Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


Тасымалдауы: Крамер шинасын тізеге дейін салу. 
Емдеуі:1%    20мл  новокаин  ерітіндісін  және  тері  астына  2%  1мл 
промедол ерітіндісін енгіземіз. Тізе буынын 90˚бүгіп, гипстік етікше салып, 
гипс  қатпай  тұрғанда  сау  жақ  табан  астының  күмбезінің  тереңдігін  қарап 
отырып, сынған аяқтың табан асты күмбезін модельдеп, сау жақ табан асты 
күмбезі деңгейіне келтіру керек. Гипс қатқан соң осы күмбез астына гипстік 
жастықша  жасап  осы  ойық  астына  тіреуіш  қылып  қойып бинтпен  ораймыз. 

183 
 
Рентген  жасап  көреміз.  Сүйек  бөліктері  орнында  болса  2-2,5  айға  толық 
басып жүреді.  
Есте болатын жағдай: өкше сүйегі сынып орнынан ығыспаған жағдайда 
табан  асты  күмбезіне  гипстік  жастықша  қоюға  тиіспіз.  Өйткені,  ісік 
басылған  соң  гипс  үгітіліп,  өкше  сүйегі  сынықтары  төмен  ығысып, 
майтабандылыққа  әкеліп  соғады.  Сондықтан  гипстік  жастықша  қоюға 
міндеттіміз.  
Қызыл асықтың (топай)сынуы 
Бұл  сүйек  сынуы  жоғарыдан  құлағанда  өкше  сүйегі  сынуымен  бірге 
жүруі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  қызыл  асық  адам  салмағымен  өкше  сүйегі 
арасына сығылған жағдайда  оның да сынуы мүмкін. 
Ал оның дара сынуы көбіне табан үстінен қызыл асық мойнына тікелей ауыр 
соққы тигенде, көбінесе мойны сынады, денесінің сынуы сирек кездеседі. 
 
154 сурет. Қызыл асықтың сынуы: а — қоректенуі бұзылуынсыз;  
б — қоректенуі бұзылуымен 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Клиникасы:  толарсақ  буыны  маңы  үлкен  деңгейде  ісінеді,  буында 
қозғалыс  шектеліп  тегістеледі.  Қызыл  асық  мойны  тұсын  басып  көргенде 
қатты ауырады.  
Рентгенде:  айқын  көрінеді.  Орнынан  ығыспаған  жағдайда  емдеуі 
жоғарыдағы  айтылғандай  гипстік  етік  салып,  міндетті  түрде  табан  асты 
күмбезін  модельдеп  гипстік  жастықша  салып  3-3,5  айға  гипс  бекітеміз. 
Қызыл  асық  сынғанда  көбінесе  асептикалық  некроз  болуымен  асқынады. 
Сондықтан  осы  мерзім  ішінде  ешқандай  салмақ  түсіруге  болмайды.  Гипс 
салған  соң  ток  жылу  емін  қолдану  қажет(СМТ  №10,  амплипульс  №5, 
электрофарез+ СаСl №15 күн). Бұл адам  6-8 ай еңбекке жарамсыз. Ығысып 
орнына түспеген жағдайда операциялық жолмен шуруппен бекітеміз. 
 
155 сурет. Қызыл асық сүйегінің сынуында остеосинтез 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

184 
 
Табан сүйектерінің сынуы 
 
Ладья  және  сына  тәрізді  сүйектердің  дара  сынуы,  сынып  шығуы  сирек 
кездеседі.  Кейде  метатарзальдық  сүйектердің  сынып  шығуымен  жүреді. 
Себебі  олар  көбіне  табан  үстіне  ауыр  зат  түскенде,  кейде  табанды  үстіне 
қарай  бүккен  жағдайда  болады.  Ладья  сүйегінің  сынуы  табанды  өстік 
қалпында  шектен  тыс  үстіне  қарай  бүккенде  болады.  Бұл  сүйек  табанның 
күмбезінің  ең  биік  нүктесі  болып  табылады.  Сол  себепті  сына  тәрізді 
жапырылады  және  үстіне  қарай  шығады.  Осындай  жағдайда  куб  тәрізді 
сүйекте сынуы мүмкін.  
Клиникасы:  табанның  үстінде  ісік  кейде  сол  жерде  пішін  өзгерісі 
болады, қатты ауырады. Бірінші бақай бойымен өстік салмақ бергенде ладья 
сүйегінің  тұсы  ауырады.  4-5  саусақты  өстік  бойымен  басқанда  куб  тәрізді 
сүйектің тұсы ауырады. Аяқты басып жүре алмайды.  
Диагностикасы: рентген жасау.  
Емдеуі:  бұл  сүйектер  орнынан  ығыспай  сынған  жағдайда  гипстік 
лонгета  салынады.  Ісік  басылған  соң  оралымды  гипстік  етікше  салынады. 
Мііндетті түрде табан күмбезінің астына гипстік жастықша қояды. Гипсті 2-
2.5  айға  салады.  Гипсті  алған  соң  бірнеше  айға  табан  астына  супинатор 
салып жүреді. Орнынан ығысқан жағдайда бір көмекші балтырмен табанның  
артқы  жағын  мықтап  ұстап,  үстөлге  басып  ұстайды.  Екінші  көмекші 
табанның  алдыңғы  жағынан  ұстап,  жоғары  қарай  тартады.  Осы  жағдайда 
дәрігер  саусағымен  ладья,  куб  тәрізді  сүйектерді  орнына  басып  салады. 
Сөйтіп гипстік етікшені 1-1.5 айға салады.  
Табан сүйектерінің сынуы 
Оның  себебі  табан  үстіне  ауыр  зат  құлағанда,  автокөлік  дөңгелегімен 
басқанда болады. 
Жіктелуі: 

 Табан сүйектерінің дара сынуы 

 Табан сүйектерінің көптеген сынуы 

 Қосарланған сынықтар табанның басқа сүйектерімен бірге сынуы 
Орнына  ығыспай  сынғанда  табан  үстінде  аздаған  ісік  пайда  болады, 
жүргенде ауырады. 
Сыну түрлері: көлденең, қиғаш, негізінен сыну, кейде үгітіліп сынады.  
Емдеуі:  орнынан  ығыспаған  сынықтарда  гипстік  таңғыш    2айға 
салынады. Бұларды емдегенде де табан астының қалыпты жағдайын сақтауға 
тиіспіз.  Үлкен  деңгейде  ығысып  сынғанда  тырнақ  бақайшақтарынан  қаңқа 
тарту  арқылы  жабықтай  орнына  салып  гипстік  етікше  2-2.5  айға  салады. 
Орнына түспесе операциялық жолмен сым өткіземіз. 
IX ТАРАУ. СҮЙЕКТЕР МЕН БУЫНДАРДЫҢ АШЫҚ 
ЖАРАҚАТТАНУЫ СҮЙЕКТІҢ АШЫҚ СЫНУЫ 
Сүйектің ашық сынығы деп, сынық алған уақытта бір мезетте жара пайда 
болуын айтамыз. Ол екіге бөлінеді: бірінші және екінші ашық сынық. Бірінші 
деп жара мен сынық жарақаттанған уақытта пайда болса, екінші ашық сынық 
деп жаңқаның ұшы теріні іштен сыртқа қарай тесіп шықса айтады. 

185 
 
Барлық сынықтардың ішінен 8-10% ашық сыныққа жатады. Алғашқыда 
қан  кету  және  шок,  кейіннен  жараның  іріңдеуіне  байланыстыөмірге  қауіп 
төнуі  мүмкін.  Жарақаттың  асқынуы  тіннің  қалай  зақымдалуына  көп 
байланысты.  Егер  тіндер  аздап  зақымдалса,  жара  асқынбай  жазылады  да, 
сүйектің  уақытында  бітуіне  зардабын  тигізбейді.  Керісінше  жара  үлкен 
болып, жарадан сынған сүйектің ұштары шығып тұрса сынықтың асқынуына 
әкеп соғуы мүмкін. А.В. Каплан мен О.Н. Маркованың ашық сынықты бөлу 
әдісі бойынша, тіннің қалай зақымдалғанын көрсету үшін бірінші үш римдік 
санмен алғашқы үш әріпті қолданған. "А" әрібі тіннің жеңіл зақымдалғанын, 
қан  айналысының  бұзылмағанын  көрсетеді.  Мысалға  кесілген,  тесілген 
жаралар.  "Б"  әрібі  -  зақымдалғанның  орташа  түрі.  Қан  айналысы  азғана 
жерде түгел немесе жартылай бұзылған. Мысалы жыртылған, соғудан болған 
жара.  "В"  әрібі-тіннің  көлемді  жерінің  қан  айналысы  бұзылып,  өлі  етке 
айналған түрі. Ашық сынықтың ІА, IIА,IIIА түрлері көбінесе сынған сүйектің 
үшкір  ұшының  тінді  іштен  сыртқа  қарайтесіп  шығуынан  пайда  болады.  ІБ, 
ІІБ,  ІІІБ  түрлері  -  теріде  соғудан  болған  жараның  барын  және  оның 
астындағы  бұлшықеттердің  қанталап,  кіші  және  орта  көлемді  тамырлардан 
қан кетуімен көрінеді. Ашық сынықтың IB, ІІВ, IIIВ түрінде көлемді жердің 
жұмсақ  тіндері  зақымдалып,  сүйектері  үлкенді-кішілі  жаңқаланып 
орындарынан таяды, еттердің көбі езіліп кетеді. 
Ашық  сынықтың  IV  түрінде-қол  немесе  аяқтың  өмір  сүру  қабілеті 
жойылады,  оған  себеп  жарақаттану  кезінде  тек  бұлшықеттер  ғана  емес, 
сонымен  бірге  сүйек-қантамырлардың  қоса  жаншылып,  езіліп  қалуынан 
болады.  Қол-аяқтың  сақталып  қалуы  тек  қана  жарақаттанған  тіндердің, 
әсіресе тамырлардың зақымдалуының көлеміне байланысты болады. 
Ұзын түтікше сүйектердің диафизі мен метафизінің ашық сыну түрлері 
/А. В. Каплан, О. Н. Маркова/. 
 
 
 
Сынған жері 
тоқпан      жілік,      шынтақ,      кәрі      жілік,    ортан      жілік, 
үлкен    жіліншік,    кіші    жіліншіктердің   жоғарғы және 
төменгі метафиздері. 
Тоқпан    жілік,    шынтақ,      кәрі    жілік,    ортан      жілік, 
үлкен      жіліншік,      кіші      жіліншіктердің      диафиздерінің 
жоғарғы, ортаңғы және төменгі 1/3 бөлігі. 
Сынықтың 
түрлері 
■ 
көлденең,  қиғаш,  бұралып,    жарылып,  үгітіліп,  екі   
жерден   орынығыстырмай   және   ығыстырылып сынуы 
 
Жараның көлемі 
Терініңжәне 
астындағы 
тіндердің 
зақымы 
жара 
кішкене 
немесе 
(1,5 см 
дейін) 
орташа 
(2-9 см) 
үлкен(10 
см-ден 
үлкен 
болса) 
өзгеше (өтe ауыр) 

186 
 
А. Жеңіл 
жаракат 
I А 
II А 
III А 
Қол-аяқтыңтіршілігінің 
киындауы (Сүйектің үгіліп, 
бүлшық еттердің көлемді 
жерінің езілуі, үлкен-қан 
тамырлардың зақымдалуы 
Б. Орташа 
жарақат-
жыртылған 
жара 
I Б 
II Б 
III Б 
 
 
В. Ауыр 
жарақат-
езілген, 
жаншылған 
жара 
I В 
II В 
IIIВ 
 
 
Әрбір  ашық  сыныққа  бактериялар  түсті  деп  қарау  керек.  Сондықтан 
жара асқынып кетуі мүмкін /іріңдеу, анаэробтық, сіреспе/. 
Жара  асқынуының  себептері:  көлемді    жердің  зақымдалуы,  жарада  өлі 
еттердің  болуы,  қанайналысының  бұзылуы.  Сонымен  бірге,  жараның  қай 
жерде  болуы.  Жарасирақтың  алдыңғы  жағында  болса,  көбінесе 
сүйектіңшіруіне  әкеліп  соғады.  Жараны  асқындырмау  емдеудің  негізгі 
міндеттерінің бірі болып есептеледі. 
Емдеу: Емханаға ашық сынықпен түскен ауру тоқтаусыз емдеуді керек 
етеді.  Ең  бірінші  міндет  ауруды  шоктан  шығару.  Сонан  соң  жарасының 
көлеміне қарамай операция жасау керек.Операция жасауға ең қолайлы уақыт 
жарақаттанғаннан  кейінгі  бірінші  6-8  сағат  болып  есептеледі.  Неғұрлым 
операция  ерте  жасалса,  соғұрлым  жараның  асқынуы  аз  болады.  Алдымен 
жараның  айналасын  0,5-1%  нашатырлы  спиртпен  тазартып,  түгін    жарадан  
10  см    жерге  дейін  қырады.  Жараның  жан-жағына  йод  ертіндісін  екі  рет 
жағады да, стерилдеген ақ сүлгімен қоршайды. Үлкен тамыр үзілмесе, жгут 
салынбайды.  Жараның  асқынбауы  үшін  негізгі  міндет  барлық  өлі  еттерді 
алып  тастау  керек.  Өйткені  олар  микробтың  өніп-өсуінс  қажетті  орта  (156 
сурет). 
 
156 сурет. Бірінші хирургиялык тазалаудың жобасы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 

187 
 
Жараның шетін үнемдей, қан айналысы бұзылмаған жерден кесіп алып 
тастайды.  Беттің,  табанның  және  алақанның  терісін  кесіп  алмайды.  Ал 
терінің  астындағы  майды  көбірек  кесіп  алу  керек.  Апоневроздың  шетін 
үнемдеп  алған  соң,  астындағы  жатқан  тіндерді  тексеріп  көру  үшін  ұзын 
бойымен кесіп үлкейтеді. Бұлшықеттерді қарап олардың өлі-тірісін анықтау 
қажет.  Олардың  түрін,  етті  кескенде  жиырылу-жиырылмауы,  қанауы-
қанамауы  арқылы  білуге  болады.  Сүйектің  тек  қана  ұсақ,  бос  бөлшектері 
ғана  алынып  тасталады.  Былғанған  орта  және  үлкен  бөлшектерді 
антисептикалық  ертінділермен,  антибиотик-термен  тазалап  орнына  салады. 
Оларды алып тастаған жағдайда сынған жерде сүйектер бір-бірімен тиіспей, 
аралары  бос  қалады.  Бұл  апарып  сүйектің  бітпей,  жалған  буынның  пайда 
болуына  әкеп  соғады.  Мұқият  гемостаз  жасалады.  Бірінші  хирургиялық 
тазалау  жараны  тігумен  аяқталады.  Жараны  толық  тігу  тек  қана  жараның 
асқынбайтынына  толық сенімді  болған  жағдайда  ғана  қолданылады.  Егерде 
қан  айналысы  нашар  болса,  жара  үлкен,  еттері  езілген  жағдайда  алғашқы 
тігісті байқап қолданған жөн. Қолданған күннің өзінде жара асқынбау үшін 
дренаж  салу  керек.  Тіккен  кезде  терісі  тартылып  тігілсе,  ол  жараның 
бітпеуінс  себеп  болады,  сондықтан  тігіп  болған  соң  жараның  маңайын 
босататын тіліктер жасайды. 
Егер  операциядан кейін жара  тігілмей кейінге қалдырылып 2-3 күннен 
кейін,  жараның  асқыну  белгілері  білінбеген  жағдайда  тігілсе,  оны  бірінші  - 
кейінге  қалдырылған  тігіс  деп  атайды.  7-14  күннен  кейін,  жара  өлі  еттен 
арылып,  грануляция  пайда  болғанда    тігілген    тігісті  алғашқы  екінші  тігіс 
дейді. 
Тігісті  жараның  шетін  кесіп  алмай-ақ  сала  береді.  Өйткені  жараның 
шеттері  бір-біріне  ешқандай  күшсіз-ақ  жақындайды.  Егерде  жараның  өлі 
еттері  көпке  дейін  кетпей  ұзаққа  созылған  жағдайда,  жараның  шеті 
тыртықталып, бірі-біріне жақындамайды. Бұндай жараны тігу үшін алдымен 
жараның шетін кесіп алғаннан кейін тігеді. Бұндай тігісті кейінгі екінші тігіс 
деп  атайды.  Екінші  тігістің  қай  түрі  болмасын  жараның  іріндеген  кезінде 
және науқастың  жағдайының нашарлаған уақытында қолдануға болмайды. 
Ашық  сынықты  хирургиялық  тазалау  әр  уақытта  сынықты  орнына 
салып,  бекітумен  аяқталады.  Аталып  өткен  шаралар  тек  қана  жараның 
іріңдемеуі  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  сүйектің  уақытында  бітуіне 
жасалған  қолайлы  жағдай.  Орнына  салғаннан  кейін  сынған  сүйекті 
қозғалтпай  бекітуге  жабық  сынық  сияқты,  қаңқа  тартумен,  гипстік 
бекіткішсалуымен  немесе  әртүрлі  темір  бекіткіштерді  қолдану  арқылы 
жетеді. 
Ашық  сынықты  емдеуге  қолданылатын  әрбір  әдістің  өзіне  тән 
ерекшеліктері  бар.  Жара  үлкен,  былғанған,  өлі  еттері  көп  жағдайда  темір 
бекіткіштерді  қолдануға  болмайды.  Өйткені  жара  іріңдеп  кетуі  мүмкін. 
Мұндай жағдайда компрессиялық-дистракциялық аппаратты қолданған жөн. 
Өйткені  сынықтың  тұсында  темір  болмайды,  жараны  бақылауға  мүмкіндік 
береді, сонымен бірге сынған жерді қозғалтпай бекітіп тұрады. 
Кейінгі уақытқа дейін гипсті таңғышпен қаңқа тарту өздерінің маңызын 
сақтап  келеді.  Гипсті  таңғыш  өзіне  тән  кемшіліктеріне  қарамай  /жараның 

188 
 
жағдайын бақылау  қиындайды, қажайды/, дұрыс қолданып салынса, сынған 
жерді бекітіп, аурудың  жүріп-тұруына  мүмкіндік береді. Қаңқаны тартудың 
гипсті  таңғыштан  артықшылығы  жараның  жағдайын  байқап,  асқынбауға 
уақытында  шара  қолданылады,  орнына  салынған  сүйек  екінші  рет  орнынан 
таймайды. 
Жараны асқындармаудың негізгі жолы бірінші хирургиялық тазалаумен 
қоса  науқасқа  антибиотиктер  беру.  Антибиотиктерді,  жараның  түріне 
байланысты,  жараның  айналасына,  еттердің  арасына,  тамырға  жіберуге 
болады.  Сонымен  катар  жараның  маңайында  қан  ұяламай,  жараның 
эксудаты уақытында ағып, жиналмауына көңіл бөлу қажет. 
 
БУЫННЫҢ АШЫҚ ЖАРАҚАТТАНУЫ 
Ашық  немесе  буынның  ішіне  кіруі  деп  буын  қабының  жарақаттанған 
кезін  айтады.  Бейбітшілік  уақытта  буынның  ашық  жарақаттануы  сирек 
кездеседі.  Көбіне-көп  және  де  қабаттасқан  жарақаттарда  болады.  Әр 
буынның  жарақаттануының  жиілігі  әртүрлі.  Көбінесе  тізе  мен  шынтақ 
буындарының  ашық  жарақаттануы  жиі  кездессе,  жамбас-сан  мен  иық 
буындарында  сирек  кездеседі.  Саусақ  буындарының  ашық  жарақаттануы 
сүйектің  сынуы  және  жұмсақ  тіндердің  езілуімен  қоса  қабаттасады. 
Жараның  көлемі,  сүйектің  қоса  сынған-сынбағанына  байланысты  барлық 
буынның ашық жарақаттануы мынадай топқа бөлінеді: 
1.  Тесілген  немесе  тесіле  кесілген  буынның  жарасы.  Жараның  шеттері 
бір-бірімен жабысып түрады. 
2.  Аузы  ашық  жаралар  немесе  ашық  шыққан  буында  кездесетін 
жаралар. 
3. Буын ішіндегі ашық сынықтар. 
Тесілген немесе тесіле-кесілген жара болған жағдайда жүмсақ тіндер аз 
зақымдалады,  буынның  сіңірлері  мен  үлкен  тамырлар  аман,  буынның  беті 
зақымдалған. Жараның асқынуы сирек кездеседі. 
Ауызы  ашық,  буын  шыққан  кезде  болатын  жарада  жұмсақ  тіндердің 
зақымдалуы  көбірек,  буын  сіңірлері  үзіліп,  буынның  шеміршектері 
зақымдалуы мүмкін. Жараның асқындауы көбірек. 
Буын ішіндегі ашық сынықта жұмсақ тіндер закымдалуы көп, жараның 
асқынуы  жиі.  Буынның  ашық  жарақатының  жазылуы  тек  кана  жұмсақ 
тіндердің  зақымдалу  көлеміне  ғана  байланысты  емес,  сонымен  бірге 
жараның  асқынуы,  іріңнің  буынның  жан-жағына  жайылуына  байланысты. 
Кейбір  буынның  жарасының  асқынуы  аурудың  өміріне  қауіп  төндіреді. 
Мысалы, жамбас-сан тізе буындарының жарасы кейде сепсиске айналады. 
Буынның  тұсында  жарасы  бар  ауруды  тексергенде  алғашқы  міндет  ол 
жараның,  буынның  ішіне  кіру,  кірмеуі,  және    буынның    жарақаттануының   
көлемін   анықтау  болып есептеледі.  
Тесілген  немесе  тесіле  кесілген  жараны  тексергенде,шеттерінің  бір-
бірімен  жабысып  қалғандығынан  жара  ішке  кірген  жағдайдың  өзінде  буын 
сұйығы  сыртқа  ақпайды.  Буын  ісіп,  қозғағанда  ауырғаны  анықталады.  Ал 

189 
 
жараның  ауызы  ашылса  буынның  ісуі  азаяды,  себебі  буынға  жиналған  қан 
мен буынның сұйығы жара арқылы сыртқа ағып кетеді. 
Буынның  ішіндегі  сүйектер  сынған  жағдайда  буынның көлемі  үлкейіп, 
қозғап көргенде қатты ауырып,  сүйектің сықырлағаны білінеді. 
Жарақаттанған  буынды  толық  тексеру  үшін  міндетті  түрде  рентгено-
грамма жасау керек. 
Емдеу: Алғашқы медициналық көмек: жараны таңып, ауырғанын азайту 
үшін промедол немесе омнопон жіберіп, иммобилизациялық таңғыш салады. 
Буынның  ашық  жарақаттануын  емдеу  үшін  бірінші  хирургиялық  тазалау 
керек.  Бірінші  хирургиялық  тазалау  неғұрлым  ертерек  жасалса,  соғұрлым 
жара  тез  жазылады.  24  сағаттан  асып  кетсе  хирургиялық  тазалау  үшін 
ерекше  көрсеткіш  керек.  Жұмсақ  тіндерді  кескенде,  буын  кабының  бітеу 
тігілетінін еске алып кеседі. Буын ашық қалса ол кейіннен іріңдеп кетеді. 
Тесілген жараны емдегенде, егер жұмсақ тіндер көп зақымдалмай, сүйек 
аман  болса,  бірінші  хирургиялық  тазалау  тек  қана  жараның  шетін  үнемдеп 
кесіп,  буын  қабының  жарасын  үлкейтіп,  ұйыған  қанды  алып  тастайды  да, 
буынның ішін антисептикалық ерітіндімен жуған соң, жараны жауып тігеді. 
Буынға тыныштық беру үшін тіккен жіпті алып тастағанға шейін (10-12 күн) 
гипсті  таңғыш  салады.  Салған  гипс  буынның  ауырғанын  басады,  жараның 
бітіп, асқынбауына себебін тигізеді. 
Кейінгі уақытқа шейін гипсті таңғышпен қаңқа тарту өздерінің маңызын 
сақтап  келеді.  Гипсті  таңғыш  өзіне  тән  кемшіліктеріне  қарамай  жараның 
жағдайын  бақылау  қиындайды,  қажайды,  дұрыс  қолданып  салынса,  сынған 
жерді бекітіп, аурудың  жүріп-тұруына  мүмкіндік береді. Қаңқаны тартудың 
гипсті  таңғыштан  артықшылығы  жараның  жағдайын  байқап,  асқынбауға 
уақытында  шара  қолданылады,  орнына  салынған  сүйек  екінші  рет  орнынан 
таймайды. 
Жараны асқындармаудың негізгі жолы бірінші хирургиялық тазалаумен 
қоса  ауруға  антибиотиктер  беру.  Антибиотиктерді,  жараның  түріне 
байланысты,  жараның  айналасына,  еттердің  арасына,  тамырға  жіберуге 
болады.  Сонымен  катар  жараның  маңайында  қан  ұяламай,  жараның 
эксудаты уақытында ағып, жиналмауына көңіл бөлу қажст. 
Аузы  ашық жара  болса,  сонымен  бірге  буынның  ашық шыққан  немесе 
буынның  беті  ашық  сынған  уақытта  бірінші  хирургиялық  тазалау  өте 
ұқыпты  жасалу  қажет.  Жараның  шеті  мен  қабырғасын  үнемдеп  кесіп, 
буынның  ішін  мұқият  тексеріп,  бос  жатқан  сүйектің  сынығын,  үйыған  қан 
болса алып тастайды да, зақымдалган тамырдан аққан қанды тоқтатады. 
Буынның ішіндегі сынған сүйек көлемді болса, буынның бетін үнемдей 
кесіп,  буынның  ішін  антисепитикалық  ерітіндімен  жуып,  жараны  тігеді. 
Иммобилизациялық  таңғыш  салып,  басқа  жасалатын  ем  жараның  асқынуы-
асқынбауына байланысты болмақ. Алдымен буынның ішіне қан немесе сары 
су  жиналған-жиналмағанын  бақылау  керек.  Жиналған  күнде  буын  үлкейіп, 
ауырғаны  көбейіп,  флюктуация  пайда  болады.  Мұндай  жагдайда  буынды 
тесіп оларды сорғызып алады. Өйткені, қан немесе сары су микробтың өсіп-

190 
 
өнуіне  жақсы  орта  болып  есептеледі.  Егер  ірің  болмай,  тек  қана  сары  су 
болса сорғызып алған соң буынның ішін антисептикалық ерітіндімен жуып, 
антибиотик  жіберу  керек.  Егер  де  аурудың  жағдайы  киындап,  ісігі  көбейіп, 
ыстығы  көтеріліп,  буыннан  ірің  кездескенде,  буынды  ашады  да  дренаж 
қойып  сорғыш  арқылы  үздіксіз  ағызады.  Буын  іші  іріңге  толып  кетсе, 
дренажды  бірнеше  жерге  қою  керек.  Сепсиске  айналған  жағдайда  немесе 
сүйек  шірісе,  буынға  екінші  рет  резекция  жасалады.  Егер  де  қолданылған 
емдеу  тәсілдері  көмек  бермесе  аурудың  өмірін  сақтау  үшін  ампутация 
жасауға тура келеді. 
Буын ашық жарақаттанганда кездесетін тағы басқа асқыну түрлері: 
1. Деформациялық артроз. 
2. Буын қозғалысының  азаюы, бұлшықеттің семуі. 
3. Буын қозғалысының жойылуы. 
4. Буынның былқылдап қалуы және үйреншікті шығу пайда болады. Бұл 
асқыну  үлкен  жара  болып,  буын  сіңірлері  үзіліп,  буын  қабығының 
жыртылуынан  болады.  Бұндай  жағдайда  аяқты  басып  жүру  қиындап,  еңбек 
етуге кедергі тугызады. Емдеу тек қана операция арқылы жүзеге асырылады, 
ал операция жасауға болмаса тутор немесе аппарат қолданылады. 
 
X ТАРАУ. ПОЛИТРАВМА 
Әрбір  мүшенің  және  мүшелержүйесінің  жарақаттануы  жекелеген 
(монотравма)  және  политравма  деп  екіге  бөлінеді.  Жекелеген  жарақаттану 
(монотравма)  деп  бір  мүшенің  немесе  тірек-қозғалыс  аппараттың  бір 
бөлігінде  (сүйек,  буын)  болатын  жарақатты  айтады.  Іш  құрылыс 
органдарында  жекелеген  деп  тек  қана  іш  құрылысының  бір-ақ  мүшесінің 
жарақатын айтады. 
Егерде  тірек-қозғалыс  мүшелерінің  жарақатына  қосымша  кан  тамыры 
мен  нерв  тамырлары  жарақаттанатын  болса,  оны  асқынған  жарақат  деп 
атайды. 
Политравмадеген  сөз  жинақталма  түсінік  болып,  оған  мынадай  
механикалык  жарақаттар  кіреді:  көптеген,  қосалқы,  құрастырылған 
жарақаттар. 
Көптеген  механикалық  жарақатқа  бір  қуыс  ішіндегі  екі  немесе 
бірнеше  мүшелердің,  тірек-қозғалыс  мүшелерінде  не  аяқтың,  не  қолдың  әр 
бөліктерінің  жарақаттары  жатады.  Мысалға,  іш  құрылысында  бауыр  мен 
ішек, аяқ пен қолда сан сүйегі мен білек сүйектерінің сынуы. 
Қосалқы жарақат деп бір уақытта екі немесе бірнеше іш қуыстарының 
мүшелері  немесе  іш  мүшелері  және  тірек-қозғалыс  аппараттарының 
жарақатын  айтады.  Мысалға,  көк  ет  және  қуық  жарақаттары,  кеуде 
қуысының  мүшелері  және  аяқ  сүйектерінің  сынуы,  бас  сүйек-ми  жарақаты 
және жамбас сүйектерінің жарақаты. 
Құрастырылған  жарақат  деп  әртүрлі  жарақаттандыру  факторлары 
әсер еткенді айтады. 
Мысалға, ортан жіліксынуы мен кез келген жердің күйігі. Бұл жағдайда 
екі фактор әсер еткен. Кейде бұдан да көп факторлар әсер етуі мүмкін. 

191 
 
Көптеген,  құрастырылған  және  қосалқы  жарақаттардың  өзгешелігі 
мынада:  клиникалық  белгілерінің  ерекше  ауыр  болып  дененің  маңызды 
мүшелерінің  қызметі  бұзылады,  диагноз  қоюдың  қиындығында,  емдеу 
күрделілігінде, мүгедектіктің және өлім көрсеткішінің пайыздық мөлшерінің 
көп болуында. Мұндай жарақаттар жарақаттық шокпен, көп қан кетумен, қан 
айналысы  мен  дем  алудың  бұзылуымен  қабаттасуынан  болады.  Бұл 
категориялы жарақаттанғандар  травматологиялық бөлімдегі аурулардың 15-
20% болады. 
Мұндай  жарақаттардың  ауыртпашылығы  мынада:  егер  жекелеген 
сынықтардан қайтыс болғандар2% болса, көпшілік жарақатта 16% көтерілсе, 
қосалқы жарақаттарда аурудың өлімі  50%-ға дейін жетеді. 
Көптеген жарақат мынадай ерекшеліктермен сипатталады: 
1. Өзара ауырлату синдромы байқалады. Мысалға, қан кету жарақаттық  
шоктың  пайда  болуына  әсер  етеді  де,  жарақаттанған  адамның  халін 
нашарлатады. 
2.  Кей  уақытта  тіркестік  жарақат  болғанда  ауруға  керекті  толық  ем 
жасау  мүмкін  болмайды.  Мысалға,  кеуде  сүйектерінің  сынығы  тоқпан 
жіліктің  сынығымен  тіркескен  болса,  тоқпан  жіліктің  сынығын  орнына 
салып торокобрахиальдық гипспен бекітуге мүмкіндік болмайды. 
3. Мынадай өте ауыр асқынулар: көп қан кету, шок, токсемия, бүйректің 
кемістігі, майлы эмболия, тромбэмболия аурудың жағдайын өте қиындатады. 
4.  Көптеген  қосалқы  жарақаттар  бір-бірінің  клиникалық  белгілерінің 
толық білінуін жойып, диагноз қоюда әртүрлі қателіктерге әкеп соғады. 
Политравма  көбіне  көлік  апаттарында,  немесе  үлкен  биіктіктен 
құлағанда  кездеседі.  Мұндай  жағдайларда  көбінесе  20  мен  50  жас 
арасындағы  адамдар  жарақаттанады.  Көптеген  және  қосалқы  жарақатта 
бірінші  көмек  беру  мен  емдеу  өте  қиындыққа  түседі,  себебі  негізгі 
диагнозын қою өте қиын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет