Бүгіліп сынғанда орнына салу
Бұл жағдайда сынған соң шынтақ буыны бүгулі қалыпта тұрады.
Орнына салу үшін жоғарыда айтылғандай екі көмекшінің біреуі бір қолымен
білектің жоғарғы 1/3 бөлігінен екінші қолымен білектің төменгі 1/3 бөлігінен
ұстап, тоқпан жілік осі бойымен төмен қарай тартады. Содан соң бірінші
көмекші алақанмен білекті максимальды супинация жасап, алақанмен білекті
жоғары қаратып, шеткі бөліктің жалпақтық деңгейін ортаңғы бөліктің
жалпақтық деңгейіне сәйкестендіреді. Максимальды супинациядан кейін
бірінші көмекші шынтақ буынды орта есеппен 160-180˚ біртіндеп жазады.
Себебі шеткі бөлікті орталық бөлікке апару керек (негізгі сүйекті орнына
салу принципі бойынша). Осы кезде дәрігер артынан екі жақ бүйірінен саты
бар жоғын анықтайды. Көлденең деңгейде сатыланып тұрса екі жағынан
алақанмен сыртқы-ішкі жағынан ұстап орнына салады. Сол қалыпта гипстік
лонгетті иықтан алақанға дейін салады. Тексеріс рентген жасап, орнында
тұрса осы қалыпта жасына байланысты балаларда 1-2апта өткен соң шынтақ
буынын 100-110˚ дейін бүгіп тағы да 2 аптаға салып береміз. Осы мерзім
өткен соң гипсті алып, шынтақ буынына УВЧ, СМТ, амплипульс, парафин,
тоқпан жілік, білек еттеріне массаж жасау, жылы ваннада қозғау
гимнастикасын үйретеміз. Балаларда шынтақ буынына ешқандай массаж
жасауға болмайды. Өйткені буынды құрайтын сүйек ұштарында
өсіндікшелері болады. Оларға механикалық тітіркену жасағанда олардың
көлемі үлкейіп өсіп кетуі мүмкін. Сондықтан буында қозғалыс деңгейінің
шектелуі мүмкін.
Балаларда шынтақ буынына қозғалыс гимнастикасын (разработка)
жасағанда әдіскер балаға сау қолымен сынған жақ қолының білек буынын
ұстатып, білекпен тоқпан жілікті стөлдің үстіне көлденең деңгейде
орналастырып балаға шынтақ буыныңды өзің біртіндеп ауырғандығын
сезгенінше бүгіп, жазып қозға дейміз. Ауырған кезде тоқтат деп, кейін қайта
жазуын өтінеміз. Осылай біртіндеп қозғалыс деңгейін қалпына келтіреміз. Ол
гимнастиканы жылу емін алған соң жасаған дұрыс болады.
Сүйектер жабықтай орнына түспесе онда операция жасалады. Операция
жасағанда көбінесе тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігіне білектің жоғарғы 1/3
бөлігіне дейін жұмсақ тіндерді тіліп, бұл кезде жүйке бағаналары мен
олардың тарамдарының қай жерден өтетінін естен шығармай резеңке
ленталармен көмекші жоғары сыртқа қарай көтеріп тұрады. Сынық
бөліктерін тауып алып, сынықтарды орнына ашықтай салып, оларды екі
айқасымды сыммен айдаршықтардың сыртқы және ішкі жағынан енгізіп
тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінен диафиздің қатты қабырғасынан тесіп
шығарамыз.Сымның шығып тұрған ұштарын иіп қоямыз. Шынтақ буынын
100-110˚ бүгіп иық буынынан алақанға дейін гипсті 3-4 аптаға саламыз.
Айтылған мерзім өткен соң жоғарыда айтылған консервативті емді толық
қозғалыс көлемін алғанынша жалғастырамыз.
Айдаршық ұстілік жазылмалы сынықты жабықтай орнына салу: тоқпан
жілікті өстік бойымен төмен қарай тарту, білекті пронациялық қалыптан
супинациялық қалыпқа ауыстыру; тоқпан жіліктің төменгі басының
жалпақтық деңгейін бір қалыпқа келтіру, шынтақты біртіндеп 60˚-қа бүгу.
151
ШЫНТАҚ ӨСКІНІНІҢ СЫНЫҒЫ
Бұл сынық көбінесе шынтақ өсіндісіне тікелей құлағанда немесе тікелей
соққы тигенде болады. Кейде үшбасты бұлшықеттің шектен тыс жиырылуы
салдарынан жұлынып сынуы кездеседі. Жұлынып сыну көбінесе диск
лақтыратындарда болады. Шынтақ өсіндісінің сынуы буынішілік сыныққа
жатады.
Клиникасы: буынға қан жиналуы(гемартроз) себебінен буын көлемінің
үлкеюі, шынтақ буыны маңының тегістеліп кетуі, ауру өз еркімен шынтақ
буынын жаза алмауы жатады. Себебі шынтақ буынды жазатын тоқпан
жіліктің үшбасты бұлшықеті осы өсіндіге бекиді. Ол бұлшықеттің қызметі
шынтақ буынын жазу. Сынған өсінді артына үстіне қарай ығысады. Сол еттің
жиырылуы әсерінен басып көргенде өсінді өз орнында анықталмай одан
жоғары тұрады. Гюнтер үшбұрышының тепе-теңдігі бұзылады, ерікті
қозғалыс болмайды.
Тасымалдауы: Крамер шинасы арқылы екі буынды бекітіп салу әдісі
жоғарыда айтылған. Рентген тексеріс жасап көреміз.
108 сурет. Шынтақ өсіндісінің сыну түрлері
А) ығысусыз Б) ығысумен
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Емдеуі: шынтақ буынына пункция жасау арқылы жиналған қанды
сорып аламыз. Буынды 2-3 рет жуамыз 0,5-0,25%новокаинмен шаямыз,
буынға 1%-15мл новокаин енгіземіз.
Орнына салу үшін көмекші бір қолымен білезіктен екінші қолымен
білектің жоғары 1/3 бөлігінен ұстап шынтақты біртіндеп 150-180 С дейін
жазамыз. Жазу себебіміз сүйекті орнына салу принципіне негізделген.
Жазулы қалыпта гипсті саламыз. Тексеріс рентген жасап, егер рентгенде екі
бөлік арасындағы саңылау Каплан бойынша 0,2мм – ден көп болса, кейінгі
авторлардың айтуы бойынша 0,5мм көп болса операциялық жолмен емдеу
керек. Орнында тұрса 1-1,5 ай гипс саламыз. Жасына байланысты балаларда
2-3 апта өткен соң гипсті алып, рентген жасаймыз. Рентгенде бірінші реттік
сүйек мүйізгегі көрінісі болса онда шынтақты 110˚ бүгіп, жаңадан гипсті 1,5-
2айға салады. Содан кейін жоғарыда көрсетілгендей физио ем қозғалыс
гимнастикасы жасалады.
152
Егерде жоғарыда көрсетілген саңылаудың арақашықтығы үлкен болса
онда операциялық жолмен емделеді.
Жұлынған өсінді кішкентай болса үшбасты бұлшықет сіңірін көлденең
капрон жіп немесе лента енгізіп шынтақ сүйегінен көлденең тесіп, жіппен
таңып байлаймыз. Егерде ересек адамда сынған өсіндінің көлемі үлкен
болса, онда шуруппен орнына бекітеміз. Шынтақ буынына 110˚ гипсті 2айға
саламыз. Осы сынықты жабықтай немесе ашықтай орнына салғанда әрқашан
буын бетінің тегістігін нақты келтіруді естен шығармау керек. Тексеріс
рентгенде буын бетінде саты қалса, онда операциялық жолмен нақты буын
бетін келтіру керек.
109 сурет. Шынтақ өсіндісінің сынуын екі шегемен
және сыммен бекіту
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
110 сурет. Сүйекүстілік пластинамен бекіту
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Доцент Д.А. Бегимовтың шынтақ өсіндісін қара малдың іш пердесінен
жасалған жіппен тігу операциясы
Тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінен бастап артқы жағынан шынтақ
сүйегі бұдырына дейін теріні тіліп, сынып жоғары ығысқан бөлігін тауып
алып, оған бекіген үшбасты бұлшықеттің сіңірінен көлденең тесіп, одан
153
ішпердеден жасалынған жіпті өткізеді, екінші тесікті шынтақ сүйегінің
бұдырына көлденең тесіп, осы жіптің екінші ұшын өткізеді де сүйек
бөліктерін орнына салып жіп ұштарын тартып байлап, тігіс салады. Шынтақ
буынын 110˚-қа бүгіп, гипстік лонгетті 2-3аптаға салады. Тексеріс рентген
жасайды. Орнында тұрса лонгетті алып орамды гипсті 1-1,5 айға салып, осы
мерзім өткеннен соң гипсті шешіп, иық, білек бұлшықеттеріне массаж
жасап, қозғалыс жаттығулар, жылу емдерін жүргізеді. 3,5-4айдан соң
жұмысқа жарамды.
111 сурет. Шынтақ өсіндісінің сынығын қара малдың іш пердесімен тігу
Монтеджи және Галеаций сынықтары
Бұл сынықтардың 2 түрі болады. Ол жарақат алу себебіне байланысты
бүгулі, жазулы қалыпта сынады. Олар көбіне тікелей соққы тигенде болады.
Монтеджи сынығында шынтақ сүйегі жоғарғы немесе ортаңғы 1/3
бөлігінен сынып, кәрі жілік басы орнынан тайып кетеді. Бұл сынық бүгулі
қалыпта немесе қол жазулы қалыпта соққы тигенде болады. Бүгулі сынықты
қорғаныс сынығы деп атайды. Бұл жағдайда бірінші соққы шынтақ сүйегіне
тиіп, әрі қарай кәрі жілік басы алдына үстіне қарай ығысады. Шынтақ буыны
және білектің жоғарғы 1/3 бөлігі ісінеді, ауру шынтақ буынын бүге алмайды.
Себебі шынтақты әрі қарай бүккен жағдайда кәрі жілік басы жұмсақ тіндерді
езеді. Сондықтан ауру шынтақ буынын сәл жазған қалыпта ұстағанын жөн
көреді.Шынтақ буынының ішіне қарай (пронация)сыртына қарай
бұру(супинация) мүмкін болмайды. Шынтақ сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігінде
сәл ойық пайда болады.
154
112 сурет. Монтеджи сынығы
Тасымалдауы: Крамер шинасы.
Емдеуі: шынтақ буынына 1% новокаин 15мл енгізіп, тері астына 2%1мл
промедол ерітіндісін енгіземіз. Екі көмекші қажет. Бір көмекші бір қолымен
бас бармақты, екінші қолымен қалған саусақты ұстап өзіне қарай тартады.
Екінші көмекші бір қолымен тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінен артқа
қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен алдыңғы жақта шығып тұрған
кәрі жілік басын сыртқа қарай итеріп, өз орнына басады.
Шыққан сүйекті орнына салғанда кәрі жілік сынығы өз қалпына келеді.
Алақанын үстіне қаратып, шынтақты 90˚ бүгіп, білек осін сыртқа қарай
қайырып, сол қалыпта иықтан алақан – саусақ буынына дейін 4 аптаға дейін
гипстік байлап саламыз. Содан кейін гипсті алып сол қалпында орамды
гипсті салып 14-16 апта ұстаймыз. Ұзақ ұстау себебі ол мерзімнен ерте
алатын болса кейін кәрі жілік басының дағдылы шығуы болуы мүмкін.
Екінші себебі шынтақ сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігі сынса оның бітуі де өте
баяу өтеді.
Жазулы сынғанда кәрі жілік басы шынтақ буыны сыртқы жағында
шодырайып шығып тұрады. Бұл жағдайда шынтақ буынында ерікті қозғалыс
жасай алмайды. Шынтақ буынын астына үстіне қарай бұра алмайды.Бұл
жағдайда екі түрлі кәрі жілік шығуы кезінде де кәрі жіліктік жүйке
тарамдарының зақымдалуы мүмкін. Сондықтан саусақтардың сезімталдығы
төмендеп жойылуы мүмкін.
Орнына салу үшін тағы да жансыздандыру жасап, екі көмекші екі жаққа
қарай тартып жоғарыда айтылған бойынша дәрігер кәрі жілік басын сырттан
ішке қарай және алдына қарай итеріп орнына басады. Жоғарыда
айтылғандай мерзімде гипс салынады. Орнына екі жағдайда да түспесе онда
операциялық жолмен емдейміз.
Кәрі жілікті сыртқы жағынан ашып, кәрі жілік мойнынан капрондық
лентамен немесе басқа аллопластикалық тіндермен гомогетеро-пластикалық
тіндермен сақина тәрізді байламдарды қалпына келтіреміз. Гипсті 2 айға
саламыз.
155
113 сурет. Монтеджи сынығы. Орнына салу және бекіту
(тарту бағыттары стрелкамен көрсетілген)
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Галеаций сынығы
Бірақта білек, білезік буындарының анатомиялық ерекшелігіне
байланысты сымды алғаннан кейін жұмыс орындау барысында, әсіресе ауыр
жұмыс істейтін адамдарда кейін осы буынының кәрі жілік басы қайтадан
шығып кетуі кездесіп тұрады. Сондықтан ең қолайлы операция білектің
төменгі жағын екі жағынан тіліп, қос сүйектен қатар екі тесік бізбен тесіп
содан капрон немесе лавсан жіп өткізіп кәрі жілікке байлап қою керек.
Алақанды қырынан қойып, 8-10 апта шынтақтан алақан буынына дейін гипс
салады. Жұмысқа жарамдылығы 12-14 аптадан кейін.
114 сурет. Галеации сынығы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Шынтақ сүйегі тәж өсіндісінің дара сынуы
Ол өте сирек кездеседі. Ол көбінесе қосалқы түрде білек сүйектері артқа
қарай шыққанда кездеседі. Қатты ауырады, шынтақ буынын бүге алмайды.
Диагнозды тек рентген арқылы қоюға болады. Рентгенде сүйек өсінідісі
жоғары қарай brachialis internus бұлшықеті жиырылуы себебінен жоғары
қарай ығысады. Онша көп ығыспаған жағдайда емдеуі буынішілік сынық
емдеуі сияқты үлкен деңгейде ығысатын болса шынтақ буынын 45˚ бүгу
керек. Сөйтіп 4 аптаға гипс саламыз. Кейін әсіресе жас балаларда осы
буынның алдында сүйектік оссификат пайда болуы мүмкін. Сол үшін бұл
жерде ешқандай массаж жасамау керек. Сондықтан ерте қозғалыс жасау
қажет. Егерде сүйек бөлігі буын ішіне ығысатын болса онда операциялық
156
жолмен алып тастаайды. Тіндерді шынтақ буыны жазулы қалыпта орта
тұсынан тіліп, жүйке мен қантамырларын бір жағына қарай тартып ұстап
тұрады. Сөйтіп осы өсіндіні сыммен немесе шуруппен 4-6 аптаға дейін
бекітіп қояды.
115 сурет. Шынтақ тәж өсіндісінің сынуы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Кәрі жілік мойнының сынуы
Бұл сынық көбінесе тікелей соққыдан немесе кәрі жілік остік бойымен
әсер еткенде болады. Бұл сынық көбіне тоқпан жіліктің сыртқы
айдаршығының сынуымен және шынтақ шығуымен жүреді. Оның себебі
шынтақта шектен тыс сыртқа қарай қайырудан «гиперэкстензия».
116 сурет. Кәрі жілік басы мен мойнының сынуы
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Кәрі жілік басының сынуы
Көбіне жапырылып сынады, кейде ұзына бойы, бұл сынық көбінесе
буынға қан ұялаумен, ісінумен жүреді. Кәрі жілік басын басқанда қатты
ауырады. Шынтақ буынында қозғалыс шектеледі. Әсіресе шектен тыс бүгу
157
және жазу, білекті сыртқа қарай бұрау мүмкін болмайды. Сол себепті кәрі
жілік остік бойынан салмақ бергенде қатты ауырады.
Рентгенді екі қалыпта жасау керек. Егерде жілік басымен мойны
орнынан онша ығыспаса 3-4 апта гипс салады, жылы ванна, физиоем
қабылдайды. Ығысу үлкен деңгейде болса және кәрі жіліктік жүйкенің терең
бұтақшасы зақымдалса онда операция жасалады. Бұл жағдайда Кохер
тілігімен ашық кәрі жілік жүйкесінің зақымдалғандығын естен шығармау
керек. Сүйектің ақ қабығын сыдырып, сүйек жаңқасын алып
тастап,шынтақты 90-100˚ бүгіп, гипсті 2-3 аптаға саламыз. Кәрі жіліктің
басы алдына қарай шыққан жағдайда және жабықтай орнына түспесе жілік
басын алып тастау жақсы нәтиже береді.
Білек сүйектерінің диафизінің сынуы
Бұл сынықтар тікелей әсер еткенде болады. Білекке тікелей құлағанда,
тікелей соққы тигенде екі сүйек те сол жерден сынады. Білекті бүгіп, жазып
барып құлағанда бүгулі сынық пайда болады. Бұл жағдайда екі сүйек әртүрлі
жерінен сынады. Әрқайсысы ең жіңішке жерінен сынады. Кәрі жілік
жоғарғы жағынан, шынтақ сүйегі төменгі жағынан сынады.
Білек сүйектерін тығыз қоршап тұрған білек бұлшықеттері саусақ пен
алақанды жазатын, бүгетін бұлшықеттер және алақанды сыртқа қарай
қайыратын ұзын бұлшықет және бірінші саусақты жоғары керетін, сыртқа
қайыратын бұлшықеттер тартылып сүйек бөліктерін ұзына бойына
ығыстырады және сүйекаралық байламға қарай сығады. Сонымен қатар
пронаторлар өзіне бекитін сүйекті бұрайды. Білекті бүгетін және алақанды
астына қарай бұрайтын бұлшықеттер күші саусақтармен алақанды бүгетін
және алақанды астына қарай бұратын бұлшықет күшінен әлдеқайда күшті.
Сондықтан диафиз сынғанда білек пронация қалпында қалады. Егерде
сынық pronator teres – тің бекіген жерінен төмен болса, онда орталық сынық
бөлінгі пронация қалпында және шеткі де пронация қалпында болады.
Егерде кәрі жілік сынығы pronator teres-тің бекіген жерінен жоғары болса,
онда орталық сынық бөлігі супинация қалыпта болады.Оның себебі оған
бекитін тоқпан жілік екібасты бұлшықеті жиырылуынан сынық бөлігі алға
және жоғары қарай көтеріледі. Осы қатар шеткі бөлігі pronator teres – тің
жиырылуы салдарынан пронация қалпында қалады.
Кәрі жілік бұлшықеттері шынтақ бұлшықеттеріне қарағанда әлдеқайда
күшті.Сол себепті кәрі жіліктің ығысуы шынтаққа қарағанда үлкен деңгейде
болады. Сондықтан кәрі жіліктің ұзындығы шынтақ сүйегіне қарағанда
әлдеқайда қысқа көрінеді, білек кәрі жілікке иіледі.
Клиникасы: Диагноз қою өте жеңіл, сыртқы пішіні өзгереді, буынсыз
жерде қозғалыс пайда болады, сүйек сықыры болуы, шынтақ-білезік
буынында қозғалыс болмауы.
Диагностикасы: Рентген арқылы анықтаймыз.
Білек сүйегіндегі негізгі орын алатын ол пронация және супинация.
Олар еттердің әсеріне байланысты. Сонымен сүйекаралық байламдарды
158
естен шығармау керек. Супинация кезінде оның жалпақтығы 2,5см,
пронация кезінде бүктеліп сүйекаралық қашықтық 1-2 мм болады.
Пронацияда сүйектер бір-біріне жақындайды. Сондықтан білектің қос
сүйегінің сынуын салуға да емдеуге де өте қиын болып қиындық келтіреді.
Бұлшықеттер жиырылып, сүйек бөліктерін ығыстырады. Сонымен қатар
білекті бүгетін бұлшықеттермен пронаторлар еттері жазатын супинация
жасайтын және супинатор бұлшықеттеріне қарағанда күші әлдеқайда күшті.
Сондықтан диафиз диафиз сынғанда білек әрқашанда пронация қалпында
қалады. Егерде кәрі жілік пронатор бекіген жерден төмен сынса онда екі
бөлігі де пронация қалпында қалады. Егер кәрі жілік пронатор бекіген
жерден жоғары сынса онда орталық бөлігі супинация қалпында болып және
екібасты бұлшықеттің жиырылуы себебінен алға және жоғары көтеріледі. Ал
шеткі бөлігі пронатор жиырылуы себебінен пронация қалпында болады.
117 сурет. Білек сүйектерінің диафизінің пронатор терестің
118 сурет. Білек сүйектерінің сынуында гипстік байлам
бекіген жерден жоғары орналасқан және төмен салу
ерекшеліктеріорналасқан сынықтардың ығысу ерекшеліктері
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Білектің кәрі жілік жақтағы бұлшықеттері шынтақ жілік жақтағы
бұлшықеттеріне қарағанда әлдеқайда күшті. Сондықтан кәрі жілік ығысуы
үлкен деңгейде болады. Сол себепті білектің кәрі жілік жағы үлкен деңгейде
қысқарады және кәрі кәрі жілікке қарай иіледі.
Диагноз қою өте жеңіл. Сыртқы пішіні өзгереді, қатты ауырады,
буынсыз жерде қозғалыс пайда болады, сүйек сықыры анықталып, қызметі
бұзылады.
Рентгенді екі қалыпта жасау қажет.
Емдеуі: Сынған жерге 1% 20мл новокаин енгізіп, тері астына 2% 1мл
промедол енгізіп 10-15мин тосып, тоқпан жілікті 90˚-қа көлденең деңгейге
көтеріп, шынтақты 90˚-та бүгіп, бір көмекші тоқпан жілікті ортаңғы 1/3
бөлігінен ұстап, екінші көмекші бас бармағынан 2-3-4 саусақтан ұстап екі
көмекші екі жаққа өс бойымен тартып, ығысуды жояды. Сонымен қоса
көлденең деңгейде қолмен басып білектің осін түзетеміз. Сөйтіп біз білекті
супинация қалпына келтіреміз. Егерде кәрі жілік пронатор бекіген жерден
жоғары сынса, білекті орта қалыпта ұстаймыз. Кәрі жілік пронатор бекіген
159
жерден төмен сынса онда супинация мен пронация орта қалпына келтіреміз.
Сүйек орнына түскен соң білек сүйектерінің төменгі 1/3 бөлігі сынса гипстік
лонгетті алақан саусақ буынын қамтып тоқпан жілік жоғарғы 1/3 бөлігін
аламыз. Ал ортаңғы 1/3 бөлігі сынса тоқпан жілік ортаңғы 1/3 қамтып алақан
саусақ буынын қамтып аламыз. Жоғарғы 1/3 бөлігінен бастап алақан саусақ
буынына дейін шынтақ буынын 90˚-қа бүгеміз.
Білек сүйектері сынғанда Соколов және Ланда аппаратын салуға болады.
119 сурет. Білек сүйектерінің диафизінің сынуын Соколов және Демьянов
аппаратымен салу: а - Соколов; б - Демьянов
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Операция жасауға көрсеткіштер:
1. Ашық сынықтар болса
2. Сүйек арасына жұмсақ тін ілініп қалса
3. Жаңқаланып сынып, жаңқа сүйек осіне көлденең тұрса
4. Ірі қан тамырларымен жүйке зақымдалса
5. Жабықтай орнына салынбаған жағдайларда
Сүйекті бекітуге сүйекүстілік пластина, шеге, Илизаров аппаратын
қолдану керек.
120 сурет.Білек сүйектерін пластинамен бекіту
121сурет.Білек сүйектері сынығын Илизаров аппаратымен бекіту
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
160
Білек сүйектерінің негізінен сынуы
Бұл сынықтар көбінесе білек сүйектерінің төмен метаэпифизарлық
бөліміне алақанмен тіреп құлағанда болады. Мұны Колис сынығы деп
атайды. Бұл жағдайда шеткі бөлік алақан сыртына қарай ығысады, орталық
бөлік астына қарай ығысады. Егерде құлаған жағдайда білектің
метаэпифизарлы бөліміне алақанның сырт жақ бөлігіне құласа шеткі бөлігін
алақан жаққа ығысады, орталық бөлігі сыртқа үстіне қарай ығысады. Бұл
Смит сынығы деп аталады.
Алақанға тіке құлағанда онда білек сүйектерінің негізінен шаншылып
сынуы болады.
Клиникасы: Сыртқы пішіні өзгереді. Колис сынығында шеткі бөлігі
алақанның сыртқы жағында шығып көтеріліп тұрады, ал ішкі жағында
орталық бөліктің ұшы көрініп тұрады. Алақан сыртқа сәл қайырылулы
тұрады. Саусақтары жартылай немесе толық бүгулі болады.
Білезік буынында қозғалыс болмайды.
Орнына салу үшін 1% 20мл новокаин ерітіндісі енгізіліп, 5-10мин
тосамыз. Тоқпан жілік көлденең деңгейде 90˚-қа көтеріп, шынтақ буынын
90˚ бүгіп үстел үстіне қоямыз. Сынық сызық бойын үстел жиегіне әкелеміз.
Көмекші бір қолымен бас бармақтан екінші қолымен 3,4,5 саусақтарды
ұстап, екінші көмекші тоқпан жіліктің төменгі 1/3бөлігінен ұстап, өс
бойынша тартып кереді. Бірінші көмекші Колис сынығында алақанды өзіне
тартып біртіндеп төмен қарай иеді. Осы қалыпта орнына түссе шынтақ
буынынан бастап алақан-саусақ буынына дейін 1-1,5айға гипстік лонгета
салады. Тексеріс рентген жасалады. Осы мерзім өткен соң гипсті алып
алақанды түзу қалыпта орамды гипс 1айға салады. Смит сынығында жатқызу
жоғарыда айтылғандай сүйек орнына саларда дәрігер өзінің алақанымен
білекті ортаңғы 1,3 бөлігінен басып тұрады. Екі көмекші екі жаққа қарай ось
бойыментартады. Шеткі көмекші алақанды үстіне қарай қайырады. Осы
кезде дәрігер орнына салады. Гипсті алақан-саусақ буынынан бастап алақан
жақ бетінен 1-1,5айға салады. Осы мерзімөткен соң тексеріс рентген
жасалады және түзу қалыпта 1айға тағы гипс салады.
122 сурет.Білек сүйектерінің негізінен сынуы:
123 сурет.Кәрі жілік сынығын жабықтай орнына салу кезеңдері
а, в –Коллес сынығы;б, г –Смит сынығы; д –жиектік сынықтар
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
161
Достарыңызбен бөлісу: |