирек
кездеседі. Көбінесе осы сүйектің шығуы жиі кездеседі. Себебі биіктіктен
алақанды шынтаққа қарай бұрып құлаған жағдайда шығуымен қоса жүруі
мүмкін.
Клиникасы: білезік буыны сырт жағында ісік, білезік буынын
ортасынан басса қатты ауырады. 3-4 саусақты ось бойымен итергенде
ауырғаны күшейе түседі.
162
125сурет. Білезік сүйектерінің сыну түрлері
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Орнына салу: тоқпан жілік және білекті 90˚ бүгіп үстел үстіне қояды.
Екі көмекші екі жаққа ось бойынша тартады. Осылай тартқан уақытта
саусақтарды бүгетін ұзын бұлшықетінің керілуі кезінде ол сүйек бөлігін өз
орнына қара»й ығыстырады.Бірақ орнына салу үшін 10-15мин тарту керек.
Орнына түскен соң 3-8 апта гипстік бекіткіш саламыз. Егерде жартыайшық
сүйегі шыққаны уақытында анықталмаса, салынбаса онда операциялық
жолмен ол сүйекті алып тастайды. Егер алмаған жағдайда шығып тұрған
сүйек артқы жүйке тармақтарын басып, әртүрлі асқынысқа әкеледі. Алып
тастауды осы сүйек жапырылып(компрессионный) сынғанда жасайды.
Өйткені некрозға ұшырайды.
Алақан сүйектерінің сынуы
Көбінесе бірінші алақан сүйегінің негізінен сынуы жиі кездеседі. Ол
Бенетта сынығы деп аталады. Ол сынық бірінші саусақты алақанға қарай
иіліп барып бірінші саусақты тіреп құлағанда болады. Бұл жағдайда шеткі
бөлігі сырт жағына қарай ығысады.
Клиникасы: бірінші саусақ алақанға иілулі қалыпта, сырт жағында
сүйек ұшы тері астында шығып тұрады. Бірінші саусақ ось бойымен артқа
қарай итергенде сықыр естіледі, бірінші саусақты үстіне қарай көтере
алмайды.
Орнына салу: 1% 15-20 мл новокаин ерітіндісін енгіземіз. Бірінші
саусақты ось бойымен тартып сыртқа үстіне қарай қайырамыз. Осы кезде
негізінен орнына басамыз. Сөйтіп гипстік лонгетті алақан жағынан білек
ортасына дейін гипстік лонгет саламыз. Орнына түспесе операциялық
жолмен сыммен бекітеміз. 2, 3, 4, 5 алақан сүйектерінің сынуы көбіне
тікелей соққы әсерінен сынады. Жанама себебі: саусақ бүгулі қалыпта тіреп
құлағанда.
Сынық түрлері: жиі көлденең, қиғаш, сирек бұралып сыну кездеседі.
Бұл сынықтар кезінде сынықаралық бұрыш алақанға қарай ашылады.
Клиникасы: алақан сыртында ісік, сықыр естіледі. Осьтік бойымен
салмақ бергенде қатты ауырады. Рентген арқылы нақты диагноз қойылады.
Алақан сүйегінің дара сынуын ығыспаған жағдайда гипсті алақан
жағынан білектің ортасына дейін 1 айға салады. Бірнеше сүйек сынса 2-2,5
ай гипс салынады, егер ығысып сынған жағдайда саусақтан тартып орнына
салады, 2-2,5 ай гипста болады.
163
VIII ТАРАУ. АЯҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ
Ортан жілік жоғарғы басының сынуы, жіктелуі
Абдукциялық сынық аяқты сыртқа керіп құлағанда болады. Мұндай
жағдайда шеткі бөлік орталық бөлікке шаншылып енеді. Бұл жағдайда
мойын мен диафиз арасындағы бұрыш 127-130˚(қалыпты жағдайда) болады.
Осылай құлағанда бұл бұрыш үлкейеді. Мұны вальгустық сынық деп атайды.
Құлаған кезде аяқ ішке иіліп барып құлағанда аддукциялық сынық деп
аталады. Бұл жағдайда ортан жілікпен мойын арасындағы бұрыш кішірейеді,
бұл варустық сынық деп аталады. Варустық, вальгустық сынық түрлері
жоғарыда көрсетілгендегідей абдукциялық, аддукциялық түрлерде де
кездеседі.
Буынішілік сынықтарға:
жілік басының сынуы;
жілік басы алқымынан(основание) сынуы;
мойны ортасынан (трансцервикальды) сынуы;
Каплан бойынша алқымынан (базальный) сынуы;
Буынсыртылық сынықтарға:
Төмпешіктер арқылы(чрезвертельный)
Төмпешікаралық (межвертельный)
Кіші төмпешіктің астынан сынуы (высокий подвертельный)
126 сурет. Капланның жіктеуі бойынша сынықтың орналасу орындары.
Буынішілік сынықтар:а — жілік басы алқымынан сынуы (субкапитальный),
б — мойын ортасынан сыну (трансцервикальный). Буынсыртылық
сынықтар:в-төмпешіктераралық (межвертельный),
г - төмпешіктер арқылы(чрезвертельный).
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Клиникасы: буынішілік және буынсыртылық сынықта да абдукциялық
түрінде сынғанда екі сүйек бір біріне шаншылып кіргенде кейде аурулар
аяғын баса алады, бірақ жамбас буынында ауырсынуды сезеді. Кейде бір күн
өзі жүруі мүмкін.
164
Буынішілік сынықта шап маңы, шап ішкі жағында ісік пайда болады,
буын ішіне қан жиналады. Сөйтіп шап байламының үстінде, астындағы
тайқы ойықша тегістеліп кетеді. Шабына қарағанда шап байламы астыңғы
жағында шап артериясының соғып тұрғанын көруге болады. Бұл Гербалаб
белгісі деп аталады.
Жабысқақ өкше белгісі адам тізесін жазулы қалыпта өкшесін төсектен
жоғары көтере алмайды.
Аяқ басы табаны сыртқа қарай сәл қайырылулы тұрады. Аяғы
қысқарады. Розер Нелатон сызығынан үлкен төмпешік жоғары тұрады. Ол
сызықты отырықшы сүйектен жамбастың алдыңғы үстіңгі өсіндісінен лента
тартамыз. Қалыпты жағдайда кіндіктің үстіңгі жиегінен өтеді. Сынып
ығысқан жағдайда бұл сызық кіндіктен төмен, ерікті қозғалыс болмайды.
Буынсыртылық сынықтар ісік жамбас буынының сыртқы жағында және
артқы жағына қарай орналасады. Аққан қан арқылы көлемі үлкейеді. Аяғы
қысқарады, ерікті қозғалыс болмайды. Табанның басы үстіне, сыртқы жағы
тізе тобығы толығымен көлденең төсек бетінде жатады. Осылай жатуына
негізгі себепші ортан жілікті сыртқа қарай бұрайтын бұлшықет жиырылуы
себебінен (m.piriformis) ол бұлшықет отырықшы сүйек бұрышымен ортан
жіліктің сыртқы үстіңгі жағына бекиді.
Мықын бұлшықеттері жиырылуы салдарынан аяғы үлкен деңгейде
қысқарады. Мұнда да үлкен төмпешік Розер Нелатон сызығынан жоғары
тұрады. Шумахер сызығы мұнда да кіндіктен төмен тұрады.
Тасымалдауы: Дитерихс шинасын салып, үш буынды жамбас сн
буынын, тізе, толарсақ буындарын бекітеміз.
Бұл шина үш бөліктен тұрады: табақша және екі жақтаушадан.
Ең бірінші табақшаны аяқ киім сыртынан мықтап бекітеді. Сегіз тәрізді
дәкемен бекітіледі. Ішкі жағы шаптан бастап табан астынан 15-20см төмен
шығып тұруы керек. Оларды мықтап денеге таңады. Табанша астына жіпті
бұрау арқылы сүйек сынығын ұзына бойына кереді. Тартып керіп болған соң
жіпті табан астына мықтап бекітеді. Бұл шына үш буынды мықтап бекітіп
бірмезетте ұзына бойына керу қызметін атқарады. Сөйтіп тасымалдағанда
асқыныс болу алдын алады(шок, қан кету).
127 сурет. Дитерихс шинасын салу
Ковалерский Г.М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
165
Емдеуі: Буынішілік сынықтар буынсыртылық сынықтарға қарағанда
өте жаман бітеді. Жиі бітпейді. Себебі жілік басы мен мойны ақ қабықпен,
етпен қапталмаған. Жілік басымен мойны буынқап бекіген жерден сүйекке
өтетін ұсақ капилляр арқылы қоректенеді. Сынған жағдайда бұл капилляр
толық жыртылады. Сондықтан қанайналым болмағандықтан бітпейді. Бұл
сынықты көбіне операциялық жолмен емдейді. Көбінесе эндопротездеу
арқылы емделеді.
Ә. М. Сагиновтың ортан жілік мойны сынғанда бекіту үшін
қолданатын сүйекішілік компрессиялық бекіткіші
Ол құрылым шеңберлі арнаулы тесіктермен жасалынған және оған
орнатылған сымды ұстататын құрал және сым. Оның ерекшелігі әсіресе
буынға таяу жердегі сынықтарды мықтап бекіту үшін доға Т әріпі тәрізді
ішіне қарай доға иіліп, негізімен сыртқа қарай шығыңқы тұрады. Екі
жағынан сымды (спицаны) ұстап тұратын бекіткіштер бар. Орындау әдісі.
Сүйек сынықтарын орнына салғаннан кейін ортан жілік басына стержень
енгізеді-№1, оған түтік енгізеді-№4, егерде құрылым ортан жілік мойнында
дұрыс тұрса №4 түтікшені сыртқа қайта шығарып алады. Содан кейін
каналға сым (спица) №2 енгізеді. Ол канал бойымен біртіндеп сүйек тініне
енеді. №3 фтулканы №1-ші стерженге бұрайды және №4 түтік №2 сымды
сығады. Сөйтіп екеуінде сығады. №4 түтік ұшына №9 шайбаны қояды, №8
және №10 серіппелерді (пружина) қояды. №11 сомды (гайка) бұрағанда
сүйек бөліктері бір-бірімен жақындап, өзара сығылады.
128 сурет. Ортан жілік мойны сынғанда арнаулы
компрессиялық шегемен бекіту
М.ғ.д. Б.Е.Тулеубаевтың жамбас-сан буынының патологиялық
өзгерістері бар науқастарға эндопротез
жасау операциясы
Жамбас-сан буынын ашуды ортан жіліктің үлкен төмпешігінің астынан
жоғары қарай 4-6см етіп тіліп, ашқаннан кейін ортаңғы мықын етін үлкен
төмпешіктен сылып алып бөледі. Ол үшін аяқты 15-20˚-қа сыртқа қарай
бұрайды да үлкен төмпешікті жартысына дейін кеседі де оны Гоман
ілмегімен жоғары көтереді. Содан кейін буын қабын «Т-әріпі» тәрізді
алдыңғы жағынан тіледі. Буын қапты мойынға бекіген жерінен 3 мм жоғары
дөңгелетіп кеседі.
166
Гоман ілмегін жамбас шұқырының алдыңғы жағынан етпен буынқап
арасына орналастырады. Содан кейін ортан жілік басын жараға шығарып
алады да ортан жілік басын мойынынан кесіп алып тастайды. Буында сүйек
өсінділері болса оларды алып тастайды. Жамбас шұқырын арнаулы шар
тәрізді фрезалармен ояды да біртіндеп жамбас ойығының көлемін кеңейтеді.
Ортан жілік каналын арнаулы фрезалармен, бұрғылармен кеңейтеді. Канал
ішін майда егеулермен егеп тегістейді де протездің аяқшасын осы каналға
енгізеді. Содан кейін керекті ортан жілік протез басын жамбас шұқырының
көлеміне сәйкес келетінін таңдап алады. Сол протезді жамбас шұқырына
енгізеді. Ортан жілік мойнының компонентіне Морзе конусына тығыздалып
протез басы кигізіледі. Жаңа қойылған буындағы қозғалыс көлемін
анықтайды.
129 сурет. Жамбас-сан буынын эндопротездеу
Ортан жілік диафизінің сынуы
Сыну орнына байланысты үш түрге:
Ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігі
Ортан жіліктің ортаңғы 1/3 бөлігі
Ортан жіліктің төменгі 1/3 бөлігі
Сынық түрі бойынша :
Көлденең
Қиғаш
Бұралып (ротационный)
Жаңқаланып
Ортан жіліктің сынуы көбіне тікелей соққы әсерінен болады. Сирек
бұралудан болады.
Клиникасы: Сыну орнына байланысты ортан жілікке тән ығысу
ерекшеліктері бар. Жоғары 1/3 бөліктен сынғанда ортаңғы бөлігі алдына
және сыртқа қарай ығысады. Оның себебі үлкен төмпешікке бекитін мықын
бұлшықеттері жиырылуы салдарынан. Шеткі бөлігі жоғары ішке ығысады.
Себебі алмұрт тәрізді бұлшықет салдарынан ол қасағаға ортан жілік ішкі
жағына жоғарғы 1/3, ортаңғы 1/3 бөлікке бекиді. Сондықтан сырттай
қарағанда Галефа тәрізді пішін өзгеріс болады. Ортаңғы 1/3 бөліктен
сынғанда сүйек бөліктері көбінесе ұзына бойына ығысады. Өйткені, ортан
жіліктің орта тұсында сан еттері санның ұзына бойымен өтеді. Сол маңға
167
бекитін антагонист бұлшықеттер жоқ. Төменгі 1/3 бөліктен сынғанда
ортаңғы бөлігі алдына ішке қарай ығысады. Оның себебі алмұрт тәрізді
бұлшықет жиырылуы салдарынан. Шеткі бөлігі артына астына қарай
ығысады. Өйткені ортаңғы жілік айдаршықтарына, ортан жілік төменгі жақ
басына астынан балтырдың жуан еттері бекиді. Сол себептен астына қарай
кетеді.
130 сурет. Ортан жілік мойнының. 131 сурет. Ортан жілік мойнының.
132 сурет.Жамбас-сан буынынсынуын үш винтпен сынуын үш винтпен
эндопротездеу остеосинтездеу
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Диафиз сынғанда нақты белгілері
Жіктелуі:
- Сыну орнына байланысты: Жоғарғы, ортаңғы, төменгі үштен бір
бөлігінің сынуы;
- Сынық түрі бойынша: көлденең, қиғаш, бұралып, жаңқаланып;
- Ығысу түрі бойынша: ығысқан және ығыспаған деп бөледі.
Салыстырып қарағанда сынған жақ аяқтың қысқаруы, сынған жер пішіні
өзгеруі, буынсыз жерде қозғалыс пайда болады, сүйек сықыры болады, ерікті
қозғалыс болмайды.
133 сурет. Ортан жіліктің жоғарғы, ортаңғы және төменгі
бөлігінің ығыса сынуы.Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Тасымалдауы: Ортан жілік сынғанда әрқашан Дитерихс шинасын салу
керек. Үш буынды бекітеміз.
168
134 сурет. Аяқ сүйектері сынғанда қолданылатын шиналар (таңғыштар)
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Емдеуі: Ортан жілік көлденең, қиғаш, бұралып сынған жағдайда сынған
жерге 1%15-20 мл новокаин ерітіндісін енгіземіз. Көлденең сынған жағдайда
мүмкіндігінше бір мезетте жабықтай орнына салу керек. Жоғарғы 1/3 бөлігі
көлденең, қиғаш, бұралып сынған жағдайда әрқашанда шеткі бөлікті
орталық бөлікке апару керек. Ол үшін осьтік бойынан төмен қарай тартып,
шеткі бөлікті сыртқа қарай біртіндеп керу керек. Сөйтіп орталық бөлік
ұшына қарай жеткенше тарту керек. Сол жерден орнына салу. Көлденең
сынық орнына түсетін болса рентген жасап анықтап, төстің етегінен бастап,
бақайдың басына дейінкокситтік гипс салынады. Бұл жағдайда сау жақ
аяқты сыртқа қарай керіп тізеге дейін гипстік байлам салу керек. Осы
қалыпта 1,5-2 ай гипста болады. 1,5-2 айдан кейін сау жақ аяқты гипстан
босатамыз. Ауруды таяқпен басып жүруді үйретеміз. Ортаңғы 1/3 бөліктен
сынғанда осьтік бойынан тартып орнына саламыз. 3,5-4айға кокситтік гипс
салады. Төменгі 1/3 бөлігі сынса балтырды сәл ішке қарай иеміз. Тізе
буынын 80-90С бүгеміз. Шеткі бөлік астына жұдырықты тіреп жоғары
көтеріп, кокситтік гипс саламыз.
Қиғаш, бұралып сынғанда көбіне қаңқа тарту арқылы саламыз. Ол үшін
айдаршық үстінен көлденең сым өткізіп доға кигіземіз, астына Беллер
шинасын қоямыз. Сыну орнына байланысты жоғарыдағы көрсетілген
қалыпқа келтіріп тартамыз. Осы қалыпта 1,5-2 ай жатады. Сол мерзім ішінде
бірінші реттік сүйек мүйізгегі пайда болуы тиіс.Сол мерзім өткен соң жатқан
жерінде рентген жасаймыз. Бірінші реттік сүйек мүйізгегі пайда борлған
жағдайда,
сынған
жерді
қағып
көргенде
науқас
ешқандай
ауырсынбайды.Содан кейінғана кокситтік гипске ауыстырамыз. Ауруды
таяқпен жүруге және аяғын демеп басуға рұқсат береміз.Осы қалыпта 4,5-
5ай жүреді. Төменгі 1/3 бөлікті жабықтай орнына салғанда шеткі бөлік
астына құмнан жасалған тығыз жастықша қойып тартамыз. 1,5-2ай жатады.
Рентген жасап бірінші реттік мүйізгек пайда болған жағдайда тағы да 4-4,5
ай кокситтік гипс салынады. Таяқпен жүруге рұқсат беріледі.
169
135 сурет. Қаңқа салуға керекті құралдар. а —ЦИТО доғасы;
Киршнера сымымен; б — сымды керуге арналған кілт;
в — сымды өткізуге арналған қол бұрғы; г — электрлік бұрғы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Операция жасауға нақты көрсеткіштер:
Ашық сынықтар болса
Сүйек арасына жұмсақ тін ілініп қалса
Жаңқаланып сынып, жаңқа сүйек осіне көлденең тұрса
Ірі қан тамырларымен жүйке зақымдалса
Жабықтай орнына салынбаған жағдайларда
136 сурет. Ортан жілік жоғарғы 137 сурет. Ортан жілік ортаңғы
138 сурет. Ортан жіліктің төменгі 1/3 бөлігі1/3 бөлігі сынғанда
Г-тәрізді 1/3 бөлігі сынғанда БИОС-пен сынып айдаршық бөлініп
пластинамен бекітубекіту қалғанда пластинамен және
шуруптармен бекіту. Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
170
Тізе тобығының сынуы
Тізе тобығының сынуы көбіне тіземен құлағанда, ауыр затпен тікелей
соққы тигенде болды.
Жіктелуі:
көлденең сыну
тікелей сыну
жарықшақтанып сыну
жоғарғы және төменгі ұшының сынуы болып бөлінеді.
Клиникасы: Гемартроз. Соның себебінен буын көлемінің үлкеюі, тізе
буынын жаза алмау, сүйек бөліктері арасында ойық пайда болады.
Тасымалдауы: Крамер шинасымен санның жоғарғы 1/3 бөлігінен табан
басына дейін бекіту.
Рентген жасағанда сынықтың қай жерінде орналасқанын, ығысу түрін
толығымен анықтаймыз.
Емдеуі: буынға 1% 15мл новокаин ерітіндісін енгізіп, буын ішіндегі
қанды толығымен сорып аламыз. Бірнеше рет 0,25% 50-60мл новокаин жылы
ерітіндісін енгізіп буын ішін жуамыз. Ерітінді түсі қызғылт түсті болғанша
шаяды. Шайып болған соң антибиотик енгіземіз. Жабықтай орнына
саламыз.Тізені 180˚ жазамыз, сынық бөлігін бір біріне тиістіріп санның
жоғарғы 1/3 бөлігінен табан саусағы басына дейін гипстік лонгета саламыз.
Рентген тексеріс жасаймыз. Рентгенде буындағы сүйек бөліктерінің буын
беттерінің біркелкі тегіс тұрғандығын анықтау керек. Сол жағдайда ғана 5-6
күнге лонгет қалдырамыз. 2-3 күндері гемартроз бар жоғын анықтаймыз.
Гемартроз бар болса пункция жасап жуып, антибиотик енгізіп, тағы тексеріс
рентген жасаймыз. Сынық бөлігі орнында тұрса лонгеттің сыртынан орамды
гипс саламыз. 2-2,5 ай гипста ұстаймыз. Егерде сүйек сынығы орнына
түспесе операциялық жолмен емдейміз.
Тізе буынын ашып егерде тәж нақты ортасынан сынса екі сүйек
бөлігінде көлденең бізбен тесіп, «П» тәрізді лавсанмен, капрон жібімен тігіс
салып, байлаймыз. Мұнда да буын бетінің тегістігін бақылау керек. Гипстік
лонгета 2-3 күнге саламыз. Гемартроз қайталанса пункция жасап, антибиотик
енгізіп, тізе буынын 165-170˚-та тізе буынын бүгулі қалыпта 2-2,5 айға
орамды гипс салады. Егерде үгітіліп (раздробленный) сынса тәжді толық
алып тастап, төртбасты бұлшықеттің сіңірін «Z» тәрізді аздап ұзартып
меншікті байламына тігеміз. 3 айға дейін 170˚ бүгулі қалыпта гипс саламыз.
171
139 сурет. Кюнео бойынша тігіс салу. 140 сурет. Сегізтәрізді гипс салу. 141
сурет. Орамды толық кисеттік тігіс
М.ғ.к. Ш.М. Мукашеваның тізе тобығы (тәж) сүйегі сынғанын «П-
тәрізді» сүйек арқылы өткізілген екі капрон жіппен тігу операциясы
Операция жалпы наркозбен жасалады. Буынды тізе тобығының ішкі
жанынан S-әріпі тәрізді тілуді ортан жілік айдаршығының жоғарғы жиегінен
бастап, асықты жіліктің бұдырына дейін жұмсақ тіндерді тіліп ашады.
Сынықтар арасындағы ұйыған қанды алып тастап, буын ішін жуады.
Сүйектің екі бөлігін жараға шығарады. Сынған тәж сүйегінің ортаңғы және
төменгі бөліктерінің әрқайсысына бізбен жоғарыдан төмен қарай және
төменнен жоғары қарай қатарынан екі тесік теседі де сүйек сынықтарын
орнына салып, содан кейін сол тесіктерден әуелі астынан үстіне қарай екі
бөлігінен де капрон жіптің ұшын өткізіп тәж сүйегінің жоғарғы бөлігінің
үстінен шығарады, жіп ұштарын тартып байлайды. Екінші жіпті осы
каналдар арқылы жоғарыдан төмен қарай осы тесіктерден өткізеді. Оның
ұштарын тәж сүйегінің төменгі жиегінен тартып байлайды, осы жіптің бос
ұшын тізе тобығының (тәждің) меншікті байламынан тікелей төмен қарай
қатарынан сол байламның бекіген жеріне дейін өткізеді. Содан кейін асықты
жіліктің бұдырынан бізбен көлденең теседі де, содан жіптің ұшын өткізіп
тартып байлайды. Осы кезде тізе буынын 150˚ бүгілген қалыпта аяққа гипстік
орамды туторды 4 аптаға салады. Содан кейін қозғалыс жаттығуларын
жүргізеді.
142 сурет. Тізе тобығы сынғанда сүйек арқылы «П-тәрізді» тігіс салу
172
М.ғ.к. Ш.М. Мукашеваның тізе тобығы (тәж) сүйегі сынуын капрон
жіппен «П-тәрізді» өткізілген кисеттік
екі тігіс салу операциясы
Достарыңызбен бөлісу: |