Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата13.04.2020
өлшемі6,59 Mb.
#62353
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия


 
ҚОЛ-АЯҚТЫҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯЛАРЫ 
Остеохнодропатия  -  тек  қана  жас  балалар  мен  жеткіншектерде 
кездесетін  ауру.  Остеохондропатия    қайсүйектің  қай  жерінде  болуына 
қарамай созылмалы қатерсізауру болып есептеледі. 
Аурудың  пайда  болу  мәні  сүйекте  қан  айналысы  бұзылуының 
әсеріненжәне  ауыртпалық  түсуінің  салдарынан  сүйектің  кеуек  жерлерінде 
асептикалық  шірік  пайда  болады.  Ауру  көбіне  ұзын  сүйектің  апофизі  мен 
эпифизін  зақымдандырады,  кейде  қысқа  сүйектерде  де  кездеседі. 
Омыртқаның  денесіндегі  остеохондропатия  (Кальве  ауруы)  және 
омыртқаның  апофизінің  остеохондропатиясы  (Шоерман-Мау  ауруы)  аздап 
кездеседі.  Остеохондропатия  көбінесе  аяқ  сүйектерінде  көптеп  кездеседі, 
оның ішінде: сан сүйегінің басында (Пертесауруы), үлкен жіліншік сүйегінің 
бұдырмағында (Шляттер ауруы), табанның ладья тәрізді сүйегінде (Келлер I 
ауруы),  табанның  ІІ-ІІІ  бақайшак  сүйектерінің  басында  (Келлер  II  ауруы) 
және тағы басқа да сүйектерде кездеседі.  
 
ОРТАН ЖІЛІК БАСЫНЫҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ 
Ортан  жілікбасы  эпифизінің  остеохондропатиясы  әдебиет  бетінде 
Пертес ауруы деп аталады, себебі Пертес бірінші рет толығымен осы ауруды 
1910  жылы  жарыққа  шығарды.  Біздің  елімізде  бұл  ауруды  бірінші  рет  1924 
жылы Э. Ю. Остен-Сакен жазды. 

219 
 
 
 
 
Ортан  жілікбасының  остеохондропатиясы  басқа  ортопедиялық  балалар 
ауруының  ішінде  1,3%  болады.  Ауру  көбінесе  4-13  жас  арасындағы  ер 
балаларда жиі кездеседі. 
Ортан  жілік  басының  остеохондропатиясы  асептикалық  шіру  түрінде 
өтеді де бес сатыға бөлінеді. 
Остеохондропатияның I  сатысында- шіру сатысы ортан жілікбасының 
кеуекті 
заты 
зақымдалып 
шеміршегі 
өзгермейді 
(субхондралдық 
асептикалық шіру). 
II  сатысында  -  ортан  жілікбасының  кеуекті  затыныңтөзімсіздігінен 
ортан жілік басы қабысады (қабысу сатысы). 
ІІІ сатысында - ортан жілікбасының шіріген сүйек балкалары сорылып, 
шағын бөліктер пайда болады (үзінділер сатысы). 
IV  сатысында  -  репарация  сатысы.  Дұрыс  емдегенде  қабысқан  ортан 
жілік басы өзінің алғашқы түріне келеді. Егерде ауруды ерте анықтап, дұрыс 
емдесе  
V  сатысында  -  яғни  ортан  жілік  басы  өз  пішінін  жойып,  буын 
қозғалысына  кедергі  жасайды  да  буын  жүргенде,  қозғалғанда,  жүк 
көтергенде ауыратын болады. 
Ауру  этиологиясы  жөнінде  әр  түрлі  көзқарастар  бар.  Дегенмен  де 
көпшілік оқымыстылар (Н. П. Новаченко, М. И. Ситенко, М. В. Волков т.б.) 
остеохондропатияның пайда болуының алғашқы себебі  ортан жілікбасының 
кеуекті  жерінде  зақымданусалдарынан  қан  айналысының  нашарлауынан 
болатындығын айтты. 
Ортан  жілік  басының  остеохондропатиясы  жасырын  басталып,  белгісіз 
жүреді  де,  кейіннен  жамбас-сан  буынында  аздаған  ауру  басталып,  ауруда 
ақсау  басталады.  Көпшілік  уақытта  ауру  тізе  буынынан  басталады  да, 
ауырғандық  кешке  қарайкүшейе  түсіп,  түнде  ауырғаны    басылады.  Аяқты 
басып  жүрсе    және    үлкен    ұршыққа    салмақ    түсірсе    буында    ауру 
сезілмейді. Кейіннен жамбас-сан буынында аяқтың сыртқа қарай  
тартылуы  мен  буыннан  айналуы  азаяды.Толық  диагноз  қоюда  рентгендік 
тексерістің  маңызы  өте  зор.  Кейде  Лауенштейн  жағдайында  рентгенге 
түсірген  жөн.  Бұл  жағдайда  сан  басының  аздаған    болса  да  шірігендігін 
анықтауға  мүмкіндік  болады.  Рентгендік  қөріністер  аурудың  сатысына 
байланысты. 
Уақытында  ауруды  ерте  анықтап,  ерте  дұрыс  емдемесе  ауырған  бала 
келешекте өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. 
 

220 
 
 
158 сурет. Остеохондропатияның көп кездесетін  
орындарын көрсететін торап 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Емдеу. Пертес ауруын консервативті емдеудің мақсаты ертерек жамбас-
сан буынын ауыртпалықтан жеңілдету болып есептеледі. Себебі, ауру аяғын 
басып  жүрсе,  тіпті  жүрмей  төсекте  жатқанда  буынды  қоршап  тұратын 
бұлшық  еттердің  әсерінен  зақымдалған  сан  басы  жамбас  шұқыршағына 
тіреліп  оның  қабысуына,  түрін  өзгертуіне  әкеп  соғады.  Ауыртпалықты 
жеңілдетудің  бір  амалы  табанға  гипстен  жасалған  етікше  жасап  содан 
тартып,-  әйтпесе  балтырға  желім  немеселейкопластырь  жапсырып  тарту 
қажет. 
Пертес  ауруын  емдеуде  консервативті  әдістен  басқа  хирургиялық  әдіс 
қолдануға  болады.  Хирургиялық  әдістің  мақсаты  сан  басының  кеуек 
сүйегінің  асептикалық  шіруін  тоқтатып,  оның  өз  қалпына  келуіне  тиімді 
жағдай  жасау  болып  есептеледі.  Сол  мақсатпен  сан  басының  мойнына 
туннелизация  жасау  керек.  Ол  үшін  мойынның  орта  өсіне  бұрғы  не  бізбен 
тесік  
жасап,  осы  тесікке  аллотрансплантат  немесеортан  жіліктен  тіліп  алынған 
шыбық сияқты трансплантатты бұлшықетімен бірге кіргізеді. Бұл кіргізілген 
трансплантат сан басының қан айналысын жақсартады. Осы мақсатпен ортан 
жіліктің  бас  жағында  кіші  ұршықтан  төменгі  жағынан  остеотомия  жасайды 
(Мак-Маррей операциясы). 
Консервативті  әдіспен  емдегенде  ауыртпалықты  жеңілдетуден  басқа 
қосымша ЛФК, ауру аяқтың етін уқалау, витаминдер, қан құю жөн болады. 
Ем ұзақ және үлкен шыдамдылықпен 2-4 жылға созылуы керек.  

221 
 
АСЫҚТЫ ЖІЛІК БҰДЫРМАҒЫНЫҢ 
ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ (ШЛЯТТЕР АУРУЫ) 
Бұл  ауру  13-18жасқа  дейінгі  жасөспірім  ер  балаларда  кездеседі. 
Көбінесе екі жақты болады. 
Асықты  жілік  бұдырмасы  тұсында  ауыратын  icік  осы  жер 
зақымдалғанда  пайда    болады   және  ол  жүргенде  немесе  бірдеңе  тиіп  кетсе 
ауруы үдей түседі. 
Консервативтік  әдіспен  емдегенде  аяқтың  артын  гипстік  таңғышпен 
бекітіліп, 
хлоридті 
кальцийдің 
немесе 
новокаин 
ерітінділерімен 
ионогальванизация  жасау  керек.  Оперативтік  әдіс  өзінің  жақтаушыларын 
таба алмады. 
 
АЯҚТЫҢ ЛАДЬЯ ТӘРІЗДІ СҮЙЕГІНІҢ 
ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЪІ(КЕЛЛЕРДІҢ I АУРУЫ) 
Өте сирек және жасы 3-7 аралықтарында ер балаларда кездесетін  ауру. 
Табанның  ішкі  және  үстіңгі  жағында  ісік  пайда  болып  ауырғаны  қолмен 
басқанда  күшейе  түседі.  Рентгенге  салып  тексергенде  ладья  тәрізді  сүйек 
өзгереді.  Оның  өзгерісі  аурудың  сатысына  байланысты  болады:  ладья  түсті 
сүйектің  тіндері  сирейді,  қабысады  немесе  әртүрлі  бөліктерге  бөлінеді. 
Аяқты  гипстіктаңғышпен  таңып,  физио  ем  жасалса  ауру  толығымен 
жазылып кетеді. 
 
БАҚАЙШАҚ СҮЙЕКТЕРДІҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ 
(КЕЛЛЕРДІҢ II АУРУЫ
Алдыңғы  ауруға  қарағанда  Келлердің  II  ауруы,  яғниІІ-ші  немесе  ІІІ-ші 
бақайшақ  сүйектерінің  остеохондропатиясы  көбірек  кездеседі  де  13-  18  жас 
арасындағы қыз балаларда кездеседі. 
Басқа 
сүйектерде 
кездесетін 
остеохондропатияның 
сатыларын 
қайталайды.  Табанның  саусақтары  жағында  аздаған  ауру  пайда  болады  да, 
ол  жүргенде  үдей  түседі.  ІІ-ші  немесе  ІІІ-ші  бақайшақ  тұсында  аздаған  ісік 
пайда 
болады. 
Рентген 
суретінде 
II, 
IIIбақайшақтың 
басында 
остеохондропатияға тән өзгерістер көрінеді. Емдеу үшін аурудың табанынан 
гипсті етік кигізіп, оны 6 айға дейін ұстайды. 
 
ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ЖАЛҒАН БУЫН  
Туа пайда болған жалған буын дегеніміз – ұзын түтікті сүйек бойында 
кемістік  болып,ол  жерде  патологиялық  қозғалыстың  болуы.Туа  болған 
жалған буын көбінесе балтыр сүйегінің төменгі жағында кездеседі. 
Этиологиясы.  1937жылы  оқымысты  Бохи  ангиография  арқылы 
балтырдағы  артерия  қантамырларының  және  олардың  тармақтарының 
жетімсіздігін анықтады. Осы әдіспен асықты жіліктің алдыңғы артериясының 
жоқтығын дәлелдеді. 
Симптомдары:  формасының  өзгеруі,сүйек  кемістігі  бар  жерде  әдеттегі 
болмайтын  қозғалыстың  болуы  және  аяқта  гипотрофия  болады.Алғашқы 
уақытта сүйек кемістігі бар жерде ауырсыну болмай, кейіннен пайда болады. 

222 
 
Кемістіктің тұсында терісі қатайған, ал кейде тыртықтанып өзгереді. Балтыр 
сүйектері  қысқа  болады  да,  көлемі  кішірейеді.  Сондықтанда  екінші  ретті 
қисаю  болады.  Жамбас  сүйектері,  аяғы  қысқа  жағына  қисаяды  да,  омыртқа 
жотасында сколиоз пайда болады. 
Рентгендік суреті аурудың формасына байланысты болады. 
Бірінші  формасы-  тығыз  жалған  буын  болғанда  жалған  буынды 
құрастырған  сүйек  ұштары  қатты  болып  қисаю  бұрышы  аз  болады.  Мұндай 
жалған  буын  бала  туғаннан  кейін  пайда  болады  (постнатальдық  жалған 
буын). 
Екінші  формасы  –  қозғалысты  жалған  буында  сүйектің  екі  ұшында 
атрофия  болып,  ұштары  сүйір  болады  да,  екі  сүйектің  арасындағы  қисаю 
бұрышы  өте  үлкен  болады.  Мұндай  жалған  буын  бала  жатыр  ішінде 
жатқанда пайда болған кезде болады (пренатальдық форма). 
Үшінші  формасы  –  түтік  сүйек  бойындағы  сүйектің  көп  көлемді 
кемістігі балтыр сүйектерінің  төменгі 1/3 бөлігінде кездеседі. 
Емдеуі. Емдеуі тек операция жасау арқылы. Ем нәтижелі болу үшін үш 
шартты толығымен орындау қажет. Бұл үш шарттар: 

 Ұқыпты  түрде  патологиялық  фиброзды-диспластикалық  тіндерді 
толығымен кесіп алып тастау; 

 Белсенді  түрде  қалпына  келу  шамасы  бар  сүйекті  қолданып,операция 
жасау; 

 Сүйек бір-бірімен әбден өскенше бекітіп қою керек;  
Осы  үш  шарттың  біреуі  орындалмаса  жалған  буын  болған  сүйек  бір-
бірімен өспейді және 60% -ға дейін операциядан кейін ауру қайталанады. 
Жалған буынды емдеу үшін төмендегідей ұсыныстар жасалған: 

 Аурудың өз сүйегін етімен қолдану (Кодивилла) 

 Етсіз бос сүйекті пайдалану (Джаналидзе, Чаклин) 

 Сүйектің түтік ішіне және сыртына сүйек қойып, оны металмен бекіту 
(Богданов).  
Кейінгі  кезде  жалған  буынды  емдеу  үшін  Илизаровтың  қысып-созатын 
аппаратын  салып  жалған  буын  тұсын  күніне  1мм-ден  тартып  аяқтың  өсін 
түзетіп аяғына басып жүргізеді. Илизаров жалған буынды емдеу үшін асықты 
жілікті  жоғарғы  жағынан  көлденең  кесіп,  ол  жерді  біртіндеп  созады  да, 
жалған буын жерін бір-бірімен аппаратпен қысады. 
 
ОРТАН ЖІЛІК МОЙНЫНЫҢ ТУА БОЛҒАН  
ВАРУСТЫҚ МАЙЫСУЫ 
Бұл  ауруды  Кокса  вара  деп  атайды.  Ортан  жіліктің  мойын-диафиздік 
бұрышы  қалыпты  жағдайда  125-127°  болады.  Осы  бұрыш  кішірейгенде 
Кокса Вара болады да, ол бұрыш 45°-қа дейін жетеді.Ал мешел, остеомиелит 
болғанда мойын диафиздік бұрышы 80-90°-тан төмендемейді. 
Симптомдары:  «үйрек»  секілді  жүріс  болады,  бел  омыртқа  тұсында 
лордоз болады. Тренделенбург симптомы болады, буында аяқты сыртқа бұру 
және екі жаққа айналуы азаяды, тез шаршайды. 

223 
 
Рентген  суретінде  нақты  өзгерген  мойын  диафиздік  бұрыш 
көрінеді.Ортан  жіліктің  үлкен  өскіні  жоғары  4-5  см  ауысқан.Ортан  жіліктің 
эпифизарлық  өсу  зонасы  баланың  жасына  сәйкес  келеді  және  жілік  басы 
ұршық ойығында болады. 
Емдеуі:Тек  операция  арқылы  өзгерген  мойын  диафиздік  бұрышты 
қалпына  келтіру.  Операцияны  5  пен  8  жастың  арасында  жасау  керек.  Кокса 
вараны  емдеу  үшін  операцияның  нұсқалары  ұсынылған.  Соның  ең 
алғашқысының  бірі  –  Паувелс  операциясы.  Бұл  операцияның  мәні-ортан 
жіліктің  үлкен  өскіншегінің  төменгі  жағынан  үшбұрышты  сына  тәрізді 
сүйекті  кесіп  алады  да,  сүйек  кесілген  жерді  сыммен  немесе  темір 
пластинкамен  жалғап,  операциядан  кейін  аяқ  пен  жабас  буынын  кокситтік 
гипспен 8 жұмаға дейін бекітеді. 
Кочев  операциясы  бойынша  үлкен  ұршығының  төменгі  жағынан 
«терезеше»    етіп  сүйекті  кеседі  де,  аяғын  сыртқа  қарай  бұрып  гипспен 
бекітеді. Кочев операциясына қосымша үлкен ұршықты Во-Лями әдісімен де 
төмен түсіреді. 
 
ТУА БІТКЕН ТІЗЕ ҰРШЫҒЫНЫҢ ТАЮЫ  
Бұл  патология  не  бәрі  барлық  таюлардың  0,45  %  құрайды  да,  көпшілік 
жағдайда, тізе ұршығы сыртына таяды. 
Таю дәрежесі бойынша толық таю және жартылай таю болып бөлінеді. 
Тізе  буынының  алдыңғы  сіңірлері  тығыз  болады,  әсіресе  сыртқы  жағы, 
себебі төрт басты бұлшықет сіңірлері сыртқы  
сіңірлермен  тығыз  байланыста  болады.  Егерде  төрт  басты  бұлшықеттің  өсі 
тізе  ұршығының  меншікті  сіңірімен  сәйкес  келмей  доғал  бұрыс  жағдайда 
болса  тізе  таюына  бірден-бір  себеп  болады.  Сондықтан  тізені  бүккенде  тізе 
ұршығы тізе буынының сыртына таяды. 
Ауыртпалық жағдайын 3 топқа бөледі: 
1. Жеңіл  дәрежелі түрінде тізе ұршығы сыртына ауысады, тізе буынын 
жазғанда ұршық көлемді түрде қозғалады. 
2. Ортаңғы дәрежелі түрінде, ұршықты сыртына қарай бұрғанда ұршық 
сагитальды жазықтығына айналады. Жүргенде тұрақсыздық білінеді де, ауру 
көп құлайды. 
3.  Ауыр  дәрежелі  түрінде  буынның  бүгілуі  нашарлайды,  себебі  ұршық 
буынның сырт жағына орналасады, тізе буынының сырт жағында орналасады 
және тізе буынын жазғанда ұршық буын сыртында орналасады. 
Ересек  балалардың  буынында  екінші  реттегі  өзгерістер  болады, 
жіліншік  сыртқа  қарай  ауысқандықтан  ортан  жіліктің  сыртқы  айдаршығы 
жазықтанып кем өседі. 
Клиникалық ағымына қарай  үш түрі болады: 

 Үнемі таюлы түрі. 

 Қапталып таюлы түрі. 

 Үйреншікті (привычный) яғни буынды қозғаған сайын ұршық орнынан 
тайып кетеді.  

224 
 
Туа  болған  тізе  ұршығының    таюы  ер  балаларда  2  есе    көп  кездеседі. 
Диагнозы  бала 3 жасқа толғаннан кейін  ғана анықталады.  
Емдеуі. Тек операция жасау арқылы. 
Операция жасағанда төмендегідей жағдайларды міндетті түрде орындау 
керек: 
1.  Төртбасты  сан  етінің  тура  басы  ұршықпен  бірге  жақсылап 
мобилизация жасау керек. 
2.  Мобилизация  жасалған  етпен  ұршықты  ортан  жіліктің  екі 
айдаршығының  ортасына орналастырып  жақсылап  бекіту керек. 
Ұршықты  орнына  салуда  ең  көп  тараған  операциялар:  Крогиустың, 
Ситенконың және Волковтың операциялары. 
Операциядан  кейін  аяқ  артынан  гипстік    лонгетаны  3  жұмаға  дейін  
бекітеді  де  4-4,5  жұмадан  кейін  тізе  буын    қозғалысын    қалпына   келтіретін 
ем жасайды. 
 
КЕУДЕНІҢ ТУА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕРІ  
ЖІКТЕЛУІ: 
Жобасы бойынша: қалыпты, сопақ, ойықты.  
Өзгеріс дәрежесі бойынша: І – ІІ – ІІІ дәрежелі.  
Ауру сатысы бойынша: компенсаторлық, декомпен-саторлық. 
Сырттай  қарағанда  сопақ  ойық  төс  екі  түрлі  өзгеріс  болып  саналады. 
Ойық төстің  дәрежесін   рентген  суретті көлденең  түсіргенде  –  төстің артқы 
жақ  қабырғасынан  омыртқаның  алдыңғы  жақ  бетіне  дейін  өлшейді.  Егерде 
осы қашақтық 0,7 см болса І- дәреже, 0,7- ден 0,5 см дейін болса ІІ- дәреже, 
егер 0,5- тен аз болса ІІІ- дәреже.  
Клиникалық ағымы бойынша: компенсаторлық, субкомпенсатор-лық, 
декомпенсаторлық.  Компенсаторлық  түрінде  ойық  төс  –  тек  қана 
косметикалық  жеткіліксіздік  түрі.  Шағымы  болмайды,функционалдық 
өзгерістер байқалмайды.  
Субкомпенсаторлық  түрінде баяу білінетін функционалдық өзгерістер 
тыныс алу, жүрек тамыр жағынан байқалады.  
Декомпенсаторлық  түрінде  -  сырттай  нақты  білінетін  өзгеріс  және 
ентігуге шағымы болып, үлкен функционалдық өзгерістер болады.  
30-дан  астам  операция  түрлері  қолданылады.  Олар  қабырғамен  төсті 
бекіту арқылы торакопластика жасау 4 топқа бөлінеді.  
1-Керу қолдану 
2-Металдық пластина мен сымдар арқылы түзеу 
3-Сүйектік ауто, гемо, аллотрансплантант 
4-Кермей және бекіткіш қолданбай түзеу 
Осы  барлық  операцияларды  жасау  негізінде  төс  еттерді  төстен, 
қабырғадан  сылып  алып  –  төс  сүйекті  сына  немесе  Т-  тәрізді  етіп  бөліп,  іш 
еттерімен  бірге  және  төспен-  диафрагма  байламын  және  диафрагмалы 
қабырға етегінен екі жағынан сылу, өзгерген қабырғалардың шеміршектерін 
екі  жағынан  кесіп  алып,  төспен  қабырғаны  түзетіп  әртүрлі  бекіткіштермен 
бекітеді.  

225 
 
ҚҰС ТӨС (Куриный грудь) 
Бұл  ауру  10  есе  сирек  кездеседі.  Алғашқы  3-  жасқа  дейін  кеуденің 
барлық  көлемі  тез  үлкейеді,  содан  кейін  оның  өсуі  тежеліп  6-9  жаста  одан 
жоғары  жастарда  қайтадан  өседі.  Тыныс  алу  еттерінің  әсерінен  кеуде  өсу 
кезеңінде конус тәрізді жоба алады. Сөйтіп оның жоғары жағы кеңейеді. Төс 
сүйегі  алға  қарай  шығыңқы  түрады,  ал  қабырғалар  көлбеу  орналасады,  төс- 
қабырға  құныстығы  байқалады.  Бұл  өзгеріс  ер  балаларда  жиі  кездеседі. 
Баланың бойы мен салмақ арақатынасы диспропорцияланады. Жасөспірімдер 
мен  ересек  адамдарда  омыртқалары  құнысталады  да  оларда  астеникалық 
белгі  айқын  білінеді,  олар  ашуланшақ  және  тұйық  болады,  тыныс  алуы 
қиындап,  кеуде  экскурсиясы  азаяды.  Банровтың  жіктеуі    бойынша  3  топқа 
бөледі. 
1. Манубрикосталдық 
2. Корпорокосталдық 
3. Косталдық 
Өте  жиі  екінші  тип  кездеседі.  Бірінші  топта  төс  етегі  алға  шығыңқы 
тұрады;  2-3  қабырға  шеміршектері  және  төс  денесі  шығыңқы  тұрады,  ал 
төменгі  бөлігі  артқа  қарай  ығысады  да  жанынан  қарағанда  бұрышталған 
немесе  S-тәрізді  жобада  болады.  Төс  маңындағы  2-3  қабырғалар  алға 
шығыңқы тұрады. Рентгенде бүйірінен түсірген суретте төс сүйегі мен оның 
етегінің  синостозданғаны  көрінеді.  Төс  жалпақ  болады  және  иіліп  S–тәрізді 
жоба  алады  және  қалың  болады.  ЭКГ-  да  митралдық  конфигурация 
анықталады.  
Екінші  топ  төрт жобаға бөлінеді: сызықша, дөңгелек, пирамида тәрізді 
және  трапециятәрізді.Төс  маңындағы  қабырға  шеміршіектері  көтеріліп 
орналасады да саңырауқұлақ тәрізді алға шығып тұрады.  
Дөңгелек  түрінде  төс  пен  қабырғалар  ортаңғы  және  төменгі  1/3 
бөлігінде  алға  қарай  иіледі.  Ал  пирамидалық  түрінде-  төс  қисайған 
қабырғалармен  бірге  төмен  қарай,  алға  ығысып  төс  етегіне  тік  бұрышпен 
тұрады.  Ең  шығыңқы  тұратын  жері:  ол  төс  пен  оның  етегінің  қосылған 
жерінде  артқа  қарай  бұрышталып  тұрады.  Осы  түрінде  кеуденің  алдыңғы 
артқы  көлемі  үлкеюіне  байланысты  бүйірден  түсірген  рентгенде  төс  пен 
қабырға  шеміршектеріқосылған  жерде  олар  ашық  тұрады.  Рентгенде  жүрек 
алға ортаға қарай  ығысады.Тамшы тәрізді жобада болады.  
Үшінші 
топқа 
кеуде 
бүйір 
жағынан 
шығыңқы 
тұруымен 
сипатталады.Оның  себебі:  қабырғалардың  шектен  тыс  төстің  бір  жағынан 
өсуіне  байланысты.  Осы  кезде  төс  өзінің  өстік  бойында  бұралады,  ал 
қабырғалар қарама қарсы жағынан ішке қарай иіледі.  
Құс  төстікте  омыртқа  аралық  дискілер  жиіленеді  де  (остеохондроз 
омыртқа  денесі  жиектеліп  фрагментацияланады)  өкпенің  тіршілік  көлемі 
азаяды. Операция 10-13 жасында жасалады. Бірінші рет 1953 жылы Ластер 96 
операция  жасаған.  1984  жылы  Банров  38  операция  жасаған.  Операция 
жасағанда  екі  жағынан  шеміршек  астылық  оны  алып  тастау  және  ІІ-ІІІ 
қабырға  мен  төсті  сына  тәрізді  остеотомия  жасап  соңынан  түзетіп 
бекітеді.ЛФК, массаж, суда жүзу т.б. 

226 
 
АУТОИММУНДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР 
 (коллагенозда ауто антитела болуы) 
Тамырлық бұзылыстар (дискідегі трофиканың өзгеруі микроциркуляция 
бұзылуы  себебінен).  Омыртқа  аралық  дискінің  дегенерациясы  пульпоздық 
ядроның  гидрофильділігінің  төмендеуінен  басталып  қышқыл  муко-
полисахаридтардың көлемі азаюына байланыста болады. Сол себептен оның 
серпімділігінің  бұзылып  омыртқа  аралық  қашықтықтың  биіктігі  аласаруына 
әкеледі де пульпоздық ядро дискі деңгейінде ығысады. Омыртқа артқа қарай 
қайырылып қозғалғанда жоғары тұрған омыртқа денесі артқа қарай ығысады. 
Сөйтіп  омыртқа  тұрақсыздығы  пайда  болады.  Соның  салдарынан 
(серпімділігінің  жойылуынан)  және  ұдайы  зақымдалудан  байланыстырғыш 
пластинкалар  склерозданады.  Қосымша  пайда  болған  сүйектік  өсінділер 
(остеофиттер) буын беттерін кеңейтеді, сөйтіп омыртқа денесінің әрбір текше 
сантиметріне  түсетін  салмақты  азайтады.  Осы  остеофиттер  омыртқалардың 
аз  да  болса  қозғалысы  болатынына  байланысты  өзара  байланыспайды  және 
бірігіп бітікпейді (блокқа) әкеліп соқпайды. 
Дискіде  басталған  дегенеративтік  процесс  таяу  жатқан  омыртқалар 
денесіне  де  тарайды.  Гиалинді  пластинканың  жыртылуы  дискінің 
жартысының  омыртқа  денесіне  енуіне  себепкерболады,  соған  байланысты 
омыртқа  денесі  ішіндегі  дискі  грыжасы  болуына  әкеліп  соғады.  Ұзақ  уақыт 
созылмалы  тітіркену  салдарынан  дискіде  регенеративтік  реактивті  өзгеріс 
болады  да,  ол  өсіп  сүйектенеді  (остеофит),  осы  сүйекшелер  омыртқа  өсіне 
көлденең  орналасады.  Дискінің  дегенерациялануы  омыртқа  аралық 
кеңістіктің тарылуына әкеледі. 
Остеохондроз  мынадай  фазаларға  бөлінеді:  тітіркену;  компрессия; 
түбіртектің үзілуі. 
Бірінші  екі  синдром  –  қатты  ауыруымен  сипатталады,  ал  үшіншісінде 
түбіртектік  салдану  дамиды.  Тамырлық  бұзылыстар  тамырлық  қозғалыстың 
жүйкеленуінің бұзылуынан болады. 
 
ОМЫРТҚАНЫҢ ДЕГЕНЕРАТИВТІ ДЕСТРУКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ. 
ОСТЕОХОНДРОЗ 
Қазіргі  кезде  омыртқаның  дегенеративті  деструкцияларын  мынадай 
түрлерге бөледі: остеохондроз, спондилез, спондилоартроз. 
Остеохондроз  деген  пульпоздық  ядроның  бірінші  реттік  өзгерістерін 
айтады. 
Спондилез-  ол  фиброздық сақинадағы  және  алдыңғы  ұзын  байламдағы 
патологиялық өзгеріс. 
Спондилоартроз-  ол  көбінесе  омыртқаның  статикалық  бұзылысынан 
остеохондроз  омыртқа  қисаюынан  және  омыртқааралық  буындардың  жеке 
дара сырқаты. 
Емханада  әрбір  үшінші  сырқат  омыртқаның  ауыратынына  щағым 
жасайды.  Сондықтан  осы  өзгерістерді  оқу,  білу  әрбір  дәрігерге  керекті 
жағдай, сондықтан ол өте үлкен маңыз алады.  

227 
 
Остеохондроз  –  омыртқаның  дегенеративті  зақымдалуының  өте  ауыр 
түрі, оның негізінде дискінің дегенеративті өзгерісі болып сонымен қоса осы 
өзгеріске  басқа  да  жалғасып  жатқан  омыртқа,  (денелері  де  ұшырайды). 
Оларға омыртқа аралық буындары және байламдары қоса ұшырайды. Барлық 
қаралған  аурулардың  70%-осы  остеохондроздың  әртүрлі  түрлерімен 
ауратындар, олардың ішінде 10% -мүгедектікке ұшырайды. 
Бұл ауру – полиэтиологиялық сырқат, оның негізгі себептері: 
- Жарақат (омыртқа сынулары мен байламдар жыртылуы) 
- Микротравмалар(омыртқа  шайқалуы,  бірқалыпты  қозғалыс,  ұзақ  уақыт 
қолайсыз қалыпта болу т.б) 
- Жетілмей  даму(омыртқа  сақинасының  бітпей  тууы,  люмболизация, 
сакролизация т.б) 
- Ревматоидты зақымдалу(көбінесе жайылған остеохондрозда). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет