Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
Мұнда да жоғарыдағыдай тіліп тізе буынын ашады. Тізе буынын ұйыған 
қаннан  тазартып  жуады.  Ұсақ  сүйек  сынықтарын  алып  тастайды.  Сүйек 
бөліктерін  жараға  шығарып,  оларды  орнына  салады.  Осы  қалыпта  тізе 
тобығын  айналдыра  орамды  тігіс  капрон  жіп  ұштарының  біреуін  астынан 
үстіне  қарай  өткізіп  орамды  тігіс  салады  да  тізе  тобығының  жоғарғы 
бөлігінің ұшынан байлайды.  
Екінші жіпті тізе тобығының үстінен айналдыра төмен қарай өткізіп, тізе 
тобығының  астынан  байлайды.  Жіптің  артық  бос  ұшын  тобықтың  меншікті 
байламы  бойымен  жоғарыдан  төмен  қарай  асықты  жіліктің  бұдырына  дейін 
өткізеді.  Бұдырдан  бізбен  көлденең  тесік  жасап  осы  тесіктен  жіп  ұшын 
өткізіп оны тартып байлайды. Тізе буыны 150˚ бүгулі қалыпта болады. 
Екі жағдайда да бірінші тігіс бейімдеуші, бекітуші, ал екінші тігіс сүйек 
бөліктерін  мықтап  ұстап  тұру  үшін  және  жіпті  тартып  байлағанда  тізе 
тобығының  екінші  бөлігін  босаңсыту  үшін  салынады.  Сол  себептен  жіптің 
екінші  ұшын  асықты  жіліктің  бұдырынан  көлденең  өткізіп  тартып 
байлағанда  ортан  жіліктің  төртбасты  бұлшықетінің  тартылуын  төмендетеді. 
Жыртылған бүйір байламдарды тігеді. 4 аптаға гипстік тутор салады. Содан 
кейін қозғалыс жаттығуларын жүргізеді. 
 
143 сурет. Тізе тобығы сынғанда орамды кисеттік тігіс салу 
 
Менискілердің жыртылуы 
Жіктелуі: 

 толықтай көлденең жыртылуы 

 бекіген жерден сөгіліп жыртылуы 

 алдыңғы мүйізшесінің жыртылуы 

 артқы мүйізшесінің жыртылуы 

 денесінің жыртылуы деп бөлінеді. 
Себебі көбінесе хоккейшілерде, шаңғышыларда, футбол ойнайтындарда 
жиі  кездеседі.  Мениск  жыртылу  себебітізе  бүгіліп  барып,  бұралып, 
қайырылып  қалғанда  жыртылады.  Көбіне  ішкі  мениск  жыртылады,  оның 

173 
 
себебі  ішкі  мениск  буын  байламы,  буынқаппен  тығыз  байланысты  және 
сыртқыға қарағанда қалыңдау және доғашық болады. 
Клиникасы:  жаңадан  жыртылғанда  көбіне  тізе  буыны  соғылуы, 
гемартроз  деген  диагноз  қойылады.  Мениск  жыртылғанда  бірден  бір  нақты 
белгі ол тізе буынының қолайсыз қалыпта сіресіп қалуы (блокада) бұл белгі 
сиректеу кездеседі. 
 
144 сурет. H. Shahriaree бойынша мениск жыртылуының жіктелуі:  
I – ұзына бойына, II – көлденең жыртылуы, III қиғаш жыртылуы,  
IV – радиальды жыртылуы. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
1. Ішкі  мениск  жыртылуының  белгілері  Байковтың  жазылмалық 
белгісі. Оны анықтау үшін ауруды орындыққа отырғызып, тізесін 90˚ бүгіп, 
тізе  тобығы  меншікті  байламының  ішкі  жағынан  буынаралық  саңылауды 
тауып  алып,  бармақ  ұшымен  менискіні  буын  ішіне  итеріп,  екінші  қолымен 
тілерсектен  ұстап  дәрігер  жазады.  Егер  алдыңғы  мүйізше  жыртылса  тізені 
жазғанда  қатты  ауырады.  Сөйтіп  біртіндеп  денесінің  тұсын  тағы  да  басып 
тұрып, тізені жазғанда қатты ауырады.  Тақымының астынан артқы мүйізше 
тұсынан саусақпен басып тұрып, жазамыз.Солай қай жері жыртылғандығын 
анықтаймыз. 
 
Мениск жыртылуын анықтау әдістері 
 
2. Мак-Маррея, Штеймана-Бухарда белгілерін анықтау.Тағы да тізені 
90˚  бүгіп,  жоғарыда  айтылғандай  менискінің  әрбір  бөлігін  басып  тұрып 
тілерсектен  ұстап,  ішке  қарай  бұрап  немесе  сыртқа  қарай  бұрап  тізені 
жазамыз, жыртылған болса ауырады. 
3. Алақан  белгісі(симптом  ладони)  ауруды  үстел  үстіне  тізесін 
жазғызамыз.  Егерде  мениск  жыртылған  болса  тізенің  астынан  алақан  еркін 
өтеді. Өйткені ауру тізені толық 180˚ жаза алмайды. 

174 
 
4. Турнер 
белгісі.  Сезімталдығы  толықтай  жойылуы  немесе 
сезімталдығы  күшеюі.  Ол  үшін  инемен  тізе  тобығының  ішкі  және  сыртқы 
жағынан шаншып көреміз. 
5. Калош  белгісі.Адам  калошты  киерде  бірінші  тізесін  сәл  бүгеді, 
табанның  басын  төмен  иеді,  табан  алдын  ішке  қарай  сәл  бұрады.  Киерде 
табан басын сәл сыртқа бұрып, сәл көтеріп тізені жазады. Осы уақытта қатты 
ауырады. 
6. Саты  белгісі:ауру  сатыға  шыққанда  онша  ауырсынбайды,  түсерде 
қатты  ауырады.  Себебі  сатыға  жоғары  көтерілгенде  денесінің  салмағын 
зақымдалған аяғына емес қолына береді, түсер кезде бар салмақ аяққа түсуге 
мәжбүр болғандықтан қатты ауырады, науқас аяғының артымен түсетіні сол 
себептен. 
7. Төртбасты бұлшықеттің ішкі екі басты бұлшықетінің солуы. Оны 
анықтау үшін науқасты орындыққа отырғызып, екі тізесін тік жаздырып сан 
еттерін  қатайт  деп  сұраймыз.  Сонда  жыртылған  жақтағы  санның  екі  басты 
бұлшықетінің  қолмен  ұстағанда  жұмсақ  екенін  анықтаймыз.  Сау  жақта 
қатайып  тұрады.  Мениск  жыртылғанда  ішкі  бүйір  байлам,  алдыңғы  крест 
тәрізді  байламмен  бірге  жыртылуы  мүмкін.  Оны  үштік  бақытсыздық  деп 
атайды  (триада  несчастья).  Рентген  жасағанда  контрасттық  зат  жіберіп 
жасайды. Жыртылған жерге контраст деп еніп тұрады. Диагностикасы: УДЗ. 
Емдеуі: Артроскопия, мениск резекциясы. 
 
145 сурет. Менискіні тігудің артроскопиялық негізі"іштен-сыртқа". Сонымен 
қатар "сырттан-ішке" қарай тігу және степлерлеу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Крест және бүйір байламының жыртылуы. Бұл байлам шаңғышыларда, 
футболисттерде  хоккейсттерде  жиі  кездеседі.  Көбіне  бұралып  барып, 
қайырылып  қалғанда, кейде ауыр соққы әсерінен. 
Клиникасы:  гемартроз.  Алдыңғы,  артқы  жылжымалы  қобдиша 
белгілері.  Оларды  анықтау  үшін  ауруды  орындыққа  отырғызып,  тізесін  90˚ 
бүгіп,  аурудың  бақайын  өзінің  бақайымен  тіреп  отырып,  екі  қолының 
саусақтарымен  тақымы  астынан  ұстап,  балтырды  өзіне  қарай  тартады.  Егер 
алдыңғы  крест  тәрізді  байлам  жыртылса,  онда  асықты  жілік  айдаршығы 
алдына  шодырайып  шығады,  ал  егер  артқы  крест  тәрізді  байлам  жыртылса 
бір  қолымен  санынан  ұстап  итергенде  ортан  жілік  айдаршығы  алға  қарай 
шодырайып  шығады.  Бүйір  байламды  тексеру  үшін  ауруды  отырғызып, 

175 
 
тізесін  180˚  жазып,  санның  ортаңғы  1/3,  төменгі  1/3  бөлігіне  алақанды 
қойып, тізесімен тіреп сирақты сыртқа кереді.  
Егерде ішкі бүйір байлам жыртылса сирақ үлкен деңгейде сыртқа қарай 
қайырылады.  Сыртқы  бүйір  байлам  жыртылса  сирақты  ішке  қарай  санның 
төменгі  1/3  бөлігінен  тіземен  тіреп  тұрып  тартады,  егерде  сыртқы  бүйір 
байламы  жыртылса  сирақ  үлкен  деңгейде  ішке  қайырылады.  Санның 
ортасынан кергіш қойып және балтырды байлаған қалыпта рентген жасайды, 
сол арқылы сыртқы бүйір байлам жыртылса буынаралық саңылау кеңейеді. 
Керісінше  кергішті  балтырдың  арасына  орта  тұсына  қойып  ,  тілерсекті 
бір біріне байлап тартып, санды төменгі 1/3 бөліктен тартып байлап рентген 
жасап көреміз. Сонда ішкі буын аралық саңылау кеңейеді.  
Емдеуі: операциялық ем. Артроскопия. 
 
 
146 сурет. Артроскопия арқылы менискті алып тастау 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ортан жілік пен асықты жіліктің айдаршықтарының сынуы 
Бұлар көбінесе тікелей соққы болғанда кездеседі. 
Жіктелуі:  
1. Сыртқы айдаршықтың дара сынуы 
2. Ішкі айдаршықтың дара сынуы. T және  V тәрізді түрде кездеседі. 
Бұл сынықтар буынішілік сынықтарға жатады. 
 
 
147 сурет. Ортан жілік және асықты жілік айдаршықтарының сыну түрлері: 
а - дара, б - T-тәрізді, в - У-тәрізді г- жаңқаланған 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 

176 
 
Клиникасы:  үлкен  деңгейде  гемартроз,  тізе  буыны  көлемі  2-3  есе 
үлкейіп  кетеді,  маңы  тегістеледі,  тізе  тобығының  қалқып  тұру  белгісі 
болады(баллотированный  надколенник).  Оны  анықтау  үшін  жазулы  аяққа 
тізе тобығын басқанда астына қарай кіреді, жібергенде қалқып шығады. Тізе 
буынында ерікті қозғалыс болмайды. 
Сыртқы айдаршық дара сынғанда балтыр осі сыртқа қарай қайырылады, 
тізе буынында вальгустық пішін өзгерісі болады. 
Ішкі  айдаршық  сынғанда  балтыр  ішке  қарай  иіліп  тұрады.  Тізе 
буынында варустық пішін өзгеріс болады.  
Тасымалдау:  Крамер  шинасы  санның  жоғары  1/3  бөлігінен  бақай 
басына дейін.  
Емдеуі:  Буынға  пункция  жасап  қанды  толық  шығару  бірнеше  қабат 
жуып, артынан антибиотик енгізеді. Сыртқы айдаршықтар дара сынғанда бір 
көмекші  санның  ортаңғы  1/3  бөлігіне  көлденең  бинт  өткізіп  санды  сыртқа 
керіп тартады, екінші көмекші балтырдың төменгі төменгі 1/3 бөлігіне бинт 
өткізіп,  балтырды  ішіне  қарай  иіп  тартады.  Осы  кезде  гипс  орамды  байлам 
салынады.  
Ішкі  айдаршықтар  дара  сынғанда  керісінше  балтырдың  төменгі  1/3 
бөлігінен балтырды сыртқа қарай санның ортаңғы 1/3 бөлігінен бинт өткізіп 
оны  ішке  қарай  тартып  2-2,5  айға  гипс  салады.  Рентген  жасап  көреміз. 
Рентгенде  міндетті  түрде  буын  беттерінің  тегіс  болуына  баса  назар  аудару 
керек.  Егер  сәл  саты  қалса  операциялық  жолмен  ашып  винт,  шуруптармен 
бекіту керек.  
Айдаршықтың  T  және  V  тәрізді  сынығында  алғашқы  күндері  өкше 
сүйегі арқылы қаңқа тартып, 5-7кг салмақ жабықтай орнына салуға болады. 
Мұнда  да  буын  беттері  тегістігіне  баса  назар  аудару  керек.  Егер  буын  беті 
тегіс болмаса ашықтай операция жасау керек.  
 
148 сурет.Ортан жілік және асықты жілік сүйегі айдаршық арқылы 
сынуларын операциялық жолмен бекіту түрлері 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Асықты жіліктің (сирақтың) диафизінің сынуы 
Жіктелуі: 

 Шыбықтың дара сынуы 

 Асықты жіліктің дара сынуы 

 Екі сүйектің бірдей сынуы 

177 
 

 Сынық  орнына  байланысты  төменгі,  ортаңғы,  жоғарғы  1/3  бөлігінен 
сынуы 
Сынық түрлері бойынша:  

 Көлденең 

 Қиғаш 

 Бұралып 

 Жаңқаланып 

 Ығысумен 

 Ығысусыз 
 
149 сурет. Балтыр сүйектерінің сыну түрлері: а) винт тәрізді  
б) көлденең в) қиғаш г) жаңқаланып 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Ығысу түрлері бойынша: 

 Ұзына бойы 

 Бұрышталып 

 Бұралып 

 Көлденең деп бөлінеді. 
Себептері: тікелей соққы, жанама себептен. 
Көлденең сыну- көбінесе бір қатты беткейдің қырына соғылғанда. 
Қиғаш сыну-жалпақ беткейге құлағанда. 
Бұралып  сыну  -  балтырдың  төменгі  жағы  шектен  тыс  бұралған 
жағдайда. 
Жаңқаланып  сыну  -  әсер  еткен  күш  салмағына  және  жылдамдыққа 
тікелей байланысты. 
Клиникасы:  пішін  өзгерісі,  қысқару,  сүйек  сықыры  болу,  буынсыз 
жерде қозғалыс пайда болуы, ерікті қозғалыс болмауы. 
Тасымалдауы:  Крамер  шинасын  санның  жоғарғы  1/3  бөлігінен  бақай 
басына дейін. 
Емдеуі: сынық арасына 1% 20 мл новокаин ерітіндісін, тері астына 2% 1 
мл  промедол  ерітіндісін  енгізіп  10  минут  тосамыз.  Көлденең  сынса 
әрқашанда бірмезетте жабықтай орнына салуға тырысу керек. 
Аяқ  сүйектері  қиғаш  сынған  жағдайда  әрине  бір  мезетте  жабықтай 
орнына  салуға  болады.  Бірақта  гипс  салған  соң,  ісік  басылған  соң  сүйек 

178 
 
бөліктерінің  екінші    реттік  ығысуы  болуы  мүмкін.  Сондықтан  бұл  ауру  4-5 
дәрігер  бақылауында  болуы  тиіс.  Содан  соң  қайта  рентген  тексеріс  жасау 
керек. Екінші реттік ығысу болмаса онда гипстік лонгет үстінен орамды гипс 
байламын бекіту керек. 
Бұралып сынғанда көбінесе қаңқа тарту арқылы біртіндеп орнына салу 
керек.  Орнына  салуды  алғашқы  2-3  күннен  қалдырмай  орнына  келтіру 
қажет. Тексеріс рентген жасап орнына түскен жағдайда сол қалыппен 1,5-2ай 
қаңқа  тартуда,  Беллер  шинасында  жатуға  тиіс.  Осы  мерзім  ішінде  сүйектің 
бірінші  реттік  мүйізгегі  пайда  болады.  Содан  соң  тексеріс  рантген    жасап 
гипстік  орамды  санның  жоғарғы  1/3  бөлігінен  бақайдың  басына  дейін 
модельдеп  4-5ай  салу  керек.  Балтыр  сүйегінің  нашар  бітетін  жері  балтыр 
төменгі  1/3  бөлігі.  Себебі  балтыр  ортаңғы  1/3  бөлігінен  бастап    балтыр 
бұлшықеттері сіңірге айналады. Сіңірдің  қанайналымы нашар дамыған. Бұл 
жерде жабықтай орнына салу оңай, гипс салғанша орнында ұстап тұру қиын. 
Екінші себебі кіші жіліншік қандай қалыпта тұрмасын ерте бітіп кетеді 
де асықты жілікке кергіш болып тұрып қалады. Сондықтан жалған буын ең 
жиі кездесетін орны асықты жіліктің төменгі 1/3 бөлігі. Сол себепті төменгі 
1/3  бөлігі  сынғанда  көбінесе  кермелі  сығылмалы  Илизарова  аппаратын 
салады (ВКДО).  Кей жағдайда шыбықтың 6-7 см алып тастау керек. 
 
Операциялық жолмен емдеу түрлері: 
 
а 
б 
в 
150 сурет. Асықты жілікті операциялық емдеу тәсілдері: а) БИОС-пен бекіту 
б) Илизаров аппаратымен бекіту  в) пластинамен бекіту 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Тобықтардың сынуы(лодыжка) 
Тобықтардың сынуы өте жиі кездеседі. 
Жіктелуі: 

 Сыртқы тобықтың сынуы 

 Ішкі тобықтың сынуы 

 Тобықтың дара  сынуы 

 Екі тобықтың бірдей сынуы 

 Ығысумен 

 Ығысусыз 

179 
 
Себебі:  тікелей  және  жанама  әсерлерден  болады.Табанның  сыртқа 
немесе ішке қарай қайырылып қалған жағдайда.  
Клиникасы:  сынған  жерде  ісік  пайда  болады,  ауру,  қозғалыстың 
шектелуі. 
Ішкі  тобықтың  дара  сынып  ығысқан  жағдайда  сынған  жерге  1%  20мл 
новокаин  ерітіндісін,  тері  астына  2%  1мл  промедол  ерітіндісін  енгізеді. 
Тізені  90˚  бүгіп,  өкшеден  ұстап,  толарсақ  буынында  варустық пішін  өзгеріс 
жасап, гипсті тізе буынынан бастап, бақай басына дейін 1 айға салады. 1 ай 
өткен  соң  гипсті  алып  рентген  жасап  көріп,  табанды  түзу  қалыпта    тағы  
1айға  гипстік  етікше  салынады.  Сыртқы  тобық ығысып  сынғанда  керісінше 
жоғарыда  көрсетілгендей  тізені  бүгіп,  өкшеден  ұстап  сыртқа  қарай  
қайырып, толарсақ буынды вальгустық пішін  
жасап 1 айға гипс салады. 1ай өткен соң рентген жасап гипсті алып табанды 
түзу  қойып  рентген  жасап  тағы  1  айға  гипс  салынады.  Орнына  түспеген 
жағдайда МОС жасалады. 
Дюпюитрен сынығы аяқталған және аяқталмаған деп екіге бөлінеді. 
Бұл  сынықтың  болу  себебі  табанды  сыртқа  қарай  қайырып  құлаған 
жағдайда  болады.  Табанды  сыртқа  қайырып  құлаған  жағдайда  ішкі  жақ 
дельта тәрізді байлам созылып,керіліп ішкі тобықты ұшынан жұлып әкетеді. 
Ары қарай салмақ қызыл асық(таранная кость) сыртқы тобыққа тіреліп өстік 
салмақтың  қиғаш  түсу  салдарынан  кіші  жіліншік  төменгі  1/3  бөлігінен 
сынады.  Әрі  қарай  салмақ  түскен  жағдайда  қызыл  асық  сыртқа  жартылай 
немесе толықтай шығады. Мұны Дюпюитренаяқталған сынығы деп аталады. 
Егер  қызыл  асық  жартылай  немесе  толықтай    шықпаса,  екі  тобық  сынған 
жағдайда да бұл Дюпюитреннің аяқталмаған сынығы деп аталады.  
Осындай  қалыпта  қызыл  асық  өзінің  үстіңгі  жақ  жиегіне  екі  жілік 
арасына  кіріп  кетеді  де  сүйекаралық  синдесмозды  жыртып  жібереді.  Егер 
тағы да қызыл асық жартылай немесе толық шықса Дюпюитреннің аяқталған 
сынығы деп аталады. 
 
151 сурет. Тобықтардың сыну түрлері (стрелкамен күштің түсу бағыты 
көрсетілген),а — ішкі тобықтың пронациялық (абдукциялық) сынуы,  

180 
 
б — сыртқы тобықтың пронациялық (абдукциялық) сынуы,  
в — сыртқы тобықтың супинациялық (аддукциялық) сынуы, г— сыртқы 
тобықтың пронациялық (абдукциялық) сынуыдельта тәрізді байламның 
жыртылуы және табанның сыртқа шығуы, д—екі тобықтың пронациялық 
(абдукциялық) сынуыментабанның сыртқа шығуы, е—сыртқы тобықтың 
пронациялық (абдукциялық)сынуы дельта тәрізді байламының және 
балтыраралық синдесмоздың жыртылуы, ж — екі тобықтың пронациялық 
(абдукциялық) сынуымен балтыраралық синдесмоздың жыртылуы және 
табанның сыртқа шығуы, з — асықты жіліктің артқы қырының сынуы,  
и — асықты жіліктің алдыңғы қырының сынуы, к— екі тобықтың 
супинацялық (аддукциялық) сынуы. 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
 
152 сурет. Балтыр сүйектерінің екі тобығының артқы жиегінің сынуымен 
жілік аралық синдесмоздың жыртылуы табанның артқа сыртқа қарай 
шығуын орнына салу кезеңдері (I-III) мен гипстік бекіткіш салу(IV-VI). 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Егер  табан  ішке  қарай  бұралып  барып  құлаған  жағдайда  қызыл  асық 
өзінің  ішкі  бүйір  қабырғасымен  ішкі  тобыққа  тіреліп,  салмақ  салдарынан 
ішкі  тобықты  буын  бетінен  сындырып  жібереді.  Сыртқы  дельта  тәрізді 
байлам  сыртқы  тобықты  ұшынан  жұлып  әкетеді.  Екі  жақты  өстік  салмақ 
салдарынан  қызыл  асық  жартылай  және  толықтай  шығып  кетеді. 
Дюпюитреннің біткен сынығы деп аталады. 
Клиникасы: Дюпюитреннің аяқталған сынығында абдукциялық сынық 
болғанда  толарсақ  буынында  вальгустық  деформация  байқалады.  Өкше 
табан сыртқа қарай қайырылып тұрады. Асықты жіліктің төменгі жағы ішке 
қарай  шығыңқы  тұрады.  Оның  сыртқы  пішіні  өзгереді,  ешқандай  ерікті 
қозғалыс болмайды.  
Аддукциялық аяқталған Дюпюитрен сынығы болған жағдайда өкшемен 
табан  ішке  қарай  бұралып  тұрады  да,  толарсақ  буынында  варустық 
деформация  байқалады.  Балтыр  сүйегінің  өсі  сыртқа  қарай  шығып  тұрады. 
Буында ерікті қозғалыс болмайды. 
Тасымалдау:  Крамер  шинасымен  тізеден  бақай  басына  дейін  артқы 
жағынан  салады  немесе  осы  шинаны  «U»  әріпі  тәрізді  иіп,  табанының 
астынан кигізіп бекітеді. 

181 
 
Диагностикасы: Рентген жасайды. 
Емдеуі:  Буынға  1%  20мл  новокаин  енгізіп,  тері  астына  2%  1мл 
промедол  енгізіп,  дәрігер  ауру  тізесін  90˚  толық  бүгіп,  бір  қолымен  өкше 
сүйегін  ұстап,  екінші  қолмен  тілерсек  төменгі  1/3  бөлігін  ұстап,  өкше  мен 
толарсақ буынынан ішке қарай бұрайды. Осы кезде сынық бөліктері орнына 
түседі.  Осы  қалыпта  толарсақ  буынына  варустық  қалыпта  гипстік  етікше 
салады.  Кейде  етікше  саларда  үлкен  ісік  болған  жағдайда  бинтті  орап-орап, 
жіп  тәрізді  қылып,  екінші  бақайдың  арасынан  көмекші  ұстап  тұрады.  Гипс 
салып  болған  соң,  осы  жіптің  бойымен  скальпельмен  тілік  жасап  қояды. 
Олай  жасау  себебі  аяқта  ісік  ұлғайған  жағдайда  гипстің  тілінген  арасы 
ашылып, тіндегі некроздық өзгерістің алдын алу үшін. Содан кейін тексеріс 
рентген жасалады.  
Сүйек орнына түссе осы қалыпта науқас таяқпен 1-1.5 ай сынған аяққа 
баспай  жүреді.  Осы  мерзім  өткен  соң  гипсті  алып,  толарсақ  буынын  түзу 
қалыпта  шығарып,  рентген  жасап  қараймыз.  Сүйек  орнында  болса  тағы 
1айға гипс салынады. Науқасқа толықтай аяғына салмақ беріп басып жүруге 
рұқсат етеміз.  
Қызыл асық ішке қарай шыққан жағдайда жоғарыда айтылғандай тізесін 
бүгіп,  өкше  сүйегімен  толарсақ  буынын  сыртқа  қарай  қайырамыз.  Осы 
қалыпта  жоғарыда  көрсетілгендей  1-1.5  айға  гипс  салынады.  Содан  соң 
рентген  жасап  сүйек  орнында  болса,  табанын  түзу  қойып  1-1.5  айға  гипс 
саламыз. Бірінші рет орнына салғанда сүйектер орнына түспесе тобықтарды 
шегемен бекіту операциясы жасалады.  
Тобықтар  сынуымен  синдесмоз  жыртылған  жағдайда  жоғарыда 
көрсетілген  тәсілмен  орнына  салып,  гипс  қатпай  тұрып  екі  алақанмен 
синдесмозды  екі  жағынан  сығады.  Содан  соң  тексеріс  рентген  жасағанда 
балтырды  толарсақ  буынын  ішке  қарай  25˚  бұрып  рентген  жасап  көреді. 
Синдесмоз  қалпына  келген  жағдайда  осы  гипспен  2  ай  жүреді.    Синдесмоз 
орнына    келмесе  операциялық  жолмен  болт  тартқышпен  синдесмозды 
қалпына келтіреміз. 
 
Потто, Десто сынықтары 
Бұл сынықтар Дюпюитреннің алғандағы жағдаймен қоса жүреді. Мұнда 
табан сыртқа не ішке қарай бұралып барып құлаған кезде табанның алды бір 
затқа тіреліп, үстіне қарай шектен тыс қайырылған жағдайда қызыл асықпен 
балтыр сүйектері арасын жалғап буынқап керіліп, тартылып асықты жіліктің 
төменгі  артқы  жиегін  жұлып  әкетеді.  Осы  кезде  қызыл  асық  артқа  қарай 
шығып кетеді. Бұл Десто сынығы деп аталады. Рентгенде айқын көрінеді.  
Потто  сынығында  жоғарыдағыдай  бұралып  барып  құлағанда  табанның 
алдыңғы жағы, табан үсті бір затқа тірелген жағдайда толарсақ буын астына 
қарай  шектен  тыс  қайырылады.  Осы  кезде  буынқап  тартылып,  созылып 
асықты  жіліктің алдыңғы  төменгі  жақ  жиегін  жұлып  әкетеді.  Сөйтіп  қызыл 
асық алдына қарай шығып кетеді. Рентген жасағанда айқын көрінеді.  
Тасымалдауы: Крамер шинасы. 

182 
 
Емдеуі:1%  15мл  новокаин  ерітіндісін  және  тері  астына  2%  1мл 
промедолды енгізіп жоғарыда айтылған тәсілмен сыртына не ішіне шығуына 
байланысты  орнына  салып,  қызыл  асық  шыққан  жағдайда  табанды  алдына, 
үстіне  қарай  шектен  тыс  қайырып  гипсті  1-1,5  айға  салады.  Осы  мерзім 
өткен соң гипсті алып, табанды түзу қалыпта рентген жасап, орнында тұрса 
тағы  да  түзу  қалыпта  табанға  гипс  салады.  Аяққа  толықтай  түзу  қалыпта 
жүруге рұқсат береміз.  
Потто  сынығын  орнына  салу  үшін  енді  табанды  шектен  тыс  астына 
қарай  иіп  1-1,5  айға  гипс  салады.  Осы  мерзім  өткен  соң  рентген  жасап 
орнында  тұрса  табанды  түзу  қалыпта  қойып  гипстік  етікше  1айға  салып, 
аяғына  жүруге  рұқсат  береді.  Бірінші  реттік  орнына  салғанда  қалпына 
түспесе  шуруппен  немесе  жібек  жіппен  тігіс  салу  арқылыоперациялық 
емжасалады.  
Өкше сүйегінің сынуы 
Бұл сынық көбінесе биіктен секіріп өкшеге құлағанда болады. 
Жіктелуі: 

 Тікесінен денесінің сынуы  

 Арқы бұдырының сынуы немесежұлынуы 

 Ұзына бойы сынуы 

 Жаңқаланып сынуы 

 Жапырылып сынуы 
 
 
153 сурет. Өкше сүйегінің сынуы:а — өкше сүйегі бұдырының тікелей 
сынуы; б — өкше сүйегі бұдырының құстұмсық тәрізді көлденең сынуы;  
в — өскіннің ажыратылған сынығы;г — жаншылып сынуы. 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Клиникасы:өкше  маңы  шектен  тыс  ісінеді.  Өкшенің  көлденең  деңгейі 
жалпаяды,  сыздап,  кернеп  ауырады,  өкшеге  салмақ  түсіре  алмайды.  Табан 
астының күмбезінің тегістеліп кетуі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет