I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай?



Pdf көрінісі
бет23/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


3. 
Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай? 
A.  Жаңбыр жауатын мезгіл 
B.  Ауа райы туралы ақпарат 
C.  Синоптиктер болжамы 
D.  Жаңбырдың адамға әсері 
E.  Табиғат тамашасы 
4. 
Уақытты жаңбырмен болжайтындар 
A.  Тайландтықтар 
B.  Угандалыктар 
C.  Кубалықтар 
D.  Паралыктар 
E.  Ұлыбританиялыктар 
5. 
Психологтардың пікірінше, туған күні нөсер жаңбыр жауса... 
A.  Қызметтік мансабыңыз сәтсіз болады. 
B.  Жамандық шақырады. 
C. Молшылық болады 
D.  Қызметтк мансабыңыз алға басады. 
E. Қиыншылық болады. 
6. 
Валюта аты жаңбырмен байланысты ел 
A.  Ұлыбритания 
B.  Угаңда 
C. Лара 
D. 
Тайланд 
E. Ботсвана 
 
1. 
Жаршының  даусын  күтіп  тұрған,  бастарына  өңкей  қызыл,  көк,  ақ  шыт  үшкілдеп  байлаған 
балалар  кекілдерін  бунап,  үкі  таққан  аттарын  ойнақтатып  шыға  берді,  Жеңіл  ер-тоқымды 
жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі 
ортекеше орғып, кейбірі кайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр 
көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, 
тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
2. 
Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тартіпке келтірген аттылардың 
қамшысынан жасқанып жұрт шулап түр. 
Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі? 
Ана  қазмойын -  біздің Көкдауын!..  —  дескен жұрт,  астыңғы  ерні  салпиып,  жай басын,  марғау 
аяңдап,  кекіліндегі  тұмарға  таққан  медалі  жарқырап  топ  арасында  Құлагер  өте  бергенде  гу 
етіп, орындарынан тұрып кетті. 
3. 
Жаршының  жағыңда  тыным  жоқ:  «Бас  бәйге  -  бір  тайтұяқ  алтын,  боталы  інген,  тай, 
құлынымен бір үйір жылқы; екінші  - бір атан түйе,  он кұлынды  бие; үшінші  - бір коспақ. бес 
құлынды  бие,  он  қой;  төртінші  -  үш  құлынды  бие,  бес  қой;  бесінші  -  бір  құлынды  бие,  күміс 
кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
4. 
Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сүрқы 
белек.  Байқа,  Құлагерді  тым  қыспа,  шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  керме,  жел 
жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Кокозекке 
бұрып  түс.  Ойлы-қырлы  өзек  ішінде  атыңды  сәл  теже,  Сүріндіріп  алма.  Одан  шыға  бере 
Құлагердің кезін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі- 
ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан кұшақтады. 
7. 
Барлық жұлдегерлерге ортақ қандай бағалы сыйлық тігілді? 
A) Жылқы 
B) Түйе 
C)  Күміс 
D) Қой 
E) Алтын 
8. 
Мәтіннің стилі қандай? 
A) ғылыми стиль. 
B) Ауызекі сәйлеу стилі. 
C)  Ресми іс-қағаздар стилі, 
D) Публицистикалық 
стиль 
E) Көркем әдебиет стилі. 
9. 
Халықтың Құлагерге деген ерекше 
құрметі нешінші азатжолда суреттелген? 
A) Бірінші 
B) Барлығында 
C) Үшінші 
D) Төртінші 
E)Екінші 
10. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
A) Жаршылар сайысы 
B) Ат баптаушылары 
C) Аттарды сынау 
D) Ат жарысы 
E) Балуан күресі 

147 
 
 
11. 
Ақанның шабандоз балаға 
кеңесі қай азатжолда берілген? 
A) Бірінші және екінші 
B) Төртінші 
C) Бірінші 
D) Үшінші 
E) Екінші 
12. 
Мәтін мазмұнына қай 
мақал сәйкес келеді? 
A) ер қанаты - ат. 
B) Ер сасқанда белгілі,Ат шапқанда белгілі. 
C) Түпкі айылдың батқанын Иесі білмес, ат 
білер. 
D) Ер атағын ел сақтар. 
E) Ер — намысының құлы. 
 
 
Астрономияда жана туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын 
Ай тұякты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2.Ай мен күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ 
болын  мақтанып,  Күн  оянып  қызғанып  Айдың  бетін  тырнап,  оған  дақ  түсірген.  Кесірлі  Ай 
жазасын осылай тартқан. Ай бетіңдегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын 
немесе  кемігенін  ел  Ай  «қорғалады»  дейді.  Күнге  жақындап  барғанда  Ай  «қорғалап»  бетін 
жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күңді қызықтырып, бетін тұгел керсетіп, ереуілдейді. 
Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
«Жаңа  ай  жарылқа,  ескі  ай  есірке»  деп  тілек  айтып,  жаңа  Ай  туу  құбылысы  қазақ  ортасында 
елеулі  оқиға  болып  келді.  Жаңа  туған  Айды  көргенде  шаруа  адамның  көңіліне  әр  түрлі  ой 
келеді,  шаруаға  жайлы  бола  ма,  жоқ  жайсыз  бола  ма  деген  ойлар  тумай  қоймайды.  Қазақ 
арасында  егер  Ай  тігінен  туса,  ауа  райы  шаруаға  жайлы,  жылы  болады,  Ал,  Ай  шалқасынан 
жатса,  ай  суық,  жайсыз  болып  өтеді.  Мұны  «Айдың  өзіне  жайлы,  халыққа  жайсыз  болғаны» 
дейді. 
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып 
қасқыр  да,  ұры  да  малға  шабуылды  күшейтеді,  шаруа  жайымен  ұзақ  түн  қату  да  киын  тиеді. 
Аталарымыздың  ай  қараңғыда  малы  түгіл,  басы  да  зор  қауіпте  болғандығын  еске  алсақ, 
неліктен  айды  қастерлегендігін  жақсы  түсінеміз.  «Қараңғыалғыр»  деген  сөз  тегін  шықпаған. 
Елдегі  үлкен  ақсақалға  Айға  бата  қыл  дегенде:  -  Ай  шалқасынан  туыпты,  бұл  мен  бата 
қылмайтын Ай екен, -депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде 
мынадай  қорытынды  шығарамыз.  Жаңа  туған  Айдың  калпына  қарай  жұрттың  ауа  райы 
өзгереді дегені бос сөз емес. 
Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай 
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары 
тұрады,  Ай  жолы  да  оған  жуық,  сондықтан  күн  сәулелері  Айдың  астыңғы  төменгі  бетін  ала 
жарық  береді  де,  бізге  Ай  шалқалап  жатқан  сиякты  көрінеді.  Сөйтіп,  жаңа  Ай  орағының 
орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы 
жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. 
Атан  түйе  мен  шіркей  кандай  болса,  үлкендігі  жағынан  алғанда  Күн  мен  Ай  да  сондай.  Ай 
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. Ес 
білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды, Маяшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де 
Айды  бақты.  Ойшыл,  сыншылар  да  тіпті  еріккенде  Айға  қарады.  Кәне,  ойланайықшы,  «Мен 
ұрлық  қылғанда  ай  жарық  болды»;  «Ай  қарап  түрсың  ба?»  дегендей  сездер  де  бар  емес  пе? 
Осыдан 
350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, 
деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше кушейді. 
Өмір  бақи  меңіреу  жатқан  кең  дүниенің  түкпірлерін  шарлауда  адам  перзенттерінің  аяғы 
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет 
болып табылмақ. 
13. 
Күн мен Айдың көлемін мэтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз 
A.  Тұлпар мен серке 
B. Бура мен құмырсқа 
C.   Қой мен ешкі 
D. Жылқы мен құлын 
E. Өгіз бен бұзау 
14. 
Тұжырымдардың дұрысын табыңыз: 
1.Кеш туған не кеміген айды халық «Ай корғалады» дейді. 
2.Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3.Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді. 
A.  ҮшІшпісі 
B.  Үшеуі де 
C.  Екінші мен үшіншісі 
D.  Екішпісі 

148 
 
 
E. Бірінші мен үшіншісі 
15. 
Айдың туыуына байланысты халық әрекеті. 
A.  Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
B.  Ауа райын болжаған 
C. Болашағын болжаған 
D.  Құстардың қайтуын болжаған 
E. Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
16. 
Ай бетіндегі дақтар 
A.  Күнгей жерлері 
B. Тегістеу жерлері 
C.  Қыраттары 
D.  Төбешіктері 
E. Ойпаттау жерлері 
17. 
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, 
Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі 
A.  Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
B.  Күн жылы болады деген сенім 
C.  Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген 
ниет 
D.  Жаңа айдың жарығы мол болсын деген 
тілек 
E.  Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады 
деген ұгым 
19. 
Аңыз бойынша Ай өзінің қандай 
мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
A.  Көреалмаушылығынан 
B.  ¥ялшақтығынан 
C.  Мақтаншақтығынан 
D.  Қарапайымдылығынан 
E.  Қызғаншақтығынан 
18.«Айтұяқтытұлпарым, Аймүйіздіақ 
серкем» 
деп мадақтау төрт түліктІң қайсысына 
қатысты айтылған? 
A.  Жылкы мен сиырға 
B.  Туйе мен қойға 
C.  Жылқы мен ешкіге 
D.  Жылқы мен қойға 
E.  Қозы мен ешкіге 
20. 
Елдегі үлкен аксақалға Айға бата қыл 
дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен 
бата қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A.  Ырым, наным-сенімге байланысты 
B.  Айға батаны жас адамдар ғана береді 
C.  Айға бата беру - надандық 
D.  Толған айға қатысты беріледі 
E.  Айдын өзіне ғана қолайлы болғандығы 
 
1171 нұсқа 
1-мәтін 
Жер  шарында  теректің  жүзден  астам  түрі  бар.  Біздің  елімізде  теректің  отыз  шақты  түрі 
кездеседі.  Қазақстан  жерінде  ақ  терек,  көк  терек,  қара  терек,  мырза  терек  сияқты  түрлері 
өсіріледі. 
Терек  өте  тез  өседі,  Оның  биікгігі  елу  мстрге  дейін  жетеді,  Мұндай  әсем  де  ірі  ағаш  көше 
бойына,  аулаға,  су  қоймаларының  жағалауына  отырғызылады.  Қалалар  мен  ауылдарды 
көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. 
Теректің  бір  артықшылығы  -  көп  күтім  тілемейді.  Оны  кошеттерден  көбейтуге  болады. 
Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жұз елу жыл өседі. Терек ағашы  жұмсақ болады. Одан 
сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі кұрылыста да кеңІнен пайдаланады. 
1. 
Мәтін тақырыбын анықтаңыз. 
A) Терек ағашы 
B) Ағаш өнімдері 
C) Ағаштың пайдасы 
D) Ағаш түрлері 
E) Қазақстанда өсетін ағаштар 
2. 
Тұжырымдардың дұрысы: 
1. 
Терек баяу өседі, 
2. 
Терек көп күтім тілемейді. 
3.Терек қатты ағашқа жатады. 
A) Екініш мен үшінші 
B) Текбірінші 
C) Тек екінші 
D) Бірінші мен екінші 
E) Үшеуі де 
 
1.Отбасындағы  ұл  тәрбиесінде  әке  мен  аталардың  рөлі  ерекше.  Әке  -  отбасы  мүшелерінің 
тірегі,  асыраушысы,  қамқоршысы.  Ата-бабаларымыз  балалар  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген. 
Әкенің мінез-құлқы,  өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі  -ұя  баланың көз алдындағы 
үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі 
немесе атасы жақсы кІсі еді, онегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайтыны сондықтан. 
«Әкеге  қарап  ұл  өседі,  шешеге  қарап  қыз  өседі»,  «Әке  -  бәйтерек,  бала  -  жапырақ»,  «Ата  - 
балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды. 
Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне 
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез- 
құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай үлттық 

149 
 
 
тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын 
ойлайтыны анық. 
Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне,  оның  ішіңде  қыз  баланың  тәрбиесіне  ерекше  мән  бергені 
баршамызға  мәлім.  Кез  келген  ата-ана  қызының  ертең  барған  жерінде  тастай  батып,  судай 
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 
Еліміздің  болашағы  бала  тәрбиесінде  отбасылық  құндылықтарды,  ұлттық  тәлім-тәрбиені 
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. 
3. 
Қыз бала тәрбиесіне қатысты 
пікір қай бөлімде сөз болады? 
A) Үшінші 
B) Бірінші және екінші 
C) Бірінші 
D) Тергінші 
E) Екінші 
4. 
Мәтін бойынша қазақ халқының қыз 
баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты 
A) Қатарынан қалмауы 
B) Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі 
C) Басқа үйдің үл-қыздарына үлгі болуы 
D) Қатарының алды, өжет болуы 
E)  Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы 
 
5. 
Бірінші азатжолдағы негізгі ой 
A) Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген. 
B) Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны. 
C) Отбасы мүшелері тең қарым-катынаста болады, 
D) Отбасында ананың орны жоғары. 
E) Отбасында балаға барлық жағдай жасалады. 
6. 
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1. 
Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағаның жағдайына әсер етеді. 
2. 
Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 
3.Ұлтық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы. 
A) Бірінші мен үшіншісі 
B) Үшеуі де 
C) Бірінші 
D) Тек үшіншісі 
E) Екінші 
 
Ескі  замандарда  бір-бірін  қатты  жақсы  көретін  өте  бауырмал  екі  ағайынды  болыпты. 
Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ 
екен. Екеуінің ортақ егіс алкабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге 
бөлісіп күнелтеді, 
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орын, өнімді екіге бөледі Кейін екеуі өз 
үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында қүте тұр, мен 
қаптарды алын келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - деп астық басында қалады. Халил 
қаптарды  алып  келуге  кеткенде  інісі  ойланады:  «Ағам  үйленген,  бала-шағасы  бар.  Маған 
қарағанда  оған  бидай  көбірек  керек»,  -  деп,  өзінің  үлесіндегі  бидайдың  бірнеше  күрегін 
ағасының бидайына қосып кояды. КейІн ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды 
алдымен сен баста», - дейді. Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырыл, алып кетеді, Ол 
кеткен кезде ағасы ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ, Оған 
әлі көп жүмыс істеп, ақша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан біраз 
күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы 
да оның үлесіне қосып қояды, Ағасы да өз кезегінде бірнеше құрек інісінің бидайына тастап 
отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары 
болмайды.  Соңында  кеш  батып,  күн  қараяды.  Ал  бидайдың  таусылатын  турі  жоқ,  тіпті 
азаймайды да. 
7. 
Халил мен Ибраһимнің екеуіне 
де тән қасиет 
A) Үнемшілдік 
B) Сыншылдық 
C) Жанашырлық 
D) Сақтық 
E) Болжай білгіпттік 
9.Ибраһим неліктен бидайды 
ағасының қабына салды? 
A) Ағасы өзінен үлкен болғандықтан 
B) Ағасы өтініш жасағандықтан 
C) Ағасы отбасын асырай алмағандықтан 
D) Ағасына көмектескісі келгендіктен 
E) Ағасының бай болғанын қалағандықтан 
8. 
Халил әрекеті арқылы автор 
нені айтқысы келді? 
A) Жайдары болуды 
B) Қанағатшыл болуды 
C) Адал болуды 
D) Жомарт болуды 
E) Еңбекқор болуды 
10.Ағайындылар қандай 
жұмыспен айналысады? 
A) Бау-бақша салады 
B) Диірмен тартады 
C)  Диқаншылықпен айналысады 
D) Бидай сатады 
E) ұн шығарады 

150 
 
 
11. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) Ағасы бардың жағасы бар,—ІнІсі бардың тынысы бар. 
B) Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,Жер - қазына саусаң да таусылмайды. 
C) Еңбегің каты болса,Татқаның тәтті болар. 
D) Жақсы жұмыс - жанға тыныс. 
E) Көп ақымақтың ағасы болғанша,Көп ақылдының Інісі бол. 
12. 
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) Қайырымдылықты даріптеу 
B) Кәсіппен 
айналысуға 
шақыру 
C)  Көркем мінезді үлгі ету 
D) Адал еңбек етуге шақыру 
E) Достықты үлгі ету 
 
XVIII  ғасырдың  соңында  Жаңа  Зеландияда  моа  алып  құстарын  кездестіруге  болатын  еді, 
бүгінгі  күні  олар  жойылып  кеткен  түрлердің  тізіміне  енгізілген,  алайда  энтузиастар  екі  ірі 
аралдың  шалғайдағы  қуыстарынан  осы  бірегей  қауырсындыларды  кездестіруге  әлі  де 
үміттенеді.  Бір кездері, адамдар  келгенге  дейін,  Жаңа  Зеландия  нағыз  құстардың  «қорығы» 
болған, бұл жерде сүтқоректілер (жарқанатты есепке алмағанда) болмаған, қауырсындылар 
патшалығы дәуірлеген және көбейіп тұрған, олардың ең ірі өкілдері  - моа құстары үшін тек 
алып қыран ғана үлкен қауіп төндіретін. 
Алып  моалардан  баска,  салмағы  20  кг-нан  аспайтын  кішірек  тұрлері  де  болған.  Моаның  ең 
ірілерінің  биіктігі  3,5  -  4  метрге  жететін  және  шамамеи  салмағы  250  кг-дай  тартатын, 
Сонынен қатар, аналығы аталығынан екі есе ауыр болатын. 
Әрине,  мұндай  ұша  алмайтын  және  тістемейтін,  жеуге  жарамды,  еті  құнарлы  «тауықтар», 
аралды  алғаш  ашушылардың  құрметіне  маори  атауын  алған.  Құстар  Полинезия  аралынан 
қоныс  аударғандар  үшін  оңай  әрі  дәмді  табыс  болған,  Моалардың  жойылуына  аралға 
полинезиялық қоныс аударушылар алып келген иттер мен егеуқұйрықтар да бірталай үлес 
қосқан.  Fалымдардың  бағамдауы  бойынша,  моаларды  қырып-жою  кезеңі  IX  ғасырдан  XIV 
ғасырға дейін созылған. 
XIX  ғасырдың  екінші  ширегінде  еуропалық  ғалымдар  экзотикалық  құсқа  соншалықты 
қызығушылық  танытты.  Моалардың  қаңқалары  аралдарда  өте  көп  болатын,  ал  тірісі  көзге 
туспейтін.  Аман  қалған  құстарды  табуға  тырысып,  ғалымдар  аралдардың  ең  шалғай 
бұрыштарына  бірқатар  экспедициялар  ұйымдастырады.  зерттеушілердің  ынтасын 
маорилердің  «Бақапунақа  тауының  құзар  басында  аман  қалған  бір  моа  тығылып жүр  екен» 
деген аңызы одан әрі өршітіп жіберді. Өкінішке орай, тауда ешкім тығылмаған болып тықты, 
бір де бір тірі құс табылмады. 
Моаларды  алғаш  зерттеуші  палеонтолог  Ричард  Оуән  болды,  ол  1839  жылы  Жаңа 
Зеландиядан  табылған  алып  сүйектің,  қандай  да  бір  аңның  емес,  құстың  сүйегі  екенін 
дәлелдеген.  Ғалым  өз  өмірінің  45  жылын  моаларды  зерттеуте  арнаған.  Оның  өтініші 
бойынша,  натуралист  Уолтер  Мәнтелл  1847  жылдан  1850  жылға  дейін  оған  алып  құстың 
шамамен  мыңға  тарта  сүйегі  мен  олардың  жұмыртқа  қабықтарының  қалдығын  жинап 
берген.  Оуән  әр  түрлі  моалардың  түрлерін  сипатаған  және  мұражайларға  алып  құстың 
бірнеше қаңқасын жинап берген. 
XIX ғасырдың ортасында Кромвелге жақын жерден моаның ең үлкен жұмыртқасы табылған: 
оның ұзындығы 30 см-ге, ал диаметрі - 20 см-ге тең болған. Моаларды зерттеу қазіргі уақытта 
да жалғасуда. 
Ғалымдар  2009  жылы  жойылып  кеткен  алып  құстың  түсін  құрастырып  шығуға  қол 
жеткізгендерін жариялады. Олардын қолында жасы 2,5 мың жылдық қауырсын бар болатын. 
Олардың  ДНК-сын  зерттей  отырын,  ғалымдар  моалардың  төрт  түрінде  реңсіз  қоңыр 
қауырсын  болғанын,  тек  кейбір  жеке  дарабастарында  ғана  қауырсындарының  ұшы  ақ 
болғанын анықтаған. Ғалымдардың есептеуінше, нәзік сарғыш реңкті қауырсындары моалар 
үшін алып Хааст қыранынан жасырыну үшін өте жақсы бүркеме болған, Дәл осы қыран құс - 
адамдар келгенге дейін моалардың жалғыз жауы және әлемдегі ең ірі қыран құс болатын. 
13. 
Моалардың жүмыртқасының сипаты 
A) Салмағы шамамен 25 кг-дай. 
B) ұзындығы 20 см, диаметрі 30 см. 
C) Салмағы 20 кг-нан аспайды. 
D) Ірілерінің биіктігі 3,5-4 метр. 
E) Ұзындығы 30 см, диаметрі 20 см, 
14.Мәтін мазмұнына қай 
15.Ричард Оуән мен Уолтер 
Мэнтелді не байланыстырады? 
тақырып сәйкес келеді? 
A) Адам қолынан қырылған алыптар 
B) Моалардың дәуірлеу кезеңі 
C) Қызғылт реңкті қауырсынды құс 
D) Алып қырандар 
E) Қоныс аударушылар 
 
A) Қызығушылығы 
B) Кәсібі 

151 
 
 
C) Туысғығы. 
D) Достығы. 
E) Жасы. 
16.Моа құстарын кездестіругс 
алі де болса үміті барлар кімдер? 
17.Мәтін кай үлгіде жазылған? 
A) Саяхатшылар 
B) Жаңа зеландиялықтар 
C) Мұражай қызметкерлері 
D) Өз ісіне кұлшына кіріскендер 
E) Қоныс аударушылар 
A) Жарнамалық 
B) Үгіт-насихаттық 
C) Ақпараттық 
D) Ғылыми 
E) Зерттеу 
 
18. 
Алып құстардың жойылуына 
себеп болған жағдайлар 
A) Қыранның жемтігі болуы 
B) Эволюциялық ұрдіске байланысты 
C) Адамдардың араласуы 
D) Ауа райының қолайсыздығы 
E) Тау мен тасқа соғылуы 
19. 
Неліктен моалар адамдардың 
жемтігіне айналды? 
A) Етінің құнарлы әрі дәмді болуынан 
B) Құны өте қымбат болғандықтан 
C) Сирек кездесетін құс болғандықтан 
D) Адамға жиі-жиі шабуылдауынан 
E) Қанатынын бағалы болуынан 
20. 
Қауырсындарының сарғыш түсті болуы моаларды неден сақтандырды? 
A) Сұңқардан. 
B) Хааст қыранынан. 
C) Ит-құстан. 
D) Егеуқұйрықтардан 
E) Қаршығадан. 
 
1173 нұсқа 
1-мәтін 
Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы 
жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа 
қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат», 
«жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен, 
бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы казақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру 
дәстүрге айналған. 
Ата  -  әкенің  әкесі,  оны  ел-жұрт  «ақсақал»  деп  құрметтейді.  Мұндай  кісілер  төрден  орын 
алады,  оларға  әрқашан  құрмет  көрсетіледі.  Оның  жолын  кесіп  өтуге  болмайды.  «Ауылыңда 
қартың  болса,  жазып  қойған  хатпен  тең»  дегендей,  ата  -  ел  ұйтқысы,  батагөйі,  ақылшысы 
болып  есептеледі.  Жастар  атадан  бата  алуға  тиіс.  «Аталы  ел  -  баталы»  деген  мақал  бар. 
Атаның айтқаны кейінгілерге заң. 
1. 
Бір отбасындағы туыстық атау 
A) «Жекжат» 
B) «Ағайын» 
C) «Жамағайын» 
D) «Ілік» 
E) «Құдандалы» 
2. 
Жігіттің шыққан тегіне байланысты 
атау 
A) Кайын жұрты 
B) Жекжат 
C) Өз жұрты 
D) Нағашы жұрты 
E) Жұрағат 
 
Кішкене  Қасым  қалайда  кінәлі  болып  қалды.  Әкесіне  шындықты  айтудың  орнына  ол  бар 
кінәні басқа біреуге жаба салды. Әкесі оған еш нәрсе айтпады, бірақ ұлының өтірік айтқанына 
қатты қайғырды. 
Бірнеше апта өтті. Қасым тағы кінәлі болып қалды. Оны мойнына алу қиын болып, тағы да 
шындықты айтқан жоқ. 
Сол кезде әкесі Қасымды бақтың ішіне шақырып алды. 
-Мына өскінді жұлып алшы,- деп әкесі оған кішірек ағаштың жас өскінін көрсетті. 
Әкесінің айтқанын Қасым бұлжытпай орындады. 
-Қалай, жүла алдын ба? 
-Иә, - деді Қасым көңілдене. 
-Енді мына ағашты жұлып көрші,- деп ол баласына өздері көлеңкесінде саялап тұрған үлкен 
еменді көрсетті. 
-Бұл өте үлкен, оны жұлу ауыр болады ғой. 
Әкесі ұлының иығына қолын қойды да, былай деді: 
-Міне, көрдің бе? Қазір ол кішкене болғандықтан, сен оны онай жұлып ала аласың, ал үлкен 
болып  өскен  кезде,  оған  шамаң  келмейтін  болады.  Сенің  өтірігің  де  осы  өскін  мен  ағаш 
сияқты. Сен оны кеудеңнен кішкене оскін сияқты кезінде алып тастауың керек еді, бірақ сен 
олай  етпедің.  Енді  саған  бұл  қателігіңмен  алысу  қиын  болар.  Бірақ  әлі  де  кеш  емес.  Байқа, 
қателігіңнің ұлғайып кетуіне жол беріп алма. Кейін одан құтыла алмайсың. 

152 
 
 
Қасымның екі беті қызарып кетті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет